Тігу технологиясы


Бет
1. Жалпы бөлім . . .
1. 1 Кіріспе . . .
1. 2 Тақырыптың маңыздылығы, құндылықтар мен мәселелер . . .
2. Модельдеу бөлімі . . .
2. 1 Эскиздік жоба . . .
2. 2 Бұйымның сыртқы көрінісі . . .
3. Мата таңдау бөлімі . . .
3. 1Матаны таңдау және негіздеу . . .
4. Жабдықтарды таңдау бөлімі . . .
5. Құрастыру бөлімі . . .
5. 1Бұйымның базалық конструкциясының есебі, жетекші өлшем нышандары.
5. 2Лекало, градация, техникалық өлшем табелі . . .
6. Технологиялық бөлім . . .
6. 1Түйінді өңдеу . . .
6. 2Бұйымды дайындаудың технологиялық бірізділігі . . .
7. Экономикалық бөлім . . .
7. 1Өндіріс экономикасы . . .
7. 2Мата, уақ. - түйек шығындары . . .
7. 3Бұйымды бағалау . . .
8. Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік шаралары (ережелері, өрт қауіпсіздігі) . . .
9. Экологиялық бөлім
10. Қорытынды . . .
11. Пайдаланылған құжаттар мен оқулықтар тізімі . . .
1. Жалпы бөлім
1. 1. Кіріспе
Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер.
Кәсіпорынның өндірістік іскерлігін нақты жобалау және басқару көбінесе өндірістің конструкторлық және технологиялық дайындығымен анықталады.
Конструкторлық дайындық мәселесіне модель коллекциясын таңдау, жаңа модельдер жасап шығару бірізділігін жоспарлау, олардың конструкциясын жобалау, еңбек күшін, рентабельділігін және жоспарлы өзіндік құнын есептеу кіреді.
Технологиялық дайындыққа инженерлік қамтамасыздандыру, әрбір нақты модельдің немесе модель сериясын материалдармен, қажетті түсті гаммалы және белгілі бір артикулды фурнитурамен комплектеу, модельдер жіберу бірізділігін жоспарлау, бар жабдықтарды ескере отырып, технологиялық үдерістерді жобалау.
Өндірістегі конструкторлық дайындық құрамына төрт маман топтары: модельдеу, конструкторлеу, технологиялық және нормалауға кіретін көркемдік - конструкторлық бюромен жүзеге асырылады.
Тігін өндірісінде киім дайындағанда әртүрлі құрылымы мен қасиеттері арқылы ерекшеленетін материалдар таңдалады. Материалдарды дұрыс таңдау ол киімнің сапасын, сыртқы түрін, пішімін және тозуға, еңбек төзімділігін анықтайды. Текстильді материалдарды таңдағанда тек қана бөлік қасиеттерінің сипаттамасымен ғана тоқталып қоймай, материалдарды эксплуатациялау кезіндегі мінезін анықтайтын комплексті бағалауды, киімді дайындаған кездегі модельдік ерекшеліктерін, құрастырылуын және технологиясын қарау қажет.
Тігін өнідірісі халықты сәнді әрі ұнамды киіммен қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да оларға қойылатын талаптары болады. Негізінен тігін өндірісінде рационалды және жоғарғы дәлдіктегі конструкцияны талап ететін бұйым формасын қалыптастыру қажет. Соған байланысты тігін бұйымының экономикалығында өңдеу уақытын, модельдің конструкциясы мен технологиясында мата шығынын және өндіріс шығынын қадағалауды қажет етеді. Сонымен қатар тігін бұйымының сапа деңгейі тұтыну және өндірістік талабына сай ең жоғарғы категория деңгейін көрсетуі керек. Тігін өндірісі бұйымды ең алдымен сол сезондағы сән бағытына сәйкес етіп жасауы керек, бірақ сән тек бұйым силуэтіне байланысты емес, ол маталар түс және фактурасының сән тенденциясына сәйкес келуі керек.
Тігін өнімі үшін оңтайлы материалды таңдау және оларды тігін өндірісінде рационалды пайдалану тек қазіргі заманғы матаны және олардың сапасының бағалау әдістері негізінде болу керек.
Тігін өндірісі саласының техникалық жабдықталынуы бүгінде қарқынды жүргізілу үстінде. Автоматты және компьютермен басқарылатын соңғы үлгідегі машиналарда физико-химиялық өңдеу әдісі, ылғалды жылу, престеу сияқты әдістері бір машинада орнатылған және осы машиналар сапалы өнімді алуға мүмкіндік береді. Біздің Отандық жіберушілер мұндай соңғы үлгідегі жабдықтарды шетелден алып келеді.
Халықтың сұранысын қанағаттандыру және көркемділік құндылығын, талғамын шеше білу үшін ассортимент түрлеріне көп көңіл бөлу қажет. Киілген киім адам үстінде алдымен қонымды әрі қолайлы болу керек, сосын адамның ажарын ашып, дене сұлулығы мен сымбаттылығын айқындап, адамға рухани және моральдік жағынан дем беруі тиіс. Сондықтан бұйымның өзіне матаны тиімді қолдануға мүмкіндік беріп, шығындарды азайтып, жоғары сапалылығымен қамтамасыз ететін кең технологияларды қолдану қажет.
Қазақстан Республикасының халық жағдайын жақсарту ең негізгі мақсаттардың бірі. Жеңіл өнеркәсіптерді дамытудың халық жағдайын жақсартуға зор ықпалын тигізеді.
Жалпы жеңіл өнеркәсіптің негізгі мақсаты қазіргі заманғы халықтың талаптарын қанағаттандыратын, соңғы сән бағытына сай, сапалы өнім шығару.
Қазіргі күнде Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған елдердің қатарында. Еліміздің экономикасының дамуына байланысты көптеген бәсекеге қабілетті тауарлар шығарылуда.
Қорыта келгенде тұтынушылардың киімге деген сұранысын қанағаттандыру үшін тігін өндіріс саласында шығарылатын өнім ассортиментін жақсарту және көлемін ұлғайту, жетілдірілген озық техника мен технологияда өңдеу әдістерін қолдану өндірістік шығындарды азайту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы өнім сапасын жоғарлату қажет.
1. 2. Тақырыптың маңыздылығы, құндылықтар мен мәселелер
Қазақ халқының киімдерінде халықтың шығу тарихы, экономикалық, әлеуметтік және климаттық жағдайлары бейнеленген ертедегі салт-дәстүрлері көрініс тапқан.
«Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі» деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сипат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.
Қазақтарда киімдер бірнеше топқа бөлінеді:
1. Әлеуметтік дәрежесіне қарай.
2. Жас ерекшеліктеріне қарай.
3. Жөн - жорағылға сәйкес.
4. Бір киер киімдер.
5. Діни киімдер.
Ұлттық киімдер қызметіне қарай іштік киімдер, сыртқы киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киідері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер болып бөлінеді.
Қазақша көйлек - әйелдер киімі. Түсі ашық жақсы маталардан тігіледі. Ертедегі көйлектер тік жағалы, жеңді әрі ұзын болған. Етегінен жоғары бір немесе екі қатар бүрмелеп қосымша маталар тігіледі. Мұндай көйлекті желбіршек көйлек немесе қос етек көйлек дейді. Көйлек - әйел қауымының бұйрықты киімі.
Бұл көйлектер түрлі жібек, креп- сәтен, органзы, креп - шифон маталарынан тігілген, баулармен, моншақпен, стразбен, жылтырақ түймелермен, шыны моншақтармен, ызбамен және алтын қамқамен өңделген. Әшекейлері жапсырма, біз кесте, тығыз кесте, ришелье, аралас техника тәсілдерімен кестеленген.
Қазақ әйелдері мен қыздарының ұлттық көйлектері аса бай әшекейленеді. Ұлттық көйлектер жібек, креп-сәтен, органзы, креп-шифон маталарынан тігіледі. Көйлектер белінен бөлінеді де белі резеңкемен жаналады. Белдемшесі төрт қиықты және толық шеңбер немесе жарты шеңбер пішінді болуы мүмкін.
Әдетте белдемше етегін айналдыра бір немесе бірқатар қиықты желбірлер тігіледі. Желбір ені жиілігіне және санына байланысты өзгереді. Кей түрлерінде белдемше қиықтарына қосымша қиықтар қосылуы мүмкін. Осындай қосымшалар бұрыштан басталып екіге айырылады, гофре немесе плиссе техникалары арқылы орындалады. Белдемше етегі ызбамен, жиектікпен, алтын немесе күміс шашақтармен әшекейленеді, желбірлері бұрымды жиектікпен жиектеледі. Көйлектің омыраушасы шағын көлемді болып келеді. Жағалары мойын түбінен дөңгелене ойылған болуы мүмкін. Сондай-ақ қайырма жазық жағалы, тіктеме жағалы да болады. Көйлек омыраушасының түймелігі артқы бойдың орта тігісіне түсірілетін сыдырма арқылы немесе түймелі ілгекпен бекітіледі. Мойын ойындысы желбірлермен, алтын және күміс қамқамен әшекейленіп, біз кестелеу арқылы өсімдік тектес және аралас ою-өрнек түрлерімен кестеленуі де мүмкін. Қондырма жеңінің көлемдері әр түрлі, мысалы, жең тардан басталып желбірлі, желбіршекті қатарларымен жең аузына қарай кеңітіледі немесе қаттамаға бүрмеленіп жинақталады. Көйлектер трапеция тәрізді силуэтті болып келуі мүмкін. Ертеде осындай пішінді көйлектерді төре тұқымының әйелдері киген.
Қазақ халқының әйелдер киімдерінің силуэті, пішімі және әшекейлеу ұқсас болғанымен, материал таңдауына, түр-түстер үйлесімділігіне және пропорцияларының әр түрлілігіне қарай айырмашылықтары болады. Бұл Қазақстанның кейбір аймақтарында қолөнер дәстүрлерінің ертедегі пішіндерінің ұзақ сақталуымен де түсіндіріледі. Әр аймақтың өзіне тән ерекшелігіне байланысты.
Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, жаға - жеңі, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келеді. Келіншектер ашық маталардан, бүрмелермен әшекейлі кестеленген көйлектерді кимейтін. Бірақ жас келіншектерге көйлек сыртынан тығыз матадан тігілген, құнды әшекейленген көкірекшені киюге рұқсат етілетін.
Қыздар киімі алтын және күміс жіптермен, майда моншақтармен әшекейленген жиектерімен, сондай-ақ алтыннан, күмістен жасалған салпыншақтарымен, қымбат және жартылай қымбат тастардан тұратын әшекейлерімен, үкі тағылған бас киімдерімен ерекшеленеді. Қыздардың көйлегі айрықша көз тартарлықтай етіп дайындалған. Өте жеңіл, ұзын көйлектердің етектерін, жеңдер аузын жағалай, жағаларын айналдыра желбіршектер салынған. Өте әдемі көрінетін көйлектері жұқа жібекпен әрленген. Қыздар мойнының әсемдігін одан сайын әдемі көрсету мақсатында көйлектің жағасы аса нәзік талғаммен қондырылған.
Күнделікті көйлек - өте жұқа матадан дайындалған, етегі ағындатылған, белінің қою бүрмесі бар көйлек. Жеңі ұзын, ол да бүрмеленген. Еркін жататын дөңгелек жағалы.
Қазақ халқының киімдерін зерттеген белгілі зерттеуші Р. Ходжаеваның айтуы бойынша жоғарыда сипатталған көйлектер XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Ал, одан ертеректе қазақ әйелдері ерлер жидесі сияқты, бірақ одан ұзындау және кең пішімді көйлектер киген.
Халық киімдері қоршаған орта, тұрмыс жағдайлары, климаты әсерімен, сондай-ақ, көшпелі халықтың талап-сұраныстары (мысалы, ерте қимылдамай ұзақ отыру қажеттігі және т. с. с. ) есебінде дамып қалыптасты.
Қазақ халқының дәстүрлі киімдері де басқа халықтардың киім түрлері сияқты ерлер, әйелдер және балалар, сыртқы, маусымдық, мерекелік және күнделікті киімдер болып бөлінеді.
Ұлттық киімнің қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени - тарихы өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені, ұлттық киім - ұрпақтан - ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.
Киімді құрастырмас бұрын, сәнді үлгі жинағынан керекті үлгідегі киімдермен танысып, матаға, киетін адамның жас мөлшеріне және сол киім қандай орынға арналғанын ойланып Сіздерге осы киімді ұсынып отырмын .
2. Модельдеу бөлімі
2. 1Эскиздік жоба
Эскиздік жобаға рационалды ассортимент сериясын және өндірістік киім коллекциясының моделін жасауда компазиция мен конструкторлық бұйым жобалауындағы дайындалған макет жатады.
Эскиздік жобаның кезеңі, сондай-ақ тәжірибелі конструкторлық жұмыс негізгі принцип бойынша жан-жақты орындалады және тұратын жері, болашақта бұйыммен жұмыс жасау жолы анықталған, оны эскиздік жобаны өңдеу деп аталады.
Жобадағы эскиздік бөліктерді жасауда, келер жылдағы сән бағытына байланысты материалдар қолданылады. Эскиздік жобаны өңдеу 3 этаптан тұрады. Олар:
1. Композициялық және конструкторлық өңдеу жұмысының нұсқасы;
2. Модель үлгісі, бұйым макетін немесе бұйым бөлшектерін сынау;
3. Принцип бойынша анықтап алу.
Материалды таңдауда және моделдік қатарына байланысты 2 негізгі шешім қабылданады: бұйым формасы, материал және түстік шешім.
2. 2 Бұйымның сыртқы көрінісі
Ұлттық нақышта оюланып бисерленген қазақша көйлек(2 - сурет) .
Көйлектің үсті қамзолға ұқсас. Үстіңгі бөліктің алды екі бөліктен тұрады: сыртқы ( өсімдіктектес оюмен қиғашталып бисерленген кеуде бөлігі және бұл бөлік негізгі матадан өңір әдіппен өңделіп бүйір жақ бөлікпен біріктіріліп артқы бөліктін жан қиығымен тігілген), екінші ішкі бөлік (алдыңғы бойдың орта кеуде бөлігі бүйір жақ бөлікпен тігіліп, сыртқы бүйір жақ бөлігімен және артқы бөліктін жан қиығымен бірге тігілген ) .
Көйлектің үстіңгі артқы бөлігі орта тігісті, сырып тігілген және айыра үтіктелініп торланған, артқы бойдың бүйір жақ бөлігімен тігіліп жатқыза үтіктелінген, торланған.
Жеңсіз бұйым болғандықтан қолтық ойындысы әдіппен өңделген.
Мойын ойындысы жөрмеу тігіспен мойын ойындысы әдібімен өңделінген.
Көйлектің үсті белдікпен қосылып баскамен жалғасады. Баскада өсімдік- тектес оюмен қиғашталып бисерленген, астарланып белдікке тігілген.
Көйлек етегі жартылай күн белдемше, ұзындығы тобыққа дейін.
Ұсынылатын өлшем:42
3. Мата таңдау бөлімі
3. 1Матаны таңдау және негіздеу
Тігін бұйымдарын өндіруде алуан түрлі материалдар қолданылады. Қолданылатын материалдардың құрылымын талдау мен қасиеттерін бағалау киімді конструкциялау мәселелерін оң шешуге, тігін бұйымдарының конструкциясын, киім тігудің технологиялық әдістері мен ылғалдық - жылулық өңдеудің рационалды режимін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұйымға қажетті материалды дұрыс таңдай білу өз алдына бөлек мәселе: негізгі материалдар, астар, астарлық, бекіткіш, әрлеуіш материал, сондай-ақ шытыра (фурнитура) . Материалдар әр дайым бір-біріне сай келуі керек. Бұл бұйымның сыртқы түрінің әдемілігін, қажетті пішінін, төзімділігі мен ыңғайлылығын, оңай күтім жасалуын, яғни тігін бұйымының жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Киім өндіру оған қажетті материалды таңдаудан басталады. Негізгі сыртқы материалды таңдағанда екі мәселе шешіледі. Бір жағынан материалдың алуан түрлі ассортиментінен көркем бейнеге, сұлбаға, үлгінің пластикалық пішініне, жоғары қабаттың фактурасына, түр-түсіне сай келетіндей материал таңдалынады. Материалдың талшықтық құрамы, өрімі, әрлену сипаты, қалыңдығы, қаттылығы, түсі, жылтырлығы сияқты қасиеттерін назарда ұстаған жөн.
Материалдардың қасиеттері оларды құрайтын талшықтардың қасиеттеріне, олардың құрылысы мен әрлеу сипатына байланысты.
Материалдың құрылысын білу, олардың қасиеттерін анықтау ассортиментті білу, сапасын бағалау - жоғары сапалы киімді жоспарлау, өндірудің, өңдеу әдістерін дұрыс таңдаудың, тігін бұйымдарын өндіру процесінде материалды өңдеу тәртібін белгілеудің қажетті шарттары.
Мата - өзара перпендикуляр орналасқан жіптердің екі жүйесімен - матада тігінен орналасқан негіздік және көлденең орналасқан арқаулық, түзілген көпбұрышты және шаршы ұяшықтардан тұратын торлы кеңістік. Негізгі және арқаулық өрімнің түрлі реттілігімен матада алуан түрлі өрнектер түзіледі. Негіз бен арқаулық жіптер матаның оң беті мен теріс бетінде бірін - бірі орай орналасады немесе бірден бірнеше жіпті жабады. Өрім матаның сыртқы түріне әсер етіп қоймай, оның қасиеттерін де өзгертеді. Жіптер жиі қиылысқан сайын, олардың байланысуы артып, матаның құрылымы қатқылдана береді және беріктігі артады.
1 - кесте . Тоқыма өрімдерін топтастыру
Негізгі мата. Атластық (сәтендік) өрімде матаның жоғары қабатты тегіс, негіз бен арқаулық жіптердің сирек өрімделуі салдарынан жылтырлығы жоғары. Атластық өрімнің оң беті негіздік жіптердің төсемінен тұрады. Әрбір негіздік жіп раппортта арқаулық жіптің астынан бір рет өткізіледі. Атластық өрім уR=ax теңдеуіне сәйкес келеді. Атластық өрімнің R раппорты 5-тен кіші бола алмайды.
Атластық өрім құрғанда бұрыштық коэффициент пен жіптердің жылжуы төмен болады: 1<a<(R - 1) .
Сәтен және атластық өрім маталары тығыздығының жоғарылығымен сипатталады: біреулері - арқаулық бойынша, екіншілері - негіз бойынша. Матаның оң бетіндегі жіптің тығыздығы үлкен, яғни сәтенде - арқаулық жіптер, атласта - негіз жіптері. Сол себепті матаның оң бетінде матаға жылтырлық беретін ұзын айқасулардан жасалған тығыз төсем түзеледі, матаның теріс беті мұндай тегіс, жылтыр болмайды. Бұл маталар үйкеліске төзімді, жұмсақ, эластикті, сусымалы.
Атластық өрім туындылары - күшейтілген сәтен (күшейтілген арқаулық атлас) .
Атластық өрім туындыларына күшейтілген сәтен (күшейтілген арқаулық атлас) жатады. Әрбір негіздік айқасуларға тағы бір немесе қосымша айқасулар қосылады. Осындай құрылымда арқаулық жіптер жақсы бекітіледі.
Атлас матасының беті жылтыр, жібек, жүн немесе зығырлық мата боп келеді. Орта ғасырлардан бері атлас матасын сәндік және мерекелік кештер үшін пайдаланған. Атлас матаның шеті ширатылады, ілмектегі жіп үзілгенде ілмектік бағанның бағыты бойынша тарқатылады.
Капрон синтетикалық талшыққа жатады. Капрон кешенді жіп, штапельді талшық, моноталшық түрінде шығарылған. Жейделік, жеңіл көйлектік маталар өндіру үшін түр өзгертілген полиамидті талшық - шелон қолданылады.
Капронның созғылағандағы беріктігі шойыннан 2, 5 есе асып түседі. Оның талшықтары қоспалы қышқылдар мен фенолда ериді. Капронды отқа салғанда жалыны көгілдір, ұшында балқытылған қошқыл түсті шар түзіледі. Кемшілігі - гигроскоптылығы төмен, термотөзімділігі аз.
Астарлық маталар . Бұйымға астарлық мата ретінде жібек, жартылай жібек, синтетикалық және мақта маталы астарлық маталар, жұқа тегіс синтетикалық жаймалар, табиғи және жасанды үлбірлер қолданылады. Астарлық маталар - тегіс, тафталық, саржалық және атластық, астарлық жаккардты өрімдерден алынады.
Астарлық маталар негізінен саржалық өріммен өндіріледі, матаның оң бетінде негіздік жіп басым. Саржалық өрім матаның жоғары қабатына тегістік, үйкеліске төзімділік береді.
Киімге астарлық салудағы басты мақсат - бұйымның кеуде тұсына серпімділікпен тұрақтылық беру.
Олардың құрамы да әртүрлі болады: вискоза, полиэстр, араластар вискоза/мақта, полиэстр/мақта, полиэстр/штапель.
Вискоза және вискоза-ацетатты астарлық маталар комплексті жіптерден сызықтық тығыздығы 11; 13, 3; 16, 6 текс атласты, саржалық, майда өрнекті және ірі өрнекті өрімдерден дайындалады, олардың беттік тығыздығы 70-440 г/м 2 . Табиғи ауыр астарларды жылы бұйымдар, яғни пальто және қыстық костюмдерде, таза вискозадан Белоруссия мен Молдавияда шығарылады.
Аралық маталар . Тігін бұйымдарының бөлек бөлшектеріне форма беру үшін және кию кезіндегі сол форманы сақтау үшін аралық маталар қолданылады. Бұлар классикалық аралық маталар - коленкор, мақта маталы, жартылай шұғалы өңімдер; желімдік және аралас әдістермен дайындалған бейматалар - флизелин, спанбонд, прокламелин, дублерин, фильц, Сюнт, Вива, Лийва.
Дублерин - аралық мата. Негізгі бұйымның ішкі жағынан орналасып, матаның форма ұстағыш қасиеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуші мата, негізгі мата бөлшектерін қатырмалау үшін қолданылады, бұйымның формасын сақтап тұрады.
Коленкор - мақта маталы, жұқа аралық мата. Ол тегіс боялған, ағартылған. Беттік тығыздығы - 92, 97, 105 г/м 2 . Оны форма беру үшін қолданылады ( қалта бойлығына, жаға іштігі ретінде, қақпақша мен жапырақшаларды және т. б. ) .
Флизелин - аралық жайма, мақта (80%) және капроннан (20%) дайындалады, біртекті структуралы, ені 125 см, беттік тығыздығы 90-110 г/м 2 , матаның орташа қалыңдығы 0, 6 мм. Флизелиннің ерекшеліктері ол тығыздылығы, беріктілігі, ауа өткізгіштігі жоғары, гигроскопиялығы жоғары, химиялық тазалауға және ылғалды жылумен өңдеуге төзімділігі және бағасының қымбат еместігі.
Дипломдық жобада негізгі матадан атлас және капрон, астарлық матадан синтетикалық мата, аралық мата түрінен флизилин қолданылды.
Жалпы бұйымға мата таңдағаннан кейін, бұйымды бекіту, түймелеу үшін тігін жіптерін қолданамыз.
Тігін жіптерін табиғи және химиялық талшықтар мен жіптерден дайындайды. Соңғы жылдары жіптерді көбінесе химиялық талшықтар мен жіптерден дайындайды. Соған қарағанда, олар үзілу күшінің жоғарылығымен, бұйымды жуған кездегі жіптің сызықтық өлшемінің аз өзгеруімен ерекшеленгендіктен.
Жалпы бұйымның дайындалуына байланысты тігін жіптерінің классификациясы:
- Қолданылуына байланысты - киімге, аяқ киімге, әрлеп тігуге және т. б. арналған;
- Талшықтық құрамына байланысты -мақталы, шұғалы, жібек, синтетикалық, жасанды талшықтар мен жіптер;
- Жіптің түр-түсіне байланысты - бір түсті, жылтыр, ақ, қара, түрлі-түсті және т. б.
2- кестеде бұйымға қолданылған тігін жібінің, иненің сипаттамасы берілген.
Таңдап алынған жіп талшықтық құрамына байланысты синтетикалыққа жатады.
Синтетикалық талшықтардан өндірілген жіптер( капрон және лавсан) кеңінен қолданылады. Синтетикалық жіптерді өндіру төмендегі процестерден тұрады: иірмей қосу, иіру, қайнату, ағарту немесе бояу, әрлеу.
Капрон мен лавсаннан алынған жіптер үзілуге беріктігінің жоғарылығымен, үйкеліске төзімділігімен, созымталдығымен ерекшеленеді. Синтетикалық жіптердің ылғалдың әсерінен отыруы шамамен 0, 2%.
Штапельді тігіншілік жіптер - синтетикалық талшықтардан тоқылған жіптер. Олар синтетикалық талшықтардан алынған филаментті жіптермен салыстырғанда тігін машинасымен жұмыс жасауда орын алатын жылудың әсеріне төзімдірек келеді, берік, төзімді және мақта - маталық тігіншілік жіптермен салыстырғанда отырғыштығы төмен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz