Зарядталған бөлшек магнит өрісі күшейген аймаққа түскенде үделетінін көрсету


Зарядталған бөлшек магнит өрісі күшейген аймаққа түскенде үделетінін көрсету
Зарядты бөлшек үдеткіштері - электр өрісінде үдету арқылы энергиясы жоғары зарядталған бөлшектерді (электрондарды, протондарды, атом ядроларын, иондарды, т. б. ) алуға арналған құрылғы. Зарядты бөлшек үдеткіштерінде зарядталған бөлшектер вакуумдық камера ішінде электр өрісінің көмегімен үдетіледі. Ал магнит өрісі зарядталған бөлшектердің қозғалу бағытын (жылдамдығының шамасын өзгертпей) ғана өзгертеді. Үдетуші электр өрісі, әдетте, сыртқы құрылғы (генератор) көмегімен туғызылады. Сондай-ақ, бөлшектер басқа зарядталған бөлшектер өрісімен де үдетілуі мүмкін. Үдетілудің мұндай тәсілі ұжымдық тәсіл деп аталады. Зарядты бөлшек үдеткіштерін плазмалық үдеткіштен айыра білу керек. Плазмалық үдеткіште зарядталған бөлшектердің электрлік бейтарап түзілімдер ағыны үдетіледі. Зарядты бөлшек үдеткіштері - қазіргі физиканың негізгі құралдарының бірі.
ҒС-ң үдеу механизмдерінің түрлері: реттелген және реттелмеген(стохастикалық)
1) Реттелген механизмдерде:
<∆B>≠0, <∆E>≠0
Магнит және электр өрісінің уақыт бойынша орташа өзгерістері 0-ге тең емес. Бұл жағдайда бөлшектің энергиясы бірыңғай(монотонды) өзгереді, яғни не тек өседі, не тек азаяды.
2) Стохастикалық(реттелмеген) механизмде:
<∆B>=0, <∆E>=0
<∆B 2 >≠0, <∆E 2 >≠0
Бұл жағдайда бөлшектің энергиясы бірыңғай емес өзгереді.
Жалпы, ғарышта зарядталған бөлшектер уақытта немесе кеңістікте өзгеріп тұрған магнит өрісімен(дәлірек, мұндай өрістермен тудырылатын құйынды электр өрістермен) үделеді.
Магнит өрісі өссе бір бағытта өріс тудырады, азайса қарама-қарсы бағытта өріс тудырады:
- +
← →
Бөлшектерді ғарыштық энергияға дейін үдету үшін ҒС-ке қажет энергияға дейін үдету ғана емес, бөлшектер мен өрістер арасындағы энергия алмасатын механизм де болуы керек. Ғарыштық бөлшектерді үдететін бірнеше электромагниттік механизмдер бар: бетатрондық механизм, Ферми механизм, т. б.
Бетатрондық механизм реттелген механизмге жатады. Ол бетатрондарды жүзеге асырады. Бұл механизм бөлшек магнит өрісі өсіп жатқан аймаққа түскен жағдайда немесе магнит өрісі күшейген аймаққа түскенде жүзеге асырылады. Және бұл механизм мына инвариантта негізделген:
P┴ 2 /B=const (p өссе, энергия да өседі)
Бұл механизмнің 2 кемшілігі бар:
1) Энергиясы айтарлықтай өсу үшін, өріс әлдеқайда көп өсу керек(1000 болса, млн есе өсу керек) . Ал өте жоғары энергияға дейін өсу бола алмайды.
2) Бұл механизм толығымен қайтымды(квазипериодты-бөлшектің энергиясы орташа), өріс бастапқы мәнге дейін азайса, энергия да азаяды. Табиғатта шексіздікке дейін өзгермейді, бір кезде азая бастайды.
Сондықтан, бөлшектің энергиясы өсу үшін, бұл аймақтан шығып кетіп, үлкен аймаққа түсу керек, одан ары солай қайталанады, бөлшектің өз жолы болу керек.
Ғарыштық бөлшектің қозғалыстағы біртекті емес магнит өрістерімен(магниттелген бұлттармен) әрекеттесуі-Ферми механизмдері. Магниттелген бұлттармен соқтығысқан кезде бөлшектің үделуі болады.
Үдеткіш Ферми механизмі : Үдетілу зарядталған бөлшектің магнит айнадан шағылысып соқтығысуынан болады. Ферми үдеткіштердің 2 түрі белгілі: 1-ші және 2-ші текті. Олар екеуі де соқтығыспайтын ортада жұмыс істейді-әйтпесе ортаның плазмамен соқтығысуы үдету процесін жоғалтуға алып келеді.
1-текті Ферми механизмі соққы толқындарда болады. Соққы толқынның алдында және оның артында зарядталған бөлшектерді шағылдыра алатын 2 біртекті еместік арасындағы бірнеше рет шағылу бөлшектердің айтарлықтай үделуіне әкеледі. Бөлшектің қорытқы энергетикалық спектрінің 2-ге тең дәрежелі көрсеткіші бар. Үдеу соққы толқынның жылдамдығына пропорционал. Тек энергиясы плазма энергиясынан көп бөлшектер үдетіледі, аз энергиялы бөлшектер соққы аймақты қиып өте алмайды. Демек, үдеу басынан бастап жоқ, бастапқы бөлшектер соққы аймаққа инжекцияланған болу керек.
2-текті Ферми механизмдері зарядталған бөлшектің үнемі немесе хаосты қозғалатын “магнит айнамен” соқтығысуын сипаттайды. Бөлшек қарсы қозғалыстағы магнит айнамен шағылысқанда энергиялы болады(қосылады), немесе қарама-қарсы(одан ары қарай кететін) айнамен соқтығысқанда энергиясын жоғалтады. Қарсы айнамен соқтығысу ықтималдығы керісінше(ары кететіннен) көп, сондықтан, жалпы, бөлшектер үдетіледі. Энергияның өсуі магнит айналардың орташа жылдамдығының квадратына пропорционал(“2-текті” аталуы да осыдан) . 2-текті Ферми үдеуіне баламалы атау-стохастикалық үдеу.
46. Магнит қармақтың шығып кету конусы
1-сурет.
Конфигурациясы суреттегідей магнит өрісіндегі бөлшектің қозғалысын қарастырамыз. Электр өрісі жоқ болған кезде формула былай жазылады:
,
,
мұндағы α - бөлшектің питч бұрышы(бөлшектің жылдамдығы мен магнит индукциясы арасындағы бұрыш) . В
0
- ең кіші өріс кезінде.
Магнит өрісінің мәні В 1 жеткен нүктеде бөлшек жылдамдығының магнит өрісіне параллель құраушы нолге айналады да, бөлшек кері бағытта қозғала бастайды. Яғни питч бұрышы аз емес зарядталған бөлшек күшейген магнит өрісі аймақтарынан шағылады.
Магнит айна -күшейген аймақ. 2 айна арасында бөлшек қақпанға түседі.
Егер бөлшектің питч бұрышы аз болса(α - В 1 ден аз болса), бөлшек қақпаннан шығып кетеді, себебі, В 0 -ді кіші мәнге бөлсек, В 1 үлкен мәнге ие болады, яғни қақпаннан шығады, бұл шығып кету конусы деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz