Технология пәнінде киім конструкциясын оқытуда ақпараттық оқыту технологияларды қолдану

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Технология пәнінде киім конструкциясын оқытуда ақпараттық оқыту
технологияларды қолдану
Технология пәні бейнелеу өнері, тарих, география т.б пәндермен тығыз
байланысты.Еңбек пәні арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгертіп
жастарды адамгершілік рухына тәрбиелей аламыз. Оқушыны ұқыптылыққа,
іскерлікке, әдемілікті сезініп оны қабылдауға, өнерге, шеберлікке
үйретеміз. Оқушыларды еңбекке қызықтыру арқылы еңбек адамын
қалыптастырамыз. Қазіргі кезде технология пәні оқушының өзіне қажетті
мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде ақпаратты ұсына отырып, өз
мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға да көмектеседі.
Ақпараттық технология құралдары білім беруді қазіргі заман талаптарына
сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып
икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс
қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін
әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз.Себебі, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс
жасау өте пайдалы, нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге
қызығады, компьютер оған білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.Жоғарғы
сынып оқушыларын киімді конструкциялау мен моделдеуге оқытуда, компьютерлік
технологияны меңгертуде өзіндік кемшіліктер кездеседі. Біріншіден,
Технология сабақтарында компьютерлік технологиялар кеңінен қолданылмайды,
тіпті компьютерлердің өзі сирек пайдаланылады, сондықтан мектеп
оқушыларының көпшілігі онымен жұмыс істей алмайды. Екіншіден, сабақ беретін
мұғалімдердің өздерінің компьютерде жұмыс істей білу біліктіліктері де
төмен болып келеді.
Технология оқу пәні - интегративті білім саласы. Оқушылардың
математика, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін
синтездеу арқылы матамен жұмыс жасауда, өндірісте, энергетикада,
байланыста, ауыл шаруашылығында т.б. бағыттарда пайдалану жолдарын
меңгертетін негізгі ғылым болып табылады.
Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу үрдісін жетілдіру жолында ең озық
әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен жұмыс
істеуде. Осыған сай ақпараттық технологиямен компьютерлік желілерді
пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп
келеді және бұл әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін
дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Ал, киім тігудегі ең маңызды және
қиындық тудыратын бөлімі киімнің лекалосын құрастыру болып табылады.Себебі
әр адамның дене бітімі әр түрлі болғандықтан оны есептеп
конструкциялағанның өзінде тікпес бұрын оны қайта тексеруге тура келеді,
оқушыларға алғаш киімді конструкциялауды үйреткен кезде де қиындықтар
кездеседі. Оқушыларға өлшемді дұрыс алып, оны есептеп шығару және сызу
үлкен қиындық тудырады. Осы мәселені шешу мақсатында киімдерді құрастыру
бағдарламалары шығарылған. Қазіргі кезде жаңа технологияларды тиімді
қолдана білсек бұл қиындықтыда шешуге болады. Жобалау процесіндегі
жобалаудың автоматты жүйесін, саланы басқару мен заманға сай ЭВМ жүйесін
қолдану көптеген жетістіктерге жеткізуде. Дәл қазіргі уақытта ЛЕКО, САПР,
конструктор, силует жүйесіндегі лекалдарды тұрғызу әдісі кеңінен
қолданылады. ЛЕКО жүйесі кез-келген біліктілікпен қажет лекалдарды
тұрғызуға, САПР конструктор дайын лекалдарды нүкте немесе өзіндік жүйе
жасау арқылы тұрғызуға, силуэт жүйесі технологиялық өндірістерді жылдам
реттеуге арналған. САПР көмегімен тігін мамандарының білімділігі арқасында
тәжірибе арқылы сауда қарқындылығын қанағаттандыруға болады. Бұл жеңіл
өнеркәсіпте қолданылатын бағдарламаларды оқу жүйесінде де қолданатын болсақ
оқушыларды киім конструкциялауға үйрету біршама жеңілдейді және болашақта
маман болып жұмыс жасаған кезде де пайдасы болмақ. Киім пішуге арналған
бағдарламаларды, оның ішінде: Генетика кроя, САПР ГРАЦИЯ, KEDWIN 7 3D+
бағдарламаларын сабақ кезінде қолдану оқу процесін жеңілдетеді.
САПР ГРАЦИЯ -да киім лекалосын құрастыруда классикалық,
аналитикалық, графикалық методтарды қолдануға болады. Киім құрастырушы
компьютермен (ЕМКО СЭВ, ЦОТШЛ, ЦНИИШП, Мюллер, Гриншпан, Кудряшов, Воронин
және т.б) методикалары арқылы киім лекалосын кез келген көлемде шығара
алады. Киім құрастыруға арналған (әйелдер, ерлер, қыздар,ұлдардың) дене
өлшемдері бағдарламаға автоматты түрде енгізіліп қойылған, немесе оған дене
өлшемдерін өзгертіп, қайтадан енгізуге болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz