Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім
2.1 Киім және костюм қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар ... ... ... ...
2.3 Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Жаңару дәуірінің костюмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ...
Ежелгі дүние костюмі, Ежелгі Грек костюмі Ер және әйел костюмы. Маталар және олардың қосымшалары, шаш сәнділігі, бас киім, аяқ киім, аксессуарлар. Ежелгі Рим костюмы Шығыс Араб елдерінің костюмі Араб халифаты, Ислам, Араб мәдениетінің таралуы Үнді халқының костюмі Үнді қоғамының құрылуы. Эстетикалық сұлулық мұраты Қытай костюмі Қытайдың әлеуметтік экономикасының дамуы. Қытайдың мәдениеті мен діні. Қытай костюмі Қытайдың әлеуметтік-экономикасының дамуы. Қытайдың мәдениеті мен діні. Орта ғасыр костюмы. Италия, Испания Франция, Англия 16 ғасыр Жаңару дәуірі дәуір костюмы Жаңару дәуірі стилі Италия, Испания Франция, Англия 16 ғасыр Жаңару дәуірі дәуір костюмы Жаңару дәуірі стилі Италия, Испания Франция, Англия 16 ғасыр Жаңару дәуірі дәуір костюмы19 ғасыр Европа костюмі, 19 ғасырда костюмындағы "Ампир" және "Модерн", «Классицизм» стилі. Костюмдегі стандарт. Ерлер мен әйелдер костюмінің ұқсастығы және олардың стильдік шешімі.. Костюмдегі стандарт. Ерлер мен әйелдер костюмінің ұқсастығы және олардың стильдік шешім. Киім адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі - әдемәлік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады.
1. А. Асанова, Айдынбекова, С. Нұрпейісова.
« Киімді конструкциялау ».
Астана. Фолиант, 2008. – 168 бет.
2. Г.Ә. Тәкішева, Асанова. Б.Е.
<< Киімді модельдеу және көркемдеп безендіру>>
Астана. Фолиант, 2008. – 160 бет.
3. М. Н., « История костюма » 1972.
4. Энциклопедия кройки и шить. – Москва. Софит – Принть. 2000.
5. Э.Н. Литвинец « Учитесь вышивать ». Москва, Знание. 1991.
6. А. Ф. Бланк, З.М.Фомина. « Моделирование и конструивание женской
одежды ». Москва, Легпромбытиздат. 1994.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім
2.1 Киім және костюм қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар ... ... ... ...

2.3 Киімдердің жаңа түрлерінің
жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Жаңару дәуірінің
костюмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ..

КІРІСПЕ

Ежелгі дүние костюмі, Ежелгі Грек костюмі Ер және әйел костюмы.
Маталар және олардың қосымшалары, шаш сәнділігі, бас киім, аяқ киім,
аксессуарлар. Ежелгі Рим костюмы Шығыс Араб елдерінің костюмі Араб
халифаты, Ислам, Араб мәдениетінің таралуы Үнді халқының костюмі Үнді
қоғамының құрылуы. Эстетикалық сұлулық мұраты Қытай костюмі Қытайдың
әлеуметтік экономикасының дамуы. Қытайдың мәдениеті мен діні. Қытай
костюмі Қытайдың әлеуметтік-экономикасының дамуы. Қытайдың мәдениеті мен
діні. Орта ғасыр костюмы. Италия, Испания Франция, Англия 16 ғасыр
Жаңару дәуірі дәуір костюмы Жаңару дәуірі стилі Италия, Испания Франция,
Англия 16 ғасыр Жаңару дәуірі дәуір костюмы Жаңару дәуірі стилі Италия,
Испания Франция, Англия 16 ғасыр Жаңару дәуірі дәуір костюмы19 ғасыр Европа
костюмі, 19 ғасырда костюмындағы "Ампир" және "Модерн", Классицизм стилі.
Костюмдегі стандарт. Ерлер мен әйелдер костюмінің ұқсастығы және олардың
стильдік шешімі.. Костюмдегі стандарт. Ерлер мен әйелдер костюмінің
ұқсастығы және олардың стильдік шешім. Киім адамдардың уақытқа және
қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын
бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған
сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады.
Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың
бірі - әдемәлік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен
сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген
талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып
табылады.

2.1 Киім және костюм қызметі

Киім – адамның денесіне киіюге арналған бұйым, жасанды жамылғы
түрлері. Қоғам дамуы барысындағы материалдық, рухани, әлеуметтік талаптарға
сай киім жиі өзгеріске ұшырап отырады. Киім адамның дүние – танымдық,
эстетикалық талғамдарына жауап беру арқылы даралық айқындау қызметін
атқарады, тұлғаның әлеуметтік жағдайын танытады. Осы сияқты киімнің әр
бөлігінің өзіндік қызметі бар.
Киім адам денесіне қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтау
қажеттілігінен пайда болған. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш,
балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланылған. Адамдар алғаш аң
терісінен жасалған киімдерді пайдаланған, неолит дәуірінде шөп орамынан
тоқылған белдемшелер киетін болған. Тоқмашылық кәсібін игергеннен соң
адамдар иықтан, мықыннан киілетін жапқыштар колданған. Одан кейін тігіссіз
киім пішіндері дамыған. Мысалы, үнділіктер – сари, шалма, кавказдықтар –
бурка, римдіктер – тога және т.б.
Ежелгі киім элементтерінің бірі – белдік. Ол қару – жарақ пен
жорыққа қажетті заттарды бекіту кызметіе атқарады. Аяқ киім мен бас киімдер
кешірек пайда болған. Олар адамды ыстық пен суықтан қорғау қызметін
атқарған.
Киімнің климаттық шарттарға байланысты да түрлері бар. Ол аймақта әр
түрлі формасымен, материалымен ерекшеленеді. Мысалы, мықындық алжапқыш, иық
жамылғысы – тропика және субтропика тұрғындарының киімі. Суық климатты
арктикалық аймақтарда бүкіл адам денесін жауып тұратын киім киген.
Киім адамды физикалық, климаттық қолайсыз жағдайлардан қорғау үшін
ғана емес, сондай – ақ қауіпті жағдайлардан, сиқырлық күштерден сақтау үшін
де қолданылған. Тіпті, әскери бояуларды, алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі
дене терісін нақыштауды ( татуировка ), қазіргі бронжилетті және
противогазды , орта ғасыр рыцарының латысын, сәнді көйлектерді де киім деп
айтуға болады.
Өркениеттің дамуына байланысты киімнің түрі де, пішіні де өзгереді.
Ер адамдарға, қыз – келіншектерге, балаларға арналған киім үлгілері шыға
бастады. Күнделікті және мерекелік киімдер, үйлену тойы киімдері, сондай –
ақ қаралы күндерге арналған киім үлгілері пайда блды. Еңбектің түріне қарай
әр түрлі кәсіп саласына арналған киімдер де өндіріле бастады. Сән үлгісінің
демократияландырылуы киімнің жаңа үлгілері технологиясының дамуына себеп
болды, оның функцоналдық, рационалдық , эканомикалық қасиеттері аса
бағланды.
Қазіргі ұғымда киім дегеніміз – үлбірден, теріден, тоқыма
бұйымдарынан, мата материалдарынан пішімделген жиынтық. Ол тек сәндік қана
емес, декорациялық, әлеуметтік, эстетикалық және утилитарлық қызметтерді де
атқарады. Киімнің негізгі қызметіне қорғаныстық (физикалық, моральдық
қорғау ) және утилитарлық – практикалық тұтынуы жатады. Себеі киім
белгілері бір әрекеттерге мақсаттарға байланысты пайдаланылып, қоршаған
ортаға бейімделіп отырған. Киімнің эстетикалық қызметі ретінде адамды
сәнді, әдемі етіп көрсетуі саналады. Киім арнайы адамдар тобына арналып
дайындалады немесе бұқаралық өндірісте өндіріледі, бірақ қандай жағдайда да
адам қажеттілігін қанағаттандырады. Киім кию әдісіне, дене бітіміне ,
пішініне, пішіміне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді:
– күлтеулі, бүрмелі ( пішілмеген, тігілмеген ) – матаның қиындысынан
ілінген, қыстырылған, түйреуішпен түйрелген немесе белдікпен байқалған
киім;.
– қондырмалы – бас арқылы киілетін киім. Бас сыюы үшін матаның
қиындысының ортасы ойылған ( пелерина немесе пончо ) түрде болуы мүмкін.
Оған негізгі ортасынан бүгілген жайма мата, иығында тігісі жоқ туника,
жейде типтес киімдер жатады;
– жейделік – пішілген, тігілген, алдында жоғарыдан төмен қарай
түйме қадалған киім ( шекпен типтес );
– пішілген – адам дене бітіміне қалыптастырып пішілген, еуропалық
типтегі киім.
Киім сөзін костюм ұғымымен де тығыз байланыстырады.
Костюм ( итал – салт, өнеге ) – адамның әлеуметтік, ұлттық,
аймақтық жағдайына, жынысы жас ерекшелігіне, мамандығына қарай дайындалатын
киім элементтері: аяқ киім, аксессуар, т.с.с. заттар жүйесі. Костюмнің
құрамына киім, шаш сәнділігі, косметика, бас киім, қолғап, зергерлік
бұйымдар енеді.
"Костюм" термині киімнің синонимі ретінде пайдаланады, яғни
заттың материалдық обьектісі. Костюм киім түсінігіне қарағанда мәдени
қолданыста көбірек пайдаланылады. Сән костюм пішіні ретінде өзгеріп
отырады, осыдан костюм адамның көркі, даралығы, мәнділігі деуге болады. Ол
адамның психологиялық, әлеуметтік жас және тарихи ерекшелігін сипаттайды.
Әр түрлі тарихи және экономикалық өзгерістер костюм пішіні мен
түрінің пайда болуына жол ашты. Оның дамуы сән мен стильдің ауысуымен
қатар жүріп отырады. Костюмнің еуропа – қалалық құрылу процесі ХІХ
ғасырда аяқталды. Кәсіпорындардың жаппай дамуы сәннің
интернационалдануына әкелді: бүкіл әлем бір және біркелкі киімді кие
бастады. ХІХ ғасырдың еуропалық киімдері регламентациялау мен этикет
ережелерінің кез келген талаптарына лайықталды. Мысалы, күнделікті ерлер
киімі – фрак еді, оны ащық түсті панталон және жилетпен киген. Костюмнің
ажырамас элементінің бірі шляпа – цилиндр мен қолғап болған еді. 1850 жылы
жоғары мәртебелі және іскер ер адамдардың таңертеңгі және күндізгі
тұрақты гардеробы – сапарлық костюм жарыққа шықты. Ол сюртукпен, сұр
жолақшалы қара түсті шалбардан және жилеттен тұрған. Фракты кешкі мезгілде
киетін болған, ал кейін оны смокингке ауыстырып, сәнді киім қатарына
жатқызған.
Костюм жеке адам мен ұжымның болмысын сипаттау қызметін, яғни
қорғаныстық және утилитарлық – практикалық қызметінде атқарады. Костюмнің
маңызды қызметтерінің бірі – таңбалық қызметі болып табылады. Өйткені киім
өзінің иесі туралы мазмұнды ақпарат береді: адамның әлеуметтік мәртебесін,
саяси, діни, эстетикалық көзқарасын, талғамын және мәдениетін білдіреді.
Сондықтан костюмнің қорғаныстық және утилитарлық – практикалық қызметінен
басқа келесі қызметтері бар:
– магиялық ( сиқырлық );
– жас ерекшелік – адамның жасын көрсетуші немесе жасырушы;
– әлеуметтік – жыныстық – киім адамның жынысын ғана емес, оның
отбасылық жағдайын білдіретін, мәселен, ұзатылатын бойжеткен бе, тұрмыс
құрған ба, жесір әйел ме, т.б. Қазіргі костюмдерде бұл қызмет жойылған,
отбасылық жағдайы ғана емес, адамның жыныстық белгісін де ажырату қиынға
түсті;
– таптық – адамның әлеуметтік мәртебесін білдіруші немесе жасырушы;
– кәсіпқойлық – адамның қандай мамандықпен, немен айналысатынын
білдіруші;
– аймақтық – аймақтық және ұлттық дәстүрлерді айқындаушы; костюм
бойынша адамның нақты этносқа қатыстығын белгілеуге болады, осыған
қарамастан қазіргі костюмнің еуропалық типінде барлық ұлттық ерекшеліктерді
жоятын интернационалдық стиль енгізілген;
– діни – адамның дінге жақындығын білдіруші. Мысалы, ХІХ ғасырда
Англияда ағылшын шіркеуінің жақтаушысын пуритандық діни сектасының
мүшесінен киімі арқылы ажырататын болған. Киімнің осы қызметі қазіргі
уақытта да қолданыстан шыққан жоқ, мысалы, мұсылманды кришинайтпен
шатастыру мүмкін емес.

2.2. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар

Бүгінгі таңға дейін өндіріс ұйымының ең негізгі көрсеткіші болып
өнім сапасы, оның өтім базарындағы бәсекеге қабілеттілігі қарастырылды.
Әр түрлі заттардың сапасын анықтау әрекеттері ерте заманнан – ақ
қолданылған. Платон ( б.з.д. 427 – 347 ж.ж. ) бұйым сапасы оның жетілгендік
дәрежесі деп есептеді; Аристотельдің ( б.з.д. 384 – 322 ж.ж. ) тұжырымы
бойынша сапа осы заттың дәл сондай түрден айырмашылығын айқындайтын
қасиеттердің жиынтығы. Кез – келген өнім, соның ішінде киім де
қолданылу талаптарына сәйкес болуы тиіс. Киім ең алдымен тұтыну заты
саналатындықтан, оның сапасы адам – тұтынушы қоятын талаптарға сәйкес
анықталады. Егер өндіріс талабын, техникалық мүмкіншіліктер мен
эканомикалық өнім дайындаудың тұтастығын бір уақытта ескермесе бұйым
сапасын толық елестету мүмкін емес. Өйткені өнім өндірістен тыс,
материалсыз, конструкциясыз, энергия шығынынсыз және адам еңбегінсіз және
т.с.с. оның дайындалуына қажетті құралдарсыз тұтынуға ұсынылмайды.
Киім сапасына қойылатын барлық талаптар тұтынушылық және
техникалық – экономикалық болып бөлінеді. Тұтынушылық талаптар
функционалдық, әлеуметтік, эстетикалық, эргономикалық, эксплуатациялық
талаптар болып жіктеледі.
Тұтынушылық талаптарға бұйымдардың қоғамдық сұраныстарға
сәйкестігін, олардың өндіріске және өтім мақсаттарына лайықтылығын
қамтамасыз ететін әлеуметтік талаптар жатады. Сондықтан әлеуметтік
талаптар бұйым ассортименттерінің мақсатқа лайықтылығымен анықталады.
Әлеуметтік факторлардың рөлі базардың тауарлармен толуы және халық әл –
ауқатының жақсаруы нәтижесінде артады.
Функционалды талаптар бұйымның негізгі функционалдық тағайындалуы
мен тұтынушылардың сыртқы келбетіне киімнің үйлесілімділігін есепке
алады. Тағайындау модельге, конструкцияға және матаға қойылатын
талаптарды анықтайды. Тұтыну шарттарының әр алуандағы киімнің кең
ассортиментін анықтайды.
Функционалды талаптар қазіргі өмір құрылымына, тұрмысқа, ( яғни
қазіргі даму құралдарына, сәулет өнеріне, жиһазға және т.б ) пайдаланмының
нақты жағдайына, адам қызметінің түріне, оның сыртқы келбетіне, жас және
психологиялық ерекшеліктеріне киімнің сәйкестік дәрежесін қамтамасыз
етеді.
Эстетикалық талаптар. Киім сапасын тұтыну заты ретінде бағалау
кезінде бұл талаптар ерекше орын алады. Киімді дайындау барысында
эстетикалық талаптарды ескермеу киімді пайдасыз затқа айналдыруға әкеп
соғады. Өйткені ол негізгі мақсатты қызметтерінің бірін орындай алмайды:
адамдық ( эстетикалық ) қажеттілігін қанағаттандыруы, яғни адамның
сұлулық пен шығармашылыққа мұқтаждығы. Киім осы дәуірдің жетекші
көркемдік стилі мен оның көрінісі сәнді (мода) есепке алу арқылы
жобаланады. Эстетикалық талаптар үш топқа бөлінеді: қазіргі заманғы
стиль мен сәйкестігі, модель композициясының жеткіліктілік дәрежесі,
бұйымның тауарлық түрі.
Киімді эстетикалық қабылдау конструктивтік элементтерін жасау
мен технологиялық өңдеудің дәл және мұқият орындалуына байланысты:
атап айтқанда бұйымдағы қос бөліктердің симметриялық орналасуы,
біріктіру тігістері мен әрлеу тігіндерінің ұқыпты орындалуы, астардың
сапасы мен оның түсінің бұйым түсіне сәйкестігі және т.б.
Эргономикалық талаптар. Эргономика – адам мен өнеркәсіп бұйымдары
және қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттестік заңдылығын кешенді
түрде оқытатын ғылыми пән, яғни адам факторы туралы ғылым.
Тігін бұйымдарына гигиеналық, антропометрикалық , физиологиялық,
психофизиологиялық қасиеттер кешенін анықтайтын эргономикалық талаптар
қойылуы мүмкін.
Киім адам денесінің 80% - ын жауып тұрады, сондықтан адам киіммен
биологиялық қарым – қатыныста болады, яғни киім адамның ыңғайлылық пен
ықшамдылықты сезінуіне әсер етеді ( жылылықты, суықты, қысымды,
психологиялық жағдайда әсер ететін бұлшық ет үйкелісін, шаршағандықты,
жұмысқа қабілеттілікті, көңіл – күйді ).
Эргономикалық талаптар киімнің жылу сақтау қызметін қамтамасыз
ететін талаптарды қамтиды: жылу теңдігі, вентиляциялану дәрежесі, ішкі (
киім асты ) және сыртқы ( атмосфералық ) әсерден сақтау. Эргономикалық
талаптар тобына жататын психофизиологиялық талаптарға киімді киіп – шешу
ыңғайлылығы, киімнің жеке элементтерін және бұқаралық киімдерді пайдалану
ыңғайлылығы жатады. Киімнің нақты түріне байланысты киімнің жеке
элементтерін ыңғайлы пайдалану түймеліктің рационалдық орналасуымен
және оның қызметінің мықтылығымен, астар бетінің тегістігімен, мойын
ойындысы қиығының өлшемі және формасымен ( ілгексіз бұйымдарда ),
қалталар, шұлықұстағыштар орналасуының жайлылығымен анықталады.
Эксплуатациялық талаптар (сенімділік ). Сенімділік киімді
пайдалану процесінде оның сапасын сақтау дәрежесімен анықталады.
Сенімділік бұйымның қайтарымсыздығын, ұзаққа сақталатынын, жөндеуге
келетіндігін анықтайды. Сенімділік теориясындағы негізгі ұғым – қабыл
алмау ұғымы, яғни кенеттен немесе бірте – бірте жұмысқа
қабілеттілігінің жоғалуы. Сондықтан киім конструкциясын жасау барысында
киімнің түйіндері мен бөлшектерінің форматұрақтылығын, материалдарының
тозуға төзімділігін, тігістердің физикалық ауырлыққа тұрақтылығын киім
конструкциясы қабілеттілігін ескеру керек.
Техникалық – эканомикалық талаптар. Киім сапасына қойылатын
техникалық – экономикалық талаптар оны өндіру мен эксплуатациялауға
кететін шығындарды есепке ала отырып, киім дайындаудың технологиясы мен
жобалау әдістерінің, конструкциясы жетілуінің техникалық дәрежесін
қамтамасыз етеді. Бұл талаптар бұйымның еңбексыйымдылығы мен
материалсыйымдылығын, механикаландыру қазіргі конструкциялау мен
технология дәрежесін көрсетеді
2.3. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Қазіргі заман адамының киімі үнемі жаңа түржиынмен, жаңа заттармен
толығып отыруы қажет. Бұл күнделікті тұрмысқа киетін киімнің жаңа пішіні
мен элементтерінің басқа киім түржиынымен ауысып отыруы жолымен жасалады.
Қазіргі киім – кешек үлгісінде әскери формамен, спорттық киімдермен, іш
киімдермен, басқа халықтың киімдерімен ауысып отырған киім түрлері көп. Бұл
– өмірдің өзгерісіне, сипатына сай киімді жаңа элементтермен байытатын
тоқтаусыз процесс. Мысалы, ХІХ – ХІХ ғасырларда әйелдер киімі әйелдер
эмансипациясына сай ерлер киімінің көптеген элементтерімен толықты. Қазіргі
заманғы әйелдер киім – кешегінде ағылшын классикалық костюмі, шалбар,
бешпент, шолақ шалбар, трикотаж, т.б. пайда болды. Бірнеше қызмет
атқаратын бұйым көп функционалды деп аталды. ХХІ ғасырда көп функционалды
бұйымдарды жобалау дизайнерлердің ең негізгі міндетіне айналды. 1920
жылдың өзінде – ақ функционалистер көптеген дәстүрлі заттарды алмастыратын
жалпыға ортақ бұйымдар жасауға тырысты. Бұлайша жобалау белсенді қимыл
қозғалыста өмір сүретін сол заманғы адамдардың талабын қанағаттандыруға
қабілетті еді, сонымен бірге қоғамда маңызды болған экономикалық
мәселелерді шешуге, ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік берді. Сәнгерлер
жасаған жалпы ортақ бұйымдарға мыналарды жатқызуға болады: Г.Шанельдің
Кішкентай қара көйлегі, Шанель стиліндегі костюм, Ив Сен Лоранның
смокинг көйлегі, джинсылар. Г.Шанель ойлап тапқан Кішкентай қара көйлек
– ерлер костюмінің аналогы, қара түстің қарапайымдылығы мен ортақтығы бұл
көйлекті нақты жағдайдан тыс, сәннен тыс бұйымға айналдырады. Шанель
стиліндегі костюмді іскерлік киімі ретінде де, сәндік киім ретінде де кез
келген жағдайда киюге болады. Сол сияқты джинсы да көп функционалды
бұйымға айналды. Әуелі жұмыс киімі мен күнделікті тұрмыстық киімге, сосын
сәндік киімге айналды. Қазіргі джинсыларды классикалық пиджакпен,
смокингпен, кестеленген жәкетпен киеді.
Көп функционалды заттардың жасалуына қазіргі дизайндегі ең басты
бағыттың бірі – минимализм өкілдері атсалысты. Минимализм – бұл киім –
кешек тұжырымдамасы, ол – көп функционалды заттардың ең аз мөлшері.
Минималистер ( американдық дизайнер К.Кляйн, Д.Каран, неміс сәнгері
Дж.Сандер ) жалпыға ортақ бұйымдар мынадай сапасымен сипатталуы қажет деп
санайды:

– пішін қарапайымдылығымен;

– өңдеудің (әрлеудің) болмауымен;

– бейтарап түсімен;

– жоғары сапалы материалдың қолдануымен;

Әскери киім тұрмыстық костюмге зор әсер етті. Әскери пішіннен
әйелдердің тұрмыстық костюміне жапсырма қалталар, айрықша түймелер,
матростық жағалар және авиаторлық тіктеме жағалар, погондар, белдікшелер,
пилоткалар, қорғаныштық хаки түсі, әскери планшетка түріндегі сумкалар,
т.б. енді.
Бүгінгі күнделікті киілетін киімнің түржиынын ең ыңғайлы әрі
әмбебапты, әрі жыныс пен жас ерекшеліктерінің арасындағы айырмашылықты
жоятын спорттық киім толықтырды. Спорттық стильдің кең тарауына байланысты
сән үлгісіндегі құбылысы пайда болды, әйелдер ерлер киім – кешегінің
элементін, әсіресе шалбарларды қолдана бастады. Студенттер толқуы мен
хиппи қозғалысы ерлер мен әйелдер киімін жақындастыруға себеп болды. Қыздар
жігіттердің қысқа шашын, шалбарлары мен бәтеңкелерін алса, жігіттер
қыздардан ұзын шашын, шілтері желбіршек пен қаттама ( көйлектің түймелі,
қаттама жең ұщы ) сияқты сән үлгісін алды.
1965 жылы әлемдік жоғарғы сән экспериментаторы Пако Рабанн металл
мен пластикалық көйлек үлгісін көрсетті. Кешкі салтанатқа киілетін
көйлектер сақинамен байланысқан металл дискілермен безендірілді, ал күндіз
киілетін киімдер осындай сұлбадан тұрды, тек теріден жасалды.
60 – жылдардан бастап, дизайнерлер ( болашақтағы сән үлгісін )
футуризм идеясын жасады, жаңа пішін іздеуде олар әр халықтың дәстүрлі
мәдениетіне бой ұрды.
70 – жылдардың ортасында әлемнің әр түрлі сән үлгісін жинақтаған
этниаклық стиль қайтадан кең тарады. Бұл сәннің негізіне көркем
байыпталған хиппи стилі жатты: кең белдемшелер, жеңіл матадан жасалған
жейделер, көйлекке сәйкес өте ұзын мойын орамалдар.
1970 жылдары әйелдердің іш киімінің пішінін пайдаланған іш киім
стилі пайда болды: іштартқыш, тігіспен, кестемен, матамен әрленген
жейделер, қос етекті және шілтерлі ішкі белдемшелер. 1980 жылдары В.Вестуд
пен Ж.П.Готье ұсынған корсетті стиль пайда болды, онда көйлек, жакет,
жейде пішімінде осы стиль қолданылады. 1990 жылдары 1930 жылдардағы
әйелдердің ішкі жейдесін еске түсіретін көйлек – комбинация сәнге енді.
Түр жиынның жаңа түрлері кейде заттарды функционалды трансформациялау
жолымен, яғни оның қолданылуын өзгерту жолымен пайда болды. Мысалы,
смокингті көйлекке айналдыруға болады.
( Ив Сен Лоранның смокинг – көйлегі) сол сияқты ерлер жейдесін –
көйлекке немесе жәкетке ( оны жекет – топ орнына кигенде ), майканы –
жейдеге ( егер оны пиджакпен бірге кисе ), т.б.
Киімнің жаңа түрінің үнемі пайда болу көзі – әлемнің әр түрлі
халқының дәстүрлі костюмі. Орта ғасырда Шығыстан Еуропаға элементтер енді:
ХVІІ ғасырда түрік халаты; ХІХ ғасырда бурнус, зуав шалбарлары және
фескалар; ХІХ ғасырдың аяғында жапон кимоносы.
Қазіргі жапон дизайнерлеріне барлық халық пен барлық кезеңнің
бағыты мен стилі араласқан ( бұл, әсіресе Токио сәнінде кездеседі ) көше
сәні де әсер етуде. Жапон дизайнерлерінің әсерімен батыс сәнгерлері де
үйреншікті жақсы талғамдағы киімнен гөрі еркін стильдегі киімдерді
жасай бастады, материалға, мата пропорциясына, мата түсіне, күлтелеуіне
жаңаша қарай бастады

2.4 Жаңару дәуірінің костюмі

1. ИТАЛЬЯН КОСТЮМІ
2. ИСПАН КОСТЮМІ
3. ФРАНЦУЗ КОСТЮМІ
4. HEMIC КИІМІ
5. АҒЫЛШЫН КОСТЮМІ

Жаңару дәуірі (XV және XVI ғғ.) түсында ортағасырлық феодалдық
қоғамнан буржуазиялық қоғамға өту кезеңі болды. Дворяндық жойылып, ірі
ұлттық монархиялы, соның ішінде жаңа еуропалық ұлт пайда болып, әлемдік
сауда негізі қаланды. Жеке кәсіптер мануфактураларға, одан ірі өндіріс
орындары ретінде қаланды. Дәуірдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері
ретінде ұлттық мемлекеттердің пайда болуы және экономикалық буржуазиялық
өндіріс тәсілдерін атауға болады. Бұл дәуірде барлық қоғамдық мәдениет пен
өнердің жан-жақты гүлденуі байқалады.
XV-XVI ғасырлар аралығындағы кезең интеллектуалдық (рухани әрі ғылыми)
гүлдену кезеңі деп есептеледі. Бұл — Леонардо да Винчи мен итальяндық қайта
өрлеу дәуірі. Феодализм мен абсолютизмге қарсы батыл күрес заманы басталды.
Жаңару дәуіріне сипаттама берсек, мұнда адамға қызығушылық, табиғатқа
деген махаббат, сұлулыққа, білімге құштарлығы, жаңалықтар ашуы (жер жүзін
шарлап шығып Магеллан мен Колумбтың Американы ашуы), жаратылыстану
ғылымдарының, өнердің, әдебиеттің дамуы, гүлденуі, өнер саласында жаңа
реалистік әдістің қалыптасуы мен дамуы осы жаңару дәуіріне тән құбылыстар.
Жаңару дәуірінде негізінен өнер мен мәдениеттің басты идеясы гуманизм
болды. Гуманизм еркін адамның жан-жақты дамуының жаңа көрінісін бейнелейді.
Жаңару дәуірінде тән мен жанның бірлігін айта отырып, рухани және дене күші
бірлігі негізгі идея болды. Сұлулық - денсаулық пен күш секілді басты
жақсылық, ізгілік ретінде саналды. Ол жайында гумандық философтар және
суретшілер Лоренцо Вали, Луки Пачоли, Аньоло Фиренцуоллы және т.б. өз
еңбектеріне арқау еткен. Адамның дене бітімінің сұлулығын, оның
пластикасын, формасын, адам тұлғасының сымбаты жөніңдегі теория туралы
атақты суретшілер өз еңбектеріне арқау етті. Олар: Леонардо да Винчи,
Тициан, Дюрер және т.б.
Бұл кезеңде мата тоқу орталығы Италия болып есептелді. Мұнда - Генуе,
Милан, Флоренция, Венеция қалаларында жібек пен өрнек басылған маталар
кеңінен шығарылды. Итальяндық алтын, күміс жіппен тоқылған немесе барқыт
жібек маталар (олардың салмағы 3 кг-ға жетті) бір түсті немесе түрлі түсті
кестелеп сурет салынған, өрнектеп басылған, бедерленген, тіпті екі жағы да
бедерленген түрлі маталар шығарылды. Мата бетінде гранат (анар) ѳрнегі мен
павлин қауырсыны бейнеленді.
Киім матасын асыл тастармен маржандап кестелеу арқылы оның салмағын
арттырды. Мысалы, осындай тоқыма матасынан тігілген бір киімнің салмағы
25—40 кг жетті. XV ғ. Батыстың сырт киімдері барқыт пен парша тығыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Костюм нақты уақыттағы адамның рухани және моральді сапасын көрсету құралы
Балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу
Киімнің негізгі қызметтері
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеушiлiк әрекеттер арқылы қалыптастырудың дидактикалык негiздерi
Жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету
Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолдану
Бойжеткендерге арналған сәндік костюмнің тігілу әдіс-тәсілдері
Тұрмыстық киімдердің жіктелуі
Сән үлгілерінің түйіндік өңдеулері
Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
Пәндер