Арқайым қалашығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Арқайым қалашығының ашылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.5
Арқайымды мекен еткен тайпалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.8
«Қалалар елі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.12
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14 
Қазақстанның ұлан-байтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, қалалық өмір-тіршілік дамыған, ірі тарихи-мәдени аймақтар мен қалалар қалыптасқан. Сондай қалалардың бірі ретінде ХХ ғасырдың ең басты да маңызды жаңалығы - Арқайым қаласын мысалға келтіре аламыз.
Археологтар қола дәуіріне жататын ондаған қоныстарды тапты, олардың көпшілігінде қазба жұмыстарын жандандырып, қола кезеңінің қоныстары мен тұрғын үйлерінің сипаты туралы деректер жинады.
Б.з.д XVII-XVI ғғ. Оралдан Есілге дейін созылып жатқан дала және орманды дала зоналарында, сырттарынан қорңаныс құрылыстарымен – ағаш дуалдармен, терең орлармен, мұнаралармен және басқа да күрделі тамдармен бекітіліп тасталған, тікбұрышты және шеңбер түрінде жоспарланған қоныстар көп болған. Арқайым қаласы – қорғаныс құрылымдары екі концентрлі шеңбермен қоршалған, жоба-жоспары дөңгелектеніп барып бітетін аумақты учаске. Қазіргі кезде ол жерден екі шаһардың орны табылған. Олардың жалпы ауқымы солтүстіктен оңтүстікке қарай 400, шығыстан батысқа қарай 200 км.созылып жатыр. Тобыл мен Орал өзенінің бойына салынған оның бүкіл аумағы 20 мың шаршы шақырым, қазылған алаңының көлемі - 8 мың шақырым.
Шаһарлар белгілі бір архитектуралық заңдылыққа бағындырылып салынған. Бірі жұмыртқа пішіндес, екіншісі тең бүйірлі дөңгелек түрінде жоспарланған. Үшіншісі төрт бұрышты қамал тәріздес.
Археологтар солардан табылған заттарға қарап, алғашқысы әскери-діни, екңншісі – азаматтық тұрғын қала, ал соңғысы іскери қорған болған деп болжам жасап отыр.
1. Қазақстантарихы (очерктер) Алматы, «Дәуір» баспасы, 1994 – 24-25бет
2. Қазақстан тарихы, Алматыкітап 2007 – 20 бет
3. Шаяхмет А. «Арқайым – өткен күннің шежіресі», 2002 №7 16-17 бет
4. Орманов Қ. Арқайым – күндердің күн қалас, Алтын Орда 2002
5. Нарымбаева А. «Арқайым бағзы түркілер дүниеге әкелген әлемдік өркениеттің ошағы» Ана тілі газеті 2010, 18-24 қараша №46 – 11 бет
6. Мүсірепов Ғ. «Нұр Астана» 2004, 30 қыркүйек – 5бет

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Арқайым қалашығының ашылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...4-5
Арқайымды мекен еткен тайпалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-8
Қалалар елі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-1 2
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Кіріспе
Қазақстанның ұлан-байтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, қалалық өмір-тіршілік дамыған, ірі тарихи-мәдени аймақтар мен қалалар қалыптасқан. Сондай қалалардың бірі ретінде ХХ ғасырдың ең басты да маңызды жаңалығы - Арқайым қаласын мысалға келтіре аламыз.
Археологтар қола дәуіріне жататын ондаған қоныстарды тапты, олардың көпшілігінде қазба жұмыстарын жандандырып, қола кезеңінің қоныстары мен тұрғын үйлерінің сипаты туралы деректер жинады.
Б.з.д XVII-XVI ғғ. Оралдан Есілге дейін созылып жатқан дала және орманды дала зоналарында, сырттарынан қорңаныс құрылыстарымен - ағаш дуалдармен, терең орлармен, мұнаралармен және басқа да күрделі тамдармен бекітіліп тасталған, тікбұрышты және шеңбер түрінде жоспарланған қоныстар көп болған. Арқайым қаласы - қорғаныс құрылымдары екі концентрлі шеңбермен қоршалған, жоба-жоспары дөңгелектеніп барып бітетін аумақты учаске. Қазіргі кезде ол жерден екі шаһардың орны табылған. Олардың жалпы ауқымы солтүстіктен оңтүстікке қарай 400, шығыстан батысқа қарай 200 км.созылып жатыр. Тобыл мен Орал өзенінің бойына салынған оның бүкіл аумағы 20 мың шаршы шақырым, қазылған алаңының көлемі - 8 мың шақырым.
Шаһарлар белгілі бір архитектуралық заңдылыққа бағындырылып салынған. Бірі жұмыртқа пішіндес, екіншісі тең бүйірлі дөңгелек түрінде жоспарланған. Үшіншісі төрт бұрышты қамал тәріздес.
Археологтар солардан табылған заттарға қарап, алғашқысы әскери-діни, екңншісі - азаматтық тұрғын қала, ал соңғысы іскери қорған болған деп болжам жасап отыр.

Арқайым қалашығының ашылу тарихы
Арқайым 1987 жылдың жазында, Су шаруашылығы министрлігінің жоспары бойынша Қараған алқабының (Ресей, Челябинск обл.) табанын су қоймасына айналдыру жобаланған кезде ашылған болатын. Геннадий Зданович бастаған Челябинск мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы су астында қалмақшы жерлерді алдын ала зерттеуге келген кезде плотинаның құрылысы басталып та кеткен, үш миллион сомның ақшасы игеріліп қойған еді. Экспедицияның бір тобы Үлкен Қараған мен Өтеген (Утяканга) өзендері аумағын зерттей бастады.
Археологтар арасындағы бір бала (дала жұмыстарына оқушы балалар да тартылған болатын) кенеттен қорғанның құланды қалдықтарын таптым дейді. Шіркіннің тапқышын-ай, кімнің жаңалық ашқысы келмейді!? деп алғашында келеке қылғандар оның көрсеткен жеріне келгенде, ауыздары ашылып, сілейіп тұрып қалды: қалайша көне бекіністі тұрақтың анық білініп жатқан қирандыларына ешқайсысы назар аудармаған. Осыған жетеқабыл дәл осындай адам тұрағын Сынтасты өзенінің жанынан Г.Здановичтің өзі де тауып, сенсациялық жаңалық жұртқа жария болды. Университет ғалымдары Арқайым табылған көне қорымға Қалалар мекені деп ат қойып, тарихтың тұңғиығына тереңдете түсті. Қала Египеттің орта патшалығы тұсында салынған пирамидалариен жасты деген тұжырым жасалды.
Арқайым әуе кеңістігінен қарағандағы көрінісі кісіні еріксіз тағдандырады: төменде мөрге, дөңгелекке ұқсас қала сұлбасы айқын көрінеді.
Бұл қала жұртына ат қойып, айдар тағар кезде Арқайым атауы таңдалды, өйткені жақын маңда осы аттас тау бар бар.
Аяқасты табылған бұл олжа шынында да баға жетпес құндылық: адам баласы тиіспеген, табиғат стихиясына ұшырымаған, бұзылмай, толық қалпында сақталған қала андронов қала мәдениетінің ғажайып бір иллюстрациясы болатын. Арқайым ғалымдары Оңтүстік Орал мен Қазақстанның қола ғасыр тприхына, жалпы Тұран тарихына жаңаша қарауға мәжбүрлеген көне заманның ғажайып бірегей жәдігерә, әлем мәдениетінің теңдессіз ескерткіші.
Арқайым сырын аша білгенге өзінің жай ғана елді мекен емес,астрономиялық тұтас құрылым екендігін де аңғартты. Аспан денелерінің қозғалысын бақылауға лайықталған ғылыми жүйе болғандығы уақыт өткен сайын анықтала түсті. Қала бұл ретте аты аңызға айналған Стоунхэндж тарихи астрономиялық кешенімен терезе теңестіре алатын еді. Ал Стоунхэндж мәдениеті б.з.д XVII-XVIII ғасырға жатады. Ендеше, Арқайым заманы бұдан әрі болмаса, бері емес.
Арқайымның ерекшеліктерінін бірі - 20 қаланың тұтас формасы шығысқа қарай сұғынған сына секілді. Солтүстік жағы - жайпақ, күншығысы - сүйір. Алып шаһарларды салған елдің келешек бағытын тапжылмай көрсетіп тұратын белгі секілді елестейді.
Таңқаларлығы сол - Арқайымның маңайында қола рудасы өте аз, сондай-ақ көмір жасайтын ағаш та қалың өспеген. Геологтармен металлургтер осында қорытылған қоланың кені Орал аймағынан еместігін анықтап отыр. Сонда қала тұрғындары аса көп мөлшерде қажет болған кен көзін қайдан алған? Оларға осынша қола не үшін керек еді? Бұл сауалдарға жауап жоқ.

Арқайымды мекен еткен тайпалар
Үнді иран тектес ірі ғалым Мэри Бойс арқайымдықтарды арилер деп есептейді.
Арилер кім?
С.Г.Кляшторный мен Т.И.Султановтың дәлелдемелеріне сүйенсек, қазақ халқы ежелгі жалғыз нәсілдің тарамдалып шыққан екі бұтағының бірінен бастау алады. Онығ бірі б.д.д ІІІ-ІІ мыңжылдықта Волгагың батыс жағын мекендеді, Еділ бойында Қазақстанның кең даласында көшіп жүрді, үндіеуропа тілдері мен еуропалық расаның қалыптасуына негіз болды.
Екінші бұтағы орталық азиялық рең алып, түрік тілі мен монғол кескінді расаның толысуына ықпал етті. Осы екң топтың 2-3 мың жыл тоғысуынан болған этникалық шоғырлану қазақ тектес және онымен қандас этникалық орта құрды.
С.Г.Кляшторный және басқа тарихшы-этнографтардың көп жерттеуінің түйінін айтсақ, түркі тектестердің сол көшбасында ари халқы тұр. Арилдерден кейінгә ұррақ - аты әйгілі саұтар.
Сонда өзіміз тамсана сөз еткен, Челябі ғалымдары тапқан, әлем зерттеп жатқан қала , түпкі тегіміз арилердің шаһары болып табылады.
Арилер елі бағзы заманда Аранам Вайджа, яғни арилер даласы аталған. Осыдан үш мың жыл бұрын сол далада Заратушра есімді кемеңгер белгілі болды. Ол адамзатты жалғыз,ештеңеден жаратылмаған,мәңгілік құдайға жүгіндіруді мақсат етті. Осы хақтағаланың аты Ахура Мазда еді.
Заратуштра уағыздаған құдайдың жолы ақ ниет,жақсы сөз, игі іс болатын.осыүш құдірет түптің түбінде қара ниетті рух - Анхра Маньюді жеңіп, әлемде ізгілік орнауға тиіс.
Ари ғұламасының жаіа діні мен оның мәні, шығу төркіні, сол замандағы наным-сенімдерді арнайы зерттеген ғалымдар В.И.Абаев (Скифо-еврорпейские), Мэри Боис Зароастрийцы. Верование и обычаи), С.Г.Кляшторный, В.Х.Лившин,А.Г.Максимова, А.С.Ермолаева, А.Н.Марьяшев (Наскальные изображения урочища Тамгалы), А.Г.Медоеы (Гравюры на скалах), Ә.Марғұлан (Ежелгі жыр-аңыздар) еңбектеріне сүйене отырып, Заратуштраның әлеміне қысқаша үңілір көрелік.
Пайғамбар сынды ғұлама жалғыз құдайға жүгіну идеясын өзінің алдындағы даналардан еншілесе керек. Ол әлем, жер-жаһан өмір сүру мерзімінің соңғы кезеңіне таялды деп есептелді. Бұл тұста біте қайнасып келген Жақсылық пен Зұлымдық ажырайды, енді әрбір жекеадам зұлымдықпен өз бетінше күресе алады. Сол арқылы адамзат ізгіліктің туын биіктетіп, жер бетінде сүт қзендері ағып жататын жұмақ орнатады.
Қарап отырсақ, Заратуштраның уағызы қазіргі Ислам дінінен бөтен емес, ол да ақырзаманмен жұмақ, иман туралы баяндайды.
Заратуштра,оның өмірбаянын зерттеушілердіңдеректері бойынша, ари елінің Спитама руынан шыққан, Поурушаспадеген кісінің перзенті. Әкесінің есімі - сұр аттылы деген ұғымды береді.
Ғұлама діндар бай болмапты. Заратуштра сөзі сол заманда кәрі түйелі немесе түйе айдаушы деген мағынада айтылған.
Заратуштраның туған жері өте даулы мәселе. Көбіне Батыс не Шығыс Иран айтылады, кейінгі жылдары Орта Азия қарастырыла бастады. Бізге жақын тұжырымдардың бірі және бірегейі Р,Фрайдың қорытындсы. Ло пайғамбар ШығысИранда туған дейкеліп, тілдік тортасы жағынан Орта Азияда, Гераттан да төменде деген байламға тоқтайды.
Осы жереде бір ьтарихи белес бар. Ол - үнділерлің жер-жаһанға Ұлы даладан, қазіргі қазақ даласынан тарағаны. Фрай Заратуштраның тілі арилердің алғашқы тіліне, үнді иран тілдері ұқсас болған кездегі тілге жақындығын, Авестадағы аңыздр үнділерде де бар еккнін айтады.
Кіндік жерінен шартарапқа бытыраған үнділер Авестадағы Митра имнін ұзақ уақыт есте сақтаған. Ал қазақ, түркі жұртыболса, Авестадағы мифтерді ертегі, қисса түрінде ұрпақтан-ұрпаққа оздырды, Заратушраның жалғыз хақ - Тәңірлік танымын ұстап қалды. Бұл сенім күні бүгінге дейін өшкен жоқ.
Ендеше Заратуштраның отаны Ұлы дылы, арилердің кіндік жері - Арианам Вайджа, яғни Сырдария атырабы, Каспий аймағы екендігі күмансыз.
Авеста аңыз срынында сомдалғанымен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуірі кезеңіндегі Қазақстан
Тас және қола дәуірінің кезеңдері
Қала мәдениеті тарихын оқыту
Андронов дәуірінің шеберлері
Андронов мәдениеті археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері
Андронов мәдениетінің кезеңдері
ҚР территориясындағы тас және қола дәуірлері
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ
Жылқы
Пәндер