Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері



Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері Кеңестік Қазақстан тарихының деректерін жинастыру және оларды ғылыми-жарияланымдық мақсатта пайдалану Азамат соғысыныңаяқталып (1918—1920), бейбіт құрылысқа көшу кезінен бастау алады. Алғашында мерзімді баспасөз материалдары мен ресми құжат үлгілеріне сұрыптау жүргізілді. 1921 жылдыңтамызында Қазақ АКСР-і Ағарту халық комиссариатының Академиялық орталығы А. Байтұрсыновтың жетекшілік етуімен ел тарихы мен мәдениетінің жазба дерек көздерін жинау, зерттеу және насихаттау жөнінде ұсыныс көтерді.
Сол жылдың күзінде құрылған ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағаты ұйымдар мен мекемелерден түскен құжаттарды мұрағат қоймаларында мақсаттюрі жоспарлы түрде жинап, сақтауға кірісті. 1922 жылы қарашада құрылған Партия тарихының («Истпарт») (РК(б)П және Қазан төңкерісі тарихын зерттеу жөніндегі комиссия) қазақ бюросы тарихи мәні бар құжаттар мен революциялық оқиғаларға тікелей қатысқан адамдардың естеліктерін жинай бастады.
Төңкеріс пен Азамат соғысы жылдарында және Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде көптеген тарихи деректер біржола жоғалды, бүлінді немесе ұрланып, жойылып кетті. Деректердің үлкен бөлігі Қазақстаннан тысқары жерлерде сақталды. 1925 жылы Қазақстан астанасын Қызылордаға көшірген кезде осы құнды мұрағаттық деректемелер Орынборда қалып қойды. 1928-1929 жылдары мұрағат мекемелерін Қызылордадан Алматыға көшіргенде де деректер мен құжаттық материалдардың белгілі бір бөлігі жоғалды. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу жәнеСырдария облыстарының тарихына қатысты құжаттардың елеулі бөлігі Ташкентте қалып, Өзбекстанның мемлекеттік мүлкі саналды.
Республикалық мұрағат мекемелері объективті және субъективті қиындықтарды жеңе отырып, жазба деректерді бір орталықта жинау мен сақтау, сондай-ақ оларды зерттеу мен жариялауды ұйымдастыру бойынша қыруар жұмыстар атқарды. Бірыңғай мұрағаттық тораптардың қалыптасуы мен орнығуына орай, республикада тарих ғылымының құжаттық негізі қорланып, ұлғая түсті.
1927—1929 жылдары республиканың Партия тарихы бюросы жанынан партия құжаттарын сақтау үшін арнайы мұрағаташылды. Кейіннен бұл мекеме Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия тарихы институтының мұрағаты - КОКП OK жанындағы Марксизм-ленинизм институтының бөлімшесі (ауызекі тілде партархив -партмұрағат) деп аталды. 1994 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл мекеме Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты деп аталады. Қазан төңкерісінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында (1927) партия тарихы комиссиясы Сәкен Сейфуллиннің басшылығымен тарихи оқиғаларға қатысушылардың 100-ге жуық естеліктерін жинады. Бұл естеліктер партмұрағаттың ғылыми құндылығы бойынша жоғары баға алған №811 қорының негізін қалады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері[өңдеу]
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері Кеңестік Қазақстан тарихының деректерін жинастыру және оларды ғылыми-жарияланымдық мақсатта пайдалану Азамат соғысыныңаяқталып (1918 -- 1920), бейбіт құрылысқа көшу кезінен бастау алады. Алғашында мерзімді баспасөз материалдары мен ресми құжат үлгілеріне сұрыптау жүргізілді. 1921 жылдыңтамызында Қазақ АКСР-і Ағарту халық комиссариатының Академиялық орталығы А. Байтұрсыновтың жетекшілік етуімен ел тарихы мен мәдениетінің жазба дерек көздерін жинау, зерттеу және насихаттау жөнінде ұсыныс көтерді.
Сол жылдың күзінде құрылған ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағаты ұйымдар мен мекемелерден түскен құжаттарды мұрағат қоймаларында мақсаттюрі жоспарлы түрде жинап, сақтауға кірісті. 1922 жылы қарашада құрылған Партия тарихының (Истпарт) (РК(б)П және Қазан төңкерісі тарихын зерттеу жөніндегі комиссия) қазақ бюросы тарихи мәні бар құжаттар мен революциялық оқиғаларға тікелей қатысқан адамдардың естеліктерін жинай бастады.
Төңкеріс пен Азамат соғысы жылдарында және Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде көптеген тарихи деректер біржола жоғалды, бүлінді немесе ұрланып, жойылып кетті. Деректердің үлкен бөлігі Қазақстаннан тысқары жерлерде сақталды. 1925 жылы Қазақстан астанасын Қызылордаға көшірген кезде осы құнды мұрағаттық деректемелер Орынборда қалып қойды. 1928-1929 жылдары мұрағат мекемелерін Қызылордадан Алматыға көшіргенде де деректер мен құжаттық материалдардың белгілі бір бөлігі жоғалды. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу жәнеСырдария облыстарының тарихына қатысты құжаттардың елеулі бөлігі Ташкентте қалып, Өзбекстанның мемлекеттік мүлкі саналды.
Республикалық мұрағат мекемелері объективті және субъективті қиындықтарды жеңе отырып, жазба деректерді бір орталықта жинау мен сақтау, сондай-ақ оларды зерттеу мен жариялауды ұйымдастыру бойынша қыруар жұмыстар атқарды. Бірыңғай мұрағаттық тораптардың қалыптасуы мен орнығуына орай, республикада тарих ғылымының құжаттық негізі қорланып, ұлғая түсті.
1927 -- 1929 жылдары республиканың Партия тарихы бюросы жанынан партия құжаттарын сақтау үшін арнайы мұрағаташылды. Кейіннен бұл мекеме Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия тарихы институтының мұрағаты - КОКП OK жанындағы Марксизм-ленинизм институтының бөлімшесі (ауызекі тілде партархив -партмұрағат) деп аталды. 1994 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл мекеме Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты деп аталады. Қазан төңкерісінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында (1927) партия тарихы комиссиясы Сәкен Сейфуллиннің басшылығымен тарихи оқиғаларға қатысушылардың 100-ге жуық естеліктерін жинады. Бұл естеліктер партмұрағаттың ғылыми құндылығы бойынша жоғары баға алған №811 қорының негізін қалады.
Партиялық мұрағаттар қорында сақтауға іріктелінген құжаттар кешенінің негізгі бөлігін РК(б)П - БК(б)П - КОКП-ның қазақстандық ұйымы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешімдері мен қаулылары, Қазақ облыстық комитеті (Кыробком, 1921-1925), БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті (1925-1937), Қазақстан Компартиясы OK (1937-1991) секретариаты Бюросы отырыстарының хаттамалары, олармен бірге жолданған құжаттар, республикалық және жергілікті партия ұйымдары пленумдарының, мәжілістерінің, құрылтай жиналыстарының материалдары, барлық деңгейдегі партия комитеттері мен ұйымдарының, партиялық, кеңестік бақылау органдарының, халық комиссариаттары мен министрліктердің, мекемелер мен құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың жұмыстары туралы есептері, талдау жазбалары, анықтамалар, баяндамалар, хаттар, статистикалық мәліметтер және басқа құжаттар құрады. Бұл құжаттар, тұтастай алғанда, тоталитарлық қоғам шеңберінде жасалған тарихи ақпараттардың күрделі де кең жүйесін сипаттайды.
Бұл құжаттардың басты құндылығы -- бастауыш партия ұйымдарының белсенділерінен бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті номенклатурасының басшы қызметкерлеріне дейінгі сан мындаған адамдар туралы партиялық істерде жинақталған жеткілікті мөлшердегі ақпараттардың болуында. Партиялық іс құжаттар адамның қызмет баспалдақтарымен жүріп өткен әрбір қадамын -- өмірбаян дерегін, мінездемелер мен анкеталарды, анықтамаларды жай тізіп шығу ғана емес, олар Қазақстанның өткен тарихы, бүкіл халықтың тағдыры туралы үлкен тарихи мәні бар мәліметтерге де толы. Қазақстан тарихының осы 4-томында саясат, экономика, мәдениет пен тұрмыс мәселелерін, қазақстандықтардың басып өткен жолын, жекелеген тұлғалардың тағдырына дейін жан-жақты суреттейтін орасан мол деректердің жоғарыда аталған тобы кеңінен пайдаланылды.
Екі деректемелік қордың жасалуы және бұған қоса мұрағаттардың партиялық және мемлекеттік дербес екі жүйесінін құрылуы Қазақстандағы тарих ғылымының дамуына кері әсерін тигізді. Соған сәйкес, ғылымның екі бағыты - жетекші-бағыттаушы партиялық ғылым мен оған бағынышты азаматтық тарих ғылымы қалыптасты.
Бұған дейін республика Ағарту халық комиссариатына бағынышты болып келген мемлекеттік мұрағаттар 1938 жылдан бастап КазКСР Ішкі істер халық комиссариатының қарамағына берілді. Мұрағаттарда жартылай әскери тәртіп енгізілді, құжаттарды пайдалану мен жариялау ережесі күшейтілді. Ұзақ жылдар бойы онда жабық мекеме рухы, ерекше құпиялық пен тарихи құжаттарды халықтан жасыру ахуалы үстемдік құрды.
Кеңес үкіметі жылдарында Қазақстан мұрағаттарының құжаттық қорлары әлсін-әлсін тазалау мен аса құпиялық бақылауға алынып отырды. Жалпы алғанда, кеңестік дәуірде жазба деректер сан жағынан әлденеше есе өскеніне қарамастан, Сталиннің кезінде және одан кейінгі кезеңде кеңес дәуіріндегі тарихтың қайнар көздеріне орны толмас зиян келтірілді.
40-70-жылдардағы жоспарлы тазалау барысында мұрағат қоймаларының партиялық қорларынан, тарихи құндылығы жоқ деген желеумен, Қазақстан тұрғындарының 20-50-жылдардағы ауыр жағдайына куәлік ететін құжаттар алып тасталынды және отқа өртелді. Олармен бірге партия комитетгері мен үкіметтік құрылымдар ұйымдарының жұмысындағы қателіктер мен кемшіліктер туралы мәліметтер (немесе сыни пікірлер) бар құжаттар да жойылды. Мемлекеттік мұрағат қоймаларының қорларына қатысты да осындай шаралар жүзеге асырылды. Мәселен, 1941 жылғы шілде-тамыз айларында ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағатында жүргізілген арнайы тексеруден кейін, республика Халық Комиссарлары Кеңесінің қорынан (№30 кор) 1920-1929 жылдардың 172 мұрағаттық ісі жойылу үшін алынды. Осылайша 1944 жылдың тамызында 1929-1935 жылдардың 610 мұрағаттық істері, 1945 жылдың шілде -- желтоқсанында 1929-1936 жылдарға қатысты 2310 мұрағаттық іс өртелді.[1].
Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құжаттар тәркіленіп, ізсіз-түзсіз жоғалып кетті. Қалған істерге Құпия, Ерекше құпия, Жариялауға жатпайды деген белгілер соғылып, олар арнаулы жабық қорларда ұсталды. КК(б)П OAK Өлкелік Комитеті ЧК-ОГПУ-НКВД ПМ салалық мұрағаттарында Алаш қозғалысына қатысушылар, оппозициялық топтар мен жіктер, сондай-ақ әр кезеңде, әсіресе 20-жылдары республиканы ұлттық мүддесін табандылықпен қорғағандар туралы құжаттар сақталды. 20 -- 30-жылдардың соңында бұл материалдар жаппай қуғын-сүргінге ұласқан идеологиялық науқан мен тазалаудың негізіне алынды. Қызметкер орган тарапынан тұтқындалып, халық жауы деген ат алысымен-ақ, тиісті қорларды тазарту жұмыстары жүргізілді және оның есіміне қатысты құжаттар алынып тасталды.
Қазақстан тарихының 4-томында деректемелер ретінде пайдаланылған құжаттар, өзінің сипаты жағынан, мұрағаттық материалдардың: # мемлекеттік мекемелер, # қоғамдық ұйымдар, # жеке тұлғалар тарапынан жасалынған үлкен үш тобына бөлінеді. Атқаратын қызметтеріне қарай бұл құжаттар нормативтік-реттеуші (заңдар, жарлықтар, қаулылар т.б.), ұйымдастыру-басшылық, ақпараттық-анықтамалық, жоспарлар, есеп беру құжатнамалары болып бөлінді.
Осы томды жазу барысында пайдаланылған КырОАК, БОАК, КазОАК, КСРО және КазКСР Жоғарғы Кеңестері қабылдаған заңдар, заң күші бар нормативтік құжаттар мекемелер мен ұйымдардың мәртебелерін, құқықтары мен міндеттерін анықтауға, құрылымы мен қызметтік құзыретінің шектерін белгілеуге негіз болды. РК(б)П - БК(б)П - КОКП Орталық Комитеті мен оның Қазақстандағы комитеттерінің қаулылары мен шешімдері белгілі бір міндеттерді шешуде олардың Пленумдарының, мәжілістері мен съездерінің нұсқауларымен бірдей басшылыққа алынып, Коммунистік партияның билігін жан-жақты нығайтуды мақсат етті. Ірі саяси-шаруашылық қайта құруларды және іс-шараларды (мысалға, жер-су реформалары, байларды тәркілеу т.б.) жүзеге асырар алдында биліктің барлық үш тармағының - БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің, Қазақ Орталық Атқару комитетінің (ҚазОАК) және республика Халық Комиссарлары Кеңесінің (кейіннен - Қазақстан Компартиясы OK, КазКСР Жоғарғы Кеңесі және Министрлер Кеңесі) біріккен қаулылары қабылданды. Орталық билік пен басқару органдарының ресми құжаттарынан кейін кәсіподақтардың, комсомолдың, бүкілқазақстандық ерікті қоғамдық ұйымдардың басшылығының қабылдаған қаулылары деректемелердің екінші үлкен тобын құрады.
Қазақстан тарихы академиялық басылымының бүкіл тарихында алғаш рет жеке адамдар қалдырған деректер - мұрағаттық жеке істер материалдары, анықтамалар, хаттар, өтініш-арыздар, мемуарлар, естеліктер және басқалар кеңінен қолданыс тапты. Ғылыми айналымға алғаш рет енгізілген, оның ішінде бұрынғы жабық қорлар мен арнаулы қоймаларда сақталған тұлғалар туралы материалдар сөзсіз қызығушылық тудырады. Мұрағаттық қорлардан алынған деректердің көрсеткеніндей, егер елдің жоғары басшылығының нұсқау құжаттары төменгі органдарға өзгеріссіз жетіп отырған болса, ал төменнен жоғарыға жолданған құжаттар формасы мен мазмұны жағынан айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырған.
Жергілікті ұйымдардан басшы партиялық-кеңестік органдарға жіберілген кұжаттардың басым бөлігі әр денгейдегі басқару аппараттарында биліктің қалауынша қайтадан өңделді, соның салдарынан онда берілген деректер мен оқиғалардың мазмұны өзгеріп, басқаша бағаланды. Шаруашылық пен мекеме және ұйымдардың жұмысы туралы ақпараттар мен есептер уездік (кейіннен аудандық, округтік) басшылық аппаратында сұрыпталып, жүйеленді, қажетінше тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Уездерден түскен құжаттаргуберниялық (облыстық) денгейде партиялық тұрғыда қатаң тексеріліп, жинақталды. Құжаттарға қатысты мұндай айла-әрекет басшылықтың ең жоғарғы органдарында - республикалық партия, кеңес органдарында және Қазақстан үкіметінде жүзеге асырылды. Бұл әрекеттер саяси конъюнктураның айтуымен жасалды. Тарихи деректеме болуға тиісті құжаттарда көптеген өмір шындықтары көрініс таппады, олар социалистік және коммунистік еңбек майданынан жолданған бір сарынды асыра орындау секілді мәлімдемелерге ұқсады. Қағаз беттерінде сан мәрте тексерілген, Коммунистік партияның басшылық қызметін көрсетуге барынша тиімді деректер ғана қалдырылды. Және осыған орай мәңгілікке сақтау мұрағаттарының қорларына Компартия басшылығын, оның тек алдыға және биікке қарай қадам басқан жасампаздық ісін куәландыруға оңтайлы саяси мәнді құжаттар алынды. Партия идеологиясы мен саясатына кайшы келетін куәліктер мұрағаттарда сақтауға қабылданбады, ал сирек жағдайда қабылданған мұндай құжаттарға Кұпия белгісі соғылып, олар жабық қорлар мен арнаулы қоймаларда сақталды. Сөйтіп тарихи маңызды құжаттардың ауқымды бөлігі қоғамнан және коммунистердің өздерінен де жасырын ұсталды.
Мұрағаттық сақтауларға негізінен орыс тіліндегі құжаттар қабылданды. Мәселен, бұрынғы республикалық партиялық мұрағатта -- Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы институтының Партиялық мұрағат қорларында қазақ тіліндегі құжаттардын үлесі 3-5%-дан асқан жоқ.
Қазақстан тарихы бойынша деректемелердің ендігі бір үлкен тобы кеңестік кезеңнің баспасөз жарияланымдарынан тұрады. Қазақстанда 20-жылдары жарық көрген алғашқы құжаттық-деректі басылымдар РК(б)П Жарғысы, бағдарламалық құжаттары, жекелеген нұсқаулары, Кеңес үкіметінің декреттері болды. Орыс және қазақ тілдерінде басылған, үгіт-насихат мақсатында тұрғындар арасында кеңінен таратылған бұл кітаптар мен кітапшалар мұрағаттар мен кітапханалар қорларынан да мол орын алды. Қазіргі кезде зерттеушілер неғұрлым жиі кездесетін, социалистік жаңғырту барысында басшылыққа алынған материалдар жарияланатын баспасөз басылымдарын, атап айтқанда, РК(б)П Кыробкомы мен БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бекіткен қаулыларды, нұсқауларды, ережелерді, партия съездері, конференциялары мен пленумдар шешімдерін [2] жиі пайдаланады. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф. Голощекиннің [3]. және оның ізбасарларының сөздері мен баяндамаларының жинақтары жиі және үлкен таралыммен басылып отырды. Қазақ АКСР-і Кеңестерінін съездері мен Қазақ Орталық Атқару комитеті (КазОАК) сессияларының стенограммаларында, қабылдаған қаулы-қарарларында құнды мәліметтер кездеседі. Одан кейінгі жылдары нұсқаулық сипаттағы құжаттарға қосымша ретінде заң жинақтары, ақпараттық-анықтамалық, статистикалық және талдау тұрғысындағы материалдар кең көлемде жарияланып отырды. Кеңестік кезеңдегі тарихи құжаттардың алғашқы жинақтарының жарық көруі Тұрар Рысқұловтын есімімен байланысты. Т. Рысқұлов дайындаған ТүркістандағыРК(б)П мүсбюросы (Ташкент, 1922), Революция және Түркістанның байырғы тұрғындары (Ташкент, 1925) жинақтарындағы деректердің басым көпшілігі Қазақстанның оңтүстігіндегі тарихи оқиғаларға [4]. арналған. Кітаптарда суреттелген оқиғаларға тікелей қатысқан адамдардын өздері жинаған құжаттар мен материалдар, салыстырмалы түрде объективті ақпарат береді және сондықтан да бұл жинақтар кеңес кезеңіндегі отандық деректанудың бүкіл барысындағы құнды дүниелер болып табылады.
Қазақ тіліндегі алғашқы археографиялық басылым 1925 жылы Орынборда жарық көрді. Ол Қазақ зиялы қауымының бірінші Құрылтай жиналысы деп аталды және 1924 жылдың 12-18 маусымында өткен аталмыш Құрылтайдын стенографиялық есебі ретінде шықты.[5]. Осы кітаптың арқасында, бүгінгі оқырмандар А. Байтұрсыновтың, Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтын, X. Досмұхамедовтің, Е. Омаровтың, Н. Төрекұловтың, И. Арабаевтын, М. Мурзиннің және басқалардың ұлттық мәдениеттің, ғылымның, әдебиет пен өнердің даму жолдары, қазақ тілі, оқу-ағарту бағдарламалары мен оқулықтар жөніндегі көзқарастарын түпнұсқалық деректерден оқып зерттеуге мүмкіндік алды.
Сәкен Сейфуллин Тар жол, тайғак кешу романымен (Қызылорда, 1927) қазақ мемуарлық әдебиетінің негізін салды. Сәкен Сейфуллин өзінің жеке бақылау-бағамдауына және нақтылы сенімді деректерге сүйене отырып, тарихи оқиғалардың және революция мен Азамат соғысына тікелей қатысушы жүздеген адамдар тағдырының ауыртпалықты жолын суреттеген.[6]. Автордың деректер мен оқиғаларды бейнелеудегі айқын саяси ұстанымдары және қарама-қарсы лагерьлердегі адамдар әрекеттеріне баға берудегі таптық көзқарастарына қарамастан, Сәкен Сейфуллиннің шығармасы 1916-1919 жылдардағы Қазақстан тарихы бойынша күні бүгінге дейін ең жиі пайдаланылатын деректеме болып табылады.
Осы жылдары қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының тарихы, атап айтқанда, Алаш қозғалысы жайындағы алғашқы басылымдар, оның ішінде құжатты-деректі жинақтар жарық көрді. 1927 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің (Казкрайком) саяси тапсырысы бойынша А.П. Бочагов жинаған құжаттар кешені идеологиялық тұрғыдан жарамсыз деп танылды. Ол кездегі алға қойылған саяси міндет бойынша, Қазақстандағы Компартияның басты қарсыласы Алаш қозғалысының толық талқандалғанына куәлік ететін нақты деректерді тандап алу керек болатын.
Алашорда мен Алаш партиясынын құжаттарын жариялай отырып, А. Бочагов қажетті деректерді таңдап ала алмады, оларға тиісінше талдау жүргізіп, таптық баға беруде осалдық танытты. Мұны Н. Мартыненко да орындай алмады, оның Алашорда жинағы (1929), республиканың идеологиялық басшылығының көзқарасы бойынша, Алаш идеяларын сынаудың орнына оны көбірек насихаттаған болып шықты.[7].
Кейіннен, 1935 жылы бұл жағымсыз оқиға, С. Брайнин мен Ш. Шафироның Алашорда тарихының очерктері кітабынын жарық көруіне байланысты тағы да қайталанды. 1935 жылғы 15 сәуірдегі БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бюросы, олардың өз кітаптарына қосымша ретінде енгізген құжаттары объективті түрде контрреволюциялық алашордалық ұлтшылдық идеологияның насихаты болып шыққан деп тапты [8]. және кітапты айналымнан алып тастау, ал авторлар мен баспагерлерді қатаң жазалау туралы шешім қабылдады. Бұл Коммунистік партия идеологтерінің Алаштың талқандалуын құжаттық-дерек жинақтар арқылы негіздеуге тырысқан соңғы әрекеті болды. Бұдан кейінгі кеңестік кезеңде тек жекелеген құжаттарды және олардың үзінділерін, міндетті түрде берілетін таптық сипаттагы түсініктемемен бірге жариялау жолымен Алаш қозғалысына қара күйе жағылып отырды.
Жоғарыда аталған құжаттык-деректі үш жинақтағы деректемелер 80-жылдардың соңына дейін ғылыми зерттеулерден сырт қалдырылды. Бұл кітаптардағы материалдар, әсіресе Алашорданың жетекшілері мен белсенді қызметкерлерінің, сондай-ақ Алаш партиясы мүшелерінің тізімі жарияланған Н. Мартыненконың жинағы өз кезінде, 1929 -- 1931 және 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңінде қазақ зиялыларының таңдаулы өкілдерін қуғындау әрекетінде НКВД үшін таптырмайтын негіз болды.[9].
30-жылдары бірінші кезекте партиялық-идеологиялық мазмұндағы құжаттық жинақтар басылды.[10]. Алайда сол кезде, барлық археографиялық ережелер бойынша, Кеңестердің алғашқы қазақстандық съездерінің мұрағаттық материалдар жинақтарының жариялануы отандық деректанудағы елеулі түрде алға басушылықтың көрінісі болып табылды.[11]. Қазақстан Жазушылар одағы бірінші съезінің қазақ тіліндегі стенограммаларының жарық көруі соғысқа дейінгі жылдардағы мәдени өмірдің елеулі жетістігі еді.[12]. Естеліктерді жинау мен жариялау ісін ұйымдастыруда да алға жылжу байқалды.[13]. Бұл жұмыстар кейінгі жылдары да, әсіресе әскери-патриоттық тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітапшалар [14]. басылып шыққан Отан соғысы жылдарында жалғасын тапты.
Соғыстан кейінгі жылдары құжаттық-деректі басылымдар тақырып жағынан айтарлықтай кеңейе түсті. Бірінші кезекте 1941 -- 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы мүмкін болған барлық деректерді мақсатты түрде іздеу және жүйелеу жұмыстары басталды. Мұрағатшылармен және тарихшылармен бірлікте тер төге жасалған жұмыстардың нәтижесінде, өздерінің шығу тегі жағынан әр алуан дерек көздерге - мұрағат құжаттарына, майдан мен тылдан жолданған хаттарға, мерзімді басылымдар материалдарына, естеліктерге және басқаларға негізделген жинақтар жарық көрді.[15]. Соғыстың соңында КСРО-ның жоғары ерекшелік белгілерімен марапатталған жауынгерлер туралы алғаш рет жиналған мәліметтері бар Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары жинағы басылып шықты.
Тарихи құжаттарды жариялау ісінде қалыптасқан дәстүрге сай, қоғамды социалистік қайта құрудағы КОКП мен Қазақстан Компартиясының жетекшілік рөлін насихаттауға басты назар аударылды.[16]. Қазақстанның тарихи жеңістерін Дүние жүзі пролетариатының көсемі В.И. Лениннің есімімен байланыстырған құжаттар мен естеліктердің үлкен кешені жарық көрді.[17].
Кеңестік кезеңде Қазан социалистік революциясының тарихы туралы, оның ішінде деректанушылық тұрғыдағы жарияланымдар бірінші кезекке қойылды. Сондықтан тарихи құжаттарды жариялаушы қазақстандықтар Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап коммунистік жүйенің соңғы күндеріне дейінгі тақырып ауқымын қамтыды. Ол кезде аса өзекті деп саналған бұл тақырыптағы құжаттық жинақтар адамдар санасында Қазақстанда жүргізіліп отырған лениндік ұлт саясатының әділдігі және Қазақстанның мемлекеттік құрылымы халықтардың өз тағдырын өзі шешу және өзін-өзі билеу құқықтарына толық жауап беретіндігі туралы сенімді орнықтыруы тиіс болды.[18]. Осындай тұрғыдан іріктелген құжаттар мемлекеттік құрылыстың барлық салаларындағы бұрын болып көрмеген жетістіктер мен женістердің, индустрияны дамытудағы табыстардың,[19]. ауыл шаруашылығын реформалаудың,[20]. мәдени төңкерісті жүзеге асырудың [21]. көрнекі негіздемесі ретінде пайдаланылуы қажет болды. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі жөніндегі мұрағаттық құжаттар жинағы жарық көрді.[22].
Қазақстандық кеңес тарихының жеке тұлғалар жөніндегі алғашқы басылымдары қатарында А.В. Затаевич, Ә. Жангелдин және А. Имановтың құжаттар мен материалдар жинақтары[23]. жарияланды. Олардан кейін іле-шала революционерлер және Коммунистік партияның қайраткерлері туралы бірқатар құжаттық жарияланымдар басылды.[24]. Мұндай жинақтарды шығару үшін Қазақстан КП ОК-ның келісімі алынды. Сондықтан 80-жылдары тек Т. Рысқұлов пен А. Иманов туралы деректер ғана жарияланды.[25].
50-жылдардың екінші жартысынан бастап, қазақ әдебиетінің ақталған классиктері Сәкен Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров және басқалардың отызыншы жылдары тыйым салынған шығармаларынын жарық көруімен қатар, қазақстандық формасы жағынан ұлттық, мазмұны жөнінен сониалистік мәдениеттің дамуы туралы деректер де жариялана бастады. Сониалистік жаңару шараларына қатысушылардың естеліктерін ғылыми мақсатқа пайдалану отандық деректанудың маңызды бөлігі ретінде саналды.[26].
Қоғамдық-саяси сипаттағы естеліктермен бірге, өткен жылдардың рухани өмірінің шынайы суретін бейнелеуге көмектесетін, мәдениет қайраткерлерінің естеліктері де көптеп жариялана бастады.[27]. Қазақстандық тарих ғылымының артта қалушылығы мен деректік негізінің зиян шеккендігі әсіресе Сталиннің жеке басына табыну әшкереленгеннен кейін айқын болды. Тарихи зерттеулердің деректік негізінің әлсіздігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Мәдени мұра бағдарламасы және ұлттық мұрағат қорын толықтыру мәселелері
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Адамзат тарихының күре тамыры – мәдениет
Қазіргі кезеңдегі Қазақ-Қытай қарым-қатынастары
Археология ғылымы
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Қазақ халқының шежірешілік дәстүрі
Қытайтану (синология) жайлы
Пәндер