Қазақстанда мемлекеттік кредиттеудің қалыптасуының теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
1. Қазақстанда мемлекеттік кредиттеудің қалыптасуының теориялық негіздері8
1. 1Мемлекеттік кредиттеудің экономикалық мазмұны мен мәні . . . 8
- Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері, талаптары . . . 14
- Мемлекеттік қарыздың экономикалық салдарлары . . . 22
2. Рыноктық экономика жағдайында мемлекеттік кредиттеу мен қарыз алу тиімділігінің бюджет құрылымына әсерін талдау . . . 27
2. 1Мемлекеттік кредиттеу мен қарыз алу тиімділігінің бюджет құрылымына әсерін талдау . . . 27
2. 2Мемлекеттік қарыз алу тиімділігі басқару әдістері . . . 36
2. 3Мемлекеттік кредиттер бойынша бақылау, мониторинг және есепке алу. . 41
2. 4 Мемлекеттік борыш- мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесі ретінде . . . 47
3. Мемлекеттiк кредиттiк дамыту ұйымдарымен қарыз алу тиімділігінің критерилері және оларды болашақта жетілдіру жолдары56
Қорытынды . . . 63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 65
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі . Қазіргі кезеңде қаржы нарығының дамуында олардың тиімді қызметіне тікелей ықпалын тигізетін ең маңызды фактор - мемлекеттік кредит болып табылады. Мемлекеттік кредит- жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «жеделдетілген индустриализация мен инфрақұрылымды дамыту есебінен орнықты экономикалық өсімге қол жеткізуге» тапсырма берілген [1] .
«Даму институттарының ашық есік күні» аймақтарда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бастамасымен өткізіліп отыр. Зерттеулерге қарағанда, жергілікті жерлердегі кәсіпкерлер индустриалды немесе инфрақұрылымдық салалардағы жобаларды бастама етіп көтеру кезінде осы даму институттарының ұсынып отырған қолдау шараларынан хабарсыз қалады екен. Ал негізінен, аймақтар ұсынып отырған болашағы зор жобалар инвестор ретінде даму институттарының назарына ілігуі керек.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға бол майды.
Қаржының ұдайы өндірістік функциясы шектерінде мемлекеттік кредит ақшалай қаражаттарды (оларды кейін қайтару шарттарында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақақшаны ұйымдасты- ру нысандарының бірі болып табылады.
Кредиттің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың шамамен көп емес орташа жинақ ақшалары мемлекетте шоғырландырылады және экономиканы, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді.
Мемлекеттік қарыз алудың сан алуан құралдарының болуы халыққа жинақақшалардың ұйымдық нысандарын таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің көлемін арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар кредиторға ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өнді ріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сонымен бірге оның «мерзімінен бұрын төлену» қасиетінде көрінеді, сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді .
Мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталдарының рыногында қарыз алушы бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Бұл ретте мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады. Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Сөйтіп, егер кредиттің қайта бөлгіштік функциясының көмегі-мен мемлекет ақшалай ресурстарды тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістерді дамытуға) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге қол жетеді.
Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Жұмыстың басты мақсаты м емлекеттік кредиттеу мен қарыз алу тиімділігінің критерилерін талдап, болашақта қызмет ету тиімділігінің жетілдіру жолдарын теориялық және практикалық негіздеу болып табылады.
Дипломдық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер і алға қойылды:
Мемлекеттік кредиттеудің экономикалық мазмұны мен мәні мәнін нақтылай түсу;
Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістеріне сипаттама беру;
Мемлекеттік кредиттеу мен қарыз алу тиімділігінің бюджет құрылымына әсеріне талдау жүргізу;
Мемлекеттік борыш- мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесі ретінде екендігін аша білу;
Мемлекеттiк кредиттiк дамыту ұйымдарымен қарыз алу тиімділігінің критерилері бойынша жетілдіру жолдарына ұсыныстар әзірлеу.
Дипломдық жұмысты зерттеудің ғылыми жаңалығы мыналардан көрінеді:
Ғылыми зерттеу негізінде мемлекеттік кредиттеудің экономикалық анықталды;
Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістеріне сипаттама жасалды;
Мемлекеттік борыш- мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесі ретінде екендігін аша білу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде Қазақстандағы мемлекеттік кредит және қарыз алудың тиімділігі процесін ұйымдстыру барысында пайда болатын қарым-қатынастар қарастырылады.
Магистрлік жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстандағы мемлекеттік кредиттеу және қарыз алу жүйесінің тиімді қызмет етуі алынған.
Дипломдық жұмысын жазуда келесі материалдар: ҚР нормативті-құқықтық заң актілері, Бюджет кодексі, қаржы жөніндегі оқулықтар, монографиялар, мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалалар, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі, ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері қолданылған бюджеттік сандық мәліметтері.
1. Қазақстанда мемлекеттік кредиттеудің қалыптасуының теориялық негіздері
1. 1Мемлекеттік кредиттің экономикалық мазмұны мен мәні
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік кредит- жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға бол майды.
Мемлекеттік кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығын мына төмендегі кестеден көре аламыз:
1 кесте
Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жекеше кредит
айырмашылықтары
Дерек көз: Құлпыбаев С., Ынтықбаева С. Ж., Мельников В. Д. Қаржы негіздері: Оқулық. - Алматы LEM, 2009 - 670 бет
Мемлекеттік кредиттің көздері- кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар.
Мемлекет кредиттік ресурстарды:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;
2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру:
4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит бойынша қатынастарды қаржылық қатынастарға мына негіздемелер бойынша кіріктіреді:
1) мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі мұқтаждарды өндірістік сияқты, өндірістік емес мұқтаждарды да, сол сияқты стратегиялық, сондай-ақ оперативтік мұқтаждарды да қаржыландыруға бағыт-талатын мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «антиципацияланды- рылған салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Қаржының ұдайы өндірістік функциясы шектерінде мемлекеттік кредит ақшалай қаражаттарды (оларды кейін қайтару шарттарында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақақшаны ұйымдасты- ру нысандарының бірі болып табылады [2] .
Кредиттің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың шамамен көп емес орташа жинақ ақшалары мемлекетте шоғырландырылады және экономиканы, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді.
Мемлекеттік қарыз алудың сан алуан құралдарының болуы халыққа жинақ ақшалардың ұйымдық нысандарын таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің көлемін арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар кредиторға ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өнді ріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сонымен бірге оның «мерзімінен бұрын төлену» қасиетінде көрінеді, сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді («уақытқа қарай қайта бөлу») .
Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады (кесте 2) .
2 кесте
Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік қарыздың сыныптамасы
Түрлері
Мемлекеттік банктер салымдарының қалдықтарын пайдалану
Орталық банктің кредиттері
Қазынашылық несиелер
Ақшалай қарыздар
Тауарлық қарыздар
Дамуға ресми көмек
Өтемдік келісімдер
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қарыздары бойынша мемлекеттің кепілдіктері
Байланыс
қан
Байланыс
паған
Әдістері
Мемлекеттік бағалы қағаздар(облигациялар, қазынашылық міндеттемелер, вексельдер, сертификаттар, өндірістік қаржы құралдары)
Беру, өтеу мезгілдері
Табысты есептеу (пайыздық табыстар, дискнот, ұтыстар)
Кепілзаттық міндеттемелерді, кепілдерді рәсімдеудің тәртібі
Орналастыру және қызмет көрсету үшін делдалдарды таңдау
Басқа да әдістер тәсілдер
Дерек көз: Құлпыбаев С., Ынтықбаева С. Ж., Мельников В. Д. Қаржы негіздері: Оқулық. 2009 ж.
Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы функциясы - реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталдарының рыногында қарыз алушы бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Бұл ретте мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады («ығыстыру әсері») . Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Сөйтіп, егер кредиттің қайта бөлгіштік функциясының көмегі-мен мемлекет ақшалай ресурстарды тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістерді дамытуға) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге қол жетеді.
Ішкі кредитте мемлекеттік - кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда: қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындар-дың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет донор немесе ұйым донор, ал кредит алушы ел реципиент ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады.
Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша жауап береді қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекеттік кредиттеу мемлекеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесті білдіреді.
Кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім кредиттік шарт болып табылады.
Мемлекеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.
Мемлекеттік кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда беріледі: салық берешегінің болмауы;
қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін жағдайының болуы;
қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің болмауы.
Мемлекеттік кредиттеу принциптері
Мемлекеттік кредиттерді беру мынадай:
1) мемлекеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз ететін жағдайының болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
3) мемлекеттік кредиттің берілгені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
4) мемлекеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кредиттер мынадай өлшемдер сақталған жағдайда беріледі:
1) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың
экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
2) мемлекеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
3) қарыз алушының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өлшемдерге сәйкес кредиттік қабілеті.
Мемлекеттік кредиттеу субъектілері
1. Кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы және сенім білдірілген өкіл бюджеттік кредиттеу субъектілері болып табылады.
2. Мемлекеттік кредиттеу субъектілерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес кредиттік шартпен және тапсырма шартымен айқындалады.
Кредиторлар мыналар болып табылады:
1. Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кредит беретін кредит шартының тарабы кредитор болып табылады.
2. Республикалық бюджеттен мемлекеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады.
Мемлекеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан кредитор ретінде әрекет етеді.
3. Жергілікті бюджеттен мемлекеттік кредиттеу кезінде тиісті жергілікті атқарушы орган кредитор болып табылады.
4. Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кредит беруді қамтамасыз етеді, кредит шарты талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады [3] .
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік кредит беру кезінде кредиттік шарттың тарабы болып табылады және:
- қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді конкурстық негізде айқындауды;
- мемлекеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингін жүзеге асырады.
Қарыз алушылар. 1. Мемлекеттік кредитті алушы, негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемелер алатын кредит шартының тарабы қарыз алушы болып табылады.
2. Мыналар:
1) мамандандырылған ұйымдар - банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке не ұлттық холдингке, не Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар;
2) жергілікті атқарушы органдар;
3) шет мемлекеттер;
4) жеке тұлғалар қарыз алушылар бола алады.
Түпкілікті қарыз алушылар
1. Мамандандырылған ұйым оған кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы түпкілікті қарыз алушы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түпкілікті қарыз алушылар бола алады.
3. Түпкілікті қарыз алушыларды іріктеуді және кредиттеуді бюджеттік бағдарламаның нысаналы мақсатына, сондай-ақ өздерінің кредиттік саясатына сәйкес мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Сенім білдірілген өкілдер
Тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға сенім білдірілген өкіл болып табылады.
Сенім білдірілген өкіл кредитордың (сенімгердің) тапсырмасы бойынша мынадай іс-әрекеттерді орындай алады:
1) мемлекеттік кредиттерге қызмет көрсету;
2) қарыз алушылармен есеп айырысу;
3) бюджеттік инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы мен іске асырылуына мониторинг жүргізу;
4) қарыз алушылардың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өндіріп алу;
6) қарыз алушы жеке тұлғаларды анықтау және олармен кредиттік шарттар жасасу.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым сенім білдірілген өкілдер бола алады.
Қаржы агенттігін қоспағанда, сенім білдірілген өкілді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындайды. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті бюджет қаражаты есебінен сенім білдірілген өкілге тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеуді жүзеге асырады. Сенім білдірілген өкілге тапсырмаларды орындағаны үшін төленетін сыйақының мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.
1. 2 Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері, талаптары
Мыналар: мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады .
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.
3 кесте
Қарыздардың салықтардан айырмашылығы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz