Балабақшада атқарылатын жұмыстармен танысу


2. 1 Ата-аналар жиналысын өткізу, баяндама, ұсыныстар жасау . . .
3. БӨЛІМ БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ДАЙЫНДАУ . . .
3. 1 Мектепке дейінгі балалар ұйымдарымен мектеп жұмыстарын сабақтастыру . . .
3. 2 Балаларды мектепке дайындау . . .
3. 3 Мектепке саяхат жасау. Сабақтарға қатысу, талдау . . .
3. 4 Мектепке дейінгі ұжымдардың бұрыштарын безендіру . . .
4 БӨЛІМ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
4. 1 Диагностика жүргізу . . .
5 БӨЛІМ ТӘРБИЕШІМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРАСТЫРУ . . .
5. 1 Балалардың шығармашылық жұмыстарынан көрмелер ұйымдастыру . . .
5. 2 Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру . . .
6 БӨЛІМ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН САБАҚТАР ЖӘНЕ ҚОРТЫНДЫ ЖАСАУ . . .
6. 1 Мектепке дейінгі мекемелерде өз бетерімен жұмыс жүргізуді дайындалу . . .
6. 2 Диплом қорғау үшін материалдар жинақтау . . .
15
18
18
18
20
23
25
25
26
26
27
28
28
29
КІРІСПЕ
Тәжірибе оқудың ең маңызды кезеңі болып табылады. Тәжірибе теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, білім беру және балаларды тәрбиелеу кәсібімен таныстырады.
Диплом алды тәжірибесі жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың ең маңызды бөлімі болып табылады және ол ұйымдарда, барлық жеке мекемелерде жүргізіледі.
Диплом алды тәжірибесі бекітілген оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес, оқу процесіндегі теориялық білімдерін кеңейту мен бекітуге бағытталған, кәсіби және ұйымдастыру қызметтік қалыптастыру үшін жүргізіледі. Диплом алды тәжірибесі қарастырылған профильдік пәндер циклын қаншадықты меңгергенін және оларды кәсіби тұрғыда қолдануды ұйымдастырады.
Тәжірибе мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындығын қалыптастыру үшін танымдылық процесстерін дамыту. Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Практиканың міндеттері
- оқу барысында алған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және бекіту;
- практикалық және басқару мәселелерін шешу дағдыларына үйрену;
- мамандық бойынша практикалық тәжірибе мен дағдыларын қалыптастыру;
- педагогикалық ұйымдастырушылық, коммуникативтік қабілетін қалыптастырып дамыту;
- жоспарлау, болждамдау, оқыту мен тәрбие процесінің негізгі компоненттерін талдау;
- оқу-тәрбие барысында балалардың жеке басының дамуын ескере отырып қалыптастыру;
- педагогикалық диагностиканы педагогикалық процесске қалыптастырып дамыту;
- оқушылардың, педагогтардың және өз жетістіктерін бағалау;
- өзіне мақсат қою, кәсіби іс-әрекетінің мәселеллерін анықтап оларды диплом алды жағдайда шешу іскерлігін қалыптастыру.
Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға, олардың отбасына көмек ретінде зерттеу жұмысын жазуды жөн көрдік. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын біз алдымызға мынадый болжам қойдық - балалардың танымдық процестерін дамытуда міндеті болып табылады.
1. БӨЛІМ БАЛАБАҚШАДА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСУ
1. 1 Практика базаларымен танысу
КМҚК №6 «Алданыш»
100018 Қарағанды қ., Октябь ауданы, 17 шиғынауданы 1 үй
Тел. /факс: (8-7212) 46-22-85; 78-06-60
Электрондық пошта: ds6@kargoo. kz
Балабақшаның тарихы
Балабақшаның құрылуы
1976 жылғы 10 желтоқсанындағы №23/5 Октябрь ауданының еңбекші депутаттардың аудандық атқару комитетінің шешімі негізінде №2 «Золотой петушок» және №7 «Орленок» атты екі балабақшаны біріктіру нәтижесінде, балабақшаның аты №6 «Алданыш» болып өзгертілген.
1999 жылғы 20 қаңтарындағы Қарағанды Облыстық білім басқармасының «Облыстық білім мекемелерін Мемлекеттік кәсіпорынға өзгерту туралы» №16 бұйрығының негізінде №6 «Алданыш» балабақшасы КМҚК-ға өзгертілген.
2006 жылдың 14 сәуірінен балабақша КМҚК №6 «Алданыш» балабақша болып аталады.
Мемлекеттік лицензия 2001 жылғы 24 желтоқсанындағы Серия АА № 0003083 мектепке дейінгі білім беру саласында білім қызметін жүргізуге құқылы.
Қарағанды Облыстық Білім беру департаментімен берілген.
Директор: Айнабекова Алтынай Женисовна
Методист: Хисамова Светлана Викторовна
Бухгалтер: Акимбаева Жанар Галымовна
Аға медбике: Харламова Светлана Владиславовна
Педагогикалық ұжым туралы ақпарат :
Барлық педагогтар саны: 36 адам
Оның ішінде жоғары санатты 3 адам - 8, 3%
1 - санатты - 15 адам - 41, 9%
2 - санатты- 13 адам - 36, 1%
категориясыз - 5 адам- 13, 8%
Тәрбиешілер - 20
Ән жетекшілері - 2
Логопед - 5
Тифлопедагог - 3
Психолог - 1
Дефектолог - 1
Дене тәрбие тәрбиешісі - 2
Қазақ тілі тәрбиеші - 1
Орыс тілі тәрбиеші - 1
Жалпы ақпарат
Жобалық қуаттылық - 220 бала.
Мектепке дейінгі мекемеде 10 топ бар.
Оның ішінде көру қабілеті нашар 3 топ, сөйлеу қабілеті нашар 6 топ және 1 жалпы топ.
Білім беру мен тәрбиелеудің мемлекеттік тілде 4 топ және орыс тілді 6 топ.
Жас ерекшелігіне қарай бөлінуі
Сәбилер жасындағылар - жоқ
2-3 жас - 2
Аралас топ (4-5 жастағылар) - 2
Ересек жасындағы топтар (5-6 жастағылар) - 6
Жұмыс істеу тәртібі: 7. 00 -19. 00 (12 сағат), бескүнлік
Медициналық қызмет:
Дәрігер-педиатр;
Дәрігер -офтальмолог;
Аға медбике;
Ортопед-медбике.
Үйірмелер
Балабақшада төмендегідей үйірме жұмыстары істейді:
«Тамышылар» - вокалдық үйірме
«Флоричка» - экологиялық үйірме
«Өзіміз құрастырамыз» - құрастыру үйірмесі
«Арлекино» - театрланған үйірме
«Балдырған» - мемелекеттік тілде жүргізілетін театрландырылған қызмет
«Топотушки» - сәбилер жасындағы балаларға арналған би үйірмесі
«Сиқырлы палитра» - бейнелеу өнер сабағы бойынша үйірме
«Жас акробат» - спорттық- акробатикалық үйірме
1. 2 Оқу-тәрбие, күнтізбектік-тақырыптық жұмыс жоспарлары негізінде дербес балабақша тәрбиешісінің функцияларын атқару
Тәрбиешілерге арналған лауазымдық нұсқаулық[1] .
1. Жалпы ережелер.
1. 1 Аға тәрбиеші балабақша директорының рұқсатымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
1. 2 Аға тәрбиешінің жоғары кәсіби немесе орта кәсіби білімі болуы қажет, еңбек өтіліне талап қойылмайды, немесе орта (толық) жалпы білім алғаны жөнінде құжаты болуы мүмкін және арнайы дайындықтан өтеді, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
1. 3 Аға тәрбиеші балабақшада директордың тәрбие жөніндегі орынбасарына бағынады.
1. 4 Өзінің қызметінде аға тәрбиеші ҚР Конституциясын, ҚР Президентінің жарлығын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, білім беру және тәрбие мәселелері жөніндегі барлық басқармалардың еңбекті қорғау және нормалары, өртке қарсы және техника қауіпсіздігі ережелері, сонымен қатар, балабақша Жарғысымен және құқықтық актілерді (сонымен қатар балабақша директорының осы нұсқаулыққа сай шешімдері), еңбек шартын басшылыққа алады.
2. Функциялары аға тәрбиеші қызметінің негізгі бағыттары:
2. 1 Балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері қызметі мен дамуына жәрдемдесу.
2. 2 Бос уақытты қызықты өткізу.
3. Лауазымдық міндеттері.
Аға тәрбиеші келесідей қызметтік міндеттемелерді атқарады:
3. 1 Балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері қызметі мен дамуына жәрдемдесу, олардың қызметінде еріктілік, өзіндік өзгешелік, адамгершілік, ізгілік принциптеріне бағдарламалар дайындауға көмектеседі.
3. 2 Балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері қызметі құрылымына жаңа өзгерістер енгізуге ат салысады, балалардың жас ерекшеліктеріне және өмір талаптарына сай ұжымдық шығармашылық қызметті ұйымдастырады.
3. 3 Жұмыс істейтін басқа да жастар және балалар ұйымдары жөнінде балаларға толық ақпарат береді.
3. 4 Балалар ұйымдарының алғашқы ұжымдық жетекшілерін, ұйымдастырушыларын дайындау, қабылдау бойынша жұмыс атқарады.
3. 5 Өз жұмысын жоспарлайды, құжаттарды белгілі тәртіп бойынша жүргізеді.
3. 6 Балабақшада, тұрмыста, қоғамдық орындарда этикалық нормаларды сақтайды.
4. Құқықтары:
Аға тәрбиешінің құқықтары:
4. 1 Өздігінен балалармен жұмыс әдісін және түрлерін таңдайды, оны балабақша жоспарына және педагогикалық мақсатқа сай жоспарлайды.
4. 2 Балабақша Жарғысында анықталғандай балабақшаны басқару ісіне, педагогикалық кеңес жұмысына қатысуға;
4. 3 Кәсіби абыройын, қасиетін қорғауға;
4. 4 Өз жұмысын бағалайтын шағымдармен және басқа да құжаттармен танысуға, оларға түсінік беруге;
4. 5 Би этиканың қалыптары бұзылған жағдайға байланысты құрылған қызметтік тексеріске немесе тәртіптік тексеріс кезінде өз мүддесін қорғаушы арқылы немесе өзі қорғануға;
4. 6 Заңмен қарастырылған оқиғалардан басқадай тәртіптік немесе қызметтік тексерістер нәтижесін құпияда сақтауға;
4. 7 Біліктілігін арттыруға;
4. 8 Сәйкестік біліктілік деңгейіне ерікті түрде аттестациядан өтуге, аттестациядан сәтті өткен жағдайда ол біліктілікті алуға;
4. 9 Балаларға сабақ немесе үзіліс кезінде тәртіпті сақтау жөнінде өкім беруге, тәртіп бұзған балаларға Ережеге сәйкес ескерту немесе керісінше ынталандыруға,
5. Жауапкершілік;
5. 1 Лауазымдық міндеттерін, балабақша Жарғысын немесе балабақша ішілік жұмыс кестесі Ережелерін орындамағаны үшін немесе тиісті түрде орындамағаны үшін, аға тәрбиеші осы Нұсқаулыққа сәйкес еңбек заңнамасында анықталғандай тәртіптік жауапкершілікке шақырылады;
5. 2 Балалар тәрбиелеуде бір рет болсын күш көрчсететін болса немесе жеке тұлғаға психикалық жәбірлеген жағдайда, моральға қайшы келетін қандай да бір болмасын теріс қылық көрсеткен жағдайда ҚР «Білім туралы» Заңына және еңбек заңнамаларына сәйкес қызметтен босатылады;
5. 3 Өзінің лауазымдақ міндеттерін орындау немесе орындамау барысында балабақшаға немесе оқу процесіне кесірі тиетін болса аға тәрбиеші еңбек және азаматтық заңнамаларға сәйкес материалдық шығынды өтейді,
6. Өзара қарым-қатынас. Қызметтік байланыстар.
6. 1 Аға тәрбиеші балабақша директоры бекіткен аптасына 36 сағаттық жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді,
6. 2 Өзін-өзі басқару органдарымен, балабақшаның педагогикалық ұжымдарымен, қосымша білім беретін мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста болады;
6. 3 Әр оқу жылына, әр тоқсанға өз жұмысы бойынша өзі жоспар құрады. Жұмыс жоспары балабақшаның тәрбие жұмысы бойынша орынбасарымен бекітіледі;
6. 4 Әр оқу тоқсаны аяқталған кезде балабақша директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына өз жұмысының көлемі жөнінде бес парақтан аспайтын жазбаша есеп береді;
6. 5 Балабақша әкімшілігінен құқықтық -нормативтік және ұйымдастыру-әдістемелік тақырыпта ақпарат алады, қажетті құжаттармен танысады;
6. 6 Өз құзырына кіретін мәселелер бойынша балабақшаның педагогикалық кеңесімен жүйелі түрде ақпараттамен алмасады;
Аға тәрбиешінің жұмысын жоспарлауы.
Жоспарлау - болашақ бейнесі жасалатын ақыл-ой қызметінің түрі.
Аға тәрбиешінің жұмыс жоспары - оқыту-тәрбиелеу жұмысын жоспарлаудың жалпы жүйесінің бір түрі.
Жоспарлар түрі:
- болашақ;
- күнтізбелік;
- күнделікті,
- нақты істің жоспарын дайындау;
Қызметтің болашақ жоспары.
1. Өткен оқу жылының жұмысына қорытынды жасау:
-балалар ұжымына сапалы мінездеме беру (сынып саны, ағымдағы оқу
жылындағы олардың жұмыс сапасы, балалар ұжымдарының даму деңгейі, көшбасшылар, балалар, сынып жетекшілері) ;
- идеялар тарату, мақсатқа жету, жұмыс жоспары;
-балалар ұйымдарының балабақша ішілік, аудандық, қалалық, облыстық шараларға қатысуы;
-аға тәрбиеші жұмысының жетістіктері мен кемшіліктері;
2. Келесі жаңа оқу жылына мақсаттар мен міндеттер. Аға тәрбиеші өз жұмысында қандай кемшіліктер болса соларды түзетуді мақсат қылып тәрбие жұмысын да сол арнаға бұрып жоспарлайды.
3. Жұмыстың мазмұны.
Мақсаттар мен міндеттерді анықтағаннан кейін қызметтің түрі мен нысанын таңдауға кірісу керек. Бірнеше міндетті кешенді түрде шешетін қызмет нысанын таңдау қажет.
3. 1 Ұйымдастыру - бұқаралық жұмыс (жас ерекшілігіне қарай) .
Жоспардың бұл бөліміне қызметтің әр түрі кіреді: танымдық, еңбек, ойын, спорттық, көркем-эстетика, патриоттық, балалардың жастарына қарай қолайлы. Жоспардың бұл бөлімін жоспарлауға балалар ұйымының барлық мүшелері кіреді, балалар және мұғалімдер. Барлық ұсыныстар қарастырылады.
3. 2. активпен және балалар ұйымымен жұмыс.
Аға тәрбиеші тәрбие жұмысына байланысты болашақ жоспарын жасар алдында келесідей талаптарды ескерген жөн.
Талаптар:
1. Мақсатты бағытта.
Тәрбие жұмысының әдісі мен қалыптарының мазмұнын, мақсатын, міндетін қамтамасыз ету;
2. Сабақтастық (жаңа оқу жылына жасалған жұмыс жоспары былтырғы жылдың жоспарына сәйкес болуы керек), шынайылық, жүйелілік және ізбасарлық (тәрбие жұмысының мұндай элементтері алдыңғы жұмысқа қарап даму сатысын анықтайды;
3. Балалардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс әдісін, мазмұнын, қалыптарын сәйкестендіреді;
4. Балалар ұжымымен жұмыс істеуде жұмыс әдісі мен қалыптарының жан-жақты болуын қадағалайды;
5. Аға тәрбиешінің жоспары балабақшаның жоспарына сәйкес болуы;
Аға тәрбиешінің жұмыс жоспарының тәртібін келесідей етіп жасауға болады:
1. Лауазымдық міндеттермен танысу;
2. Балабақша дәстүрін, балабақша қызметінің бағытын есепке алу;
3. Облыстық, аудандық, қалалық шаралардың жоспарымен, айтулы даталар күнтізбесімен танысу,
4. Диагностика (сұрақ, жеке әңгімелесулер, жиналыстар т. б. )
5. Сынып, секция, клуб жетекшілерінің жоспарларымен таныс болуға,
6. «Ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс» бөлімін активпен, балабақша ұжымымен талқылау;
Жоспардың негізгі бөлігі әр нұсқада болуы мүмкін.
Жоспар негізінде күнтізбелік жоспар дайындалады. Онда әр күнгі (негізгі)
Жұмыс кіреді. Ол жоспарды директордың тәрбие жөніндегі орынбасары жоспар қызметінің басталуына 5 күн қалғанда бекітеді. Күнделікті жоспар -бұл аға тәрбиешінің жұмыс күнделігі болып табылады, онда сол күні немесе келесі күні атқарылатын жұмыс түрлері жазылады, мыс. телефон соғу, ескерту, жариялау, келісу т. б. Бұл тәрбиешінің жеке жоспары болғандықтан балабақша әкімшілігімен бекітілмейді.
Тәрбиеші қызметінің талдануы.
Жұмыс барысын қадағалау, оның орындалуын есепке алу, атқарылған жұмыс әсерлілігін қорытындылау бағасы - бұл тәрбиеші жұмысының негізгі бөлімдері.
Тәрбие теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық талдау мәселесінен басқа өзекті мәселе болмас. Талдау - бұл затты ойша бірнеше бөліктерге бөлу, оны элементтерге бөлшектеу, оның ішінде, әр элементтерге бағалау мінездемесі беріледі, ал біртұтас алғанда мұның бәрі затқа мінездеме береді.
Күнделікті өмірде біз талдауға жиі ұшырасамыз. Мысалы, айнаға қарап өз бейнемізді көреміз, тағамның дәмін татамыз. Педагогикалық талдау дегеніміз - тәрбие жұмысының анықталған мерзім ішінде нәтижесін оқып-білу. Бірақ, бұл жыл ішінде атқарылған тізім емес, жұмыс әсерлілігін дамытуға немесе кедергісін анықтау.
Педагогикалық талдау жасауға әкімшілік тарапынан басқа да қандай себеп бар? кәсіби қызметтің жемістілігіне көз жеткізу. Себебі, қандай да талдаудың бір анықтамасы болады:
- өз қызметіңнің және балалар ұжымы қызметінің нәтижелілігі;
- өткізілетін педагогикалық жұмыстың мақсаттылығы;
- қолданылатын педагогикалық құралдардың әсерлілігі, қызмет нәтижесіне олардың ықпал ету деңгейі;
- педагогикалық қызмет ұйымдастырудағы жетістіктер мен кемшіліктер, олардың себебі;
- педагогикалық үдерісті дамыту жолдары, анықталған кемшіліктерді болдырмау;
педагогикалық қызметке талдау жасау - ең бір күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Әрбір әдістемелік үдеріс сияқты, талдауда келесідей кезеңдердің сақталуын талап етеді:
1. мақсат қоя білу;
2. талдау нысанын, бағытын, тақырыбын таңдау;
3. әрекет бағдарламасын жасау, әдісін таңдау;
4. өз қызметін талдау;
5. қорытынды шығару, қарым-қатынас жасау,
6. нәтижелері;
7. талдау нәтижелері бойынша әдістемелік материалдар құрастыру, талдаудың мақсаты мен затын анықтағаннан кейін, оны толығымен жүзеге асыратын әдіс таңдап алу қажет, сондай әдістердің бірнеше түрі бар:
1. сауалнама өткізу ( ашық - жауап нұсқалары шектелмеген, жабық - жауап нұсқалары алдын ала дайындалған)
2. сұхбат, әңгімелесу, сұрақ;
3. суреттеу;
4. бақылау
5. құжаттармен танысу;
6. картотека құрастыру;
7. жеке тестілеу,
8. ұжымдық әңгімелесу;
9. балалар ұйымының, ұжымының портретімен танысу,
10. түрлі жағдайлар туғызу, талдау алдында талдау қызметіне қатысты маңызды ой операцияларын білу қажет:
- ойыңды толығымен суреттеу,
- бірнеше бөліктерге бөлу, әр бөліктің негізгімінездемелерін анықтау,
- талдау нәтижелері бойынша тұжырым шығару;
- берілген затты талдау жолдарының дамуы;
Талдау негізіне көбінесе мәселелер және оларды тарату болғандықтан, мынадай алгоритм ұсынылады:
1. қойылған мәселенің толығымен қалай шешілгені жөнінде қорытынды шығару;
2. қойылған мәселені шешу үшін не істелінді, қандай жұмыс атқарылды және оның шешілуіне не себеп болды
3. әсерлі педагогикалық құрал жөнінде ұйғарымдар, қолданылмаған мүмкіндіктер мен резервтер, педагогикалық қызмет нәтижесінің төмендеу себептері,
Талдаудың бірнеше түрі бар:
1. шұғыл (шара аяқталысымен өткізіледі )
2. тематикалық
3. кезең бойынша
4. жалпы
5. қалып бойынша талдау (этикалық әңгімелесу, тәрбие шаралары, активпен жұмыс )
6. қорытынды.
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы талдаудың қай түріне болса да қатысы бар. Сонымен қатар, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Аға тәрбиешілер негізінен талдаудың нақты түріне жүгінеді.
Тәрбие жұмыстарының жалпы талдауы:
1. Тақырып пен мақсаттың өзектілігі
2. Шараның мазмұны және оның құрылымы
Басы - баланың онда қатысуға психиологиялық дайындығы, қызметтің жағымды себептері;
Негізгі бөлімі - мазмұнның мақсаттылығы, оның бала тәрбиесінің деңгейіне және жасына сай келуі, негізгі элементтердің логикалық сәйкестігі.
Қорытынды - шараның негізгі мақсатқа сай келуі, сынып сағатынының бағдарламасына сәйкес (кез-келген басқа да шаралар) балалар алдына нақты іс - әрекет қоя білу.
3. Қалыптары.
Шара мазмұнына қалыптың сәйкестігі, балалардың жасы, бұл қалыпқа қойылатын негізгі талаптар.
4. Балалардың тәртібі.
Белсенділік, мұқияттылық, қызығушылық, тәртіптілік, шараға дайындалудың жоғары деңгейі.
5. Тәрбиешінің тәртібі.
Тәрбиешінің эмоциональды жағдайы, мазмұнды тілі, ұйымдастырушылық шеберлігі, педагогикалық такт, аудиториямен жұмыс істей білуі, ережені сақтау, қызығушылық туғызу, қажетті психологиялық әрекет туғызу, импровизацияға дайындық, тәрбиешінің шараға дайындылығының жоғары дәрежесі, проблеманы тереңірек білуі және түсінуі, оны шешудің тиімді жолдарын табуы.
6. Әдістердің, техникалық құралдардың көрнекіліктердің мінездемесі.
Шаралардың мазмұны мен мақсатына, балалардың жасына және тәрбиелік деңгейіне сәйкес болуы.
7. қызметтің ұйымдастырушылық аспектілері.
Шара құрылымының негізгі элементтерінің нақтылығы: басы, негізгі бөлімі, қорытындысы; шара жалғасының сенімділігі, жарқын эстетикалық безендіру, алдын-ала дайындалған бағдарламаға шараның сәйкестігі, қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөлу;
8. нәтиженің жалпы мінездемесі:
-құрамдылығы;
-ұйымдастырушылық қасиеті;
-педагогикалық такт;
-аудиториямен жұмыс;
-жағымды психологиялық климат құра білу;
9. белгіленген жоспарды тарату.
Талдау ішіндегі ең күрделісі - қорытынды талдау (оқу жылын қорытындылау) . Оқу жылының қорытындысы бойынша талдау жұмысының мақсаты - ағымдағы мерзім ішіндегі педагогикалық қызмет нәтижесіне баға беру, оның одан әрі дамуына ең үздік нұсқалар жинақтау, келесі оқу жылына мақсаттар мен міндеттер жоспарлау;
Толық педагогикалық үдерістің, оның нәтижелері мен ұйымдастырушылығын талдау өте қиын. Негізгі бірлестіктерді мүшелеу, қызмет бағытының басымдылығын анықтау қажет.
Оқу жылы ішіндегі жұмысты талдау кестесі:
1. балалар ұжымының сапалы мінездемесі.
Сынып саны, жыл ішіндегі оның жұмысының сапасы, балалар ұжымдарының даму деңгейі, өздеріне айрықша көңіл бөлуді қажет ететін көшбасшылар, балалар, жұмыс барысында арқа сүйер балалар, сыныптар және сынып жетекшілері .
2. оқу мерзімінің бағыттары және өзіндік ерекшіліктері.
Былтырғы оқу жылында қандай мақсаттар мен міндеттер болды, қызметтің қандай бағыттары пайдаланылды, қандай зерттеулер өткізілді, олардың мақсаттары және нәтижелері.
3. жұмыс нәтижесі, мақсаттарға жету, идеялар тарату.
Көздеген мақсатқа жетті ме, жетпесе қандай себептер болды, балабақшаның қалалық шараларға қатысуы, аға тәрбиешінің жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктер, тәрбиенің қандай түрлері қолданылды.
Балалар ұжымы - аға тәрбиешінің ұйымдастырушылық қызметінің негізі.
1 бөлім.
Ұжым - бұл ортақ әлеуметтік маңызы бар, қызметтес, осы қызметті ұйымдастырушылар, бірлік, ынтымақ арқылы ерекшеленетін, жалпы жауапкершілік атқаратын, барлық мүшесіне міндеттер бірдей бөлінетін тәрбиеленушілер тобы.
Ұжым теориясын құрастырған көрнекті отандық педагог өкілі Антон Семенович Макаренко (1888 - 1939) .
Ол ұжым өмірінің заңын қалыптастырды: қозғалыс - ұжым өмірінің қалпы, тоқтау - оның ажалы, ұжымның даму принциптерін анықтады (жариялылық, жауапты тәуелділік, болашақ бағыты) ұжымның даму кезеңдерін мүшеледі.
Ұжымның даму сатылары.
1. ұжымның қалыптасуы (алғашқы бірігу сатысы) . Ұжымның ұйымдастырушысы - педагог, одан барлық талаптар шығады.
Ұжымда белсенділер анықталып, тәрбиеленушілер бір мақсат негізінде бірігіп, ортақ ұйым, ортақ қызмет жасай бастағагда даму сатысының бірінші кезеңі аяқталды деп саналады.
2. ұжымның құрылымын тұрақтандыру.
Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе сияқты қалыптасады, мұнда өздігінен ұйымдасу және реттелу механизмі істей бастайды.
Педагогтың бұл сатыдағы негізгі мақсаты - ұжымның бар жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыру, яғни ұжым не мақсат үшін құрылса, соны шешу болып табылады.
Ұжым дамуының бұл сатысында жарыстар да, ұжым және кей балалар арасындағы келіспеушілікті жеңу, жалпы және жеке болашақ жоспарлар, балалардың жеке топтары арасында.
3. ұжымның гүлденуі.
Бұл кезеңде ұжым әр мүшесінің жеке дамуының құралына айналады.
Жалпы тәжірибе, құбылыстың біркелкі бағасы - ұжым дамуының үшінші сатысының өзіндік ерекшеліктерінің негізгі белгісі болып табылады.
4. ұжымның дамуы.
Бұл сатыда әр бала өзінің нақты қалыптасқан ұжымдық тәжірибесіне айқындалған талаптар қоя біледі, сонымен, тәрбие үдерісі өзін-өзі тәрбиелеу үдерісіне ауысады.
Даму сатыларының арасында айқындалған шектеулер жоқ - келесі сатыға көшу мүмкіндіктері өтілген сатылар негізінде құралады.
Егер тәрбиешіге балалармен жұмыс істеу үрдісінде өзінің мақсатына қол жеткізу үшін жаңа ұжым құру қажет болса, онда ұжым қалыптастырудың келесідей жаңа алгоритмі (жүйесі) ұсынылады:
Мен ұжым қалыптастырамын.
1. мен балаларға ұнауым керек.
2. мен оларды танып -білуім керек.
3. мен біз бірігетін қызмет түрін анықтауым керек.
4. мен балаларды осы қызметімізбен айналыстыруым керек.
5. мен бұл қызмет айналасына ұрықты біріктіруім керек - менің жақын көмекшілерімді (белсенділер)
6. мен балалар алдына болашақтағы жарқын және айқындалған жақын мақсатымызды қоя білуім керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz