Нұржан наушабаевтың бүтін шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі және өмірбаяны
КІРІСПЕ
1 Наушабаев Нұржан . Ақын
1.1 Ақынның шыққан ортасы
1.2 НҰРЖАННЫҢ ҰРПАҒЫ
2 Н.Наушабайың Назымдарының көркемділігі
2.1 НҰРЖАННЫҢ СЕГІЗ СЕРІСІ
ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеудің сипаттамасы. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық шындықтар Қазақстан халықтарының сана-сезіміне өзгерістер әкелуде. Халықтың тарихына деген қоғамдағы көзқарас өзгеріп келеді. Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықылас та қауырт өсе түсуде. Болып жатқан өзгерістерге өткен кезеңдерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешіу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қазақстанның тарихи өткен жолын объективті, идеологиялық конъюнктурадан көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, өскелең жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбилеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады. Соған орай елімізде тәуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихын жазуға. 1995 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасына» сәйкес отандық тарих ғылымы алдына өткен тарихты үзінділер түрінде емес, мүмкіндігінше тұтас үрдіс ретінде қалыптастыру; «ақтаңдақ» беттерді ашу, бұрын бұраланып түсіндіріліп келген құбылыстарды және тұлғалар келбетін объективті түрде көрсету секілді міндеттер жүктелді.
Көрнекті қазақ қайраткері, ағартушы Нұржан Наушабайұлы қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау жолында атқарған қызметінің бүгінгі таңдағы еліміздің азаматтары үшін өнегелік маңызы зор.
Н.Наушабайдың өмір жолы мен атқарған қызметі тарихшылар тарапынан терең зерттеле қойған жоқ. Бұл мәселеге негізінен осы күнге дейін әдебиетшілер мен заңгерлер тарапынан ғана назар аударылып келгені белгілі. Тарихшы-ғалымдар көп жағдайда қайраткердің ХХ ғасыр басында атқарған қызметін өздері зерттеген мәселеге жанама мәселе етіп қарастырумен шектеліп келгені аян. Соған орай кең деректік материалдар негізінде және жаңа методологиялық ұстанымдарға сүйеніп Н.Наушабайдың өмір жолын, атқарған қоғамдық-саяси қызметін және халқымызға сіңірген еңбегін тұтастай ашып көрсетуді отандық тарих ғылымы алдыңдағы өзекті мәселе деуге негіз бар. Сондай-ақ мұндай бағыттағы зерттеу жұмысының нәтижелері ұлттық мүддені биік тұтушы ел азаматтарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Н.Наушабайұлының саяси келбетін объективті түрде ашып көрсету арқылы қайраткер өмір сүрген дәуірдің қыр-сырын түсінуге де мүмкіндік аламыз. Нұржан суырып салмалық қасиетімен, жан-жақты білімділігімен, өте жоғары есте сақтау қабілетімен, тапқырлығымен, терең ойлылығымен, байқағыштылығымен классикалық жолда ерекшеленеді.
Сегіз серіні жан-жақты тексерген өз тұсындағы қазақтың алғашқыларының бірі Нұржан, Сегіз сері жайлы ғылымға керекті беймағлұм құпия деректердің бетін ашқан Нұржан Наушабаевтың "Сегіз сері" атты дастаны - фольклор мен әдебиет тануда кейбір мәселелерді қайта қарауға мұрындық болатындай бағалы шығарма. Мұны ұзатпай Нұржан туындыларымен қоса жариялау да игі істердің бірі,"- дейді ғалым М. Жармұқамедов.
Нұржан Наушабаев қазақтың ән өнерінде дәстүрлі Арқаның түр-пішінін сақтай отырып, оны көркейтумен қатар өзінің жеке үлесін де қосты.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қалижанұлы У.Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым. -Ал.,1998.75 б.
2 Әбілғазин С.Арқада. Наушабайдың Нұржаны өткен. – Қостанай : - 2003.
3 Кенжебаев Б.XX ғасыр басындағы әдебиет.–Алматы:Білім,1993, 53–54 б.
4 Сәлімгерей.Қ Нұржан Наушабайұлының әдеби мұрасы–Алматы:2001,–25б.
5 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. –А, 1997, 235 б.
6 Кәкішев Т. Дәуір дидары. –Алматы, 1985, 156 б.
7 М. Жармұқамедов. Сегіз сері. –Алматы, 1977, 58 – 65 б.
8 Қабдолов З. Арна. –Астана, 1988, 94 – 97 б.
9 Қаратаев М. Ізденіс іздері. – Алматы:Барыс,1984, 89 – 93 б.
10 Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. – Алматы:Білім,1984, 407 б.
11 Қирабаев С. Шындық және шығарма. – Алматы:Білім,1981, –308 б.
12 Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы:Білім, 1995, 245 б.
13 Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана, 2002, 44 -46 б.
14 Қирабаева С. Тәуелсіздік рухымен. – Астана, 2002, 189 б.
15 Қазақстан ұлттық энциклопедия. 7-том. – Алматы, 2001.көп томық.
16 Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 6-том. – Алматы: Қазақпарат, 2006.

Зерттеудің сипаттамасы. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-саяси және
экономикалық шындықтар Қазақстан халықтарының сана-сезіміне өзгерістер
әкелуде. Халықтың тарихына деген қоғамдағы көзқарас өзгеріп келеді.
Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықылас та
қауырт өсе түсуде. Болып жатқан өзгерістерге өткен кезеңдерден ұқсастық
іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешіу жолын табуға
талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қазақстанның тарихи өткен жолын
объективті, идеологиялық конъюнктурадан көрінісін қалпына келтіру халықтың
тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың,
өскелең жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбилеудің аса маңызды факторларының
бірі болып табылады. Соған орай елімізде тәуелсіз Қазақстанның өмір
шындығына сай жаңа тарихын жазуға. 1995 жылы қабылданған Қазақстан
Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасына сәйкес отандық
тарих ғылымы алдына өткен тарихты үзінділер түрінде емес, мүмкіндігінше
тұтас үрдіс ретінде қалыптастыру; ақтаңдақ беттерді ашу, бұрын бұраланып
түсіндіріліп келген құбылыстарды және тұлғалар келбетін объективті түрде
көрсету секілді міндеттер жүктелді.
Көрнекті қазақ қайраткері, ағартушы Нұржан Наушабайұлы қазақ халқының
ұлттық мүддесін қорғау жолында атқарған қызметінің бүгінгі таңдағы
еліміздің азаматтары үшін өнегелік маңызы зор.
Н.Наушабайдың өмір жолы мен атқарған қызметі тарихшылар тарапынан
терең зерттеле қойған жоқ. Бұл мәселеге негізінен осы күнге дейін
әдебиетшілер мен заңгерлер тарапынан ғана назар аударылып келгені белгілі.
Тарихшы-ғалымдар көп жағдайда қайраткердің ХХ ғасыр басында атқарған
қызметін өздері зерттеген мәселеге жанама мәселе етіп қарастырумен шектеліп
келгені аян. Соған орай кең деректік материалдар негізінде және жаңа
методологиялық ұстанымдарға сүйеніп Н.Наушабайдың өмір жолын, атқарған
қоғамдық-саяси қызметін және халқымызға сіңірген еңбегін тұтастай ашып
көрсетуді отандық тарих ғылымы алдыңдағы өзекті мәселе деуге негіз бар.
Сондай-ақ мұндай бағыттағы зерттеу жұмысының нәтижелері ұлттық мүддені биік
тұтушы ел азаматтарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Н.Наушабайұлының саяси келбетін объективті түрде ашып көрсету арқылы
қайраткер өмір сүрген дәуірдің қыр-сырын түсінуге де мүмкіндік аламыз.
Нұржан суырып салмалық қасиетімен, жан-жақты білімділігімен, өте жоғары
есте сақтау қабілетімен, тапқырлығымен, терең ойлылығымен,
байқағыштылығымен классикалық жолда ерекшеленеді.
Сегіз серіні жан-жақты тексерген өз тұсындағы қазақтың алғашқыларының
бірі Нұржан, Сегіз сері жайлы ғылымға керекті беймағлұм құпия деректердің
бетін ашқан Нұржан Наушабаевтың "Сегіз сері" атты дастаны - фольклор мен
әдебиет тануда кейбір мәселелерді қайта қарауға мұрындық болатындай бағалы
шығарма. Мұны ұзатпай Нұржан туындыларымен қоса жариялау да игі істердің
бірі,"- дейді ғалым М. Жармұқамедов.
Нұржан Наушабаев қазақтың ән өнерінде дәстүрлі Арқаның түр-пішінін
сақтай отырып, оны көркейтумен қатар өзінің жеке үлесін де қосты.
Зерттеу объектісі. Нұржан Наушабаевтың бүтін шығармашылық мұрасы және
ағартушылық қызметі және өмірбаяны.
Зерттеу мақсаты. Бұл еңбектің мақсаты қоғамды, ең бірінші мұғалімдер
мен студенттерді Нұржан Наушабаевтың педагогикалық көзқарастарымен
таныстыру және педагогикалық идеялардың даму тарихының құнды ескерткіштері
болып табылатын бірнеше еңбектеріне талдау жасау. Объективті берілгендерге
сүйене отырып біз оның тәрбие мәселесі бойынша көзқарастарын сол кездегі
алдыңғы қатарлы орыс педагогикалық ойларының теориясы мен практикасында
орын алғандармен салыстырдық.
Нұржан Наушабаевтың қалдырған мұрасының алатын орнын көрсете отырып
біз оның қандай күрделі жағдайда өмір сүргенің және оның көзқарастарының
қашып құтылмайтындай жағдайдағы бірізді болмаған, кейбір мәселелер бойынша
айтқандарын ескердік.
Зерттеу міндеттері:
-Нұржан Наушабаевтың философиялық, әлеуметтік, педагогикалық
көзқарастарының өзектерін анықтау;
-Нұржан Наушабаевтың шығармаларындағы педагогикалық пікір тұжырымдарын
сараптай отырып ашып көрсету;
-Нұржан Наушабаевтың ақын, фоьклорист-педагог ретінде педагогика
тарихы мен этнопедагогикаға қосқан үлесін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлім
және пйдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Наушабаев Нұржан – Ақын
Наушабаев Нұржан (Нұрмұхамбет) (1858, қазіргі қостанай обл.
Ы.Алтынсарин ауд. - 1919) ақын. Дәни - ағартушылық бағыттың көрнекті
өкілі.Анасы Қадишадан (шал ақынның қызы) жастайынан айырылған ол
нағашыларының қолында тәрбиеленген. Тройцк қаласында З. Расулов
медресесінде білім алған. Жастайынан араб –парсы тілдеріндегі кітаптар мен
татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды, әнші, сері, балуан атанып,
дитактик.үлгідегі нақыл, терме, толғау, мысал және назым, ғақлия жырларын
жазады. Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың
жұмбақ айтысы (1903), Манзұмат қазақия (1903), Алаш (1910) атты
жинақтары қазан қаласында басылған. Нұржан өлендерінің негізгі тақырыбы –
өнер – білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау. Заманның қалпына
айтылған сөз, Тақпақ, Терме, Леп ұрған жігіттке өлендерінде, сондай-
ақ А.И. крыловқа еліктеп жазған Түлкі мен әтештің хикаясы, Өгіз бен
есек, т.б. мысалдарында адамның мінез – құлқы мен жамандық – жақслық,
әділдік жайын, замана бағытын, қоғамдық құбылыстарды сипаттады. Дидактик
жанырда жазылған Қырық тілек атты 13 жұмбақтан тұратын ғақлия өлені
көркемдігімен ерекшеленеді [5, 32].
Қоғамдық жайларды исламдық тұрғыдан таразылап, діни өлеңдерінде Құран
Кәрімнің маңызын, қасиетін түсіндіруге талпынған ақын мұсылманның парыз –
уәжіптеріне талдау жасайды (Қырық парыздың баяны, т.б.). нұржанның
шығармаларында татар ақыны, әнші Сапарғали Қуанышұлымен жұмбақ айтысының
орны ерекше. Хат үлгісіндегі жазбаша сөз сайысында қарсыласы тарапынан
қойылған 25 жұмбаққа Нұржан тапқырлықпен жауап беріп, білімдарлығын
көрсеткен. Айтыс көркем тілімен, заман ағысы мен қоғамдық өзгерістерді
шебер бейнелеумен құнды. Айтыс мәтіні мәтіні 359 жолдан тұрады, алғаш
Манзұмат қазақия кітібында, кейін Айтыс жинағының 2-томында жарық
көрді. Ы.Алтынсаринге арнаған өленіңде ағартушының еліне, замандастарына
өнеге көрсеткен биік азаматтық тұлғасы айқын көрініс тапқан [1, 75].
Өлеңнің 3 шумағы ы.Алтынсарин құлпыстасына қашалып жазылған. Ақынның
Көкем-ай, Көңіл ажары, жан сәулем, Асылай, Мұқидаш, Бес тілек,
т.б әндері ел арасына кең тараған
1.1 Ақынның шыққан ортасы
"Нұржекемнің жан-жақты бойына біткен өнері арқасында атағы атырапқа
жайылып, абыройы артса да жұрты түрлі атаққа іліктіріп "ақымақ" дегенің
білеміз. "Нұржан шығарған өлеңінде көкекше өз атын қосып көтермелеп қояды",
дегенді 1994 жылы, Алқау ауылы тұрғыны 84 жастағы Досан қариямен
кездескенде айтқан еді:
"Келдім деп бұл шамаға белестеніп,
Көңілімнен кетпейді әлі елестеніп.
Атаққа ақымақ деген ұшырадым
Әуре боп көрінгенге әуестеніп" -
десе, "Бәтимаға" деген толғауының аяғында:
"Жақсылардың алдында
Бір ақымақ сөгер деп,
Атымды бұған жазбадым,
Абыройымды төгер деп .
Сөз бедерін түсінген,
Бағдарлап сырттан білер деп ... -
дейді ақын, жұрттың қаңқу сөзінен сақтанып. Сонда да өз сөзін өзіне қайыра
қару етеді. Өз атына жайсыз алыпқашпа сөздер айтыла бергесін туыстарына
Нұржекем:
"Жарбасты, Кішік, құттық - үш атамыз,
Атаның барлығында жоқ қатамыт
Арадан қанаттанып шықса біреу,
Біз оған жерден алып тас атамыз"-
деп ақын осыған орай айтқан екен.
Кім-кімнің де туа біткен бойындағы өнерін тежеуге бола ма, ол бір
үйретуге көнбейтін құр асау, бас бермейді емес пе? қария мені де ағаш
басына іліп, жұрт не демейді?! Мұндайға біз шеберміз. Кімнің ауызына қақпақ
боларсың. Абайға да не демеді, бұл жұрт?!
Қайғыдан соң қайғы титықтатқан Нұржекемді большевик белсенділер
"Алаштың азаматы" деп мазасын кетіреді. Жақын-жуық ақылдастар маңынан жан
таппай, жалғыз сенері Бибісарамен ақыл қорытып, төсек тартып ауырған боп
ешкіммен тілдеспей жатып қалады. Оған да дәлелі бар еді. Өйткені соңғы 6-7
жылдың көлемінде Нұржан шаңырағынан 5-6 жан о дүниеге аттанғантын. Әсіресе
жалғыз ұлы Сұлтанғазының өлімі, оның келіншегі Үрзәпияның, зарлап дауыс
салып, босағасынан шығып төркініне кетуі Нұржан мен Бибісараға қайғымен қан
жұтқызып, сенделткен еді. Осының алды-артын түсінген большевик-белсенділер
қанша қаныпезер болса да ақынды аяп, тоқырап та еді [16, 77].
Осы еңбектің соңғы очеркі алдында ақынның қилы өмірі түсінікті болу
үшін, Нұржанның туған құдасы Мінайдар болыстың ата-тегі, құттықтың
шежіресін оқушының алдына тарттық. Қыпшактың бір атасы ұзыннан, Әлібай,
одан Мырзасайым, одан Ақырсұйық, одан Әбіл, одан Текесопы, Текесопы, одан
Алтыбас - (Атақты балуан қажымұқан Мұнайтпасұлы осы рудан); одан Есенкелді-
батыр, одан Қырғызалы, одан Тіней, одан Құндызды, Жанақ, одан Тастемір
(кезінде атақты би болған). Әулиекөл-қостанай жолындағы 50 шақырымдай
жерден шығыс жақта алыстан көрінетін Тастемір ауылы - туған жері, қонысы).
Тастемірден: Жаңбыршы, одан Балғожа, Қанғожа. Балғожадан: Алтынсары,
Қосжан, одан Омар, одан Сейдақмет, одан Нұрқан. Алтынсарыдан: атақты ұлы
ағартушы Ыбырай Алтынсарин. Қанғожадан: Ақдәулет қылышбай, Ақдәулеттен:
Мүстапа, одан Нұрғали, Ереке, Сыздық. Қылышбайдан: Әлім, Жанайдар,
Мінайдар, Ақайдар, Бекайдар, қазы, Алмас. Әлім болыс болған адам. Ол
өлгесін қатыны Бапышты әмеңгерім деп Мінайдар алып, оның орнына болыс
болған. Бапыш Сарыкөлдегі Қанжығалы руындағы атақты Байқасқа бай, мықты
кісінің қызы, Асаубай шешеннің туысы. Нұржанның жалғыз баласы Сүлтанғазының
алған бәйбішесі Мәрия осы Бапыштан туған, Мінайдар қызы. Жоғарыдағы
Тінейұлы Құндызды өлгесін қатынын ел болып, Жолболды ға қосқан. Жолболдыны
Ұзын қыпшақ батырлары жаудан әкеліп, баласыз қармыс асырап алып, атын
Жолболды қойған. Жолболдыдан: Ажақай, Санай. Мұның ұрпағынан Саңай ауылында
үш-ақ шаңырақ бар.Санайдан: Қожамжар, одан Аманбай, одан Нұрым, одан
Тоқтамыс, одан Сәлімкерей. Осы парасатты, кемеңгер Сәкен көп жылдар
партиялық кызметтерде, бірнеше облыстардың, бірінші хатшысы болып істеген,
ақыл иесі еді, жарықтық.
Жоғарыдағы Текесопыдан: Шүней, одан Мұнық, одан Құттық бәйбішесінен:
Сейіт қол бастаған батыр болған адам [2, 448].
Құттықтың тоқалынан: Тілеубай, одан Бақай. Құттыктын ата мекені
Торғайдағы Сарықопадан қоныс аударып Арақарағайға әкеліп қоныстандырушы -
осы Тілеубайұлы Бақай. Сейіт батырдан: Тәтімбет, одан Атақозы, Аққозы,
Қарақозы, Ақан, Қостан (қостанай атына аталып жүрген Қостаны осы. С.Ә.),
Бостан. Қарақозыдан: Алдоңғар, Өтеміс, одан Қазбек, одан Оразбай-Қостаннан:
Ақсарт, Қарасарт, одан Шегет, БеAмбет. Бостаннан: құланбай, Бұланбай.
Алдоңғардан:Баймұқанбетұлы Ерғали - аталы-балалы екеуі де әнші, жыршы
болған кісілер. Александр Затаевичтің 1926 жылы шыққан, қазақтың 1000 әні
кітабіaндағы Нұржан Наушабайұлының әндерін нотаға түсіртуші осы Алдоңғаров
Ерғали Баймұқанбетұлы әнші. Ақаннан: Айтбай, бәйбішесінен: Тілеміс,
Сансызбай, Меңдібай.
Сансызбайдан: Байшүлен Нұржан есіміне Нұрмұхамбет деп азан шақырып
атын қоюшы, қазақ ырымымен кіндігінде балтамен кесіп, кіндік ата атанушы да
осы Байшүлен.
Меңдібайдан: Әли, одан Қанапы, одан Әмір. Осы Әмір Қанапин қазақстан
Республикасының мәдениет министрі болған кісі, доктор, профессор.
Байшүлен - Наушабай, одан Нұржан, одан Сұлтанғазы, оның бәйбішесі
Мәриядан - ұрпақ жоқ. Сұлтанғазының бірінші тоқалы Бәкеннен (Азан шақырып
қойған есімі Бәдігүл. Қыпшақ Баян-Таңат руындағы Байсалбайұлы Сарыныңқызы.
с.ә.): Күләш атты қыз, Қамаш есімді ұл туған. Қамаш жеті жасында өлген.
Күләшті Алтыбас қыпшақ Нұрғалиұлы Сейдақметке жас кезінде атастырып, 1922
жылы оған тұрмысқа шығып, 1930 жылы аштықта қорған облысына көшіп кеткен ол
1938 жылы қайтыс болған. Сұлтанғазының екінші тоқалы Үрзәпиядан: Кәрім,
Ғазез деген екі ұл туған да, Ғазез 8 жасында өлген. Үрзәпия Сұңғақ, бойлы,
сымбатты, ажарлы кісі болған. Содан ел ішінде "зор келін" атанған. Әкесі
Ыбырай Жантөреұлы Таз руындағы Шоқай Балқанұлының ұрпағы екен. Жорықбайдан:
Омар, одан Ақметбек, Қазбекұлы Оразбай, Ақметбек екеуі жақын ағайындас
Нұржанға байланысты көптеген тарихи деректі мағлұматтарды бергенде,
шежірені де тақпақтай отырып жаздырған еді. Айтбайдың бірінші тоқалынан:
Күмісбай, Жорықбай. Тілемістен: Құрманғали, одан Қожакмет, одан Ермұқан.
Атақозыдан: Маңқожа, одан Әзірбай, Сәдірбай, одан Әбіл, Мырзабек, Сарыбай,
қылышбай, Шықы, Әбілғазы. Әбілден: Қоржынбай, Сарыбайдан: Кәміш,
Қылышбайдан: Тілеген, Шықыдан, Танабай [2, 431].
Құттықтың тоқалынан: Қобыке, Сайым. Қобыкеден: Сатай батыр, талай
жауға шапқан. Арақарағай жанындағы Сатай ұрпағы, Сатай ауылында сегіз-ақ
түтін. Сайымнан: Текей, одан Қарабатыр, Жаңабатыр, Қадырбатыр, үшеуі де
Сатай батырға еріп жауға шапқан. Көзсіз батыр болған кісілер екен.
Жаңабатырдан: Байсеңгір, Көпеш, Қарымқожа. Байсеңгірден: Тілеубай, Аман,
Берсүгір. Тілеубайдың бәйбішесінен Рахмет, Тоқтарбай, Данияр, Мадияр.
Тілеубайдың тоқалынан: Достияр, Қүдияр, Рахметтен: Бақай, Жөдікбай.
Бақайдан: Әлсүгір, Жансүгір, Оспан. Әлсүгірден: Шәріп, одан қажығали - Отан
соғысында ерлікпен қаза болған. Оспаннан: Шарафутдин, Мұхитден, одан
Барлыбай, Жөнербай, Кенжебай. Барлыбайдан: Төлепберген, Канапия,
Аймағамбет. Төлепбергеннен: [8, 91].
Ғалиақбар. Жөнербайдан: Сейдақмет, одан: Жүніс. Қырым қожадан: Қалеке,
одан Сәдібек, Әтібек, Мырзабек, Дүйсекей. Сәдібектен: Ержан. Әтібектен:
Бекентай, Мырзабектен: Ерғали. Берсүгірден: Шәріп, Омар. Шөріптен: Сержан,
Ержан, Сейдақмет. Тоқтаболаттан: Олжабай, Маралбай, Орынбай, Аралбай.
Олжабайдан: Жақып, Қасым. Жақыптан: Мағауия. Қасымнан: Мағаз, одан
Мұқамбетқазы, Балабай, Сайлау, Дүйсенбай. Маралбайдан: Қорғамбек, одан
Мүтен. Даниярдан: Абызбай, Молдабай, Құрманбай, Абызбайдан: Қартбай, одан
Картабай. одан Қазыбай. Қартбайдан: Мағамбет, Абат, Мұқтар, Сейіл.
Мағамбеттен: Қамза, Абаттан: Балтабай, Қартабайдан: Жағпар, Сүлеймен, одан
Мұқамбетжан. Жағпардан: Төлеу. Молдабайдан: Салымбай, Қарымбай, Заябай.
Салымбайдан Шәкір, Тағлы. Шәкірден: Асқар. Тағылыдан: Дайыр. Қарымбайдан.
Беләл. Бірмағамбеттен: Қайбар, одан Бақытжан, Сабыржан.
1.2 НҰРЖАННЫҢ ҰРПАҒЫ
Қос анарлы ақ төсін кең жаратқан,
ГауҺардай алма бетке мең жаратқан.
Сүйріктей сұлу бойын оғаш көзден,
Шашын да тобығнан тең жаратқан.
Нұржанұлы Сұлтанғазының қызы Күләш 1922 жылы заман тарлығында Челябі
облысының қорған қаласы жанындағы ауылда тұрып, отбасымен Орынбор маңындағы
қазақ ауылына барып байыздап, сонда қайтыс болады. Одан қалған қыз Бәтен
Құрманаев Хадият есімді башқұрт жігітіне тұрмысқа шығып, одан 1957 жылы
Шәкия (Шарипа) есімді қыз туады. Шәкия Нұржан Наушабайұлының жиеншарынан
туған туажат, жиеншары дейікші. Осыдан алты жыл бұрын Шәкияны
кезіктіргенімде арғы нағашы бабасы Нұржан кескінді аққұбаның сұлуы екен.
Жасы отызды қусырған сұңғақты да сымбатты, көрікті әйелдік тұрпаттың
сомдалған дерлік қалыпқа жеткен. Ашаң бет-бейнесі өзіне жарасып тұр. Топ
жұлдыздар арасындағы жарқырай жайнаған ерекше әсем көрінетін, толған ай
тәрізденіп нұрын төге үлкен мөлдір қара көздері аққұба қағаздай ажарына
әсем толқынды сән бергендей, кезінде көргем. Өткір де жайнаған жанарын
сынаған пішінде маған қадай қалыпты. Ыңғайсызданып жүзімді бұрып әкеттім
де, - ағаң қазір егделенген, - дедім іштей [11, 66].
- Ағай, мен Нұржан бабамның төртінші ұрпағымын, заманның таршылығы
қысып, шешемнің кеңесімен Нағашың Нұржанның еліне жет, қазақ қой,
қазақстан ғой, сонда сыярсың. Нағашыңның аруағын сыйлайтын ел-жұрт болатын.
Бір шіріген жұмыртқа деп сені далаға тастамас, - деп ақыл айтқан еді.
- Қазаққа атақты, әйгілі болған ұлы бабаңның аз-кемде болса тал бойыңа
қаны араласқанын, бейнеңізге де қасиетін тигізгенін енді байқағандаймын, -
дедім. Ол көнілденіп, жадырап кетті. Үлкен көздері жайнап, сүйсіне тағы
қарай қалды. Көз жанары бетіме оп ай басылып, күйдіргендей күй кештім.
Ұялғанымнан ыңғайсызданып сасып қалдым. Сәлден кейін көз жанары кенет
байырғы табиғи сипатына түсп, бір сәт байсал тапты.
- Сіздің, Нұржан бабаңыздың осыншама жылдар өмірінен, ән, жырларын
теріп, жинап, қорықпай іске асыруыңыз үлкен ерлік. Шешемнің өзі де
Н.Наушабаевтың жиені екенін сенетіні болмаса да жалпылама ашып айтпайтын.
Неге өйтіп жасырасыз? - дегенімде.
- Орынбор жағындағы қазақтар ол кісіні бәрі де біледі, тіпті Алаш-
Орданың беделді адамы деп отыратын. Сондықтан қорқып ашық айтпайтын. Ойбай-
ау, сізді әңгімеге айналдырыппын, үйге кіріңіз, қазір шай қояйын. - деді.
Үйге кірісімен Шәкия көк аспанда жұқа шәр бұлттай шашырай жайнаған
ақшыл-бозғыл қызылды-жасылды ірі жапырақтармен әсемделген иығына жамылған
шәлісін алып қойғанда, ақ көйлегі мен қызыл сақтиян кебісі оны нақ бір
қызыл топшылы аққу сипатына түсірді. Тез кеткім келіп, мен оған шай
құйдырмадым [4, 21].
- Сіздің Нұржан бабам туралы жазғаныңызды ілгеріректе естігем. Сол
бағдарлы, керекті жоспарыңызбен мені іздеп тапқаныңызды білем, өзіңіз де
айтқансыз. Кейбір көре алмайтын адамдар сізді пәлен-түлен десе де, үш
жылдай сирек ұшырассақ та өз байқауымша егде кезініздің өзінде мінезініз
бір қалыпты. Жас кезіңізде қандай болды екен деп ойлаймын.[5, 23]
Адамды жан-жақты, бір арналы жолға салатын үлгілі етіп
қалыптастыратын, жандай жақын жары екенін көбіміз біле бермейміз, - деп
жұқа еріндерін үлбірете қозғай; сұлу көзін айдара төңкеріп жылы шырайлы
күлімсіреді. Атыңнан айналайын. Нұржан бабам. Текті адамнан текті перзент
туады деген рас екен-ау. Осындай тәрбиелі сұлу да зерделі ұрпағың бар, сен
өлмейсің, мәңгі жасай бересің, ардақты Нұржан бабам! деп Шәкиямен
қоштасып, жөніме кеттім.
2 Н.Наушабайың Назымдарының көркемділігі
БІРІНШІ НАЗЫМ
ЖаҺилдер ғалым сөзін тыңдамаған,
Шарғиға мықтап белін байламаған.
Хайуандар хисабында көрінеді,
Асылына назар салып аңдамаған,
Құр сипат көрінумен неге жарар,
Тотыда не қасиет сайрамаған.
Бұлбұлдар фаруаз айтып сайрар көлде,
Шығарар қапаларын бар көңілде.
Әр қайсысының қадірі өзіне артық,
Дуадақ-шөлде, аққу, қаздар-көлде.
Ақын, әр пенде өзіне тән қасиетіне лайықтап, өмірде өз орнын табуы керек,
бірақ бұл назымда адамдар адамилыққа жат қылықтармен тек бір бос бейне
ретінде өмір кешетіндерін сипаттайды.
Пендеге пенде қылма жүз салдырып,
Телміртпе бір жаманға көз салдырып.
Махрұм ете көрме раббым қадар,
Рахмет қазинаңнан құр қалдырып.
Кірлемей абыройымды тілеймін көп,
Дүниенің фәнтәсіне шомылдырып,
Жат етіп әр уақытта жазам ғазал
Дертімді іште жатқан қозғалдырып.
Адамдардын арасын алшақтатпа құдайым, бірін өмірдің қожайыны, екіншілерін
өмірдің құлы ете көрме, себебі бәрімізің тілекшіміз, дұға оқып
сыйынатынымыз бір алла тағала,- деп түсіндіреді .
Адам көп дүниені былғап жүрген,
Біреуін кез келгенде біреуі алдап,
Азаппен өміріне біреулер жүр,
Құрыққа ұстай алмай сырық жалғап.
Жігітке мықты дәулет амандығы,
Қанағат барға етпесе надандығы,
Шарт жұмып екі көзін жүргенменен,
Көрінер қалайынша адамдығы.
Мінезі ақмақтардың сол сықылды,
Жүре ме делбесіз ат жеккенменен.
Өзінің қалпындай боп жараспайды,
Жібекті шуда жіппен тіккенменен.
Жан құрбан дос қалпында тұрған болса,
Аз үміт егер көңілін бұрған болса,
Шаhарды шеттен келіп жау алмайды,
Айнала атрабында қорған болса.
Шайқалып бір төгілмей кетпейді еш.
Қанадан асып егер толған болса.
Ақыл ауыс болғанда, ырыс-жұғыс,
Ырыс қашса, қоймайды болса туыс,
Дәулет, бақ жуған қолдың кірі секілді,
Дүниеде жоқ қозғалмай тұрған бір іс.
Дүниеде дәулет, баққа толғандар бар,
Мұңсыз уақытында еш болғандар бар,
Кетерінде көшпелі бұлт секілді,
Түсте көрген сықылды қалғандар бар.
Болмасын бақ көшпелі, ырыс күпті,
Қозғалмай сірә орны жоқ тұрған тіпті.
Келу алыс, кету қас-қабақтан,
Орнықпас жұмсасаң да қаншама епті.
Не ғажап кейбір дәулет насқа бітер,
Рақымсыз жібімейтін тасқа бітер.
Ішіп, киіп, не беріп қызық көрмей,
Дүниеден тарлық пенен босқа кетер.
Бір тиынды иманнан жақын көріп,
Тұтамдап құйрығынан ұстап өтер.
Болса егер хақім жемқор, байлар сараң,
Ақса да, рахым етпес, көзден сораң.
Кейбіреу амалменен байыдым деп,
Етеді, дәулет бітсе, шұнаң-шұнаң.
Жоқ етсе-ақ, ақмақтығын білгізеді,
Малым бар деп мастығын көргізеді,
Біреуге қонағасы берсе мәгер,
Қолқаға бір орынды жүргізеді ...
Дүние-дүние деуменен кейбіреулер,
Жүреді ғұмырынша рахатсыз.
Барын жоқ деп қалтырап құрығандай,
Еш уақыт айтпас сірә сөзін антсыз.
Жыртық шалбар, кір көйлек, битті көрпе,
Сонда да байлық айтар қолын серпе.
Кетік шөміш көжесін ортаға алып,
Ас ішер бір табақтан үрпе-шүрпе.
Алты қойдың терісінен тон қылады.
Түс-түс қып тамақтарын мол қылады.
Үйіне біреу барса, мал қайда деп,
Айқайлап, ыңыранып сөз қылады.
Айтады текке отырмай мақтаншылық,
Болмайды батыл істен көңілі сынық,
Өзінде береке, асында тазалық жоқ,
Ырымдап жоқ нәрсені ұстар толық.
Болғанмен айырыма көп сифалықта,
Тұрса екен өзгерілмей бір қалыпта.
Тілмен айтып, қолмен тізіп болар емес,
Жігіттің не гүлдері жүр қорлықта.
Мал айдап, босқа ере алмай біреулер жүр,
Осыған да шүкір етеміз көрген шақта.
Жүруде не мағына текке лағып,
Қадірін болып халыққа тұрсаң жағып.
Хал-қадір тірлігіңді кемітпесең,
Хақ ісіне кетер пенде не мін тағып.
Дүзік бол, дұрыстықпен білгеніңше.
Жүріп қал, жан аманда жүргеніңше,
Тағдырда жазған нәсіп арттырмассың,
Қалып бұзып епке салма өлгеніңше.
Жалпы ақын өзінің бірінші назымында: адамдардың өмір сүру салты,
қайырымдылық, адамгершілік жайында көп толғайды. Әр адамның бұл фәни
дүниеде адам болып туылған соң, адами келбетін ұстауын қалайды[2,
438].
Назым көне араб тілінің сөздерінең құралып өте күрделі мағына
сомдайды.
ЕКІНШІ НАЗЫМ
Ер жігіт дүниені көргені артық,
Жалғанда не бар, жоғын білген артық,
Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап тәуекел деп төзгені артық.
Қол берген тартшылықта жолдас артық,
Туыстан қас, ақылды дұшпан артық.
Азапта жан аяспас адал достан.
Дүниеде еш нәрсе болмас артық.
Жігіттік дағуасында жүрген артық,
Жастық шақ бір өткен соң келмес қайтып.
Дөуренді сайран салмай өткізген ше,
құр бекер бұл өмірде жүру де артық.
Осылай бозбалаға салдым нұсқа,
Болмасын өмір зайғы бекер босқа,
Көргенің бір күнгідей болмай өтер,
Әне ажал, келді нәубет деген тұста.
Ер жігіт дүниені көргені артық,
Жалғанда не бар, жоғын білген артық,
Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап тәуекел деп төзгені артық.
қол берген тартшылықта жолдас артық,
Туыстан қас, ақылды дұшпан артық.
Азапта жан аяспас адал достан.
Дүниеде еш нәрсе болмас артық.
Жігіттік дағуасында жүрген артық,
Жастық шақ бір өткен соң келмес қайтып.
Дөуренді сайран салмай өткізген ше,
Құр бекер бұл өмірде жүру де артық.
Осылай бозбалаға салдым нұсқа,
Болмасын өмір зайғы бекер босқа,
Көргенің бір күнгідей болмай өтер,
Әне ажал, келді нәубет деген тұста.
Ер жігіт дүниені көргені артық,
Жалғанда не бар, жоғын білген артық,
Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап тәуекел деп төзгені артық.
Қол берген тартшылықта жолдас артық,
Туыстан қас, ақылды дұшпан артық.
Азапта жан аяспас адал достан.
Дүниеде еш нәрсе болмас артық.
Жігіттік дағуасында жүрген артық,
Жастық шақ бір өткен соң келмес қайтып.
Дәуренді сайран салмай өткізген ше,
Құр бекер бұл өмірде жүру де артық.
Осылай бозбалаға салдым нұсқа,
Болмасын өмір зайғы бекер босқа,
Көргенің бір күнгідей болмай өтер,
Әне ажал, келді нәубет деген тұста [5, 78].
Ақынның екінші назымы ер жігіт жайында болмақ. Оның қайраты,
жігері, ар – намысы, ақыл – көрегендігі, шыдамдылықпен әр істі бағып
қағуы, батылдықпен елін, жерін отбасын, сүйген жарын қорғап, құрметтеп
сүюі сипатталады.
ҮШІНШІ НАЗЫМ
Өмірде оқиға көп сырын ұқпас,
Өзімен тең балықты жайын жұтпас.
Арпа шашқан орынға бидай шығып,
Жылан туған тұқымнан тауық тумас.
Ақылда жастық пенен кәрілік жоқ,
Абырой ақылдыда арылу жоқ.
Ақылсыз аты шықпас ажарлаумен,
Алтын шам май құймаса жарығы жоқ.
Ат басы мен ер басы не көрмейді,
Қатыны үйде ер жігіт түзде өлмейді.
Болаттай болған іске бір қайыспа,
Дағдырда жазылуы іс өзгермейді.
Басына ер жігіттің іс түскенде,
Дұшпаны ой фәләй деп өңмеңдейді,
Өмірде бір қалыпта өткен жан жоқ,
Не кетіп, ер басына не келмейді.
Кедейлік атың жаман, түсің суық,
Дәулетке жете алмайды фәндә қуып.
Ер жігіт тоны келте, қолы қысқа.
Кажып жүр кейбіреулер әлі құрып.
Үйіне құрбың келсе қонақ болып,
Кеңесіп отырасың ойнап-күліп.
Беруге қонағасың болмай қалса,
Ылажсыз отырасың дымың құрып.
Өмір, отбасы, дос жаран жайында айтылған бұл үшінші назым. Адам
пенде болған соң өмірдін ақ пен қарасы қатар жүрмек. Бұл назым адамның
қалай байлықтын артынан қуғаны жөнінде және ол адам бойында кездесетін
ең жаман қасиеттердің бірі болмақ дүние қуушылық [5, 80].
Сол себепті де ақын, бұл назымында адамарды бұл жалған дүниеде
адаспауларын, тура жолда жүрулерін, жаның, арын қорғауын қалаған, -
деп ойлаймын.
ТӨРТІНШІ НАЗЫМ
Құдая құрметіңе созамын қол,
Адасқан мен бір гаріф таба алмай жол.
Дарияға кетсем ұстар тал жоқ,
Жаратқан жалғыз өзің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz