Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру


Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. 1 Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімі туралы ереже, бөлімнің міндеттері мен қызметтері.
1. 2 Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің лауазымдық қызмет нұсқаулығы.
1. 3 Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің 2006 жылғы есебі
1. 4 Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің 2006 жылғы есебі
III. Қорытынды
«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік мекемесі халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында уәкілетті орган болып табылады.
Департамент қызметті мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
- халықты әлеуметтік қорғау
- жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру
- ведомствоға қарасты мекемелер жүйесінің қызметін үйлестіру және қадағалау
- еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестік саласындағы мәселелерд шешу
- талдау, ақпараттарды жинау, есептеме, бюджеттік қажеттіліктерді жоспарлау, әзірлеу, мониторинг, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында бағдарламаларды іске асыру.
Департаментте әлеуметтік сала бойынша негізгі 3 бөлім жұмыс жасайды. Олар:
- Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімі
- Халықты жұмыспен қамту бөлімі
- Ардагерлер мен мүгедектер жұмысы жөніндегі бөлім
Әр бөлімнің өзіне тән қызметтері бар. Мәселен, «Ардагерлер мен мүгедектер жұмысы жөніндегі бөлім» қызметіне:
- Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке топтарына жәрдемақы төлеу
- Азаматтардың жеке топтарына мереке күндері берілетін біржолғы ақшалай көмекті тағайындау және төлеу
- Келесі категориялар бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау:қайтыс болған әскери қызметшілер отбасыларынаЧАЭС қатысушыларына1, 2, 3 топ мүгедектеріне16 жасқа дейінгі мүгедек балаларғакөпбалалы аналарға (5 және одан көп) ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына комуналдық қызметтер
- Мүгедектерге арналған арнайы құралдарды тағайындау және тарату (сурдотехникалық, тифлотехникалық, протез - ортопедиялық, кресло - коляскалар)
- Мүгедектерге санатор - курорттық жолдамалар тағайындау
- Көпбалалы аналарға тегін газетке жазылуды жүзеге асырады.
«Халықты жұмыспен қамту бөлімі» қызметіне:
- Жұмыс іздеушіге оның кәсіби дайындығын есепке ала отырып, лайықты жұмыс іздеуге атсалысу
- Қаланың әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымын қатайтуға мүмкіншілігі бар, сондай - ақ еңбек ресурстарын сақтайтын қоғамдық қызметтерді белсендіру
- Еңбек рыногында жұмыссыздарға талап ететін кәсібі бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау
- Ішкі еңбек рыногын шетелдік жұмыс күшінен қорғау
- Жұмыссыз ретінде арнайы тіркелген азаматтарға тегін компьютер және ағылшын курстарын оқыту.
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімі туралы Ереже
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімі - Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің (бұдан әрі департамент) құрылымдық бөлімшесі.
Бөлім өз жұмысында ҚР Конституциясын, ҚР Заңдарын және тиісті нормативті актілерді, Астана қаласының әкмінің шешімдері мен өкімдерін, департаменттің қолданыстағы ережесін басшылыққа алады.
Бөлім құрылымы департамент бастығы бекіткен штаттық кестемен анықталады. Бөлім бастығы, бас маман, жетекші маман қызметіне жоғары және арнаулы заңгерлік, экономикалық, медициналық білімі бар тұлғалар тағайындалады. Бөлімде қызметке тағайындау ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізінде және департамент директорының бұйрығымен жүргізіледі.
Бөлім бастығы бөлім қызметін басқарады және бөлім алдындағы мақсаттың орындалуын, бөлім жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттерін анықтауды қамтамасыз етеді.
Бөлімге бастығы қолданыстағы Ережемен және басқа нормативті актілермен бөлімге жүктелген қойылған мәселелердің, міндеттердің дұрыс және уақытында орындалуына жеке жауапкершілік артады. Бөлім міндеттерінің шегіне кіретін кемшіліктерді жоюға уақытында шара қабылдайды.
Бөлім жұмысы департамент басшылығының бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Бөлімнің негізгі міндеттері мен қызметтері
ҚР Заңының, ҚР Үкіметінің қаулыларының, департамент басшылығының қабылдаған өкімдері мен шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау.
Қорғаншылық және қамқоршылыққа алу мәселелерін белгілеу жөнінде жүгінген тұлғалардың құжаттарын және арыздарын уақытында қарау және толық есепке алу, ардагерлер мен мүгедектерге арналған интернат үйіне, ақыл - есі кем балалар интернат үйіне, белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына рәсімдеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жеке санаттарын дәрі - дәрмекепен қамтамасыз ету.
Департаменттің ішкі ведомствалық мекемелерін үйлестіру және оларды бақылау. Ақпараттарды дайындау, әдістемелік - ұйымдастыру және практикалық көмек көрсету. Ардагерлер мен мүгедектер үйіне, ақыл - есі кем балалар үйіне, белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына жолдамалар беру.
Жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектелген балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерін үйлестіру.
Астана қаласының қаулысына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз дәрі - дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді қадағалауды жүзеге асыру.
Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша сот процесіне қатысу.
Мүгедектерді оңалту Бағдарламасы бойынша ақпараттар мен есептемелерді әзірлеу.
Халықтың әлеуметті жаннды бөлігін қорғау мақсатында бағдарламаны дайындауға қатысу.
Бөлімге бекітілген материалдық құндылықтардың және барлық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және қызметтерін орындауға жағдай жасау, бөлімнің жұмысын жақсарту және жетілдіру іс - шараларын әзірлеу.
Бөлімнің құқықтары
Ішкі ведомстволық мемлекеттік мекемелердің бөлім жұмыскерлері әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімі жұмыскерлерінің талаптары бойынша ақпараттарды, есептемелерді т. б мәліметтерді уақытында беріп отыру.
Бағыныштыларға қатысты қорғаншылар мен қамқорлыққа алғандардың міндеттерін орындауы жөнінде талап ету.
Бөлім жұмыскерлерінің жауапкершілігі
Бөлім жұмыскерлері белгіленген тәртіпте бөлім алдына қойылған міндеттерді уақытында және дұрыс орындалуына жауапкершілік артады.
Ішкі тәртіп ережелерін, еңбек тәртібін, техникалық қауіпсіздікті сақтау.
Бөлімнің лауазымдық қызмет нұсқаулығы
Мемлекеттік орган - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті.
Қызметтің толық атауы - әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің бастығы.
Қызмет туралы ақпарат
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімі.
Бөлім бастығы қызметке «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң негізінде тағайындалады және департамент директорының бұйрығымен қызметінен босатылады.
Бөлім бастығы департамент директорынан, директор орынбасарларынан бұйрықтар, жұмыс өкімдерін алады және бағынады.
Бөлім бастығы бас және жетекші мамандарға өкімдер мен әдістемелік нұсқаулар береді.
Бөлім бастығы өз жұмысында ҚР заңдарын, оның қызмет саласын реттейтін нормативтік - құқықтық актілерді, мемлекеттік орган бұйрықтарын, өкімдерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы лауазымдық қызмет нұсқаулығын басшылыққа алады.
Негізгі мәселелер
Бөлім жұмысын үйлестіру және басшылық ету, департамент директоры жүктеген міндеттерді іске асыру.
Бұл қызметтегі жұмыс қызметкерден мына біліктіліктерді талап етеді
Негізгі міндеттер
Департамент директоры жүктеген міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз етеді, бөлімге басшылық етуді жүзеге асырады.
Бөлім мамандарының жұмысын бақылайды, бөлімге жүктелген ұйымдастыру шараларын жоспарлау, әзірлеу және орындауды қамтамасыз етеді.
Азаматтардан келіп түсетін өтініштер мен шағымдарды қарау.
Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау.
Бөлімнің құзіретін кіретін негізгі мәселелер бойынша ақпараттарды БАҚ - да жарыққа шығару.
Құқық
Бөлім бастығына міндеттерін анықтау үшін мын құқықтар берілген:
- Осы лауазымдық қызмет нұсқаулығында қарлған жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
- Бағыныштыларға қатысты өкімдер беру және олардың орындалуын бақылау.
- Бөлім жоспарлары мен есептемелеріне, қолдаухаттары мен ұсынуларға қол қою құқығы.
- Бөлім жұмысын жоспарлау мәселелерін дербес шешу.
- Бөлім қызметкерлерін көтермелеу бойынша ұсыныстар енгізу.
Жауапкершілік артады:
Функционалдық міндеттерін мүлтіксіз сақтауға,
Бағыныштылар жұмысына,
Қаржылық және материалдық - техникалық ресурстарды ұтымды пайдалануға.
Тікелей басшы бөлім бастығының жұмысын мына көрсеткіштер негізінде бағалайды:
Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау.
Қамқорлық пен қамқоршылық тағайындау мәселелері бойынша, интернат үйлеріне, әлеуметтік бейімдеу орталығына ресімдеу бойынша хабарласқан адамдардың құжаттарын өз уақытында қарау.
Бөлім қызметкерлерінің қызмет тәртәбін сақтау.
Қызметтің толық атауы - әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің бас маманы.
Қызмет туралы ақпарат
Бөлімнің бас маманы қызметке «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы негізінде тағайындалады және департамент директорының бұйрығымен қызметінен босатылады.
Бас маман бөлім бастығынан бұйрықтар, жұмыс өкімдерін алады және бағынады.
Бас маман бөлім бастығы болмағанда оның орнын ауыстырады.
Бас маман өз жұмысында ҚР Заңдарын, оның қызмет саласын реттейтін нормативтік - құқықтық актілерді, мемлекеттік орган бұйрықтарын, өкімдерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы лауазымдық қызмет нұсқаулығын басшылыққа алады.
Негізгі мәселелер
Қамқорлық пен қамқоршылықты тағайындау бойынша жұмысты жүзеге асыру.
Ведомствоға қарасты әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру және бақылау, тұлғаларды интернат - үйлеріне және әлеуметтік бейімделу орталығына рәсімдеу және жолдау.
Азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуді қадағалауды жүзеге асыру, қаланың қамтылған мекемелері мен ұйымдарынан мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша ақпараттарды жинау.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің жұмыстарын үйлестіру.
Бұл қызметтегі жұмыс қызметкерден мына біліктіліктерді талап етеді
Негізгі міндеттер:
1. Қамқорлық пен қамқоршылық тағайындау мәселлері, интернат үйлеріне және әлеуметтік бейімделу орталығына рәсімдеу бойынша хабарласқан адамдарға құжаттар дайындау. Бөлімнің жұмыс нәтижелері бойынша есептемелерді дайындау, санаттарға рецепттер көшірмесінің дұрыстығын, мөлшерін тексеру.
2. Бөлім құзіреттігіне кіретін мәселелері бойынша әдістемелік және түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
3. Интернат - үйлеріне орналастыру мәселелері бойынша хабарласқан тұлғалардың тұрғын - тұрмыстық жағдайларын тексеру.
Қызметтік міндеттерін жүзеге асыру үшін қажет қызметтік қарым - қатынастар (байланыстар)
«Медикус Центр» АФ БК ЖШС, «Гиппократ»
ЖШС, ҰОС ардагерлер мен мүгедектерге арналған Республикалық клиникалық госпитальмен өзара іс-әрекет
Құқық
Міндеттерін атқару үшін бөлімнің бас маманына мына құқықтар берілген:
- Осы лауазымдық қызмет нұсқаулулығында қаралған жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
- Бөлімнің құзіреттігіне кіретін мәселелер бойынша жетекшілік ететін мекемелердің, қорғаншылардың, қамқорлыққа алғандардың және басқа ұйымдардың, тұлғалардың ұсынған құжаттарының дұрыстығын тексеруді жүзеге асыру.
- Жетекшілік ететін мекемелерден есептемелерді, мәліметтерді, ақпараттарды талап ету. Қамқоршылар мен қамқорлыққа алғандардан ҚР заңдарына сәйкес өз міндеттерін атқару жөнінде есептемелерді талап ету.
Жауапкершілік артады:
Функционалдық міндеттерді мүлтіксіз сақтауға,
Қаржылық және материалды - техникалық ресурстарды ұтымды пайдалануға.
Қызметтің толық атауы - әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің жетекші маманы.
Қызмет туралы ақпарат
Бөлімнің жетекші маманы қызметке «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң негізінде тағайындалады және департамент бастығының бұйрығымен қызметінен босатылады.
Жетекші маман бөлім бастығынан бұйрықтар, жұмыс өкімдерін алады және бағынады.
Жетекші маман өз жұмысында ҚР - ның заңнамаларын, оның қызмет саласын реттейтін нормативтік - құқықтық актілерді, мемлекеттік орган бұйрықтарын, өкімдерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы лауазымдық қызмет нұсқаулығын басшылыққа алады.
Негізгі мәселелер
Қамқорлық пен қамқоршылықты тағайындау бойынша жұмысты жүзеге асыру.
Ведомствоға қарасты әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру және бақылау, тұлғаларды интернат - үйлеріне және әлеуметтік бейімделу орталығына рәсімдеу және жолдау.
Азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуді қадағалауды жүзеге асыру, қаланың қамтылған мекемелері мен ұйымдарынан мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша ақпараттарды жинау.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің жұмыстарын үйлестіру.
Бұл қызметтегі жұмыс қызметкерден мына біліктіліктерді талап етеді
Негізгі міндеттер:
1. Қамқорлық пен қамқоршылық тағайындау мәселлері, интернат үйлеріне және әлеуметтік бейімделу орталығына рәсімдеу бойынша хабарласқан адамдарға құжаттар дайындау.
2. Қамқорлық пен қамқоршылық мәселелері бойынша әдістемелік және түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Құқық
Міндеттерін атқару үшін бөлімнің жетекші маманына мына құқықтар берілген:
- Осы лауазымдық қызмет нұсқаулулығында қаралған жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
- Бөлімнің құзіреттігіне кіретін мәселелер бойынша жетекшілік ететін мекемелердің, қорғаншылардың, қамқорлыққа алғандардың және басқа ұйымдардың, тұлғалардың ұсынған құжаттарының дұрыстығын тексеруді жүзеге асыру.
- Жетекшілік ететін мекемелерден есептемелерді, мәліметтерді, ақпараттарды талап ету. Қамқоршылар мен қамқорлыққа алғандардан ҚР заңдарына сәйкес өз міндеттерін атқару жөнінде есептемелерді талап ету.
Жауапкершілік артады:
Функционалдық міндеттерді мүлтіксіз сақтауға,
Қаржылық және материалды - техникалық ресурстарды ұтымды пайдалануға.
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің 2006 жылы атқарған жұмысы туралы есебі.
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімі «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қауылысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы Ережеге сәйкес және басқа да заң актілеріне бағынады.
2006 жылы қамқоршылық және қорғаншылық кеңесінің отырысында 48 іс қарастырылды, қорғаншылық және қамқоршылық кеңесте әрекетке қабілетсіздерге қорғаншылықты тағайындау және күтімді қажет ететін шектеулі әрекетке қабілетті тұлғалар бойынша 74 іс қарастырылды. Көрсетілген істерді қарастыруда Кеңес оң шешімдер қабылдады, бөлім қызметкерлері «Неке және отбасы туралы» Заңының 112 бабына сәйкес қорғаншылардың (қамқоршылардың) өз міндеттерін атқаруы бойынша тексеру өткізілді және жазбаша есеп алынды. Әрбір өтініш берушіге жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша қабілетсіз/шектеулі қабілетті және өтініш беруші туралы барлық қажетті мәліметтер бар жеке іс жүргізіледі. Бөлім қорғаншылық және қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы негізінде «Сот шешімдерімен әрекетке қабілетсіз деп танылған кәмелетке толған тұлғаларға қорғаншылық тағайындау туралы» қаулы жобаларын өңдеп Астана қаласының әкімдігімен бекітілді.
Жыл басынан әртүрлі мәселелер бойынша ауызша кабылдауда 965 адам қабылданды.
91 өтініш берушілердің материалдық-тұрмыстық жағдайлары тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша Астана қаласының Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне 46 адам анықталды , 103 адам Астана қаласының Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне анықталды, 32 бала жасынан мүгедек балалар Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне анықталды.
2006 жылы 22 адам Белгілі тұрағы жоқ тұлгаларға арналған бейімдеу орталығына жіберілді.
Есеп беру кезеңі бойынша бөлім қызметкерлері азаматтарды әрекетке қабілетсіз деп тану бойынша азаматтық істің 1 сот отырысына қатысты.
2006 жыл бойынша азаматтардың әртүрлі мәселелері бойынша 680 жазбаша жолдаулар қарастырылды.
Бөлім қорғаншылық және қамқоршылық мәселелерден басқа бөлім туралы Ережеге сәйкес Астана қаласының Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің, Астана қаласының Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің, Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің, Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының жалғызбасты және жалғыз тұратын мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі ішкі ведомстволық мекемелердің жетекшісі болып табылады. Осыған байланысты жұмыс жоспары және Департамент жарғысы негізінде есеп беру жылы ішкі ведомстволық мекемелердің жұмысын кешенді тексеру өткізілді, тексеру нәтижелері бойынша болған ескертпелер жойылды.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің ашылуымен Астана қаласында берілген санатқа әлеуметтік оңалтуды өткізу жағдайлары туындады. Қазіргі таңда Алмата және Сарыарқа әкімдіктеріне қарасты екі бөлімдерде 26 әлеуметтік қызметкерлермен қызмет көрсетілетін әртүрлі диагноздармен 152 мүгедек-балаларға қызмет көрсетіледі.
Есеп беру кезеңіне бойынша Астана қаласының Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде 237 адам тұрады, олардың ішінен 1 адам ақылы негізде. Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде 167 бала тұрады. Астана қаласының Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде 119 адам тұрады.
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталығында 191 адам тұрады.
«Азаматтардың жекеленген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша бюджеттен бөлінген қаражат сомасы 2007 жылы 16 030 мың теңгені құрайды. 2006 жылы бөлім қызметкерлерімен Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне Республикалық клиникалық госпиталь жазған ақысыз дәрі-дәрмектік рецепттердің мақсатты мөлшерлер және бағалар бойынша салыстыруды жүргізді және жекеленген азаматтар санаттарына Астана қаласының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының қажетті заттар тізіміне салыстыру өткізді. 2007 жылдың 1 қаңтарына қаражат 11 350 мың теңгені құрайды. Мүгедек-балаларға 2 744 700, 00 теңгеге 53 бірлік мөлшерінде балаларға арналған техникалық орнын толықтыру құралдары сатып алынды.
Бөлім қызметкерлері Астана қаласының мүгедек-балаларын Бурабай демалу ортасындағы «Приозерный» оңалту орталығында санаторлық-курорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады.
2006 жылы жалпы 2 052 900 теңге мөлшерінде 58 жолдама алынды. Көрсетілген кезең бойынша 58 мүгедек-балалар Бурабай демалу ортасының «Приозерный» санаториінде сауықтырылды. Үнемі ведомствоға қарасты жетекшілік ететін мемлекеттік мекемелерге практикалық көмек көрсетіледі. Бөлім қызметкерлері Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департамент директорының бұйрығына сәйкес басқа бөлімдермен бірігіп ішкі ведомствоға қарасты мекемелердің қызметін тексеруді жүзеге асырды.
2006 жылдың қортындысы бойынша 2006-2007 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасының іске асудың ақпараты дайындау үстінде.
№ собес 6 нысаны бойынша 2006 жылдың 1 қаңтары жағдайына ведомстволық статистикалық есебін Қазақстан Республиасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігіне ұсынды.
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің 2006 жылдың 4 тоқсан бойынша атқарған жұмысы туралы есебі.
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімі «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қауылысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы Ережеге сәйкес және басқа да заң актілеріне бағынады.
2006 жылдың ағымдағы кезеңінде қорғаншылық және қамқоршылық кеңесімен әрекетке қабілетсіздерге қорғаншылықты және қамқоршылықты орнату және әрекетке қабілетсіз жандардың қайтыс болуына байланысты қорғаншылық және қамқоршылық міндеттерінен босату бойынша 17 құжаттар қарастырылды. Барлық істер бойынша кеңес оң шешімдер қабылдады. Өтініш білдірушілердің 12 материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеруі өткізілді. Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық туралы Ережеге және Астана қаласы әкімдігінің қаулына сәйкес барлық қорғаншылар мен қамқоршыларға қорғаншылық (қамқоршылық) куәліктері берілді.
Есеп беру кезеңінде бөлім қызметкерлері «Неке және отбасы туралы» Заңының 112 бабына сәйкес қорғаншылардың (қамқоршылардың) өз міндеттерін атқаруы бойынша 5 жазбаша есептер алынды.
Ағымдағы кезеңде «Астана қаласының Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне» ММ 8 адам анықталды. Қамқоршылық кеңесте «Астана қаласының Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне» ММ жолдану үшін 6 іс қарастырылды.
Бөлім қызметкерлері әртүрлі сұрақтар бойынша азаматтарды күнделікті қабылдауы жүргізіледі, осылайша есеп беру кезеңінде 219 адам ауызша қабылданды, сонымен қатар телефон бойынша 120 адамға кеңес берілді.
Астана қаласының Балалар Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне бала жасынан 3 мүгедек-балалар анықталды, соның ішінде 2 мүгедек-балалар күндізгі топта. Ағымдағы кезеңде Астана қаласының Психоневрологиялық интерна-үйіне анықталуды қажет ететін жолдама бойынша 14 адам анықталды.
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталығына 2006 жылдың төртінші тоқсанында бөлім қызметкерлерімен 5 адам жолданды.
Бөлім құзыреттігіне кіретін сұрақтар бойынша 156 жазбаша өтініштер қарастырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz