Мамангерлердің теоретикалық және практикалық дайындықтардың қазіргі заманға сай қалыптастыру, таңдаған маманына тұрақты қызығушылық қалыптастыру



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. БӨЛІМ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТАСТАНДЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ҚОЛӨНЕР ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.1 Табиғат бұрышында еңбек іс . әрекетінің ұйымдастыру( бөлме өсімдіктерін суару, топырақты қопсыту, құраған жапырақтарды алып тастау,басқа мекенмендеушілерге жем дайындау, жем беру, қамқорлық жасау) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Табиғи және тастанды материалдардан қолөнер, бұйымдарын жасау (Көрме ұйымдастыру, ата . аналарына, достарына, туыстарына сыйысу) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
2.БӨЛІМ БАЛАЛАРМЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.1 Балалардың ата . аналармен педагогикалық тренинг өткізу. Балалармен спорт сайыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Салауаты өмір салты бойынша жұмыстар ұйымдастыру (өзіне күтім жасау, дұрыс тамақтану, аурудың алдын . алу, табиғаттағы еңбек пен демалысты алмасытыру.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
3. БӨЛІМ СЮЖЕТТІК . РОЛДІК, ҮСТЕЛ ҮСТІ ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ...
15
3.1 Сюжеттік . ролдік, үстел үсті және дидактикалық ойындарды ұйымдастыру. Экологиялық жұмыс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 15
4. БӨЛІМ ДЕНЕ ШЫНЫҒУЫ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
4.1 Спортық мекемелер, сауықтыру шараларын өткізу.Көркем әдебиет оқу. (мазмұндау, талдау) Педагогикалық кеңес, қортынды конференция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
ҚОСЫМША
Жазғы педагогикалық тәжірибенің мақсаты - іс-әрекетіне жақын жағдайларда мамангерлердің теоретикалық және практикалық дайындықтардың қазіргі заманға сай қалыптастыру, таңдаған маманына тұрақты қызығушылық қалыптастыру. Қойылған мақсатқа негізгі талаптардың шешуі арқылы жету.
Жазғы педагогикалық практиканың міндеттері:
- Тәрбиеші жұмысын жоспарлау, ұйымдыстаруы бойынша әдістемелік білім мен біліктіліктерін анықтау;
- Балаларға дәстүрлі, белсенді әдістерді және оқыту нысандарды ойлау, таңдау қабілеттерін табу;
- Тәрбиеші жұмысын талдауға үйрету, олардың тиімділігі туралы қорытынды жасау;
- Өткізілген жұмысқа сәйкес өз-өзіңді бақылау және өз-өзіңді бағалау біліктілерінің қалыптастырылуына көмектесу;
- Тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін реттеуге үйрену;
- Педагогикалық мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының ұйымдастыруына көмек көрсету;
- Балаларды мәдениеттанулық пәндер бойынша дайындау.
1. Балабақша әкімшілігімен келісіп, тәжірибе өткізетін орынды ұйымдастыру. Қажетті іс-қағаз дайындау.
2. Практиканың алдында тәжірибе жетекшісі берілген оқушыларды жұмыстарымен, мақсаттарымен, практика талаптарымен таныстырып, жеке бас жұмыстар беріп, жиналыстар немесе бекітілетін конференцияларға қатысу.
3. Практиканың аяғында берілген күнделікті толтыру, ондағы мекемеден берілген мінездеме қолдарының және мөрлерін қою.
4. Басты және қорытынды конференцияларды ұйымдастыру және өткізу.
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. — Алматы, 1968.
2. 2. Дуброва В.П. Организация методической работы в дошкольном учреждении. – М,.1995.
3. Байжан, Күмісжан, Төлепберген, Мейрамбек. Елдікті өсиеттеген, ерлікті қасиеттеген // Егемен Қазақстан.- 2006.- 19 қыркүйек.- 1-2 б.
4. Байжан, Күмісжан. Қазақстан қазынасының бүгіні мен болашағы // Егемен Қазақстан.- 2006.- 20 қазан.- 6б.
5. Баймаханова, О. Оқулық оқушыға лайықты ма?// Қазақстан мұғалімі.- 2007.- 30 қаңтар.- 8б.
6. Оралбекова, Тұрсын Шахбахрамқызы, Дүйсебаева, Қанымқан Сүлімбайқызы. Еңбекке баулу: жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық /ҚР Білім және ғылым министрлігі.- 2-ші бас.- Алматы: Атамұра, 2002.- 144 б.: сурет
7. Оралбекова, Тұрсын Шахбахрамқызы, Дүйсебаева, Қанымқан Сүлімбайқызы. Еңбекке баулу : жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық. 2-ші бас.- Алматы: Атамұра, 2003.-160 б.: сурет
8. Янчун. Ерте заман Қытай тапқырлықтарының әлемге тарауы : [Жібек жолы]// Көрші.- 2007.-№ 1.- 28-32 б.
9. Бекова, Дәметкен. Қазақстан мозаикасы: [өнер] // Егемен Қазақстан.- 2005.- 16 шілде.- 8 б.
10. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана, 1998ж.
11. Е.Әбілдаев. Педагогикалық практиканың ролі. Қазақстан мектебі, №11-12, 2005ж.
12. Ж.Әбдиев, С.Бабаев, А.Құдияров. Педагогика. Алматы, 2004ж.
13. Е.Сағындықұлы. Педагогика. Алматы, 1999 ж.
14. Л.Омарова. Педагогикалық практиканың маңызы. Қазақстан мектебі. №11, 2008ж.
15. С.Маусымбаев, Қ.Қасымханова. Пед.практика (тәжірибе): ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан мектебі, № 7. 2005 ж.
16. Типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіптік білім. Алматы, 2005ж.
17. С.Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004ж.
18. С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 2004ж.
19. Ж.Қ.Қожахмедова. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі. Алматы, 1994ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1. БӨЛІМ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТАСТАНДЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ҚОЛӨНЕР ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4

1.1 Табиғат бұрышында еңбек іс - әрекетінің ұйымдастыру( бөлме өсімдіктерін суару, топырақты қопсыту, құраған жапырақтарды алып тастау,басқа мекенмендеушілерге жем дайындау, жем беру, қамқорлық жасау) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4

1.2 Табиғи және тастанды материалдардан қолөнер, бұйымдарын жасау (Көрме ұйымдастыру, ата - аналарына, достарына, туыстарына сыйысу) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5
2.БӨЛІМ БАЛАЛАРМЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

10

2.1 Балалардың ата - аналармен педагогикалық тренинг өткізу. Балалармен спорт сайыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ...

10

2.2 Салауаты өмір салты бойынша жұмыстар ұйымдастыру (өзіне күтім жасау, дұрыс тамақтану, аурудың алдын - алу, табиғаттағы еңбек пен демалысты алмасытыру.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

13
3. БӨЛІМ СЮЖЕТТІК - РОЛДІК, ҮСТЕЛ ҮСТІ ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ...

15

3.1 Сюжеттік - ролдік, үстел үсті және дидактикалық ойындарды ұйымдастыру. Экологиялық жұмыс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...

15
4. БӨЛІМ ДЕНЕ ШЫНЫҒУЫ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

17

4.1 Спортық мекемелер, сауықтыру шараларын өткізу.Көркем әдебиет оқу. (мазмұндау, талдау) Педагогикалық кеңес, қортынды конференция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
24
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Мен, Алжан Асемгуль Жанабайкызы жазғы педагогикалық бойынша өндірістік іс-тәжірибемді 2016 жылдың мамыр айының 16-шы жұлдызынан 2016-жылдың 21-ші мамырға дейінгі аралықта Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, 17 шағын ауданындағы №6 Алданыш балабақшасында өттім.
Жазғы педагогикалық тәжірибенің мақсаты - іс-әрекетіне жақын жағдайларда мамангерлердің теоретикалық және практикалық дайындықтардың қазіргі заманға сай қалыптастыру, таңдаған маманына тұрақты қызығушылық қалыптастыру. Қойылған мақсатқа негізгі талаптардың шешуі арқылы жету.
Жазғы педагогикалық практиканың міндеттері:
- Тәрбиеші жұмысын жоспарлау, ұйымдыстаруы бойынша әдістемелік білім мен біліктіліктерін анықтау;
- Балаларға дәстүрлі, белсенді әдістерді және оқыту нысандарды ойлау, таңдау қабілеттерін табу;
- Тәрбиеші жұмысын талдауға үйрету, олардың тиімділігі туралы қорытынды жасау;
- Өткізілген жұмысқа сәйкес өз-өзіңді бақылау және өз-өзіңді бағалау біліктілерінің қалыптастырылуына көмектесу;
- Тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін реттеуге үйрену;
- Педагогикалық мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының ұйымдастыруына көмек көрсету;
- Балаларды мәдениеттанулық пәндер бойынша дайындау.
1. Балабақша әкімшілігімен келісіп, тәжірибе өткізетін орынды ұйымдастыру. Қажетті іс-қағаз дайындау.
2. Практиканың алдында тәжірибе жетекшісі берілген оқушыларды жұмыстарымен, мақсаттарымен, практика талаптарымен таныстырып, жеке бас жұмыстар беріп, жиналыстар немесе бекітілетін конференцияларға қатысу.
3. Практиканың аяғында берілген күнделікті толтыру, ондағы мекемеден берілген мінездеме қолдарының және мөрлерін қою.
4. Басты және қорытынды конференцияларды ұйымдастыру және өткізу.

1. БӨЛІМ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТАСТАНДЫ МАТЕРИАЛДАРДАН ҚОЛӨНЕР ЖАСАУ
1.1 Табиғат бұрышында еңбек іс - әрекетінің ұйымдастыру (бөлме өсімдіктерін суару, топырақты қопсыту, құраған жапырақтарды алып тастау,басқа мекенмендеушілерге жем дайындау, жем беру, қамқорлық жасау)

Табиғаттағы өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдылары
Табиғат құбылыстарын бақылау кезінде өз сезімдері жайлы айта білуге көмектесу, табиғат мекендеушілерін сақтап қалуда адамдардың дұрыс өзін-өзі ұстауының маңыздылығын түсінуді (егер өзенді ластаса, балықтар, балдырлар құрып кетеді, егер орманда қоқыс қалдырса, өрт шығуы мүмкін) қамтамасыз ету.
Балаларды тірі және өлі табиғатпен тереңдетіп таныстыруда олардың тағдырының адам әрекетімен байланысты екендігін көрсету. Жағымды мысалдар: орманды қайта қалпына келтіру, су көздерін тазарту, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау. Жағымсыз мысалдар: өзендердің, көлдердің ластануы, орман ағаштарын кесу, сирек кездесетін өсімдіктерді, жануарларды, табиғат ескерткіштерін жою.
Ересектермен және құрдастармен өзара қатынасы[1]
Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету, табиғаттағы еңбек, тұрмыстық-шаруашылық қызмет дағдыларын меңгерту. Баланың қоғамда, ұжымда, мектепке бейімдеу мен өмірдің тез өзгеретін жағдайына ойдағыдай әлеуметтендіру үшін жеке басының қасиеттерін дамыту.
Балалардың ересектермен бірлесе отырып өсімдіктердің өсіп-жетілуі мен жануарлардың мінез-құлықтарына бақылау және күтім жасау процестеріне жауапкершілікпен қарау іскерліктерін қалыптастыру.
Адамның биоәлеуметтік жан ретінде және оның тіршілік ету ортасы туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Табиғаттағы адамгершілік мінез-құлық қағидалары жөніндегі ұғымдар
Балаларда табиғатта өзін-өзі ұстау қағидалары мен ережелерін болады, қажет, болмайды, жаман түсініктерімен меңгеруге мүмкіндік туғызу.
Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптау жұмыстарының әр алуан түрлерін бірлесіп орындауларын қамтамасыз ету. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінің адамның сауатты күтіміне байланыстылығы жөніндегі түсініктерін қалыптастыру. Тірі және өлі табиғатпен қарым-қатынаста өзін-өзі ұстау адамгершілік қағидаларын, ересектер мен құрдастарының табиғат объектілеріне қатысты теріс қылықтарын бағалай білуге үйрету[2-3].
Экологиялық қауіпсіздіктің алғашқы дағдыларын және адам денсаулығы қоршаған орта мен өзін-өзі ұстауына байланысты екендігі жайлы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.
Қоршаған ортаға қатысты өз іс-әрекетін болжау іскерлігі мен ниетін қалыптастыруды, шамасы келгенше оны сақтау мен жақсартуға қатысуды қамтамасыз ету.

1.2 Табиғи және тастанды материалдардан қолөнер, бұйымдарын жасау (Көрме ұйымдастыру, ата - аналарына, достарына, туыстарына сыйысу)

Жапсырмалау, негізінен, балалар заттарын әшекейлеу тәсілі. Сатып алатын немесе дайын жапсырмалау үлгілері де бар. Олардың үтіктің көмегімен жапсырып, тігеді немесе желімдейді. Төмендегі суреттерде жапсырмалау үлгілері берілген[4].

Сурет 1. Жапсырма түрлері

Балалар киімдеріне арналған жапсырмаларда әр түрлі жемістердің, жануарлардың, сандардың, ойыншықтар мен геометриялық пішіндердің бейнелерін пайдалануға болады.
Жапсырмалауды бантиктермен, түймелермен, жапырақтармен, кестемен немесе бояулы суреттермен әшекейлеген дұрыс.
Симметрия. Симметриялы фигураларды қағаздан жапсырмалау.
Егер 2 суреттегі бейнелердің әрқайсысын тең ортасынан бүктесек, онда бүктелген бөліктердің екеуі де бірімен-бірі дәл келеді - мұны симметриялы деп аталады.
Сендер көбелекті, қоңызды, мысықты, күшікті, балапанды көрдіңдер, олардың аяқтары симметриялы.

2 сурет. Симметриялы бейнелер

Сонымен бірге табиғаттағы барлық өсімдік жапырақтары, жәндіктер мен жан-жануарлардың дене бітімдері, тіпті қар қылаулары да симметриялы болып жаралады екен. Сондықтан кез келген қол өнер шеберлері де жасаған дүниесінде симметрия шартын сақтауға тырысады. Көркем бұйымдар құрастырып, жасағанда, табиғат сыйы - симметрияны үнемі есте ұстау қажет(2 сурет).

3 сурет. Симметриялы фигураларды қағаздан жапсырмалау техникасы

4 сурет. Симметриялы фигураларды қағаздан жапсырмалау техникасы

Заттық жапсыру
Заттың құрылымының негіздері туралы балалардың білімдерін жүйелеп тереңдету (барлық заттар бөліктерден құралады, тағайындалуына қарай бөлшектер бөлініп, төменгі бөлігінде әрқашан қомақты және ірі, қалғандар - ұсақ бөліктер болады).
Балалардың қайшыны қолдану іскерліктерін бекіту: жолақшаларды төртбұрыштарға, шаршыларды үшбұрыштарға, шаршы немесе төртбұрыштардың шеттерін қию арқылы дөңгелек пен сопақша пішіндерді қию. Симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе ойдағы контурларымен қию дағдыларын қалыптастыру[5].
Екіге бүктелген қағазды қатпарлап, түрлі бейнелерді қиюға үйрету (жапырақтар, гүлдердің күлтежапырақшаларын, көлік дөңгелектері).
Балаларды жырту тәсілімен жапсыруға, ғажайып құс, алтын балық, қызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету.
Түзу сызықты және дөңгелек пішіндерден тұтас ойыншықтардың бейнелерін, қисық жыртылған қағаздардың бөліктерінен жұмсақ ойыншықтардың бейнелерін құрастыруға үйрету.
Қағаз бетіне әуелі ірі бөлшектерді өзіне тән ұсақ бөлшектермен толықтыра отырып жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Сәндік жапсыру
Ұлттық өнердің желісімен түрлі қағазда геометриялық элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақшалар) өрнектер құрастыра білуге үйрету. Композиция заңдылықтарын түсінуге, өрнекті құрастырудың негізгі ұстанымдары: симметриялығы, бұрылыстар, ырғақ, кезектесу, ою элементтерін орналастыруда заттың пішініне көңіл аударуды есепке ала отырып сәнді жапсыруларды құрастыруға үйрету.
Аналар мен әжелерге сыйлықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді (бас киімдер, мойынорағыштар, көйлектер, жейделер, іш киімдер), ұлттық әшекейлерді, табақтарды, құмыралар мен вазаларды балалардың өз ойынша безендіруде жапырақтар мен гүлдерден өрнектер құрастыру.
Балаларға қағазды бірнеше бүктеп, геометриялық сәнді элементтер мен пішіндерді, шаршыларды, төртбұрыштарды, дөңгелектер мен сопақшаларды тең бөлуге, шаршылар мен т.б. қиғаштап қиюға үйрету.
Ортасы мен бұрыштары безендірілетін симметриялық пішіндерді екіге бүктелген қағаздардан қиюға, қатпарлап бүктелген қағаздардан қол ұстасып жүріп айтылатын әндерге, жиектемелерді, үйдің маңдайшасын безендіруге арналған шілтерлерді, топ бөлмесін мерекелік безендіруге фризалық әшекейлерді қиюға үйрету.
Ұлттық кілемдерді (сырмақ, тұскиіз, текеметтерді), ас тақтайшаларын, сүлгілерді, ыдыс-аяқ сақтайтын сөмкелерді (аяқ қап), тері белдіктерін, қымыз құятын ыдыстарды (торсық), кеселерге арналған қаптарды әшекейлеуге үйрету[6]. Қойдың екі мүйізі -- қос мүйізді төрт айшық өрнегі негізінде қолдану. Қошқар мүйіз өрнегін түрлендіріп қолдану: жиектеме өрнек (белдік, кілемнің жиектемелері, киіз үйдің баулары), қоймүйізді жұп шиыршықтар (кілемнің ортасы, жапқыштар, сандықтың тыстары, сөмкелер), геометриялық өрнектер (кілемдер, алашалар). Қазақ өрнектеріне тән ашық түстерді қолдану: қызыл күрең, жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл.
Бейнелерді айқын беру үшін сұлбаны қию және жыртып жапсыру тәсілдері бойынша үйрету. Жұқа бұйымдарды (сулық, шымылдықтар, қуыршақтарға арналған киімдер) әзірлеу үшін күрделі ойық (шеңберлер, жарты шеңберлер, қиықтар, шыршалар) өрнектерін қолдану.
Бұйымдарды, шырша әшекейлері мен ойыншықтарын, жаңа жылдық құттықтау ашықхаттарын, топ бөлмесін безендіруге, қыс тақырыбындағы ұжымдық панно жасауға үйрету.
Сюжетті жапсыру
Балаларға жапсыруда сюжетті композиция құру іскерлігін дамытуды жалғастыру. Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету[7]. Ұжымдық жапсыруда ортақ композиция құрып, қағаздың бетін толықтыруға, заттарды бір сызықтың бойымен жалпақ жолақшаға (жоғары, төмен, 2-3 жоспар), бүкіл параққа орналастыруға үйрету. Аспанды, жерді немесе өзен мен көлді (теңізді) бөлуге, жердің (аспанның) түсін таңдауға үйрету. Жаңа жылдық мерекеге залды безендіруге қатыстыру.
Жапсыруларды құрастыру барысында нысандардың көлемі бойынша қатынасын, заттардың бөліктерінің пішінін, құрылымын, қатынастарын көре білу іскерліктерін меңгерту. Сол арқылы тұрақты ойларын сақтау, өз әрекетін жоспарлау, ісін соңына дейін жеткізу іскерліктерін қалыптастыру.
Жапсыруларда әлеуметтік жағдайлар мен балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеуге, Қазақстанның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін ұжымдық композицияларды орындауға үйрету.

2.БӨЛІМ БАЛАЛАРМЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ
2.1 Балалардың ата - аналармен педагогикалық тренинг өткізу. Балалармен спорт сайыстарын ұйымдастыру

Ата-ана махаббаты
Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі-ата-аналар жиналысын өткізу. Жиналысты қалай қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады? Осының барлығы жаңадан класс жетекші болған мұғалімге пайдалы болуы мүмкін.
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша,альбом, газет, шар.
Тренинг бағдарламасы:
1.Есімдер аллитерациясы.
2.Баяндама. Ата-ана махаббаты.
3. Біз біргеміз! жаттығулар.
4. Өтінемін! ойыны.
5. Сиқырлы таяқша жаттығу
6. Тілек шамы.
7. Ой- толғаныс.
Тренинг барысы[8]:
І. Ата-аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.
ІІ. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту крек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
- Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
- Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
ІІІ. Баяндама. Ата-ана махаббаты.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала - ата- ана өмірінің жалғасы. Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін, деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, Өзімді алып, баламды аман қалдыр! деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі - қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
ІV. Біз біргеміз! жаттығулар
Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
Қолынан танып біл!
Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?
Біз бақытты жанұямыз!
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
Аралда
Қажетті құралдыр: газет
Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда, енді әр отбасы осы аралдан өздерін аман алып шығулары керек.
Үшеуіміздің суретіміз!
Суретті бір-бірімен ақылдаспай асалады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?
4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
V. Өтінемін ойыны.
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
- Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?
- Рахмет, өтінемін, т,б
- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен өтінемін деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. Өтінемін деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
- секіріңдер
- оң аяқтарын көтеріңдер
- өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
- өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар

VI. Сиқырлы таяқша жаттығу.
Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық
Жағымды
Жағымсыз
Мейірімділік
өтірік айту
Жан ашу
өшпенділік
Сыпайылық
Кек сақтау
даналық
Тіл алмау
- Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол - үнемшіл. Төбелесу - біреуге қол ұшын бері. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.
VІI. Тілек шамы.
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
- Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. Отбасы атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін Тілек шамы жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
VІIІ. Ой-толғаныс.
- Тренингтіңбасталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.
- Осы белгілер бойынша ата-анаға, оқушыға, мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады. (Жазған пікірлерін оқи отырып, көктем бейнесін шығару.)
2.2 Салауаты өмір салты бойынша жұмыстар ұйымдастыру (өзіне күтім жасау, дұрыс тамақтану, аурудың алдын - алу, табиғаттағы еңбек пен демалысты алмасытыру.)

Өзіңді таны. Адамдардың сезім мүшелері мен дене мүшелері бар екенінін білу. Олардың көмегімен қимылдай алады, айналадағы қоршаған ортаны таниды. Адамдардың әр дене мүшесі белгілі тәртіпте жұмыс істейді. Олардың қызметі үйлесімде болғанда ғана адам өзінің сау екенін сезінеді. Біздің денеміздің ішкі ағзалары бар. Олардың әрқайсысы өз қызметін атқарады. Біз оларға күтім жасауымыз қажет.
Жүрек, асқазан, тіл, өкпе, бүйрек адамның маңызды мүшелері болып табылады.
Сезім мүшелері. Олардың жұмысы. Сезім мүшелерінің жұмысы мен оларға күтім жасау[9].
Түрлі дене мүшелеріне көңіл қоя білу. Не сезінеді? Қандай ықылас пайда болады? Әр уақытта біз әр түрлі жағдайда боламыз: мейірімді, ашулы, көңілді, мұңлы. Көңілді, мейірімді болған кезде, біз өзімізді жақсы сезінеміз.
Тамақтану. Ашығудың белгісі. Ашығу сезімін, шөлді қалай жеңуге болады? Тәттіні көп жеуге болмайды, денсаулыққа зиян.
Тамақтану мәдениеті мен ережесі. Азық-түлік сапасын түсіне, иісіне, пішініне қарай ажырата білу. Дәрумендер - табиғи қорғаушылар. Су. Суды пайдалану қауіпсіздігі.
Тамақ түрлері. Жемістер, жидектер, тәттілер, жаңғақтар, шекілдеуік, ет, балық. Олардың пайдасы мен зияны. Азық-түліктерді қолдануға дайындау ережелері: жуып-тазалау, қайнату. Тамақтан уланудың алдын алу.
Аурудың алдын алу. Денсаулықты нығайтудағы шынығу және оның маңызын түсіндіру. Күн, ауа және су -- біздің нағыз досымыз. Табиғи факторлар көмегімен шынығудың маңызы мен ережесі.
Ұқыпты тамақтану мен үстел басында өзін-өзі ұстау, асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.
Өзінің жеке бас гигиенасы дағдылары мен ережелерін сақтауы мен оны орындауын қадағалап отыруға дағдыландыру. Дене тазалығын сақтауға, қолын, аяғын жууға, тісін ұқыпты тазалауға, ешкімнің ескертуінсіз-ақ тамақтанар алдында қолын жуып және тамақтанып болған соң ауыз қуысын шаюға, бет орамалын уақытылы ауыстырып, үстін, шашын ретке келтіріп отыруға, беліне дейін ылғалды сүртінуге дағдыландыру. Осы шаралардың маңыздылығын түсіндіру. Жеке заттарын ұқыпты ұстаудың қажеттіліктері мен ережелерін түсіну. Жеке гигиеналық заттарды білу және дұрыс қолдану (сүлгі, бет орамал, тарақ). [10]
Гигиеналық шараларды орындау кезінде балалардың бір-біріне көмек көрсетуін мадақтау.
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары мен киіміне күтім жасауға дағдыландыру.
Баланың шамасына қарай жұмыс түрлеріне (асханада, оқу бөлмесінде кезекші, тәрбиешіге көмектесу т.б.) тарту арқылы еңбек етуге қызығушылығын арттыру.
Қоғамдық орындарда тазалық сақтау. Бөлмеде өзін-өзі ұстау тәртібін сақтау. Бөлменің ішін ұқыпты ұстау (қабырғаларды шимайламау, жарық беретін аспаптарды, баспалдақ сүйеніштерін бүлдірмеу). Ересектерден бүлінген заттарды жөндеуге көмек сұрау.

3. БӨЛІМ СЮЖЕТТІК - РОЛДІК, ҮСТЕЛ ҮСТІ ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 Сюжеттік - ролдік, үстел үсті және дидактикалық ойындарды ұйымдастыру. Экологиялық жұмыс түрлері

Cюжетті-рөлдік ойындар
Балалардың өзіндік өмірлік тәжірибесін, олардың ой-өрісін, әлеуметтік өмірге қызығушылығын, өмір жайлы түрлі білімдерді кеңейту негізінде сюжеттік-рөлдік ойындардың мазмұны, сюжеттің ауқымы және рөлдермен байыта отырып, жағдай жасау.
Балаларды ұжымдық ойындарда басқарушылық іскерліктерін қалыптастыру, бірлестікке, ынтымақтастыққа көмектесу: шағын топтарға бірігу, әрекет мазмұнын бірлесіп ойластыру, рөлдерді бөлу, мақсатқа жету құралдарын табу. Белсенді балалардың басқа балаларды басынбауын қадағалау, жасық, ұялшақ балалардың ойынға қатысуына көмектесу.
Рөлдерді орындауда икемді болуды дамыту, ойында ортақ мүддеге сай ойынды дамыта білу және өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкіртке тиісті оқу материалын
Кәсіби сәйкестіліктің психологиялық аспектілері
Мәдениет және қоғам көзқарасы тұрғысынан жарнамалық іс-әрекеттің психологиялық проблемалары
Колледж студенттерінің танымдық іс-әрекетін дамытудағы оқу үрдісіндегі белсенді педагогикалық-психологиялық құралдардың әсері
Қазіргі заманғы маңызды экологиялық мәселелер
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың ғылыми-педагогикалық негіздері
Мамандық таңдау жолдары
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелері
Пәндер