Ұлттық киімдер тігу, оюлар ою
I. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1Ою . өрнектер туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2 Ерлер шапанын тігу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.3 Әйелдердің ұлттық киімін тігу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.4 Ұлттық бас киімдерді тігу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қазіргі фольклорлық стильдегі киімдер ұлттық киім үлгісінен бастау алады. Мәдениет пен өнердің дамуына байланысты қазіргі сән үлгісі өзгерді, соған сәйкес ұлттық киімнің түрлі - түрлі үлгілері жарыққа шықты. Негізінен бұрынғы ұлттық киімдер қазақша өлшем атауларымен аталған. Мысалы, желке ойындысы төрт елі, иық үсті бір қарыс, сынық сүйем, жалпы ұзындығы алты, жеті қарыс деп белгілеген. Қазіргі киім сызбаларына қарағанда бұл өлшем бірліктері аса қарапайым, күрделі емес сызбалардан тұрған. Сонда төрт елі деген қазіргі біздің өлшеммен 7 см көлемі, бір елі дегеніміз 1 см - ден астам, екі елі мөлшермен 3 см айналасында, үш елі, төрт елі, т.б. деп есептелген. Сосын сынық сүйем 10 см шамасында , сүйем шамасы 18- 20 см арасында , қарыс сүйем 20 -22 см шамасында. Өлшемді шамалаудағы себеп кей адамның саусағы жуан, кей адамдікі жіңішке болғандықтан нақты өлшем қойылмаған. Ал қарапайым, келісімді ұлттық үлгідегі киімдерді жастар алтындалып, күмістелген белбеулермен киген. Ұлттық киімдер түрі мен түсіне байланысты әр ортаға киілетін болған. Мысалы, тойға, күнделікті шаруашылыққа деп бөлінген. Той - томалаққа киетін киімдері қымбат матадан сәнделіп, өрнектеліп, алтын, күміс түймелер, қаусырмалар, білезік, сырғалар таққан. Онымен қоса зерлі белдіктермен сән үлгісін толықтырып кие білген, өйткені белдіктер жеке дара емес , сол киімнің бір бөлшегі болып есептелген.Үстіндегі киімдеріне қарап, бұл адамдардың бай тұратынын, оның үй - ішіндегі алатын орнын, руын айтпай-ақ білген. Мысалы, келген адам сол үйдің қожасы, бәйбішесі, қызы немесе келіні екенін, киім үлгісінен адамның дәрежесін, ал өрнектері арқылы ол адамның батыр немесе әнші екенін айырған. Демек мұның өзі біздің қазақ халқы киімді талғаммен кие білгенінің, не нәрсені орнымен қолдана білгенінің куәсі .
Ұлттық киімнің қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени - тарихы өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені, ұлттық киім - ұрпақтан - ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.

1. Сатыбалдинова Б.С., Сәлімбаева М.А.
Тігін өндірісінің технологиясы
Оқулық. – Астана : Фолиант, 2008 ж.
2. Тәкішева Г.Ә., Асанова Б.Е.
Киімді модельдеу және көркемдік безендіру
Оқулық. – Астана : Фолиант, 2008 ж.
3. Асанова С., Птицина А.
Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнер тарихы
Оқулық. – Астана : Фолиант, 2008 ж.
4.Асанова А., Айдынбекова Ж., Нұрпейісова С.
Киімді конструкциялау
Оқулық. – Астана: Фолиант,2008 ж.
5.Никитина Е., Талғатбекова А.

Жоспары
I.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1Ою - өрнектер туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2 Ерлер шапанын тігу технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.3 Әйелдердің ұлттық киімін тігу технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.4 Ұлттық бас киімдерді тігу
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
III.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...21
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 22
Кіріспе
Қазіргі фольклорлық стильдегі киімдер ұлттық киім үлгісінен бастау
алады. Мәдениет пен өнердің дамуына байланысты қазіргі сән үлгісі өзгерді,
соған сәйкес ұлттық киімнің түрлі - түрлі үлгілері жарыққа шықты. Негізінен
бұрынғы ұлттық киімдер қазақша өлшем атауларымен аталған. Мысалы, желке
ойындысы төрт елі, иық үсті бір қарыс, сынық сүйем, жалпы ұзындығы алты,
жеті қарыс деп белгілеген. Қазіргі киім сызбаларына қарағанда бұл өлшем
бірліктері аса қарапайым, күрделі емес сызбалардан тұрған. Сонда төрт елі
деген қазіргі біздің өлшеммен 7 см көлемі, бір елі дегеніміз 1 см - ден
астам, екі елі мөлшермен 3 см айналасында, үш елі, төрт елі, т.б. деп
есептелген. Сосын сынық сүйем 10 см шамасында , сүйем шамасы 18- 20 см
арасында , қарыс сүйем 20 -22 см шамасында. Өлшемді шамалаудағы себеп кей
адамның саусағы жуан, кей адамдікі жіңішке болғандықтан нақты өлшем
қойылмаған. Ал қарапайым, келісімді ұлттық үлгідегі киімдерді жастар
алтындалып, күмістелген белбеулермен киген. Ұлттық киімдер түрі мен түсіне
байланысты әр ортаға киілетін болған. Мысалы, тойға, күнделікті
шаруашылыққа деп бөлінген. Той - томалаққа киетін киімдері қымбат матадан
сәнделіп, өрнектеліп, алтын, күміс түймелер, қаусырмалар, білезік, сырғалар
таққан. Онымен қоса зерлі белдіктермен сән үлгісін толықтырып кие білген,
өйткені белдіктер жеке дара емес , сол киімнің бір бөлшегі болып
есептелген.Үстіндегі киімдеріне қарап, бұл адамдардың бай тұратынын, оның
үй - ішіндегі алатын орнын, руын айтпай-ақ білген. Мысалы, келген адам сол
үйдің қожасы, бәйбішесі, қызы немесе келіні екенін, киім үлгісінен адамның
дәрежесін, ал өрнектері арқылы ол адамның батыр немесе әнші екенін айырған.
Демек мұның өзі біздің қазақ халқы киімді талғаммен кие білгенінің, не
нәрсені орнымен қолдана білгенінің куәсі .
Ұлттық киімнің қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени - тарихы
өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені, ұлттық киім - ұрпақтан -
ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық
талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы
мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.
2.1.Ою - өрнектер туралы түсінік
Халық даналығы өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық дейді.
Қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән -
мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл
қазынасы. Бабаларымыздың қалған қандай өнер, қандай қазына бар десек, оның
бірі ою - өрнек болмақ. Оларды жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің
міндетіміз.
Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою - таңбалар келе
киізге, алаша, кілем, т.б. бұйымдарға салынатын болған. Ол белгі - таңбалар
арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Тіпті өз
тұрмысына керекті заттардың бәрін қолөнер арқылы жасаған. Тарихи жазба
деректерге қарағанда қазақ арасында үйшілік, ұсталық, зергерлік,
қырнаушылық, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік, т.б. қол өнер
кәсіптері болған. Ою -өрнек таңбалары бертін келе сән - салтанат
белгілеріне айналды. Табиғи сұлулығын, көркемдігін көркейтіп, түрлендіріп
көрсететіндей әдемі зергерлік бұйымдарды орнымен пайдалана білген. Мысалға
білезікті алайық. Ол ерте дүниеден бері бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауысып, әр
дәуірде , әр қоғамда, әр түрлі сипат алып, күні бүгінге дейін жетіп отыр.
Білезікті дүние жүзіндегі барлық елдерде салған. Бір таңданатын нәрсе, ол
кезде адамдар білезікті кездейсоқ бәлекеттен, яғни тілден, көзден,
бақытсыздықтан сақтайтын құдірет деп санаған.
Жалпы оюлап өрнек салу халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері мен
атаулары күнделікті тұрмыстағы тұтыну тәсіліне қарай алуан түрлі. Мәселен,
әшекейлі түр салудың кестелеу, ою зерлеу, сыру, теру, көз салу, бастыру,
гүлдеу, таңдайлау, кереге көздеу, өткермелеу, шаршылау сияқты салалары
ілмеліп, қайып, бүгіп, тепшіп, шалып, торлап тігу әдістерімен
атқарылады.Сонымен қатар өру, бұрау, жону, ойып салу, құю, сызу, бояу,
сүйектеу, күмістеу, бедерлеу сияқты өрнек үлгілері қолданылады.Халық
қолөнерінде жие қолданылатын мүйіз тектес ою - өрнектер өзінің даму
барысында әр түрлі көркемдік сипат алды. Қошқар мүйіз, арқар мүйіз,марал
мүйіз, бұғы мүйіз, қос мүйіз, қырық мүйіз,сыңар мүйіз, тармақ мүйіз, т.б.
сияқты өрнектер өзіндік кескін таңбасымен, белгілі бір мән-мағынаны
білдірумен көзге түскен. Бірақ солардың ішінде қошқар мүйізге көп мән
берілген. Киетін киім мен аяқ- табанынан бастап, үйінің киізі мен
керегесі, сықырлауық, ертұрман, үзеңгі, жүгеніне дейін қошқар мүйіз оюының
элементтері бар.Онымен қоса қошқар мүйіз өрнегімен кілем, түскиіз,
текеметтер, сандықтар, ағаш төсектер өрнектелген. Әшекей өрнек өнерінің
осындай бір мәнерінің өзі де араларын мыңдаған жылдар бөліп тұрған
халықтардың мәдениетін байланыстыратын ортақ белгілерін айқын көрсетеді.
Осы бір өнер ғасырлар бойы сыннан өтіп, бүгінгі өресі биік өнерімізге
ұласып отыр. Оюлар өзінің мән - мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді:
1. Өсімдік өрнектер (жапырақ, шиыршық гүл, ағаш,т.б.);
2. Зооморфтық өрнек (жан - жануардың табиғи және фантастикалық
бейнелері,қошқар және оның түрлері,нұсқалары);
3. Космогениялық өрнектер (дөңгелек, төрт құлақ, шимай, шұғыла,
шексіздік,т.б.);
4. Геометриялық ою - өрнектер (төртбұрыш, үшбұрыш, ромб,т.б.):
Енді ою-өрнектер атауларын былай жіктеуге болады:
1. Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты ою-өрнектер;
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер;
3. Аңға, аңның денесіне,ізіне байланысты ою- өрнектер;
4. Құрт-құмырсқаларға байланысты ою-өрнектер;
5. Құстарға байланысты ою- өрнектер;
6. Жер, су, өсімдік, гүл, бұтақ бейнелі ою-өрнектер;
7.Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер:
Қазақ ою-өрнектерінің өте жие қолданылатын 200-ден астам түрі
бар.Олар: аймүйіз, алақан, айыртұяқ, баған өрнек, бес жапырақ, қаз мойын,
жауқазын, жұлдыз, жүрекше, күмбез, құс қанаты, құс құйрығы,самұрық, тармақ,
үркер, шөміш өрнек, салпыншақ, тұмар тіс, тұмар ою, түйе табан,түйе мойнақ,
құс табан,т.б. мүйіз өрнектерінің мәнерлеріне қарай, қазақ арасында
ғасырлар бойы қалыптасқан қошқар мүйіз,арқар мүйіз, сыңар мүйіз,өркеш
мүйіз, сыңар өкше сияқты байырғы түрлері бар.Сонымен қатар ою-өрнектер тек
эстетикалық мағлұмат емес, өмір салты, түйсік тағылымы туралы мағлұмат
береді. Әрбір жануар мен затты бейнелейтін оюдың қасиеттеріне қарай
тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы, ырғағы мен колориті, соған
арналған философиялық мәні де байқалады. Композиция дегеніміз - өрнекті
заттың бетіне реттеп орналастыру. Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі
жағынан тең болуы. Колорит дегеніміз - ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-
бірімен үндесіп, жарасым табуы. Ырғақ - ою-өрнекте бір элементтіңқайталанып
келуі.
Қошқар мүйіз – ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны. Қошқар мүйіз
бен арқармүйіз оюларының қазақ қолөнерінде қолданылмайтын жері жоқ. Қошқар
мүйіз оюымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік, пайдалану деңгейіне қарай әр
алуан жапырақ тектес, бітпес оюлар салынады. Бұл өрнектер иірім,
шиыршық, иық, үшкіл, түйе табан, қос ирек, жұлдыз гүл т.б.
аттарымен аталады.
Өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ ою-өрнегі үш түрлі ұғым
негізінде туған деген қорытынды бар:
1. Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.
2. Басқа халықтардың мәдениетінен ауысқан.
3. Уақытқа қарай бейімделу.
Ертеден қазақ ою-өрнегі мазмұны жағынан үш түрлі ұғымды бейнелейді:
1. Мал өсіру мен аңшылық.
2. Жер-су, көшу-қону.
3. Заттардың сыртқы бейнесі.
Осылардың қайсысында да қошқар мүйіз оюы қолданылып араласып отырады.
Ою, сызу, бедерлеу ру, тайпалардың таңбаларында, малдың , ай, жұлдыз, аспан
әлемін тұспалдауда орын алады. Шеберлер сүйекті ойған, ағашты иген, тасты
қашаған, мүйізді өңдеген, металды балқытқан өңдеген. Әсемділікті таңдай да,
жасай да білген. Осындай әсемдікті таңдай білген хас шебер оюшы зергеріміз
осы ою-өрнекке бояу түрлерін пайдалануды да жете меңгерген. Халқымыздың ою-
өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектің ең шешімін
тапқан жарасымды түрі болып есептеледі.
2.2. Ерлер шапанын тігу технологиясы
Ұлттық киім үлгілерінің бірі - шапан. Шапанның бірнеше түрлері бар,
мысалы, қаптал шапан - ішкі жағын астармен бидайлап, иректеп сырып, сыртын
бос жабады. Бұл шапан түрін қонаққа барғанда киеді.
Екіншісі - сырма шапан. Бұл бидайсыз, сырты мен астарын қосып сыриды.
Сырма шапанды шаруаға ыңғайлы деп санаған. Үшіншісі - тірсек жең шапан. Бұл
шапан түрін тізеден жоғары етіп киген,сосын ерлер де, әйелдер де
пайдаланған, мұны жүннен жадағай етіп те, қоңыр салқынды уақытта киетін
болған. Негізі барлық шапандар тыстық матадан тігіледі. Бірақ аса төзімдісі
барқыт болғандықтан, көбінесе осы мата түрінен тігілген.
Біздің қарастыратынымыз жадағай шапан. Бұл шапан түрін сыйлы
адамдарға сыйға тартады. Шапан жаға, жеңдерін жас мөлшеріне байланысты
өрнектеп жасаған. Беріліп отырған шапан өлшемі - 52.
Жұмсалатын мата көлемі егер мата ені 140 см болса, 4м. Өңір жағалары
мен жең аузына 1 м қатырма кетеді. Шапанды №90 машина инесімен және қол
тігістерін №7 инемен тігеді. Шапанды көктеуге №50 ақ жіп керек.Астарлық
мата ені 140 см болса, 3 м 50 см мата алынады. Зерлеуге қалауынша жіп
алынады.
Тігу технологиясы. Шапан өлшемін алып, үлгісін қағазға дайындаймыз.
Жасалынған үлгі бойынша, мата бетіне үлгіні қойып саламыз. Шапанның басқа
киімнен ерекшелігі, жотасы кең, арты түзу қиылған, иығы жеңге қарай
түсіңкі, кең қолтық, жең мөлшері де мол алынады.
1. Шапан ұзындығы -140 см,
2. Иық түспесі - 22 см,
3. Жең ұзындығы - 46 см,
4. Жең кеңдігі - 40 см,
5. Кеуде өлшемі - 26 см,
6. Артқы мойын ойындысын орама жағамен бірге пішеміз,
7. Арқаның алдыңғы бөлігі - 42 см,
8. Арқаның артқы бөлігі - 44 см .
Шапанның пішуге алынған өлшем бойынша орама жағамен бірге пішілген
алдыңғы екі өңірін түзулеп өлшеп, 3 см әдібін белгілеп алып, алдыңғы
боймен бірдей етіп жағамен қоса алдыңғы әдібін пішеміз. Алдыңғы өңірдің
қайырмасымен бірге тұтас пішілген жағаның астына қатырма қағазды өте
дәлдікпен қызған үтік көмегімен мұқият тегістеп жапсырамыз. Қатырманы
жапсырып болған соң, тегістелген өңірге қалаған ою-өрнекті сызамыз. Оюдың
екі топқа бөлінетінін еске түсіріп,таңдаймыз. Ою негізінен сызба ою, ойма
ою болып екіге бөлінеді. Ойып алып жапсырса ойма ою болады.Ойма оюдың шетін
тігін машинасы көмегімен торлауға болады немесе қолмен көркем тігіс
түрлерімен торланады. Ал сызба ою болса, оюды сызып алып, сол сызық үстімен
машинамен немесе қолмен тігіп шықса, сызба ою өрнегі болады. Сонымен
таңдалған өңір өрнегі мен жағасын өрнектеп шығамыз. Енді алдыңғы өңір
қайырмасына астар өңірін дәлме-дәл келтіріп түзулеп тігіп шығады. Шапанның
дайын болған алдыңғы екі өңірін,артқы өңіріне қосамыз. Шапанның алдыңғы
өңірдегі астарын жан тігісі үстіне келтіріп белгілейміз. Артқы бойдың
астарын алдыңғы бойдың астарына қосып тігеміз. Астар әдібін жасырын
бекітеміз. Алдыңғы бой мен артқы бойдың иық үстіндегі тігісін қосамыз.
Тігіс барысында тігін мен артқы бойға 1 см ірікпе жасаймыз. Өйткені, адам
жотасы дөңес келеді. Ішкі астардың алдыңғы боймен артқы бойдың иық тігісін
қосамыз. Жағаның артқы мойын тігіс түбін тігеміз, шапанға белбеу жасаймыз.
Шапанның жеңі үстіңгі және астыңғы жең деп екі бөліктен тұрады. Үстіңгі
және астыңғы жеңге дәлдеп астар пішеміз. Үстіңгі жеңге астыңғы жеңнің бауыр
тігісін қосамыз. Сосын 3 см жең аузы әдібін белгілеп, үтіктеп алып, жең
аузына қатырма жапсырамыз.Шапанға қандай өрнек түссе, сондай өрнекті дәл
сондай тәсілмен орындаймыз. Үстіңгі, астыңғы жеңді астарымен бірге артқы
тігісін қосамыз. Жеңді көктейміз, үтіктейміз. Шапанның тысын тысына,
астарын астарына келтіріп жең түбін орнатамыз. Көктеу жіптерін аламыз ,
үтіктейміз. Жұмысты аяқтаймыз.
2.3. Әйелдердің ұлттық киімін тігу технологиясы
Қамзол
Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте
қайнасып келе жатқан бай қазына. Қол өнерінің басты бір саласы – киім тігу.
Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір қасиетін жоймай, қол өнердің
озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан
қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Солардың бірі
қамзол.
Қамзолға қажетті құралдар: киім түсіне байланысты жіптер, 60 см
қатырма қағаз, астарлық атлас, шағи немесе торғын, қамзол тысына 1 м
қатипа, түймелік қапсырма, қатырма.
Тігу технологиясы: Матаны беттестіре екі бүктеп, тақта бетіне жайып,
сызбадағыдай саламыз. Ол үшін матаның ұзын бойына А нүктесінен Б нүктесіне
түзу сызық жүргіземіз.Енді матаның нүктесіне қарай А нүктесімен В нүктесін
белгілейміз. Кеуде өлшемін алғаннан кейін АВ сызығына параллель Г
нүктесінен Г1 нүктесіне сызық жүргіземіз, ол 12 см-ге тең. Бел өлшемін
анықтау үшін Т нүктесінен Т1 нүктесіне сызық жүргіземіз, ол тең 18 см-ге.
ТТ1 нүктелеріне параллель ББ1 нүктелерін белгілейміз. Бұл мықын өлшемі 27
см-ге тең. Артқы мойын ойындысын А және А1 деп белгілеп, 7 см-ге оямыз. Иық
үстіндегі тігіс сызығы АА1 нүктелері 13 см. Артқы бойдың арқасы 34 см ,
алдыңғы бойдың алды 32 см болады. Жалпы киім ұзындығын белгілеп сызамыз,
пішеміз, көктейміз. Үстіге кейіп өлшейміз. Мойын, жең түптерін бормен
сызып, белгілейміз. Бүкпелерінде аса дәлдікпен белгілеп түзулейміз.Бүкпелер
арақашықтығын дәлдікпен белгілеп, тексеріп аламыз. Жанындағы қоспа көктеу
тігісті сөгіп, алдыңғы екі өңірін беттестіріп алып, алдыңғы өңір әдібін
пішеміз. Алдыңғы өңірдің әдібіне дәлме-дәл етіп астарды пішеміз.
Бүкпелердің керекті орнын қатырамыз,сосын артқы бойға артқы астарын салып
жеке пішеміз. Алдыңғы екі бойға қатырманы жапсырамыз. Алдыңғы екі бойдың
өңір әдібін әдіптейміз. Тігеміз, үтіктейміз. Жас мөлшеріне байланысты
қалаған арнайы дайын өрнекті қамзолдың екі өңіріне сызамыз. Өрнекті қолмен
де , машина көмегімен де кестелеуге болады. Айшықты болу үшін ою шетіне
түзу сызықтар жүргіземіз. Астардағы бүкпелерді тігіп, үтіктейміз. Астарды
әдіп шетіне көктеп алып, түзулеп тігеміз. Астар тігілген әдіп шетін
көктейміз. Әдіп көтеріліп тұрмау үшін тиісті бекітетін орындарды бекітеміз.
Иық тігістерін қоспай тұрып , алдыңғы екі өңірге артқы бойды қосып тігеміз,
үтіктейміз. Киімді жайып, артқы бойды артқы бойға көктеп, машинаға тігіп,
үтіктейміз. Киімді жайып сыртқы етек әдібін түзулеп, 3-4 см-ге әдібін
қайырамыз. Әдіп шетін көктейміз. Әдіп ұшына астар ұшын келтіріп, дәлдікпен
көктейміз. Қамзолды иық жағынан аударып, етегін айналдыра машинамен
тігеміз. Киімді жайып, қолтық ойындысының түбін сиректеп, көктейміз. Сыртын
сыртына, астарын астарына келтіріп, иық тігістерін жүргізіп, үтіктейміз.
Желке ойынды түбін әдіппен бірдейлестіріп көмкереміз. Қолтық ойындысын
матаны 3 см етіп, қиғаштап қиып аламыз да, қолтық түбін айналдыра
көмкереміз. Көктеу жібін алып, үтіктейміз.
Кеудешелер жасау технологиясы. Жеңсіз, жылы астарлы кеудешелер
көптеген түрге бөлінеді. Арасына күспе салып тігілген жылы астарлы кеудеше
түймелі немесе сыдырмалы болып тігіледі. Алдына жапсырма қалта шеті
көмкерілген кеудеше киюге қолайлы. Сонымен қатар, түйе, қой жүндерінен
сырылып тігілген кеудешелер болады. Қалың матадан астарланып тігілген жұқа
жадағай түрлері бар . Сәндік кеудешелер де қымбат матадан өрнектеліп,
ұзынды, қысқалы қынама белді, бос жатқан тысты болып көптеген түрлерге
бөлінеді. Алды сыдырмалы, екі қалтасы бар, арасына күспе салған кеудеше
тігуге де болады. Қатипадан тігілген өрнекті кеудеше де алдында өрнегі бар
сәнді киім. Бұл қалың матадан астарланып тігілген кеудешенің екі жанының
жармасы бар. Артқы бойы тұтас алынған, алдында сыдырма түймелігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz