Міндетті экологиялық аудитті жүргізу


Жоспары:

  1. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім
  2. Міндетті экологиялық аудит есебін қарау тэртібі
  3. Міндетті түрде экологиялық аудиттеу мәселелері
  4. Экологиялық аудиторлар палатасы
  5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім

1. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган осы Кодекстің 81-бабының 2-тармағында көзделген мэн-жайлар белгіленген кезден бастап бір ай мерзім ішінде қабылдайды.

2. Міндетті аудит жүргізу туралы шешім міндетті экологиялық аудит туралы қорытынды түрінде ресімделеді.

3. Міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган бекітеді.

4. Қорытындыда:

1) аудиттелетін субъектінің тегі, аты, экесінің аты немесе толық атауы;

2) аудиттелетін субъектінің орналасқан жері;

3) аудиттелетін субъектінің шаруашылық жэне өзге де қызметімен байланысты қоршаған орта үшін ықтимал тэуекелдердің сипаты;

4) міндетті экологиялық аудитті жүргізуге негіз;

5) міндетті экологиялық аудиттің қорытындысын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс ету мерзімі көрсетілуге тиіс.

5. Міндетті экологиялык аудит туралы қорытынды аудиттелетін субъектінің басшысына жолданады.

Міндетті экологиялық аудитті жүргізудің ерекшеліктері

1. Міндетті экологиялық аудит аудиттелетін субъект міндетті экологиялық аудит туралы қорытындыны алған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

2. Экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық үйым аудит жүргізудің жоспарын әзірлеу үшін міндетті экологиялық аудит туралы қорытындымен, аудитті жүргізу негіздемесімен, аудиттелетін субъектіге тән экологиялық проблемалармен жэне өзге де аспектілермен танысады. Экологиялық аудиторлық есептерге қойылатын талаптар

1. Экологиялық аудиторлық есеп міндетті экологиялық аудиттің нэтижелері бойынша:

1) экологиялық аудитордың жэне экологиялық аудиторлық үйымның қүқықтылығын растайтын мэліметтерді;

2) аудиттелетін субъект туралы жалпы ақпаратты;

3) экологиялық аудитті жүргізу негіздемесін;

4) экологиялық аудитті жүргізудің жоспарын;

5) жинақталған ақпарат тізбесін және оған шолуды;

6) аудиттелетін субъектіні қарап тексеру және оның қызметкерлеріне сауал қою нэтижелерін;

7) арнайы зерттеулердің нэтижелерін;

8) экологиялық тэуекелдерді бағалауды (сандық жэне сапалық түрғыдан) ;

9) экологиялық қауіпсіздікті арттыру жөніндегі үсынымдар тізбесін;

10) аудиттелетін субъектінің қоршаған орта үшін қауіпсіздік дэрежесі, анықталған жолсыздықтар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қүжаттама мен есептілікті жүргізудің дүрыстығы туралы түжырымдарды қамтуға тиіс.

2. Бастамашылық экологиялық аудит есебінің нысаны экологиялық аудитті жүргізуге арналған шартта белгіленеді.

3. Бастамашылық экологиялық аудиттің есебі қүпия болып табылады. Бастамашыл экологиялық аудиттің есебіндегі мэліметтерді жария ету қүқығына аудиттелетін субъект ғана ие болады.

Міндетті экологиялық аудит есебін қарау тэртібі

Міндетті экологиялық аудиттің нэтижелері бойынша экологиялық аудиторлық есепті экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық үйым бір мезгілде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті органға жэне аудиттелетін субъектінің басшысына жібереді.

Міндетті экологиялық аудиттің нәтижелерін аудиттелетін субъект Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау, қоршаған ортаға қызметтің теріс салдарларын азайту және қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алу, экологиялық есептіліктің дүрыстығын қамтамасыз ету жөніыдегі шараларды қабылдау үшін пайдаланады.

Міндетті экологиялық аудит барысында аудиттелетін субъектілердің экологиялық есептілігінде дүрыс емес фактілер анықталған жағдайда, аудиттелетін субъект экологиялық аудиторлық есепті алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің есептілігін экологиялық аудит үсынымдарына сэйкес келтіруге, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау жөніндегі өзге де шараларды қолдануға жэне бүл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге тиіс.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган міндетті экологиялық аудиттің нәтижелері бойынша экологиялық аудиторлық есепті алған күннен бастап бір ай мерзімде оны қарауға міндетті.

Міндетті экологиялық аудиттің нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган аудиттелетін субъектінің экологиялық талаптарды жэне қоршаған орта сапасының нормативтерін сақтауы туралы дұрыс ақпарат алу үшін пайдаланады.

Міндетті экологиялық аудиттің экологиялық аудиторлық есебін қараудың нэтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:

1) аудиттелетін субъектінің қызметін тоқтата тұру туралы талап қою арқылы сотқа жүгінуге;

2) экологиялық рұқсат талаптарына өзгерістер енгізуге немесе табиғи ресурстарды пайдалану және алып қою шарттарының (келісімшарттардың) жэне табиғат пайдалануға өзге де рұқсаттардың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен арнайы уэкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге;

3) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына өзгерістер енгізу ұсынымдарын беруге құқылы.

Міндетті экологиялық аудиттің экологиялық аудиторлық есебі бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тэртіппен шешіледі. Экологиялық аудитор

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға жэне қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады.

Экологиялық аудитор экологиялық аудиторлық қызметті дара кэсіпкер немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы. Экологиялық аудиторлық ұйым

Экологиялық аудиторлық ұйым - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-кұқықтық нысанында кұрылган жэне қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға жэне қызметтер көрсетуге лицензия алған коммерциялық ұйым.

Шетелдік экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында экологиялық аудиторлық қызметті тиісті экологиялық аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін күрған кезде ғана жүзеге асыра алады.

Экологиялық аудиторлық ұйымның қүрамындағы экологиялық аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиіс. Экологиялық аудиторлар палатасы

Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық үйымдардың қүқықтарын қорғау және мемлекеттік органдарда олардың заңды мүдделерін білдіру үшін күрылады.

Экологиялық аудиторлар палатасы өз мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілген жарғының негізінде жүмыс істейтін жэне мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылатын коммерциялық емес, тэуелсіз, кэсіби жэне өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады.

Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызметін реттейді, халықаралық тэжірибе негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сэйкес экологиялық аудит стандарттарын әзірлейді.

Экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық үйымдардың қүқықтары Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық үйымдар:

1) экологиялық аудитті жүргізудің эдістерін дербес айқындауға;

2) экологиялық аудитті жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті қүжаттаманы алуға жэне тексеруге;

3) экологиялық аудитті жүргізуге қатысуға осы Кодекстің 92-бабында көрсетілген адамдардан басқа әртүрлі кэсіп мамандарын шарттық негізде тартуға;

4) аудиттелетін субъект экологиялық аудитті жүргізуге арналған шарттың талаптарын бүзған жағдайда, экологиялық аудитті жүргізуден не экологиялық аудиторлық есепті беруден бас тартуға қүқылы.

Экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық үйымдардың міндеттері Аудиттелетін субъект :

1) экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық үйымды таңдау туралы шешімді дербес қабылдауға;

2) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық үйымнан экологиялық аудитті жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға;

3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның ескертпелері мен қорытындыларына негіз болған нормативтік қүқықтық актілермен танысуға;

4) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық үйымнан экологиялық есептіліктің жэне өзге де қүжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сэйкессіздігі анықталған жайлар туралы үсыныстар, ақпарат алуға;

5) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық үйым экологиялық аудитті жүргізу шартының талаптарын бүзған жағдайда олардың қызмет көрсетуінен бас тартуға қүқылы.

Аудиттелетін субъект :

1) міндетті экологиялық аудиттің жүргізілуін үйымдастыруға;

2) экологиялық аудитті уақтылы эрі сапалы жүргізу үшін экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық үйымға жағдай жасауға;

3) экологиялық аудитті жүргізу үшін экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық үйымға қажетті толық эрі дүрыс қүжаттаманы жэне өзге де ақпаратты үсынуға, ауызша немесе жазбаша түрде түсініктемелер беруге;

4) қоршаған ортаға эсер ету туралы дүрыс есептілікті жэне экологиялық аудитті жүргізуге қажетті өзге де қүжапарды табыс етуге;

5) егер экологиялық аудитті жүргізу шартында өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның қызметін шектемеуге;

6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның талабы бойынша қажетті ақпарат алу үшін өз атынан үшінші түлғаларға жазбаша сауал жіберуге;

7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық үйымның қызметтер көрсетуіне ақы төленуін қамтамасыз етуге;

8) экологиялық аудитті жүргізу шарты бойынша міндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға міндетті. Экологиялық менеджмент жүйелерінің аудиті

Экологиялық менеджмент жүйелерінің аудиті бастамашылық аудит болып табылады.

Міндетті түрде экологиялық аудиттеу мәселелері

Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық жэне ұйымдастырушылық негіздерін айқындау заң жобасында көрсетілген. Бүгінгі күнге дейін заңнамалық актілерде тиісті нормалардың болмауы салдарынан, экологиялық аудит кеңінен таралмай келген. Аудиторлық ұйымдардың іс-қызметі мен экологиялық тексерістердің қажет болатын жағдайлары реттелмеген. Осыған орай заң жобасында экологиялық аудит ұғымы нақтыланған. Кэсіпорындардың ауа қабатына келтіріп отырған зиян көлемін анықтау үшін экологиялық тексеріс қажет.

Экологиялық аудитті өткізу кезінде сертификаттау объектісінің өндірушілердің техникалық регламенттері, стандарттары, техникалық шарттары немесе басқа техникалық немесе нормативтік қүжаттарында бекітілген экологиялық қауіпсіздігі мен табиғи ортаны қорғау нормаларың талаптарына сэйкестігі расталады. Қазіргі кезде экологиялық аудиттеу экологиялық қауіпсіздік жөніндегі ортақ техникалық регламент талаптарына сай екендігі расталғанда ғана ҚР заңнамасына сэйкес талаптармен іске асырылады. Ортақ техникалық регламент талаптары өндіріс, пайдалану, сақтау, тасымалдау, іске асыру жэне тазарту, өндіріс процесстерінің барлық түріне міндетті болып табылады. Бүрында экологиялық аудиттеу объектісіне қорғаныс саласының өндірірістері де жататын.

Экологиялық аудиттің Қазақстанда үлкен мэселеге айналағаны барлығына аян. Бүл дегеніміз көптеген адамдардың қоршаған ортаға зиянды заттардың эсерін төмендету үшін өз тіршілік эрееттерін бақылау керектігін түсінуінен.

Экологиялық аудит ерікті және бастамашылық болатынын білеміз. Ерікті экологиялық аудит жүргізу дешеніміз бэріне де түсінікті деп ойлаймын. Ал бастамашылық экологиялық аудит көптеген мэселелердің тууына себеп болып отыр. Өйткені енгізілген көрсеткіштер жэне нормативтар негізінде іске асырылады. Мысалы, кейбір өнімді түске бояғыштар экологиялық көрсеткіш болып табылмайды, алайда жаман үсталатын бояғыш зат өнімнің түрін ғана емес қоршаған ортаны да өзгертетіні барлығына белгілі. Бүдан басқа МЕСТке енгізілмеген біршама экологиялық көрсеткіштер бар. Бұлар, негізінен, тыйым салынған аминдер, көптеген ауыр металдар, иіс шығаратын, ұшқыш заттар, пестицидтер негізінде жасалған азобояғыштары. Осы мэселенің шешімі болып, мысалы, тоқыма өнеркэсібінде халықаралық ОЕКО-ТЕХ 100 стандартын қолдану дұрыс. Бұл стандартты көптеген Еуропа мемлекеттерінде қолданады. Сонымен қоса, оның талаптары мен нормалары қазіргі экологиялық жағдайға байланысты өзгерте алынады.

Жеке экологиялық көрсеткіш пен бастамашылық экологиялық аудит жүргізілетін өнім нормаларында екіұштылық бар. Қазіргі кезде Қазақстандағы тоқыма өнеркэсібі мен жеңіл өнеркэсіп өнімдерінің қайсысы экологиялық аудитқа жататыны номенклатурамен белгіленген.

Экологиялық аудит жүргізудегі келесі мэселе оны атқаратын органдардың арасында туып отыр. Мысалы, тоқыма өнеркэсібіндегі қолданылатын формальдегидтің қатынасын анықтау санэпид бақылаудың жұмысы болып табылады. Ал аудиторлар кейбір жағдайларда келіспеушілік танытады

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

9-тарау. Экологиялық аудит

83-бап. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім

1. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 81-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар белгіленген кезден бастап бір ай мерзім ішінде қабылдайды.

2. Міндетті аудит жүргізу туралы шешім міндетті экологиялық аудит туралы қорытынды түрінде ресімделеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық аудиттің құқықтық негіздері
Ішкі аудитті бағалау
Аудиттің мәні мен мағынасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТТІ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Сапа менеджменті аудитін анықтау
Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Экологиялық аудит туралы
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қаржылық бақылау және оның компания басқару жүйесіндегі орнын ашып, оның ұйымдастырылу ерекшеліктерін көрсету және аудиттегі жұмыс сапасын бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz