Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану


АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Осыған байланысты оқушылар шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілуі тиіс. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт студенттеріне қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары;

  • жағымды психологиялық орта жасау;
  • оқушының тіл үйренуге деген қызығушылығын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;
  • ақпараттық -коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
  • ақпараттық-коммуникативтік технолгиялармен орындалатын жұмыстардың проблемалық болуы;
  • проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге үйрету;
  • кез-келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешуге бейімдеу;
  • өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;
  • пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
  • өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен орындауға үйрету;
  • оқушылардың өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде - оқытудың жаңа моделін құруға жол ашып отыр.

Ақпараттық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда -оқушы өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, оқушының өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады. Сондықтан сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі сабақтарға әзірлемелер дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық болатыны анық. . Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару - қазақша сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, оқушылардың ойлау қызметін белсендіреді.

Тіл үйрену қабілеті төмен студенттердің өзі де компьютерден берілген тапсырмалар арқылы сөйлеуге, ойын қазақша жеткізуге тырысады. Қазақ тілін үйретуде интернеттің мүмкіндігіне тоқтайтын болсақ, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология - оқу орындарында білім жетілдіруші құрал Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату- бүгінгі күннің басты талабы болып саналады. Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде қарастырылуда.

Қазіргі уақытта біздің қоғамымыз дамудың жаңа ақпараттық кезеңіне қадам басып келеді, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кеңінен еніп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттандыру жағдайында меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп келеді. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. Сондықтан да білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты болып саналады. Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды, ол жас ұрпақтың шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.

Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық тех-нологияларды кеңінен пайдалану-жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі делінген. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білуі- бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі- жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте, колледжде, жоғарғы оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны,

Ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу мен жазуды меңгеру қажеттілігі сияқты қажетті шартқа айналуы қажет.

Елбасымыз «Қазіргі таңда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп атап көрсеткеніндей жас ұрпаққа білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемді қолдану маңызды. Осыған сай ақпараттық технологиямен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді және бұл әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Соның бірі электрондық оқыту жүйесі. Бұл жүйеде оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер оқытушы мен студент арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (көрме, графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің кәсіптік бейімделудің психологиялық ерекшеліктері
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері
Технологияның артықшылықтары
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Ағылшын тілін оқыту технологиялары
Ақпараттық технологиялардың пайдалану ерекшеліктері
Ақпараттық технология бойынша сабақ өткізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz