Мақыш қалтайұлының өмірі мен мақыштану мәселелері
Кіріспе
1.Мақыш Қалтайұлының өмірі мен Мақыштану мәселелері.
1.1 Мақыш Қалтайұлының өмір белестері.
1.2 Мақыштану мәселелері жайлы
2. Мақыш Қалтайұлының шығармашылық жолы
2.1 Мақыш Қалтайұлы және сыншылдық бағыт.
2.2 Мақыш Қалтайұлы . ағартушылық бағыттың өкілі
Қорытынды

Курстық жұмыстың сипатттамасы. Мақыш Қалтайұлы әдеби мұрасы өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері жоғарғы оқу орындарының филология, журналистика факультеттерінде оқытылып келеді. Ақынның шығармашылық өмірбаяны алдымен арнаулы курс, кейін министрлік бекіткен типтік бағдарламамен арнайы пәнде - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің өкілі ретінде қарастырылып, оқулықтарға енгізілді. Біз нысан етіп отырған Мақыш Қалтайұлының әдеби мұрасы, ақындық болмысы, шығармашылық бағыт-бағдарына қатысты айтылған құнды пікірлер, тұжырымдар аз емес. Қазақ әдебиеттану ғылымын әр қырынан зерттеген М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, AЫ.Дүйсенбаев, Ә.Дербісалин, Қ.Сыдиықов, У.Қалижан, Д.Қамзабекұлы және басқа да зерттеуші, ғалымдардың еңбектерінде ақын мұрасына тоқталып, азды, көпті өз ойларын білдіреді. Мұны мақыштану саласында жасалған игі қадамдар деп атап өтуіміз керек. Негізінде Мақыш Қалтайұлының артына қалдырған мұрасы өте мол, өзінің көзі тірісінде-ақ Қазан қаласы баспаханаларында «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы» (1907), «Біраз ғибрат сөз...» (1910), «Қазақтың айнасы» (1910), «Насихат қазақия» (1911), «Бар оқиға» (1912), «Тура жол» (1912) атты төл туындылары топтастырылған кітаптары мен «Сақ уа Сұқ халдері» (1913) және «Айна» (1913) аударма кітаптары жарық көрген болатын. Бұл жинақтарда Мақыштың өлеңдері мен толғаулары, мақалалары, аударма туындылары қамтылған. Араб әрпінде, қадим жазуымен жазылған жоғарыдағы кітаптардың барлығын топтастырып, қазіргі қолданыстағы әріпке түсіріп, араб, парсы сөздеріне түсінік жасап «Мақыш Қалтайұлы шығармалары» (Семей,1998) деген атпен жариялап, ғылыми айналысқа түсіріп зерттеген болатын. Кез келген бір ақынның шығармашылығын зерделегенде, оның өмір сүрген заманы, тарихи, әлеуметтік жағдайы, қоғамдық сана, ұлттық психология, ұлттық мәдени ахуал, қаламгердің қоғамдық құлқы т.б. жағдаяттардың барлығы қамтылатыны сөзсіз. Ақын осыларды өзінше толғайды, өзінің санасынан өткізіп барып көркемдік ойлау жүйесіне салады. Мұның барлығы бір уақытта, ортақ кеңістікте өмір сүрген қаламгерлердің туындыларында көтерілетін ортақ тақырып. Мәселені қай қырынан шешіп, қалай келуіне қарай олардың шығармашылық даралығы айқындалады.
Зерттеу өзектілігі. Мақыш Қалтайұлының шығармаларының жанрлық, тақырыптық-мазмұндық ерекшелігі, көркемдік, идеясы нақтыланады. Мақыш Қалтайұлы әдеби шығармасындағы үдерістің даму динамикасын аңғару. Сол арқылы сол тұстағы– діни ағартушылық, яғни бір қоғамдағы барлық қаламгерге тән, тек қана түр, жанр, көркемдік, сөз қолданыс даралау. Мақыш Қалтайұлының өмірі мен әдеби мұрасының алғаш рет жүйелі зерттеп, оқу құралына айналдырған ғалымдардың ой пікірлеріне сүйене отырып, бүгінгі күн тұрғысынан тың жаңалықтар ашу болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Мырзахметов М. Әуезов және абайтану проблемалары. Алматы: Ғылым,
1982.269 б.
2 Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров.Алматы, 1992.-200 б.
3 Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы. Қазан: «Өрнек» мәтбуғасы, 1909. 20 б.
4 Әл-хадж Мақыш бин Қалтай. Насихат қазақия.-Казань: Элетро- типография «Умидь», 1911.48 б.
5 Қалтайұлы М.Тура жол: төртінші жүзі.Қазанда: Домбровский мәтбуғасында, 1912. 24 б.
6 Мәшһүр Мақыш Қалтаев. Қазақтың айнасы.Казань: Типолитография Императорского Университета, 1910. 16 б.
7 Мәшһүр Қалтаев. Біраз ғибрат сөз һәм Абдолла мүдәрристің тәржіме хәлі уа һәм Нұрмұхаммет Сағынаев тәржіме хәлі уа һәм Ешімов пен Қалтаев сөздері һәм Мәшһүр.Казань: Типо-литография Императорского Университета, 1910.22 б.
8 Мәшһүр молла М.Қалтаев. Бар оқиға. Қазан: Домбровский мәтбуғасы, 1912.30 б.
9 Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.Алматы: Білім, 1993.248 б.
10 Кенжебаев Б. Мақыш Қалтаев // Әдебиет және искусство,1950. №12. – Б.72-78.
11 Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы.Алматы, 1987.344 б.
12 Дербісалин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы: Ғылым, 1966.312 б
13 Мырзахметов М. Абай және шығыс.Алматы: Жазушы, 1994.206 б
14 Кенжебаев Б.Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері.Алматы: Ғылым, 1973.166 б .
15 Абай (Абай Құнанбаев) Екі томдық шығармалар жинағы. 1.т. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы: Жазушы, 1986. 301 б
16 Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. Алматы: Ғылым, 1990. 296 б. 17 Абай (Абай Құнанбаев) Екі томдық шығармалар жинағы. 2.т. Аудармала мен қарасөздер. Алматы: Жазушы, 1986.200 б
18 Нұрғалиев Р. Арқау. Екі томдық шығармалар. 2-т.Алматы: Жазушы, 1991.576 б.
19 Кенжеғали бин Ғабдулла бин Серғали. Қазақша әліппе кітабы. Казань: Мәтбуға -и-Кәримия, 1913.52 б

Курстық жұмыстың сипатттамасы. Мақыш Қалтайұлы әдеби мұрасы өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері жоғарғы оқу орындарының филология, журналистика факультеттерінде оқытылып келеді. Ақынның шығармашылық өмірбаяны алдымен арнаулы курс, кейін министрлік бекіткен типтік бағдарламамен арнайы пәнде - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің өкілі ретінде қарастырылып, оқулықтарға енгізілді. Біз нысан етіп отырған Мақыш Қалтайұлының әдеби мұрасы, ақындық болмысы, шығармашылық бағыт-бағдарына қатысты айтылған құнды пікірлер, тұжырымдар аз емес. Қазақ әдебиеттану ғылымын әр қырынан зерттеген М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, AЫ.Дүйсенбаев, Ә.Дербісалин, Қ.Сыдиықов, У.Қалижан, Д.Қамзабекұлы және басқа да зерттеуші, ғалымдардың еңбектерінде ақын мұрасына тоқталып, азды, көпті өз ойларын білдіреді. Мұны мақыштану саласында жасалған игі қадамдар деп атап өтуіміз керек. Негізінде Мақыш Қалтайұлының артына қалдырған мұрасы өте мол, өзінің көзі тірісінде-ақ Қазан қаласы баспаханаларында Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы (1907), Біраз ғибрат сөз... (1910), Қазақтың айнасы (1910), Насихат қазақия (1911), Бар оқиға (1912), Тура жол (1912) атты төл туындылары топтастырылған кітаптары мен Сақ уа Сұқ халдері (1913) және Айна (1913) аударма кітаптары жарық көрген болатын. Бұл жинақтарда Мақыштың өлеңдері мен толғаулары, мақалалары, аударма туындылары қамтылған. Араб әрпінде, қадим жазуымен жазылған жоғарыдағы кітаптардың барлығын топтастырып, қазіргі қолданыстағы әріпке түсіріп, араб, парсы сөздеріне түсінік жасап Мақыш Қалтайұлы шығармалары (Семей,1998) деген атпен жариялап, ғылыми айналысқа түсіріп зерттеген болатын. Кез келген бір ақынның шығармашылығын зерделегенде, оның өмір сүрген заманы, тарихи, әлеуметтік жағдайы, қоғамдық сана, ұлттық психология, ұлттық мәдени ахуал, қаламгердің қоғамдық құлқы т.б. жағдаяттардың барлығы қамтылатыны сөзсіз. Ақын осыларды өзінше толғайды, өзінің санасынан өткізіп барып көркемдік ойлау жүйесіне салады. Мұның барлығы бір уақытта, ортақ кеңістікте өмір сүрген қаламгерлердің туындыларында көтерілетін ортақ тақырып. Мәселені қай қырынан шешіп, қалай келуіне қарай олардың шығармашылық даралығы айқындалады.
Зерттеу өзектілігі. Мақыш Қалтайұлының шығармаларының жанрлық, тақырыптық-мазмұндық ерекшелігі, көркемдік, идеясы нақтыланады. Мақыш Қалтайұлы әдеби шығармасындағы үдерістің даму динамикасын аңғару. Сол арқылы сол тұстағы - діни ағартушылық, яғни бір қоғамдағы барлық қаламгерге тән, тек қана түр, жанр, көркемдік, сөз қолданыс даралау. Мақыш Қалтайұлының өмірі мен әдеби мұрасының алғаш рет жүйелі зерттеп, оқу құралына айналдырған ғалымдардың ой пікірлеріне сүйене отырып, бүгінгі күн тұрғысынан тың жаңалықтар ашу болып табылады.
Зерттеу мақсаты. Мақыш Қалтайұлының кітаптарындағы және одан басқа басылымдардағы әдеби мұрасын барынша толық қамтып, оны тақырыбына, идеялық-мазмұнына, жанрлық ерекшелігіне қарай жіктеп, шығармашылығына, ақындық өресіне қатысты айтылған әрқилы пікірлерді, тұжырымдарды саралай отырып жаңа талап тұрғысынан зерделеп, ақын шығармашылығын өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік даму үрдісімен бірлікте қарап, әдеби-тарихи процестегі орнын, қазақ әдебиетіне қосқан үлесін анықтап, шығармашылық өмірбаянын тың деректермен толықтырып, ақынның өмірі мен шығармашылық өсу жолын түзіп шығу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
oo Мақыш Қалтайұлының өмір белестерін қарастыру;
oo Мақыштану мәселелері жайлы ғалымдардың ой пікірін жинақтау;
oo Мақыш Қалтайұлы шығармашылығындағы сыншылдық сарынның қолданылу аясын айқындау;
oo Мақыш Қалтайұлының өлеңдеріндегі ағартушылық ағымды талқылау.
Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Мақыш Қалтайұлының өмірі мен Мақыштану мәселелері.
1.1 Мақыш Қалтайұлының өмір белестері.
Қаламгер ғұмырнамасы - зерттеушілер үнемі көңіл бөліп келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Кезінде Мұхтар Әуезовтің: Бізде бұл уақытқа дейін арғы ақынның өмірі туралы жиналған мағлұмат жоқ. Бүгінде қазақ көз салып, жинастырып жүрген азаматтардың қатты ескеретін бір жұмысы осы болу керек [1,16], деп аманаттап айтуы жайдан-жай болмаса керек. Ұлы ғұламаның өзі Абайдың ғылыми өмірбаянын бір емес, әлдеқанша қайта қарап, төрт рет жаңғыртып тыңнан жазуы арқылы мүлде жаңа, соны деректермен толықтырып сапасын арттыруға күш салуы [1,67] ақын өмірбаянының қаншалықты маңызды орын алатындығын салмақтай түседі. Неге десеңіз, қаламгер өмірбаяны оның шығармаларының жазылу тарихы мен философиялық көзқарастарындағы эволюцияны айқындауда жетекші қызмет атқаратындығын ешкім де жоққа шығара алмаса керек [2,17]. Жоғарыда М.Әуезов қадағалап айтып кеткен ақындардың өмірбаяны жазылмауы былай тұрсын, Абайдың өзімен тұстас, одан кейінгі ақындардың өмірі тұрмақ, аттарын атауға тиым салған кеңестік дәуірде, Мақыш Қалтайұлы өмірбаянының ғылыми тұрғыдан қалыптасуына себеп іздеп, дәлелдеп жатудың қажеті де шамалы. Әйтсе де, ақын өмірі жайында мүлде сөз болмады деуден аулақпыз. М.Қалтайұлы өмірбаянын жазу ісіне әр кездері Б.Кенжебаев, Қ.Сыдиықов, У.Қалижанұлы және тағы басқа зерттеушілер өз үлестерін қосты. Мақыш Қалтайұлының өмірбаянын жазуда негізгі сүйенген дүниелеріміз, ең алдымен ақынның өз өлеңдері, содан кейін өміріне қатысты әр кездерде айтылып, жазылып жүрген мәліметтер. Осы қолда бар дүниелерді саралай сүзіп, зерлей қарау, және ақын өзі ғұмыр кешкен заман тынысымен, тарихи ахуалмен байланыстыра зерттеу - ақын ғұмырнамасын жазуға жол ашары сөзсіз. Мұны Ақындардың өмір тарихын білсек, соның әрқайсысы өмір сүрген заманының тірі пішінді белгісін тауып алғандай боламыз [1,8], деген пікір де қуаттай түседі. Мақыш Қалтайұлының өмірі туралы деректер оның өз туындыларында кездеседі. Ақынның өзіне сөз беретін болсақ Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы (1909) жинағындағы Атым-Мақыш... деп басталатын өлеңінде: Атым - Мақыш, Қалтай дер атам атын, Бабам аты Едіге, қазақ - затым. Ақмола дүр дуаным, қыпшақ - руым Әр жерде сияхлықпен болды жүруім. Туған жер Есіл, Нұра болса дағы, Қушоқы деген жерде бүгін тұруым [3,2 ], деп өзінің ата-бабасы, туған жері, руы жайында айтып өтеді. Бұл деректерді Насихат қазақия (1911) жинағындағы Руым - қыпшақ... деп басталатын өлеңінде нақтылай түседі. Руым - қыпшақ халқы, асылым - қазақ, Әр қауымға жәһилдіктен болған мазақ. Дуаным Ақмолаский, Қараөткел дүр, Болысым Жайықбаев ғизатлу зат. Атым - Мақыш, Қалтай дер атам атын, Бабам - Едіге, жас келді қырыққа жақын [4,46 ]. Яғни, ақынның өзі Мың сегіз жүз алпыс тоғыз уәлидәнім (туған жылым) деп айтып өткендей, сол кездегі әкімшілік аймақ бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын Ақмола облысы, Ақмола уезінің Жайықбаев болыстығына қарайтын Қараөткелді жайлаған қыпшақ руының ішінде 1869 жылы туған.Мақыш әкесі Қалтай, арғы атасы Едіге барлығы да орта қолды кедей адамдар болған.Жас кезінде Мақыштың өзі де Мен Мақыш Ақмоланың пақырымын, Мал басқа бай болмаған тақырымын [5,24 ], деп өзі айтқандай жоқшылықтың тауқыметін көп тартады. Бірақ ол кедей екенмін деп төмендемейді, қай кезде де, кімнің алдында болса да еңсесін тік, жоғары ұстап бар мақсатын білім алуға, ғылым іздеуге жұмылдырады. Қазақтың айнасы (1910) жинағындағы Дүниенің керектігі хақында өлеңінде былай дейді: Әулиенің сөзімен мал жимадым, Мұхтаж болып жанымды көп қинадым... Ғылым - ғизат, дүние - өлексе, деп. Байларға басымды иіп көне алмадым Ғылымның ғиззат, құрмет өзінде деп, Дүниелер, ағанияға (байлыққа) көз салмадым [6,11]. Расында Мақыш кисе киімге, ішсе тамаққа жетпейтін шағын дәулеті бола тұра ешкімге жалынышты болмаған, өзінің адал еңбегімен күн көріп, жиған- тергенін білім алуға жұмсайды. Мақыш алғаш сауатын ауыл молдасынан ашып, қадим мектебінде оқып хат таниды. Ол кездегі оқу-ағарту жұмысы екі бағытта жүргізілді: бірі-мұсылманша, екіншісі орысша оқу. Мұсылманша оқу екі сатыда болды. Ауылдық жерлердегі мектептерде бастауыш білім берсе, шаһарлардағы медреселерде орта дәрежелі білім алып шығатын. Қадим оқуында негізінен ислам дініне қатысты дәрістер жүргізілді және де онда көбінесе медресе бітіріп келген орта дәрежелі білімі бар татар, башқұрт молдалары оқытатын. Ол заманда балаларды он-он бес жыл бойы оқыса да сыныпқа бөлу болмайтын. Шәкірттердің оқу шамасы әр кезде олардың оқып жүрген кітабімен айтылатын. Сонда ең бастауыш оқу әлгі айтқан арабша Иман шарт, һәф-тиектен басталса, одан әрі Түрки оқытылатын. Одан кейін Қырық хадистен басталатын арабша оқу кететін.
Сонымен қатар жоғарыдағы кітаптар тұтас бір ғылымның (дін ғылымын) жеке-жеке салаларын оқытуға арналған оқулық ретінде қолданылған. Атап айтқанда, Ақида діни сенім имандылыққа қатысты; Наһу-сарф, Тәжуид Құранды сауатты, дұрыс оқуға арналған араб тілі қағидалары; Тағлиму-с- салат, Шуруту-с-салат намаз әдептері; Фиқһу Қайдани мұсылмандық заң ғылымы; Рабғузидің Қиссасу-л-Әнбиясы пайғамбарлардың өміріне; Мухаммадия Мухаммед пайғамбардың өмірі, дін тарихына қатысты оқулық-кітаптар. Әрқайсысының білім берудегі танымдық мақсат-міндеттеріне қарай бағалары да әртүрлі. Білімнің ең жоғарғы сатысы болып саналатын Құран Кәрім, Шарх Ғабдолла сияқты кітаптардың құны да жоғары (Он бес қой я толық ат - Құран өзі). Осылардың барлығы да қадим жүйесіндегі мектептерде оқытылатын арнайы пәндер. Мақыш Қалтайұлының да алғаш оқыған оқуы, алған білімі осы сипатта болды. Бірақ Мақыш бұл алған білімін қанағат тұтпай ары қарай өздігінен ізденіп оқуға кіріседі. Бірнеше молданың алдын көріп, дәріс тыңдап, пікірлеседі. Солардың ішіндегі Мақыштың өміріне ерекше із қалдырғаны Абдолла Ешімов болды. Соған арнап шығарған өлеңінде ақын былай дейді: Жиырманың бесінде нәсіп болды, Мүшкилатқа мойынды бұруымыз. Қараөткелде Абдолла қазіреттен, Тағылым алып дүкенді құруымыз. Ел ішінде арабтан сабақ алдым, Молла тақсыр дегенге қатты нандым. Сол заманда бір ғалым Қараөткелге, Келіпті деп есітіп әбден қандым. Естуменен сыртынан ғашық болып, Көп кешікпей көруге іздеп бардым. Шын молланы көрген соң шықпас болып, Биданнан бисмиллаһи дәріс салдым. Мал-мүлікті талақ қылып талап үшін, Көп жылдар құзырында тұрып қалдым [7,10 ]. Абдолла Бұхарадағы медресені тәмамдаған, хатым күтіп атанған терең білімді, жаңа пікірлі, шәкірттеріне ықыласпен қарайтын молда болғанға ұқсайды. Пайдалы адам екен ғылым қонған, Кәмілдігі білінді біраз соңнан. Бұхарада хатым күтіп мәжілісінде, Сексен төрт серігінің алды болған... Риза Аллаһ мүдәррис болып тұрды, Әр пәннен дәріс айтылып дүкен құрды. Сабы алтын алмас қылыш қынындағы, Анадилық қылғандардың мойнын ұрды. Нұрландырды қаланы келген жерден. Неше мың пайдаланды кәміл ерден... Қатайып қас пен досқа қарамастан, Хақиқатын сөйлейді көзбен көрген, деп мадақтайды ақын ұстазын, оның халық ішіне білім нәрін төккен ізгіліктігін дәріптейді. Сондай-ақ, Абдолла Ешімов ақындық өнерді құрметтейтін, өлең жазуға бейімі бар көзі ашық, көкірегі ояу адам болған. Оның Мақышқа арнап жазған ұзақ назым-өлеңі бар [7, 16 ]. Мақыш Абдолла мүдәрристен 1894-1897 жж. аралығында үш жылдай дәріс тыңдап ислам тарихы, мәдениеті жайында кең мағлұмат алады. Абдолла Мақыштың ғылым-білімге деген құштарлығын танып, оған басқа шаһарларға барып оқуға кеңес береді. Сөйтіп ұстаз кеңесімен Мақыш оқу-білім іздеп алдымен Қызылжар, Көкшетау жағын аралап, Троицкі қаласынан барып шығады. Осының барлығын ақын өзінің өмірбаянын парақтайтын өлеңінде айтып өтеді: Қараөткелде тахсилмен үш жыл тұрдым, Мұнан соң Қызылжарға сапар жүрдім. Троицкі барарға пікір қылдым, Зейнолла шейх мекені мағұмрия. Мұнда келген мүрид көп нәпсісін тыя. Маша Аллаһ біз тұрып бұл шаһарда Қайттық асыл отанға дүние (білім Ә.Ә.) жыя [4,47]. Мақыштың ақын, азамат ретінде дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына Троицкіде алған білімінің, оқыған оқуының айырықша мәнді, маңызды болғанын бөліп айтуымыз керек. Сол кездегі Троицк шаһарының мәдени-рухани өмірі туралы деректерге жүгінсек, қалада алты мешіт, үш медресе жұмыс істеген екен. Олар: медресе Мұхаммадия, медресе Расулия, медресе Рахманқұлия [2, 23 ], Мақыштың оқыған медресесі - Расулия. Мақыш осы медреседе екі жыл оқып 1898 жылы 29 жасында бітіріп орта дәрежелі білім алып шығады. Оның ақындық өнерінің айқындалып, жаңашылдық, ағартушылық ой- пікірінің қалыптасуына Троицкіде алған білімі едеуір ықпал жасаған. Әсіресе, Насихат қазақия (1911), Тура жол (1912), Бар уақиға (1912) жинақтарындағы өлеңдерінде ақынның жәдитшілдік, ағартушылық, діни оянушылық көзқарастары анық байқалады. Мақыш медресені тәмамдап, мұғалімдік шаһадат намасын - куәлігін алғаннан кейін еліне келіп ұстаздық қызметке кіріседі. Ақмола, Көкшетау, Қызылжар жағында бірнеше жыл бала оқытып, шәкірт тәрбиелеп ұстаздық өнегесімен, ғұламалығымен аймаққа танымал болып, мәшһүр атанады. Бұл турасында: Атандың заманыңда молла, қажы, Іздендің мехнат шегіп қысы-жазы. Сол күнде мақтау тиіп болушы еді, Ұстаз, шәкірт һәммасы сізге разы. Шығып едің қыпшақтан асыл болып, Ғалым болдың мақсаттар хасыл болып [7,18 ], дейді Мақыштың ұстазы Абдолла Ешімов шәкіртіне арнаған назым-өлеңінде. Мақыш негізінен, әрбір мұсылман үшін міндетті парыздардың бірі - талаб әл-илмді, яғни, білімге талаптануды мүлтіксіз орындап отырған. Тәхмину он санада болдым талиб, әһл-әулет барлығын қасыма алып [4,47], деп өзінің айтуынша бала-шағасын тастамай өзімен бірге алып жүріп, білімге талаптанып, ізденуден жалықпаған. Ислам дінінің парызы ілімге талаптану үшін саяхат шегу ұсынылып, ең қолайлы мерзім жастық шақ деп есептеледі, дегенмен оған ашық шектеу қойылмайды Осы мақсатта Мақыш Қазақстанның Шығыс, Батыс, Оңтүстік өңірін аралайды. Естігеннен көп артық көзбен көру, Көріп ғибрат алғанбыз жүріп елден немесе, Жоқты айтпаймын айтамын барды сезіп, Көп көрдім жүргенімде елді кезіп [8,10 ], деп көрген-білгенін, ел ішінде өтіп жатқан әртүрлі мәселелерді ой таразысына салып өлеңге айналдырады. Жазған төл туындылары мен тәржімаларын кітап етіп бастыру үшін Қазан қаласындағы баспаханаларға жіберіп тұрады.
Енді Мақыштың отбасылық жағдайына келсек, өзінің айтуынша, Көкшетау жақта жүргенде үйленіп балалы-шағалы болады. Ол жөнінде Насихат қазақия (1911) жинағындағы өлеңінде былай деді: Көкшетауда бір тахсил тұрдым және, Бұл шаһарда құт болды қатын бала Екі қызым тәшуиш мәниғ болып, Шарасыздан ел таптым болып шала [4,47]. Мұнда келгендегі мақсат оқу, білім алу болатын, бірақ, екі қызы аурулы (тәшуиш Ә.Ә.) болып, ары қарай оқуын жалғастыруға бөгет болады (мәниғ) да, еліне Ақмолаға қайтуға тура келеді. Қалтайұлының қазақ ахуалын бахыс еткен манзумасы (1909) кітабындағы өмірбаяндық өлеңінде Мақыш өзінен бес бала болғанын айтады, оның үшеуі ұл, екеуі қыз бала Өзімізден екі әйел (бала Ә.Ә.) үш ұл болды, Мейман болып дүниеге біраз қонды. Төрт балам анасымен сапар қылды Белгілі барса келмес деген жолды [3,2 ] . Алдымен Көкшетаудан сырқаттанып келген қызы өледі де, оның артынан үш ұлы бірдей қайтыс болады. Мұндай ауыр қазаға шыдамаған олардың анасы да көз жұмады. Бір үйлі жаннан айырылған Мақыш: Бұл дүниеде көп көрдім, тарлық, барлық, Жеті жаннан айырылып екеу қалдық, деп бір қызымен екеуі ғана қалады. Қ. Ергөбековтің әдебиетші-ғалым Бейсенбай Кенжебаевқа арнаған Ғалымның хаты дейтін мақаласында: Мақыштың қызына арыз жаздырып: Әкемнің мұрасын зерттейді, маған ақша төлемейді, дегізіп арандатқан [9, 241], деп жазғанына қарағанда Мақыштың қызы бертінге дейін ғұмыр кешкенге ұқсайды. Орны ойсырап қалған отбасы Мақышқа оңай тимейді, қабырғасын қақыратып кеткен қаза оны қатты қайғыға салады. Үш ұл жамағаттан айырылған соң, Мұғаттал бес жыл жүрдім бос сандалып, деп ішқұса болып, жазмышқа налып жүрген ақын енді өзін сабырлыққа шақырып: Пендесі еріксіз көнер әр ісіне Хақиқи падишадан болса жарлық, деп, Алла тағаланың пешенеге жазған тағдыр-талайына мойын ұсынып, бұ дүниелік тіршілік қамына кіріседі.[7,19 ]
Мақыштың ендігі бар жұбанышы қолындағы қаламы болды. Бұл пақырдан қалсын деп әсер соңға, Тәртіп етті біраз сөз келсе оңға. Дін қарындас дұғасын үміт етіп, Тахрир еткен әбиатты Мақыш молла [4,47], деп, ендігі жерде дүние қызығынан баз кешіп, артында із қалдыру мақсатында жазған-сызғандарын хатқа тізіп, бірыңғай шығармашылықпен айналыса бастайды. Хақиқи өлмей қалмас ешбір пенде, Ғанимет біл, болғанда жаның тәнде. Өлсе дағы өлмейді деген сөз бар, Жақсы есімін соңғыларға қалдырғанда [7,13], деп өзі айтпақшы, артына елеулі мұра қалдырған ақын 1916 жылы небәрі 47 жыл өмір сүріп көз жұмады. Біз бұл жерде қаламгер өмірбаянының алғашқы соқпағын салуды мақсат еттік. Оның өміріне қатысты ашылмаған беттер әлі де болса жетерлік. Оның бәрін қайта қарап, ақынның ғылыми өмірбаянын зерделеп зерттеу болашақтың үлесінде.
1.2 Мақыштану мәселелері жайлы
Мақыш Қалтайұлы мұрасы жайында ой-пікір айту өткен ғасырдың елуінші жылдарынан басталады. Ақынның бұл кезеңдегі бірден-бір зерттеушісі филология ғылымының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев. Әдебиет және искусство журналының 1950 жылғы он екінші санында ғалымның Мақыш Қалтаев атты көлемді мақаласы басылды. Мақыш шығармашылығы зерттелуінің алғашқы қадамы болып табылатын мақалада зерттеуші ақынның Қазан қаласы баспаханаларында басылып шыққан кітаптарын саралай сүзіп, әрқайсына жеке- жеке тоқталып, қысқаша аңдатпа жасайды, жалпы шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мәнін, мазмұнын ашып көрсетеді: Мақыш дүниелік ғылым-білімнің, өнеркәсіптің, байлық-дәулеттің, мәдениеттің қажетін, пайдасын ұғады; қоғамның, халықтың шаруашылық, мәдениет жөнінен ілгері дамуын көксейді; жұртты оқуға, мәдениетке, ғылым, өнеркәсіп үйренуге, отанның өркендеуі жолында қызмет етуге үндейді. Осы тұрғыдан қарап Мақыш қазақтың үйлену, ауру-сырқауды емдету жөніндегі ескі, зиянды ғұрып-әдеттерін сынайды; бектік-феодалдық қалып сарқыны болған надандық, жалқаулық, мансапқорлық, даукестік, партияшылдық сияқты жаман, кертартпа мінез-құлықтарын сынайды. Соларды дін негізінде, низам жолымен жаңғыртуды, түзетуді жөн көреді, деп ақын өлеңдерінің ағартушылық, сыншылдық бағыттағы мән-мазмұнын сипаттай отырып оның шығармашылық бағытын айқындап, саяси-дүниетанымдық көзқарасына әсер еткен саяси-тарихи жағдайларға, заман келбеті, дәуір тынысына тоқталады: [10,78].
Әрине, бұл зерттеушінің өз заманының ығында, саяси тұрғыдан айтылған тұжырымы. Тұтастай алғанда, Б.Кенжебаев жоғарыда сөз болған мақаласынан бастап өмірінің соңына дейін Мақыш Қалтайұлына қатысты зерттеулерден қол үзген жоқ. Ғалымның докторлық диссертация қорғау барысында жазған Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары (1958) атты монографиясында, осы еңбегінің негізінде жоғарғы оқу орнында оқитын студенттерге арналып жазылған ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті (1966, 1976, 1993) оқулықтарында, сонымен қатар Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері (1973), Әдебиет белестері (1986) сияқты күрделі зерттеулерінде Мақыш шығармашылығы, өлеңдерінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері жайында тың пікірлер білдіріп, оның өмірі, әдеби мұрасына қатысты құнды деректермен толықтырып отырды. Жалпы, Мақыш мұрасын тұңғыш жинап, оған байыпты бағасын беріп қазақ әдебиеті сахнасына алғаш рет алып шыққан Б.Кенжебаев деп танығанымыз жөн. Алпысыншы жылдары М.Қалтайұлы ақындығы жайында біраз сөз айтқан Ысқақ Дүйсенбаев болды. Қазақ әдебиеті тарихына қатысты көптеген еңбектер жазған Ы. Дүйсенбаев Мақыш мұрасын арнайы зерттемесе де, сөз арасында оның шығармашылығына, ақындық өресіне тоқталып, өзіндік ой-пікірін білдіріп отырды. Зерттеуші Мақыш туралы бірінші рет 1963 жылы шыққан ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары атты оқулық-хрестоматияда сөз қозғады. Кейініректе 1965 жылы шыққан Қазақ әдебиетінің тарихында және Эпос және ақындар мұрасы (1987) атты зерттеуінде еш өзгеріссіз қайталанып басылды. Осы еңбектерінде Ы.Дүйсенбаев Мақышты Мәшһүр Жүсіп, Нұржан Наушабаевтармен бірге пессимизм, мистицизмдерді ұран етіп, өмірден түңіліп күңіреніп өткен ақындар ретінде қарастыра отырып, оның мұрасы жайында былай дейді: Мәшһүр деген атқа ие болған ақынның бірі Мақыш Қалтаев. Шығармаларының тақырыбы, көтерген негізгі мәселері жағынан алып қарағанда, М.Қалтаевтың өлеңдерінде айта қаларлық тың жаңалық жоқ, көп жағдайда М.Көпеев пен Н.Наушабаевқа үндес келіп отырады, ақындық шеберлігі мен тіл байлығы да онша сүйсіндіре қоймайды. Солай бола тұрса да кезінде әдебиет майданына белсене қатынасып, бірнеше жинақтарын шығарғанын тағы да ескермеске болмайды, деп күдікпен қарап, ілуге тұрарлық ештеңе таба алмаған ғалым: Сонымен бірге ескідегі еркін, тыныш заманды қайтып оралмайтын арман етіп аңсайды, өзіне арқа сүйейтін тіректі дін төңірегінен іздеп зарланады [11,172 ], деп ақын шығармашы лығының табиғатына алыс, шындыққа жанаспайтын тұжырым жасайды.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының соңы, жетпісінші жылдарының басына қарай Мақыш мұрасының зерттелу аясы ауқымдала түсті. Осы тұста ақын мұрасы жайында азды-көпті пікір айтқан әдебиетші ғалым Ә.Дербісәлин болды. Ол Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті (1966) еңбегінде Мақыш өлеңдерін тақырып жағынан топтап, мазмұн-идеясына үңіліп талдай келе: Мақыш Қалтаев сияқты ақындар өз шығармаларында көбінесе діни сенімдерді уағыздауға ойысқанмен, дала тұрмысындағы надандықты көре білуде және сынауда, сондай-ақ оның өріс алу себебін тануда ара-кідік дұрыс пікірлер де білдіріп отырды... Өнер, білімді қайдан, қалайша табу керек деген мәселеде Мақыш Қалтаев көп ақыннан ілгері [12,59], деп қорытынды пікірін білдіреді. Айта кететін бір жайт - Б.Кенжебаев Мақыштың 1910 жылы шыққан кітабын Мәшһүр Қалтаев деп атайды және ғалымның кейінгі зерттеулерінде де осылай аталып жүр. Осының негізінде Мақыш Қалтаев шығармашылығына байланысты сөз болған жерлердің барлығында бұл кітап Мәшһүр Қалтаев делініп жүр. Ақынның осы жинағы 1910 жылы Университет баспаханасынан Біраз ғибрат сөз һәм Абдолла мүдәристің тәржіме халі уа һәм Нұрмағанбет Сағынаев тәржіме халі уа һәм Ешімов пен Қалтаев сөздері деген ұзақ атаумен басылып шығып авторы Мәшһүр Қалтаев деп көрсетілген. Мұндағы Мәшһүр Қалтаев дегені Мәшһүр Жүсіп деген сияқты, өз есіміне қосылып жазылған лақап аты, яғни мәшһүр араб сөзі - атақты, танымал, белгілі дегенді білдіреді. Мақыш Қалтайұлының осы жылдан бастап шыққан кітаптарында өз есіміне мәшһүр лақап аты да қосылып жазылып отырады. Мәселен, Қазақтың айнасында (1910) Мәшһүр Мақыш Қалтаев, Бар оқиға жинағында (1912) Мәшһүр молла Мақыш Қалтаев деп көрсетілген. Сондықтан да ендігі жерде Мақыштың бұл кітабын Біраз ғибрат сөз... деп өз атымен атағанымыз жөн.
Мақыштың кітаптарында әр түрлі тақырыпта - ағартушылық, сыншылдық, адамгершілік, діни әдеп, тәрбие және тағы басқа мәселелерді көтерген 77 өлеңі (оның тоғызы мысал өлең) мен екі көлемді мақаласы басылған. Айта кетер жағдай - кітаптардағы кейбір аттары жазылмаған өлеңдер бір- бірімен қосылып тұтас күйінде басылып кете берген. Мәселен, Насихат қазақия (1911) жинағында Айт хақында өлеңінен кейін Руым- қыпшақ халқы... деп басталатын ақынның ұзақ өмірбаяндық өлеңі қосылып жалғасып кетеді. Бұл екеуі тақырып-мазмұны жағынан бір-бірімен еш сәйкес келмейді. Алғашқысы діни дидактикалық сарында болса, соңғысында ақын өз өмірінен дерек, мағлұмат беретін ғұмырнамалық толғау. Мұндай жайттар ақынның әр кітабында кездеседі. Қазан төңкерісіне дейін басылған қазақ кітаптарындағы осы сияқты кемшіліктерді кезінде зерттеуші ғалым Б.Кенжебаев орынды атап өткен еді [9,12 ]. Мақыш Қалтайұлының әр жылдарда шыққан өлең кітаптарындағы осындай олқы кеткен, кемшін тұстарын ескере отырып, әр жинақтағы өлеңдерін тақырыптық-мазмұндық жағынан саралап, жеке-жеке атап көрсетуді жөн көрдік. Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы (1909) кітабындағы өлеңдері: 1) Атым Мақыш, Қалтай дер атам атын, 2) Қазақ хәкімдері, 3) Ишандар хақында, 4) Шариғатта ерлерге қатын алмақ, 5) Қазақтың қатын алуы, 6) Ғылым үйрену парыздығы, 7) Аллаға ширкат қату, 8) Ата-анасын ренжіту хақында; 9) Ұстаз ренжіту хақында, 10) Салла-й рахим хақында, 11) Әмір мағруф-Наһи мәнкур, 12) Жалған ант, 13) Фақырлар хақында, 14) Хаж хақында, 15) Үміт қылу хақында, 16) Болмайды болғанменен қарға сұңқар... Қазақтың айнасы (1910) кітабындағы өлеңдер: 1) Қазақтың айнасы, 2) Қария арасында мағлұм хақында, 3) Бай молла садақа алу хақында, 4) Ғужіптік хақында, 5) Қарттан қашу, жасқа жақындасу, 6) Орысша оқу керектігі, 8) Дүниенің керектігі хақында, 9) Халалын қызғанбау хақында, 10) Ихтизар, 11) Қазақтың сахауаты, 12) Шаһұлы Сағаддинов сізге сәлем. Біраз ғибрат сөз... (1910) жинағындағы өлеңдер: 1) Мәшһүр Қалтаев (кіріспе ретінде Ә. Ә.), 2) Қой, сиыр, ешкі, арыстан, 3) Сабырсыздық, 4) Есектің ойнауы, 5) Аз үміт көп зарар берер, 6) Бал құрты мен шыбын, 7) Жақсылыққа жамандық, 8) Фақырлық-байлық, 9) Садақат, 10) Абдолла мүдәрристің тәржіме халі, 11) Нұрмұхаммед Сағынаев тәржіме хәлі, 12) Абдолла Ешімовтің Мақыш Қалтайұлына насихата яки фадихата айтқан назымы, 13) Қалтаевтың бұған жауабы. Насихат қазақия (1911) кітабындағы өлеңдері: 1) Үйлену әдебі, 2) Ер әдебі, 3) Қатын әдептері, 4) Ана әдептері, 5) Ата әдептері, 6) Сағи уа ижтиһад әдептері, 7) Өнер уа сунғат әдептері, 8) Кәсіп әдептері, 9) Тұта білмек, 10) Тәдбир, 11) Байлық, жарлық әдептері, 12) Ғылым әдептері, 13) Отан уа милләт, 14) Муғамала әдептері, 15) Жәмғият әдептері, 16)Ғайд хақында, 18) Руым қыпшақ халқы, асылым-қазақ.... Тура жол (1912) кітабындағы өлеңдер: 1) Екі орынға ғибратпен салған көзін, 2) Қожалар хақында, 3) Жастар хақында, 4) Бір шахсы болған кезде балпып жүрген, 5) Рух, жан хақында, 6) Мақсат, 7) Нәшір хақында, 8) Мақыш Қалтаев (соңғы сөз орнына - Ә. Ә.) Бар оқиға (1912) кітабындағы өлеңдері: 1) Бар уақиға, 2) Қазақ сахарасын кезу, 3) Қазақтың ханы болған төрелер, 4) Қазаққа берілген теңдік, 5) Өз пайдамызды білмеуіміз, 6) Басқа жұртта қандай хәлде, 6) Сахарадағы мешіттер, 8) Қазақта жалған ант беру, 9) Дүниенің керекті- гі, 10) Білген білмегенге жақпайды. Бұлардан басқа жоғарыда атап өткеніміздей Ғ.Рашидиден тәржімалаған Сақ уа Сұқ халдері аударма кітабында Мақыштың алғысөз ретінде жазған Оқу парыз балаларға атты өлеңі бар. Ақынның көзі тірісінде баспа бетін көрген өлеңдерінің ұзын-ырғасы осылар. Кеңестік дәуірде Мақыш Қалтайұлы өлеңдері 1959 жылы Алматыда өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференцияның қаулысынан кейін жариялана бастады. Қазақ ССР Ғылым академиясы баспасынан 1963 жылы шыққан ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары атты жинақта Мақыштың Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы (1909) кітабындағы Қазақ хәкімдері. Пақырлар хақында, Хаж хақында атты өлеңдері, Қазақтың айнасы кітабындағы (1910) Орысша оқу керектігі өлеңі, Біраз ғибрат сөз... (1910) кітабындағы Есектің ойнауы атты мысал өлеңі және татар ақыны З.Каримиден аударған Айна (1913) кітабынан Қалам, Қаламның айтқаны, Алтынға, Сәбие бір қызға, Милләт аударма өлеңдері енді. 1989 жылы Жазушы баспасынан шыққан Бес ғасыр жырлайды жинағының екінші кітабына осы аударма өлеңдермен қатар Есектің ойнауы мысал өлеңі және Қазақ хәкімдері атты өлеңі кірді. Қ.Жарықбаевтың құрастыруымен 1994 жылы Рауан баспасынан шыққан Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясына ақынның Ата-ананы ренжіту, Ұстаз ренжіту, Жалған ант өлеңдері басылды. Қ.Ергөбеков құрастырған ХХ ғасыр басындағы әдебиет хрестоматиясында (1994) Фақырлар хақында, Қазақ хәкімдері атты өлеңдері топтастырылды. [10,72
Түйіндеп айтсақ, жоғарыдағы зерттеуші-ғалымдардың Мақыш шығармашылығы жөніндегі ой-пікірлері ақын мұрасын тануда, оның әдебиеттегі орнын айқындауда сөзсіз алға басқандықтың белгісі. Сонымен қатар бұл зерттеулер ақын мұрасының идеялық-эстетикалық нысанасын, көркемдік әлемін тереңірек зерттеуге жол көрсетеді, бағыт сілтейді.
2. Мақыш Қалтайұлының шығармашылық жолы
2.1 Мақыш Қалтайұлы және сыншылдық бағыт.
Артына елеулі әдеби мұра қалдырып өзіндік таным-талғамымен ерекшеленетін кез-келген ақын-жазушының шығармашылық мұратын айқындап, дүниетанымдық көзқарасына әсер ететін рухани нәр алған қайнар көзі болатыны даусыз. Кезінде М.Әуезовтің алғаш рет ғылыми тұрғыда жүйелі пікір қозғап, Абай нәр алған үш бұлағы мен асқаралы поэзиясының бастауларын бөліп атауы Абаймен тұстас, одан кейінгі ақындар мұрасын зерттеушілерге де үлкен ой сала отырып, қаламгер шығармашылығының табиғатын тануға бағыт сілтейтіні сөзсіз. Абай нәр алған рухани үш бұлақтың бірі шығыс мәдениетіне қатысын зерттеген М.Мырзахметовтың: М.Әуезов Абайға шығыстан келген бұйымдардың басы ислам діні деп көрсеткенде бұл пікірдің түп-төркінінде үлкен тарихи шындық жатқанын ескертіп барып айтқан [13,39 ], деген пікірі ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушы ақындар шығармашылығына да тән екенін айтуға болады. Мақыш Қалтайұлының әдеби мұрасының жай-жапсарын байымдап, дүниетанымдық көзқарасына байланысты пікір білдірген Б.Кенжебаев: Мақыш молда ақын. Оның дүниетануы, көзқарасы діни. Мәселені түсіндіру, талдау әдісі шариғатша. Мысалдары, дәлелдері шариғаттан, діни кітаптардан. Бірақ Мақыш қазақ даласына капиталистік қарым-қатынастың жайылуы әсерімен капитализмнің рулық-ақсақалдық, ортағасырлық қалдығына қарсы күресу сарыны әсерімен оянған молда, сол сарында жырлаған ақын , деп Мақыш шығармашылығының негізгі тірегі исламиятқа қатысты екенін атап көрсеткен болатын. Негізінен Мақыш Қалтайұлының ақындық өнерінің айқындалып, әлеуметтік-саяси көзқарасының қалыптасуына сол кездегі Ресей империясы құрамындағы мұсылман зиялыларының ағартушылық, жаңашылдық (жәдидизм - Ә.Ә.) ой-пікірлері әсер етіп, бодандық бұғауына қарсы әрекет еткен діни оянушылықтың ықпалы болды. Ақын өз заманының көкейкесті мәселелерін сөз еткенде исламның қасиетті кітабы Құранға, шариғат заңдарына сүйеніп, діни талап-талғам тұрғысынан түсіндіреді. М.Қалтайұлы шығармашылығы негізгі үш саладан: поэзия, аударма, публицистикадан (әзірге екі мақаласы белгілі - Ә.Ә.) тұрады десек, соның ішіндегі ең сүбелі саласы ақынның поэзиясы. Бүгінгі күн тұрғысынан алып бағалағанда Мақыш өлеңдерінің идеялық-тақырыптық ауқымы кең, өзіне тән ерекшелігімен қайшылығы бар мол мұра. Негізгі мотиві - қазақ қоғамы, оның әр алуан тұрмыс-тіршілігі, адамдары, олардың арасындағы қоғамдық қатынастар, адал еңбек, адамгершілік-имандылық секілді сан түрлі өмірлік мәселелер. Дәлірек айтқанда, өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның қат-қабат сырларын өлеңдеріне арқау еткен.
Жалпы алғанда Мақыштың ізгілік, ағартушылық, демократтық пікірі басым, дейді Б.Кенжебаев. Қазақтың Қазан төңкерісінен бұрынғы молда ақын-жазушыларынан қазақ өмірінің бірталай күрделі мәселелерін қозғаған, реалистік бағытта бірталай көтерілген, сыншыл реализмге жақын келген осы- Мақыш Қалтаев [9,51]. Ғалымның бұл пікірі ақын өлеңдерін нақты саралаудан туған баға деп білеміз. Шындығында да Мақыш өлеңдерінде сыншыл реализмге тән сыр- сипаттар аса мол. Айнадай көрсетемін жұрттың мінін, Қорқып ішке жимаймын сөздің шынын. Жақын - алыс, дос, дұшпан бәрі бірдей, Сөйлеймін жалтақтамай хақтың құлын. Немесе: Ауыруға ащыдан дуа қылар, Табиғаты көрсе де қанша салтын. Ащы айтты деп ашуы келгендердің, Бола қалмас қасында жүзім жарқын. Қисығын көре тұрып ішке сақтап, Басылмас сөйлеп алмай біздің қарқын [6,2 ], деген өлең жолдарынан ақынның өз ортасын, қоғамдық құбылыстарды сөз еткенде, заманның ащы мәнін ашуда ешкімнен тайсалмай әр оқиғаға өзіндік бағасын айта білетін шыншылдығын байқаймыз. Мақыш Қалтайұлының да қоғам өмірін жырлаған өлеңдерінде өзіндік көзқарасы, мақсат-мүддесі айқын көрінеді. Қазақ өмірін Мақыш таңырқап, қызықтап, дәріптеп баяндамайды. Көбінесе сын көзімен қарап, қоғамдық даму тұрғысынан шенеп-мінеп баяндайды [14,147]. Шығармашылығының тұтас тұрқымен діни ағартушылыққа бейім ақын тұрмыс пен санада, ел билеу тәртібі мен әдет-ғұрыпта көп жағдайдың ескіріп, енді олардың жаңаруы, өзгеруі өмірдің өзінен ілгерлеу қарқынымен туып отырғанын көре білді. Қоғамның дамуына ескі атаулының кедергі бола бастағанын шындық күйінде суреттейді. Мақыш Қалтаев өзі өмір сүрген қоғам тіршілігін сөз еткенде оны сырттай ғана бақылап сараламай, бар нәрсенің қай-қайсысына да діни талап тұрғысынан терең мән беріп, шариғаттың мақұл көрген істерін уағыздап, теріс әрекеттерін өткір сынға алады. Өз дәуірінің ақыны ретінде ол халықтың, бүкіл қоғамның басындағы кемшілік-кеселдердің тамырына балта шабудың жолын іздеді. Ақын қоғам дертін Алланың көрсеткен хақ жолымен емдеуге болады деп осы жолдағы барлық ой-пайымдарын өлеңдеріне арқау етті. Осыдан келіп оның ақындық бітімі қалыптасып, адамгершілік-имандылық категориялары оның шығармашылығының негізгі нысанасына айналады. Ақын сыншылдығының ерекшелігі де ең алдымен өз қоғамындағы кемшіліктерді діни-ахлақ, имандылық тұрғысынан әшкерелеуінде. Мақыштың бір топ өлеңдері адам бойындағы кездесіп қалатын теріс іс- әрекеттер мен мінез-құлықтарды сынауға арналған. Ғужуптік хақында деген өлеңінде адамдық қасиеттен жұрдай ететін мақтаншақтық пен даңғойлық, жалған намыс пен өсекшілдік сияқты мінездерге жиіркене қарайды. Мал біткендер ойлайды біздер тек пе, Білем деген салады әртүрлі епке. Бір кісіге шамасы келгендері, Келсең-кел деп тұрады жекпе-жекке. Көп болғандар көтеріп көкірегін, Кім батады деп жүреді біздің көпке. Екі кісі бас қосса сұрасады, Пәленшені пәленше солай деп пе. Алты аласы ішінде болмаса да, Бір-бірінде жүреді ішінде өкпе [6,4 ]. Аталған кемшіліктер адамдарды азғындатып, рухани дамуға тұсау болатын қасиеттер. Бұлардың барлығы да надандықтың белгісі. Надандығына, байлығына, көптігіне масайрап тәкәппарлық еткендерден ең жаман астамшылық жоқ. Ақын қоғамдағы қандай да болмасын кемшілікті нысанаға алғанда, оны жеке дара алып қарамайды. Жоғарыдағы келеңсіздіктерді сөз еткенде ол бір адам басындағы кемшілік деп емес, бүкіл қоғам басындағы дерт деп типтік сипат бере сомдайды. Өз халқының басқа ел қатарына іліге алмай жұртқа мазақ болып отырғаны да Шариғатын қойса да ғұрпын қоймайтын парықсыздардың надандық әрекеттерінен деп шенейді. [5,5 ].
Жалпы алғанда Мақыш өлеңдерінде адамның ішкі пиғылын іс-әрекеттері арқылы сырттай суреттеу жағы басым болып келеді. Ақынның осы өлеңінде Абаймен үндестігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz