Дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұжымдық, құқықтық түрлері, құрылымы


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұжымдық, құқықтық түрлері, құрылымы

Орындаған: Кемельбекова Ажар

БТ-507

Семей 2016

Әлемдік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілерді шағын және орта кәсіпорынға жатқызудың жалпы критерийлері ретінде персоналдар саны, жарғылық капиталдың мөлшері, активтерінің шамасы, айналым көлемі және басқаларын айтуға болады. Алайда айтарлықтай жиі қолданылатын критерийлерге келесілерді жатқызуға болады: кәсіпорындағы жұмыскерлер саны, кәсіпорынның жылдық айналымы және активтерінің мөлшері. Еуропалық Одақта 1995 жылдың бірінші қаңтарынан шағын кәсіпорындарға жұмыскерлер саны 50 адамнан, жылдық айналымы 4 млн экюдан, баланс сомасы 2 млн экюдан аспайтындар жатады.

Территория
Жұмысшылар саны
Микрокәсіпорындар
Шағын кәсіпорындар
Орта кәсіпорындар
Территория: ЕО
Жұмысшылар саны: 10 адам
50 адам
250 адам
Территория: АҚШ
Жұмысшылар саны: 20 адам
100 адам
500 адам
Территория: Ресей
Жұмысшылар саны: 15 адам
100 адам
250 адам
Территория: Қытай
Жұмысшылар саны: 1000 адам
3000 адам

Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын кәсіпорындарды жан-жақты дамыту болып табылады.

АҚШ. Ұлттық жұмыс күшінің 2/3 астамы шағын кәсіпкерлікке тартылған. АҚШта шағын кәсіпкерлік ел экономикасын оңалтуда шешуші рөл атқарды Бұл үшін АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретін құрылым - АҚШ шағын бизнес әкімшілігі бар. Сапалы, клиентке кең бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсіпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақытылы хабар ету - қызметтің мәні.

Соңғы кезеңдерде АҚШта шағын бизнес кеңінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар американдық барлық фирмалардың 99%-ын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі - ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 84%-ы саны 20-дан аспайтын, ал 80% 10-нан да аспайтын адам жұмыс істейді. АҚШ-та шағын және орта фирмалар өңдеуші өнеркәсіпте 21%, құрылыста 80%, көтерме саудада 86%, қызмет көрсетуде 81%. АҚШ экономикасында олар ғылыми-техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жартысына жуығын қамтамасыз етеді.

АҚШ кәсіпорындарының қазіргі заманғы меншігі жеке, мемлекеттік жіне кооперативтік меншіктің әр түрлі нысандарының кең спектрін қамтиды. Әрине, мұнда да жеке меншік басымдылыққа ие болатындығы даусыз. Олар бірнеше белгілері бойынша жіктеледі. Бірінші кезекте құқықтық нысандарына байланысты 3 негізгі категорияға бөлінеді, яғни корпорациялар, әріптестіктер, жеке кәсіпорындар. Сонымен кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарының шетелдік тәжірибелері бойынша жасалған зерттеулер біздің елдегі кәсіпорындардан айтарлықтай көп емес. АҚШта жеке кәсіпорын әріптестік заңды тұлға болып табылмайды. Әр әріптес бәр дауысқа ие, әр әріптеске салық жүргізу бөлек жүргізіледі. Бір адамның бірнеше толық әріптестікке қатысуына шектеулер қойылмайды. Командитті әріптестікте 1 адам бәр мезгілде толық әріптес те, жауапкершілігі шектеулі әріптес де бола алады. АҚШта толық әріптестік деп 2 немесе одан да көп адамдардың іскерлік операцияларды жүргізу мен табыс табу мақсатында бірігуін айтады. Мұндай нысан заңды тұлға болып табылмайды және әріптестердің жауапкершілігі шектелмеген. Мұнда әр әріптес 1 дауысқа ие болады және бірнеше толық әріптестікке қатысуға шектеу қойылмайды.

Әлемдік тәжірибеде ең кеңінен тараған ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға - акционерлік қоғам. Көптеген елдерде акционерлік қоғамдар туралы заңнамалар айтарлықтай жақсы әзірленген және жіті қаралған. Германияда бұл облыстағы негізгі құқық көзі 1965 ж Акционерлік заң, ал Францияда 1966 ж 12 шілдедегі заң саналады. АҚШ-та акционерлік заңнаманы жекелеген штаттардың кәсіпкерлік корпорациялары туралы заңдары құрайды. АҚШтың кооперативті құқығына сәйкес, корпорациялар 2ге бөлінеді:

  1. Акционерлер саны шектелмейтін «С» компаниялар
  2. Акционерлер саны 35-тен аспайтын және жеке тұлға ретінде салық салатын «S» компаниялар.

Германия . Германдық бизнестегі қағидалар:

  1. Мемлекеттік қолдауға емес, шағын және орта кәсіпкерліктің дербестілігіне басымдылық
  2. Тиімсіз кәсіпорындар нарықтан кетуі керек
  3. Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің қаржылай көмек беруі үшін негізгі талап - несиеге қабілеттілікке тірек болады.

Германиядағы шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы - ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. 2-ші сипаттама - кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулілігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін 2 жақтың да бірдей мүдделігін, ынталығын тудырады. 3-ден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлдің маңыздылығы. 4-ден, істі жанұялық негізде жүргізу, 5-ден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі - кәсіпорынды қаржыландыру мәселесі.

Германиядағы ұсақ кәсіпорындар - жұмыс істейтіндер саны 1-ден 49 адамға дейінгі, жылдық айналымы 1млн маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар;

Орта кәсіпорындар - жұмыс істейтіндер саны 50-ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн-нан 100 млн-ға дейінгі орта кәсіпорындар.

Германияда статистикалық есептеу тәртібіне байланысты 1. 9 млн шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп, олар салалары бойынша мынадай болып бөлінеді; қол өнерінде 537 мың, саудада 255 мың, өнеркәсіпте 108 мың, қызмет көрсету саласында 665 мың, еркін мамандық секторы - 360 мың. Елдегі шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы - барлық еңбекке жарамды адамның 2/3 бөлігін қамтып, кадрлардың 85 пайызын сондағы ЖОО-ларында оқытып қамту.

Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты қағида - өздігінен, мүмкіндігінше өз бетімен дамуды ынталандыратын көмек беру болып табылады.

Мемлекет
Шағын кәсіпорындар саны (микромен қоса есептегенде), млн. Ед.
Айлық көрсеткіштің 1000 адамға қатынасы.
Экономикалық-белсенді халық млн. адам.
Мемлекет: АҚШ
Шағын кәсіпорындар саны (микромен қоса есептегенде), млн. Ед.: 27
Айлық көрсеткіштің 1000 адамға қатынасы.: 86
Экономикалық-белсенді халық млн. адам.: 158. 9
Мемлекет: Ұлыбритания
Шағын кәсіпорындар саны (микромен қоса есептегенде), млн. Ед.: 5, 2
Айлық көрсеткіштің 1000 адамға қатынасы.: 81
Экономикалық-белсенді халық млн. адам.: 32. 8
Мемлекет: Германия
Шағын кәсіпорындар саны (микромен қоса есептегенде), млн. Ед.: 2, 1
Айлық көрсеткіштің 1000 адамға қатынасы.: 26
Экономикалық-белсенді халық млн. адам.: 41. 9
Мемлекет: Франция
Шағын кәсіпорындар саны (микромен қоса есептегенде), млн. Ед.: 2, 4
Айлық көрсеткіштің 1000 адамға қатынасы.: 38
Экономикалық-белсенді халық млн. адам.: 30. 2
Мемлекет: Қытай
Шағын кәсіпорындар саны (микромен қоса есептегенде), млн. Ед.: 15
Айлық көрсеткіштің 1000 адамға қатынасы.: 11
Экономикалық-белсенді халық млн. адам.: 793. 3
Мемлекет: Ресей
Шағын кәсіпорындар саны (микромен қоса есептегенде), млн. Ед.: 2, 1
Айлық көрсеткіштің 1000 адамға қатынасы.: 14
Экономикалық-белсенді халық млн. адам.: 77

Франция, Германия мемлекеттерінде әріптестік емес серіктестік деп аталады. Франция толық, сенім серіктестіктері заңды түрде танылса, Германияда заңды тұлға ретінде танылмайды.

Толық серіктестіктер шетелдерде кең тарамаған және ол тек шағын және орта кәсіпорындар үшін ғана қолданылады. Германияда толық серіктестік ісін жүргізуге тек қатысушы ғана уәкілеті болуы мүмкін, қатысушының бір мезгілде басқа серіктестіктің толық қатысушысы болу құқығы шектелген.

Германияда командитті серіктестік заңды тұлға болып табылмайды және кооперативті табыс салығын төлемейді. Коммандитті серіктестікте іс жүргізу құқығы толық серіктестіктерге берілгенімен, олардың жасаған қандай да бір әрекетіне коммандиттер қарсылық білдіруі мүмкін.

Германияда кооператив деп мүшелерінің саны шектелмеген қоғамды айтады. Оның мақсаты кәсіпкерлік қызметті бірлесіп жүргізу арқылы олардың мүшелерінің шаруашылық қызметті жүргізуі немесе табыс алуға әрекет етуі болып табылады. Оның мүшелерінің саны 7-ден кем болмауы керек.

Қытай . Қытайда жүргізілген экономикалық реформаралардың нәтижесінде 1992 жылдан бастап 9 негізгі экономикалық секторлар (меншік нысандары) анықталса, оның өзі 21 ішкі секторға бөлінді. Реформалардың жүзеге асырылып нақты нәтижесіне жеткенге дейін мемлекеттік кәсіпорындардың басым бөлігі зиянмен жұмыс істеді. Сондықтан олардың табыстылығын арттыру мақсатында олардың 1 бөлігі акционерлік кәсіпорынға, енді 1 бөлігі бірлескен кәсіпорындарға және қалғандары өзге де нысандарға айналдырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Өндірістік істің қорытындысы
Кәсіпкерліктің нарық жағдайындағы дамуының теориялық аспектілері
Франция мемлекетіне жалпы сипаттамасы
Фирма теориясы
Нарықты экономикаға өту шартындағы жеке кәсіпкерліктің қалыптасуы
Кооператив мүшелерінің экономикалық қатысуы
Кәсіпкерлік және оның Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы рөлі
Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz