Ұлттық киімдер
I. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақ әйелдерінің ұлттық көйлектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2 Қазақ халқының ерлер киімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.3 Қазақтың ерлер және әйелдер бас киімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.4 Қазақ ұлттық аяқ киімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қазақ халқының киімдерінде халықтың шығу тарихы, экономикалық, әлеуметтік және климаттық жағдайлары бейнеленген ертедегі салт-дәстүрлері көрініс тапқан.
Қазақтар құланның, киіктің және жолбарыстың терілерін, сондай-ақ қара түсті жанаттың, су тышқанның, бұлғынның және сусардың, ақ түсті тышқанның, күзеннің үлбірлерін аса бағалы деп санаған. Сусар мен бұлғынның үлбірлері басқа мамық жүнді аңдардың үлбірлеріне қарағанда қымбат бағаланған. Теріден тондар тігілген. Мамық жүнді аңдардың үлбірлерінен жасалған тондарды қазақтар ішіктер деп атаған. Жанаттың үлбірінен дайындалған тон - жанат ішік, қара түлкінің үлбірінен тігілген тон - қара түлкі ішік, алтайдың қызыл түлкісінің үлбірінен жасалған тон - қызыл алтай түлкі ішігі деп аталған. Жоғары түкті жібекпен көмкерілген үлбірлі ішік қыз жасауындағы ең қымбат мүліктердің бірі саналып, бас тон делінген. Қазақтар аққудың, гагара мен құтандардың да мамығынан жасалатын ішіктердің дайындау техникасын білген. Оған 1878 жылы Ақмола көрмесіне қойылған гагара мамығынан тігілген ішік мысал бола алады. Гагара мамығынан дайындалған ішіктің тағы бір түрі Қорғалжын көліне таяу орналасқан ауылдан кездесті. Ол шымқай қара түсті ұзыншалау төртбұрыштардан құрастырылып тігілген және онша кең емес, қара жолақтармен жиектелген. Гагара құсының жақсы терілерін және оған сәйкес үлбірді таңдау үлкен талғам мен іскерлікті талап еткен. Бақсылардың киетін аққу мамығынан тігілетін дәстүрлі күртешелері мен шекпендерінің өзіндік мағыналары болған. Үлбірден тігілетін ішіктер шұғамен, жібекпен, қамқамен, және т.б. қапталған, олар қолданылатын матасының атауына немесе түсіне қарай ажыратылған. Көк шұғамен қапталып, түкті шұғамен жиектелген ішікті << көк тон >> деп атаған. Оны тек қана атақты адамдар киген.
Халық киімдері қоршаған орта, тұрмыс жағдайлары, климаты әсерімен, сондай-ақ, көшпелі халықтың талап-сұраныстары (мысалы, ерте қимылдамай ұзақ отыру қажеттігі және т.с.с.) есебінде дамып қалыптасты.
Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайында қазақтың ұлттық киімдерінің үлгілері сақталынған. Солардың арасында қазақтың батыр, ақындарының және атақты өнер майталмандарының да киімдері кездеседі . Мысалы, қазақтың атақты әншілері Күләш Байсейітова, Жамал Омарова, Роза Бағлановалардың сахналық костюмдері сақтаулы тұр.
Мұражай экспозициясынан Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің зайыбы Фатиманың бешпенті және қазақтың белгілі ағартушы ғалымы Ш.Уәлихановтың кіші қарындасының шапаны да ( астары аққу мамығынан тігілген ) орын алған.
Қазақ халқының дәстүрлі киімдері де басқа халықтар киім түрлері сияқты ерлер, әйелдер және балалар, сыртқы, маусымдық, мерекелік және күнделікті киімдер болып бөлінеді.

1. Сатыбалдинова Б.С., Сәлімбаева М.А.
Тігін өндірісінің технологиясы
Оқулық. – Астана : Фолиант, 2008 ж.
2. Тәкішева Г.Ә., Асанова Б.Е.
Киімді модельдеу және көркемдік безендіру
Оқулық. – Астана : Фолиант, 2008 ж.
3. Асанова С., Птицина А.
Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнер тарихы
Оқулық. – Астана : Фолиант, 2008 ж.
4. Асанова А., Айдынбекова Ж., Нұрпейісова С.
Киімді конструкциялау
Оқулық. – Астана: Фолиант,2008 ж.

Жоспары
I.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақ әйелдерінің ұлттық көйлектері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2 Қазақ халқының ерлер киімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.3 Қазақтың ерлер және әйелдер бас
киімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.4 Қазақ ұлттық аяқ
киімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...19
III.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...21
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 22
Кіріспе
Қазақ халқының киімдерінде халықтың шығу тарихы, экономикалық,
әлеуметтік және климаттық жағдайлары бейнеленген ертедегі салт-дәстүрлері
көрініс тапқан.
Қазақтар құланның, киіктің және жолбарыстың терілерін, сондай-ақ қара
түсті жанаттың, су тышқанның, бұлғынның және сусардың, ақ түсті тышқанның,
күзеннің үлбірлерін аса бағалы деп санаған. Сусар мен бұлғынның үлбірлері
басқа мамық жүнді аңдардың үлбірлеріне қарағанда қымбат бағаланған. Теріден
тондар тігілген. Мамық жүнді аңдардың үлбірлерінен жасалған тондарды
қазақтар ішіктер деп атаған. Жанаттың үлбірінен дайындалған тон - жанат
ішік, қара түлкінің үлбірінен тігілген тон - қара түлкі ішік, алтайдың
қызыл түлкісінің үлбірінен жасалған тон - қызыл алтай түлкі ішігі деп
аталған. Жоғары түкті жібекпен көмкерілген үлбірлі ішік қыз жасауындағы ең
қымбат мүліктердің бірі саналып, бас тон делінген. Қазақтар аққудың, гагара
мен құтандардың да мамығынан жасалатын ішіктердің дайындау техникасын
білген. Оған 1878 жылы Ақмола көрмесіне қойылған гагара мамығынан тігілген
ішік мысал бола алады. Гагара мамығынан дайындалған ішіктің тағы бір түрі
Қорғалжын көліне таяу орналасқан ауылдан кездесті. Ол шымқай қара түсті
ұзыншалау төртбұрыштардан құрастырылып тігілген және онша кең емес, қара
жолақтармен жиектелген. Гагара құсының жақсы терілерін және оған сәйкес
үлбірді таңдау үлкен талғам мен іскерлікті талап еткен. Бақсылардың киетін
аққу мамығынан тігілетін дәстүрлі күртешелері мен шекпендерінің өзіндік
мағыналары болған. Үлбірден тігілетін ішіктер шұғамен, жібекпен, қамқамен,
және т.б. қапталған, олар қолданылатын матасының атауына немесе түсіне
қарай ажыратылған. Көк шұғамен қапталып, түкті шұғамен жиектелген ішікті
көк тон деп атаған. Оны тек қана атақты адамдар киген.
Халық киімдері қоршаған орта, тұрмыс жағдайлары, климаты әсерімен,
сондай-ақ, көшпелі халықтың талап-сұраныстары (мысалы, ерте қимылдамай ұзақ
отыру қажеттігі және т.с.с.) есебінде дамып қалыптасты.
Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайында қазақтың ұлттық
киімдерінің үлгілері сақталынған. Солардың арасында қазақтың батыр,
ақындарының және атақты өнер майталмандарының да киімдері кездеседі .
Мысалы, қазақтың атақты әншілері Күләш Байсейітова, Жамал Омарова, Роза
Бағлановалардың сахналық костюмдері сақтаулы тұр.
Мұражай экспозициясынан Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің зайыбы
Фатиманың бешпенті және қазақтың белгілі ағартушы ғалымы Ш.Уәлихановтың
кіші қарындасының шапаны да ( астары аққу мамығынан тігілген ) орын алған.
Қазақ халқының дәстүрлі киімдері де басқа халықтар киім түрлері
сияқты ерлер, әйелдер және балалар, сыртқы, маусымдық, мерекелік және
күнделікті киімдер болып бөлінеді.
2.1. Қазақ әйелдерінің ұлттық көйлектері
Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі деген ұлы адамдар. Қазақ халқының
ұлттық киімдерінің түрі де үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның
көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын
алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сипат, дипломатиялық
қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау
құрметтеудің көрінісі деп бағаланған. Ертеде халық шеберлері қазақтың
болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.
Қазақтарда киімдер бірнеше топқа бөлінеді:
1.Әлеуметтік дәрежесіне қарай.
2. Жас ерекшеліктеріне қарай.
3. Жөн - жорағылға сәйкес.
4. Бір киер киімдер.
5. Діни киімдер.
Ұлттық киімдер қызметіне қарай іштік киімдер, сыртқы киімдер, сулық
киімдер, ерлердің бас киідері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер болып
бөлінеді.
Қазақша көйлек - әйелдер киімі. Түсі ашық жақсы маталардан тігіледі.
Ертедегі көйлектер тік жағалы, жеңді әрі ұзын болған. Етегінен жоғары бір
немесе екі қатар бүрмелеп қосымша маталар тігіледі. Мұндай көйлекті
желбіршек көйлек немесе қос етек көйлек дейді. Көйлек - әйел қауымының
бұйрықты киімі.
Бұл көйлектер түрлі жібек, креп- сәтен, органзы, креп - шифон
маталарынан тігілген, баулармен, моншақпен, стразбен, жылтырақ түймелермен,
шыны моншақтармен, ызбамен және алтын қамқамен өңделген. Әшекейлері
жапсырма, біз кесте, тығыз кесте, ришелье, аралас техника тәсілдерімен
кестеленген.
Қазақ әйелдері мен қыздарының ұлттық көйлектері аса бай әшекейленеді.
Ұлттық көйлектер жібек, креп-сәтен, органзы, креп-шифон маталарынан
тігіледі. Көйлектер белінен бөлінеді де белі резеңкемен жаналады.
Белдемшесі төрт қиықты және толық шеңбер немесе жарты шеңбер пішінді болуы
мүмкін.
Әдетте белдемше етегін айналдыра бір немесе бірқатар қиықты желбірлер
тігіледі. Желбір ені жиілігіне және санына байланысты өзгереді. Кей
түрлерінде белдемше қиықтарына қосымша қиықтар қосылуы мүмкін. Осындай
қосымшалар бұрыштан басталып екіге айырылады, гофре немесе плиссе
техникалары арқылы орындалады. Белдемше етегі ызбамен, жиектікпен, алтын
немесе күміс шашақтармен әшекейленеді, желбірлері бұрымды жиектікпен
жиектеледі. Көйлектің омыраушасы шағын көлемді болып келеді. Жағалары мойын
түбінен дөңгелене ойылған болуы мүмкін. Сондай-ақ қайырма жазық жағалы,
тіктеме жағалы да болады. Көйлек омыраушасының түймелігі артқы бойдың орта
тігісіне түсірілетін сыдырма арқылы немесе түймелі ілгекпен бекітіледі.
Мойын ойындысы желбірлермен, алтын және күміс қамқамен әшекейленіп, біз
кестелеу арқылы өсімдік тектес және аралас ою-өрнек түрлерімен кестеленуі
де мүмкін. Қондырма жеңінің көлемдері әр түрлі, мысалы, жең тардан басталып
желбірлі, желбіршекті қатарларымен жең аузына
қарай кеңітіледі немесе қаттамаға бүрмеленіп жинақталады. Көйлектер
трапеция тәрізді силуэтті болып келуі мүмкін. Ертеде осындай пішінді
көйлектерді төре тұқымының әйелдері киген.
Қазақ халқының әйелдер киімдерінің силуэті, пішімі және әшекейлеу
ұқсас болғанымен, материал таңдауына, түр-түстер үйлесімділігіне және
пропорцияларының әр түрлілігіне қарай айырмашылықтары болады. Бұл
Қазақстанның кейбір аймақтарында қолөнер дәстүрлерінің ертедегі
пішіндерінің ұзақ сақталуымен де түсіндіріледі. Әр аймақтың өзіне тән
ерекшелігіне байланысты.
Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, жаға – жеңі , кеудесі,
өңірі кестелі, әшекейлі келеді. Келіншектер ашық маталардан, бүрмелермен
әшекейлі кестеленген көйлектерді кимейтін. Бірақ жас келіншектерге көйлек
сыртынан тығыз матадан тігілген, құнды әшекейленген көкірекшені киюге
рұқсат етілетін.
Қыздар киімі алтын және күміс жіптермен, майда моншақтармен
әшекейленген жиектерімен, сондай-ақ алтыннан, күмістен жасалған
салпыншақтарымен, қымбат және жартылай қымбат тастардан тұратын
әшекейлерімен, үкі тағылған бас киімдерімен ерекшеленеді.Қыздардың көйлегі
айрықша көз тартарлықтай етіп дайындалған. Өте жеңіл, ұзын көйлектердің
етектерін, жеңдер аузын жағалай, жағаларын айналдыра желбіршектер салынған.
Өте әдемі көрінетін көйлектері жұқа жібекпен әрленген. Қыздар мойнының
әсемдігін одан сайын әдемі көрсету мақсатында көйлектің жағасы аса нәзік
талғаммен қондырылған.
Күнделікті көйлек - өте жұқа матадан дайындалған, етегі ағындатылған,
белінің қою бүрмесі бар көйлек. Жеңі ұзын, ол да бүрмеленген. Еркін жататын
дөңгелек жағалы.
Қазақ халқының киімдерін зерттеген белгілі зерттеуші Р.Ходжаеваның
айтуы бойынша жоғарыда сипатталған көйлектер XIX ғасырдың екінші жартысында
пайда болған. Ал, одан ертеректе қазақ әйелдері ерлер жидесі сияқты, бірақ
одан ұзындау және кең пішімді көйлектер киген.
Тұрмысқа шыққан әйелдердің ашық түсті матадан желбіршекті, кестелі
көйлек киюі ұят саналған, ал қыздарға қандай киім киседе орынды деп
есептелген. Жас әйелдер тығыз матадан тігілген, өте бай әрленген
жеңсіздерді - көкірекшені көйлек үстінен киген, бастарына ақ матадан
шаршылай қатталатын, ұштары иыққа түсетін жаулық тартқан.
Қазақтың әдет – ғұрып салты бойынша бала туған әйелдердің көйлегі
қыздардың көйлегіне қарағанда етегі ұзын болған, оған желбіршек салынбаған,
оның үстінен көйлек, белінің алдыңғы жағынан металдан жасалған қапсырмамен,
кейде түймемен қамзол киген. Бастарына кимешек және оның сұлама, күндік,
орама түрлерін тартқан. Олар сырт көзден маңдай алды шаштарын жасырып
тұруға есептеліп тігілген. Өйткені әйелдердің үйден шыққанда шаштарын екі
бұрымға немесе одан да көп бұрымға өріп, ашық жерін көрсетпей шығуы тиіс
болған.
Қыс мерзімінде әйелдер киіміне шапан, шеті үлбірмен көмкерілген
бөрік, орамал, жылы етіктер жатады.
Ертеде Қазақстанның оңтүстігінде және Жетісу өлкесінде әйелдер
барқыттан немесе жұқа шұғадан дайындалған, осы материалдан жасалатын кең
белбеуге бүрмеленген, түймемен немесе қапсырмамен түймеленген кең белдемше
киген. Белдемше тығыз кестемен кестеленген, кейде үлбірмен әрленген. Оның
тағы бір түрі шалғы деп аталып, белін екі айналдыра кең ызбамен буған.
Орталық және Солтүстік Қазақстан әйелдері талғамдарына байланысты
қамзол астынан күмістен шекілеу әдісімен жасалған, әшекейлерімен әрленген
шытыр деп аталатын көйлектер киген.
Оңтүстік-Шығыс әйелдерінің көйлектерінің мойын ойындысынан етегіне
дейін тіліктерін бойлай жапырақ тәрізді жұқа темір белгілер тігілген жарма
көйлек киген. Осындай көйлек ірі өрнекті түймелеу тана арқылы мойнынан
түймеленген. Қазақстанның батыс аймақтарындағы әйелдер көйлегінің жағасына
тамақша делінетін металдан жасалған әшекейді қадаған, қамзолына күмістен
ақша тәрізді дөңгелектерді, маржаннан тізілген сым тізбектерді
әшекейлеген.Ересек әйелдер жөн көйлек киген. Жөн көйлек - еркін пішімді
астарлы көйлек. Оның үстіне ұзын етекті, жеңі жоқ, белі сәл қынамалы,
тілікті, тігімдер жүргізілген қалталары бар қамзолдар киген.
Орталық Қазақстанда осындай қамзолдар түйе тізесінің бейнесін
елестететіндей күміс түймелермен қатар түймеленген. Ал Оңтүстік-Шығыста
шыттан немесе сәтеннен дайындалған құшақ-белбеулермен жай ғана буылған.
Ересек әйелдер бастарына үстіңгі орамасы астыңғы орамадан биік көрінетіндей
боп оралған орамалмен немесе шалмамен толықтырылған кимешек тартқан.
Әйелдер суық мерзімдерде барқытпен тысталған немесе сырылған
шапандар, әл-ауқаттылары мамық аңдардың терісінен тігіліп үлбірмен
тысталған ішіктер киген. Осындай ішіктер киім иесінің байлығын көрсеткен.
Қазіргі уақытта қартайған әйелдердің киімдері арасынан белі төмен
түсірілген, қатпарлы немесе бүрмелі белдемшесі бар, бір-екі түймемен
түймеленетін тіктеме немесе қайырма жағалы кең пішімді көйлектің түрін
кездестіруге болады.
Қазақ әйелдері киімдерінің құрамдас бір бөлігі болып дамбал
саналады. Дамбал - түзу сызықты пішімдермен тұтас бір матадан тігілді.
Қазақ шалбарлары өзбек, тәжік халқының шалбарларына қарағанда кең және
қысқа болып келген. Олардың балақтарын етіктің ішіне салып киген.
2.2. Қазақ халқының ерлер киімі
Қазақ халқының ерлер киімі әйелдер киіміне қарағанда бір типтес
болып келген. Ол іштен киетін жейдеден, сатып алынған матадан тігілген
шапаннан, үйде тоқылатын шұғадан дайындалған шекпеннен, қой жүнінен
жасалған, табиғи түске боялған, балағы етік ішіне салынатын кең шалбардан,
саптама етіктен, киізден жасалған шұлық байпақтан және тоннан тұрады.
Қазақ халқының киімдерін зерттеуші белгілі ғалым Р.Ходжаеваның пікірі
бойынша XVIII-XIX ғасырдағы иық киімдері желбегей, желбегей емес түрде
тігілген. Сол дәуірдегі жейде - өте кең, жеңі ұзын, мойны ашық, үшбұрышты
ойықты, ойығы дәл сол матадан дайындалған, тігіммен немесе сырылған
жолақпен көмкерілген желбегей.
XIX ғасырдың ортасынан бастап жейденің желбегей емес, иықтық
тігістері бар, омырауына тіліктер түсірілген, кең қайырма жағалы немесе
тіктеме жағалы түрлері пайда болды. Басында мойын ойығына дейінгі омырауын
тіліп, екі жағынан баулармен байлайтын болған, кейінірек - оны өңіржиекпен
көмкерген, түймелеу үшін оған ілмекке түймеленетін түймелер қадаған.
Жігіт костюмі ерекше көзге түскен.
Оған мақтадан жасалған ақ матадан тіктеме жағалы көйлек тіккен.
Көйлегінің қолтық астына қолтықшалар салынған. Көйлекке қолданылған матадан
дамбал шалбар тіккен. Ол көйлек сияқты кең, екі түзу бұрышты қапшық тәрізді
ұзын пішінді, сәл тарлау болып келетін астыңғы тұсына қима қойылу арқылы
екі балағы қосылған. Шалбардың үстіңгі бөлігін белбеу салу үшін
қайырған.Осы іш киімдердің үстінен жігіт қынама белді, тіктеме жағалы,
түймемен түймеленетін иық киімінің бірі бешпентті(Қазақстанның солтүстік
және шығыс аймақтарында), қондырма жеңді немесе жеңсіз
көкірекшені(Қазақстанның орталық және батыс аймақтарында) киген.
Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген ерлер бешпентінің белі сәл төмен
түсірілген, қынама белді болып келген. Жоғарғы бөлігі қаусырылып, бір
түймемен ғана түймеленген. Оның ішінен киілетін көйлектер мақтадан жасалған
ақ жұқа матадан тігілген, тіктеме жағалы және қиғаш түймеленген, шалбардың
ішіне салынып, былғарыдан жасалған белдікпен, кейде матадан жасалған
құшақпен белбеуленген.
Кең белбеулі, белбеуінде түймесі бар шалбарлар, сәл кейінірек XIX
ғасырдың аяғында орыс халқының пішімінің ауысуымен пайда болды. Құлын және
киік терілерінен жасалған, біз кестемен кестеленген жас жігіттердің
бешпенті, шалбары жиі қолданылған. Маусымға байланысты бешпенттердің
астарлы түрлері де боды. Қыс басталуымен ерлер қой және қасқыр ішікті
тондар, түлкінің үлбірінен дайындалған тымақ, былғарыдан жасалған саптама
етіктер киген. Қазақ көшпелілерінің ежелгі қыс киімдерінің бірі үлбірден
немесе жүннен астары бар күпі болған.
Ерлер киімі жинақталып құрамына өте ертеден келе жатқан кебенек
деп аталатын киізден жасалған ұзын шекпен де енеді. Оны әдейі арнап
дайындаған ерекше сапалы киіздің шаршы бөліктерінен, түгін өңіне қаратып
тіккен. Оның шаршы жағасы көбінесе күләпаралық қызмет атқаратын тіктеме
немесе қайырма жаға түрінде пішілген. Оны малшылар, жылқышылар қыс
мезгілінде сырт киім есебінде киген. Ерлердің сыртқы желбегей киімдері
түймеленбеген, сол себепті белбеу олардың негізгі элементі болып табылады.
Еркек киімдерінің ең қымбаттысы — аң терісінен істелген ішіктер. Олар
аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр
ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген
ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат,
қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде
осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ, маржан
тізген жіптер бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде бөлек
тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктер кейде әдіпті, оқалы,
шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып келген.
Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Кей жерде шапанды
әуелі астар мен бидайын қабып алып, тысты соның үстіне бос жабу арқылы
тыстаса, кей жерлерде тура тыстың үстінен қабыған, кейде сыритын болған.
Мұндай шапанды сырмалы шапан деп атаған. Шапандар көбінесе қайырма
жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеседі. Қайырма жаға шапанның
бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар.
Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Орта денелі
адамдарға 11—12 қойдың терісінен тон шығады. Олардың шап терілері мен
пұшпақ терілері, таңлықтары, мойын терілері бөлек алынады, яғни олар тон
тігісіне пайдаланылмайды. Тондардың жүндері ішіне қарайды, ет жағы қынамен,
қабықпен, томар бояумен боялады. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе
шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртына тыстық жапсырып қаптама тон да
тігеді. Қаптама тондардың тыстарын әр түсті жіппен кестелеп, елтірі,
сеңсең, аң терілерінен қайырма жаға жасап, етек-жеңіне жұрын ұстайды.
Жарғақ, тайжақы деген өң киімдерді тайдың, құлынның терісінен, жүнін
сыртына қаратып істейді. Оларды да малмаға салып илеп, еттерін қырып,
қабыққа, қынаға салып өңдерін басып ажарлайды. Шеттерінің әдіптерін
кестелеп, жаға-жеңдерін әшекейлейді. Кейде етегін, өңірін қаусырмасын
қымбатты аң терісінен жұрындап қояды. Әдетте тайжақы мен құлын жарғақты
бешпенттің, бешпент күпі сияқты жеңіл киімдердің сыртынан киеді.
Қазақтарда балалар мен жасөспірімдердің киімі құрылымы жағынан
ересек адамдардың кішірейтіліп алынған түрдегі киіміне сәйкес келеді.
Иткөйлек пен мақта сырып тіккен кеудешелер мен шалбарлардан басқасының
үлкендер киімімен ұқсастығы олардың өз балаларын тезірек ересек болуын
көргісі келетіндіктерінен болса керек.
Иткөйлек – жаңа туған нәрестеге кигізетін көйлекше.
Жарғақ шалбар – иленіп, әбден өнделген жұқа теріні қазақтар жарғақ
дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден
тігілген шалбарды жарғақ шалбар деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде
батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.
2.3. Ерлер бас киімдері
Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, құлақты бөрік (құлақшын),
қалпақ, шалма, башлық, жалбағай. Оларды теріден, аң терілерінен, тыстық
маталардан сырып тігеді.
Ерлер бас киімдерінің негізгі түрі болып дөңгелек пішінді ернеуі
үлбірмен көмкерілген бөрік саналған. Оның құндыз бөрік, пұшпақ бөрік, қара
бөрік және т.б. түрлері бар. Олар материалдарына, пішім бөлшектеріне қарай
ажыратылады. Далалық жерлерде түлкі тымақ, ақ киізден жасалған, қара
барқытпен әрленген қалпақ, пішіні құлақшын тәрізді, астарлы жалбағай,
қалқаны өрнекті тігімдермен әшекейленген дөңгелек тақия таптырмас бас
киімдер қатарына жатқан.
Шығыс Қазақстан ерлер тақияны астыңғы бас киім ретінде міндетті түрде
киген. Оларды сапасы және түсі әр түрлі маталардан тіккен. Әдетте олар жұқа
маталармен астарланған, кейде олардың арасына жүн немесе мақта салынған
мата қабаттары болған. XIX ғасырдың екінші жартысында ең көп таралған
тақиялар түрінің төрт- үшбұрышты қимадан тұратын қалқаны мен төбесінен 5-
7см еңділікте ауызы сәл кеңейтілген.
Бас киімнің келесі түрі қалпақ - Қазақстанда бүгінгі күнге дейін
жазғы бас киім ретінде сақталған. Оны ақ киізден тіккен. Кейде киіздің
түсін оданда ағарта түсу үшін киізді басу барысында бор сепкен.
Қалпақ пішіміне қарай үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі артына бір
тегіс түсірілетін, жарты шеңбер түрінде пішілген. Сайының бүйіріне тіліктер
түсіріп, тілік енімен жиектері қайтарылған. Қалпақтың екінші түрі зәкірдің
бейнесін елестететіндей, төбесі биік, тар, дөңгелек пішінді болып келген.
Қалпақтың тігілмеген жарты ай пішінді ернеуі аса кеңейтілген және жалпақ
жиек ретінде қайырылған. Төбесінің жоғарғы жақ бөлігі екі немесе төрт
бірдей қималардан тұрады. Қалпақтың осы түрі XVIII ғасырда кездеседі, XIX
ғасырдың жартысынан бастап жойыла бастаған. Қалпақтың үшінші түрі бірдей
үшбұрышты пішім арқылы төрт бөліктен құралады, тігу барысында төбесі
дөңгелектенген конус тәрізді болуы жоғарғы бөлігінің қималарын безендіруге
байланысты.
Ерлердің тек қазақ костюмдеріне тән матадан тігілетін башылығы және
қысқы түлкі тымағы болған. Екеуі бір - біріне өте ұқсас, тек қана оларды
дайындау барысында қолданылатын материалдарына қарай ажыратылады. Олар
алдынан маңдайы мен көзін, арқасынан, қырынан мойынды сақтап тұратын
қалақтың жан жағына тігілген төбеден тұрады.Қазақтарда башлық мағынасын
беретін бірқатар терминдер кездеседі. Солардың ішінде ең көп таралғаны
күләпара , ол Орта Азия халықтарының бірқатар бас киімдерінің атауын
қамтитын(кулох, кулутэ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz