Польша мемлекетінің тарихы


Польша мемлекетінің тарихы
Полша туралы алғашқы дәйекті мәліметтер х ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Сол кезеңнің өзінде Польша салыстырмалы түрде ірі мемлекет болды және оны Пясттар әулеті бірнеше тайпалық князьдіктерді біріктіру арқылы құрды. Польшаның алғашқы билеушісі-Пясттар әулетінен шыққан І Мешко болды. Оның иелігіндегі Ұлы Польша жері Одра және Висла өзендерінің арасында орналасты. І Мешко билік еткен тұста( 960-992жж. ) шығыста герман тайпаларының шабуылдарына қарсы соғыстар журді және 966 жылы поляктар хрситиан дініне бағына бастады. 988 жылы князь Мешко өз мемлекетіне Силезия және Поморье жерлерін, ал 990 жылы Моравияны қосты. 992-1025 жылдары оның үлкен ұлы І Ержүрек Болеслав билік етті және Польшаның ұлы патшаларының біріне айналды. Ол өз билігін Одра мен Нысадан Днепрге дейін және Балтық теңізінен Карпатқа дейінгі жерлерге таратты. Болеслав Қасиетті Рим империясымен соғыс жүргізудін нәтижесінде Польшаның дербестігін нығайтып, 1025 жылы король титулын алды. Болеслав қайтыс болған соң ақсүйек феодалдар күшейіп, орталық билікке қарсы шықты және нәтижесінде Польшадан Мазовия мен Поморье бөлініп шықты.
1102-1138 жылдары билік еткен ІІІ Болеслав Померьені қайтарып алды, алайда, ол қайтыс юолған соң оның ұлдары Польшаны өзара бөлісіп алды. Билікке келген Болеславтың үлкен ұлы ІІ Владислав ел астанасы Краков қаласын, ұлы Польша мен Померье жерлерін иеленді. ХІІ ғасырдың екінші жартысында көршілес Германия және Киевтік Русь мемлекеттері сиқты Польша екіге бөлінді және елде саяси хаос орнады. Вассалдар корольдің шексіз билігін танудан бас тартып, оның билігін шіркеудің көмегімен елеулі түрде шектеді.
ХІІІ ғасырдың ортасында моңғолдардың шапқыншылығы нәтижесінде Польша аумағының басым бөлігі дағдарысқа ұшырады. Солтүстіктегі литвалықтар мен пруссиялықтардың шабуылдары да елді әлсірете түті. Мазовия князі Конрад өз иеліктерін қорғау мақсатында 1226 жылы елге Крест жорығына қатысушылар орденінің тевтондық рыцарьларын шақырды. Аз уақыт ішінде тевтондық рыцарьлар Балтық теңізі жағалауындағы жерлердің бір бөлігін жаулап алды және бұл жерлер уақыт өте келе, Шығыс Пруссия деп аталды. Аталған жерлерде неміс жерлерінен жер аударылғандар мекендеді. 1308 жылы тевтондық рыцарьлар Польшаның Балтық теңізіне шығатын жолын жаулап тастады.
Польшаның бытыранқы болуы нәтижесинде мемлекеттің ақсүйектер мен дворяндарға тәуелділігі өсе тусті және сыртқы жаулардан қорғану үшін көмекке мұхтаж болды.
Моңғолдар мен литвалықтардың жергілікті халықты күйрету салдарынан Поьлша жерлеріне неміс халқының жаппай ауып келді. Олар Магдебур құқығына сәйкес басқарылатын қалалар салды және еркін шаруалар ретінде жер иеленді. Олармен салыстырғанда Польша шаруалары сол кезеңдегі букіл еуропадағы сияқты басыбайлы шаруаларға айнала бастады.
Қоғамдық құрылыс . ХІІІ ғасырдың соңында Польшада үстемдік етуші 3 санаттан тұрды:барондар(немесе магнаттар), рыцарьлар және дін өкілдері. Феодалдар табының негізгі бөлігін ақсүйек феодалдар құрады. Олар ХІІІ ғасырдан бастап экономикалық және құқықтық мәртебесі жағынан 2 топқа бөлінді:барондар және рыцарьлар. Барондар ру-тайпалық ақсүйектермен князьдар жасақтарының басшы топтарынан, ал рыцарьлар жерге «бекітілген» бұрынғы жасақшылардан тұрады.
Құқық. Ақсүйек феодалдардың бірнеше тобының түрлі құқықтық жағдайы феодалдық бытыраңқылық кезеңінде қалыптасып, «Польша Шындығында» құқықтық тұрғыдан бекітілді. Поьшаның әдет құқығының қайнар көзі-!»Польша Шындығы» немесе «Эльблонг кітабы» (ХІХ ғасырда кітаптың қолжазбасы табылған қаланың атауы бойынша) ұзақ уақыт белгісіз болды және бұл құжат тек 1869 жылы бірінші басып шығарылды. Оның мазмұнынан құжаттын Крест жорығына қатысушылардың жергілікті әдет-ғұрыптарға қатысты сұрақтарына Польша халқынан алған жауаптары негізінде жасалғанын байқауға болады. Аталған құжаттың түпнұсқасы неміс тілінде жазылған, алйда, Польша тарихшылары «Польша Шындығы» Польшаның әдет құқығының алғашқы жазбаша жинағы екенін нақты дәйектермен дәлелдеді.
Польша тарихында Кошицелік привилей барлық рыцарьлардың құқықтық мәртебесін анықтауға бағытталған алғашқы акт болды. Осының нәтижесінде рыцарьлар табы одан сайын шоғырлана түсті және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында ықпалы мен рөлі артты. Кошицелік привилей король қазынасының тапшылық жағдайын одан сайын ауырлатты және соның салдарынан король билігі бұрынғыдай магнаттарға ғана емес, ендігі кезде рыцарьларға да тәуелді болды. Уақыт өте келе, шляхта өзіне берілген артықшылықтарға сүйене отырып, өзге Еуропа елдеріндегі өздеріне ұқсас әлеуметтік тап өкілдеріне қарағанда әлдеқайда ықпалды және ауқатты тапқа айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz