Ақ ергежейлілер


Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ақ ергежейлілер

Термоядролық синтезге жарамсыз, жоғары температурасы мен әлсіз жарықтылығы арқылы сипатталатын өте тығыз, әрі шағын жұлдыз. Ядролық отынының көп бөлігін жұмсап қойған Ақ ергежейлі өз өмірінің соңғы кезеңінде деп есептелінеді. Олардың көміртегі мен оттектен тұратын ядросы ғана қалған. Бұл ядро басында өте ыстық болып, кейіннен бірте-бірте суи бастайды. Көп жұлдыздар, оның ішінде Күн де, өз өмірін осылай аяқтайды.

Сутегі жанып біткеннен кейін(қызыл алып сатысы) сыртқы қабықшаның біртіндеп ұлғайып, ядродан ажырауы салдарынан массалары шамамен Күннің массасына тең жұлдыздар ақ ергежейліге айналады(бетіндегі температурасының өте жоғары болуымен ақ түске енеді) . Ақ ергежейлілердің ерекшелігі олар айныған газдан тұрады да, әдеттегі газ тек жұқа қабатты құрайды. Ақ ергежейлілер энергия көзі болмағандықтан сығылып суи бастайды, сөйтіп ақ ергежейлі күйден қоңыр күй сатысына ауысады, содан кейін Жер өлшеміндей қара ергежейлі күйге өтеді. Ақ ергежейлілердің орташа тығыздығы 4*10 6 г/см 3 , яғни бір сантиметр кубқа төрт тонна газ сәйкес келеді.

Ақ ергежейлілер -шағын объектілер, радиустары 10-2 Rʘ , яғни бірнеше мың км, массасы (көбенде ) , тығыздығы өте үлкен. Сондықтан электрондар өте тығыз орналасқан бір жүйе болады да ондағы газ күшті азғындалған болып табылады. Бұл газдың қысымы өздік гравитацияға қарсы жұмыс жасайды. Ал иондық газ аса азғындалмаған. Бетіндегі гравитация өте үлкен. Айталық, (Сириус серігіндегіндей) болғанда, , алшақтау жылдамдығы . Бірақ сондықтан, гравитациялық потенциал аса үлкен емес, яғни Ньютон теориясын қолдана беруге болады.

Азғындалған газда қысым температурадан тәуелсіз болғандықтан, жұлдыз ақ ергежейлі күйінде тұра береді, өйткені энергияның сәулеленуге шығыны ақ ергежейлінің механикалық тепе-теңдігіне әсер етпейді. Сәулелену иондық жылулық энергия есебінен шығарылады. Иондық газ біртіндеп суыйды, бірақ бұл қысымға әсер етпейді. Иондық газдың қысымының әсері азғындалған электрондық газ қысымынан аз

Температура жетерліктей азайғанда, зат кристаллизациясы болады, иондар кристаллдық тор құрайды. Беттік аудан аз болғандықтан ақ ергежейлінің жарқырауы аз, ол . Сондықтан сығылған кезінде қорланған жылулық энергия милиардтаған жылдарға жетеді. Бұл энергия біткенде жұлдыз сөніп, қара ергежейліге айналуы мүмкін деген болжам айтылады.

Ақ ергежейлі массасы Чандрасекар шегі деп аталатын критикалық мәннен көп бола алмайды:

Ақ ергежейлі:

Ақ ергежейлінің бастапқы массасы қалыпты жұлдыздың эволюциясының соңғы кезеңі болып табылады.

Ақ ергежейлінің массасын өте көп жоғалту себебі, оның көп массасы қызыл гигант кезеңінде жұлдыздық жел арқылы кетеді. Екіншіден, дәл пайда болар алдында қызыл гигант кезінде жұлдыз сыртқы қабығын лақтырады.

Ақ ергежейлі тығыз қос жүйеге кірсе, азғындалмаған құраушыдан (қалыпты жұлдыз) ақ ергежейліге зат ағылуы түрлі құбылыстарды туғызады. Мысалы, ақ ергежейлі айналасында акрециялық диск пайда болады.

Ақ ергежейлілер. Жоғарғы қозған қызыл алыптардың құрылымының маңыздылығы онын қойнауында изотермиялық обектінің құрылуы болып табылады. Г - Р диаграммада бұл обьект төменгі сол жақ бұрышта орналасуы тиіс, себебі өлшемдерінің аздығынан температураның жоғарғы мәнінің өзінде де онын жарықтылығы аз болады. Жоғарғы суретте бұл ақ ергежейлілер аймағына сәйкес келетінін көреміз. Сондықтан, ақ ергежейлер аса тығыз тығындалған жұлдыздар болып табылады, оның себебі термоядролық энергияның сутегілік көздері таусылған. Ақ ергежейлердің центріндегі тығыздық 1текше см-де жүздеген тоннаға тең болуы мүмкін. Ақырын суи отырып, олар тозғындалған газдың жылулық энергиясын сәулелей бастайды. Ақ ергежейлердің массасы өскен сайын оның қойнауындағы газ қысымы гравитациялық күшке қарсы төтеп беретіндей жағдайғй жетеді. Сондықтан массасы үлкен ақ ергежейлер көбірек сығылады және олар үшін жұлдыз радиусының оның массасынан тәуелділігі дәлірек орындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалыпты жұлдыздар
Жұлдыздар туралы жалпы мәлімет
Жұлдыздар туралы жалпы мәліметтер
Қалыпты жұлдыздардың спектрлері және спектрлік классификациясы
Астрофизикалық объектілерді фракталды талдау
Овен шоқжұлдызында орналасқан және жұлдызы қызыл ергежейлі
Жұлдыздар эволюциясы
Жұлдыздардың жылтылы мен жарықтылығы
Нанизм Гигатизм
«Айнымалы жұлдыздар үшін информация мен энтропия қатынасын анықтау»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz