Қазақстан Республикасындағы валюталық нарықтың қалыптасуы мен дамуы


Муздыбаева А. Ш.
Оқытушы, Т. Рысқұлов ат. КазЭУ, Алматы қ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Монетарлық тұжырымдамада макроэкономикалық саясат мемлекеттік борыш, инфляция, қайта инвестициялау, ұлттық ақша өлшемінің валюталық бағамының проблемаларымен түйіседі. Бұл жағдайда мемлекеттің валюта нарығының дамуы мен құрылуына ерекше назар аудару керек, бұл өз кезегінде Қазақстанның экономикалық стратегиялық дамуының маңызды кезеңі болып табылады.
Қазақстан Республикасының валюта нарығы - құрылу сатысындағы ішкі валюта нарықтарының категориясына жатқызылады. Қазақстандық валюталық нарық өзінің тұрақсыздылығы және болжамсыздығымен сипатталады. Бұл негізінде әлемдегі экономикалық және саяси өзгерістерге валюта нарығының әдеттен тыс жылдам реакциясымен түсіндіріледі (Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығына көп дәрежеде экономикалық сілкіністер ықпал етеді) .
Ұлттық валюта нарығы, әдетте, өздерінің клиенттеріне валюталық қызмет көрсету бойынша, соның ішінде халықаралық операциялар жүргізуге маманданбаған жеке тұлғалар мен банктер, компаниялар болуы мүмкін, сол мемлекеттің аумағында орналасқан банктермен жүзеге асырылатын операциялар жиынтығы. Бұдан басқа, ішкі ұлттық нарық операцияларына жеке тұлғалар арасындағы операциялар, жеке компаниялар арасында жасалатын валюталық операциялар, сонымен қатар, валюта биржасында жүргізілетін операциялар жатқызылады. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын «теңге» енгізумен байланысты қазақстандық валюта нарығының қалыптасу процесі басталды, ол 17 жыл бойы табысты дамуда.
Валюталық шектеулерге байланысты валюта нарығын еркін және еркін емес валюта нарығы деп бөлуге болады. Валюталық шектеулері бар валюта нарығы еркін емес, ал олардың болмауы - еркін деп есептеледі.
Қолданылатын валюталық бағамдар бойынша валюталық нарық бір жақты және қосарлы болуы мүмкін. Қазақстан бір жақты валюта нарығымен сипатталады, бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген және есеп айырысу мен кеден төлемдерін жүргізу үшін ресми жарияланады. Екіншісі биржада сұраныс пен ұсыныс негізінде белгіленеді және коммерциялық есеп айырысулар үшін қолданылады. Қазақстанда Ұлттық банк бұл режимді қолданбайды.
Ұйымшылдық дәрежесі бойынша валюта нарығы биржалық және биржадан тыс болады. Биржа нарығының артықшылығы валюта қаражаттары мен валютаның ең арзан көзі болып табылады, ал сауда-саттыққа шығарылған өтінімдер абсолютті өтімділікке ие. Қазақстанда валюта нарығы 1992 жылдың маусым айынан, яғни Қазақстан банкаралық валюталық-қор биржасының ашылу мезетінен бастап қызмет атқарады (1996 жылдан - AFINEX, 1998 жылдан - KASE) .
Қазақстан үшін биржадан тыс нарық белгілі мөлшердегі оның қатысушыларымен сипатты (брокерлік компаниялар, сыртқы сауда жүргізетін фирмалар, банктер, уәкілетті немесе девиздік валюталық дилерлер және т. б. ) .
Негізгі қатысушылардың мүмкін болатын мәмілері және валюталық нарыққа шығу мақсаттарына шолуды төмендегі кестеден байқауға болады.
Қазақстан Республикасындағы валюталық нарыққа қатысушыларды шолу
- клиенттер үшін мәмілелер
- меншікті шоттан сауда
- валютаны сату және сатып алу
- валюталық тәуекелдерді сақтандыру үшін мәмілелер
Төлемдерді жүргізу
Клиенттік мәмілелер бойынша позицияны теңестіру немесе пайда алу
Шетел валютасында несиені алу және ұсыну
Сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру
Ұлттық және шетел валютасында төленетін төлемдер
Өзіндік құн калькуляциясы үшін сенімді база құру
Валюталық тәуекелдерді болдырмау
Тиімді шарттарды алу үшін мүмкіндіктерді пайдалану
Валютаны сату және сатып алу
Валюталық интервенция
Төлемдер, вексельдерді, чектерді инкассолау және т. б.
Валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және валюта бағамын қолдау үшін валютаны сату және сатып алу
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі заң негізінде валюталық бақылауды жүзеге асырады, валюталық операциялардың құқығын анықтайды, мемлекеттің барлық ішкі және сыртқы борышын актив және пассив бойынша есеп жүргізеді және борыш құрылымын қайта қарауды жүзеге асырады, халықаралық есеп айырысу тәртібін нығайтумен айналысады. Бұдан басқа, Ұлттық банк Қазақстан Республикасының ресми алтын-валюталық резервтерін басқарады, басқа мемлекеттердің ақша бірлігіне қатысты теңге бағамын анықтайды және ресми жариялайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі валюта нарығында екі түрлі бейнеде көрінеді. Ең алдымен, оның өзінің коммерциялық мүддесі бар және халықаралық институттарға төлемдер жүргізу үшін валютаны сатып алады және сатады. Келесі міндеті - ұлттық валютаның мемлекет ішінде ғана емес, басқа валюталарға қатысты тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық банк валюта резервтерін басқаруды жүзеге асырады, валюталық интервенцияларды жүргізеді, пайыз мөлшерлемесінің деңгейін реттейді, валюталық шектеулерді белгілейді.
Қазақстандағы валюта нарығының дамуы екі негізгі фактордың іс-әрекетімен түсіндіріледі - біріншіден, валюталық операцияларды ырықтандыру және ұлттық нарықтың деңгейінің өсуі; екіншіден, валюталық нарық операциясына жаңа валюталық және қаржылық құралдырды, сондай-ақ қазіргі технологияларды енгізу. Дамушы елдер мен экономика нарығы ауыспалы елдердегі валюталық нарық қазіргі кезде ырықтандыру кезеңінде тұр, сондықтан әлемдік қаржылық және валюталық нарықта ұлттық шаруашылықтың рөлін біріктіру үдерісінде күшейту үлкен мүмкіндіктерді табыс етеді.
Қазақстанда валюталық нарықтың дамуы шартында валюталық қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігін қадағалау, әсіресе нақты валюталық операцияның практикалық ерекшелігін жүргізу. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенің жиналған тәжірибесін халықаралық практикамен салыстыру қажеттілігі мен әлемдік валюта нарығының елеулі өзгерістерін ескере отырып, республикадағы валюта нарығын оңтайландыру ұсынымын құру.
Әлемдік валюталық нарықтың ғаламдық үдеріске әсерін ескеріп, Қазақстандағы валюта нарығының қалыптасуы мен дамуын талдай отырып, келесідей тұжырымдама жасауға болады:
- Валюталық бағамды макроэкономикалық тұрақтылық индикаторы
ретінде қарастыра отырып барлық қарастырылған және зерттелген концепциялар мен теориялар негізінде Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қызметіне әсер ететін нақты валюталық бағам моделін ұсыну.
- Валюталық бағамды макроэкономикалық тепе - теңдік негізінде
қарастыра отырып ғылыми зерттеулерді және жүйелендіруді қажет ететін әртүрлі факторлардың әсерін айтуға болады. Бұл факторлардың классификациялық формасы тиімді әрі валюталық бағам жағдайына әсерін тигізеді.
- Әлемдік валюталық нарықтың дамыту стратегиясын жасау кезінде
оның жетекші және байланыстырушы рөлін айту қажет. Оның әлемдік валюталық нарықтағы көлемі мен келісім-шарт санын көбейту кезінде пайда болатын және жаңа валюталық, қаржылық құрал-жабдықтардың қарқынды дамуы айрықша көңіл бөлуді талап етеді.
- Қазақстандық валюталық нарықты жасау процесін талдау негізінде
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz