ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт»
Пәні: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі
Мамандығы: 5B020500 - филология: қазақ тілі
Орындаған: Жузтаева Н. А.,
3 курс студенті, күндізгі бөлім
Ғылыми жетекшісі: Уразбаева С. Б.,
аға оқытушы
Курстық жұмыстың қорғалуы
___ 20__ж. өтті
Бағасы
Қостанай, 2014
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым . . . 4
1. 1 Діни-ағартушы бағыттың жалпы сипаттамасы . . . 4
1. 2 ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы саяси әлеуметтік жағдайдың әдебиеттегі көрінісі . . . 6
2. Діни-ағартушылық бағыттың басты көрінісі . . . 12
2. 1 Дидактикалық өлеңдердегі исламдық дүниетаным . . . 14
2. 2 Мадақ, мінажат жанрларындағы діни-ағартушылық сарын . . . 17
3. Діни-ағартушылық бағыттың белгілі өкілдері . . . 18
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
Кіріспе
Зерттеу жұмысының сипаттамасы: Ғасырлар бойына қалыптасқан қазақ әдебиетінің даму жолы халқымыздың рухани дүниетанымының көркемдік ойлау жүйесін танытады. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі діни-ағартушылық бағыт белсенді сипатымен ерекшеленеді. Қазақ халқының сол кездегі бастан өткізген сан алуан саяси-әлеуметтік жағдайлар, оқиғалар сипатталады. Сол дәуірдегі халықтың тағдырымен қатар өрілетін рухани-адамгершілік мұратты мақсат тұту идеялары, ислам діні, сахабалар мен пайғамбарлардың өмірі, Аллаһтың хақ жолы арқылы халықты ілім-білімге үйрету мен дамытудағы ерекшеліктеріне назар аударылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ халқының өткен өміріне зерделей қарасақ, халықтың өміріндегі басынан өткізген елеулі оқиғалар, қазақ даласындағы ислам дінін, қазақ әдебиетінің арнайы зерттеуге лайықты, өзекті мәселелердің бірі - қазақ ақын-жырауларының дидактикалық өлеңдерімен исламды насихаттау арқылы ілім-білімге шақыру.
Алдыңғы толқын С. Мұқанов, Б. Кенжебаев, Т. Кәкішов, М. Мырзахметов, Р. Бердібев, Ә. Дербісәлиннің еңбектерінен мұсылмандық -ағартушылық, сол кезеңдегі әдеби процес, бағыт жайында жазылғанын білеміз. Сонымен бірге, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағытты жаңаша зерттеген, қазақ әдебиетіндегі оның ішінде ислам дінінің қалыптасу, халыққа насихаттау мәселелері, діни-ағартушылық ағым жөнінде, арнайы зерттеу обьектісі ретінде Ғ. Тұяқбаев, Ұ. Байбосынова, Б. Жүсіпов, Д. Сатемирова, Ф. Жұмажанова, С. Жұбандықұлы, т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде сөз болады. Ғалымдардың еңбектерінде тұтас бір кезеңнің әдеби мұралары, жеке автордың көтерген мәселелері зерттелді.
Зерттеудің мақсаты: Зерттеу жұмысының басты мақсаты -ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген ақын-жыраулардың діни-ағартушылық бағытта жырлаған өлеңдеріне ғылыми тұрғыдан талдау жасап көрсету;
Зерттеудің міндеттері:
- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдайдың әдебиеттегі көрінісін айқындау;
- Ақын-жазушылардың дидактикалық өлеңдеріндегі исламдық дүниетанымды сипаттау;
- Ақын-жыраулардың шығармаларындағы адамгершілікті, ислам дінін насихаттау арқылы мадақ, мінажат жырларындағы діни-ағартушылық сарынды көрсету;
- Аллаһтан түсірілген иляһи Құран кітабымыз бен сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. ғ. с. ) уағыздары мен хадистері арқылы, ақын-жыраулардың дастандарына талдау жасау;
Жұмыстың құрылымы : Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым
1. 1 Діни-ағартушы бағыттың жалпы сипаттамасы
Адамзаттың қазіргі биігінен көз салсақ, тарих көшінің бет алысын түзеп, әлемге ұлы өзгеріс енгізген ірі құбылыстарға куә боламыз. Соның бірі де, Ислам діні екені сөзсіз. Бақытқа бастаймыз деп ұрандатқан күллі−бірегейі де идеологиялардың тоқырауға ұшырауы жаңа ізденістерге жол ашып, жыл өткен сайын Ислам дінінің әлемді баурап бара жатқаны баршамызға аян. Бүгінгідей жаһандану ғасырында мәдени-рухани фактор ретінде Ислам дінінің маңызы неліктен еселеп артуда? Ол адамзатқа не берді? Дамуға қандай үлес қосты? Құндылықтары не?
Алғашқы бұйрығы «Оқы!» деп келген Ислам діні ең әуелі адамзатты білімге, оқуға үндеді. Құранға үңілумен қатар мына алып ғалам кітабын да қоса зерделеуге шақырып, Ұлы Шебердің құдіретіне саналы түрде бас идірді. Қасиетті Құрандағы «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?»[1, 459] («Зүмәр» сүресі, 9-аят) ; «Бұлардың ішіндегі ғылымға бойлағандарға зор сый береміз»[3, 103] («Ниса» сүресі, 162-аят) ; «Сондай-ақ, құлдарынан (ең алдымен) ғалымдар Алладан қорқады»[1, 437] («Фатыр» сүресі, 28-аят) ; «Раббым, білімімді арттыра гөр!» [1, 312] «Таһа» сүресі, 11аят) деген аяттарды, Пайғамбарлардың мирасқорлары» (Әбу Дауыд), «Тал−сондай-ақ, «Ғалымдар мұсылман−бесіктен көр бесікке дейін білім іздеңдер» (Әл-Ажлуни), «Білім іздеу әйелге де, ерге де парыз» (Ибн Мажә. Мұқаддима. 17), «Ілім үйренуге шыққан адам Алла жолында» (Муслим, Зикр. 38) деген секілді хадистерді көкейге түйген− мұсылмандар ілім үйренуге талпынып, сауаттылықты барынша жаюға тырысқан. Пайғамбарымыз он мұсылманға оқу-жазу үйреткен тұтқындарды босатып, суффа сахабаларын мешітке жинап, тек қана іліммен шұғылдануға жұмылдырған. Алғашқы ілім ошағы әл-Мәсжидул Нәбәуимен басталған.
Тәуелсіздігімізді алып, көк туымыз желбіреп, егемендігімізді алдық. Берекеміз кіріп, ел тірлігі күннен-күнге ілгері басуда. Даламыз - дәнге, өрісіміз малға, үй ішіміз - жанға толды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Халқымызда «Ынтымақты елде бақ тұрар» деген дана сөз бар.
Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік.
Біз толайым табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындырдық, алайда алар асуымыз әлі де алда . . . », - деп көрсеткеніндей қазақ халқы қиын-қыстау кезеңдерден өтіп, халқымыз арман еткен дүниелермен қауыштық [2, 36] . Біздің ең басты құндылығымыз - Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!
Демокртаиялық, зайырлы ел боламыз дегенше аласапыран заманның дүниелеріне көз жіберіп, қазақ әдебиетінің тарихын парақтап, қыр-сырына мән беріп, саналы оймен қарап, байыпты безбендеп бағдарлаған жөн.
1868 жылы Ресей патшылығы қазақ жерін иемденіп, басып алу мақсатымен «Қазақ даласын билеу ережелері» деген атпен заң шығарды. Жазушы Сәбит Мұқанов: «Жер отарлаудың мәнісі - қазақ даласына ішкі Россиядан переселендерді қаптатып, жиілетіп, орыс шаруа поселкаларын орнату, қазақтың бар құнарлы жерін переселендерге беру, сөйтіп жерге мал бағумен ғана кәсіп еткен қазақ халқын мал отынан айырып (отынан айырылған соң мал өсе ме?) қазақты кедейлендіру, содан кейін, аздырып-тоздырып, елдігін жою», [3, 118] - деп өзінің зерттеуінде ой түйіндейміз.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде, жалпы қазақ қоғамындағы жетекші наным-сенім бағыты Ислам діні болды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ислам діні жөнінде Жұмажанова Фарида Тоқанқызы өзінің «Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі» атты кандидаттық диссертациясында былай дейді: «Дін адамдарды қиын кезеңдерде төмен түсірмейтін, қажырлығын жоғалттырмайтын, болашаққа деген үмітін үздірмейтін сүйеу болып табылады. Бұл сүйеніш сезімі дәуірдің шешуші сәттерінде, заң, әдет қоғамдағы құндылықтар, өмір шарттары, жанұя, денсаулық, күнделікті өмір қиыншылықтарында, күйреген сәттерінде адамдарға өте қажет. Өкінішке орай, адамзат тарихында бұндай кезеңдер өте көп. Ал, ХІХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы оқиғалар бұндай көңіл күйдің пайда болуына жаңа серпіліс береді. Бұдан индивидтің қоғамдық және жеке өмірінде көрініс табатын діншілдіктің жаңа белгілері шықты. Бұл ретте жазушының сана-сезімін діни әдебиеттерді жазуға талпынып қана қоймайды, сондай-ақ оқырмандар да діни шығармаларды қабылдауға дайын тұрғанын айту керек»[4, 57] .
Ислам дінін насихаттай отырып, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегенге көштік. Абай, Ыбырай, Шоқандар күресудің осы жолын дұрыс деп тапты. Олар бір-бірімен таныс болмаса да бұлардың идеялық жолы мен бағыты бір болды.
«Дін - насихат» дейді хазіреті Мұхаммед (с. ғ. с) пайғамбарымыз. Себебі, діннің көбеюі шын мәнінде үгіт-насихат жұмыстарына тікелей байланысты. Кеңес дәуірінде діни насихат түгілі жұрт мешітке де ойлана барған. Оның үстіне қылышынан қан тамған атеизм де дінімізді тұқырта қаралап, бірнеше дінсіз ұрпақ тәрбиеленіп те үлгерген. Жұрт ата діннің құндылықтарынан айырылып қалды. Дегенмен де, кеңес үкіметі кезінде қазақ қоғамында жетекші бағыт - ислам діні болды.
Әдебиетіміздің тарихында діни-ағартушылық ағым оның өкілдері туралы бірер-сараң зерттеушілер болмаса, толық ағым туралы еңбектер жоқтың қасы. Ол кезеңде діни-ағартушылықтар туралы еңбекте жазбақ түгілі, дінді ұстанған, ауызда «бисмилләсі» бар ақын-жазушылардың шығармаларын қоғамымызға жат деп санап, өздерін молда ақын деп айыптап жүрді. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағымды айтпақ түгілі, қазақ топырағында дүниеге келген ақын-жазушылардың аттары мен шығармаларын айтудың өзі қиынға соқты.
Осы кезеңде ғалым Бисембай Кенжебаев 1956 жылы өзінің «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Аталған еңбекте әдебиет тарихында жазылмай жүрген көптеген ақын-жазушылардың өмірі зерттеліп, баяндалады. Жалпы алғанда, ХХ ғасыр басындағы әдебиетті сол кезеңдегі үш түрлі бағытқа бөліп қарастырады:
«1. Клерикалдық -феодалдық, буржуазиялық-ұлтшылдық бағыттағы әдебиет.
2. Демократтық-ағартушылық бағыттағы әдебиет.
3. Революциялық халық поэзиясы»[5, 93] .
ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы жөнінде жазылған ғылыми зерттеулер мен жоғары оқу орындарына арналған бірізділік болмады.
Ғалым Ә. Қоңыратбаев «Шеберлік сыры» шығармасында «ХІХ ғасырдың аяғында, әсересе, 1905-1917 жылдар арасында көрінген бірқатар толғау ақындарының мұрасы жалпы қазақ әдебиетінің кезеңінен көп мәлемет береді. Оларды зерттеп, игеру керек дей келе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы әдебиет тарихын:
1. Толғау ақындары
2. Ағартушылық әдебиет
3. Шығыс үлгісіндегі әдебиет деп үш салаға бөледі де, мұның үшеуі де жазба түрде дамыған, соңғысын шайырлық әдебиет десе де болады», [6, 144] - деген оймен толықтыра білді.
С. Жұбандықұлы 1992 жылы жазылған өзінің докторлық диссертациясында «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті бағдарламасы туралы» мақаласында С. Ордалиевтің пікірін былай көрсетеді: «Біздіңше, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін екі әдеби бағытта бөлуіміз керек. Біріншісі - ағартушы бағыттағы ақын-жазушылар, оған Ақмолла, Нұржан, Әбубәкір, Қалтай, Шәді, Жаяу Мұса, Мәшһүр Жүсіп, Тұрмағамбет шығармашылығы енсе, екіншісі, қазақтың ағартушы - демократтық бағыттағы ақын-жазушылары, оның қатарында: Ахмет, Шәкәрім, Міржақып, Мағжан, (революцияға дейінгі шығармаларын ақтау қажет) Ғұмар, Мұхамеджан, Сұлтанмахмұт, Спандияр, т. б. өмірі мен еңбектерін жатқызар едік»[7, 76] .
Діни-ағартушылықтар заман тудырған халық перзенттері. Олардың шығармалары елді бірлікке, ізгілікке, білімділікке, шыншылдыққа шақырады.
1. 2 ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы саяси әлеуметтік жағдайдың әдебиеттегі көрінісі
Қазақ поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым туралы сөз болғанда ой көзімен електен қайта өткізіп, таным таразысына қайта салар рухани мұраларымыздың бірі - ХІХ ғасырдың аяқ кезеңі мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Сыр бойы ақындарының шығармашылығы. Әдеби ағым туралы З. Қабдолов: «Бір жазушының бірнеше шығармасы ғана емес, бір топ жазушының бір алуан шығармасында өзара ұқсас сипаттар, сыбайлас сырлар жатады. Мұндай сыр мен сипатты әр жазушы өз шығармасына әншейін қолдан жасап, жапсыра салмайды. Мұндай өзара ұқсас сыр мен сипатты бір топ жазушының бір алуан шығармасына мезгілдің, олар өмір сүрген дәуірдің өзі дарытады», -дейді [8, 334] . Әдебиеттің қоғаммен, заман тудырған кезеңдік идеологиямен тағдырлас екендігін ескерсек ғалымның бұл пікірі турасында талас болмаса керек-ті. Дегенмен, әлдеқашан ғылыми иі қанған бұл қағида турасында әлі күнге әдебиеттану ғылымында әр алуан пікірлер бар. Әдеби ағым мәселесін әдіс, тәсіл тұрғысынан қараушылар да жоқ емес. Әрине, әдеби ағымның көркемдік ізденіспен, эстетикалық таным-білікпен, тіптен суреткерлік шеберлікпен де тығыз байланысы бар екендігін жоққа шығара алмаймыз. Суреткер өзі таныған заман шындығын алдымен талғам таразысына салып, шығармашылық ой елегінен өткізіп барып, идеялық мақсатына пайдаланады. Содан соң оны көркем оймен берудің түрлі әдіс-тәсілдерін іздестірері анық. Яғни, алдымен идея, сонан соң барып сол ақындық мұратты жеткізудің әдіс-тәсілі туады емес пе? Осы тұрғыдан қарар болсақ, алдымен ағым содан соң әдеби әдіс өмірге келеді деп пайымдауымызға болар еді. Тағы бір ескерер мәселе әдеби ағым әдіс - тақырып - идея үш бірлігінің нәтижесі. Осы ғылыми формула әдеби ағымның әдеби әдіс-тәсілмен өзара байланысын, сонымен бірге ерекшелігін көрсетіп тұрғандай.
Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағымды зерттеген ғалымдарымыз бұл ағымның өмірге етене араласуын ХІХ ғасырдың аяқ кезеңі мен ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. Мәселен, У. Қалижанұлы: «Қазақ даласын түгелдей отарлап алған патшалық Ресей енді қазақ халқын мүлде басқа дінге ендіру мақсатын көздеді. Сібірдің ұсақ ұлттарын күшпен шоқындырған патша өкіметі осындай миссионерлік саясатты қазақ жерінде де жүргізуге кірісті. Бірақ бұл саясат жергілікті халық тарапынан қатты қарсылыққа ұшырап отырды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақындар патшалы Ресейдің қазақтың жерін алумен бірге оның өзін әр түрлі саясатпен жою мақсатын жүзеге асыруға жанын салғанын сезді. Олар патшалық Ресейдің осы қитұрқылығына қарсы тұрар жолдың бірі деп халықтың діни сауатын ашу жолын таңдады - дейді [9, 31] . Патшалық Ресей тарапынан болған осы идеологиялық қысым қазақ даласында мұсылмандық қозғалыстың тууына алып келді. Оның көшбасында ХІХ-ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдері - діни-ағартушылық бағытты ұстанған ақындар поэзиясы болды. Бұл бағытты ұстанған ақындар шығармаларының негізгі арқауы - адамдардың сана-сезімдерін мұсылмандықтың ізгі нұрымен сәулелендіру арқылы адал өмір сүру, адамгершілік, имандылық сияқты қасиеттерге тәрбиелеу, оқу-білім алуға шақыру еді. Сондай-ақ, олар адам мінезінің азуын, жауыздық, алдау-арбау, парақорлықтың кең өріс алуын дінсіздіктен деп түсінді. Және осы мұсылмандық жолдан тая бастауымызға негізгі себепкердің бірі Ресей отаршылдары екендігін білді. Сондықтан да адамды аздырудан сақтап қалудың бірден-бір жолы ретінде дін моралін ұсынды. Қазақ қоғамындағы осындай рухани сілкініс әдебиетке діни-ағартушылық бағытты ұстанған ақындар шоғырын алып келді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931), Нұржан Наушабаев (1859-1919), Ақмолла Мұхамедияров (1831-1895), Әбубәкір Кердері (1861-1905), Мұсабек (Молда Мұса) Байзақұлы (1849-1932) т. б. ақындар өз шығармашылығының бір арнасын мұсылманшылық-ағартушылық бағытқа арнады.
Қоғамдағы осы өзгеріс төменде айтылатын ақындарың Балқы Базардың, Шораяқтың Омарының, Тұрмағамбеттің, Қарасақал Ерімбеттің, Кете Жүсіптің, Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлының шығармашылығына, өмірлік ұстанымына әсерін тигізбей қоймады. Діни сауаты терең ақын-жазушылар діни-ағартушылық бағыттың басында тұрды. Исламды адамгершілік пен имандылық, ар, жан тазалығы деп ұққан олар адамгершілік, гуманистік, имандылық ой қорытуларын діни ұғымдармен жанастыра отырып беруге тырысты. Құран Кәрим сүрелерінен, аят, хадистерден алынған үлгі, өсиет, ғибрат сөздерді философиялық астарлы ойды беруге, қарапайым халықтың ислам дінін шынайы, имандылық тұрғысынан терең мән бере қабылдауына (түсінуіне) ықпал жасау үшін пайдаланды. Мұсылман дінін дәріптейтін дастандар жазды, мінажат, мадақ т. б. діни жанрларды өз шығармаларының негізгі арқауына айналдырды.
Патшалық Ресейдің түпкі мақсаты қазақты шоқындыру арқылы ұлттың рухын өлтіріп, жадымызды өшіру саясатын терең түсінген діни-ағартушылар шығармаларында тек ағартушылық идеясын ғана емес, азаматтық-азатшылдық мұраттарын да анық аңғартты. Олар бірде ашық, бірде бүкпе-бүркеме ой арқылы халықты азат ел болу мұратына жетеледі. Мәселен, Тұрмағамбеттің:
Туымды ер туралықпен билейді ұлтын,
Жібермес жаман жолға пірлер мүритін.
Бұл күнде әһлі исламнан ықпал тайып,
Бақ-дәулет қашуға тұр беріп сыртын.
Қаптады халықтың үстін қараңғылық,
Жиһад қыл жарыққа шық, жатпай түртін.
Қызметін қалыс қылып Қадыр Хақтың,
Ғасияның лайынан бетті сүртін, - [10, 75]
деген өлең жолдарынан ақынның азатшылдық мұраты менмұндалайды. Ал рухани отарлауға деген мұндай қарсылықты тек Тұрмағамбет шығармашылығынан ғана емес, Қарасақал Ерімбет, Шораяқтың Омары, Қаңлы Жүсіп өлеңдерінен де мол кездестіреміз. Аталған сөз зергерлерінің кеңестік кезеңде ескішіл, діншіл аталуына да басты себеп ақындар шығармаларындағы осы азатшылдық, ұлтшылдық, ағартушылық рух болатын. Түптеп келгенде кеңестік идеология мұндай шығармалардың халық санасын сілкіндіріп, рухын оятатын ұлттық мұратынан сескенді. Сондықтан да оларды жасырын, жабық ұстауға тырысты.
Діни-ағартушылық ағымның өрістей дамуына әсер еткен тағы бір жағдай Орта Азия қалаларымен территориялық, мәдени, әдеби байланыс еді. Орта Азия қашаннан көне дін, мәдениет, білім ошағы болғаны тарихтан белгілі. Осы мәдени даму қазақ даласына оң әсерін тигізді. Ә. Дербісалиев: «Орта ғасырларда қарыштап дамыған, өзіндік мәдениеті болған Сыр бойының Асанас (Ашанас), Жанкент, Қыштөбе, Заңғарқала, Құмқала, Баршынкент (Сырлытам), Жент, Қабылқала, Аркөк (Архук, Артық), Құмиян (Құмия), Үзкент, Қыпшақ, Сығынақ (Суғынақ, Сунақ) сияқты қалалары мен егінші-қолөнерші қоныстарының қазақ тарихында атқарған рөлі, алған орны жөнінде қызғылықты деректер араб-парсы авторлары Әль ад-Дин Ата Малик Жуайнидің (1226-1283), Рашид ад-Диннің (1227-?), орыс тарихшылары В. В. Бартольдтің (1869-1930), А. Ю. Якубовскийдің (1886-1956), С. П. Толстовтың (1908-1980) еңбектерінде кездеседі», -дейді [11, 103] . Ал Н. Келімбетов: «Ислам дінінің көбірек тараған жері Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтары болды. Мұнда Х-ХІІ ғасырларда мұсылман дінінің суфизм немесе сопылық деп аталатын мистикалық ағымы тараған еді», -деп ой білдіреді [12, 116-117] .
Қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалымдар, ақындар, шайырлар Бұхара, Самарқан, Хорезм т. б. Орта Азия қалаларынан шыққан ғылым, дін, мәдениет қайраткерлерімен тығыз байланыста болды. Мәселен, ХІХ ғасырда өмір сүрген көптеген ақындар Бұхара, Самарқан, Ташкен шаһарларында оқып, білім алды. Көшпелі қазақ жерінен Орта Азияның атақты қалаларына білім іздеп келген олар, оның бай кітапханасынан Шығыстың, Орта Азияның мәдени мол мұраларын мейірлене оқыды. Омар Хайям, Хожа Хафиз, Шайхы Сағди, Низами, Навой, Рудаки, Физули, Йассауи жырларынан құмарлана сусындады, үйреніп үлгі алды. Шығыс жауһары «Шаһнаманы» алғаш аударушылардың бірі - Ораз молда Бұхара, Тұрмағамбет Ізтілеуов алғашында Шығыс және Орта Азия елдері үшін ұлық саналатын, қабырғасы XVI ғасырда қаланған Бұхарадағы әйгілі оқу орны «Мир - Араб», ал 1899 жылдан бастап сондағы Көкелташ медресесінде, Ерімбет Көлдейбекұлы Хиуадағы «Шеккі Хазіреті», Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы Бұхара медреселерінде білім алған. Діни-ағартушы ақындардың туындыларын зерделей отырып, олардың діни-танымдық шығармаларында Құран Карим аяттары мен Мұхаммед пайғамбар Хадистерін насихаттағанын, адамгершілік, имандылық рухында жыр толғап, азаматтық пікір туындатқанын аңғарамыз. Олардың адам өмірі турасындағы ойлары да мұсылмандық тұрғыда қалыптасқан. Адалдық пен тазалық, кісі ақысын жемеу, ел үшін еңбек ету - имандылық, Алла Тағала осындай пенделерін сүйеді деген тұжырымға әкелді. Мәселен, Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы діни-танымдық туындыларының бірі - «Құдіреті хақ субханның» деп аталатын өлеңінде:
... жалғасыҚұран Кәрім бұйырғанды,
Жан, діліңмен бата ойла!
Жан барында болса тірлік.
Мұстафаның сүндеттері
Тұтып мықты қызметтерін,
Жылап көзден жасыңды ірік.
Шайтан ласин жолға салмай
Уәсуасын қабыл алмай,
Етегіңді ерте сілік.
Сонда ғана хақ құлым дер
Уматым деп ақ хазірет,
Келсе орынға бәндешілік.
Дүниенің ләззаты сол,
Болсаң түзу денсаулықта
Малың болып неше түлік, -[13, 26]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz