Delphi - де «Мозаика» ойын бағдарламасын жазу әдістері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
I.Негізгі бөлім:
1.1Delphi бағдарламалау тілі туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II Талдау бөлімі :
Delphi ортасындағы компоненттер тақтасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
III Жобалау бөлімі:
2.1«Мозаика» ойын бағдарламасы(Delphi) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.1«Мозаика» ойын бағдарламасының(Delphi) құрылу алгоритмі ... ... ... ... .18
3.2«Мозаика» ойын бағдарламасының(Delphi)кодталуы ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Қосымша
Есептеуіш техниканың қарқынмен дамуы тиімді программалық құралдарды жасау - объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкелді. Бұл ортада қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың кез келген саласындағы бизнес-программа, мультимедия, ойын, мәліметтер қоры сияқты өнімдерді құруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ең қуатты программалау тілдірінің бірі болып табылады.
Программалау тілін жүзеге асыру саласындағы программа құрумен әлемге әйгілі Borland компониясы 1996 ж. Delphi жаңа буынының компиляторын шығарды. Бұл ең алдымен, Windows ортасында программа құрумен қатар, қосымша Pascal тілінің қуатты компиляторы болып табылады.
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программиске диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерек қорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерек қорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphi бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Windows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphi жүктелгенде, Unit терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады.
1. «Delphi 7. Учебный курс. » Фарманов В.В.
2. «Delphi 7.Учебный курс» Бодровский С. Изд. Дом ПИТЕР, 2001
3. «Программирование в среде Delphi 7.0» С.В. Глушанов А.Л. Кливцов
4. Б. Д. Сыдықов, Ш. Т. Шекербекова, Н. И. Культин - Delphi ортасында бағдарламалау практикумы. Алматы, 2005
5. В Фаронов. Объектно-риентированная среда Delphi. Версия 6. Учебное пособие. "Русская редакция", 2002.
6. Давыдова Е.В., Скородумов И.А., Балаханов В.А. Создание базовых элементов интерфейса Windows программы в среде Delphi. Информатика и образование. №4,5,6. 2002.
7. Дудина И.П. Построние графиков функций в Delphi. Информатика и образование. №6, 2003, стр.27-31.
8. Конопка Р. Создание оригинальных компонентов в среде ОеІрһі.Перс англ.Рей.К.:НИПФ «Диа Софт ЛТД», 1996. -152 с.
9. Культин Н. Delphi 3. Программирование на Object Pascal. Санкт-Петербург, 1998. -304 с.
Негізгі әдебиеттер:
10. Нурбекова Ж. Практикум решения задач на Delphi 5.O. Учебно-методическое пособие. Павлодар, 2001. -106 с.
11. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах. М.: Бином, 1996. - 136 с.
12. Халықова К.З. Паскаль тілінде программалау. Оқу құралы. Абай ат.ҚазҰПУ. Алматы, 2002. -2106.
13. Халықова К.З., Ануарбекова Г.Ж. Object Pascal тілі. Delphi ортасы. Оқу әдістемелік құрал. – Алматы: Абай ат.ҚазҰПУ, 2008. – 220 бет.
14. Я. Н. Глинский, В. Е. Анохин, В. А. Ряжская – TURBO PASCAL 7.0 и Delphi. Учебное пособие. Москва – Санкт – Петербург-Киев. 2001.

Қосымша әдебиеттер:
1. www.ru/wikipedia.org
2. www.igusnia.ru
3. www.life-prog.ru
4. www.programmerforum.ru
5. www.master.delphicomponent.ru
6. Халықова К.З., Ануарбекова Г.Ж. Object Pascal тілі. Delphi ортасы. Оқу әдістемелік құрал. – Алматы: Абай ат.ҚазҰПУ, 2008. – 220 бет.
7. Б. Д. Сыдықов, Ш. Т. Шекербекова, Н. И. Культин - Delphi ортасында бағдарламалау практикумы. Алматы, 2005
8. Давыдова Е.В., Скородумов И.А., Балаханов В.А. Создание базовых элементов интерфейса Windows программы в среде Delphi. Информатика и образование. №4,5,6. 2002.
9. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах. М.: Бином, 1996. - 136 с.

Delphi - де Мозаика ойын бағдарламасын
жазу кезінде кездесетін

Белгілер мен қысқартулар
RAD – Rapid Application Development
ОБП – Объектілі –бағдарлы программа
VCL – Visual Component Library
OLE – Object Linking and Embedding
DDL – Data Definition Language

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
I.Негізгі бөлім:
1.1Delphi бағдарламалау тілі туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II Талдау бөлімі :
Delphi ортасындағы компоненттер
тақтасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
III Жобалау бөлімі:
2.1Мозаика ойын
бағдарламасы(Delphi) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
3.1Мозаика ойын бағдарламасының(Delphi) құрылу
алгоритмі ... ... ... ... .18
3.2Мозаика ойын бағдарламасының(Delphi)кодталуы
... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .37
Қосымша

КІРІСПЕ

Есептеуіш техниканың қарқынмен дамуы тиімді программалық құралдарды
жасау - объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкелді.
Бұл ортада қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың кез келген
саласындағы бизнес-программа, мультимедия, ойын, мәліметтер қоры сияқты
өнімдерді құруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ең қуатты программалау
тілдірінің бірі болып табылады.
Программалау тілін жүзеге асыру саласындағы программа құрумен әлемге
әйгілі Borland компониясы 1996 ж. Delphi жаңа буынының компиляторын
шығарды. Бұл ең алдымен, Windows ортасында программа құрумен қатар, қосымша
Pascal тілінің қуатты компиляторы болып табылады.
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi-дің 7 негізгі
версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте
көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу
құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау
жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland
Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне “Rapid Application Development”
жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар
технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін
өзіне алады да, программиске диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу
функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге
бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal
жалғасы) жатады. Delphi әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді:
қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерек қорларды басқару
программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен,
мультимедиямен, дерек қорларымен жұмыс істейтін және динамикалық
құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша
ерекшелігі NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға
және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphi бір құжаттық орта, яғни бір
мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар
жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі.
Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Windows
ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unit
кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphi
жүктелгенде, Unit терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп
аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады.
Жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сыныптарында информатика пәнін
оқытуда, объектілік бағдарланған программалау негіздерін қарастырамыз.
Object Pascal тілі – Delphi ортасындағы негізгі программалаушы құрал болып
табылады. Бұл бөлімнің негізгі тақырыптарының бірі ішкі программалармен
жұмыс істеу іскерліктері екендігі белгілі. Бұл тақырыпты меңгеру оқушыларға
көбінесе қиындық туғызып отырады. Сондықтан теориялық мағлұматтар мен
жаттығу есептерін тиянақты берудің оқу процесінде өзіміз қолданып жүрген
тәсілін ұсынамыз.
Курстық жұмыстың мақсаты - объектілік бағдарланған программалау
негіздерін қарастырып, ішкі программалармен жұмыс істеу іскерліктерін
үйрету. Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін падалана отырып, қозғалатын
объектілерді жасау, көркем бейне суреттермен жұмыс жасау арқылы практикалық
тәжірибені күшейту.

Delphi бағдарламалау тілі туралы жалпы түсінік

Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-
бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа
шыққан және объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған
программалау тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland,
Borland C++ for Windows.
ОБП тілінде программаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі
объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуалды түрлері –
Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі
Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық
жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Олар әсіресе Delphi
программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез,
қуатты тіл.
Delphi ортасы – бағдарламалаушының жоғары әрі тиімді жұмысын
қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше
ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе
бөлшектелген түрде бір-бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік
процессор немесе Exsel кестелік процессор ортасының қатаңдығына үйренген
қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін.
Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары
оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 – нұсқалары жарық көрді. 5,6 –
нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32
операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін
қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс
істеуде өзгешеліктер енгізілген.
Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік
және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл:
әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол
жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады.
Компоненттер визуалды компоненттер кітапханасында (VCL – Visual Component
Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті
стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны
осы панельге қосуына да болады.
Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация,
мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа
офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді
орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның
ішінде:
- Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;
- Кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін
интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows-тың барлық талаптарын
қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты
түрде ыңғайланады.
Өйткені Windows-тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;
- Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма,
компоненттердің динамикалы біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;
- Кез келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен жұмыс
істеудің қуатты жүйесін құру;
- Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға
шығару;
- Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін
анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;
- Windows-тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін Windows-тың
қосымшалары үшін орнатудың профессионалды бағдарламаларын құру.

Delphi ортасындағы компоненттер тақтасы.

Компоненттер тақтасы. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар,
программист формалар терезесінде орналастыра алатын қандай да бір басқару
элементін түсінеміз. Компоненттер тақтасы негізгі терезенің оң жақ
бөлігінде орналасқан және қажетті компоненттерді жылдам іздеуді
қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар (2-сурет). Компоненттердің
көмегімен бағдарламаның сұлбасы жасалады, жалпы жағдайда экранда
көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және т.б.

2-сурет. Компоненттер тақтасынын терезелері

Беттердің орналасу тәртібін өзгерту, атын өзгерту, жою,
пиктограмма қосу немесе кейбір пиктограммаларды басқа бетке жылжыту
үшін Palette Propertіes диалогтық терезесі қолданылады. Ол диалогтық
терезені ашу үшін ComponentConfіgure Palette командасын немесе
компоненттер политрасының кез-келген жерінде тышқанның оң жағындағы
контексті мәзірдің Propertіes (Қасиеттер) командасы қолданылады.
Delphі-ді іске қосқанда Standard беті белсенді болып тұрады.
Мысал ретінде, компоненттер тақтасының бетшелерінде орналасқан
компоненттердің қасиеттеріне тоқталайық:
Label компоненті - форма бетіне мәтін шығаруға арналған
компонент. Компоненттің қасиеттері мәтіннің орналасуы мен түрін анықтайды:

Name – компонент аты.
Caption – компонентте орналасатын мәтін.
Top – шығару өрісінің жоғарғы шекарасынан форманың жоғарғы
шекарасына дейінгі қашықтық.
Left - шығару өрісінің сол жақ шекарасынан форманың сол жақ
шекарасына дейінгі қашықтық.
Width – шығару өрісінің ені.
Height – шығару өрісінің биіктігі.
WordWrap – ағымдағы жолға сыймайтын сөздің автоматты түрде келесі жолға
көшетінін көрсетеді.
AutoSize қасиетінің мәні False болуы тиіс.
Alignment - өрістің ішіндегі мәтінді туралау тәсілін береді.
Transparent – фондағы шығарылатын мәтінді басқарады.
Color – мәтін шығатын фонның түсін көрсетеді.
Visible – мәтіннің көрінуін немесе көрінбеуін басқарады.
Edit компоненті - - символдар жолын енгізуге жане жөндеуге
арналған.
Name – компонент аты.
Text – енгізу жане жөндеу өрісінде орналасатын мәтін.
Top – компоненттің жоғарғы шекарасынан форманың жоғарғы
шекарасына дейінгі қашықтық.
Left – компоненттің сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына
дейінгі қашықтық.
Width - өрістің ені.
Height - өрістің биіктігі.
Visible – компоненттің көрінуін немесе көрінбеуін басқарады.
Enabled – енгізу өрісінде мәтінді өзгерту мүмкіндігін шектеу
үшін пайдаланылады.
Font – мәтінді шығару үшін пайдаланылатын қаріп.
Button компоненті – оқиғаға жауапты қалыптастыратын командалық
батырма болып табылады.
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын
компонент атауы.
Caption – батырманың үстіне орналасатын мәтін.
Top – батырманың жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына дейінгі
қашықтық.
Left - батырманың сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына
дейінгі қашықтық.
Width – батырманың ені.
Height – батырманың биіктігі.
Visible – батырманың көрінуін немесе көрінбеуін басқарады.
Enabled – батырманың пайдаланылу мүмкіндігін көрсетеді, егер оның
қасиетінің мәні ақиқат болса, онда батырма пайдаланылады, кері
жағдайда пайдаланылмайды.
Hint – командалық батырмаға курсор келгенде тышқанның көрсеткішінің
қасында нұсқау-мәтін пайда болады.
Show Hint – егер мән ақиқат болса, нұсқау көрінеді, кері
жағдайда көрінбейді.
Memo компоненті – бірнеше жолдан тұратын, мәтінді жөндеу
элементі болып табылады. Экранға нәтижені шығару үшін, түсіндірме шығару
үшін пайдаланылатын компонент.
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын
компонент атауы.
Text – Memo өрісінде орналасатын мәтін.
Lines - өріс мазмұнынан сәйкес келетін жолдар жиыны. Жолға бару нөмір
бойынша жүзеге асады.
RadioButton компоненті - - топтағы басқа батырмалардың
таңдалуына байланысты анықталатын тәуелді батырма болып табылады. Бұл
батырманың негізгі қасиеттері:
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын
компонент атауы.
Caption – батырманың оң жағына орналасатын мәтін.
Checked – батырманың сыртқы кҥйін анықтайды: егер батырма таңдалса,
онда Checked ақиқат мәнін, кері жағдайда жалған мәнін қабылдайды.
Top – жалаушаның жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына дейінгі
қашықтық.
Left - жалаушаның сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына
дейінгі қашықтық.
Width – түсіндірме мәтін шығаратын өрістің ені.
Height – түсіндірме мәтін шығаратын өрістің биіктігі.
Font – түсіндірме мәтінді шығару үшін пайдаланылатын қаріп.
Combobox компоненті – - Combobox компоненті тізімдер
редакторына пернетақтадан мәліметтерді енгізіп, бағдарламаның орындалу
барысында енгізілген тізімнен бір элементті таңдау мүмкіндігін береді.
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын
компонент атауы.
Text – енгізу өрісінде орналасатын мәтін.
Items – тізім элементтері – жолдар жиыны.
Count – тізім элементтерінің саны
ItemIndex – тізімде таңдалған элемент нөмірі.
Sorted – тізімге кезекті элементті қосқаннан кейінгі автоматты сұрыптау
қажеттілігін көрсетеді.
DropDownCount – ашылған тізімде бейнеленетін элементтер өлшемі.
Top – компоненттің жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына
дейінгі қашықтық.
Left - компоненттің сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына
дейінгі қашықтық.
Width – компоненттің ені. Height – компоненттің биіктігі.
Font – тізім элементтерін шығару үшін пайдаланылатын қаріп.
CheckBox компоненті – - тәуелсіз ауыстырып қосқыш батырманы
сипаттайды, бұл батырманың көмегімен пайдаланушы өзінің иә немесе
жоқ деген тәрізді шешімін көрсете алады.
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын
компонент атауы.
Caption – жалаушаның оң жағына орналасатын мәтін.
Checked – жалаушаның сыртқы күйін анықтайды: егер жалауша таңдалса,
онда Checked ақиқат мәнін, кері жағдайда жалған мәнін қабылдайды.
Top – жалаушаның жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына дейінгі
қашықтық.
Left - жалаушаның сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына
дейінгі қашықтық.
Width – жалаушаның ені.
Height – жалаушаның биіктігі.
Font – түсіндірме мәтінді шығару үшін пайдаланылатын қаріп.
RadioGroup компоненті – - пайдаланушының таңдауына тәуелді
болатын батырмалар тобының жұмысын сипаттайды. Бір батырманы таңдау
қалған батырмалардың жұмысын тоқтатады, яғни таңдалған батырмаға сәйкес
әрекет орындалады.
ListBox – - бұл компонент керекті элементті таңдауға
мүмкіндік беретін тізім болып келеді.
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын
компонент атауы.
Items – тізім элементтері – жолдар жиыны.
Count – тізім элементтерінің саны
ItemIndex – тізімде таңдалған элемент нөмірі.
Sorted – тізімге кезекті элементті қосқаннан кейінгі автоматты сұрыптау
қажеттілігін көрсетеді.
Top – тізімнің жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына
дейінгі қашықтық.
Left - тізімнің сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына
дейінгі қашықтық.
Width – тізім өрісінің ені.
Height – тізім өрісінің биіктігі.
Font – тізім элементтерін шығару үшін пайдаланылатын қаріп.
StringGrid компоненті – - бұл компонент ақпаратты кесте түрінде
бейнелеу үшін пайдаланылады. Кесте белгіленген жұмыс аймағынан тұрады.
Белгіленген аймақ жұмыс аймағының жол және баған атауларын шығару және
тышқанның көмегімен олардың өлшемін басқару қызметін атқарады.
Белгіленген аймақ басқа түспен ерекшеленген және оған пернетақтадан ақпарат
енгізуге болмайды. Қасиеттері:
FixedRows – белгіленген аймақтың жолдар саны
FixedCols - белгіленген аймақтың бағандар саны
RowCount – жұмыс аймағы жол ақпараттарынан тұрады
ColCount - жұмыс аймағы баған ақпараттарынан тұрады (оны
бағдарламалық жолмен де, тышқанның немесе пернетақтаның да көмегімен
өзгертуге болады.
Бағдарламадағы ақпаратпен қатынас Cells[Acol, AROW:integer]: string
қасиеттерінің көмегімен жүзеге асырылады. Мұндағы, Acol - кестенің
баған нөмірі, ал AROW - жол нөмірі, ал нөмірлеу нөлден басталады.
Top – кесте өрісінің жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына
дейінгі қашықтық.
Left - кесте өрісінің сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына
дейінгі қашықтық.
Width – кесте өрісінің ені.
Height – кесте өрісінің биіктігі.
Font – кесте ұяшықтарының мазмұнын шығару үшін пайдаланылатын
қаріп.
Options.goEditing – кесте ұяшығының мазмұнын жөндеу мүмкіндігін
көрсетеді. Егер ақиқат мәні тағайындалса, жөндеуге рұқсат етіледі,
кері жағдайда рұқсат етілмейді.
Options.goTab – курсорды кестенің келесі ұяшығына Tab клавишын
пайдаланып көшіру мүмкіндігін көрсетеді. Егер ақиқат мәні
тағайындалса, жөндеуге рұқсат етіледі, кері жағдайда рұқсат етілмейді.
Options.GoAlwaysShowEditor – компоненттің жөндеу режимінде болу
мүмкіндігін көрсетеді.
Image компоненті – - форма бетіне заты .bmp, .jpg, .ico болып
келген графикалық файлдарды шығару үшін пайдаланылады. Бұл
компоненттің төмендегідей қасиеттері бар:
Picture – компонент өрісінде бейнеленетін суретті көрсетеді.
Proportional – суреттің сапасын бұрмаламай автоматты түрдемасштабтау
белгісі. Масштабтау орындалу үшін Autosize қасиетінің мәні False болуы
тиіс.
Strech – компоненттің шынайы өлшеміне сәйкес суретті автоматты түрде
масштабтау белгісі. Егер компоненттің өлшемі суреттің өлшеміне
сәйкес келмейтін болса, суреттің сапасы бұзылады.
Center – көлденең бағытта компонент өрісіндегі суреттің
орналасуын анықтайды. Егер қасиеттің мәні жалған болса, онда сурет
оң жаққа жиек тартылып орналасады, ал қасиеттің мәні ақиқат болса,
онда сурет ортаға орналасады.
Visible – форма бетіне компонент немесе сәйкес суреттің
бейнеленуін анықтайды.
Canvas – графиканы шығаратын бетті сипаттайды.
Timer – - On Timer оқиғалар тізбегін генерациялауды
қамтамасыз етеді.
Name – компонент аты. Компонентке кіру үшін пайдаланылады.
Interval – On Timer оқиғаларын генерациялау периоды. Миллисекунд
арқылы беріледі.
Enabled – On Timer оқиғаларын егер мәні ақиқат болса генерациялайды, ал
мәні жалған болса жұмысты тоқтатады.
Animate – - кадрлары AVI файлында орналасқан, қарапайым
дыбыссыз анимацияны шығару үшін пайдаланылады.
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын
компонент атауы.
FileName – компоненттің көмегімен бейнеленетін анимация орналасқан AVI
файлының аты.
StartFrame – анимация бейнесі басталатын кадр нөмірі.
StopFrame – анимация бейнесі аяқталатын кадр нөмірі.
Activate – анимация кадрларын бейнелеу процесін екпінді жасау белгісі.
Color – анимация өтетін компонент фонының түсі.
Transparent – анимацияны бейнелеу кезінде мөлдір түсті пайдалану.
Repetitions – анимация бейнесін қайталау мөлшері
MediaPlayer –- видеороликтерді, дыбыстарды және дыбысы бар
анимацияларды орындауға мүмкіндік береді.
Name – компонент қасиетіне кіру және плеерді басқару мүмкіндігін алу
үшін пайдаланылатын компонент атауы.
DeviceType – құрылғы типі.
FileName – бейнеролик немесе дыбыстық фрагменті орналасқан файл аты.
AutoOpen – бағдарламаны шақырғаннан кейін бейнеролик файлы немесе
дыбыстық фрагменттің автоматты ашылу белгісі.
Display – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатикада интерактивті оқыту әдістерді қолдану
Электронды оқулықтың тиімділігі
Модель және модельдеу ұғымдары
Delphi ортасында тестілеу бағдарламасын құру жобасы
Программалар коды терезесі
ОЙЫН СФЕРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ
Электрондық оқулықтың құрылымы
Компоненттер, олардың қасиеттері мен әдістері.
Ақпараттық технологияларды зерделеу
Дельфи ортасында бағдарламалау
Пәндер