Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы мен механикасы: төменгі және жоғарғы ғаламшарлар, Птолемей мен Коперник модельдері және синодтық және сидерлік периодтар


Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ғаламшарлардың көрінетін және нақты қозғалысы

Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы

Ғаламшарлар көрінетін қозғалыстары бойынша 2 топқа бөлінеді: төменгі (Меркурий, Шолпан) және жоғарғы (Жерден басқа қалған ғаламшарлар) .

Төменгі және жоғарғы топ ғаламшарларының шоқжұлдыздардағы қозғалыстары түрліше. Меркурий және Шолпан әрқашан Күн қай шоқжұлдызда орналасса, олар да сол немесе көршілес шоқжұлдызда орналасады. Олар Күннен шығыс немесе батысқа қарай орналасуы мүмкін. Ғаламшарлардың Күннен шығысқа қарай ең үлкен бұрыштық алшақтауы - ең үлкен шығыстық элонгация , ал батысқа қарай ең үлкен бұрыштық алшақтауы - батыстық элонгация деп аталады. Шығыстық элонгация кезінде ғаламшар батыстан Күн батқаннан кейін көрінеді және Күннен кейін аз уақыттан соң батады. Содан кейін кері қарай қозғалады. Алғашында жай, кейін қатты қозғалып Күнге жақындайды, төменгі бірігу процесі басталады. Біршама уақыттан соң ғаламшар қайта көрінеді, Күннен алшақтай бастайды да ең үлкен батыстық элонгацияға жетеді. Ғаламшар тоқтап, енді ол батыстан шығысқа қарай тік қозғалады, Күннен қашықтау қысқарады. Бұл уақытта ғаламшар Күннің артынан өтеді, екеуінің эклиптикалық бойлықтары тең болады - бұл Күн мен ғаламшардың жоғарғы бірігуі деп аталады. Әрі қарай ғаламшар қайтадан батыста көрінеді, яғни төменгі ғаламшарлар Күн маңайында тербелетіндей болып қозғалыс жасайды.

Ал, жоғарғы топ ғаламшарларының көрінетін қозғалыстары басқаша болады. Жоғарғы ғаламшар Күн батқаннан кейін батыста көрінеді, жұлдыздар арасымен түзу бойымен, яғни Күн сияқты батыстан шығысқа қарай қозғалады. Бірақ оның қозғалыс жылдамдығы Күннен төмен, Күн ғаламшарны қуып жетеді де ғаламшар уақытша көрінбей қалады, себебі ол Күнмен бір мезгілде шығып, бір мезгілде батады. Күн ғаламшардан озады, ғаламшар шығыста қайта көрінеді. Ғаламшарның қозғалыс жылдамдығы төмендейді, ол тоқтайды, ал әрі қарай жұлдыздар арасымен кері, яғни шығыстан батысқа қарай қозғалады. Біршама уақыттан соң ғаламшар қайта тоқтайды, қозғалыс бағытын түзуге өзгертеді, ал бұл уақытта оны батыс жақтан Күн қайта қуып жетеді, ол тағы да көрінбей қалады, осылайша құбылыстар қайталана береді.

Птолемейдің әлемдік жүйесі

Ежелгі астрономдардың Ғалам туралы түсініктері Птолемейдің "Мегале синтаксис" атты шығармасында баяндалған. Араб ғалымдарының аудармасында ол "Альмагест" деген атпен тараған.

Птолемей жүйесінің негізін төмендегі төрт тұжырым құрайды: 1) Жер Ғалам центрінде орналасқан; 2) Жер қозғалмайды; 3) Барлық аспан денелері жерді айнала қозғалады; 4) Аспан денелері шеңбер бойымен және тұрақты жылдамдықпен, яғни бірқалыпты қозғалады.

Птолемей жасаған әлем жүйесі геоцентрлік деп аталады және оны былайша түсіндіруге болады: ғаламшарлар эпицикл деп аталатын дөңгелек бойымен қозғалады, ал өз кезегінде эпициклдардың центрлері деферент деп аталатын басқа дөңгелек бойымен қозғалады, ал олардың жалпы центрінде Жер орналасады. Күн мен Ай Жерді айнала деферентер бойымен (эпициклсыз) қозғалады ( 2. 1-сурет ) .

Аспан шырақтарының тәуліктік қозғалысы тұтастай алғанда бүкіл Ғаламның Жерді айнала қозғалуымен түсіндірілді. Ғаламшарлардың тік және кері қозғалыстары былайша түсіндірілді: ғаламшар өз эпициклының А нүктесінде тұрған кезде оның Жерден бақыланатын бұрыштық жылдамдығы эпицикл центрінің деферент бойымен және ғаламшардың эпицикл бойымен қозғалыстарының қосындысынан құралады. Бұл жағдайда ғаламшар қозғалысының түрі жоғары жылдамдықпен тік қозғалып бара жатқандай болады. Ғаламшар В нүктесінде болса, онда оның эпицикл бойымен қозғалысы эпицикл центрінің қозғалысына қарама қарсы бағытта және оның жерден бақыланатын бұрыштық жылдамдығы ең аз мәнде болады. Егер эпициклдағы

2. 1-сурет. Деферент және эпицикл

ғаламшар жылдамдығы эпицикл центрінің жылдамдығынан төмен болса, онда ғаламшар бұл жағдайда тік және баяу қозғалып бара жатқандай көрінеді. Егер эпицикл бойындағы жылдамдық эпицикл центрінің жылдамдығынан жоғары болса, онда ғаламшар кері қозғалып бара жатқандай көрінеді.

2. 1. 3

Коперник "Аспан сфераларының айналулары жайында"("Об обращений небесных сфер " ) атты кітабында әлем жүйесі туралы өз көзқарасын баяндаған. Бұл шығармасында Коперник Жер қозғалыстары жөніндегі идеяларын математикалық түрде дәлелдеп, жаңа астрономия дамуына жол ашты. Оның жасаған әлем жүйесі - гелиоцентрлік деп аталды. Бұл жүйенің негізінде келесі тұжырымдар жатыр: 1) Әлем центрінде Күн (гелиос-Күн) орналасқан; 2) Шартәріздес Жер өз осі бойын айнала қозғалады және осы айналыс бүкіл шырақтардың тәуліктік қозғалыстарын түсіндіреді; 3) Жер басқа ғаламшарлар сияқты Күнді айнала қозғалады және осы қозғалыс Күннің жұлдыздар арасындағы көрінетін қозғалысын түсіндіреді; 4) Барлық қозғалыстар бірқалыпты дөңгелектік қозғалыстардың комбинациясы түрінде түсіндіріледі; 5) Ғаламшарлардың кері сияқты болып көрінетін қозғалыстары оларға емес, Жерге тән.

Сонымен қатар, Коперник Ай серік ретінде Жерді айнала, ал олар бірге Күнді айнала қозғалады деген пікір айтты. Бақылаулар нәтижесінде Коперник мынадай ойға тоқтады: барлық ғаламшарлар (сонымен қатар Жер де) Күнді бір жазықтықта айналып қозғалады. Бірақ бұл жағдайда Жерден көрінетін ғаламшарлардың жолдары эклиптика маңайынан орын алады.

Коперник алғаш рет Күн жүйесінің құрылымын дұрыс сипаттап берді. Сонымен қатар, ғаламшарлардың Күннен қашықтығын және олардың Күнді айналу периодтарын анықтады. Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы Коперник теориясы бойынша өте қарапайым түсіндіріледі.

Ғаламшарлардың көрінетін қозғалысы мен конфигурацияларын түсіндіру

Орбиталар бойымен қозғалысы кезінде ғаламшарлар Күн және Жерге қатысты түрліше орналасуы мүмкін. Айталық Т Жер өз орбитасында С Күнге қатысты қандай да бір орын алсын.

2. 2-сурет. Ғаламшарлар конфигурациялары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күн жүйесі планеталарының қозғалысы: Птолемей мен Коперниктің әлемдік жүйелері
Аспан механикасы, астродинамика және жұлдыз жүйелерінің динамикасы: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы
Ғаламның тарихы мен құрылымы: әлем модельдері, галактика және планеталардың қозғалысы
Күн жүйесі және ғаламшарлардың ғылыми сипаттамасы
Күн жүйесінің механикасы, космогониясы және ғаламшарлық денелердің физикасы
Перцептивті психиканың эволюциялық дамуы: төменгі және жоғарғы деңгейлер мен интеллектуалды кезең
Николай Коперник: гелиоцентрлік жүйе, Күн жүйесінің құрылысы және шекаралары
Жер тобы және алып ғаламшарлар: физикалық сипаттары, атмосферасы және бет құрылымы
Элементарлы сенсорлы психиканың төменгі және жоғарғы деңгейлері: сипаттамасы мен эволюциялық негіздері
Жүрек-қан тамырлар жүйесі мен бұлшықеттердің құрылымы, механикасы және жиырылудың биофизикалық модельдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz