Шәді Жәңгірұлының ғұмырнамасы


Кіріспе
Зерттеу сипаттамасы . Қазақ елінің оқу мен өнерді үйренуінің аса қажет екенін насихаттап, халық тарихына, ел-жұрттың тұрмыс жағдайына баса назар аударған, сонымен бірге арғы - бергі хандарымыздың өмірбаянына үңіліп, бізге шама-шарқынша жеткізген зиялы ақындарымыздың бірі - Шәді Жәңгірұлы.
Зерттеу өзектілігі . Қазақ әдебиетінің дамуы өткен ұрпақтардың тәжірибиесіне бас бұруымен, оны терең түсінумен байланысты. Сондықтан ғылым барлық ертерек кезеңдердегі алдыңғы қатарлы педагогикалық ойлардың ең үздік жиынын мұқият зерттеп сын көзбен қарап қолданады. Өйткені ол өткен ұрпақтардың жұмысының қорытындысы ғана мәнді. Білімді меңгеру тәрбие алаңында шығармашылық табыстарды жалғастырып, көбейтуге мүмкіндік береді. Педагогика тарихындағы ізденістер мен адасушылықтар, үміт пен түңіліс, жаңа ашылыстар және олардың замандастарына тигізген жарқын әсері, оның тәжірбиешілікте іске асырылуы - осының бәрі бізді көп нәрсеге үйретеді.
Сондықтан болар біздің уақытымыздың көріністерінің бірі еліміздің, жеріміздің тарихына, халқымыздың тарихи мұрасына, ұлттық құндылықтарына деген қажеттіліктің, қызығушылықтың, ынтазарлықтың уақыт өткен сайын өсіп келуі. Мұндай құбылыс көп жағдайда өтпелі және қиын-қыстау кезеңдерде байқалады. Себебі ертеректе қалып қойған не нәрсе болса да, егер ол жүрекке жылы тисе, онда одан бас тарту оңай емес. Өткенді тарихи тұрғыдан түсіну - бұл өткенде қол жеткізген табыстардың, мәдениеттің жалғасы ретіндегі қазіргі кезеңді түсінуге мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты: Бұл еңбектің мақсаты қоғамды, ең бірінші мұғалімдер мен студенттерді Шәді Жәңгірұлының діни көзқарастарымен таныстыру және қоғамдық идеялардың даму тарихының құнды ескерткіштері болып табылатын бірнеше еңбектеріне талдау жасау. Шәді Жәңгірұлының қалдырған мұрасының алатын орнын көрсете отырып біз оның қандай күрделі жағдайда өмір сүргенін және оның көзқарастарының қашып құтылмайтындай жағдайдағы бірізді болмаған, кейбір мәселелер бойынша айтқандарын ескереміз.
Зерттеу міндеттері:
- Шәді Жәңгірұлының өмірі жайлы деректерді толық жеткізу;
- Шәді Жәңгірұлының философиялық, әлеуметтік, діни көзқарастарының өзектілігін анықтау;
- Шәді Жәңгірұлының шығармашылығындағы дәстүр жалғастығын саралай отырып оны ашып көрсету;
- Шәді ақынның «Балғам Бағур» қиссасының көркемділігін сипаттап, мазмұнын түсіндіру.
Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Шәді Жәңгірұлының ғұмырнамасы
1. 1 Шәді ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы деректер
Қазақ әдебиетінде шығыс тақырыбына барған ақындарды «қиссашыл ақындар» немесе «кітаби ақындар» десе, кейде «нәзирагөйлік» деп те атайды.
Сондай «кітаби ақындардың» бірі - Шәді Жәңгірұлы. Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынборда шыққан кітаптарында «Шәді Жәңгірұлы» деп аты-жөні аталса Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты «Шәді Жаһангирұлы» болып көрсетілген.
Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтар болсақ, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Р. Бердібаев, Н. Келімбетов, Ө. Күмісбаев, У. Қалижанұлы сияқты ғалымдар ақын шығармашылығын өз деңгейінде зерттей білді. [1, 34-39 б] .
Шәдінің әкесі Жәңгір - атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туады.
Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл молласынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Қылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы «Мир-араб» медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің соңында «Молла» деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді. 1930 - шы жылдары қатаған заманда Шәдi төре елден туған жерден бас сауғалап қашып, Өзбекстанда көп босқын қазақтың бiрi болып жүрiп дүниеден өткен ескерусiз қалған қазақтың бiрi. Өзбекстанда босқын боп жүрген Шәдi сонда бiр қышлаққа имам боп тұрған Әбдуат биге, менiң әкемнiң ағасы «Тақсыр бiреу менi сұрай қалса өзiңiздi көрсетiңiзшi, мен Шәдiмiн деуге өз атымнан өзiм ұяламын» - деген екен. Шаянның ең соңғы биi Әбдуат би өте сауатты, қыраған да өте жақсы, шариғатты қатты бiлетiн, алғырлығымен, дарындылығымен, тапқырлығымен танылған кiсi болыпты, өзi де денелi, кеуделi, көрiктi, насапты, сырт келбетi мен iшкi дүниесi жарасқан кiсi болыпты. Ол кiсi өте сыпайы кiсi екен, сұхбаттасының iшкi ойын бiлiп, танып отыратын болыпты. Шәдi төренiң сырт пiшiнi келбетсiздеу, көрiксiздеу, бетiнде шешек дағы бар кiсi екен, ол кiсi өте сыпайы, iшкi дүниесi өте бай кiсi болыпты. Әбдуат би өзбектiң ақсақалдарынан жоғары, өзiнiң қасына Шәдi төренi отырғызып қойып, ол кiсiнi тақсыр, тақсыр деп дәрiптеп, оған үлкен iлтипат көрсетiптi. Сонда бiр өзбектiң бiр қарясына имамымыз қазақ болған соң қанына тартпай болмайды екен ғой, мына бiр дуанасын пәленше әкемненде жоғары өзiнiң қасына оң жағына отырғызып қойыпты деген iштей бiр ой келiптi. Әбдуат би осы қаряға «Пiрадар, қарап отырғанша мына кiтапты жамағатқа оқып берсеңiзшi!» - деп Шәдi төренiң, «Алты бармағын», «Назым Сияр Шәрифiн» берiптi. Қария кiтапты оқып отырып өзi де жылапты, жамағатты да жылатыпты. «Ой жамағат-ай! Дүниеден осындай кiтап жазған әзiздер де өтiп кеттi-ау, оның орнына мына мендей нас, ыпылас, пасық, надан өлсе едi күнәға көп бата бермей, ал осындай әзiз қалса едi» деп кеудесiн тоқпақтап өз қолымен ұрыпты. Сонда имам Әбдуат би: «Бұл кiтаптың муәллифi мына отырған Шәдi төре Жәңгiрұлы» - дептi. Сонда әлгi өзбек қария: «Бiз бұл кiтаптың муәллифi Фирдауси, Жами, Науайилардың замандасы шығар деп жүрушi едiк. Тақсыр, қазақ та мұсылман ба екен, олардан да ғалымдар, үлкен дамыллалар, пiрлер мен ишандар шықты ма екен деп жүрген адамның бiрi мен едiм», - деп орнынан атып тұрып, Шәдiмен құшақтасып көрiсiп, қолынан сүйiп, тәу етiп, қатты кешiрiм сұрапты. Қалтасында барын һәдия етiп, Шәдiге берiптi. Шәдi ол жерде де тұрақтап тұра алмай, қолға түсiп қаламын ба деп, кетiп қалыпты. Әбдуат би (бiр ауылдың) Шаянның биi, ары кеткенде Қаратаудың күнгейiмен терiскейiне ғана мәлiм кiсi. О да босқын, бiрақ оншалық атақты кiсi емес, көп имамның, молданың бiрiндей ғана. Ал, Шәдi болса түркiгөй халыққа, бүкiл Түркiстан елiне өзiнен бұрын аты кеткен «төрт аяғы тең жорға», «мусәнниф», «шубһалы сөзге бастаған Шәдi», «жәннәти Шәдi» атанған кiсi.
Шәді - көп жазған ақын. Әрі оның жазған шығармаларының басым бөлігі өзінің көзінің тірісінде Орынбор, Қазан, Ташкент қалаларында жарық көріп отырған. Шәді дүниесін көп зерттеген Немат Келімбетов: « . . . Оның жүз мың жолдай өлең-жыр жазып, соның жетпіс бес мыңдай жолының ақынның көзі тірісінде түрлі қалаларда басылып шықты [2, 86 б] .
Ақынның баспа көрген бірқатар кітаптары мен әлі жарыққа шықпаған шығармалары Қазақстан Республикасы академиясының орталық ғылыми кітапханасы мен М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы. Сондай қолжазбалардың бірінде Шәді төре Жәңгірұлының баспадан шыққан кітаптары мен баспаға берілген қолжазбаларының тізімі берілген. Баспадан шыққан еңбектерінің қатарында «Сияр Шәрип, » «Назым Чәһар Дәруіш», «Шайхы Барсиса», «Беташар», «Қамарзаман», «Атымтай» сияқты жалпы саны он үш кітаптың аты көрсетілсе, «Хәзірәт Ескендір», «Тарихи Абылай хан», «Ибрахим Халилуллаһ», «Мұса Перғауын хикаясы», «Аһуал Қиямет», тәрізді тоғыз шығарманың баспаға берілгені айтылады Ал, Немат Келімбетов шайырдың баспа көрген еңбектері жайында: «Шәді Жәңгіров үлкенді-кішілі он сегіз дастан-поэма, қисса-хикаят, бірсыпыра өлең-жыр жазып, бастырған деген дәйекті келтірген» [37, 86 б] .
Өзінің жазған шығармаларының көлемі жағынан бірнеше ақынды орап алатын Шәді төренің еңбектері әлі толық зерттеле қойған жоқ. Әсіресе, оның діни шығармалары белгілі бір себептерге байланысты бір жақты ғана қарастырылып, ақын сусындаған діни арналар ескерілмей келді. Тіпті, оны өзі жырлаған діни шығармаларға қарсы бағыттап, барынша діннен алшақ ұстауға тырысып келгені тағы бар. Десек те, оның шығармаларының басым бөлігін діни дастандардан тұрады. «Назым Хайбар», «Назым Сияр Шәриф», «Фикһ Қайдан», «Ахуал-Қиямат», «Қисса Барсиса», «Мұсаның тауратты алғаны» сияқты шығармаларының қазақтың ислам әдебиетіндегі алар орны ерекше.
Шәді медреседе оқыған ислами пәндерінің негізінде дастандар жазып отырса керек. Мысалы, медреселерде оқытылатын Мұхаммед пайғамбардың өміріне (Сиярун-наби) «Назым Сияр Шәриф» дастанын жазса, ислами фәлсафаға «Ахуал қиямат» дастанын, шариғат іліміне «Фикһ Қайдан» шығармасын, пайғамбарлар өмір тарихына (Қиссасуыл әнбия) «Назым Ибрахим Халиолла», «Хазірет Мұса мен Перғауын», «Дәуіт уақытындағы рәйіс» сияқты дастандарын дүниеге әкелген. Осындай діни дастандар жайында М. О. Әуезов « . . . Діни өлеңдерін, қиссаларды, көбінің сарыны шеттік болудан басқа мазмұндары да түгелімен мұсылман ғылымынан келген көшпелі, қыдырма әңгімелер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ топырағындағы көлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, әрқайсысын тудырған жағыдай мен себепті әуелі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек» - деп жазғаны бар. [3, 10-15 б]
Шәді - Ислам тарихын жетік білген ақын. Әрі оның діни дастандары Алланың қасиетті кітабы Құран мен Мұхаммед пайғамбар хадистерінің желісіне құралған. Ақынның қаламынан туған «Хайбар» дастаны соның айғағы.
Хайбар соғысының Ислам тарихында алар орны ерекше. Пайғамбардың мүшріктерді жеңіп, елдің сол қанатына шоғырланған жүгеттермен болған шешуші шайқасы Хайбарда өткен болатын. Дін үшін болған осы ғазауатты Ислам тарихшылар жарыса жазған. Бұл дастанда батырлық пен ерлікті жырлауды басты нысана етіп алған шайыр, хазірет Әлидің шайқаста көрсеткен ерліктерін айтып дәріптейді:
Жебірейіл Расулға айтты: «Иә, Мұхаммед,
Бір Құдай сәлем айтты сізге шексіз:
-Жолына жолбарыстың туын беріп,
Жіберіп жалғыз өзін осы мезет,
Майданға жалғыз барсын Әли шерім.
Тахсин ғыб құдіретімді көрсін менің!»
Осы ғазауатта пайғамбардың жеңіс туын Әлиге ұстатқанын Әбу Хурайра риуаят еткен хадистерде де орын алған [4, 37б] .
Шығыс мұсылман әдебиетіне бір жола ден қойған ақынның шығармаларында жомарттық пен сақилықтың іздері де көрініс тауып отырады. Осы жолда ол «Харун ар-Рашид» пен «Атымтай» жайлы дастандарын жазған. Атымтай-діни хикаяларда пайғамбар заманынан бірнеше жыл бұрын өмір сүрген «Тай» тайпасының «Жомарт адамы» деп беріледі.
Ислам әлемінде «Хадис іліміні» әмірі атанған Исмағил Бухаридің «Сахихул Бухари» еңбегінде Ади ибн Хатим деген сахаба көптеген хадистер руаят еткен [5, 52-53 б] .
Осы Ади Жомарт Атымтайдың баласы етіп көрсетіледі. Тіпті, Атымтайдың қызы Софана мұсылмандардың қолына түскенде, оның әкесінің атын естіген Пайғамбар «Әкесі жомарт адамнан жамандық шығуы мүмкін емес» деп босатып қоя бергені жайында аңыздар да бар [5, 128 б] .
Парсының атақты ақыны Сағди өзінің «Бостанында», «Атымтайды» жомарттығын дәріптейтін жыр жолдарын бұлайша жазған:
Шенидәм дәр әйиом-е Хотем кебуд,
Ке бехил әндәрәш бод пойи чу дуд.
Атымтайды заманында,
Желдей есетін жылқысы болғанын естідім, -дей келіп оның жалғыз атын қонағына сойып беретін жомарттығын асқақ жырлайды.
Шәді жомарттықтың нышаны ретінде «Атымтай» дастанын жазса, оған кереғар мәнде сараңдарды мұқату мақсатымен «Камал хан деген патшаның уақытында болған оқиға» деген шығармасын жазған. Мұнда басты кейіпкер етіп «Бақылсары» деген Сараңды алады (бақыл-араб тілінде сараң деген мағына береді) . Бұл да қазақтың Шық бермес Шығайбайы сияқты біреуге бір нәрсе берсе, бірнеше күн міндетсініп жүретін сараң болады. Қызының бір диуанаға бір үзім нан бергені үшін, садақа берген қолын кесіп алып, адам аяғы жетпейтін айдалаға апарып тастайды. Серуендеп жүрген патша бір қолы жоқ қызды баласына әкеп қосады. Оң қолының жоқтығына нала болған қыз, Аллаға мінәжат еткенде, Жаратушының рахымы түсіп, қолы орнына қайта келеді.
Шәді осы дастан арқылы пақыр мен мұқтажға көмектескеннің сауабы Алладан қайтатынын айтады. Шәді төре адам баласын барша жамандыққа жетелейтін әзәзіл Ібіліс деп біледі. Әрі қарапайым адамға қарағанда діндар адамға Ібілістің жақын жүретінін айтады. Пайғамбардың «Ібіліске сауатсыз мың адамды азғырғаннан, бір иманды ғалымды азғырған артық» деген өсиетін басты назарға ұстайды. Шайыр осы тұрғыда «Барсиса» деген дастанын жазған. Шығармада Барсиса атты діндардың аяғын шалыс басып, шайтанның арбауына қалай түскені баяндалады. Бұл хикаяның негізі - Шайтанның айла-шарғысын көрсететін Ибн Жузидың «Талбису Иблис» [6, 56б] (Ібілістің айлакерлігі) деген еңбектен алған болуы мүмкін.
Дастанда діндар Барсиса ертелі-кеш құлшылық етумен айналысады. Шайтанның азғырғанына да назар аудармайды. Алайда, Ібіліс оның осал жерін тауып, оған адам емдеу әдісін үйретеді де бір жас бойжеткенді талма ауруына душар етеді. қыздың ата-анасы оны емдету үшін Барсисаның алдына алып келеді. Өмірінде үйленбеген сопы онымен зинақорлық жасап, ақырында қызды өлтіріп тынады. Барсисаны дар басына алып келгенде, Ібіліс пайда болып: «Егер маған сиынсаң, мен сені өлімнен сақтап қаламын», - деп азғырады. Барсиса оның алдауына түсіп, оған сыйынады. Жоғарыдағы «Талбису Иблис» деген еңбекте бұл аңыздың негізін Хашыр сүресінің 16-аятымен байланыстырған. Онда: “Олар шайтанның мысалы сияқты; адамдарға: «Қарсы бол» деп айтып, адам баласы қарсы болған кезде: «Шынында сенен бездім. Расында әлемдердің Раббы Алладан қорқамын» деген еді», - делінген. Яғни аяттың мағынасы бойынша Ібілістің мақсаты адам баласын Алланың хақ жолынан айырып, өзіне сыйындырып, жаман жолға бастау. Ақын дастанның соңында:
Жетпіс жыл тынбай қылған ғибадатың,
Зәрредей пайда болмай қалды кетіп.
Осындай хиле қылып шайтан лағын,
Ойлайды азғырмақты қайғы-қамын.
Шайтанның алдауына кірмеңіздер,
Халінен ғибрат алып Барсисаның,
Әзәзіл бұл күнде де көп азғырар,
Әр түрлі ой ойлатып иғуа қылар,
Бір Құдай өз фазылымен сақтамаса,
Мәкрінен еш адам жоқ мойын бұрар, - деп, Ібілістен сақтануға шақырады. Шайыр Исламның негізгі іргесі - «ақида» жайлы да қалам тербеген.
Бір кітап ақайд деп ат қойылған,
Ішінде хақ сипатын зікір қылған, - деп, Шәді өзінің «Ахуал қиямат» деген дастанын жазады. Ақида іліміне қанық шайыр әуелі Алланың субути және зати сипаттарына ерекше тоқталған. Осы дастаннан оның құран тәпсірін де жетік меңгергенін көруге болады. Құранның ішіндегі Алланың жалғыздығын сипаттайтын «Ықылас» сүресінің мағынасын да ашады.
Дастанда болмыстың, шайтанның, періштенің, адамның неден жаратылғанын айтады:
Жаратқан нұрдан Алла періштені,
Болмаған көптігінен есеп саны.
Алдына бәрі бірден жаратылған,
Күнәдан таза қылған Алла оны.
Дастанның екінші жартысы бүтіндей қиямет күнін суреттеуге арналған. Ақыр заман жақындағанда Яжуж-Мажуж қауымының шығатынын, Дажалдың адам баласын шыбындай қыратынын, сол кездерде күннің батыстан шығатынын айтады. Алланың қарғысын алған Ібілістің адамды соңғы демі қалғанша азғыратынын жырлайды:
Өлмеске дыққаты жетіп бағзы пенде,
Сөйлеуден тілі қалған сол мезетте.
Кеселдің сол жағынан зохер болып,
Көрініп шайтан лағын келген онда,
Деп айтар: «Ислам дінін тәрк етіңіз,
Екеу деп бір Алланы айтыңыз тез.
Ол айтқан сөздерімнің бірін қылсаң,
Кеселден сыххат тауып жазыларсыз».
Шәді ақынның осы дастанының негізі Исламның атақты факиһы Әбу Мансур Мұхаммед Матуридидің «Таухид» еңбегіне негізделгені аңғарылады.
Шәдінің жазған шығармаларынан оның діни кітаптарды көп оқығанын көреміз. Оның дастандарында пайғамбар хадистеріне негізделген жыр жолдары да аз емес. Ол Исламның Алланың ақ жолына шақыратынын біліп, діни дастандары арқылы хақ дін - Исламды үгіттейді.
Шайыр шығыс мұсылман әдебиетінде әділдіктің үлгісі ретінде суреттелетін «Ескендір Зұлқарнайын» туралы да дастан жазған. Ө. Қоңыратбаев: «Шәдінің ең алғаш жазған хикаяттарыны» қатарына «Ескендір Зұлқарнайын» мен «Хикаят Әмір Хамзаны» жатқызады [7, 214-217б] .
Жастайынан шығыс мұсылман әдебиетіне жетік Шәдінің парсы классиктері жарыс жырлаған Ескендірге соқпай кетуі екіталай еді. Бұл тақырып Фирдау Низами, Әмір Хосрау Дехлеви, Жәми, Науаилардың шығармаларында орын алған. Олар тарихтағы шынайы Ескендірдің бетін бүркемелеп, оны пайғамбар дәрежесіне дейін көтерген. Ал, қазақ топырағында Тұрмағанбет Ізтілеуов, Абай, Ыбырай, Мағжандар да Ескендір жайлы шығарма жазып, оны дәріптеместен, қайта оған сын көзбен қараған.
Алайда, Шәдінің Ескендірді қай тұрғыдан суреттегені бізге белгісіз. Оның бұл шығармасы қолға түсе қойған жоқ. Осы орайда Немат Келімбетов: «Шәді Жәңгіров көп жазған, кітаптары көп басылған ақын. Оның кітаптарын түгел жинадық деп айта алмаймыз. Ақын өзінің «Назым Чәхар Дәруіш» және «Хикая Харун ар - Рашид» деген кітаптарының соңында енді баспадан беріледі деген «Ескендір Зұлқарнайын», «Ахмад Жәми», «Әмір Хамза - Сақипқыран» деген сияқты бірқатар дастандары да аталған. Бұл шығармалар бізге әлі белгісіз» - деуі біздің ойымызды нақтылай түссе керек [8, 22б] .
Шәді өз заманының «кітаби ақындары» сияқты шығыс шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаумен де айналысқан. Ол парсының атақты шайыры Фирдаусидің «Шахнамасын» қазақ тілінде сөйлетіп, Атбасар уезіндегі Қалменбайға тарту еткені жайлы деректер бар. Оған «Шәдінің болыс Қалменбайдан ат сұрап жазған» өлеңі дәлел:
Жібердім «Шахнаманы» сауап үшін,
Батыр мен балуан сөзі толған іші.
Өзіңіз оқып көріп түсінерсіз,
Ашылар естігеннің көңіл қошы.
Көрмекке сол кітапты көтерілген,
Төркінінің ашкара қылды іші.
Тым қуат моллаларға оңай емес,
Сөздерін бұл кітаптың тез білісі.
Бағзы жерлерінде бас тіллә бар,
Молланың түсінетін әлі бір ісі, -деп, қаласа тағы бір қайтара жазып беретінін айтады.
Мінбекке ағаңызға бір ат дәркор,
Бес жаста я алтыда болсын тілі.
Толықтық, сұлулық пен семіздігі,
Ұқсасын өзіңізге әр жүрісі, -деп ақысына бір жақсы ат сұраған.
«Орақа-Күлше», «Чәһар Дәруіш» сияқты шығармаларымен әйел тағдырын, шынайы махаббат мәселесін көтерген ақын қазақтың той-томалақтарында келіннің бетін ашуға арналған «Беташар» деген жыр да жазған [8, 8-12] . Шәдінің басты ұстанған мақсаты - шынайы махаббат, адал жар, шаңырағы шайқалмайтын отбасы. Осы жолда ол болашақ келінге бар ақыл-өнегесін айтудан жалыққан емес.
Құлағыңды салып тыңдап тұр,
Келін жан менің тілімді.
Әдептің жолын үйренбекке
Жас кісіге ілімді.
Айтқанымды ұғарсың,
Егер болсаң сәлімді.
Ақылсызға айтқан сөз,
Далаға кеткен шығынды.
Бәрі саған керек іс
Тыңдасаң кейін жырымды.
Жырменен қосып айтамын
Бар насихат сырымды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz