Күннің көрінерлік қозғалысы, атмосферасы, спектрі

Жылдың әр кезеңінде түн ортасында әр түрлі жұлдыздар кульминациялайды. Белгілі бір жұлдыздың түн ортасына сәйкес келетін кульминациясы жыл сайын қайталанып отырады. Осыған негіздене отырып Күннің жұлдыздарға қарағандағы орнының уақыт бойынша өзгеретінін және бұл қозғалыс жұлдыздық немесе сидерлік деп аталатын белгілі бір периодпен (Т=365,2564 тәулік) қайталанып отыратынын анықтауға болады. Егер Күннің жұлдыздарға қарағандағы орнын анықтағымыз келсе, оның жоғарғы кульминациясы нүтесі арқылы аспан сферасындағы қарама қарсы нүктесін тауып, жұлдыздық картадағы Күннің нақты орнын көрсете аламыз. Осылайша аспан сферасы бетіндегі Күннің бір тәулікте жүріп өтетін орташа жолы жуықтап алғанда 1° екенін анықтаймыз.
Күн спектрі және оның атмосферасының құрылысы.
Күннің және жұлдыздардың спектрі жұтылу спектріне жатады. Бұл тұтас спектрмен сызықша спектрдің қос қабатталуынан болған: жарқыраған тұтас спектрдің жүзі толып жатқан көлденең қоңыр сызықтармен айғыздалған. Бұл сызықтарды алғашқы (1815 ж.) зерттеген Фраунгофер сызықтары деп атап, олардың өте айқындарын латын әріптерімен (А,В ... деп) белгілейді.
Күн спектрінің қалай пайда болуын 1858 жылы Кирхгоф түсіндірді. Мынадай тәжірбиені қарастырацық. Электр доғасы тұтас спектр береді. Енді тұтас спектр беретін доға жарығын натрий буы арқылы өткізіп қарасақ, қабаттасқан әрі тұтас спектрді, әрі сызықша спектрді (жұтылған спектрді) көреміз, бірақ енді натрий сызықтары ашық емес, қараңғы болып көрінеді. Себебі, газ (натрий буы) өз жиілігі қандай сәулелерді шығара алатын болса, соларды жұтады (Кирхгоф заңы).
Егер Күн атмосферасы жоқ болса, онда фотосферадан келген жарық тұтас спектр берер еді. Себебі, фотосфера күшті қысым мен жоғары температура жағдайындағы иондалған газдардан тұрады. Бірақ фотосфераны қоршаған күн атмосферасы бар, ол да қызған, сонда да ол төмендеу температурадағы, газдардан тұрады, сондықтан мұндағы әр газ өзі шығара алатын сәулелерді жұтып қалады, сөйтіп спектрде пайда болған қараңғы сызықтарды көреміз.
Бұл сызықтардың ішінде натрийдің екі сары сызығы бар, ендеше Күн атмосферасында натрий да бар. Күн спектріндегі сызықтарды жердегі белгілі элементтердің сызықтарымен салыстыра келгенде осы кездегі Жердегі бар элементтің қазір алпыс алтысы күн бетінде бар екені дәлелденді. Ал Жердегіден бөтен элемент Күнде де кездескен жоқ. Осының бәрі әлемнің материалық бірлігін дәлелдейді.
Күн атмосферасында сутегі (көлемі 81%), одан кейін гелий (18%) бәрінен де көп екен. Гелий Күнде көп болғандықтан оның сары сызығы ә дегеннен оңай көзге түсіп, 1868 жылы әуелі Күн бетінде бұрын ашылды. 27 жылдан соң гелий Жерден де табылды.

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Күннің көрінерлік қозғалысы, атмосферасы, спектрі

Күннің көрінерлік қозғалысы

Күн атмосферасын үш қабатқа бөледі, олар: айналдырушы қабат, хромосфера және таж (57-сурет).
Айналдырушы қабат фотосфераға ең жақын қабат. Күн спектріндегі қоңыр сызықтардың көбі осы қабатта пайда болады. Энергияны жұтып жарық сызықтарды қоңыр сызықтарға айналдыратын болғандықтан бұл қабат осылай аталған. Күннің толық тұтылуы кезінде Айдың қараңғы денесі жарқыраған фотосфераның бетін перделеген кезде, жарық енді Күнатмосферасынан ғана келеді де, манағы қоңыр сызықтар жарқырап шыға келеді.
Келесі қабат хромосфераның (түсті сфераның) түсі ашық қызыл болғандықтан ол солай аталған. Ол Күннің толық тұтылуы кезінде жіңішке алқызыл сақина сияқты Ай денесін жиектей көрініп тұрады. Бұл қабатта сутегі мен иондалған кальций көп. Телескоппен қарағанда бұл қабаттың үстіңгі беті ұдайы толықсып, сансыз көп жалын шудалары жоғары шапшып, ұйытқып араласып жатады.
Хромосфераның кейбір тілдей жалындары оның бетінен шапшып көп жоғары көтеріледі, бұл атылып шыққан материяның қызған массасын протуберанец деп атайды. Олардың кейбіреуі миллион километрге дейін күн бетінен көтеріліп бара алады. Мысалы, 1946 жылы 4 июньде бір протуберанц 1680000 км-ге көтерілді, протуберанңдағы заттың қозғалыс жылдамжығы жүздеген километрге жетеді. Оны спектро-гелиокинематограф деген құрал арқылы түсіріп бақылайды. Протуберанцтардың әртүрлері бар екені байқалады. Күн бетінің кей жерлерінде көбінесе дақтардың маңында факел деп аталатын (фотосфераның өзге жерінен гөрі жарығырақ) бұлттар байқалады. Факелдер, дақтардай емес, Күн бетінің ыстығырақ жерлері.
Күн атмосферасының ең сыртқы қабатын Күн тажы деп атайды. Күннің тұтылуы кезінде бұл қабат маржандай нәзік, күмістей жалтырап Күннің жан-жағынан құлақтанып көрініп тұрады.
Спектріне қарағанда Күн тажы өте сирек газдар мен еркін электрондардан тұрады, ал оның ең сыртқы қабаттары қатты тозаң бөлшектерден тұратын болу керек.
Күн тажының фотосуретін коронограф деген құрал арқылы өте-мөте Күннің толық тұтылуы кезінде жақсы түсіруге болады. Совет ғалымдары жасаған коронографтармен жабдықталған соңғы жылдар Алматы Алаьауының басында 2600 метр биікте Жасылкөлдің жағасында, Күнді зерттейтін таж станциясы жасалды.
Лекция №8.
Жер тобының планеталары.

Жалпы шолу. Қазіргі кезде 9 ірі планеталар және 1600-ден аса кіші планетралар (астероидтар) бар екені мәлім.Күн жүйесінің орталық денесі Күннің массасы планеталардың бәрінің жиынды массасынан 750 еседей артық, сондықтан Күннің орасан зор тартуының арқасында планеталар Күнді айнала қозғалып жүреді .Үлкен планеталардың бірталай сыпаты өзара ұқсас, оның бәрі де өздері жарық шығармайтын салқын шарлар .Бәрі де Күнді бір бағытпен айналады.Күн де өз осін осы бағытпен айналады.. Үлкен планеталардың орбитталары дөңгелеке өте жуық эллипстер болады да, олардың орбита жазықтары эклиптика мен аз бұрыш жасайды.Планеталардың бәрі де өз осьтерінің айналады.Үлкен планеталар мен олардың серіктері, кіші планеталар, кометалар мен метеорлық денелер бәрі Күн системасын құрайды.
Меркурий дәл күн шығар алдында шығыста (не Күн батысымен батыста ) көрінеді де, оны бақылау қиын, сондықтан оның жайын біз аз білеміз. Оны оңтүстік жақтарда , мысалы Қазақстанның орталық, әсіресе оңтүстік обылыстарында бақылау оңайырақ. Оңтүстік жақта іңір тіпті аз, Күн батысымен кенет түн болып кетеді. Оңтүстік ендіктерде эклиптека аспанда тіктеу тұрады да, Күн горизонқа тіктеу келіп шығады , сондықтан таңжарығы мен іңір жарығы көпке созылмайтын қысқа болады да, Мереурейдің қараңғылау аспан реңкінде көру оңайлау болады Меркурий 9 планетаның ең кішісі және ол Күнге ең жақыны . Оның көленеңі (диаметірі) Жердікіден 2,5 еседей кіші ,ал массасы жердікінен 20 еседей аз Меркурий Күнге гөрі 2,5 еседей жақын жұлдыздық айналысымы(жылы ) 88-ақ күн . Меркурейдің өз осін айналу уақыты да осыған тең , яғыни 88күн болу керек. Ендеше Меркурийдің Күнге ылғи бір ғана беті қарап тұрады да, бұл бетінде күндіз мәңгі созылып қатты ыстық (өлшеу бойынша 400С)қорғасынды балқытып тұрады да, екінші бетінде өмір бойы қараңғы түн мен суық ( - 200 С ) болады.
Жай көзге Меркурий 12-шамадағы жұлдыздай болып, кейде аспандағы ең жарық жұлдыз Сириустей (Сүмбіледей) болып көрінеді. Ол телескоппен қарағанда Айдың фазалары сияқты әртүрде көрінеді; ал жоғары қосылсы кезінде Күннің аржағында, қашықта көрінгенде кішкене дөңгелек сяқты, ең үлкен элонгация кезінде ширек Ай сяқты, ал төменгі қосылысы (Күн мен Жердің екі арасындағы ) кезінде жіңішке орта тәрізді болады.
Өзінің қарамы және табиғаты жағынан Меркурий Айға ұқсас, онда атмосфера жоқ болу керек, өйткені оның күн жақ беті қатты ысығандықтан газ молекулаларының жылдамдығы үлкен болады да, массасы азайғанда Меркурий оларды ұстап тұра алмайды.
Шолпан. Бұл Күннен қашықтығы жағынан (Жерден гөрі Күнге 1,5 еседей жақын )екінші планета, Жердің Күн жақтағы жақын көршісі. Сондв-ықтан, Шолпан ың беті недәуір үлкен және жарықты күшті шағылдыратын болғандықтан, бізге Күн мен Айдан кейінгі аспандағы ең жарық шырақ Шолпан болып көрінеді де, кейде тіпті оны күндіз де жай көзбен көруге болады Жалтырауының ең күшті кезінде ол минус 4-шамадағы жұлдыздай болып, Сириустен 13 есе күштірек жарқырайды.
Үлкендігі (диаметірі 12 600км ) және массасы жағынан алғпнда планеталардың ішіндегі бәрінен де Жерге ұқсасы Шолпан . Мұның жылы (жұлдыздық айналысы ) 225 тәулік.Телескоппен қарағанда Шолпанның фазалары (әртүрлі) жақсы көрінеді ;тура Күннің аржағына таман барған кезде кішкене дөңгелек,бержағына таман келген кезде жіңішке орақ, бүйірге қарай ауып барғанда (элонгация кезде ) жарты дөңгелек түрінде болады. Шолпанды телескоппен бір көрген кісі Айдан айырыла алмайды .Өкініші сол, Шолпан Жергеең жақын келген кезінде (төменгі қосылысы кезінде) бізге көрінбей кетеді. Кейде осындай кезінде Шолпан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астрономия пәнінің оқу-әдістемелік кешені (дәрістер жинағы)
Аспан денелерінің қозғалысы
Күн жүйесi туралы
Күн жүйесінің құрылысы мен планеталар қозғалысы тақырыбын мектепте сапалы оқытудың әдістемесі
Күндегі және планета аралық кеністіктегі бейстационар процестердің мультифракталдық сипаттамалары
Венера планетасы жөніндегі тарихи деректер
Хромосфера және тәж
Венера планетасы
Күн жүйесінің қалған денелері - салқын денелер
Күн жүйесіндегі планеталарды оқыту әдістемесі
Пәндер