Автоматтандырылған ақпаратар жүйесіне кіріспе


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Тақырып Автоматтандырылған ақпаратар жүйесіне кіріспе.
- Пәннің зертеу объектісі және міндеттері
- ААЖ БҚ пәнінің негізгі мүмкіншіліктері
Жүйе деп кез келген объектінің, бір мезгілде біртұтас қарастырылатын, басты мақсатқа жету үшін әртекті элементтердің жиынтығының бірігуі деп түсінуге болады. Мақсаттары бойынша және құрамы бойынша жүйелер өзара айшықтанады. Информатика саласында «жүйе» түсінігі көп қолданылады және әр-түрлі мағыналы болып келеді. Бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығына сәйкестендіріліп жиірек қолданылады. Жүйе деп компьютердің аппаратық бөлігі де атала береді. Қолданбалы есептерді шешуге, көптеген құжаттарды енгізуге және есептерді басқаруға арналған, процедуралармен толықтырылған бағдарламаларды жүйе ретінде көрсетуге болады. «Жүйе» түсінігіне қосымша «Ақпараттық» сөзі оның құрылу және жұмыс жасау мақсатын білдіреді. Ақпараттық жүйелер кез-келген аймақтағы есептерді шешу процесінде қажетті жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, ақпаратты жіберумен қамсыздандырады. Олар жаңа өнімдер құруға және мәселелерді (маңызды проблемаларды) шешуге көмектеседі. Ақпараттық жүйелер - қойылған мақсатқа жету және ақпаратты тасымалдау, өңдеу үшін сақтауға арналғандарды қолданудың, әдістер мен қызметшілердің, құралдар жиынтығының өзара байланысы.
Ақпараттық жүйедегі процесстер Ақпараттық жүйенің жұмысын қамсыздандыратын процесстерді блоктардан құралған схема түрінде көруге болады: Ақпаратты ішкі немесе сыртқы көздерден енгізу; Енгізілген ақпаратты қолайлы түрде көрсету және өңдеу; Басқа жүйеге тасымаладау немесе тұтынушыларға арналған ақпаратты шығару. Кері байланыс - ол кіру ақпараттарын сұрыптау үшін сол ұйымның қызметшілері өңдеген ақпарат Ақпараттық жүйелердің қасиеті. Кез келген ақпараттық жүйелер өзінің құрылымы, басқарылатын жүйенің жалпы принциптері негізі бойынша анализдеуге кезігуі мүмкін. Ақпараттық жүйелер динамикалық және дамушы бола алады.
Ақпарат жүйесі бақа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді.
Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталынады. Атқарымдықүлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады.
Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді:
- үлгінің динамикалық қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін басқару деңгейлеріне байланысты;
- үлгінің сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін өндірістік сипатқа байланысты.
Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен былай бөлінеді:
- басқару объектісінің дамуын болжау;
- басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;
- басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;
- басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау;
- басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;
- басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.
Өндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үргілер былай бөлінеді:
- ғылыми - зерттеу немесе тәжірибелік жұмыстарды басқару;
- объектінің өндірістік құрылымын қалыптастыруды басқару;
- негізгі өнімді өндіруді басқару;
- объектінің қосымша - қызмет көрсетуші өндірісін басқару;
- көлік үрдісін басқару;
- негізгі қорларды пайдалану үрдісі мен өндіріс қуатын басқару;
- математикалық - техникалық жабдықтауды басқару;
- еңбек қорларын басқару;
- өнім өткізуді басқару;
- объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын басқару;
- басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.
Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер атқарымдық бөлімінің әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.
Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:
- ақпараттық жабдықтау;
- техтикалық жабдықтау;
- математикалық жабдықтау;
- бағдарламалық жабдықтау;
- ұйымдастырумен жабдықтау;
- ленгвистикалық жабдықтау;
- құқықтық жабдықтау;
- эргономикалық жабдықтау;
Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:
- ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті - басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;
- техникалық жабдықтау - ақпарат жүйесінің атқарымдық және жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар жиынтығын құрайды;
- математикалық жабдықтау деп - жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады;
- бағдарламалық жабдықтау - ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен жұмыс істеуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы;
- лингвистикалық жабдықтау - есептеу техникасы арқылы ақпаратты өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді;
- құқықтық жабдықтау -ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттрінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;
- эргономикалық жабдықтау - ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі.
Жүйеге біріктірілген компьютерлер әрқашан басқарудың арнайы бағдарламаларының басшылығымен жұмыс істейді. (екі жеке компьютерді біріктіру жағдайында бұндай бағдарламаларды жеке компьютерлердің өзара әрекеттерін басқару бағдарламасы деп атау дәлірек) . Жүйелерді басқарудың әр алуан бағдарламасы - жүйелік бағдарламалар бар. Байқауымызша, ең кең тараған жүйелік бағдарламалар Novel (Novell Netware бағдарламасы), Mіcrosoft (Wіndows NT-сервер, Mіcrosoft жүйелері), Lantastіc фирмаларының бағдарламалары.
Жеке компьютерлерді қосу тәсілі және жүйелерді басқаруда қолданылған бағдарламалар жүйенің түрін, пайдаланушыға берілген мүмкіндіктер мен жүйедегі жұмыстың технологиясын анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz