Тігін тігу технологиялары


Мазмұны
Бет
Кіріспе . . .
1 Өндірістегі конструкторлық жобалау дайындығы . . .
1. 1 Техникалық тапсырма . . .
1. 2 Техникалық ұсыныс . . .
1. 2. 1 Модель аналогының композициялық шешімін талдау . . .
1. 2. 2 Модель-аналогының конструктивті шешімін талдау . . .
1. 2. 3 Модель-аналогының технологиялық шешімін талдау . . .
1. 3 Эскиздік жоба . . .
1. 3. 1 Модельдің сыртқы көрінісінің техникалық сипаттамасы . . .
1. 3. 2 Материалды таңдау және негіздеу . . .
1. 4 Техникалық жоба . . .
1. 4. 1 Бұйымның негізгі сызбасы және модельдеу конструкциясы . . .
1. 4. 2 Бұйымның сызбасын макет әдісімен тексеру . . .
1. 5 Жұмысшы жоба . . .
1. 5. 1 Киім бөлшектерінің оригинал лекалдарын құрастыру және безендіру . . .
1. 5. 2 Материал шығынын мөлшерлеу . . .
1. 5. 3 Лекало градациясы, техникалық өлшемі табелі . . .
2 Технологиялық бөлім . . .
2. 1 Өңдеу әдістерін және құрал-жабдық таңдау . . .
2. 2 Түйінді өңдеу тәртібі . . .
2. 3 Бұйымды дайындаудың технологиялық бірізділігі . . .
3 Өндіріс экономикасы . . .
4 Еңбекті қорғау . . .
5 Экологиялық бөлім . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Қазақстан Республикасының халық жағдайын жақсарту ең негізгі мақсаттардың бірі. Жеңіл өнеркәсіптерді дамытудың халық жағдайын жақсартуға зор ықпалын тигізеді.
Жалпы жеңіл өнеркәсіптің негізгі мақсаты қазіргі заманғы халықтың талаптарын қанағаттандыратын, соңғы сән бағытына сай, сапалы өнім шығару.
Қазіргі күнде Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған елдердің қатарында. Еліміздің экономикасының дамуына байланысты көптеген бәсекеге қабілетті тауарлар шығарылуда.
Кейінгі уақыттарда жобалау процесіндегі жобалаудың автоматты жүйесін, саланы басқару мен заманға сай ЭВМ жүйесін қолдану көптеген жетістіктерге жеткізуде. Дәл қазіргі уақытта ЛЕКО, САПР, «конструктор», «силует» жүйесіндегі лекалдарды тұрғызу әдісі кеңінен қолданылады. «ЛЕКО» жүйесі кез-келген біліктілікпен қажет лекалдарды тұрғызуға, «САПР» конструктор дайын лекалдарды нүкте немесе өзіндік жүйе жасау арқылы тұрғызуға, «силуэт» жүйесі технологиялық өндірістерді жылдам реттеуге арналған. САПР көмегімен тігін мамандарының білімділігі арқасында тәжірибе арқылы сауда қарқындылығын қанағаттандыруға болады.
Тігін өндірісі жеңіл өнеркәсіптің бір бөлігі болып табылады, ол киім шығару және басқа да тұрмыстық және техникалық жұмыстарға арналған материалдардан тігілетін тігін бұйымдары, трикотажды жайма, жасанды және табиғи былғары мен үлбір, жаңа конструкциядағы материалдар және де әртүрлі сәндік материалдар мен фурнитуралар шығаруда.
Тігін өндірісінде киім дайындағанда әртүрлі құрылымы мен қасиеттері арқылы ерекшеленетін материалдар таңдалады. Материалдарды дұрыс таңдау ол киімнің сапасын, сыртқы түрін, пішімін және тозуға, еңбек төзімділігін анықтайды. Текстильді материалдарды таңдағанда тек қана бөлек қасиеттерінің сипаттамасымен ғана тоқталып қоймай, материалдарды эксплуатациялау кезіндегі мінезін анықтайтын комплексті бағалауды, киімді дайындаған кездегі модельдік ерекшеліктерін, құрастырылуын және технологиясын қарау қажет.
Тігін өнідірісі халықты сәнді әрі ұнамды киіммен қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да оларға қойылатын талаптары болады. Негізінен тігін өндірісінде рационалды және жоғарғы дәлдіктегі конструкцияны талап ететін бұйым формасын қалыптастыру қажет. Соған байланысты тігін бұйымының экономикалығында өңдеу уақытын, модельдің конструкциясы мен технологиясында мата шығынын және өндіріс шығынын қадағалауды қажет етеді. Сонымен қатар тігін бұйымының сапа деңгейі тұтыну және өндірістік талабына сай ең жоғарғы категория деңгейін көрсетуі керек. Тігін өндірісі бұйымды ең алдымен сол сезондағы сән бағытына сәйкес етіп жасауы керек, бірақ сән тек бұйым силуэтіне байланысты емес, ол маталар түс және фактурасының сән тенденциясына сәйкес келуі керек.
Тігін өнімі үшін оңтайлы материалды таңдау және оларды тігін өндірісінде рационалды пайдалану тек қазіргі заманғы матаны және жайсаны, олардың сапасының бағалау әдістері негізінде болу керек.
Тігін өндірісі саласының техникалық жабдықталынуы бүгінде қарқынды жүргізілу үстінде. Автоматты және компьютермен басқарылатын соңғы үлгідегі машиналарда физико-химиялық өңдеу әдісі, ылғалды жылу, престеу сияқты әдістері бір машинада орнатылған және осы машиналар сапалы өнімді алуға мүмкіндік береді. Біздің Отандық жіберушілер мұндай соңғы үлгідегі жабдықтарды шетелден алып келеді.
Халықтың сұранысын қанағаттандыру және көркемділік құндылығын, талғамын шеше білу үшін ассортимент түрлеріне көп көңіл бөлу қажет. Киілген киім адам үстінде алдымен қонымды әрі қолайлы болу керек, сосын адамның ажарын ашып, дене сұлулығы мен сымбаттылығын айқындап, адамға рухани және моральдік жағынан дем беруі тиіс. Сондықтан бұйымның өзіне матаны тиімді қолдануға мүмкіндік беріп, шығындарды азайтып, жоғары сапалылығымен қамтамасыз ететін кең технологиялады қолдану қажет.
Қорыта келгенде тұтынушылардың киімге деген сұранысын қанағаттандыру үшін тігін өндіріс саласында шығарылатын өнім ассортиментін жақсарту және көлемін ұлғайту, жетілдірілген озық техника мен технологияда өңдеу әдістерін қолдану өндірістік шығындарды азайту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы өнім сапасын жағарлату қажет.
- Өндірістегі конструкторлық жобалау дайындығы
1. 1 Техникалық тапсырма
1. Жобалау обьектісі: Қыздарға арналған жинақ
2. Тапсырыс беруші: АТУ, «БжТТК» кафедрасы
3. Жетекші: х. ғ. д., проф. Абубакирова Қ. Д
4. Орындаушы: Қыйлыбаева М. Е
5. Жұмыстың орындау негізі: оқу жоспары
6. Орындау мерзімі: 11. 02. 11 - 2. 06. 11
7. Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс
8. Бұйымның аталуы, тағайындалуы: Күнделікті киюге арналған қыздар жинағы
9. Жұмыстың барысы: техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, эскиздік жоба, техникалық жоба, жұмысшы жоба
10. Жобалау процесінің сипаттамасы: Конструкция сызбасын тұрғызу барысында модельдің суретін салу, типтік фигураның өлшемдік сипаттамасы және конструкцияның негізгі орындарына берілетін қосымшалар эскиздік жобада толықтырылған.
11. Қолданылған әдебиеттер: « Конструирование одежды с элементами САПР» / Е. Б. Коблякова, Г. С. Ивлева, В. Е. Романов и др. - М. : Легпромбытиздат, 1988. «Конструктивное моделирование одежды» / А. И. Мартынова, Е. Г. Андреева - М. : Московская государственная академия легкой промышленности, 2002. Журнал «Ателье», «Индустия моды».
12. Сән бағыты
Қазіргі кезде стиль және сән өзара байланысқан жүйе, олар бір - бірінсіз дамып, өрби алмайды. Әдетте, әр заманда бір уақытта бірнеше стиль өмір сүреді. Атап айтқанда, оларға қолданыстан шыққан, дәл сол кезеңде салтанат құрған және болашақ стильді қалыптастыратын элементтері бар стиль жатады. Әрбір елде басқа елдермен мәдени қарым - қатынас дәрежесіне қарай саяси - әлеуметтік, экономикалық дамуына, мәдениетінің өркендеу дәрежесіне байланысты көркемдік стильдің даму эволюциясы бар. Адам өмірі мен қоғамның қарқындап дамуы. Ақпараттық процестің өсуі, жаңа технология мен көпшілік нарықтың көбеюінің әсері адамзатқа бір ғана стиль емес, бірнеше стиль пішіні мен пластикалық үлгілерді таңдауына әкелді. 1940 жылдары АҚШта сәнді костюм үлгісінде «кантри», «вестерн», «латын американдық» стильдері, 1950 жылдары «нью- лук», «шанель», 1960 жылдары «космостық», 1970 жылдары «романтикалық», «ретро», «фолклорлық», «этникалық», «спорттық», «джинсилық», «диффузиялық», «әскери», «ішкиімдік», «диско», «сафари», «панк - стиль», 1980 жылдары «экологиялық стиль», «жаңа пираттар», «жаңа классика», жаңа барокко», «секси», «корсетті», «этникалық», 1990 жылдары «нео - панк», «нео - хиппи», «минимализм», «милитори», т. б стильдер пайда болды.
Қазіргі заманғы сәндегі стиль көпшілігі ерікті түрде туды деп айтуға болмайды. Саяси оқиғалармен, адамзатты толғандыратын әлеуметтік мәселелермен байланысты туған стильдер дамып, құндылығын арттыруда. Жаңа материалдардың және оларды өңдеу түрлері жаңа стильдердің пайда болуына әсерін тигізді.
Жаңа сән үлгілерін халыққа жеткізіп таратушы актерлер, музыканттар, сән экстримистері, элита, яғни, танылған сәнқұмарлар. Жаңа сәнге үйрену мерзімі екі маусымға дейін созылады, солан күнделікті тұрмысқа еніп, келесі сән үлгілері, оны ығыстырып ескішіл сәнге айналдырғанша өмір сүреді. Ал едәуір уақыттан сон дәл осы сән үлгілері жаңа сапамен туындауы мүмкін.
Жакет - бұл сезонның сәнді киімі ғана емес, ол әрі өте ыңғайлы болып келеді. Түс костюм пішініне байланысты үлкен ақпарат көлемін бере алады және белгілі бір мағынада таңбалық қызмет атқарады. Ол адамға эмоционалды түрде әсер етеді, оның костюмде зор маңызы бар.
Түс үндестігін зерттеудегі келесі кезең шектеулі гаммаларды пайдалану болып табылады. Негізгі түс гаммасы ретінде қарама-қарсы түстерді пайдалану, яғни қара мен сары, сары мен күлгін, жасыл мен қызыл т. б түстерді таңдауға болады.
Сонымен бірге жазғы мезгілдің ашықтығымен және көктемнің нәзік бояуының белгісі ретінде көк, сұр, қызғылтым, сарғыш, алқызыл, сияқты ашық түстер сән қатарында.
1. 2 Техникалық ұсыныс
Техникалық ұсыныстың негізгі жұмыстарына: модель-аналогтарды таңдау анализі, жобаланатын бұйымды толықтай немесе оның жеке конструкторлық элементтерінің макетін дайындау, жобаланатын бұйымның конструкторлық құрылымын салыстырып баға беру және дұрыс нұсқауын таңдау.
Жобалауға керекті бастапқы мәліметтердің бірі келешектік сән бағыты болып табылады. Қазіргі заманғы сән дамуының жалпы үрдістерін: Сәнді пішіндерді, жетекші силуэттерді және сәнді ерекшеліктерді сипаттап, бейнелеп көрсету.
Жобалау процессінде костюм пішімі ең басты орын алады. Киім пішіннің тұтас геометриялық түрі, оның көлемі, құрылымы, бөлшектенуі, материал мен пропорциясын құрайды.
1. 2. 1 Модель-аналогтың композициялық шешімін талдау
Модель-аналогты анализдеу 3 этаптан тұрады:
1. Модель - аналогты таңдау
2. Оны бағалау
3. Жұмыстың нәтижесін негіздеу
Модель ретінде - стандарт талабына сай келетін, техника - экономикалық көрсеткіштерін қанағаттандыратын сапалы және жақсы бұйым болып табылады.
Модель-аналогты таңдау және анализдеу принциптері:
- тепе-теңдік, яғни модель-аналогтың сапалы дәрежедегі ақпараты;
- актуальдылығы-ақпараттың пайдалылығы;
- ақпараттың кемшіліктілігі;
- ақпараттың біркелкілігі, яғни модель-аналог туралы уақытша ақпарат алу;
- ақпараттың қолайлылығы, яғни модель-аналог туралы ақпарат ұсыну;
- модель-аналогты негіздеудің комплектеу.
Модель-аналогты анализдеу жалпы және таңдалған болады. Жалпы анализдеу нәтижесінде бұйымның қасиеттері бағаланады, яғни бұйымның сапасы және модель - аналогтың ерекшеліктері анықталады.
Ал таңдалған анализ - жеке конструкциялық бөлшектердің техникалық сапасын бағалау болып табылады.
Мен осы дипломдық жұмысымда өз моделіме ұқсас үш модель-аналог таңдалып отыр. Осы модель-аналогтардың сыртқы түр сипаттамасы төмендегі 1-кестеде сипатталады
Кесте 1 - Модель-аналогтың композициялық шешімнің анализі
Қыздарға арналған жинақ. Жинақ екі бұйымнан тұрады: жакет және белдемше.
Жакет - жартылай қынамалы силуэтті. Жакет бір өңірлі, 3түймеге түймеленеді, жакет астармен өңделген.
Алдыңғы бойы қолтық ойындысынан түскен бедер тігісті.
Артқы бойы орта тігісті және қолтық ойындысынан түскен бедер тігісті.
Жағасы - пиджакты.
Жеңі - бір тігісті қондырмалы.
Белдемше - тік силуэтті, ұзындығы тізеден жоғары.
Алдыңғы бөлігі бедер тігісті.
Артқы бөлігі орта және бедер тігісті, орта қиығы жармамен өңделген.
Белдемшеге белдік қосып тігілген.
Ұсынылатын өлшем: 164-84-92
Қыздарға арналған жинақ. Жинақ екі бұйымнан тұрады: жакет және белдемше.
Жакет - қынамалы силуэтті. Бір өңірлі 3 түймеге түймеленеді, астармен өңделген.
Алдыңғы бойы иық сызығынан шығатын бедер тігісті.
Артқы бойы орта тігісті және бел бүкпесімен өңделген.
Жағасы тік жаға.
Жеңі қондырмалы, бір тігісті.
Белдемше - тік силуэтті, ұзындығы тізеге дейін.
Алдыңғы бөлігі бел бүкпесімен өңделген.
Артқы бөлігі бел бүкпесімен өңделген.
Белдемшеге белдік қосылып тігілген. Белдемшенің орта қиығы жармамен өңделген
Ұсынылатын өлшем: 164-84-92
Қыздарға арналған жинақ. Жинақ екі бұйымнан тұрады: жакет және белдемше.
Жакет - қынамалы силуэтті, ұзындығы бел деңгейіне дейін.
Алдыңғы бойы иықтан түскен бедер тігісті.
Артқы бойдың иықтан түскен бедер тігістері бар, орта тігісті.
Жағасы қайырмалы пиджакты жаға.
Жеңі - бір тігісті қондырмалы жең.
Белдемше - тік силуэтті, ұзындығы тізеге дейін.
Алдыңғы бөлігі екі бөліктен тұрады: иініш және алдыңғы бөліктен, иініші 3 түймемен өңделген.
Артқы бөлігі екі бөліктен тұрады: иініш және артқы бөліктен.
Белдемшенің орта қиығы жармамен өңделген.
Ұсынылатын өлшем: 164-84-92
1. 2. 2. Модель - аналогтың конструктивті шешімін талдау
Конструктивті көрсеткіш түрін (сапалы және санаулы) жобалаушы бұйым түріне байланысты, модель - аналог санын орналастырады. Модель - аналог таңдау белгілеу көрсеткіші бойынша көрсетіледі. Бұл үлгінің көп мөлшері кезінде шектеулі сапада конструктивті көрсеткіштер қолданылады. Модель - аналог бағалауда сапа көрсеткіші дәрежесін нақтылайды.
Конструктивті шешімді талдау негізгі бөлшектердің өлшемін алу негізінде жүзеге асырылады.
Конструкцияның негізгі параметрлерін: адам еркін тұру үшін берілген қосымшалардың көлемі мен олардың бөліктерге орналасуы, негізгі бөлшектердің өлшемі - артқы бой ені, бұйым ұзындығы, бұйымның етегі, кеуде ені, алдыңғы және артқы кеңдігі т. б анықтайды.
Кесте 2 - Негізгі бөлшектер конструкциясының өлшемдері
Конструктивті модельдеу дегеніміз - жаңа модель үлгісі бойынша бұйым бөлшектерінің лекалдарын немесе сызбаларын жасаудың инженерлік үлгісі. Жасалған лекалолар бойынша жасалған үлгі киім өндірісі үшін форманың және конструкцияның эталоны болып табылады.
Кесте 3 - МА-ның конструкторлық шешімін талдау
1. 2. 3 Модель - аналогтың технологиялық шешімін талдау
Киім конструкциясының технологиялылығы дегенді былайша түсінуге болады: өндірістік ағымды рационалды түрде үйымдастыру кезінде шығынды қамтамасыз етеді. Конструкторлы және технологиялық дайындыққа даярлаудың әлдеқайда прогрессивті әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін бөлшектердің, түйіндердің және жалпы бұйымның конструктивті шешімі. Нәтижесінде берілген эксплуатациялық, эргонометриялық және эстетикалық талаптарға толықтай сай болатын min. өзіндік құнын және жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді.
Технологиялық дәрежесі шығарылым көлемімен және өндіріс типімен
(дара, сериялы немесе жаппай) анықталады.
Бұйымды құрастырмалы бөліктерге бөлу (бөлшектер, жиынтық бірліктер және комплекстер) еркін паралелльді жинауды, қамтамасыз етеді, бұйымды жалпы жинаудың цикілін қысқартады, бұйымды құрастырмалы бөліктері бойынша тексеру және жинау шарттарын жақсартады және жиынтық бірліктерді дайындау үшін типтік технологиялық үрдістерді қолдануға мүмкіндік береді.
Киім бөлшектерінің сызбаларын конструктивті тұрғызу ерекшеліктерін және де киім бөлшектерінің және жиынтық бірліктерінің конструкциялық технологиялылығына қойылатын жалпы талаптарды ескере отырып, келесідей тәсілмен жиынтықтарын топтастыруға болады:
-агрегаттық принципті ескере отырып құрастырмалы бөліктердің рационалды санына бөліктенуі керек;
-бірлік жиынтық конструкциясы диефицирленген қолданбалы бөлшектермен оның компановкасын қамтамасыз етеді;
-қолданылатын бірліктердің түрлері, олардың конструкциясы және орналасуы жинау жұмыстарын механизациялау және автоматизациялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
-бірлік жинақтау конструкциясы базалық құрастырмалы бөлікті қарастыру қажет;
- дайындау әдістері бірлік жиынтықты немесе бірнеше бөлшектерді қатар өңдеуді қажет етеді;
- бөлшек және түтін консирукциясы ылғалды жылумен өңдеу бір процесті пішімдеу тәсілдерінің көмегімен бұйымның көлемді формасын алуды қажет етеді;
- бөлшек және түтін конструкциясы оларды дайындау үшін типтік технологиялық үрдестерді қолдануды қамтамасыз етуі қажет.
Жобаланатын киім конструкциясының технологиялық деңгейін жоғарлату жүйесін модериназациялау, төмендегілерді қарастырған жөн:
- ішкі процесті ылғалды жылумен өңдеуді қысқарту не болмаса мүлдем ашып тастау; артық тігістерді болдырмайтын және оларды дайындайтын аз операциялы технологияны құруға мүмкіндік беретін тұтас пішілген болшектерді қолдану; унифицириленген бөлшектер мен түтіндерді қолдану есебінен конструкциялық және технологиялық артықшылығын қамтамасыз етеді; қол жұмыстарын машиналық үлгісі және тігіссіз (желімдік) бекіту әдісіне ауыстыру; унифицирленген технологияны қолдану.
Кесте 4
Модель-аналогтың технологиялық шешімдерінің анализі
- Эскиздік жоба
Эскиздік жобаға рационалды ассортимент сериясын және өндірістік киім коллекциясының моделін жасауда копазиция мен конструкторлық бұйым жобалауындағы дайындалған макет жатады.
Эскиздік жобаның кезеңі, сондай-ақ тәжірибелі конструкторлық жұмыс негізгі принцип бойынша жұмыс жан-жақты орындалады және тұратын жері, болашақта бұйыммен жұмыс жасау анықталған, оны эскиздік жобаны өңдеу деп аталады.
Жобадағы эскиздік бөліктерді жасауда, келер жылдағы сән бағытына байланысты материалдар қолданылады. Эскиздік жобаны өңдеу 3 этаптан тұрады. Олар:
1. Композициялық және конструкторлық өңдеу жұмысының нұсқасы;
2. Модель үлгісі, бұйым макетін немесе бұйым бөлшектерін сынау;
3. Принцип бойынша анықтап алу
Материалды таңдауда және моделдік қатарына байланысты 2 негізгі шешім қабылданады: бұйым формасы, материал және түстік шешім.
1. 3. 1 Модельдің сыртқы көрсеткішінің шығармашылық сипаттамасы
Жас қыздарға арналған атлас матасынан дайындалған жинақ(1 сурет) . Жинақ екі бұйымнан тұрады: жакет және белдемше.
Жакет қынамалы силуэтті. Ұзындығы белге дейін. Жакет бір өңірлі, 3 түймемен түймеленеді.
Алдыңғы бойы бедер тігісті. Өңірі жолақ матамен өңделген.
Артқы бойы иық сызығынан түскен бедер тігісті.
Жағасы - тік жаға.
Жеңі - бір тігісті қондырмалы жең, жең аузы жолақ матамен өңделген.
Белдемше тік силуэтті. Ұзындығы тізеден жоғары.
Алдыңғы бөлігі екі бел бүкпесімен өңделген.
Артқы бөлігінде екі бел бүкпелері бар. Артқы бөлігі орта тігісті, орта тігісі жармамен өңделген.
Ұсынылатын өлшем: 164-84-92
1. 3. 2 Материалды таңдау және негіздеу
Жакетті немесе кез-келген бұйымды тігу үшін, пішім тұрақтылығы жоғары, тозуға төзімді маталар қолданылады. Жылу сақтағыш қасиеті жоғары және бояуға төзімді болуы керек.
Негізінде бұл маталар атласты және жаккардты өрімдермен шығарылады, вискозалық талшықтардан сызықтық тығыздығы 13, 3-22, 2 текс (№ 75-45) немесе вискозалық талшықтармен мен мақта жіптерінің қосылуымен сызықтық тығыздығы 18, 5 текс (№ 54) және 10 текс х 2 (№ 100/2) өріліп шығарылады. Бұл маталар ассортиментін жартылай жібек деп атайды. Бұл маталар ассортиментінен салтанатты және күнделікті әйелдер көйлектері, жұқа костюмдері, белдемшелер және басқа да бұйымдар тігіледі.
Талшықтық құрамына байланысты маталар біртекті талшықтардан - табиғи жібек, вискоза, ацетат, үшацетат және капронда жіптерден, сонымен қатар біртекті емес, яғни әртүрлі талшықтардан ( жібек, жасанды жібек, синтетикалық, мақта маталы) құралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz