Шәкәрім құдайбердіұлы шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу сипаттамасы. Әдеби туындының көркемдік әлемі қаламгердің ой қиялы және дүниетанымы мен сөз саптасына келіп тіреледі десек, қазақ өлеңінің кеңістігінде Абайдан соңғы ойлы өлеңнің өрнегін салған суреткер - Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Зерттеу өзектілігі. Шәкәрім поэтикасындағы күрделі тақырыптарды дүниетанымдық тұрғыдан көркем бейнелеу үлгісін ғылыми саралау бүгінгі қазақ поэзиясының бастау көздерін анықтауға негіз болады. Соны ізденістер арқылы Шәкәрім өлең сөздерін жетілдіріп, рухани әлемімізді жаңа әдіс-тәсілдермен, бейнелік оралымдармен, жаңа сөз тіркестерімен образдық үлгілермен толықтырған. Шәкәрімнің поэтикалық әлеміндегі бейнелі суретті образдардың мәні қазақтың ғана емес, жалпы адамзаттық ақыл-ой дүниесімен астасып жататындығымен құнды. Қандай да бір мәселені тілге тиек етсе де ақынның ерекшелігі оны кең ауқымда алып, өлең өлшеміне өрісті оймен сыйдыра білген. Бұл қасиет сөз зергерінің шағын өлеңдерінде де, көлемді туындыларында да бөлекше бітімге, әсерлі айшыққа ұласқан. Ақын поэмаларының тақырыптық жүйесі, жанрлық түрі, идеялық және мазмұндық негіздері қазақ поэзиясындағы тың үрдісті танытады. Онда дәстүрлі шығыстық сөз саптау үлгісі мен батыстың дамыған әдебиетінің ықпалы өзара үйлесім тапқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының көп қырлы шығармашылығы тақырыптық мазмұны, көркемдік болмысы алуан түрлі, әрі күрделі. Оның негізі қай қоғамның да көкейкесті мәселесі болып келген адам тұлғасы мәселесін көтеруде жатыр. Ақын шығармашылығының түп тірегін және шешуші мәнін құрайтын адам мен қоғамның, адам мен тылсымның (жар- жаратушы) мәселелерінің мәнін ашу іргелі зерттеуге негіз боларлық өзекті мәселе. Шәкәрім дүниетанымы өзі өсіп өнген жұрттың ауқымынан асып, бүкіл адамзаттық мазмұндағы ойлармен сабақтасып жататындықтан оның көркемдік әлеміндегі әрбір сөз қолданысы мен ой образының мәні терең. Сөз арқылы адам түзетпек болған сөз зергері шығармашылығының көркемдік поэтикасын ғылыми саралаудың аса маңызды қажеттілігі де осыдан туындайды. Өйткені барлық замандарға тән мәңгілік тақырыптарды (жан мен тән, өмір мен өлім, адам мен жаратылыс) бейнелеудегі поэтикалық үлгілер көнеден күні бүгінге дейін түрлі даму сатыларын басынан өткерді. Бұл жағдай Шәкәрім өмір кешкен аумалы-төкпелі трагедияға толы заманда ғана емес оған дейін де, бүгінгі күні де адамзат үшін аса маңызды тақырып. Ақын қалам тербеген аса елеулі тақырыптарда қоғам, әлеумет мәселелері терең ойшылдықпен көркемделіп ақын поэзиясы философиялық және терең әлеуметтік мазмұнға ие болады. Сонымен бірге руханиятымыздың өзгеше сипатты поэтикалық көркемдік болмысын қалыптастырып, аясын кеңейтеді. Әдебиеттің ежелден бергі обьектісі адам болмысы, адамды тәрбиелеу, жетілдіру болса Шәкәрім бұл тарапта қазақ қоғамының азаматын тәрбиелеудің өркениетті үлгісін әлдеқешан-ақ сомдаған, жеке адамды түзету арқылы қоғамды түзету, адам баласының өмір сүру барысындағы үздіксіз іздену, өзін-өзі жетілдіру мәселесіне ден қойғанда ғана тіршілікте үйлесім болатындығын ақындық шеберлікпен көркем бейнелеген.

Зерттеу мақсаты:

Қаламгердің Абай шығармаларымен тақырыптық және поэтикалық үндестігін сараптау арқылы ұлы ұстазынан үйрене отырып, өзгеше көркемдік әлем қалыптастырған даралық сипатын анықтау. Екі творчестволық тұлғаның тақырыптық, мазмұндық, идеялық, ұстанымдық және дүниетанымдық сабақтастығынан туындайтын сөз кестелері мен көркемдік амал-тәсілдерінде, өлең өрнектерінде бедерленетін ерекше қолтаңбаларын айқындау мақсат болып табылады.

Зерттеу міндеттер:

- Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының поэтикалық ерекшеліктерін ашу,

-Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының дүниетанымына бойлау, ақыл-ойын қалыптастырған негіздерді саралау.

-Сөз зергерінің көркемдік жүйесінің қалыптасуындағы дәстүрдің ролін ұлттық фольклор мен жыраулар поэзиясының, сондай-ақ батыс пен шығыс мәдениетінің әсер ықпалын талдау арқылы оның шығармашылық жолының өсу, көркемдік поэтикасының сапалық белгілерінің қалыптасу бағыттарын сараптау.

Зерттеудің құрылымы . Берілген курстық жұмыс кіріспеден, бір бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 Шәкәрім Құдайбердіұлы-қазақтың көрнекті ақыны

Шәкәрімнің өз басы да, шығармашылығы да - қазақ әдебиеті тарихындағы айта қаларлықтай көрініс. Ғажайып поэзиясынан ләззат алған адам, оның ойланып, толғануы көп, уайым, қайғы басқан, жалғыздық жапасын мол тартқан жан екеніне көз жеткізер еді. Лирикалық өлендерінен бұл сыр, әсіресе, айқын сезіледі. XX ғасырдың бас кезіндегі шымшытырық әлеуметтік оқиғалар Шәкәрімді шар тарап ойға шомылдырған, негізінде дүниені рационалистік жолмен тануға ұмтылған, әлемдік мәдениеттен хабары мол ақын өзі өскен ортаның кем-кетігін жіті көрген. 1917 жылғы революцияларды жылы қарсы алып, бостандық туралы біраз өлеңдер жазады, бірақ кейін бұл тақырыпқа терең бармайды. Бірді-екілі өлеңін «алашқа» оның «көсемдеріне» арнайды, олар жөнінде жылы сөздер айтады; қазақ халқының тәуелеіздігі, болашағы, оның жеке ұлттық мемлекет болуына байланысты деген ойға тоқырайды. Мұның бәрі, сөз жоқ, сол заманның сан қилы күрделі оқиғаларына қатысты жай. Ағартушылықты, оқу, білімді, өнерді насихаттай отырып, байларды, атқамінерлерді батыл сынап, еңбекші халықтың ақысын жемеуге, оларды демеуге шақыра отырып, революция мен азамат соғыюы жылдарында жан тебірентер оқиғаларға белсене араласа алмауы да сонан. 1916 жылғы қозғалыс, 1917 жылғы революция, азамат соғысы, қазақ ауылын советтендіру сияқты жер жүзін сілкінткен ұлы өзгерістер дүбіді Шәкәрім шығармашылығында солғын естіледі. Рас, ақынның бұл кезде қартайып, алдындағы сан алуан күрес, уайым, жапа, жалғыздық жылдарынан титықтап қалған щағы еді. Алпыстан асар шағындағы өлеңдерінде ол көбіне өлім, өмір туралы, жастық кетіп, кәрілік басқаны жайында кеп жазады:

Жастық жалынсам және келер ме

Мастық денеге қызу берер ме, -

Суылған тұла бой.

Маған қарама, көңілім, мұңайып

Саған жеткізбес, кеткен ол ғайып-

Жас өмір еткен ғой.

Бұл алпысты, түскен тісті

Тозған түсті жасымда,

Сөгуші едім, опық жедім

Бәрі менің басымда.

Ақынның тау арасында жеке, аскеттік өмір құруы да оның дүние дүбірлерінен аулақ болайын дегенін аңғартады. Сөйтсе де, көп әңгіме, сөзге бұл да себеп болады. Ақынның елмен, қауыммен арасы суи береді. Күнбе-күнгі тіршіліктен, халық тұрмысынан қолын үзеді. Сауытына тығылған ұлудай тас бүркеніп, тек өзінің жүрек дүрсіліне, алас ұрып, толас таппаған ойына құлағын түреді. Осы кезеңі туралы ақын өзі:

Кейбіреу безді дейді елден мені,

Есалаң айтады екен сезіп нені.

Хақихатты танитын баста ми жоқ,

Ондайлардың сау емес анық дені.

Мен жалғыз, сендер елде қойдың алып,

Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып,

Елу бес жыл жинаған қазынамды,

Оңашада қорытам ойға салып, - дейді.

Бұған қарағанда, ақын шынында да өмір «алаңына» ермей, өзінің философиялық, ақындық ой-армандарын қорытқысы келген. Ағайын араздығы, ру таласы, ауыл ішіндегі партиягершілік сияқты жайлар да оның аулақ кетуіне себеп болған, өзінде солай дейді. Келесі бір өлеңінде осы мәселені қозғаған:

Кейбіреу безді дейді қатынынан,

Туысқан, бауыр, бала жақынынан;

Қаңғырып Толстойша өлер дейді,

Шатасып қартайған соң ақылынан.

Мен болсам Толстойдай арманым жоқ,

Шатасып ақылымнан қалғаным жоқ.

Сырымды білетұғын сендер емес,

Өлейін деп елсізге барғаным жоқ.

Таза ой ойлай алмас үйде басым,

Ойсыз сіңбес ішкен асым.

Ой жемісін теремін өлгенімше,

Өсектесін, күндесін, мейлі қасым.

Елден қара үзіп, жеке шығып кетуінің себебі бұл үзіндіде айқын айтылған. Қат-қабат ой билеп, өмірдегі өзгерістерді бағдарлап байқау үшін және өзінің ынтық ісі - өлеңі үшін тыныштық іздеген; жалғыздық күйде өзімен өзі кеңескісі келгендей.

Ақын көптеген өлеңдер, поэмалар, мысалдар, нақыл сөз, әңғімелер жазған. Қайшылық, кемшіліктері бола тұрса да, ақын өлеңдері жаңа лебімен, ақылды, сазды үнімен, ойлылығымен, сұлулығымен баурайды, тартады.

Ақын шығармашылығының жайын, сырын, өзіндік ұғымын білу үшін, жалпы ол көркем әдебиетке қалай қарады, қандай баға берді, қалай түсінді дегенге көңіл аударған дұрыс. Шәкәрім әдебиетке мүлде басқаша, өзгелерге қарағанда айрықша ұғыммен қараған. Әдебиетке жаңа тілек, жаңа міндет жүктегіен. Әдебиетті ақын ағартушылық құрал ретінде пайдалануды көздейді, көркем сөз арқылы халықты мәдениетке, өнер-білімге тартуды ойлайды. Бұл жағынан Шәкәрім қазақ әдебиетінің Абай мен Ыбырайдан келе жатқан халықтық дәстүрін онан әрі жалғастыра түскен ақын. Ақынның өлеңдерінен қандай мақсатты жүзеге асыруды көздегенің аңғару қиын емес. Өз елінің мінін айтқанда да, оны ілгері шақырғанда да сол қауымды түзету, өрге бастыру ниетінде болғаны көрінеді. Ескіліктің, надандықтың өзі білетін кертартпа жақтарын сынау арқылы ғана елді түзетуге болады деп ойлайды, : . Ақынның өскен, өмір сүрген ортасын ескерсек, осыдан артыкты, яғни белсенді ұранды, одан күту де қиын. Ақындық талантын қоғамдық прогреске, қауым мүддесіне арнауын үлкен жеміс деп қарауымыз қажет. Қазақтың көзін ашып, көңілін оятуды ақын азаматтык. борышым деп таниды, тіпті өлгеннің өзінде халыққа сөзіммен ой саламын, маза бермеймін, оны өрге қарай сүйреймін деуі - қажыр, қайрат белгісі. Шәкәрімнің жазба әдебиеттің дәстүріне лайық бір өзгешелігі - өз тұсындағы бірсыпыра ақындарға қарағанда, өз айтқандарының бәрін бірдей ақиқат, шындық, дайын тұрған ақыл деп ұсынбауы, оқушының өз талғамына салып, керегін қабылдауды мегзеуі, әрбір мұраға байыпты сын кезіміен қарай білуге шақыруы.

XIX ғасырдың соңғы кезі мен XX ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ әдебиетін әлеуметтік ой құралы, рухани күш дәрежесіне көтерген қазақ ақындарының алды - Шәкәрім, ол демократиялық бағыттағы жазба әдебиеттің «тіл ұстартып өнер шашпақ, наданның көңілін қойып көзін ашпақ» дәстүрін ілгері бастырған. Әдеби ұғым-түсініктерге үлкен талғаммен карауды - Шәкәрім қазақ тәжірибесінде алғаш қойғандардың бірі. Осы арқылы ол оқушысьь ның эстетикалық таным-талғамын жаңаша қалыптастыруды көздеді.

Ақын өз тұсындағы қоғамдық өмірдің бірсыпыра шындығың орынды көре білген және оған өз қатынасын танытып отырған. Шәкәрімнің өмір сүрген тарихи кезеңінде патшалық Россиядағы жиһангерлік күштердің қанаушылық саясаты шет аймақтарда да айрықша өріс алып, еңбекші бұқараның тұрмысын бұрынғыданда ауырлата түскені мәлім. Ғасырлар бойы үстемдік етіп келген надандық пен қараңғылық қазақ қоғамында бұл өзінің кертартпалық сипатын өте-мөте айқын аңғартқан еді. Қоғамдық өмірдің осы сипатты ерекшеліктері Шәкәрім ақынның назарынан тыс қалмайды.

Япырау, бұл не деген наданшылық,

Осынша жайлар ма жаманшылық

Есі шығып елірген бәрі де мас,

Ар қайда, ақыл қайда, адамшылық, -

деп, күйінеді ақын. Ел ішінде билікке таласып, партия құруды қоғам өміріндегі ауыр салмақ, зиянды құбылыс деп есептейді. Ақын ел билігіне таласып жүрген байлардың байыған жолын да, амалын да тап басып, дәл көрсетеді. «Ел зарлатып зорлықпен мал жиып ап», - деген кекесін де «нысанаға дәл тиіп тұр. Партия құрып билікке таласқан пысық, атқамінерлердің түпкі, арам сырларын ақын тереңірек әшкерелей түседі.

Партияның басшысы, батырың осы, қайраты мол, ішкені ант, шашқан пара . . .

Малмен сатып алған соң ел де оныкі,

Қарсы келсең, басыңды қағып тастар,

Болмасыңа амал жоқ сен де оныкі.

Қанға тойған көп итке қарсы келсең,

Жаның қалар, тақсыр-ау, сен деп білсен.

Немесе:

Байдың асын сұм менен залым жейді,

Ұрысы ұрлап, момынның малын жейді.

Немесе:

Бар жұмысы алдау мен ұрлық, пара,

Бірін арам демейді бұл бейшара.

Немесе:

Қайдағы қу алдампаз төрге шықты,

Осы күнде арамның жолдасы мол,

Қу мен сұмды кім жиса, шын мықты сол.

Ел ішіндегі атқамінерлерге арнаған бұл сөздері сөл кездің шындығынын бірсыдырғы дәл, анық танытып тұр. Ақынның осы тақырыптағы өлеңдерінен аңғарылатын тағы бір жай - автор ел билеуші- лердің сұрқиялық іс-әрекеттерін сынағанда, өз тұсындағы кейбір ақындар сияқты бұрынғы «батагөй, әділ билерді», «жақсыларды» арман етпейді, ол заман еткен, езі көріп отырған шындықтың бетін ашады, оларға деген өзінің нариза көңілін білдіреді, әділдікті, адамгершілікті аңсайды.

Билеуші тап өкілдерін сынауға арналған бірсыпыра шығармаларында басқа көп ақын көре бермейтін өмірдегі кейбір көлеңкелі. жайлардың да сыры ашылады. Ақын жалпы байлар мен ел пысықтарының бір тілек, бір мақсатта екенін «Қорқақ бай» деген өлеңінде айқын аңғартады.

Шәкерім поэтикасы мақсатты, саналы ақындық санадан, ойшыл, қуатты, мәнді толғаныстардан нәрленіп қоректеніп, сөздік-образдық жиһаз-жасауларды мұздай киініп туған. Бұл түстарда Ш. Құдайбердиевтің ақындық әлемі мен шеберлік сырларын, көркемдік таным иесінің ойлау жүйесін таразылау, талдау, тереңіне үңілу қиынның қиыны.

Себебі, ақын, ана тілінің образдық, суретшілдік қуатын сұңғылалықпен сезініп, ішкі мүмкіндіктерін, ішкі ағыс-астарларын, қыртыс-қабаттарын мейлінше молынан аша алған. Оның интеллектуалдық мәдениеті, өнерпаздық қабілеті, өмірлік, көркемдік тәжірибесі, ересен ғылыми ізденістері - поэзияда жаңашылдық рухқа, өшпес өрнектерге, сан қилы сирек кестелерге бой ұруына, әрі соншалықты қүпия, күрделі тоқылуға бейімдеді. Сондықтан да өлең-жырларында қисынды логикалық сөйлемдермен қатар, әдеттен, дағдыдан тыс мағыналық жағынан түсінуге ауыр сөйлемдер мен сөздер, символикалар, жұмбақ аллюзиялар мен метафоралық мәні алабөтен сөз-образдар шаш-етектен. Мұның төркініне барлау-бақылау жасауға ұмтылар болсақ, ақын онтология, жаратылыс тану, этика, эстетика, логика секілді философиялық пәндерді айырықша ынтамен тексерген, ғылыми-көркемдік, эстетикалық көкжиегін белгілейді. [7, 200 б. ] .

1. 1. Абайдың ақын шәкірті

Ұлы Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім» десе, Шәкәрім адам өмірін үш кезеңге бөліп, оның сол Абай меңзеген ең қуатын, жастық шағын ғылымға арнауды насихаттайды, сол тұстағы албырт жігердің бір сағатын да бос өткізбеуге шақырады. Шәкәрім өмір сүрген кезеңдегі қазақ қоғамының мәдени-экономикалық жағдайын ескерсек, ақынның сондай мешеу ортада отырып, жас адамға бірден-бір қажет өнер ретінде ғылымды ұсынуы - көрегендік.

Шәкәрім Абайдың «Шәкіртсіз - ғалым тұл» деген нақылына сүйене отырып, ғылымның қоғамдық өмірге пайдалы әсер етуін тілейді. «Насихат» деген өлеңінде ол:

Қай ғылымды білсеңіз де,

Қазір оны елге жай.

Құр ішіңде кеткенінше,

Пайдалансын өзгелер, -

дейді. Ақын ғылым-білім жеке бастың мүддесіне ғана емес, ең алдымен халық игілігіне жұмсалсын деген пікірді үсынады. Бұл тұжырым ақынның бірсыпыра шығармаларында қайталанады. Ғалым адамға арнаған сөзіңде ол: «Жер сықылды пайдалы бол, Пайдалансын ел сенен», «От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз», «Жел сықылды желпі жүрттың шаршағанын, талғаньін», т б. дейді. Шәкәрім ғылымның және ғалым адамның қоғамдық өмірдегі орнын көрсетумен қатар, ғалымның ең алдымен нағыз адам болуын негізгі шарт ретінде қояды.

Еңбек, еңбек ету, қимылдау, - Шәкәрім шығармашылығында ерекше орын алады. Әдебиетіміздің Ыбырай мен Абайға дейінгі кезеңінде бұл тақырып жеткілікті өріс ала алмаған еді. Ыбырай мен Абайдан бастап қазақ әдебиетінде еңбекке байланысты жаңаша көзқарас туды. Ыбырай, Абай еңбекті адамдық қасиеттің ең негізгі белгісі ретінде таныды, адал еңбекпен өмір сүруді насихаттады, еңбектің қоғамдық өмірдегі маңызын жоғары бағалады. Ыбырай мен Абайдан кейін бұл тақырыпта С. Көбеев С. То-райғыров, С. Дөнентаев, тағы басқалары мол жазғаны мәлім.

Адамның адамдық қасиетін Шәкәрім еңбекке деген қатынасына қарай таныды. Еңбексіз келген байлықты немесе өзгені қор етіп, мақтан үшін жиналған байлықты, мал-дүниені Шәкәрім жиіркене айтады.

Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,

Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.

Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,

Ғибадат пен адалдық ар үшін жи.

Ақынның адал еңбекпен ар үшін тіршілік етуге үндеуі, адамдық ар мен еңбекті бір-бірімен байланысты түрде қарауы - оның өмірден әділдікті арман еткен ізгі тілегіне сай.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп Абай айтқандай Шәкәрім:

Еріибесең еңбекке дәулет дайын, Жараткан жоқ жатсын деп бір құдайым, -

дейді.

Қазақтың феодалдық қоғамында байлық туралы орнап қалған ұғымға Шәкәрім үзілді-кесілді қарсы.

Анық байлық денеге біткен өнер,

Білімдінің бәрі де соған сенер.

Арам жиып мақтанған дәулет емес,

Алдымызда бір күн бар есеп берер, -

дейді ол. Еріншектікті ақын көп шығармасында-ақ әшкерелейді? Тұрмыстағы ең бір зиянды құбылыстардың бірі ретінде көрсетеді. «Еріншек» деген өлеңінде:

Еріншектік, салақтық,

Салақтықтан надандық.

Бірінен бірі туады,

Жоғалар сүйтіп адамдық.

Еріншек таза жүре алмас,

Қаракет жоқ ғылым жоқ

Өз бойынан ұялмас, -

десе, «Жан мен дене әм көңіл» деген өлеңінде:

Білімсіз, әрекетсіз еріншекті,

Күнәқар да болмаспыз өлі десек, -

дейді., Жалқаулық пен еріншектікке бой ұруды бұлайша өлтіре сынау - қазақ әдебиетінің тарихында Шәкәрімнен өзге ақын-жазушылардың аузынан шығуы кемде-кем. Елең-селең бос жүруден безінуге шақырады ақын:

Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,

Қол өнерден пайда қыл үйреніп-ақ, -

деуі, сөз жоқ, бағалы пікір. Рас, Шәкәрім адал еңбекті жақтағанда ұйымдасқан еңбекті қолдау дәрежесіне бара алған жок. Оның өскен қоғамдық ортасы да, өмірге көзқарасы да мұндай талап-тілекке мүмкіндік бермеді. Әйтсе де, оның парақорлық пен арамтамақтықты сынап, адал еңбекке шақыруы, адамның адамдық қасиеттерінің бірін адал еңбекке байланыстыруы - орынды уағыз еді.

«Арың сатпа, терің сат адалды ізде», «егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ» деген жолдарды ақын өлеңдерінен көп ұшыратамыз. "Еңбекке, оқу, білімге, өнерге шақырады, жалқаулықты, бой-күйездікті надандықты сынайды, талапты бол дейді,

Өмірдің өкінбейтін бір айласы,

Ол айла - қиянатсыз ой тазасы.

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,

Таза жүрек, тату дос - сол шарасы.

Және:

Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек,

Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол.

Тағы да:

Еңбекке шыда ебін тап та,

Сабырдың түбі сары алтын.

Өзімшіл болма көпті ардақта,

Адамның бәрі өз халқың.

1. 2. Шәкәрімнің әдебиетке қосқан үлесі

Адамның қоғамдағы орнын ақын жоғары бағалап, оған көп жүк артады, міндет қояды. Рас, дидактика, уағыз басым, бірақ, адрессіз, атсыз емес, нақты ортаны, нақты адамдарды мегзеп айтқан. Мұңдай ғибрат, уағыз сөздер Абайда да бар екенін білеміз. Бұл тектес өлеңдер, негізінде, жалаң насихат емес, ақынның қоғам, адам жайындағы жинақталған ойын білдіретін ақыл сөздер, философиялық түйін, толғаулар. Жалпы өмірге әлеуметтік көзқарасын байқасақ рационализм сезіледі. Оқудың, білімнің, өнердіц адамға, ортаға тигізер пайдасы, ықпал, әсері көп айтылады. Жеке бастың жетілуі ақылға, білімге байланысты деген пікір үнемі уағыздалып отырады.

Шәкәрімнің өлеңдерінде «халқым, қазағым, туған ел-жұртым» деген ұғым жиі ұшырайды. Және оны ақын алуан түрлі тақырынтарды қозғай отырып, өлеңнің негізгі кілті, мазмұны есебінде ұсынады, Қай шығармасын алсақ та, шаруасы жағынан артта қалған, оқу, өнерден, озат мәдениеттен тыс қалған халықтың жайын, тағдырын көреміз. Ақын көбіне налып айтады, кейіп те айтады. Тек мағынасы жағынан ғана емес, сөз түзілісі, формасы жағынан да мұндай жолдары Абайға өте ұқсас. «Қазақ», «Тағы сорлы қазақ» деген өлеңдерінде Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртымыз деп келетін өлеңдеріндегі ой, идея дамытылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы
Шәкәрім поэтикасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
ШӘКӘРІМ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz