Мұхамеджан сералиннің өмірбаяны, бүтін шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі
Кіріспе
1. М. Сералиннің өмірі мен шығармашылығы
1.1 М. Сералин . ағартушы.демократ ақын
1.2 Ақынның шығармашылығына арқау болған тақырыптар
2.Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық.саяси қызметі
2. 1 М. Сералиннің қазақ қоғамының саяси саласына қосқан үлесі және маңызды мәселесі
2. 2 М.Сералиннің Қазан төңкерісінен кейінгі қызметіндегі саяси.құқықтық көзқарастарының маңызы
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Зерттеудің сипаты. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық шындықтар Қазақстан халықтарының сана-сезіміне өзгерістер әкелуде. Халықтың тарихына деген қоғамдағы көзқарас өзгеріп келеді. Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықылас та қауырт өсе түсуде. Болып жатқан өзгерістерге өткен кезеңдерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешіу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қазақстанның тарихи өткен жолын объективті, идеологиялық конъюнктурадан көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, өскелең жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбилеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады. Соған орай елімізде тәуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихын жазуға. 1995 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасына» сәйкес отандық тарих ғылымы алдына өткен тарихты үзінділер түрінде емес, мүмкіндігінше тұтас үрдіс ретінде қалыптастыру; «ақтаңдақ» беттерді ашу, бұрын бұраланып түсіндіріліп келген құбылыстарды және тұлғалар келбетін объективті түрде көрсету секілді міндеттер жүктелді.
Міне, осы аталған міндеттерді жүзеге асыруда еліміздің тарихшы-ғалымдары тарапынан қыруар жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде тарихшылардың кеңестік дәуірде барынша бұрмаланған, «халық жауы», «феодалдық топтың қолшоқпары», «кертартпа күштердің өкілі» ретінде көрсетілген тұлғалардың, қайраткерлердің келбетін қайта сомдау бағытында жүргізген ізденістерін ерекше айтуға болады. Осындай ізденістер нәтижесінде өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырған хандар мен билеушілердің, зиялы қауым өкілдерінің, батырлар мен билердің, ағартушылардың не бір өкілдерінің өмір жолына, атқарған қоғамдық-саяси қызметіне қатысты көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектер халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға, өскелең жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге және ұлттық идеяның орнығуына қызмет етеді деп нық сеніммен айтуға болады. Бұл пікір біз таңдап отырған жұмысына да тікелей қатысты. Көрнекті қазақ қайраткері, ағартушы Мұхамеджан Сералиннің қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау жолында атқарған қызметінің бүгінгі таңдағы еліміздің азаматтары үшін өнегелік маңызы зор.
М. Сералиннің өмір жолы мен атқарған қызметі тарихшылар тарапынан терең зерттеле қойған жоқ. Бұл мәселеге негізінен осы күнге дейін әдебиетшілер мен заңгерлер тарапынан ғана назар аударылып келгені белгілі. Тарихшы-ғалымдар көп жағдайда қайраткердің ХХ ғасыр басында атқарған қызметін өздері зерттеген мәселеге жанама мәселе етіп қарастырумен шектеліп келгені аян. Соған орай кең деректік материалдар негізінде және жаңа методологиялық ұстанымдарға сүйеніп М. Сералиннің өмір жолын, атқарған қоғамдық-саяси қызметін және халқымызға сіңірген еңбегін тұтастай ашып көрсетуді отандық тарих ғылымы алдыңдағы өзекті мәселе деуге негіз бар. Сондай-ақ мұндай бағыттағы зерттеу жұмысының нәтижелері ұлттық мүддені биік тұтушы ел азаматтарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
М. Сералиннің саяси келбетін объективті түрде ашып көрсету арқылы қайраткер өмір сүрген дәуірдің қыр-сырын түсінуге де мүмкіндік аламыз. М. Сералин ғұмыр кешкен кезең патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын қарқынды түрде жүргізген, азаттық қозғалыс арнасына зиялы қауым өкілдерінің тартылған, патшалық биліктің құлап, алаш қайраткерлерінің ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы талпынысы және кеңестік биліктің орнығу дәуіріне тұспа-тұс келді. Сол тұстағы қазақ халқының хал-ахуалы мен қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерге М. Сералиннің өмір жолы мен қызметін зерттеу арқылы да көз жеткізуге болатындығы да күмән тудырмайды.

1.Мұхамеджан.С. Топжарған .Алматы:1985. 345 б.
2.Нысанова С. М. Сералиннің қоғамдық-саяси қызметі. Алматы.,2007 – 75 б.
3. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. Алматы., 1997.- 325 б.
4. 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті. Алматы., 1998.- 234 б.
5. Қазақстан ұлттық энциклопедия. 7-том. – Алматы, 2001.көп томық.
6. Кенжебаев Б.XX ғасыр басындағы әдебиет.–Алматы:Білім,1993, 53–54 б.
7. Қалижанұлы У.Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. -Ал.,1998.75б.
8. Кәкішев Т. Дәуір дидары. –Алматы, 1985, 156 б.
9. Қаратаев М. Ізденіс іздері. А, 1984.- 97 б.
10. Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. А, 1984. – 398 б.
11. Қирабаев С. Шындық және шығарма. – А, 1981. - 456 б.
12. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – А, 1995
13. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Ергөбек Қ. А., 1994.-178б.
14. Қазақ газеті Әбдіманов Ө. А., 1993. – 254 б.
15. Қаратаев, Нұртазин, Қирабаев. Қазақ совет әдебиеті. А., 1997.- 156 б.

Зерттеудің сипаты. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық
шындықтар Қазақстан халықтарының сана-сезіміне өзгерістер әкелуде. Халықтың
тарихына деген қоғамдағы көзқарас өзгеріп келеді. Отанымыздың шыншыл да
ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықылас та қауырт өсе түсуде.
Болып жатқан өзгерістерге өткен кезеңдерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі
заманның күрделі проблемаларын шешіу жолын табуға талпыныс жасалуда.
Осындай жағдайларда Қазақстанның тарихи өткен жолын объективті,
идеологиялық конъюнктурадан көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи
зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, өскелең
жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбилеудің аса маңызды факторларының бірі
болып табылады. Соған орай елімізде тәуелсіз Қазақстанның өмір шындығына
сай жаңа тарихын жазуға. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында
тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасына сәйкес отандық тарих ғылымы
алдына өткен тарихты үзінділер түрінде емес, мүмкіндігінше тұтас үрдіс
ретінде қалыптастыру; ақтаңдақ беттерді ашу, бұрын бұраланып түсіндіріліп
келген құбылыстарды және тұлғалар келбетін объективті түрде көрсету секілді
міндеттер жүктелді.
Міне, осы аталған міндеттерді жүзеге асыруда еліміздің тарихшы-
ғалымдары тарапынан қыруар жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде тарихшылардың
кеңестік дәуірде барынша бұрмаланған, халық жауы, феодалдық топтың
қолшоқпары, кертартпа күштердің өкілі ретінде көрсетілген тұлғалардың,
қайраткерлердің келбетін қайта сомдау бағытында жүргізген ізденістерін
ерекше айтуға болады. Осындай ізденістер нәтижесінде өз мүддесін ұлт
мүддесімен ұштастырған хандар мен билеушілердің, зиялы қауым өкілдерінің,
батырлар мен билердің, ағартушылардың не бір өкілдерінің өмір жолына,
атқарған қоғамдық-саяси қызметіне қатысты көптеген ғылыми еңбектер жарық
көрді. Бұл еңбектер халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға, өскелең жас
ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге және ұлттық идеяның орнығуына қызмет
етеді деп нық сеніммен айтуға болады. Бұл пікір біз таңдап отырған
жұмысына да тікелей қатысты. Көрнекті қазақ қайраткері, ағартушы Мұхамеджан
Сералиннің қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау жолында атқарған
қызметінің бүгінгі таңдағы еліміздің азаматтары үшін өнегелік маңызы зор.
М. Сералиннің өмір жолы мен атқарған қызметі тарихшылар тарапынан
терең зерттеле қойған жоқ. Бұл мәселеге негізінен осы күнге дейін
әдебиетшілер мен заңгерлер тарапынан ғана назар аударылып келгені белгілі.
Тарихшы-ғалымдар көп жағдайда қайраткердің ХХ ғасыр басында атқарған
қызметін өздері зерттеген мәселеге жанама мәселе етіп қарастырумен шектеліп
келгені аян. Соған орай кең деректік материалдар негізінде және жаңа
методологиялық ұстанымдарға сүйеніп М. Сералиннің өмір жолын, атқарған
қоғамдық-саяси қызметін және халқымызға сіңірген еңбегін тұтастай ашып
көрсетуді отандық тарих ғылымы алдыңдағы өзекті мәселе деуге негіз бар.
Сондай-ақ мұндай бағыттағы зерттеу жұмысының нәтижелері ұлттық мүддені биік
тұтушы ел азаматтарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
М. Сералиннің саяси келбетін объективті түрде ашып көрсету арқылы
қайраткер өмір сүрген дәуірдің қыр-сырын түсінуге де мүмкіндік аламыз. М.
Сералин ғұмыр кешкен кезең патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын қарқынды
түрде жүргізген, азаттық қозғалыс арнасына зиялы қауым өкілдерінің
тартылған, патшалық биліктің құлап, алаш қайраткерлерінің ұлттық
мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы талпынысы және кеңестік биліктің
орнығу дәуіріне тұспа-тұс келді. Сол тұстағы қазақ халқының хал-ахуалы мен
қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерге М. Сералиннің өмір жолы мен
қызметін зерттеу арқылы да көз жеткізуге болатындығы да күмән тудырмайды.
Зерттеу объектісі. Мұхамеджан Сералиннің өмірбаяны, бүтін шығармашылық
мұрасы және ағартушылық қызметі .
Зерттеу мақсаты. Бұл еңбектің мақсаты - қоғамды, ең бірінші мұғалімдер мен
студенттерді М. Сералиннің ұлтжандылық көзқарастарымен таныстыру және
бірнеше еңбектеріне талдау жасау.
М. Сералиннің қалдырған мұрасының алатын орнын көрсете отырып, біз
оның қандай күрделі жағдайда өмір сүргенін және оның көзқарастарының қашып
құтылмайтындай жағдайдағы бірізді болмаған, кейбір мәселелер бойынша
айтқандарын ескердік.
Зерттеу міндеттері:
-М. Сералиннің философиялық, әлеуметтік, педагогикалық көзқарастарының
өзектерін анықтау;
-М. Сералиннің шығармаларындағы пікір-тұжырымдарын сараптай отырып
ашып көрсету;
Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлім
және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. М. Сералиннің өмірі мен шығармашылығы
1.1 М. Сералин – ағартушы-демократ ақын
Мұхамеджан Сералин - Алаш Орда мүшесі. 1877 жылы 25 тамызда Ақмола
облысы, Көкшетау уезінің Мезгіл болысында туған.
Мұхамеджан Сералин - гимназия мен университетті көрнекті Алаш
зиялыларының бірі - Райымжан Мәрсековпен бірге оқып, бірге бітірген. Омбыда
1937 жылы тұтқындалғанға дейін тұрады.Төңкеріс жылдары қазақ қоғамындағы
қоғамдық-саяси қозғалысқа белсене араласып, Қазақ елінің келешегі үшін
келелі істер атқарады. Патша өкіметі құлаған соң қазақ даласының аумағында
жер-жерде ұлттық қозғалыс бел алып, ұлттық мәселелер көтеріле бастайды.[1.
87]
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен жалпықазақтық съезде
Жалпықазақтың Халық кеңесіне - Алашордаға мүше болып, Ақмола облысынан
сайланады, яғни қазіргіше айтқанда, Алашорда үкіметінің министрі болады.
М. Сералин Азамат соғысы жылдары Қазақ елінің тағдыры, оның болашағы
үшін басқа да ұлтжанды ел азаматтары сияқты бір кісідей еңбек сіңірді. 1919
жылы 11 ақпанда Омбы қаласында Колчак үкіметінің Ішкі Істер Министрінің
жолдасы (орынбасары) П.Ф.Коропачинскийдің төрағалығымен өткен Қазақ-қырғыз
халқының әкімшілік-шаруашылық құрылымы туралы мәселе жөніндегі
ведомствоаралық алдын ала өткен мәжілісіне Алашорда үкіметінің төрағасы
Ә.Бөкейхановпен бірге оның мүшелері У.Танашев пен А.Тұрлыбаев та қатынасты.
Кеңес кезеңінде Омбы қаласында заң орындарында қызмет жасап, әр түрлі
мекемелерде қоғамдық мәселелері жөнінде кеңесші болады.
Мұхамеджан Сералин қуғын-сүргінге ұшыратып, 1934 жылы түрмеге қамап,
онда 6 айдай отырады. Кейін 1937 жылы қайта тұтқындайды. Содан қайтпайды.
Айқап журналының редакторы болып жұмыс істеп жүрген ол журналистік
зерттеулермен айналысты. 1917 жылы жоғары білімді журналист ретінде
М.Сералин мемлекеттік құрылысты белгілеуде, сол кездегі мемлекеттік
институттары мен үкіметін құруда, оның журналистік мәртебесін айқындауда
белсенді роль атқарды. М.Сералиннің журналистік саласындағы басты еңбегі
сол кездегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы мен қазақ мемлекеттілігінің
болашағы туралы идеялары болып табылады.[6. 53]
Ол қазақ зиялыларының озық ойлы өкілдері Ә.Бөкейханов, А.
Байтұрсыновтармен бірге ұлт-азаттық қозғалыстың идеялық және ұйымдық
негіздерін әзірледі, сол кездегі билік басындағы Үкіметтің саяси және
құқықтық құжаттарының дайындалуы туралы ақпартаттарды, мәліметтерді
көпшілікке дереу жариялап отырды. Сонымен қатар, М.Сералин қазақ қоғамының
мемлекеттік-құқықтық мәселелерін алғашқы зерттеушілерінің бірі. Ол 1923
жылы 27 қаңтарда шыққан Қазақ халқының әлеуметтік жай-күйі мақаласында
қазақ мемлекетінің саяси және құқықтық аспектілерін көрсетуге тырысты.
Бұрынғы қазақ хандығының әскери-саяси бірлестік ретінде құрылғанына назар
аударған ол Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы туралы да
мақала жазып, көпшілікке түсіндіруге тырысты. Ғасырлар бойы халыққа
ауыртпалық болып келген салықтың халықтың өздері сайлаған өкілді орган
Мемлекеттік Думаның келісімінсіз салынбауы да М. Сералин сияқты қоғам
қайраткерлерінің заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуге ұмтылысынан туған.
Себебі, мемлекеттік қазына мен халықтың тұрмыс деңгейі де көп жағдайда
салық саясатына тікелей байланысты еді. Жоба авторлары ұсынған салық
салудың пропорцияналды жүйесі өте ізгілікті және демократиялы қағида
болатын. Салық салудың мұндай тәртібі әділеттілік талаптарына және қазіргі
заманға да толық сай келеді.
М.Сералиннің Жергілікті бостандық деген мақаласында қазақтар
мекендейтін облыстарда тұратын барлық ұлттар үшін автономия құру туралы
жазылды.
Мақалада қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарда қызмет ететін
адамдардың халыққа пайдалы да, адал қызмет ететін механизм жасау жөнінде
ұсыныс жасайтыны және оны өмірге енгізу үшін күресетіндігі туралы сөз
болады. М. Сералин мақаларында билік, сот тақырыптары да қозғалады.[4. 65]
Мысалы, Билік һәм сот деп аталатын бөлімінде ол сот билігі және оның
ішінде билер соты туралы да ой қозғайды. Билік пен соттың әр халықтың
тұрмысы мен әдет-ғұрып ерекшеліктеріне қарай жүргізілуіне басты назар
аударған бағдарлама авторлары халыққа таныс емес құқықтық нормаларды
енгізуге қарсылық білдіреді. Өз мақалаларында М.Сералин мемлекеттің
зайырлық негізін бекітудің қажеттігін де атап көрсетеді. Дін ісінің
мемлекет ісінен бөлінуі мақаласы прогресшіл маңызды көрсеткіштердің бірі
саналады. Мұндағы ең басты нәрсе - діннің мемлекет ісіне, мемлекеттің дін
ісіне араласпауын сөз етеді.
М. Сералиннің бізге жеткен әдеби шығармалары сонша көп емес. Небары үш
поэма: 1) Топжарған, 2) Гүлкәшима, 3) Рүстем - Зорап (аударма) ; бес-
алты өлең ( Бай, патша һәм кедей, Бай, қасқыр, аңшы, Ленин, Жоқтау
), бір очерк, бір әңгіме Жусан (аударма) , Қайғылы қара күн.
Кейбіреулердің айтуына қарағанда, Мұхаметжан Сералиннің қазан
төңкерісінен бұрын жазған Бай, патша Һәм кедей, Бай, қасқыр, аңшы деген
өлеңдері баспа жүзін көрмеген; тек гектограф арқылы көбейтіліп, ел арасына
қолдан-қолға таратылған; олар байлардың зұлымдығын әшкерелейтін мысал
өлеңдер болған. Ал ақынның басқа әдеби шығармаларының бәрі де өз кезінде
газет, журналдарда және кітап болып басылған.
Мұхаметжан Сералиннің бірінші поэмасы - Топжарған. Ол 1900 жылы
Троицкіде бөлек кітап болып шықты. 1903-1907-1915 жылдары қайта басылды.
1936 жылдан бері орта мектептерге арналып шығып жүрген әдебиет
хрестоматиясында үнемі басылып келеді.
Топжарған поэмасының тақырыбы қазақ халқының өмірінде ХІХ ғасырдың
отызыншы, қырқыншы жылдарында болған оқиғаға байланысты: Кенесары,
Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты.
Автор поэмасының басында Кенесарының және оның маңына жиналған топтың
кәсібін, іс-әрекетін былай суреттейді:
Қаңтарда Жыланшықты қыстау еткен,
Жайлауға Торғай суын көктей еткен.
Қарасай, Қошалақтың қара отына,
Наурызбай, Кенесары мал семірткен.
Қасында Төленгіті жүз қаралы үй,
Жігіттің айтқаны өлең, тартқаны күй.
Ханынан жақсы ат тартқан алады сый,-
дейді.
Поэманың бас кейіпкері жас Адай жігіт өз елінен ғашықтық жөнімен
немере ағасын атып өлтіріп, қашып шығады; бір-екі жыл Теке маңын, Жайық
бойын кезіп жүреді; тама , шекті, шеркес руларын аралайды. Ұрлық істеп күн
көреді.[5. 87]
Осылай жүріп кейіпкер бір күні Кенесарының шекті руына мал ұрлау, ел
талауға келген үш жігітіне кез болады. Олар адай жігіті ұйықтап жатқанда
ұстап алып, атымен тұтқын олжа етіп Кенесарыға алып барады; олар бара жатып
адай жігітке:
Біз елден апта болды шықтық шетке,
Шектіден мал алуға келсе епке.
Талғанда аттың мойны сен кез келдің.
Құлақ сал, олжаладық, мына кепке,
Біз сені Кенеханға апарамыз,
Құл қылып бірімізге біз аламыз.
Қоқаннан сәудегер сарт келген шақта,
Құл сатып, олжалы боп біз қаламыз, -
дейді.
Хан алдына барғанда жортуылшы жігіттер мақтанады: тұтқын жігітті қуып
жетіп ұстадық, ат үстінде сайысып жеңіп, байлап-матап алдық дейді. Адай
жігіт мұның бәрі жалған екенін, ұйықтап жатып қолға түсіп қапы қалғанын
айтады.
Тақсыр-ау, астымда атым жүйрік желден,
Жарыста озушы едім қалың елден.
Қашсам да құтылар ем қолға түспей,
Үшеуін ат үстінде болсам көрген, -
дейді.
Сонда жортуылшы жігіттер ханға тұтқынның сиықсыз, жаман, жауыр атын
әкеп көрсетеді. Хан тұтқын жігіттің әлгі сөзіне сенбей және Шын жүйрікті
тани алмай, оған ертең осы атыңмен қашып көр:
Бұл торың жүйрік болса құтыларсың,
Немесе қуғыншыға тұтыларсың
Найзасы жеткен жерде қаза болып,
Мұны біл қара жерге жұтыларсың!
– деп қаһарланады хан[11. 23].
Ақын мұнан кейін бауырынан жараған тұлпар мініп, қашқанды қууға
әзірленіп, құнығып тұрған хан жігіттерін қуғыншыларды суреттейді:
Бәрі де өңшең бөрі ішкендей қан,
Тиындай көрінбейді көзіне жан.
Жігіттер қатар түзеп тұрған шақта
Ордадан нөкер ертіп шығады хан ...
Сәлемін берген көптің құп алады,
Кене хан жан-жағына көз салады,
Сәулетін батырлардың көргеннен соң,
Ішінен мақтаныш қып қуанады.
Поэмада, мұнан ары, қашқалы тұрған тұтқын жігіттің қалпы суреттеледі.
Ол жалаңдап тұрған қанішерлердің найзасының ұшында тұрмын деп сезінбейді.
Салмақтана түседі. Өтетілеудің күміс шақшасын сұрап алып насыбай атады.
Шүу деді сонда жігіт амандасып,
Болсын деп сіздің шақта бізге нәсіп,
Әр жерде көзіңіздей көремін деп,
Жөнелді сонда жігіт көптен қашып,
- дейді.
Кенесары жігіттерінің бірі де қашқанның шаңына ілесе алмай қалады.
Пері ме, адамзат па, шайтан ба, - деп, ергеніне жиналған топ қашқан
жігітті әңгімелеп отырғанда, ол есіктен сәлем беріп, кіріп келеді.
Өтетілеудің, шақшасын өзіне қайырып береді. Кенесары жігіттен оның кім
екенін сұрайды. Жігіт оған өзінің әлгі тарихын баяндайды. Ақырында ол
өзінің сол өңірге Кенесарыны іздеп келгенін айтады. Өз ықтиярымен Кенесары
тобында қалады.
Поэманы оқып шыққанда Кенесары төңірегіндегілер ұры-қарылар, ел
тонаушылар, кісі өлтірушілер еді, кісі өлтірген, елінен қашқан ұры жігіт
сол ұрылар, кісі өлтірушілер, ел тонаушылар тобына қосылды деген пікір
айқын аңғарылады. Поэманың негізгі идеясы да – осы. Хан төңірегіндегі
жігіттер шығармада әшкерелене ,сынай баяндалады.
Поэманың әр жерінде Кенесары мен Наурызбай жөнінде хан, мырза, батыр деген
сияқты мадақ сөздер кездеседі[8. 96].
Топжарған поэмасын жазуда Мұхаметжан Сералиннің орыс халқы классик
әдебиетінен, атап айтқанда, Н. В. Гогольден, оның әйгілі Ревизор
пьесасынан өнеге алғаны айқын көрінеді. Ревизордағы сияқты, Топжарғанда
да аты аталып, жөні, қызметі суреттеліп көрсетілген ұнамды кейіпкер жоқ.
Оның ұнамды кейіпкері тақырыпты, оқиғаны белгілі желімен, халық көзқарасы,
халық мүддесі тұрғысынан баяндап отырған автордың өзі.
Осы сияқты, поэманың сюжеті мен композициясын құруда да ақынның орыс
әдебиетінен нәтижелі үйренгені байқалады. Өйткені ол поэмасын , бұрынғы
ертек, қиял-ғажайып қиссалардағы сияқты, кейіпкерлердің туғанынан бастап,
ерлік ісін түгел баяндап, ақырында оны мұрат-мақсатына жеткізіп
аяқтамағаны; оқиғаны орта жерінен кілт бастаған: Басқасын шегіну, жалтару,
кейін аңғарту ретімен баяндаған, қиықты қиыстырған.
Топжарған адай жігіттің қолға түсуінен басталады; тез өрбіп, оқушыны
тартып әкеледі. Ал ол жігіттің кім екені, не қылып жүрген адам екені, ниеті
- бәрі поэманың ақырына дейін жұмбақ болып отырады; тек ақырында бір-ақ
ашылады.
Топжарған поэмасында Мұхаметжанның тілі таза; ақын бұрынғы діни кітап
сөздерін, татарша сөздерін аз қолданған, тіпті қолданбаған десе де болады.
Тарихи шындықты, реалдық өмірді таза қазақ тілінде, нағыз реалистік
сөздермен, реалистік, жарасты теңеу, салыстырулармен суреттеген.
Топжарған - тарихи-реалистік, көркем поэма.
Мұхаметжанның екінші поэмасы Гүлкәшима (1903) - қазақ
халқының сол кездегі өмірінен алынып жазылған реалистік-романтикалық,
сюжетті поэма. Оның негізгі идеясы - адамның бас бостандығы, әйел теңдігі;
ізгі тілектеріне жете алмай арманда өткен екі жастың бір-біріне шын ғашық
қазақ қызы Гүлкәшима мен қазақ жігіті Баймағамбеттің әңгімесі.
Поэма үш бөлімді: бірінші бөлімі - жазушының көрген-білген бір оқиғасы;
екінші бөлімі -- Гүлкәшима мен Баймағамбеттің ғашықтық әңгімесі; үшінші
бөлімі - автордың қорытындысы[13. 65].
Бір жылы ақын Қостанайда болған Покров жәрмеңкесіне барды; бара жатып
жолда Тілеуберген деген шалдың үйіне қонады. Тілеуберген Сыр бойынан көшіп
келіп отырған жалғыз үй: кемпір-шал екен, тек Баймағамбет деген жалғыз
баласы ғана бар екен. Ақын қонған күні бала бір жаққа кетіп, келмей қалады.
Жәрмеңкеде бірнеше күн болған соң, ақын бір күні Тобыл бойында бір кісі
өзін-өзі бауыздапты деген хабар есітеді.
Аяғын жәрмеңкенің тарқар шақта,
Ғажайып естілмеген хабар білдік.
Өліктің өзге жері сау саламат.
Болғаны бауыздауда жалғыз жара.
Тобылдың алабында, тал ішінде,
Жанында пышақ қалам, сыя-қара.
Киімін ол байғұстың ақтарғанда,
Бір қағаз қалтасынан шыққан және.
Сұрастыра келсе, ол әлгі кемпір-шалдың баласы Баймағамбет болып
шығады. Казақ әдетінше бата оқып, көңіл айтайын деп қайтарда ақын
Тілеубергеннің үйіне тағы келеді. Кемпір-шал қатты қайғылы, баласының ақын
екенін, білімді екенін айтып, сандықтан оның оқыған кітаптарын, жазған
өлеңдерін алып көрсетеді.
Ішінде кітаптар бар, қағаздар бар,
Тексердім бастан-аяқ көп актарып.
Жігіт емес Баймағамбет зейіні тар,
Жел сөзге болған екен аруағы жар.
Ғалымдық Һәм ақындық бір өзінде,
Ғылымнан неше түрлі кітабы бар.
Сандықта өлеңдер бар неше түрлі,
Аралап пақырыңыз бәрін көрді.
Жазыпты Баймағамбет өз қолымен,
Бір дәптер тауып алдым өлең-жырды,
Дәптерде өз ахуалын баян еткен,
Өлеңге шебер екен болмай кеткен.
Ғашықтық саудасына душар болып,
Ақыры ол саудада қаза жеткен.
Ақын кемпір-шалдан Баймағамбеттің өлең жазған дәптерін сұрап алып
кетеді. Келесі жылы барып Баймағамбеттің моласын көреді.
Тобылдың суы терең, жары биік,
Қорғанар алабында қашқан киік,
Басында биік шыңның тамды мола,
Молаға шоқ тал біткен басын иіп.
Басына көк тас қойған жылын айтып
Марқұмның қабырдағы сырын айтып,- дейді.
Тастағы жазуды келтіреді. Ақырында, автор:
Міне, мен көргенімді айтып болдым,
Неше күн қалам алып бейнет көрдім.
Сандықтан шыққан дәптер, қалтада өлең,
-деген екен.
Барлығын тіркей жазып қисса қылдым ...
Қиссаға Гүлкәшима есім бердім,
Бір ғибрат заманға бола ма деп,
Қызыл гүл тау аралап, тастан тердім,-
Дейді[15. 163].
Қиссаның - Баймағамбет дәптерінің мазмұны былай: Көктемде Сыр елі
Арқаға көшіп келеді, Олардың ішінде Тілеубергендердің жақындары, таныстары
болады. Баймағамбет амандасуға Сырдан көшіп келген ауылға барады. Сонда
Медетбай деген байдың үйінде болып, оның Гүлкәшима деген қызын көріп, соған
ғашық болады. Себебі, ол әрі ақын, әрі молда, әрі ақылды, әрі сұлу болады:
Таранған тоты құстай бір асыл зат,
Меңзесем құр қызына болмайды ұят.
Ақ жүзді ақылы кәміл, шырын сөзді,
Үстіне сәндік үшін киген манат,
Көп артық ұзын емес, орта бойлы,
Аса көп сөйлемейді, терең ойлы,
Күлгенде екі беті шұқырайып,
Сүйкімді көрінеді жүзі нұрлы.
Ақ екен ақ інжуден отыз тісі,
Болғанда маңдай жазық, қызыл жүзі,
Татиды шекер-балдай айтқан сөзі,
Жігіттің тұла бойын балқытады,
Қараса жаудыраған қара көзі,
Тігілген кірпігі оттай, жайдай қасы,
Өрілген он екі тал желке шашы,
Үзілген мойны алманың сабағындай
Көрініп тамағынан ішкен асы,
Аққудай көлге жүзген көлеңдеген
Бұралған тал шыбындай, құмырсқа бел,
Он бес пен он алтыға келген жасы.
Баймағамбет бұл сырын Сүлеймен деген жігітке айтады. Ол кыздың
айттырған күйеуі бар, бірақ ол қызға тең емес. Сен хат жазып көр, менің
інім апарып береді дейді. Баймағамбеттің Гүлкәшимаға ғашықтығы арта береді.
Ақыры ол хат жазады. Хатты лоблып, толықсып, қолы қалтырап, қайта-қайта
жазып, жыртады, Ақыры хат жазады, оның басын дұғай сәлем деп бастайды.
Күйген саң ғашық отына алдым қалам, - дейді.
Қыз Гүлкәшима жігіттің сөзіне жауап қайтарады. Өзінің басы бос емес екені,
ойнап-күлудің реті жоқ екенін айтады:
Мал берген мен біреудің жесірімін,
Қос жұртты әзіл сөзге қылам ба мерт,
Той қылып, құда болып, құйрық жесіп,
мал сізге, қыз бізге деп айтылған шарт,-
дейді.
Жігіт бұған тоқтамай қыздың ауылына барады, қызбен оңаша сөйлеседі,
қыз айтқанынан қайтпайды. Ақыры ол: Тойыма кел, - ақырғы пікірімді той
үстінде хатпен айтайын деп уәде береді [14. 69].
Күзде Гүлкәшиманың тойы болады. Баймағамбет соған барады. Той, бәйге,
жарыс, палуан күрес, ойын-сауық, жар-жар айтулар суреттеледі.
Гүлкәшима уәдесі бойынша, той үстінде Баймағамбетке хат жазып жібереді.
Хаттың басын Ішкі сырым) - деп қояды. Онда Гүлкәшима өзінің Баймағамбетке
ғашық екенін, күйеуін тең көрмейтінін, бірақ енді бәрі кеш екенін, амалсыз
айттырған күйеуіне тиіп, Баймағамбетті ойлап, өмір бойы жылай-жылай
жүретінін айтады.
Мұнан кейін жазушы Тобыл бойында өзін-өзі өлтірген кісінің қалтасынан
шыққан қағаздың сөзін келтіреді, ол - Баймағамбеттің өлерде жазған хаты.
Ғашықтық зарынан өлгенін, ата-анасынан айыптамай, еске алып жүруін
өтінген.
Ғашығы Гүлкәшима басқа түсіп.
Келмеді көтеруге оны шамам ...
Мақсатқа ұйғарылған жетпеген саң,
Дүниемен қоса құрсын жиналған мал ...
Қайғылы тіршіліктен өлген артық,
Алдында жоқ болған соң ешбір aлаң,-
дейді.
Осыдан кейін Сөз соңы. Ол - автордың қорытындысы Ғибрат бар екі-үш түрлі
бұл қиссада деп келеді. Баймағамбеттің өлуіне, Гүлкәшиманың өз теңі емес
адамға тиіп, мәңгі мұңды болып жүруіне: 1) Қазақтың ескі әдеті кінәлі: сол
бойынша халық теңі емес, сүймеген жастарды зорлап, байлап, матап қосады; 2)
ата-ана өз баласын өзі малға сатады, мал орнына беріп, азапқа салады,
баладан малды жақсы көреді. Осылардан қазақтық жас, білімді, ақылды, сұлу
кыздары гүлдей солады.
Баймағамбет пен Гүлкәшима әңгімесін қазақтың қыздары, жігіттері сабақ
алсын: олар ескі ғұрып-әдетке көнбесін, қайта оған қарсы қүрессін, өнер-
білім іздесін, қазақтық аруағын көтерсін:
Жас күнің өнер іздер нақ дер шағың.
Халкыңның ойлай берші оңар жағын –
дейді.
Мұхаметжан Сералиннің Гүлкәшима поэмасы – қазақ әдебиетіндегі тұңғыш
реалистік поэмалардың бірі. Жазушының бір жағынан, реалдық өмірді, шын
тұрмысты, болған, өзі көрген уақиғаны суреттеп, сол арқылы жастарға ескіден
жирен, оған қарсы күрес, өнер, білім ізде, халыққа қызмет ет, халықтың
аруағын көтер деуі, екінші жағынан, оқиғаға өзі араласып отыруы, әңгімені
көбінше хат ретімен, кейіпкерлердің хат жазысып, сөйлесулері ретімен
келтіруі, сюжет құруы оның орыс халқының бұрынғы, өз тұсындағы үлгілі
әдебиетінен біраз үйренгенін көрсетеді. Бірақ бұл жолы онысы әлі
жеткілікті, айнығысыз деп айтуға болмайды.
Поэманың идеялық мақсаты маңызды да; оқиғасы, сюжеті қызық; құрылысы
композициясы қисынды. Бірақ жазушы негізгі идеясын, көңіліндегі көрікті
ойын сюжетке, композицияға кірістіре алмаған. Ойын оқиға, сюжет арқылы,
кейіпкерлердің ісі, мінезі, ойы, сезімі, ұғымы арқылы суреттеп, көрсетпей,
ақырында жалаң сөзбен үгіт-насихат етіп айтқан; қызықты сюжетті, жақсы
материалды көрікті етіп шығара алмаған; публицистикаға айналдырып жіберген
[9.56].
Жазушы стилінде, тілінде ертедегі шығыс әдебиетінің, ертек қиял-
ғажайып қиссалардың әсері едәуір. Ол өте-мөте жазушы кейіпкерлердің
келбеттерін, портреттерін суреттегенде айқын аңғарылады. Автор Гүлкәшиманы
көзі - жұлдыз, кірпігі - найза, қасы - жай, мойны алманың сабағындай,
тамағынан ішкен асы көрінеді, тісі - інжу, - деп бейнелейді; Баймағамбеттің
Гүлкәшимаға ғашық болуын, ынтызарлығын суреттеуінен Мәжнүннің Ләйлаға ғашық
болуы сезіледі, Автор бұрынғы кітап атауларын, татар сөздерін бір кыдыру
қолданады.
Жазушы поэмасында тек ғашықтық әңімесін ғана екі жастың арасындағы
әңгімені ғана баяндап қоймайды. Сонымен қатар, тиісінше халықтың тұрмыс-
салтын, шаруашылық-тірлігін, табиғат көрінісін де суреттеп отырады, Мысалы,
Сыр елінің арқаға көшіп баруы, Арқа слінін егін салатыны, той ойын-сауық,
жазушының базар шығуы, Тобыл бойын, моланы суреттеуі, тағы-тағылар,
Осы суреттеген реалистік жағдайларына лайық жазушы шығармасында
реалистік теңеулер жеке сөздер мен атаулар қолданылады.
Арқа елі соқа суырып, дем алғанда...
Миуа сізге нәсіл бұл шарбақта.
Іздеңіз ол миуаны басқа бақтан...
Мендағы арақ ішкен мас адаммын... – деп келеді.
Тұрмыс, шаруашылық қажеттігі бойынша қазақ тіліне еніп, сіңісіп кеткен
кейбір орысша сөздерді кірістіріп отырады.
Сонымен, тақырыбы, идеялық мазмұны жағынан болсын, сюжеті мен
композициясының қисынды, қызықты болып келуі, реалистік жайларды көрсетуі
жағынан болсын Гүлкәшима, - бір қыдыру жақсы, көркем шыққан поэма, өз
заманында жаңа көрініс, үлкен табыс.
Жоғарыда көрдік, Мұхаметжан Топжарған поэмасының да сюжеті мен
композициясын, осы сияқты, қисынды, қызықты етіп, орыс әдебиетіндегі
реалистік роман, поэмалардың сюжеті мен композициясы сияқты етіп келтірген
еді. Тегі Мұхаметжанды шығарманың сюжеті мен композициясын құруға шебер
ақын деуге болады [7. 123].
Мұхаметжан Сералиннің үшінші поэмасы Рустем-Зорап. Ол орыс тілінен
аударылып, Айқап журналының 1914 жылғы 22, 23, 24-сандары мен 1915 жылғы
2,3, 4, 5, 9-сандарында басылды, бөлек кітап болып шықпады.
Мұхаметжан поэмаға ұзақ түсінік жазған. Онда әуелі поэманы кімнен,
қалай аударғанын хабарлаған: Қадірменді оқушыларымыздың алдына салып
отырған мына Рүстем-Зорап қиссасы - фарсы тілінде жазылған атақты
Шаhнама деген кітаптың бір саласы. Рюккерт деген немістің бір шайыры
Рүстем-Зорап қиссасын Шаhнама деп алып, бір жағы тәржіме, бір жағы
ұйқастыру секілді қылып немісше жазған... Соны орыс шайыры Жуковский 1846-
1847 жылдары орысша өлең қылып, арттырып, кемітіп, қолына лайықты істеп
шығарған. Мен оны шамамнан келгенше қазақ тіліне Жуковскийдің шығарған
қалыбынан дым алыстатпай аударуға тырыстым,- деген [9. 78].
Мұнан кейін ол Шаһнама және оның авторы, жазылу тарихы, қай тілдерге
аударылғаны, соның ішінде қазақ тіліне де аударылған (Мұнан жиырма, жиырма
бес жыл бұрын Ақмешіт шәhәрінде молда Ораз деген бір найман Шаhнаманы
қазақшаға аударған екен. Баспа болып шыққан шықпағанын білмедім, -дейді
1. 2 Ақынның шығармашылығына арқау болған тақырыптар
Мұхамеджан Сералин бірқатар мақаласында халықтың оқу оқып, түрлі
кәсіп, өнер, ғылыми техника үйреніп, ілгері басуына кедергі болып отырған
кей жағдайларды әшкерелейді: қазақтың жалқаулық, партиягершілдік,
мансапқорлық, парақорлық сияқты мінез- қылықтарын сынайды. Мысалы, ол
Біздің дертіміз деген мақаласында қазақтың әлгі мінез-құлықтарын тізіп
көрсетеді, халықтың ел ағасы адамдарының олардан арылуын талап етеді. Бұл
мәселені Мұхамеджан Сералин жаңа жылдың келуімен, 6 наурыз қазақша жаңа жыл
- наурыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz