Шағын және орта бизнестегі салықтардың экономикалық мәні


Надиров М. Н., э. ғ. к., доцент, КазАТК(Алматы)
Асылханқызы А. А., ізденуші, КазАТК(алматы)
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау проблемаларына арналған шетелдік зерттеулер аз емес. Шағын бизнесті қолдау проблемаларын жете зерттеудегі әдістемелік тәсілдердің бірі шағын бизнесті қолдаудың негізгі принциптерін тұжырымдап айтуға болады. Шағын бизнесті қолдаудың бірінші принциптері протекционизм нарыктык катынастардың өзімен субъективті түрде қамтамасыз етілген. Бұл принцип шағын кәсіпкерліктің жеке өзі мемлекеттің көмегінсіз ірі бизнеске бәсекелестік жасау үшін көп жағдайда өндірісті ұйымдастыруға қабілетсіз екендігін білдіреді. Екінші принцип бағдарламалық мақсаттық тәсілдерді ісіне асыруына байланысты осыған сәйкес мемлекеттік әртүрлі бағдарламалар түрінде шағын бизнеске көмек көрсетеді. Мемлекеттік қолдаудың объектісі ретінде тек инновациялық қызмет бойынша сипаттайтын жобалар болуы керек. Шағын бизнесті қолдау мақсаттары басқарудың әртүрлі деңгейінде тұжырымдалады. Және уақыт кеңістігі бойынша, мазмұны бойынша да ерекшелінеді. Шағын бизнесті қолдау мақсатының келесі жіктелімін ұсынады:
- Мазмұны бойынша: қолайлы, сыртқы ортамен қамтамасыз ету; шағын бизнеске тікелей қолдау көрсету; бизнес инфрақұрылым құру;
- Басқару деңгейі бойынша: мемлекеттік басқару; аймақтық; жергілікті;
- Мерзімдері бойынша: ұзақ мерзімді; орта мерзімді; қысқа мерзімді;
Европаға одақтас мүше елдерде және экономикалық ынтымақтастықпен даму деңгейінде шағын бизнестің ролінің өсуі көптеген дамыған елдерде арнайы саясат жасау қажеттілігінің туындауына әкеледі. Олардың негізгі мақсаттары мыналар: жаңа жұмыс орындарын құру; ұлттық шағын кәсіпорындардың халықаралық бәсекеге қабілеттігін дамыту; шағын кәсіпорындардың экономикалық өсуі; шетелдік компаниялар мен инвестицияларды тарту; өндірісті жандандыру; кәсіпкерлік қызметтің шетелдік тәжірибелерін талдау нарықтық экономика дамыған әртүрлі елдерде шағын бизнесті қолдауда пайдаланылатын мемлекеттік реттеудің жалпы қабылданған нысаны мен әдісінің стандартты жиынтығы бар екендігін көрсетеді.
Осы барлық шағын кәсіпкерлікті қолдаудың әдіс тәсілдер мазмұны мен бағыты бойынша 2 үлкен жіктелім тобына бөлуге болады:
- Мерзімі бойынша мемлекеттік реттеу; ұйымдық - басқарушылық; экономикалық және институционалды деп аталатын әдістерге бөлінеді.
- Бағытталуы бойынша мемлекеттік реттеу тікелей және жанама болып бөлінеді.
Ұйымдық - басқарушылық әдіс деп - шектерді анықтау үшін қолданылатын әдістерді айтамыз. Ұйымдастырушылық - басқарушылық әдісте қызметтің белгілі бір стандартын белілей отырып кәсіпкерлік қызметті реттейді. Ықпал етудің экономикалық әдістеріне мемлекеттің мүдделеріне негізделген әдістері жатады. Оның ішінде оларға несиелік қаржы, салық саясаты, дотациялар, субсидиялар, т. б. кіреді.
Институтционалдық әдістерді қолдану шағын бизнес инфрақұрылымын және оған сәйкес басқару органдарын қалыптастыруды жолға қояды.
Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістеріне басқару объектісіне тікелей әсер ететін әдістер жатады. Мысалы, шағын кәсіпорындарды қаржыландыру. Жанама әдістер болса алдын ала бағдарланған ортаны қалыптастыруға қолданылады. Мысалы, өнім өндіретін кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер жасау арқылы осындай кәсіпорындардың көбеюін ынталандырады. Кезінде аң шаруашылығы кәсіпкерліктің дамуына әсер еткен және бізде табысты түрде қолдануға болатын негізгі фонды қысқаша былай көрсетуге болады:
- Мемлекеттік қорғау;
- Кәсіпкерлікте толық қолайлы жағдай саясатын жүргізу;
- Салық тарифтерін төмендетуі;
- Банк жүйесіндегі өзгерістер;
- Шетел инвесторларын тарту;
- Кәсіпорындар мен корпорацияларды құру және акция шығару жүйелерін жеңілдету;
Шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың 2 түрі болады: негізгі; қамтамасыз етуші.
Негізгі бағдарламалардың мақсаты жоспарлау, ұйымдастыру және кәсіпкерлік қызметті қадағалау. Қамтамасыз етуші бағдарламалар бизнестің тиімді инфрақұрылымын құру және барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жолы арқылы шағын кәсіпорындарға қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қайта құрылған кәсіпорындарға қатысты саясаты мемлекеттік қызмет тарапынан үлкен ұйымдық күш салуды қажет етеді және төмендегі бағыттар бойынша топтастыруға мүмкін:
- Шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету
- Кәсіпкерге қаржылай көмек көрсету
- Кәсіпорындарды басқарудың тиімді жүйесін құруда көмек көрсету
- Бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету
- Тиісті салық жүйесі мен басқа да реттеуші механизмдер арқылы кәсіпкерлік белсенділік ынталандыру
- Қоғамда кәсіпкерлік орта құру.
Кәсіпкерлікті қолдауда мемлекеттік қызметтің бір бағыты шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету болып табылады. Бірінші бөлімде шағын бизнестің экономикалық дамытудағы мәні мен үлесі қарастырылады. Бұл көмек стратегиялық сипатқа ие. Себебі, шағын және орта бизнесті қолдай отырып, мемлекет ірі кәсіпорындарды дамыту үшін жақсы жағдайды жасайды. Жалпы алғанда, Еуропаға одақтас мүше елдерде шағын және орта бизнеске қатысты саясат экономика министрлігіне немесе сауда мен өнеркәсіп министрлігі арқылы жасалады. Мысалы, Германияда экономика министрлігінде шағын және орта бизнес бөлімдері бар. Францияда арнайы шағын және орта бизнес бөлімдері өнеркәсіп министрлігінде құрылған. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерлік министрлігі бар. АҚШ- та шағын бизнесті қолдау және оның мүдделерін қорғау мақсатында 1953 жылы Конгресс шағын кәсіпкерлікті басқарудың арнайы органы құрылды. Жапониялық экономикалық шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауына байланысты олардың үлесіне елдің жалпы кәсіпорындар санының 99 пайызы экономикадағы жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 80 пайыздан көбі өндіруші өнеркәсіптегі сауда саттық көлемінің 52 пайызы және бөлшектеп сатудың 10 пайызының көбі тиеді.
Іс жүзінде үлкен қаржылай көмек шағын бизнесті дамытудағы жалпы мемлекеттік саясаттың арнасына кіретін кәсіпорынға көрсетіледі. Біздің республикада шағын бизнесті қолдаумен айналысатын арнайы мемлекеттік орган құруға объективті қажеттілік туды. 1997 жылы мамырда ҚР-ның Призидентінің жарлығымен экономика және сауда министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті арнайы орган шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі құрылды. ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік қызметінің негізгі бағыттары:
- Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталық және жергілікті атқару органының іс әрекетін үйлестіру;
- Алдымен материялдық өндіріс саласында кәсіпкерліктің даму бағдарламасын дайындау және іске асыруға қатысу;
- Шағын кәсіпкерлікке қаржылай және техникалық көмек көрсету мәселелері бойынша халықаралық қаржы институттарымен өзара әрекет жасау;
- Экономикалық шағын секторына шетел инвесторларын тарту үшін қолайлы жағдайын туғызуға қолдау көрсету;
Республикада кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін мақсатқа сай құрылған органадвокаттық кеңес болып табылады. Бұл 1976 жылы АҚШ-тағы шағын бизнесті қорғау үшін құрылған адвокаттық кеңеске ұқсас. Оның негізгі міндеттері:
- Шағын бизнестің дамуына мемлекеттік заңдардың, бағдарламалардың, нұсқаулардың және салықтардың әсерін зерттеу. Олардың шағын бизнес қажеттіліктеріне сәйкестендірілуі бойынша ұсыныстар дайындау;
- Шағын бизнеске әсер ететін факторларды анықтағанда, экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес жағдайын бағалау, шағын бизнес проблемаларын және қажеттіліктерін зерттеу;
- Шағын бизнес өкілдерімен жұмыс жасау, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және заңдарды басқа да зерттеуші нұсқауларды қарастыруға көмек көрсету;
- Мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде шағын бизнес өкілдерінің оң ұсынысын айта алу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Шағын бизнестің адвокаттық кеңесі 4 бөлімнен тұрады: жалпы бөлімі; экономикалық зерттеу бөлімі; ақпараттық зерттеу бөлімі; аймақтық бөлімі.
Қаржылық ресурстармен камтамасыз етудегі көмек. Барлық Еуропаға одақтас елдер шағын және орта бизнеске олардың қаржыландыру көздерінің түрлі проблемаларды ұтымдылықпен шеше отырып көмектеседі. Кейбір елдерде негізінен қарыз кепілдігін қамтамасыз ету жүйесіне күш жұмылдырады. Көптеген елдер инвесторларға деген фискалдық жеңілдіктер, жеңілдетілген қарыз және дотациялар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін ерекше резервтер құрайды.
Кейбір елдерде шағын бизнеске тәуекел қорлар тәжірибесі іске асырылады. Қаржылай көмек 2 бағыт бойынша берілуі мүмкін: бизнесті тікелей қаржыландыру; ғимараттар, қондырғылар, коммуналдық қызмет көрсетулерді, жергілікті төлем ақыларды төмендету арқылы жанама қаржыландыру.
Шетелдік зерттеулер көрсетіп отырғандай, инвесторлық қор есебінен тек пайыз ғана қаржыландырылады. Жаңа фирмаларды мемлекеттік қаржыландыру келесі 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- Шағын бизнесті инвестициялаудың американдық компаниясына ұқсас, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша инвестициялық қор құру;
- Қарыз және несиелерді мемлекеттік кепілдіктерімен қамтамасыз ету;
- Қоршаған ортаны қорғау құралы ретінде қымбат құрал жабдықтарды қажет ететін шағын бизнесті қаржыландыру;
- Инвесторлар мен фирмалар арасында делдалдық қызмет көрсету.
Жоғарыда көрсетілгендей, бизнеске қаржылай қолдау көрсетуден басқа, мемлекет тарапынан ғимарат және құрал жабдықтар ұсыну түріндегі көмектер шағын бизнесте қаржыландыруды күшейтудің басқа да бағыттары бар. Олар шетелде кеңінен тараған. Оларға жататындар:
- Венчурлық қорларды инвестициялауда зейнетақы қорлардың қаражатын пайдалануға рұқсат беріледі.
- Жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру үшін салыққа деген талапты төмендету керек.
- Салықтық кірістерді немесе облигациялық механизмдерді жеке компаниялармен және мемлекеттік агенттіктермен басқарылатын венчурлық қорларды құруға пайдалану.
Мемлекеттік қызметтің осы бағыты бұл кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін жасауда көмек көрсету. Жоғарыда көрсетілгендей, кәсіпорын қызметінің тоқталуының басты себебінің біріне менеджерлердің тиімсіздігі атады.
Көрсетілген кәсіпкерлікті қолдау түрлерімен қатар мемлекет тарапынан мынадай қосымша қызметтер көрсетіледі: төмен немесе тегін бағадағы бухгалтерлік көмек; заң кеңестері; жаңа кәсіпорын ашу жөніндегі кеңестері; жаңа кәсіпорын ашу жөніндегі кеңестер және басқа қызмет көрсету түрлері.
- Бизнесті ақпараттық қолдау. Бұл бағыт бизнеске ақпараттық қолдауды кеңінен көрсетуді қарастырады. Олар мыналарды қамтиды: нақты нарықтар туралы, тұтынушының қалауы туралы, технологиялық жаңалықтар туралы жетілдіруді қажет ететін өндірістер немесе өнімдер туралы ақпараттар беру. Мұндай ақпарат болашақ кәсіпкерлерге нарықтық жаңадан ашылып келе жатқан орындарын табуға, өнімдерді немесе өндірістерді жетілдіруге бизнесті ұйымдастырудың жаңа тәсілі мен жаңа сапасын табуға мүмкіндік береді.
- Бұл салық салу және басқа да реттеуші механизмдер арқылы кәсіпкерлік белсенділік қарқынын делдалдық сауда қызметтен өндіріске өзгерте алады
- Мемлекеттік қолдаудың осы бағыты қоғамдық салада және қоғамдық пікірде үлкен өзгерістерді талап ететін кәсіпкерлік ортаны құру. Бұл кәсіпкерлікке деген қоғамдық теріс пікірлерді тиімді жаққа қарай өзгерту жолымен жүзеге асырылады да, нәтижесінде тұтас кәсіпкерлер тобы құрылады және олар жеке мүшелерімен толықтырылып отырады.
Салықтар - мемлекет белгілейтін, белгілі бір мөлшерде және бір мерзімде алынатын міндетті төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетте жинақталатын ұлттық табыстын бір бөлігін білдіреді. Салықтар қаржының маңызды категорияларының бірі болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды, оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Адамзат дамуының барлық тарихында салық нысандары мен әдістері мемлекет сұранысына және қажеттіліктеріне қарай өзгеріп, жаңартылады. Салықтар өзінің ең үлкен дамуына тауар - ақша қатынастарының жүйесінде жетілді.
Салық салу қағидаларына мыналар жатады:
- Әділдік қағидасы екі тұрғыда қарастырылады:горизонталды әділдік - салық төлеушілердің табысына салық бірдей шарттарда, бір түрде салынуы тиіс; вертикальді әділдікті сақтау салық табыстың бөлігін қайта бөлу үшін дифференциалды ставкаларды пайдаланып, прогрессивтік шкаламен салынуы тиіс;
- Қарапайымдылық қағидасы. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті әрі қарапайым болуы керек;
- Жеңілдіктердің минималды мөлшері. Жеңілдіктер құндық пропорциаларды бұрмалап және біле тұра салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға қояды;
- Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономика мен инвестицияның өсуіне, жұмыс істеуінің жақсаруына кедергі келтірмеуі керек;
- Салық ставкаларының осы елдің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі елдер салықтарымен негізгі түрлері бойынша салыстырмалылығы.
Салық түрлерінің мемлекеттегі ерекшелігі болып әр түрлі қоғамдық қажеттіліктері үшін бейнесіз пайдалануы табылады.
Салықтардың мәні функциясында көрініс табады:
- Мемлекеттік бюджетке түсімді қамтамасыз ететін тарихи бірінші қызметі салықтың фиксалдық қызметі болып табылады;
- Салықтардың қайта бөлу қызметі мемлекет пайдасына әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер табыстарының бөлігін қайта бөлу болып табылады. Бұл салада қызмет ету масштабы жалпы ұлттық өнімдегі салықтардың үлесімен анықталады: ол ұлттық табыстың мемлекеттендіру деңгейін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы-79, 7%; 1998 жылы-16, 6%; 1999 жылы-17, 4%; 2000 жылы-20, 2% -ды құрады;
- Салықтардың үшінші реттеуші қызметі - мемлекеттің экономикалық қызметін кеңейтумен байланысты пайда болады. Ол мақсатты түрде ұлттық шаруашылық бағдарламаларына сәйкес дамуға әсер етеді. Мұнда салық нысандарын таңдау, ставканы өзгерту, жеңілдік алу әдістерін өзгерту пайдаланылады. Бұл реттегіштер қоғамның қайта өндірісінің құрылымы мен пропорциясына, жинақтау және тұтыну көлеміне әсер етеді.
Мемлекет салық саласындағы шаралар жүйесін - экономикалық саясатқа сәйкес әлеуметтік экономикалық және басқа да мақсаттарға, қоғамның әрбір нақты даму кезеңдеріндегі тапсырмаларға байланысты салық саясатын жүргізеді.
Арнайы салық тәртібі бюджетпен есеп айырысудағы салық төлеушілердің жеке категориясына белгіленген, жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеуді және олар бойынша салықтық есеп беруді оңайлатылған тәртіпте беруін білдіреді.
Мыналарға: шағын бизнес субъектілеріне; шаруа (фермер) қожалықтарына; ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға; кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне қатысты арнаулы салық тәртіптері көзделген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz