Жас ерекшелік топтарға бөлу, тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылған режимдік сәттерін қарастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. БӨЛІМ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ТОПТАРҒА БӨЛУ, ТӘРБИЕШІНІҢ БАЛАЛАРМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН РЕЖИМДІК СӘТТЕРІН ҚАРАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

4
1.1 Тәжірибесінің жұмыс жоспары, мақсаты, міндеттерімен таныстыру. Жас ерекшелік топтарға бөлу, тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылған режимдік сәттерін сабақтарын, іс . әрекеттерін бақылау, талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


4
1.2 Тәрбиешінің жұмысын, балалармен қарым . қатынасын, құрдастар мен коммуникативтік қарым . қатынас дағдыларының қалыптасын бақылау талдау. Ата . аналармен жұмыс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Тәрбиешінің жұмысын бақылау, жұмыс жоспарына талдау жасау. Тәрбиешінің жоспары негізінде жұмыс жоспарын құру. Балалармен ойын әрекеттерін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. БӨЛІМ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ТОПТАРДАДАҒЫ БАЛАЛАРМЕН АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Режимдік сәттерді, сюжетті. ролдік ойындарды өз бетінше өткізу. Ролдерге сәйкес қажетті заттар мен атрибуттарды таңдауы (1 . ші шағын топ өткізеді, 2 . ші шағын топ бақылайды талдайды) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Жоспар бойынша іс әрекеттерді ұйымдастыру, балалармен психологиялық тест өткізу. Педагогикалық пәні бойынша тапсырманы орындау. (1 . ші шағын топ өткізеді, 2.ші шағын топ бақылайды талдайды) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША
Мен, байқау және бақылау өндірістік іс-тәжірибемді 2016 жылдың мамыр айының 9-шы жұлдызынан 2016-жылдың 14-ші мамырына дейінгі аралықта Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, 17 шағын ауданындағы №6 «Алданыш» балабақшасында өттім.
Педагогикалық практика кезінде болашақ тәрбиешінің балаларлың мұқтажын сезінуі, қарым-қатынас психологиясын меңгеруі, әр оқушымен жеке дара жұмыс тәжірибесінің дамуы, ата-анамен байланысының күшеюі, балалардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуі, еңбекке қатынасын, үлкенді сыйлау, т.б. мінез-құлықтарының қалыптасуына ықпал ету әдістерін меңгеруі жүзеге асады. Осы бастама кейін тәжірибеде қызмет ету барысында өз жалғасын табады.
Болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық практиканың мәнін қөтерудің бірнеше себебі бар: біріншіден, оқу орны қабырғасында өткізілген теориялық дайындықтар нәтижесі педагогикалық практика кезінде қолданылады да, оның жетістігі мен кемшілігі айқын көзге түседі. Екіншіден, педагогикалық практика кезінде балалармен тікелей қарым-қатынасқа түсу арқылы оның жеке дара ерекшеліктері мен қабілеттерін айқындайды, олардың мінез-құлықтарындағы кейбір кемшіліктерді түзетуге ұмтылады. Үшіншіден, педагогикалық практика кезінде өзіндік «менінің» мәні арта түседі. «Мен білемін», «үйренемін», «үйретемін», «тәрбиелеймін», «қарым-қатынас жасай аламын» деген сияқты сенімі нығаяды. Баладарды тәрбиелеуге көңіл бөле отырып студент өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады, қиындықты жеңуге, сол сәтте кездескен проблемалардың шешеімін табуға үйренеді, педагогикалық ойлауы дамиды.
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. — Алматы, 1968.
2. 2. Дуброва В.П. Организация методической работы в дошкольном учреждении. – М,.1995.
3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие - Народное образование,1998.
4. Смирнова Е.О. Дошкольная педагогика от Фребеля до «Истоков» (Обзор педагогических систем и программ дошкольного воспитания) :Учебное пособие. – Киров , 2003.
5. Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном образовании. – М., 1994
6. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М., 2003
7. Использование современных информационных и коммуникационных технологий в учебном процессе: учебно-методическое пособие / Авторы-составители: Д.П. Тевс, В. Н. Подковырова, Е. И. Апольских, М. В, Афонина. – Барнаул: БГПУ, 2006.
8. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы. Педагогикалық мұралары. Алматы, 1991ж.
9. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана, 1998ж.
10. Е.Әбілдаев. Педагогикалық практиканың ролі. Қазақстан мектебі, №11-12, 2005ж.
11. Ж.Әбдиев, С.Бабаев, А.Құдияров. Педагогика. Алматы, 2004ж.
12. Е.Сағындықұлы. Педагогика. Алматы, 1999 ж.
13. Л.Омарова. Педагогикалық практиканың маңызы. Қазақстан мектебі. №11, 2008ж.
14. С.Маусымбаев, Қ.Қасымханова. Пед.практика (тәжірибе): ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан мектебі, № 7. 2005 ж.
15. Типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіптік білім. Алматы, 2005ж.
16. С.Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004ж.
17. С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 2004ж.
18. Ж.Қ.Қожахмедова. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі. Алматы, 1994ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1. БӨЛІМ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ТОПТАРҒА БӨЛУ, ТӘРБИЕШІНІҢ БАЛАЛАРМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН РЕЖИМДІК СӘТТЕРІН ҚАРАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

4

1.1 Тәжірибесінің жұмыс жоспары, мақсаты, міндеттерімен таныстыру. Жас ерекшелік топтарға бөлу, тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылған режимдік сәттерін сабақтарын, іс - әрекеттерін бақылау, талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

4

1.2 Тәрбиешінің жұмысын, балалармен қарым - қатынасын, құрдастар мен коммуникативтік қарым - қатынас дағдыларының қалыптасын бақылау талдау. Ата - аналармен жұмыс түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3 Тәрбиешінің жұмысын бақылау, жұмыс жоспарына талдау жасау. Тәрбиешінің жоспары негізінде жұмыс жоспарын құру. Балалармен ойын әрекеттерін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. БӨЛІМ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ТОПТАРДАДАҒЫ БАЛАЛАРМЕН АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1 Режимдік сәттерді, сюжетті- ролдік ойындарды өз бетінше өткізу. Ролдерге сәйкес қажетті заттар мен атрибуттарды таңдауы (1 - ші шағын топ өткізеді, 2 - ші шағын топ бақылайды талдайды) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2 Жоспар бойынша іс әрекеттерді ұйымдастыру, балалармен психологиялық тест өткізу. Педагогикалық пәні бойынша тапсырманы орындау. (1 - ші шағын топ өткізеді, 2-ші шағын топ бақылайды талдайды) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Мен, байқау және бақылау өндірістік іс-тәжірибемді 2016 жылдың мамыр айының 9-шы жұлдызынан 2016-жылдың 14-ші мамырына дейінгі аралықта Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, 17 шағын ауданындағы №6 Алданыш балабақшасында өттім.
Педагогикалық практика кезінде болашақ тәрбиешінің балаларлың мұқтажын сезінуі, қарым-қатынас психологиясын меңгеруі, әр оқушымен жеке дара жұмыс тәжірибесінің дамуы, ата-анамен байланысының күшеюі, балалардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуі, еңбекке қатынасын, үлкенді сыйлау, т.б. мінез-құлықтарының қалыптасуына ықпал ету әдістерін меңгеруі жүзеге асады. Осы бастама кейін тәжірибеде қызмет ету барысында өз жалғасын табады.
Болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық практиканың мәнін қөтерудің бірнеше себебі бар: біріншіден, оқу орны қабырғасында өткізілген теориялық дайындықтар нәтижесі педагогикалық практика кезінде қолданылады да, оның жетістігі мен кемшілігі айқын көзге түседі. Екіншіден, педагогикалық практика кезінде балалармен тікелей қарым-қатынасқа түсу арқылы оның жеке дара ерекшеліктері мен қабілеттерін айқындайды, олардың мінез-құлықтарындағы кейбір кемшіліктерді түзетуге ұмтылады. Үшіншіден, педагогикалық практика кезінде өзіндік менінің мәні арта түседі. Мен білемін, үйренемін, үйретемін, тәрбиелеймін, қарым-қатынас жасай аламын деген сияқты сенімі нығаяды. Баладарды тәрбиелеуге көңіл бөле отырып студент өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады, қиындықты жеңуге, сол сәтте кездескен проблемалардың шешеімін табуға үйренеді, педагогикалық ойлауы дамиды.

1. БӨЛІМ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ТОПТАРҒА БӨЛУ, ТӘРБИЕШІНІҢ БАЛАЛАРМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН РЕЖИМДІК СӘТТЕРІН ҚАРАСТЫРУ
1.1 Тәжірибесінің жұмыс жоспары, мақсаты, міндеттерімен таныстыру. Жас ерекшелік топтарға бөлу, тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылған режимдік сәттерін сабақтарын, іс - әрекеттерін бақылау, талдау

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Режимдік сәттер кезінде:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Баланы жуынудың қарапайым дағдыларына, киінуге, шешінуге және түбекке сұрануға үйрету.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, бетінің, қолының, мұрнының ластығын байқауға, оларды жууға, сүртуге, ылғал киімін шешуге үйрету.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тамақтану кезінде:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- тамақтану алдында қолын жуу;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- кез-келген тамақты қасықпен өз бетінше жеуге үйрету;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- нанды сорпамен бірге жеу;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- тек қана өз тәрелкесінен жеу;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- бала орындығына өзі отыру және оны ересектің көмегімен жылжыту.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Гигиеналық талаптарды сақтау дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тамақтану кезінде:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айту.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жуыну кезінде:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақандарымен жуу;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Киініп-шешіну кезінде: киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Баланың түбекке сұрануы, өз түбегінің орнын білуі, өзінің ғана түбегіне отыра білуді бекіту.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ескерту жасалған кезде қалтасынан өзі қол орамалын алып және мұрнын сүртіп, қайтадан қалтасына сала білу.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өз киімдерінің, орамалының орнын, үстел басындағы өз орнын, киіміне арналған шкафты білу.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз -- адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю -- ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру -- бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:
1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін) [1].
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі -- жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.
Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері -- 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы -- негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі [1].
Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудық келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.

1.2 Тәрбиешінің жұмысын, балалармен қарым - қатынасын, құрдастар мен коммуникативтік қарым - қатынас дағдыларының қалыптасын бақылау талдау. Ата - аналармен жұмыс түрлері

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты - отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:
- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;
- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;
- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау көрсету;
- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;
- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау.
Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:
біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;
екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін біріге әрекет жасау.
Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық - педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану.
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгені жөн. Бұл үшін ата-аналар жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет.
Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, консультация мен көмек алатындай болғаны жөн.
Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті.
Мектепке дейінгі ұйым педагогы ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.
Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.
Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.
Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.
Ата-аналармен біріккен зерттеулерде қызметтің нақты түрлері жоспарланады және әріптестік формалары таңдалады.
Республикамызда ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың төмендегі түрлері енгізіледі:
нұсқаулық-педагогикалық (лекциялар, семинарлар);
ұйымдастырушылық-әдістемелік (ойындық және имитациялық ойындар, сабақтар);
психологиялық - медициналық (лекциялар, семинарлар, тренингтер);
практикалық дағдыларды жетілдіру (практикалық сабақтар, тәжірибе алмасу, үйірмелер, клубтар).
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады:
білім беру жағдайларына ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын зерттеу;
әлеуметтік тапсырысты әзірлеуге ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйым миссиясын анықтау, білім беру мазмұнын таңдау (білім беру бағдарламалары, технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі); түлек моделін құру;
жоспарды әзірлеудің барлық деңгейіне ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасы, жылдық және оқу жоспарлары, баланың жеке даму картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.
Ата-аналармен жұмыс формалары:
Форма - (латын сөзі forma) - құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі.
Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:
- көрнекі насихаттау;
- оn-line бақылау;
- отбасына қатынау;
- консультациялық пункттер;
- ата-аналар жиналысы;
- әңгімелесу мен консультациялар;
- ата-аналар конференциялары;
- ауызша журналдар;
- сауалнама жүргізу;
- ашық есіктер күні;
- дөңгелек үстелдер;
- клубтар ұйымдастыру;
-біріккен бос уақыттар;
- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б.
Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз, тәрбие жұмыстарын көрсету, ата-аналар үлгісі және т.б. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.
Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.
Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:
- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;
- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;
- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;
- диалог түрінде өткізілуі;
-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес,тиімді формаларының бірі - шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.
Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады:
- Ата-аналармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыру. Олардың қажеттілігі зерттеу мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану.
- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.
- Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.
- Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.
- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу. Ата-аналармен біріккен мұндай зерттеулерде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады.
Ата-аналармен жұмыста педагогикалық консилиумдарды қолдану керек. Консилиум құрамына меңгеруші, негізгі қызмет бойынша меңгерішінің орынбасары, тәрбиеші, педагог-психолог, мұғалім-логопед, бас медбике, ата-аналар комитетінің мүшелері. Консилиумда отбасының тәрбиелік потенциалы, оның материалдық жағдайы және отбасындағы бала статусы талқыланады. Консилиум жұмысының қорытындысы бала тәрбиесінде ата-аналарға көмек мөлшерін анықтау, ата-аналар әрекетінің жеке коррекциясына қарай бағдарламалар әзірлеу болуы мүмкін.
Бүгінгі күні зерттеу - жобалық, рөлдік, имитациялық және іскер ойындар сияқты ата-аналармен жұмыс формаларына көп мән берілуде. Бұл ойындар үрдісінде белгілі бір білімді меңгеріп қана қоймайды, әрекеттің, қатынастың жаңа моделдерін құрастырады. Талқылау үрдісінде ойынға қатысушылар мамандардың көмегімен жағдайларды бар жағынан сараптауға және тиімді шешім қабылдауға тырысады.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыратын формалардың бірі - ата-аналар конференциясы. Бұл форманың бағалылығы, мұнда ата-аналармен бірге қоғамдастық та қатысады. Конференцияға педагогтар, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, медициналық қызмет өкілдері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-психолог және т.б. қатыса алады.
Ата-аналармен жұмыстың бір формасы - тренингтер. Тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беруге, жағымсыз формаларды конструкциялыққа ауыстыруға көмектеседі. Ойын тренингіне тартылған ата-ана баламен сөйлесуді бастайды, жаңа шындыққа жетеді.
Заманауи кезеңдегі тағы бір қызықты формалардың бірі - әртүрлі конкурстарды - сұрақтар мен жауаптар кештерін өткізу болып табылады. Бұл форма өзінің педагогикалық білімін нақтылауға, оларды практикада қолдануға, жаңалықты білуге, бір-бірімен білімін толықтыруға, бала дамуындағы кейбір мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
Ата-аналармен жұмыстың маңызды сәті - үй педкеңестері, лекциялар, ауызша журналдар, ашық есік күндері, әкелер, әжелер, аталар клубы, практикумдар және т.б. болуы қажет.
Отбасы мен балабақша өзара іс-әрекетінің басты формаларының бірі әрбір ата-анамен жеке жұмыс болып табылады. Бұл форманың артықшылығы, отбасын зерттеу, ата-аналармен сұхбат (әрқайсысымен жеке-жеке), ата-аналардың балалармен топта, үйдегі әңгімелесуін бақылау арқылы педагогтардың баламен біріккен іс-әрекеттің нақты жолдарын белгілеуінде.
Тәрбиешінің ата-аналармен сұхбаты - педагогтың отбасымен байланысының қолжетімді формасы. Сұхбат келесі талаптарды қамтуы қажет:
- нақты және мазмұнды болуы;
- баланы тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша ата-аналарға жаңа білім беру;
- педагогикалық мәселелерге қызығушылығын ояту;
- бала тәрбиесіне жауапкершілік сезімін арттыру.
Жеке жұмыста тоқтай кетер бөлімнің бірі - отбасына қатынау. Басты мақсат - баламен және оның жақындарымен өзі қалыптасқан ортада танысу. Баламен ойында, оның жақындарымен сұхбатта сәби туралы көптеген қажетті ақпарат алуға болады. Қатынау ата-анаға да көп пайда әкеледі: олар тәрбиешінің баламен қалай әңгімелесетінін біледі, педагогқа баламен үйде еркін сөйлесуіне мүмкіндік береді. Педагог үйге сапарды ұйымдастыра отырып, отбасына барғанда өзін сыпайы, әдепті ұстауы керек, отбасымен сұхбатты бала кемшілігінен бастамау және ата-аналарға бала тәрбиесі туралы көп сұрақтар қойылмау қажет. Өзіңізге отбасына сапарлар ұйымдастыру бойынша жаднама әзірлеңіз және оны орындауға тырысыңыз.
Ата-аналармен дифференциалдық жұмыстың бір формасы консультациялар болып табылады. Консультациялар сұхбатқа ұқсайды. Айырмашылығы, әңгімелесу - бұл тәрбиеші мен ата-ана диалогы, ал консультация жүргізе және ата-ана сұрағына жауап бере отырып, педагог кәсіптік көмек беруге тырысады.
Ата-анамен жұмыста жеке блокноттарды да қолдануға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада атқарылатын жұмыстармен танысу
Бөлім тәрбиешінің балалармен еңбек іс – әрекетінің ұйымдастыру және тәрбиешімен атқаратын жұмыстар жүргізу
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
Жас ерекшелік топтардағы тәрбиешінің дербес іс-әрекеті
Тіл дамыту
Мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат
Стандарт үлгі, білім мазмұнының негізі
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай балабақшадағы серуенді ұйымдастыру
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ, МШДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «алғашқы қадам» бағдарламасы
Пәндер