Күннің ғарыштық сәулелері



1 Мәселенің қазіргі кездегі қалпы
2. Ғарыштық сәулелер жөніндегі негізгі бакылау мәліметтері 3. Галактикалық ҒС.ң құрамы
4.Алғашқы ҒС.ң спектрiнiң пiшiнi
5. Планета аралық магнит өрiстерiнiң өзара әсерiнен
пайда болатын галактикалық ҒС.ң интенсивтiлiгiнiң вариациялары
Жердің атмосферасына, оның ішінде озоносферасына, ғарыштық сәулеленудің (ҒС) елеулі әсер ететіндігі туралы жорамалдар бұрыннан бастап айтылды. Бірақ 1990-шы жылдары бұл мәселеге деген қызығушылық арта түсті, өйткені сол кезге дейінгі жиналған ауқымды тәжірибелік мәліметтер мен оны талдау үшін ойлап табылған жаңа тәсілдер, бұл әсердің, бұрын айтылғанға қарағанда, әлде-қайда көбірек екендігі жайлы тұжырым жасауға мүмкіншілік берді. Кейбір ғалымдар тіпті Жердің озон қабатының жұқаруы сияқты ғаламдық экологиялық апаттар үшін антропогенді әсердің мәні айтарлықтай аз деп, олар негізінен табиғи себептердің салдарынан болатындығын, оның ішінде ҒС ағындарындағы өзгерістерді бастысы деп есептейді. Қазіргі кезде экологиялық жағдайдың одан әрі нашарлап жатқанын ескерсек, бұл мәселенің өзектілігі және сайкес зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы айту артық болар. Жоғарыда айтылғанға байланысты, берілген жұмыстың келесідей мақсаттары белгіленді:
1) бүгіңгі таңда белгілі нәтижелерді салыстыра отырып, ҒС-ң Жер атмосферасының параметрлерінің, оның ішінде озон қабаты күйінің, өзгерісіне тигізетін әсері туралы мәселенің қазіргі заманғы жағдайын талдау;
2) атмосферадағы озонның мөлшері мен ҒС ағындары жайындағы жаңа мәліметтерді қолдана отырып, соңғы жылдары біраз зерттеушілер байқаған озон қабатының өзгеруіндегі тенденцияларын дәлелдеу немесе жоққа шығару және олардың ҒС-тің өзгеруімен байланысын жаңа талдау әдістері көмегімен зерттеу.
Зерттеулер TOMS аппаратурасымен озонның жалпы құрамын (ОЖМ) серіктік өлшеулер негізінде және ғарыштық сәулеленуді нейтронды мониторлар станциялардың әлемдік жүйесі көмегімен тіркеу мәліметтері негізінде жүргізілді.
1. Herman J.R., Goldberg, R.A. Sun, Weather, and Climate. Washington: NASA, 1978. 354 p.
2. Чижевский АЛ. Земное эхо солнечных бурь. М.:
Мысль, 1973.349с.
3. Clayton H.HJ. World Weather. New York: Mac Millan, 1923.243р.
4. Helland-Hansen В., Nansen F. Temperature variations in the North-Atlantic ocean and in the atmosphere // Smithsonian Misk. Collection. 1920. V. 70. № 4.

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

КҮННІҢ ҒАРЫШТЫҚ СӘУЛЕЛЕРІ

1 Мәселенің қазіргі кездегі қалпы

2. Ғарыштық сәулелер жөніндегі негізгі бакылау мәліметтері
3. Галактикалық ҒС-ң құрамы

4.Алғашқы ҒС-ң спектрiнiң пiшiнi

5. Планета аралық магнит өрiстерiнiң өзара әсерiнен
пайда болатын галактикалық ҒС-ң интенсивтiлiгiнiң вариациялары

1 Мәселенің қазіргі кездегі қалпы

Жердің атмосферасына, оның ішінде озоносферасына, ғарыштық сәулеленудің (ҒС) елеулі әсер ететіндігі туралы жорамалдар бұрыннан бастап айтылды. Бірақ 1990-шы жылдары бұл мәселеге деген қызығушылық арта түсті, өйткені сол кезге дейінгі жиналған ауқымды тәжірибелік мәліметтер мен оны талдау үшін ойлап табылған жаңа тәсілдер, бұл әсердің, бұрын айтылғанға қарағанда, әлде-қайда көбірек екендігі жайлы тұжырым жасауға мүмкіншілік берді. Кейбір ғалымдар тіпті Жердің озон қабатының жұқаруы сияқты ғаламдық экологиялық апаттар үшін антропогенді әсердің мәні айтарлықтай аз деп, олар негізінен табиғи себептердің салдарынан болатындығын, оның ішінде ҒС ағындарындағы өзгерістерді бастысы деп есептейді. Қазіргі кезде экологиялық жағдайдың одан әрі нашарлап жатқанын ескерсек, бұл мәселенің өзектілігі және сайкес зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы айту артық болар. Жоғарыда айтылғанға байланысты, берілген жұмыстың келесідей мақсаттары белгіленді:
1) бүгіңгі таңда белгілі нәтижелерді салыстыра отырып, ҒС-ң Жер атмосферасының параметрлерінің, оның ішінде озон қабаты күйінің, өзгерісіне тигізетін әсері туралы мәселенің қазіргі заманғы жағдайын талдау;
2) атмосферадағы озонның мөлшері мен ҒС ағындары жайындағы жаңа мәліметтерді қолдана отырып, соңғы жылдары біраз зерттеушілер байқаған озон қабатының өзгеруіндегі тенденцияларын дәлелдеу немесе жоққа шығару және олардың ҒС-тің өзгеруімен байланысын жаңа талдау әдістері көмегімен зерттеу.
Зерттеулер TOMS аппаратурасымен озонның жалпы құрамын (ОЖМ) серіктік өлшеулер негізінде және ғарыштық сәулеленуді нейтронды мониторлар станциялардың әлемдік жүйесі көмегімен тіркеу мәліметтері негізінде жүргізілді.

2 ҒАРЫШТЫҚ СӘУЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ БАҚЫЛАУ МӘЛІМЕТТЕРІ

Қазіргі кезде ғарышта ыңғайлы жүргізуге болатын зерттеулер энергиялары 108-1010эВ аралығында жататын ғарыштық сәулелер деп аталатын жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғалатын ядролық бөлшектердің Жерге үздіксіз түсетінін дәлелдейді.
Осылайша, ғарыштық сәулелер - бұл Жерден тыс көзжетпес Ғаламшар кеңістіктерінде пайда болған және жоғарғы энергияларға дейін үдетілген тұрақты бөлшектер мен атом ядролары болып табылады. Ғарыштық сәулелер галактикалық (гелиомагниттосферадан тыс келген) және күннен келген (Күн жүйесінде пайда болған) болып ажыратылады.
Планета аралық ортада жігерлі бөлшектер ондаған кэВнуклон бастап энергия бойынша үздіксіз таралған. Кең атмосфералық нөсерде тіркелген ерекше жігерлі бөлшектердің энергиясы 1021эВ асқан. Бұндай үлкен (интервалда) аралықта күннен және галактикадан пайда болатын ғарыштық сәулелерді (ҒС) бөлетін шекараны анық көрсету мүмкін емес; дегенмен, күн оқиғаларында ГэВнуклон бөлшектер тым сирек байқалынатындықтан, шартты түрде барлық энергиялы бөлшектерді ғарыштық текті деп қабылдауға болады. Кейбiр бағалау бойынша, күннен пайда болатын бөлшектер үлесiне Күн жүйесiндегi ҒС-ң толық интенсивтiлiгiнің 10% келедi. Күн бөлшектерiнiң үлесi энергияның төмендеген сайын өседi.
Барлық энергияларды ескергенде ғарыштық ҒС-ң концентрациясы Күн жүйесi маңайында шамасымен, ал олардың кинетикалық энергияларының тығыздығы шамасымен бағаланады.
Төменде планета аралық магнит өрiстерiмен ҒС-ң модуляциясына қатысы бар бақылау мәлiметтерi қысқаша талқыланады.

3. Галактикалық ҒС-ң құрамы. Саны бойынша ҒС-ң құрамындағы ядролардың ең көп тобын протондар құрайды - 90% астам бөлшек, одан кейiн бөлшектер -7% жуық және оданда ауыр ядролар -1% төмен. Жердегi алғашқы ҒС-ң құрамындағы электрондар үлесі 1% жуық.
Алғашқы ҒС-ң құрамын Ғаламшардағы ядролардың орташа таралуымен салыстырғанда маңызды өзгешелiктер табылады. Бәрiнен бұрын олар жеңiл ядроларға (Li, Be, B) қатысты, себебі ҒС-нің таралуы толық Ғаламшардағыға қарағанда 105 рет жоғары. ҒС-дегi болатын ядролар Ғаламшардағыдан тым көп. ҒС-дегi антипротон мөлшерiн өлшеу соңғы жылдарының маңызды нәтижесі болды. Күтпестен антипротондар саны көбейдi, бұл салыстырмалы аз энергиялар аумағында ерекше байқалады. Энергия интервалында, ағын тығыздығы бар теориялар болжамын 1-2 реттiлiкке жоғарылатады.

4. Алғашқы ҒС-ң спектрiнiң пiшiнi. энергиялар аумағында алғашқы протондардың дифференциалдық энергетикалық спектрі төмендегі дәрежелiк тәуелдiлiктен жақсы көрiнеді [1]
, (1.1)
мұндағы дифференциалдық спектрдің көрсеткiшi. Г - ГэВ - пен өлшенеді. ГэВ энергиялар кезінде кинематикалық пен толық энергиялар арасындағы өзгешелiк аз және (1.1) формуласындағы ны мен алмастыруға болады. ~10эВ энергиялар кезінде ҒС-спектрiнде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күн және оның адам ағзасына әсері
Радиация және олардың түрлері
Пайдалы әсері
Жердің атмосферасының күйіне әсер ететін мүмкін болатын механизмдер
Иондық сәлулеленудің топтары
Сәулеленудің генетикалық әсері
Иондаушы сәулелердің соматикалық-стохастикалық әсері
Күннің галактикадағы орны, құрылымы, қасиеттері
Радиациялық мутагенез
Көздері электромагниттік сәулелену
Пәндер