Қаржы мамандығы бойынша диплом алдындағы өндірістік практика


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ҚАРЖЫ» ФАКУЛЬТЕТІ
“ҚАРЖЫ” КАФЕДРАСЫ
Диплом алдындағы өндірістік практика бағдрламасының орындалуы туралы ЕСЕП
Практиканы өту орны:
Кәсіпорынның мекен-жайы:
Студент:
Курс, топ
ҚазЭУ бойынша практика жетекшісі:
Шаруашылық субъектісінің практика жетекшісі:
Алматы, 2011ж
Мазмұны
Кіріспе
І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы
1. 1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы
1. 2. Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы
1. 3. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниялары
1. 4. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының көрсететін қызмет түрлері
ІІ. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының қаржылық көрсеткiштерiне
жалпы талдау
2. 1. Негiзгi қаржылық көрсеткiштерi
2. 2. Кредиттік саясат. Тұтынушылық кредит беру
2. 3. Шағын және орта бизнес. Заңды тұлғалар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Мен, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, мамндығы «қаржы», курс студенті . 11. 2010ж -. 2011ж. Алматы қ. АҚ «АТФБанктен» өндірістік практиканы өттім:
11. 11. 2010ж - 08. 01. 2011ж. - Алматы қ. АҚ«АТФБанк», 1 бөлімі, , адрес: Алматы қ., Фурманов көшесі №100
Диплом алдындағы практиканың негізгі объектісі «АТФБанк»АҚ - өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету және пайда табу мақсатында банктік шаруашылықты жүзеге асыру. Практиканы өту барысында маған тапсырма берілді- банк шаруашылығымен танысу және жүйені түсіну, сонымен қатар банк өнімдерін терең зерттеу.
Практиканың мақсаты- дипломдық жұмысты жазуға материалдар жинау және өндірістік кәсіпорын шаруашылығымен танысу болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсатын зерттеу мыналардан тұрады:
1) берілген банктік кәсіпорынның даму тарихын;
2) банк көрсете алатын қызмет, соның ішінде дәстүрлік және жаңа перспективалық;
3) ең жаңа технологиялар және олардың негізгі шаруашылықта қолданылуы.
Бұл жұмысты жазу барысында «АТФБанк» АҚ-ның негізгі информациялық көлемі банк клиенттеріне ұсынылатын өнімдер және қызметтерге негізделеді.
І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы
1. 1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы
«АТФБанк» Акционерлік Қоғамы, 1995 жылы құрылған, Қазақстандағы банк жүйесінің лидерлерінің бірі табылады болып. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамы өз клиенттеріне кең ауқымды өнімдер, сонымен қоса «Отан» ЖЗҚ бойынша берілетін зейнетақымен қамтамасыз ету қызметтерін ұсынатын универсалды қаржы институты болып табылады. АТФБанк жеке және заңды тұлғаларға депозиттер, несиелеу, төлем карточкалары, чектер, аударым операциялары, операциялық қызметтер, костадиандық шаруашылық бойынша қызметтер ұсынады. Сонымен қатар, заңды тұлғаларға құжаттық операциялар ұсынылады. Банктің Қазақстан территориясында және одан тыс жерде кең ауқымды филиалдық торы бар. Банктің 2008 жылғы негізгі тапсырмаларының бірі - қосымша кеңселер санын арттыру болды.
2007 жылдың маусым айында UniCredit Group тобының мүшесі болып табылатын, Creditanstalt AG- Австрия банкінің Қазақстан Республикасындағы АТФБанктің мажоритарлық акция пакетін сатып алу жөнінде қол қою келісімі өтті. Келісім қорытындысы бойынша АТФБанк клиенттік базасы 40 мың адамнан асатын, 22 елде 9 мың филиалы бар ең ірі халықаралық қаржы тобына кірді .
АТФБанк 16 жылдық жұмысы барысында банктік шруашылықтың барлық бағытында белглі бір нәтижелерге жетіп, универсалды қаржы институтына айналды. АТФБанктің табысты жұмыс істеуіне, оның ең ірі европалық банктік топтардың бірі- UniCredit Group тобының құрамына кіруі дәлел бола алады.
АТФБанк бүгінгі күні қандай болды?
АТФБанк өз беделі мен имиджін 16 жыл бойы құруда. Құрылған уақыттан бері банк ірі корпоративтік клиенттерге арналған «жабық» қаржылық мекемеден отандық қаржылық нарықтың лидерлер қатарынан тұрақты орын алған универсалды коммерциялық мекемеге айналды (АТФБанк активтердің ауқымы жағынан Қазақстан бойынша қаржылық институттардың бестігіне, ал ТМД бойынша- отыздыққа енеді) .
АТФБанк шағын және орта бизнес субъектілерімен тығыз қарым қатынас жүргізуін жалғастыруды, Қазақстан және көршілес елдер нарығында филиалдық торлар мен қызмет көрсету орындарын кеңейтуді жоспарлауда. Сапалы банкттік қызметтерге клиентердің тұтынуын максималды қанағаттандыру, олардың өндірістік-қаржылық шаруашылығының дамуына және оптимизациялануына көмектесу, екі жаққа да пайдалы және ұзақ мерзімді келісімді нығайту АТФБанктің негізгі мақсаттарының бірі болған, бар және болады.
«АТФБанк »АҚ банктік шаруашылықтың барлық түрлерін дамыта отырып, экспорттық-импорттық операцияларды қаржыландыруға ерекше көңіл бөлетін универсалды банк болып табылады. Сонымен қатар, АТФБанк өзінің партнер - кәсіпорындары негізінде сақтандыру, лизинг және зейнетақы қоры қызметтерін ұсынады.
АТФБанктің Қазақстан мен көршілес елдерде кең ауқымды филиалдық торы бар.
Стратегиясы және позициясы
«Органикалық өсу» арқылы 2010 жылдың аяғында өзінің позициясын Қазақстандағы ірі банктер төрттігінде нығайту және алдағы нарықтық бөлігін банк секторында 10-15% -ке арттыру, сонымен қатар басқа банкттерді сатып алу/жұту .
Банкті 3 негізгі клиенттік сегментке шоғырландыру:
- Жылдық айналымы 15 млн доллардан асатын корпорациялар;
- Жылдық айналымы 15 млн доллар орта және шағын кәсіпорындар;
- Банктің жекелеген клиенттерінің жоғарғы және орта сегменттері (менеджмент және заңды тұлғалар клиенттері, жоғры табыс табатын жеке тұлғалар, «миддл-класстағы» жоғары сегменттің өкілдері және кәсіпкерлер) ;
Клиенттерге ұсынылатын банктік сақтандыру және басқада қаржылық өнімдер мен қызметтерді ары қарай дамыту және кеңейту, сонымен қатар олардың қолдауымен соңғы технологиялық шешімдерді енгізу. Банк өз операциясын Қазақстанның барлық экономикасы дамыған аймақтарында және көршілес ТМД (Ресей, Қырғыстан және т. б. ) елдерінде жүзеге асырылады.
UniCredit Group тобының артықшылығы
UniCredit Group жаһандық мүмкіндіктерді ашу, жаңа үрдістер енгізу және өзінің көпжылдық еуропалық тәжірибесімен бөлісу арқылы, АТФБанкке үлкен қолдау көрсететін болады. UniCredit Group әлемнің 50 астам еліне танылған, 40 млн. астам клиенттері және 9000 жуық филиалдары бар. Бұл көрсеткіштер UniCredit Group тобының халықаралық аренадағы нық позициясын және АТФБанктің сенімділік пен тұрақтылық кепілдігін айқындайды.
UniCredit - Европодағы екінші ірі қаржы институты (HSBS-дан кейінгі) . 2006 жылыдың соңында активтері 823 млрд. €. Ресей елінде топ Халықаралық мәскеулік банк және кәсіпорын «Атон брокер» капиталының 100%-ін иеленеді.
UniCredit Group көрсеткіштері:
- Әлемнің 23-тен аса елінде банктік операциялар көрсетеді;
- Әлемнің 50-ден аса елінде халықаралық желісі бар;
- Клиенттер саны - 40 млн. -нан аса адам;
- Қызметкерлер саны - 170 000 -нан аса адам.
UniCredit Group тобының құндылығы
- шындық;
- ашықтық
- құрмет;
- қызметтестік;
- еркіндік;
- сенімділік.
UniCredit Group тобына кіре отырып, клиент мынандай артықшылықтарға ие бола алады:
- UniCredit Group тобындағы барлық банктерге тән жоғарғы дәрежелі қызмет көрсету;
- Барлық топтарда әрекет ететін банктік өнімдер және қызмет спектірі;
- Бір банк керегесінен бірнеше қызмет түрлерін алу мүмкіндігі;
- Халықаралық шаруашылықты тиімді басқару арқасында шығындарды үнемдеу;
- Топтың барлық аймақтарында жоғары квалифицирленген менеджерлер командасы клиенттермен жұмыс жасайды.
- АТФБанктің ресми сенімділігі оның ұзақ мерзімді несиелік рейтингтің көтерілуінен көрінеді.
- Халықаралық рейтингтік агенттік Standart & Poor’s «В+» - «ВВ+»;
- Халықаралық рейтингтік агенттік Fitch Ratings «ВВ-» - «ВВВ+».
АТФБанк үшін UniCredit Group тобы келісімінен кейін Қазақстан экономикасы үшін де, банк клиенттер үшін де жағымды өзгерістерге толы болды және бірқатар артықшылықтарға ие.
АТФБанктің ( Қазақстандағы жақсы коммерциялық позиция, серпінді және басқарушы команда) қосылуы банк үшін артықшылықты база болып табылады және UniCredit мүмкіндігі банкке қуатты серпін береді, клиенттер үшін өте маңыздысы - тұрақтылық рейтингін жоғарылатады. Standart & Poor’s Халықаралық рейтингтік агенсттіктің мәліметтері бойынша UniCredit көмегімен АТФБанктің ұзақ мерзімді рейтингі бұрынғы рейтингімен салыстырғанда 3-тен 1- ші сатыға көтерілген.
UniCredit - тің қуатты ресурстары, жоғары стандартты менеджменті АТФБанктің Қазақстандағы және шет елде позициясын кеңейтуге және күшейтуге мүмкіндік береді.
Еуропалық банктік системаның тәжірибелі лидері - UniCredit АТФБанктің сандық жағынан ғана емес, сапалы дамуына маңызды ықпалын тигізеді: шаруашылықты ұйымдастырудың европалық жүйесі клиенттермен қарым - қатынаста және жұмыстың басқа да ішкі аспектілерінде жағымды көрінеді.
UniCredit - біз үшін ұзақ жылдарға мықты ойшыл.
Топтың саясаты - иемденген қаржылық институттарды сатпай, оларды дамыту және нығайту. Сондықтан АТФБанктің жағдайы мен перспективалық дамуына анализ жасау арқылы иемдену шешімі қабылданып, қуатты ресурстар көмегімен оны дамыту және жаңа дәрежеге шығуына септігін тигізуі. Қазіргі кезде АТФБанктің клиенті болу мәртебе және сенімді.
2007 жылғы басты оқиғалар
2007 ақпан Жалпы сомасы 450 млн. АҚШ
орналастырылды. Купон - 9, 25%. Аталған шығарылым ATF Capital B. V. еншілес құрылымы арқылы жүзеге асырылды. Шығарылымның жетекші менеджерлері Citigroup и ING Wholesale Banking болды.
2007 жылғы 21 маусымда Bank Austria (Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық және банктік операцияларға арналған UniCredit Group-тың бөлімшесі) мен «АТФБанк» АҚ-тың жеке акционерлері АТФБанк акцияларының мажоритарлық пакетін сатып алу туралы
келісімге қол қойды.
Үш халықаралық рейтинг агенттігі АТФБанктің 2-3-деңгейден Қазақстан Республикасы еліндегі жоғары деңгейге дейін көтерді:
• Moody’s АТФБанктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін
«Тұрақты» деген болжаммен «Вa1»-ден «Вaa2»-ге дейін көтерді;
• Standard & Poor’s - рейтингінің өзгеру болжамы -«Тұрақты»,
«В+»-тен «ВВ+»-ке дейін, 3 деңгейге көтерілді;
• Fitch Ratings - «BB-»-тен «BBB+»-ке дейін, ҚазақстаРеспубликасы
еліндегі жоғары деңгейге дейін көтерілді.
2007 тамыз Голландия мен Германияның (FMO) Nederlandse Financierings
- Maatschappij voor Ontwikkelingslanden N. V. және (DEG) Deutsche Investitions - und mbH даму институттарымен жалпы сомасы 207 млн. АҚШ долларына Орта мерзімді келісімдері бекітілді.
2007 қазан Deutsche Bank AG және Raifeisen Zentralbank Osterreich AG
ұйымдастырған, 2006 жылғы қазан айында 370 күнге, 550 миллион АҚШ доллары мөлшерінде тартылған синдицирленген қарызды Банк ойдағыдай өтеді. 550 миллион АҚШ доллары мөлшерінде 6 ай мерзімге заем тартылған. Бұл мәміленің ұйымдастырушысы мен кредит берушісі - Raiffeisen Zentralbank Osterreich AG және Bank Austria болды.
2007 желтоқсан UniCredit Group бөлімшесі Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық банктік операциялар үшін, Кредитанштальт (ВА-СА) Австрия Банкі «АТФБанк» АҚ-тың барлық орналастырылған (жай + артықшылықты) акцияларынан 94, 65%-ын сатып алу процесін аяқтады. Мәміленің бағасы шамамен 2, 117 млн. АҚШ долларын құрады (ағымдағы
бағам бойынша, шамамен 1, 452 млн. еуро) .
1. 2. Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы
Бақарма
Директорлар кеңесі АТФБанктің қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және 6 адамнан тұрады.
Директорлар кеңесінің Төрағасы: Эрик Хэмпел
Директорлар кеңесінің мүшелері: Томас Гросс
Марко Ианнакконе
Қуанышев Талғат Жұманұлы
Хуберт А. Пандза
Роберто Тимо
«АТФБанк»АҚ басқармасы оперативтік басқару және АТФБанктің стратегиялық жоспарын жүзеге асырады, оларды 5 адам құрайды:
- Пикер Александр Алозиович - 27 қазан 2007 жылдан «АТФБанк»АҚ -ның басқарма төрағасы;
- Фон Гляйх Кристоф Александер Ханс-Юрген - Басқарушы директор, 2008 жылдың тамызынан Басқарманың мүшесі;
- Сеитова Мухаббат Болатовна - басқарушы директор, 2007 жылдың 12 наурызынан басқарма мүшесі. 1997 жылы қаржы және несие мамандығы бойынша Евразиялық Нарық Институтын бітірген;
- Армин Хубер- Басқарушы директор, 2008 жылдан басқарма мүшесі;
- Якубаев Рустам Куатович- Басқарушы директор, 2008 жылдың қараша айынан Басқарма мүшесі.
1. 3. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниялары
АТФБанк акционерлік қоғамының бес елде еншілес ұйымдары бар - Нидерланды Корольдігінде, Тәжікстан Республикасында, Қырғыз Республикасында, Ресей Федерациясы мен Қазақстанда. АТФБанктің еншілес ұйымдары рынокта көптеген жылдар бойы жемісті еңбек ете отырып, клиенттерге мына қызмет түрлерін көрсетеді: банктік операциялар, делдалдық қызметтер, капиталды сенімгерлікпен басқару, қаржылық/
қаржылық емес активтерді инвестициялау, облигациялар шығару арқылы қарызға алу және қаржыландыру, банкноттардың, монеталардың, құндылықтардың инкассациясы және жауапкершілікті сақтау. 2007 жылдың қорытындысы бойынша АТФБанктің еншілес ұйымдары табысты арттырып қана қоймай, бәсекелестік жағдайында өз позицияларын сақтап қалды, ал кейбіреулері рейтинг бойынша жоғары көтерілді. Банк Қазақстан мен шетелдерде өз беделін нығайта отырып және клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсете отырып, мақсат-мүддесі бір команда болып жұмыс атқаруда.
АТФБанктің Қазақстан мен көршілес елдерде кең ауқымды филиалдық торы бар.
Қазақстан бойынша банктік филиалдар:
Алматы, Астана, Ақсай, Актау, Ақтөбе, Атырау, Жетіқара, Қаскелен, Қарағанды, Қапшағай, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Тараз, Теміртау, Талдықорған, Өскемен, Орал, Шымкент, Щучинск қ.
Шет елдердегі еншілес ұйымдары:
1. «АТФ Финанс» АҚ
2. АТФИнкассация» ЖШС
3. «Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
4. «Сохибкорбанк» ААҚ ( Худжанд қаласы, Тәжікстан Республикасы)
5. ATF Capital B. V. (Нидерланд Корольдігі)
6. «Банк Сибирь» ЖАҚ (Омск қ., Ресей Федерациясы)
7. «АТФБанк-Қырғызстан» ААҚ
1. «АТФ Финанс» АҚ
Қазақстандағы қор рыногының дамуы мемлекет назарында болуына байланысты, және клиенттердің қаражатты альтернативті әдіспен салуға
қызығушылығына байланысты, Банк 2007 жылы «АТФ Финанс» АҚ еншілес ұйымын құрды. «АТФ Финанс» АҚ Жарғылық капиталы 1 млрд. теңгені құрайды. «АТФ Финанс» АҚ құру мақсаты VIP-клиенттерге көрсетілетін қаржы қызметтері бойынша қатаң құпиялылық пен арнайы шарттарға кепілдік бере отырып, клиентке жеке қызмет көрсетіп, қаржылық сервистің ең жоғары деңгейінде делдалдық және капиталды сенімгерлікпен басқару қызметтері болып табылады. «АТФ Финанс» АҚ өз клиенттеріне келесі
қызмет түрлерін ұсынады:
• Клиенттің бұйрығы бойынша бағалы қағаздарды және басқа да активтерді сатып алу және сату, РЕПО операциялары;
• Сенімгерлік басқару - уақытша бос қаражатты табысты қаржылық
құралдарға орналастыру;
• Жеке инвестициялық қоржынды қалыптастыру;
• Жеке капиталды басқару бойынша қаржылық кеңес беру, аналитикалық қызмет көрсету және салықтық кеңес беру;
• Ақпараттық-кеңес қызметтері;
• Бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру бойынша қызметтер;
• Қосылулар мен ендірулерді дайындау және өткізу;
• «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда жүйесіндегі бағалы қағаздардың екі жақты котировкасын қолдау бойынша маркет-мейкер қызметі;
• Басқа қаржылық активтерді инвестициялаулар, мысалы тікелей және стратегиялық салымдар, бірлескен кәсіпорындар мен қорлар;
• Қаржылық емес активтерді инвестициялаулар: жылжымайтын мүлік, өнер, құнды металдар, коллекция құрастыру.
2. «АТФИнкассация» ЖШС
Өздерінің тәуекелдерін төмендету үшін банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банк пен ұйымдардың қызметтерін өркениетті түрде пайдалануды қалайтын, әлеуетті клиенттер санының артуына байланысты, Банк 2007 жылы екінші деңгейдегі банктерге, әртүрлі формадағы меншік ұйымдарына, сонымен қатар жеке тұлғаларға монеталар мен құндылықтарды, банкноттарды инкассолау бойынша қызмет көрсететін
«АТФИнкассация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды.
«АТФИнкассация» ЖШС өз клиенттеріне келесі қызмет түрлерін ұсынады:
• ақшалай түсімі бар сөмкені инкассолау және кейін қайта есептеу үшін банкке жеткізу;
• материалды-жауапты тұлғаға ілесіп жүру;
• екінші деңгейлі банктердің операциялық кассаларына күшейтулер жеткізу;
• екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдарына күшейтулер жеткізу;
• Қазақстан бойынша заңды тұлғалардың филиалдарына қолма-қол
ақшаны жеткізу;
• Клиенттің «Шаруашылық органдарының» ақшалай түсімдері бар
сөмкелерді инкассолау және оларды клиенттің орталық кассасына өткізу;
• қолма-қол ақша салынған сөмкені арнайы жабдықталған сақтау орындарында жауаптылық негізінде сақтау және оны клиентке жеткізу.
3. «Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
«Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының зейнетақы қызметі нарығында 2001 жылы 1 қарашада пайда болды, осы нарықта табан тіреп үлгеріп, салымшылардың сый-құрметіне ие болып отыр. 2004 жылы сәуірде «Отан» АЗЖҚ» АҚ акционерлерінің құрамына «АТФБанк» АҚ кірді. 2008 жылғы 01 қаңтардағы мәлімет бойынша «АТФБанк» АҚ үлесі 83, 08% құрап отыр. Зейнетақы жарналарын тарту және
зейнетақы төлеу қызметіне арналған 1. 11. 2001 жылғы №20 мемлекеттік бас лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген.
2006 жылғы 6 желтоқсанда «Отан» зейнетақы жинақтау қоры Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі берген № 0412200263 зейнетақы активтерін дербес басқару лицензиясын алды. Зейнетақы қаржысын тарту мен инвестициялауға бірыңғай басшылық жасау Қор қызметінің тиімділігін арттыруға, инвестициялардың барынша ақпараттық айқындығы мен сапалы болуына мүмкіндік береді. Инвестициялық саясаттың басты қағидасы - аз тәуекелмен тұрақты табысты қамтамасыз ету.
«Отан» АЗЖҚ» акционерлік қоғамының 2008 жылғы 1 қаңтардағы қаржылық көрсеткіштері:
• жарғылық капиталы - 1 625 млн. теңге;
• активтері - 2 023 млн. теңге;
• бөлінбеген табысы - 382 млн. теңге.
«Отан» АЗЖҚ» акционерлік қоғамының зейнетақы активтерінің сомасы тек зейнетақы жарналарының түсуі есебінен емес, салымшылардың басқа қорлардан зейнетақы қаражатын аударулары есебінен де көбейіп отырады. 2007 жылы өздерінің зейнетақы қаражатын «Отан» АЗЖҚ» акционерлік қоғамына 3 052 121 теңге мөлшерінде 25 мыңнан астам салымшы аударды. Қордың беделі мен оған деген сенімнің арта түсуін салымшылар санының өсуінен көруге болады. 2007 жылы салымшылардың жалпы саны 56 625 адамға немесе 33, 5% өсті. Қордың тәуекел және табысты теңгерімдеу қағидасына негізделген сарабдал инвестициялық саясатының арқасында салымшылардың зейнетақы қаражаты сақталып қана қоймай, көбейе түсуде. Табыстылық деңгейі жөнінен 01. 01. 2008 жылғы мәлімет бойынша, Қор соңғы 12 айдағы табыс деңгейі бойынша Республиканың зейнетақы жинақтау қорлары арасында 1-орында тұр. Қор салымшыларының өткен жылы аударған инвестициялық табысы 70, 5% өсті. Салымшылардың шотына аударылған инвестициялық табыс нақты сандармен 2007 жылы 2 742 352 мың теңгені құрады. «Отан» АЗЖҚ» акционерлік қоғамы өз салымшыларына зейнетақы қаражатын үнемі төлеп келеді. Қор өз қызметін бастағалы 966 224 мың теңге төледі. Отан» АЗЖҚ» акционерлік қоғамының еліміздің барлық қалалары мен ірі аудан орталықтарында бөлімшелері бар. Бұл салымшыларды зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешіп отыруға мүмкіндік береді.
4. «Сохибкорбанк» ААҚ ( Худжанд қаласы, Тәжікстан Республикасы)
«Сохибкорбанк» ашық акционерлік қоғамы 1999 тамыз айында Тәжікстанның жетекші іскер тобымен негізі қаланған. Қызметкерлер
контингенті Тәжікстанның басқа банктерінде жұмыс тәжірибесі болған
қызметкерлер. «Сохибкорбанк» өз стратегиясын коммерциялық банк бизнесіне негізінде құруда және назарды қаржы өнімдерінің кең спектрін ұсына отырып, келесі секторларға аударады, ол: корпоративтік сектор, көтерме сауда, шағын және орта өндіріс және әртүрлі банктік қызмет түрлері.
2006 жылғы қазан айында «Сохибкорбанк» ААҚ акционерлер құрамына «АТФБанк» АҚ кірді. 2008 жылғы 01 қаңтар айындағы мәлімет бойынша «АТФБанк» АҚ үлесі 75, 1% құрайды. «Сохибкорбанк» Тәжікстандағы алғашқы банктердің бірі болып Вестерн Юнион компаниясымен жеке тұлғалардың аударымдары бойынша қызмет көрсету жөнінен келісім-шартқа отырды. Банк 2004 жылдың басында, бір уақытта GUTA-SPRINT, EXPRESS-TRANSFER (жедел пошта), МИГОМ, БАЙЛАНЫС банктік желілерінің жаңа нысандарын енгізді, өйткені банктік
қызметтің осы түрлері қазіргі кезде тұрақты табысты қамтамасыз етеді.
2008 ж. 01 қаңтарындағы «Сохибкорбанк» ААҚ қаржылық көрсеткіштері:
• Жарғылық капиталы - 14, 019 млн. сомони;
• Активтері - 60, 113 млн. сомони;
• Кредиттік қоржыны - 33, 673 млн. сомони
5. ATF Capital B. V. (Нидерланд Корольдігі)
ATF Capital B. V. еншілес компаниясы «АТФБанк» АҚ 2006 жылы сәуірде 100% жарғылық капиталға қатысуымен құрылды. Компанияның негізгі қызмет түрі - банктік қаржыландыру мен облигацияларды шығару арқылы қаржыландыру және қарызға ақша беру.
ATF Capital B. V. еншілес компаниясының 2008 жылдың 1 қаңтарындағы қаржылық көрсеткіштері:
• Капиталы мен қоры - 3 390, 5 мың АҚШ доллары;
• Активтері - 547 450, 7 мың АҚШ доллары;
• Бөлінбеген табысы - 716, 9 мың АҚШ доллары.
6. «Банк Сибирь» ЖАҚ (Омск қ., Ресей Федерациясы)
Сібір Банкі 1989 жылы құрылған және бірінші Омск коммерциялық банкі болып табылады. Кеңес Одағы кезінде құрылса да, Банк уақыт сынағына төтеп берді. Икемділік саясатына сәйкес, Сібір Банкі жаңа жағдайларда табысқа жетті және барлық экономикалық дағдарыстардан сәтті өтіп, 17 жыл ішінде тұрақты және сенімді Банк деген беделге ие болды. Банк Ресей Орталық Банкінің лицензияларына сәйкес пайда табу мен банк қызметін (банк операцияларын жүргізу) іске асыру, сонымен қатар аймақтың кәсіпкерлік пен шағын бизнесін дамытуға жәрдемдесу барысында құрылды. 2005 жылы «АТФБанк» АҚ «Сибирь» ОКБ ЖАҚ-тың жалғыз акционері болды.
«Банк Сибирь» ЖАҚ-тың 2008 жылдың 1 қаңтарындағы қаржылық көрсеткіштері:
... жалғасы• Жарғылық капиталы - 849, 800 млн. руб. ;
• Активтері - 4 028, 543 млн. руб. ;
• Кредиттік қоржыны - 3 173, 462 млн. руб. ;
• Бөлінбеген табысы - 39, 7 млн. руб.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz