Жамбыл облысы, қордай ауданы жағдайындағы картопты өсіру технологиясы
Жоспары:
I. Кіріспе
Жамбыл облысы, Қордай ауданының табиғи климаттық жағдайы
1.1. Жамбыл облысы, Қордай ауданы жағдайындағы картопты өсіру технологиясы
1.2. Картоптың аурулары
1.3. Картоптың зиянкестері
1.4. Картоптың арамшөптері
II. Негізгі бөлім
2.1. Жалпы қорғау шаралары
2.2. Химиялық қорғау шаралары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауыл шаруашылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын
зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арамшөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қаракүйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т.б.)дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді.Талдау бойынша микотоксиндер жоғарыулы заттарға (ЛД501,6 -30 мг/кг) жатады.
Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндіктер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн.дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады. Қазақстанда 2000 жылы жәндіктердің ішінде шегірткенің кең көлемде таралып, егістіктер мен шабындықтарға орасан зиян келтіргені белгілі. Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Өсімдікті химиялық заттармен қорғау осыдан 2000 жыл бұрын басталған. Демокрит (б.э.б.460 -380 ж.) өсімдікті аурулардан плинус (б.э.б. 79 -23ж) күл, ұсақталған кипарис жапырақтарын және сұйытылғын зәр ерітіндісін өсімдікті қорғау үшін ұсынған. Қазіргі кезде жер шарында адамзат саны жылдан жылға өсуде. Болжам бойынша дүние жүзінде 2040 жылдары халық саны 8,5 млрд. құрауы мүмкін, ал адамзатқа жер өңдеу өнімдерінің мөлшері бірнеше есе артуы тиіс. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т.б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470 ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицидтер тізімін 249 дана құрайды. Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді. Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қ.К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А.Шестакова, С.С.Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» [1] 54-61бет
2. Агроинформ №5, Май 2007. Пестицидтердің Ауыл шаруашылық дақылдары мен қоршаған ортаға әсері. 13-14бет [3] 32-41бет
3.Энтомология, Ә.Т.Тілменбаев, Г.Ә.Жармұхамедова. Алматы, Қайнар,1994.[4] 87-89 бет
4. 2013-2022 пестицидтер тізімі.
5. Сағитов А.О., Исенова Г.Ж., Рвайдарова Г.О., Нұржанов Ө.С., Қалмақбаев Т.Ж. Өсімдікті химиялық қорғау. 122-145 бет [5]
1. Қ.К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А.Шестакова, С.С.Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» [1] 54-61бет
2. Агроинформ №5, Май 2007. Пестицидтердің Ауыл шаруашылық дақылдары мен қоршаған ортаға әсері. 13-14бет [3] 32-41бет
3.Энтомология, Ә.Т.Тілменбаев, Г.Ә.Жармұхамедова. Алматы, Қайнар,1994.[4] 87-89 бет
4. 2013-2022 пестицидтер тізімі.
5. Сағитов А.О., Исенова Г.Ж., Рвайдарова Г.О., Нұржанов Ө.С., Қалмақбаев Т.Ж. Өсімдікті химиялық қорғау. 122-145 бет [5]
Жоспары:
I. Кіріспе
Жамбыл облысы, Қордай ауданының табиғи климаттық жағдайы
1.1. Жамбыл облысы, Қордай ауданы жағдайындағы картопты өсіру технологиясы
1.2. Картоптың аурулары
1.3. Картоптың зиянкестері
1.4. Картоптың арамшөптері
II. Негізгі бөлім
2.1. Жалпы қорғау шаралары
2.2. Химиялық қорғау шаралары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауыл шаруашылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын
зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арамшөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қаракүйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т.б.)дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді.Талдау бойынша микотоксиндер жоғарыулы заттарға (ЛД501,6 -30 мгкг) жатады.
Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндіктер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн.дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады. Қазақстанда 2000 жылы жәндіктердің ішінде шегірткенің кең көлемде таралып, егістіктер мен шабындықтарға орасан зиян келтіргені белгілі. Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Өсімдікті химиялық заттармен қорғау осыдан 2000 жыл бұрын басталған. Демокрит (б.э.б.460 -380 ж.) өсімдікті аурулардан плинус (б.э.б. 79 -23ж) күл, ұсақталған кипарис жапырақтарын және сұйытылғын зәр ерітіндісін өсімдікті қорғау үшін ұсынған. Қазіргі кезде жер шарында адамзат саны жылдан жылға өсуде. Болжам бойынша дүние жүзінде 2040 жылдары халық саны 8,5 млрд. құрауы мүмкін, ал адамзатқа жер өңдеу өнімдерінің мөлшері бірнеше есе артуы тиіс. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т.б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470 ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицидтер тізімін 249 дана құрайды. Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді. Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану өте маңызды. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспейтін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицидтердің қалдық мөлшерлері қоршаған орта нысандарында жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Пестицидтер - химиялық улы заттар, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаның биологиялық нысандарына, адам өмірі мен жануарлар әлеміне қауіпті. Химиялық заттар өсімдіктерді қорғауда, олардың сыртқы пішінін, дәм сапасын және азық түлік құнарлылығын өзгертіп, өсімдік бойындағы зат алмасу процестеріне әсерін тигізеді. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарын, орман және жайылым алқаптарын зиянды ағзалардан қорғау үшін пайдаланылатын пестицидтердің қолдану регламентін (мерзімі, жұмсалу мөлшері, қайталау) қатаң түрде сақтау қажет. Жамбыл облысы, Қордай ауданының климаты континенттік, қысы-жазы жиі-жиі Қордай желі соғып тұрады. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы - 8 - 10 °C, шілдеде 22 - 24 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 - 350 мм, олардың басым бөлігі күз және қыс айларында жауады. Аязсыз мерзімі 150 - 180 күн. Аудан жерімен Шу өзенінің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты, Қарақоңыз, Қақпатас (Қақпақтас), Кіндіктас пенЖетіжолдан бастау алатын бірнеше кішігірім өзендер ағады. Ауданның орталық және оңтүстік-шығысынан Іле өзенінің алабына жататын, жазда құрғап қалатын Жаманты, Иірсу, Өзынсу т.б. өзендер ағады. Қақпатас, Қарақоңыз өзендері алабында осы өзендердің атымен аталатын бөгендер салынған. Олардағы судың жалпы сыйымдылығы 18,7 млн. м³. Олар аудан шарушылықтарының 4,5 мың гектар жерін суарады және суландырады. Одан басқа аудан аумағында Алтыайғыр, Майбұлақ және Қалғұты тоғандары бар. Шу өзенінен бірнеше каналдар тартылған. Олардың ең ірісі - Георгиевка каналы. Аудан жерінде қоңыр, шалғынды қоңыр, шалғынды сор, қызыл қоңыр, солтүстігінде (Қопа және Қараой жазығында) сұр, сортаңды сұр топырақ қалыптасқан. Онда жусан, бетеге, боз, сұлыбас, сораң шөптер, қамыс, шырғанақ, тал өседі. Жануарлар дүниесінен таутеке, елік, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, құстардан тау күркетауығы, тырна, бұлдырық, қырғауыл т.б. тіршілік етеді.

Картоп өсірудің өндірістік (индустриальная) технологиясы төмендегідей негізгі элементтерді қарастырады:
1) картоп плантациясын дұрыс орналастыру:
2) топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін жасау;
3) органикалық және минералды тыңайтқыштардың жеткілікті мөлшерін (нормасын) енгізу;
4) алдын-ала қырқалар тілу;
5) отырғызылатын түйнектерді сапалы дайындау;
6) жоғары өнімді картоп отырғызатын машиналарды пайдаланып дер кезінде және сапалы түрде түйнектерді отырғызу;
7) уақытында күтіп-баптау (агротехникалық және химиялық тәсілдерді тиімді жүргізе отырып арамшөптерге, зиянкестерге, ауруларға қарсы тиімді күрес жүргізу);
8) шабу немесе десикациялау арқылы дер кезінде сабақ-жапырақ массасын аластату;
9) сапалы жинау және түйнектерді жинағаннан кейін сақтауға дайындау.
Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Картоп өніміне керекті қоректік заттарға азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, күкірт, бор, марганец және т.б. заттар жатады.Өсімдік тіршілігінде әрбір қоректік заттың өзіндік орны бар, солардың біреуі жетіспесе өсімдік ойдағыдай өсіп-дамымайды.Органикалық тыңайтқыштардың өсімдіктің өнімін көтеру жолындағы маңызы өте зор. Себебі олар өсімдікті керекті қоректік заттармен қамтамасыз етумен қатар, Органикалық тыңайтқыштар құрамында өсімдікке керекті барлық қоректік заттар орта есеппен 1 т шіріген көң құрамында 5 кг азот, 2,5 кг фосфор, 6 кг калий және 3,5 кг кальций бар.Картопты отырғызу. Картоп отырғызуды мүмкіндігінше ерте 10 -- 12 см топырақ тереңдігінде жылу 6-70 жеткенде бастаған дұрыс. Мұндай мүмкіндіктер Солтүстік Қазақстан жағдайында сәуірдің соңғы онкүндігі - мамырдың бас кезінде болады. Осы мерзімде отырғызылатын картоптың тамыр жүйесі қуатты түрде дамиды, өйткені салқын температурада жер үсті массасына қарағанда өсімдіктің тамыры тезірек өседі. Картоп ең алдымен механикалық құрамы жеңіл, ал сонан соң ауыр топыракқа отырғызылады. Кесілген түйнектерді қолайлы мерзімнің соңында отырғызады. Аймақ шаруашылықтарында көктем ерекшеліктерін, өсірілетін сорттар және баска факторларға байланысты картоп отырғызуды 15 -- 17 мамырдан кешіктірмей аяқтау қажет. Оңтүстік облыстарда картоп отырғызуды жаздық астық дақылдарын сепкеннен соң, 7-8 күнде аяқтаған тиімді.Картоп отырғызудың негізгі әдісі-қатараралығы 70 см кең қатарлы әдіс. Шамалы қоректену алаңы ерте пісетін сорттар және ұсақ түйнектері, ал кең қоректену алаңы орташа мерзімде және ортадан кеш пісетін сорттарда және орташа іріліктегі және ірі түйнектерді пайдаланғанда байқалады. Суармалы жерлерде картоп жиі отырғызылады -- гектарына 50-57 мың өсімдік (70х25, 70х28 см), ал суарылмайтын жағдайда -- 35-40 мың (70х35, 70х40 см). Тілінген қырқаларға отырғызғанда саздақ топырақта сіңіру тереңдігі 6 -- 8 см, ал кұмдақ топырақта 8-10 см. Суармайтын жағдайда өсірілетін картопты тегіс, немесе жартылай қырқаларға 12 -- 14 см тереңдікке отырғызады.
Егістікті күтіп-баптау. Ерте кезде жүргізілетін ең қарапайым және тиімді күтім әдісі картоп көгі шыққанға дейін және ол шыққаннан кейін алқапты тырмалау болып табылады. Тырмалауға картоп отырғызғаннан кейін 5-6 күннен соң кіріскен дұрыс және 6-7 күннен кейін қайталау керек, ал үшіншісін картоп көгі шыққаннан кейін жүргізу қажет. Тегіс алқаптарға отырғызылған картопты отырғызу бағытына көлденең немесе айқыш-ұйқыш бағытта тырмалайды. Қырқаларға отырғызылған картопты қырқалар бойымен тырмалайды және осы мақсат үшін сеткалы немесе ротациясы мала қолданылады, кейде қырқалар бағытына қарай тістері майыстырылған
Картопты суару. Қуаңшылықты аймақтарда 1 центнер картоп түйнегін қалыптастыруға орта есеппен 15 м3 су қажет екендігі белгілі . Осы жағдайларда гектарынан 200ц картоп түйнегін алу үшін ғана 3000м3 су қажет. Егер сөзсіз шығынды ескерсек атмосфералық ылғал мөлшері ылғи жоғары өнім алуға мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан картопты суару оны күтіп баптау жүйесінде ерекше орын алады.Суару мөлшері суару тәсіліне, топырақ құрамына қарай өзгереді . Еліміздің көптеген аудандарында құмдауыт топырақтарда тиісті ылғалдылықты қамтамасыз ету үшін 600-800 м3га дейін су беріледі. Картоп жинау -- оны өңдірудегі барлық жұмыс жиынтығының ішіндегі көп еңбек сіңіруді талап ететін операция. Картоп өсіруге кететін барлық шығынның 50 -- 60 пайызы осыған жұмсалады.Азық-түліктік картопты түйнектердің толық физикалық пісуі жеткен кезде, яғни сабақтары мен жапырақтары солып кураған кезде жинай бастайды. Алайда, Солтүстік Қазакстанда өсіп-өну кезеңі қысқа және жаздық екінші жартысында жауын-шашынның көптігіне байланысты картопты көп жағдайда жапырағы мен сабағы көктей кезінде (әсіресе ортадан кеш пісетін сорттарын) жинауға тура келеді. Күзгі тұрақты үсік түскенше картопты 25 -- 30 күнде жинап бітіру үшін, тамыздың үшінші онкүндігінде жинауды бастау кажет, ол үшін әуелі ерте пісетін сорттардан бастайды да 20 қыркүйектен қалдырмай толық жинап бітіру керек.
1.2. Картоптың аурулары
Картоп аурулары - картоп дақылында саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар және микоплазмалар қоздыратын өсімдік аурулары.Олардың ішінде республикада аса кең таралып, көп зиян келтіретіндеріне фитофтороз, альтернариоз, макроспориоз, түйнектердің актиномикозды және қара таз қотырлары, сақиналы және фузариозды шіріктері, әр түрлі вирустар мен вироидтар және микоплазмалар қоздыратын аурулар жатады. Картоп фитофторозын төменгі сатыдағы оомицеттер (Oomycetes) класына жататын Phytophthora іnfestans саңырауқұлағы қоздырады. Ауру белгілері. Алғаш жапырақ ұштарында қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Кеселдің дамуына жағдай қолайлы болса, жапырақ тақталары мен сабақтарында бір-бірімен ұласып жататын, қоңырқай немесе қара қоңыр үлкен дақтар пайда болып, олар тез арада солып, қурап кетеді. Ауа өте ылғалды, жаңбыр мол жылдары дақтардың үстінде ақшыл сирек ұлпа түзіледі. Ауру қатты өршіген жағдайда. Картоп егісі бар-жоғы бір-екі аптаның ішінде қарайып, толық қурап, ал жаңбыр мол болса шіріп кетуі мүмкін. Фитофтороз картоптың түйнектерін де залалдайды. Онда ішке қарай тереңдей беретін қоңырқай дақтар пайда болады да, түйнектер сақтау кезінде толығымен немесе жартылай шіриді. Бұл ауру республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда және солт. өңірде жиірек кездеседі. Ол жаз айлары жаңбырлы және салқын (15 - 17°С),ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары (70 - 80%) болса қатты белең алады. Альтернариоз және макроспориоз (ауру қоздырғыштары Alternarіa solanі Neerg., Macrosporіum solanі Ell. et Mart.) фотосинтез процесінің екпінділігі төмендейді,осының салдарынан картоптың түсімділігі кемиді. Актиномикозды қотыр және қара таз қотыр түйнектің беткі қабатын, ал сақиналы шірік оның ішін залалдайды. Алғашқылары республикамыздың орталық, оңтүстік және оңтүстік - шығыс аймақтарында кең таралған. Кей жылдары олар картоп түсімділігін едәуір төмендетеді. Соңғысы республикада сирек кездеседі.Саңырауқұлақтар қоздыратын картоптың аса зиянды ауруына түйнектердің фузариозды солуы мен шірігі де жатады. Соңғысы картопты қоймаларда сақтау кезінде дамып, жиналған өнімді біраз ысырапқа ұшыратады. Ауруға, көбінесе жиын - терін кезінде жарақаттанған түйнектер бейім келеді. Сақтау кезінде қойманың темп - расы жоғары, ауа дымқыл болса ауру қатты өршиді. Картоп вироздарын А, Х, S, М, L вирустары қоздырады, көбінесе дақыл 2 - 3 вируспен бір мезгілде залалданады. Аурудың негізгі белгілері. Жапырақтың қатты дақтануы, қатпарланып бұйралануы, түтікше тәріздес оралуы, ширатылуы және өлуі. Жапырақтардың жолақ мозаикасы ауруын У-вирусы қоздырады. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің сабақ буынаралықтары қысқарып, оның өсуі баяулайды, жапырақтары ширатылып қурай бастайды. Вегетация кезінде кесел бір өсімдіктен екіншілеріне өсімдік биттері арқылы таралады. Жапырақтардың түтікше ширатылуын картоптың L вирусы қоздырады. Залалданған дақылдың түйнектері өте ұсақ және олардың өскіндері көп әрі нәзік келеді. Вирус түйнекте сақталады, вегетация кезінде ауруды шабдал биті таратады. Жапырақ мозаикасын М-вирусы қоздырады, жапырақтар хлорозданып, олардың жүйке аралықтары жолақтанады әрі әжімделеді. Вирус түйнекте сақталады.
1-сурет. Фитофтороз ауруы
Вегетация кезінде картоп жапырақтары бір-бірімен түйіскен кезде кесел шырын арқылы жұғады және өсімдік биттерімен таралады. Теңбіл мозаиканы Х-вирусы қоздырады. Жапырақ жүйкелерінің аралығында сарғылт теңбіл дақтар ретінде байқалады. Инфекция түйнектерде, кейде латентті (көзге байқалмайтын) жағдайда сақталады.Инкубациялық кезеңі температураға байланысты 3-6 күн. Картоп түйнектері жаңбыр тамшысымен топыраққа түскен зооспоралар арқылы залалданады.Өнімді жинау кезінде залалданған жапырақтармен топырақтан кесел сау түйнекке жұғуы мүмкін. Қоймада ауру түйнектен сауына инфекция жұқпайды, бірақ залалданған түйнектерді басқа микроорганизмдер шірітуі мүмкін. Саңырауқұлақ түйнекте жіпше түрінде сақталады да, өсу бүршіктерін залалдап, олар жер бетіне шықпай жойылады. Кеселдің дамуына жаз айларынын салқын,жаңбырлы күндері қолайлы. Ауа ылғалдылығы төмен жылдары картоптың өсу кезеңінде жапырақтармен сабақтарында фитофтороз байқалмайды, бірақ өнімді жинау және сақтау мерзімдерінде түйнектерде ауру белгілері анық білінеді. Инфекцияның негізгі қоры - ауру түйнектер және оның қалдықтары. Картоп ісігі (рак). Республикада карантинді ауру. Картоптың түйнегі, тамыр сабағы (столон), кейде сабағымен жапырағы залалданады.Ауруға шалдыққан органдарда буылтықтар пайда болады. Олардың түсі алғаш ақ,кейін сарғайып, қоңырланады. Залалданған столондарда түйіндер түзілмейді.Сабақ залалданғанда бұлтықтар тамыр мойнында, ал жапырақтағы ісіктер оның қолтығында, кейде алақанында түзіледі.Бұлтықтар қоздырғышпен залалданған клетка көлемінің ұлғаюынан түзіліп құрамында крахмал қоры көбейеді. Ісіктің беті бұдырланып, сыртқы пішіні түсті қырыққабаттың гүл шоғырына ұқсас келеді. Бұлтықтар топырақтағы түрлі микроорганизмдер мен ылғал әсерінен тез ыдырайды.
2-сурет. Картоп ісігі (рак)
Ауру қоздырғышы - Synchytrium endobioticum Pers. саңырауқұлағы. Қоздырғыш картоптан басқа да алқа тұқымдасына жататын өсімдіктерді залалдайды.Күзге қарай бұлтық ұлпаларында тынышталған жынысты споралар - цисталар түзіледі. Олар қоңыр, қалың қабықты, топырақта 20 жылға дейін тіршілігін сақтайды. Қоздырғыштың дамуына 16 - 170С температура, жоғары ылғалдылық, топырақ қышқылдылығы қолайлы жағдай болып табылады. Цисталар 70 күндік тыныштық кезеңінен кейін,қолайлыжағдайда өне бастайды. Қыстап шыққан спорадан бір талшықты зооспоралар түзіледі де, талшығы арқылы жылжып, картоп спорасына еніп, талшығын жойып, вегетативті дене - просорус түзіледі. Просорустар өсе келе сорус түзіп,оған цитоплазма мен бірнеше рет бөлініп, сорустарда жаңа қабық пайда болып, ядролы 4 - 9 бөліктерге - зооспорангийлерге бөлінеді, әр зооспорангийде 200-300 зооспора түзіледі. Зооспоралар ылғал жетпеген жағдайда ие-өсімдікті залалдайды.Ауруға шалдыққан мүшенің клеткалары шектен тыс бөртпе ісіктер мен бұлтықтар түзіледі. Саңырауқұлақтың даму циклы 10-12 күн. Вегетациялық кезеңде саңырауқұлақ бірнеше ұрпақ беруі мүмкін.Инфекция қоры циста түрінде топырақта,түйнекте өсімдік қалдығында сақталады.Кесел картоп өнімін 40-60 % төмендетеді. Макроспариоз. Ауру республикада кең таралып,оңтүстік-шығыс аймақтарда жиірек кездеседі.Өсімдіктің жапырағы мен сабағы залалданады. Гүл түйіні түзілу қарсаңында жапырақ бетінде ірі,қара-қоңыр, дөңгелек немесе бұрышты шеңберленген дақтарда жеңіл өңез байқалады.Дақтанған ұлпа кейін үгітіліп,тесіліп,өсімдік төменгі жапырақтарынан бастап бірте-бірте сарғаяды.
3- сурет. Макроспариоз
Ауру қоздырғышы - Macrosporium solani Ell. et Mart. саңырауқұлағы споралары ірі, шоқпар тәрізді ұзынша, бірнеше көлденең және бойлаған перделі, сұрғылт немесе зәйтүн-қоңыр түсті. Саңырауқұлақ конидиялары жел, жаңбыр тамшысы арқылы таралады. Споралары жіпшеге өніп,өсімдік ұлпасына устьица арқылы еніп,оны залалдайды. Саңырауқұлақ жіпшумағы өсімдіктің клетка аралығында дамып, токсиндер бөліп, ұлпаларды жансыздандырады. Аурудың дамуына жоғары температура, су тамшысы, өткінші жаңбыр мен мол ашық қолайлы жағдай туғызады. Инкубациялық кезеңі 3-8 күн.Ауру қоры - өсімдік қалдықтары. Бұл қоздырғыш картоптан басқа қызанақты, баклажанды, меңдуананы залалдайды. Кеселдің салдарынан өсімдік жапырақтары мен пәлегі мерзімінен 2-3 апта бұрын қурап өнім төмендейді.
Аурулар туралы мәліметтер
1-кесте
Дақылдың және аурулардың аты
Аурудың қоры және қыстайтын түрі
Залалдау кезеңі және залалданған орган (мүше)
Залалдайтын түрі (формасы) ұрпақ саны
Өсімдіктің даму кезеңі
Фитофтороз.
Инфекцияның негізгі қоры-ауру түйнектер және оның қалдықтары
Аурумен өсімдіктің жапырағы,сабағы,өскіні,түйнегі залалданады.
Залалданған түйнекте сәл басылған сұрлау дақтар пайда болады.
Инкубациялық кезеңі температураға байланысты 3-6 күн.
Картоп ісігі (рак)
Инфекция қоры циста түрінде топырақта, түйнекте,өсімдік қалдығында сақталады.
Картоптың түйнегі,тамыр сабағы кейде сабағы мен жапырағы залалданады.
Зооспоралар ылғал жеткілікті жағдайда ие-өсімдікті залалдайды.
Саңырауқұлақтың даму циклы - 10-12күн.Вегетациялық кезеңде саңырауқұлақ бірнеше ұрпақ беруі мүмкін.
Макроспариоз
Ауру қоры -өсімдік қалдықтары.
Өсімдіктің жапырағы мен сабағы залалданады. Гүл түйіні түзілу қарсаңында жапырақ бетінде ірі,қара-қоңыр,шеңберленген дақтарда жеңіл өңез байқалады.
Споралары жіпшеге өніп,өсімдік ұлпасына устьица арқылы еніп,оны залалдайды
Инкубациялық кезеңі 3-8 күн.
1.3. Картоптың зиянкестері
Колорад қоңызы - leptinotarsa decemilineata say. Қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядының жапырақ жемірлері (Chrysomelidae) тұқымдасына жатады, Қоңыздың ұзындығы 9-12 мм, дене пішіні сопақша, арқа жағы дөңес, түсі қызғылт-сары, қанаттарының әрқайсысының үстінде бойлай орналасқан 5 қара жолақ болады. Алдыңғы арқасында 12-14 қара дақтар бар, олардың ортаңғы орналасқанының пішіні римдік цифрі "V"- на ұқсас. Мұртшалары 12 бунақтан тұрады, олардың түп бөлігі ақшыл, ұшы қара болады. Жұмыртқалары сопақша келген сары немесе қызғылт-сары түсті жылтыр, ұзындығы 0,8-1,8 мм. Дернәсілдері қызғылт-сары, алмұрт пішінді, басы және алдыңғы арқа сақинасы және аяқтары қара, бүйір жақтарында 2 қатар болып орналасқан қара меңді нүктелері бар, ұзындығы 15-16 мм жетеді (4-сурет). Қуыршағы кірпіш реңді қызыл немесе қызғылт-сары, ұзындығы 12 мм дейін болады. Картоптың колорад қоңызы Еуропаның көптеген елдерінде Азия, Америка және Африкада таралған. Ресей, Белорус, Украина және Қазақстанда да кездеседі. Колорад қонызы. Қазақстаңда ішкі карантиндік нысанға жатады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарында кездеседі.
4-сурет. Колорад қоңызы
Зиянкес имаго фазасында көбінесе картоп өсірілетін жерлерде 20-50 см тереңдікте топырақ арасында қыстайды. Батыс Қазақстан жағдайында жылына 2 ұрпақ, Оңтүстік Қазақстанда 3, ал Солтүстік Қазақстанда бір ұрпақ беріп көбейеді. Колорад қоңызы картоптан басқа баклажанды, қызанақты, бұрышты, темекіні закымдайды, сонымен қатар алқа тұқымдасына жататын басқа өсімдіктермен де қоректенеді. Қоңыздардың және олардың дернәсілдері өте қомағай келеді, картоптың жапырағы мен сабағын күні-түні бірдей кеміріп жеп, қатты зиян келтіреді. Қоңыз желмен, картоп таситын құрал-жабдықтармен де таралады. Картоп күйесі - phthorimaea operculella zell.Қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отрядының ойыққанатты күйелер (Gelechiidae) тұқымдасына жатады. Күйе көбелектің қанаттары сұр түсті болады. Тыныштықта арқасына жиналады. Алдыңғы қанаттарының өрісі 12-15мм, еркектерінің қанаттары ұрғашыларынікіне қарағанда 2-2,5 мм кіші келеді. Ашық-сұр түсті қанаттарының бетінде әр түрлі жолақтар мен нүктелері байқалады. Алдыңғы қанаттарының шашақтары ашық-сұр түсті, іш жақ бетінде күңгірттеу қабыршақтары бар. Артқы қанаттарының шашақтары сарғыштау қылшықты. Шашақтары қанаттарынан ұзындау болады. Ішкі жақ беттері бір келкі сұр түсті келеді. Мұртшалары сұр түсті, ішкі жағы ақшылдау, бунақтары анық байқалады.
5-сурет. Картоп күйесі
Алдыңғы және ортаңғы аяқтары солғын-сұр түсті, сирақтарының аздаған түктері болады. Құрсағының үстіңгі жағы сарғыш-сұр түсті, ал төменгі беті сарғыш-ақ түсті болады. Құрсағының соңғы бунағының ұзындығы еркегінде оның 13 ұзындығындай болады. Ұрғашысының аналь бунағы қалыпты ұзындықта болып, жұмыртқа салғыш қынабы аздап алға қарай шығыңқы келеді. Картоп күйесінің еркегі ұрғашысынан құрсағының соңғы бөлігіндегі бүйір жақтарындағы жақсы жетілген тоғыз түкті шоқ қылшықтарымен ажыратылады. Жұмыртқасы ақ немесе солғын сарғыштау, сопақша пішінді, ұзындығы 0,4-0,55 мм, ені 0,4 мм болады. Ересек жұлдызқұрттарының ұзындығы 10-13 мм, ені 1,5 мм сарғыш- қызғылт немесе сарғыш-жасыл түсті, бойлық солғын түсті жолағы болады. Картоп түйнегімен қоректенген жұлдызқұраттырының түсі картоп, баклажан, темекі және басқа өсімдіктердің жер үстілік жасыл бөліктерінде қоректенетіндеріне қарағанда ақшылдау болады. Қуыршағы сұр күміс түсті піллә ішінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz