Іeee 802.х стандарттарының құрылымы


ІEEE 802. х стандарттарының құрылымы
Қазіргі уақытта Қазақстанда телекоммуникация саласының тез дамуы жаңа жоғары технологиялық қызметттер - мәліметтерді жіберу, ұялы байланыс және Интернет желісіне қатынауды ұсыну бойынша қызметтер сегментінің туындауымен негізделген. Дәстүрлі дыбыстық байланыс қызметтері интерактивті қызметтермен ығыстырыла бастады.
Байланыстың сандық стандартына ауысу ақпараттардың мазмұнын қорғаудың жоғарғы дәрежесімен ақпараттардың үлкен көлемін тезарада жіберуге мүмкіндік береді. Пакеттер коммутациясы технологиясы базасында құрылған толық сервисті желілер дамуының тенденциясы айқын көрінеді.
Қазіргі заманғы инфрақұрылымдағы компьютеризация және информатизация жетекші орындардың біріне шығады. Ақпараттық технологияларға сұраныс, қазіргі заманғы компьютерлер және желілік жабдық соңғы жылдары әлемдік экономиканың динамикасына және құрылымына елеулі әсер етеді.
Ақпаратты-телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды жасауды ұлттық экономиканың жоғарылауының, қоғамның іскерлік және интеллектуалды белсенділігінің өсуінің, ауқымды масштабта ел беделін нығайтудың маңызды факторы ретінде қарастыру қажет.
1980 жылы IEEE институтында жергілікті желілерді стандарттау бойынша 802 комитет құрылған. Нәтижесінде жергілікті желілердің төменгі деңгейлерін жобалау жөніндегі ұсыныстардан тұратын IEEE 802-х стандарттарының жанұясы қабылданды. Осы комитет жұмысының нәтижелері Ethernet, ArcNet және Token Ring желілерінің фирмалық стандарттары негізінде жасалған ISO 8802-1 . . . 5 халықаралық стандарттарының негізін қалады.
IEEE басқа жергілікті желілердің хаттамаларын стандарттау бойынша жұмысқа басқа да ұйымдар қатысты. Осылай оптикалық талшықта жұмыс жасайтын желілер үшін стандарттау жөніндегі американдық институт ANSI деректерді жіберудің 100 Мбит/с жылдамдығын қамтамасыз ететін FDDI стандартын әзірледі. IEEE 802. X стандарттары OSI моделінің екі төменгі деңгейін - физикалық және каналды деңгейін қамтиды. Бұл осы деңгейлер жергілікті желілердің ерекшелігін ең жақсы деңгейде кескіндеуіне байланысты. Желілік деңгейден бастап үлкен деңгейлер ЖЕЖ, сондай-ақ АЕЖ (ауқымды есептеу желілері) үшін жалпы сипаттарға ие.
Жергілікті желілердің ерекшеліктері сонымен қатар каналды деңгейді екі қосымша деңгейге бөлуден де табылды:
- деректерді логикалық жіберу (Logical Link Control, LLC) ;
- ортаға қатынауды басқару (Media Access Control, MAC) .
МАС деңгейінің астында әрекет ететін LLC деңгейі байланыс каналын орнатуға және қатесіз жіберуге және деректермен хабарламаларды қабылдауға жауап береді.
МАС деңгейі физикалық деңгейге бірлесе қатынауды, кадрлардың шекарасын анықтауды, кадрлардың тағайындау мекенжайларын анықтауды қамтамасыз етеді.
МАС деңгейі жергілікті желілерде деректерді жіберудің бөлінетін ортаның болуынан пайда болды. Бұл деңгей желінің бір станциясының иелігіне белгілі бір алгоритмге сәйкес оны ұсынып, жалпы ортаны бірге қолдануды қамтамасыз етеді. Ортаға қатынауға рұқсат алғаннан кейін оны ең жоғарғы деңгей -тасымалдау қызметтері сапасының әртүрлі деңгейлерімен деректердің логикалық бірліктерін, ақпарат кадрларын жіберуді ұйымдастыратын LLC деңгейі қолдана алады. Қазіргі заманғы жерлікті есептеу желілері бөлетін ортаға қатынаудың әртүрлі алгоритмдерін жүзеге асыратын МАС деңгейінің бірнеше хаттамаларын таратуды алды. Бұл хаттамалар Ethernet, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, Token Ring, FDDI, l00VG-AnyLAN сияқты технологиялардың ерекшеліктерін толығымен анықтайды.
LLC деңгейі сенімділік деңгейі әртүрлі түйіндер арасында деректер кадрларын жіберуге жауап береді, сонымен қатар оған қоса ұсынылатын желілік деңгеймен интерфейс қызметін жүзеге асырады. LLC деңгейі арқылы желілік хаттама каналды деңгейден қажетті сападағы оған қажетті тасымалдау операциясын сұрайды. LLC деңгейінде осы деңгейде кадрларды жоғалтқан немесе бұрмалаған жағдайда кадрларды қалпына келтіру процедураларының болуы немесе болмауымен ерекшеленетін, яғни осы деңгейдің тасымалдау қызметтерінің сапасымен ерекшеленетін бірнеше жұмыс режимдері бар. IEEE 802 стандарттары 4. 1-суретте көрсетілген жеткілікті айқын құрылымға ие.
802 комитет шеңберінен тыс стандартталған технологиялар LLC (FDDI стандарт ANSI) хаттамасын қолдануға бағдарланады.
4. 1 сурет. IEEE 802. X стандартының құрылымы
802. 1 стандарты барлық технологиялар үшін жалпы сипатта (әртүрлі технологиялардың өзара қатынасын, базалық технологиялар негізінде өте күрделі желілерді құруды сипаттайды) . 802. 3, 802. 4, 802. 5 және 802. 12 стандарттары олардың негізін қалаған фирмалық технологияларды жақсарту нәтижесінде пайда болған жергілікті желілердің технологияларын сипаттайды. Осылай 802. 3 стандартының негізін Digital, Intel және Xerox (немесе Ethernet DIX) компаниялары әзірлеген Ethernet технологиясы құрады, 802. 4 стандарты Datapoint Corporation компаниясының ArcNet технологиясының жинақтамасы ретінде пайда болды, ал 802. 5 стандарты IBM компаниясының Token Ring технологиясына сәйкес келеді.
LLC деңгейі жоғарғы деңгейлерге процедуралардың үш түрін ұсынады:
- LLC1 - жалғауды орнатусыз және растаусыз сервис;
- LLC2 - жалғауды орнату және растаумен сервис;
- LLC3 - жалғауды орнатусыз, бірақ растаумен сервис.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz