Әлеуметтік философия пәні


1. Әлеуметтік философия пәні
2. Философиядағы адам мәселесі
3. Техника философиясы
4. Кұндылыңтар философиясы
5. Өнер философиясы
Әлеуметтік философияның немен айналысатынын бастамас бұрын оның қалыптасу тарихының кейбір мөселелеріне тоқтала кетейік.
Әлеуметтік философия тек әлеуметтік және индивидуалдан-ған адам болмысы мәселелерімен айналысады. Алайда оның бұл мәселелердің букіл кешеніне қатынасы бар екені де белгілі. «Әлеуметтік жөне индивидуалды болмысқа» тарих та, мәдениет те, жеке адам болмысы да және т.б. кіреді. Тарихтың, мәдениет-тің, экономиканың (шаруашылықтың) және т.б. «жеке фило-софиялары» бар екенін ескерсек, оның зерттеу аймағын анық-тау қиынға түседі.
Шындығында қиындықтар да, сүрақтар да бар. Алайда бүл мөселеге келгенде әлеуметтік философияның даму тарихына жүгінген дүрыс. Оның мәліметінше адамдардың әлеуметтік жөне индивидуадды болмысының әр түрлі қырларын зерттейтін бүкіл «жеке философиялар» тарихи түрғыда қазіргі кезде «әлеуметтік философия» деп атайтын бүкіл қоғам туралы дүниетанымнан келіп шығады. Пайда болуы, қалыптасуы және дамуы жағынан әлеуметтік философиядан алда түрған бір ғана аймақ бар. Бүл философиялық білім аймағы — тарих философиясы. Осы түста «даналыққа қүштарлық» ретіндегі философия түсінігіне қайта оралуымыз қажет. Бүл сөз тіркесіне мәтін және контекст түрғы-сында көз жіберейік. Және де «тарих философиясы» деген сөз тіркесіне де назар аударайық. Онда тарих философиясы — бүл «тарих даналығына қүштарлық» болып табылады. Бүл қандай «даналық?» Бүл, әрине, бір жағынан — тарихтың өсиеті де, екінші жағынан — өсегі де. «Муның аргы жагында не жатыр?» деген сүрақ осы жерде интуитивті түрде (белгілі бір рухани күш-жігер сияқты интуициясыз да философиялық пайымдау мүмкін емес) пайда болады. Басқаша айтқанда, тарихи өмірдің қүбылыстары мен оқиғаларының, барлық алуан түрлі айғақтар мен үдеріс-тердің арғы жағында не жасырылған?
Міне, осы жерде Тарих туралы философиялық пайымдау та-рихының өзі тарих заңдылықтары туралы, логшасы туралы, қоз-гаушы күші туралы
1. Абай. Книга слов. — Алматы, 1992.
2. Абдшьдин Ж.М. Избранные сочинения. В 5-та томах. — Алматы, 2001.
3. Аль-Фараби. Философские трактаты. — Алма-Ата, 1970.
4. Антология мировой философии. — М., 1966.
5. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. — М., 1993.
6. Ахметов Э.М. Арабомусульманская философия Средних веков. — Баку, 1970.
7. Байтенова Н.Ж. Межэтническая интеграция: проблемы, реаль-ность, перспективы. — Алматы, 1997.
8. Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. — М., 1994.
9. Барулин В.С. Социальная философия. — М., 2000.
10. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. — М., 1979.
11. Бекбосынова Ж.Б. Принципы герменевтики. — М., 1995.
12. Бердяев Н.А. Сочинения. В 2 т. — М., 1990.
13. Бодрийяр Ж. Система вещей. — М., 1995.
14. Бубер М. Два образа веры. — М., 1995.
15. Валиханов Ч. Избранные произведения. — М., 1986.

Пән: Философия
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 327 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Әлеуметтік философия пэні
Әлеуметтік философияның немен айналысатынын бастамас бұрын оның
қалыптасу тарихының кейбір мөселелеріне тоқтала кетейік.
Әлеуметтік философия тек әлеуметтік және индивидуалдан-ған адам
болмысы мәселелерімен айналысады. Алайда оның бұл мәселелердің букіл
кешеніне қатынасы бар екені де белгілі. Әлеуметтік жөне индивидуалды
болмысқа тарих та, мәдениет те, жеке адам болмысы да және т.б. кіреді.
Тарихтың, мәдениет-тің, экономиканың (шаруашылықтың) және т.б. жеке фило-
софиялары бар екенін ескерсек, оның зерттеу аймағын анық-тау қиынға
түседі.
Шындығында қиындықтар да, сүрақтар да бар. Алайда бүл мөселеге
келгенде әлеуметтік философияның даму тарихына жүгінген дүрыс. Оның
мәліметінше адамдардың әлеуметтік жөне индивидуадды болмысының әр түрлі
қырларын зерттейтін бүкіл жеке философиялар тарихи түрғыда қазіргі кезде
әлеуметтік философия деп атайтын бүкіл қоғам туралы дүниетанымнан келіп
шығады. Пайда болуы, қалыптасуы және дамуы жағынан әлеуметтік философиядан
алда түрған бір ғана аймақ бар. Бүл философиялық білім аймағы — тарих
философиясы. Осы түста даналыққа қүштарлық ретіндегі философия түсінігіне
қайта оралуымыз қажет. Бүл сөз тіркесіне мәтін және контекст түрғы-сында
көз жіберейік. Және де тарих философиясы деген сөз тіркесіне де назар
аударайық. Онда тарих философиясы — бүл тарих даналығына қүштарлық болып
табылады. Бүл қандай даналық? Бүл, әрине, бір жағынан — тарихтың өсиеті
де, екінші жағынан — өсегі де. Муның аргы жагында не жатыр? деген сүрақ
осы жерде интуитивті түрде (белгілі бір рухани күш-жігер сияқты интуициясыз
да философиялық пайымдау мүмкін емес) пайда болады. Басқаша айтқанда,
тарихи өмірдің қүбылыстары мен оқиғаларының, барлық алуан түрлі айғақтар
мен үдеріс-тердің арғы жағында не жасырылған?
Міне, осы жерде Тарих туралы философиялық пайымдау та-рихының өзі
тарих заңдылықтары туралы, логшасы туралы, қоз-гаушы күші туралы сүрақтарды
алға тартады. Бүл заңдылықтар, осы логика, осы күштер бар ма? Әлде барлығы
да хаостық, кез-дейсоқтық және жүйесіздік сипатта ма? Тарихтың қозгаушы
күштерін, логикасын, заңдылықтарын және т.б. ашу және игеру — мүның бәрі
Тарих даналыгына қуштарлық ретіндегі тарих фило-софиясының пәндік аймагын
қурайды.
Тарих туралы философиялық пайымдаудың қалыптасуы мен дамуына толық
болмаса да оның кейбір негізгі сәттеріне тоқта-ла кетейік. Бүл жерде
Г.В.Ф.Гегельдің атақты Тарих филосо-фиясы бойынша лекциялар еңбегіндегі
тарих ғылымы дамуы-ның жалпы дөуірлеріне сүйенеміз. Гегель тарихи таным
дамуы-ның үш кезеңін бөліп көрсетеді:
Антик дәуірінде Геродот және Фукидидтен басталып,
кейінгі ортағасырлар мен Жаңғыру дәуіріне дейін жалғасқан
бастапқы тарихнама.
Жаңа заман мен Ағартушылық дәуіріндегі сыншыл та-
рихнама.
3) Философиялық тарих.
Осы дәуірленуді негізге ала отырып, оның кейбір мәнді мезеттеріне
тоқталайық. Мысалы, антиктік грек-рим тарихшы-ларының тарих ғылымына
сіңірген еңбегі қандай? Фукидид және Геродот заманынан бері Тарих
оқигалардың тізбегі ретінде керінді. Алғашқы, бастапқы тарихнама
оқиганы тарихи үдерістің клеткасы, басты үясы ретіндегі көзқарасын санаға
сіңірді. Бүл тарихнаманың екінші маңызды жаңалығы, оқиғалардың пайда
болуын, іске асуын, дамуын уақыт агынында қарастырды. То-пос (грекше
Іоро§ — орын) және Хронос (грекше хгоуоз — уақыт), яғни уақыт
ағымында өткен оқиға — міне, антиктік дәстүрдің әлемдік тарихнамаға
бергені.
Әдетте ортағасырларды біз қараңғы және ондағы соғыс-тармен, крест
жорықтарымен, Еуропа мен Азия кеңістігінде мемлекеттердің пайда болуымен
сипатталатын ауыр ғасыр-лар деп қабылдаймыз. Алайда, осыларды ескере
отырып, орта-ғасырларда философиялық, гуманитарлық білімдер дамыған-дығын
үмытпауымыз қажет (мысалы, философия мен риторика үшін үлкен маңызы бар
дөлелдеуші қатаң логиканың, онтоло
гияның, герменевтиканың, заңгерліктің дамуы). Дөл осы орта-ғасырлық
тарихнама мен Тарихтың қоғамдық санасына заттар-дың әдеттегі тәртібін
төңкеріп, ескімен салыстыруға келмейтіндей жаңа әлем жасайтын жалпы әлемдік
маңызды оқиға, тарихи рубикон, дәуірлік оқига түсініктері енді.
Христостың дүниеге келуі, өмірбаяны, өлуі және тірілуі, Алланың Пайғамбар
арқылы қасиетті Қүранды адамдарға жіберуі, ақырет, қиямет-қайым жөне
т.б. архетиптер (К.Г.Юнг теориясы арсеналынан алынған термин) — тарихты
көру мен қабылдаудың, ол туралы пайымдаудың айшықты про-образдары
ортағасырлық адамдарда осындай ауқымды және дәуірлік оқиғалар
түрғысынан ойлауды қалыптастырды. Ор-тағасырлық рухани мәдениеттің басты
маңызы адамдарға Тарих оқиғаларын сана-сезіммен игеруді, оны өзі арқылы,
өзінің ақыл-ойы мен жүрегі арқылы өткізуді үйретті.
Дәл осы ортағасырлардан бастап тарих философиясы тарих даналығына
қүштарлық ретінде қалыптаса бастады. Өйткені, даналық қана Қүдаймен
байланысты кәсіп ретінде түсіндірілді. Діни канондар апологеттері мен
шіркеу иелерінің бүл даналық-ты игерудегі діни емес білімге тыйым салып,
адамдардың оны тану мүмкіндіктеріне шектеу салғанына қарамастан әр алуан
тарихи оқиғалардың артында не бар деген мәселе қойылуының өзі тарих мәнін
философиялық игерудің онан арғы дамуын бекітті.
Оның үстіне, антик заманынан бері қоғамның мемлекеттік-қүқықтық және саяси
қүрылымының теориясы мен тарихы-ның, әділетті қоғам және билік туралы
ілімдердің маңызы арта түсті. Осылардың негізінде қоғам мен адам туралы
философия-лық ілімдер дамуының ішкі логикасы Жаңа заман мен Ағарту-шылық
дәуірінде ерекше қырынан көрініп, өлеуметтік фило-софияның ішкі ядросын
қүрайтын философиялық-тарихи білімдер негізі қаланды.
Гегель бойынша сыншыл тарихнама Жаңа заман және Ағар-тушылық
дәуірінде қалыптасты. Бүл — философия мен гума-нитарлық ой тарихының ғүлама
білгірі негіздеген ескертпе еді. Бүл түрғыдағы көрнекі мысал ретінде
Вольтердің тарихи ғылымға көзқарасын алуға болады. Философиялық білім
тарихында ол алғаш рет тарих философиясы, мәдениет және көбіне про-
гресс (бүл термин Вольтерге дейінгі философтар жүмыстарын-да да, — мысалы,
Ф.Бэконда адамның табиғатты ғылымдар да-муының, математиканың, физиканың
және т.б. арқасында игеруі идеясымен байланысты) үғымдарын айналымға
енгізгендігімен белгілі.
Вольтердің пікірінше, тарих философиясы, бүл, ең алды-мен, Жалпыәлемдік
тарихты қуру үмтылысы (осыған үқсас, мы-салы, алуан түрлі оқиғаларды,
айғақтарды, барлығын қамти-тын көп томды Тарих кітабын жазу). Екіншіден,
галым-тарих-шылар ойларын сыни түргыда пайымдау (сондықтан да Гегель бүл
кезеңді сыншыл тарихнама деп атайды). Ол мынадай сүрақ-тарға жауап
берумен байланысты: Неге мына ойшыл тарих ту-ралы басқаша емес, дөл осылай
ойлайды? Ол қай жерде және қалай қателеседі? Тарихшылардың тарихи танымы
мен адасу-шылығының табиғаты қандай? жөне т.б. Үшіншіден, заңдар
мәселесін, тарихи үдеріс логикасын оның дамуында және әсіресе оның
болашагында ашу.
Алайда Ағартушылық тек үшінші мәселені қолға алды. Ге-гель бойынша, оның
тиісінше дәуірлерге жіктеуі бойынша та-рихи білім дамуының келесі кезеңі —
тарихты философиялық пайымдау — тарихи ойлау принциптерін, тарих логикасын,
заң-дылықтарын тану міндетін қояды және шешеді. Жаңа заман философиясының
ерекшілігі осы XVII—XVIII ғасырларда өмір сүрген ойшылдар қойған бірқатар
мәселелермен байланысты еді. Ол — субстанция, детерминизм, шындықты тану
әдістері және себептілік. Табиғат субстанциясы мәселесі біршама дең-гейде
зерттелгенімен, тарих субстанциясы жіктелмей, назар-дан тыс қалып қойды.
Оны тауып жөне белгілеу керек еді. Мүны объективтік-идеалистік бағытта
болса да жүзеге асырған Гегель болды.
Оның философиясындағы тарих субстанциясы — халықтар рухына, өлемдік рухқа
айналған Идея, Абсолюттік Рух. Идея Гегель ілімінде үғымдар арқылы,
үғымдарда дамиды. Сондық-тан бүл даму туралы философиялық пайымдау — осы
қозғалыс-тың адамзат ойының үғымдар логикасында көрінуі. Бүл Та-рихтағы Рух
дамуы кезеңдерін тілдің көмегімен дәл сипаттау-дың, оны адал, логикалық
дүрыс пайымдаудың қажеттілігін білдіреді.
Және осы жерде Тарихтағы Рух, Идея дамуының ішкі мәні, принципі туралы
мәселе туындайды. Оны да тауып алып және терминологиялық түрғыда
белгілеу қажет. Гегель бүл мәсе-леге келгенде де бүл міндетті өзінің
диалектикалық-логикалық көзқарасы мен объективтілік позициясы түрғысынан
шешеді. Ол әлемдік тарихтың ішкі принципін тауып жөне оны сөзбен
белгілейді. Бүл принцип пен осы сөз — Еркіндік деп белгіленеді.
Енді Гегельдің теориясы мен өзге де ойшылдар көзқараста-рын талдауды қоя
түрайық. Жоғарыда айтылғандардан тарих туралы философиялық пайымдаудың
негізгі мазмұны мен мөнін не құрайтынын айқындадық. Бұл ертеректе
көрсетілген тарих-тың мақсаты, логикасы, заңдылықтары, оныц мәні
мәселелері, сонымен қатар, қазіргі философиялық тілмен айтқанда тарихи
ойлау мен танымның теориялық-методологиялық мәселелері.
Әлеуметтік философия терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы
дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі XIX
ғасырдың екінші жар-тысы — соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің
шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын, пәндік ерекшеліктерін,
оның философиядағы орны мен негізгі функ-цияларын талдауға онша ықпалын
тигізе қоймайды.
Сонымен, ең алдымен тарих философиясының дамуы, со-нымен қатар, қоғамның
саяси-қүқықтық үйымдасуы туралы ілімдердің орасан зор ықпалы философияда
пәндік түрғыда анықталган білімнің ерекше аймағы бөлініп шығуына алып
келді. Бүл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңцылық-тарымен, социум
болмысының логикасымен, қоғам мен түлға-ның өзара байланысы және өзара
қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы
философия-лық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары,
ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік фи-лософия деп атала
бастады.
Баспа ісінің қарқынды дамыған қазіргі жағдайында әлеуметтік философия
пәніне қатысты жазылған оқу кітаптары мен қүрал-дардың өте молдығына
сілтеп, сөзімізді аяқтауға да болар еді. Және мүның барысында әр түрлі
авторлар пікірлері қай мәсе-лелерге байланысты өзара сай, қайсысы қайшы
келетінін де талдауға болар еді. Алайда, мүны іске асыру әрбір оқырманның
өзінің де қолынан келеді.
Жоғарыда айтылғандарға қарамастан өлеуметтік философияға өзгеше анықтама
берген орыс ойшылдары (Н.А.Бердяев, И.А.Илыш, П.А.Флоренский,
С.Н.Булгаковжәнет.б.) пікірлерін атап өткен жөн. Осылардың қатарына
жатқызуға болатын С.Л.Франктың (1877-1950) әлеуметтік философияға қатысты
пайымдауларына кеңірек тоқталайық.
1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі - Қоғам-ның рухани
негіздері атты кітабын жариялады. Ол бүл еңбегінде әлеуметтік философияға
мынадай анықтама береді: ...әлеуметтік философия мәселесі — бүл қоғам
деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде
және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сүрақтарға жауап береді.
228
С.Л.Франктың өлеуметтік философияға қатысты негізгі ойла-ры мынадай
сүрақтарға жауап беру төңірегінде:
1) Қогамдық өмір деген не?
2) Адам өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның шынайы мақсаты
не?
3) Адам өзінің қоғамдық болмысы формасын қүра отырып неге үмтылады және
неге жетуі мүмкін?
4) Адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыста қандай орын алады?
Қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады және оның нағыз мәні неде?
5) Қоғамдық өмірдің жалпы өмір негізін қүрайтын абсолюттік бастаулар мен
қүндылықтарға қатынасы қандайі
Оның айтуынша әлеуметтік философия — қоғамдық бол-мыстың жалпы мәңгі
негіздерін зерттеумен айналысатын фи-лософиялық таным. Әлеуметтік
философия қоғамдық шын-дықты оның нағыз, барлығын қамтитын қүрамы мен
нақтылы-ғында көруге үмтылу болып табылады.
Енді осы келтірілген пікірлерді өзіміздегі философиялық білім қүрылымы
туралы көзқараспен және схемалармен біріктірейік. Мүнан шығатыны:
әлеуметтік философия адамның қогамдық өмірінің барлық әлемдерінің —
тарих, мәдениет, дін, саясат, қүқық, экономика жөне т.б. әлемдерінің түпкі,
онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық білім саласы.
Бүған әлеуметтік философияны әлеуметтік щбылыстар мен үдерістерді танудың
теориялық-методологиялық мәселелері, заң-дылықтары, социум болмысының
логикасы қызықтыратыны тура-лы түжырымымызды қосайық. Жөне ақырында,
С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтік философияның зерттеу аймағы — қогамдық
өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатына-сы және қогамдық
өмірдің қүндылық қырларының жалпы өмірдің фундаменталды қундылықтарына
қатынасы. Осылайша, әлеуметтік философияның көпқырлы, көпөлшемді
түпкілікті формуласын тауып жөне тегі жағынан тарихи, табиғаты жағы-нан
философиялық болып табылатын әлеуметтанумен, мәде-ниеттанумен салыстырғанда
оның немен айналысатынын біле
аламыз.
Бүл формуладан шығатыны — әлеуметтік философия функ-цияларын тек
философиялық жүйеде ғана емес, бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім
жүйесінде де жеткілікті түрде айқын жеткізуге болатындығы. Ең алдымен,
әрине, әлеуметтік философия бойынша оқулық және арнайы әдебиет авторлары-
мен толық келісе отырып, оның дүниетаньшдық қызмет атқаратынын тиянақтауға
болады, өйткені ол әлеуметтік әлемді бей-нелеп қана қоймай, оның саналы
бейнесі ретінде оны жарата-ды да. Әлеуметгік философия әлеуметтік әлемнің
тек карти-насы, бейнесі ғана емес. Ол, сонымен қатар, әлеуметтік идеал-
дар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмірмен
байланысын анықтай отырып, осы әлемді жаратады да.
Екіншіден атқаратыны — методологиялық функция. Әлеуметтік философия мұны
пәндік және теориялық форма ретінде қыз-мет ете отырып және әлеуметтік
құбылыстарды тануда методо-логиялық бағдарлар мен жалпы философиялық
принциптерді пайдаланудың үлгісі бола отырып жүзеге асырады. Олардың
қатарына, мысалы, диалектика принципі (тарихилық принципі, абстрактылыдан
нақтыға өту принципі және басқалары) мен синергетика принципі (бүтін,
органикалық, өзін-өзі басқарушы және өзін-өзі үйымдастырушы жүйелердің
жүйелік-қүрылым-дық үйымының жалпы теориясы) жатады. Әлеуметтік филосо-фия
әлеуметтік-гуманитарлық білімдерді пәндік түрғыда үйым-дастыра отырып, оның
методологиялық өзегі ретінде көрінеді (мысалы, кешегі күндерде ол тарихи
материализм рөлімен көзге түсті).
Әлеуметтік танымның методологиялық бағдарында герме-невтиканың да үгыну мен
түсіндіру философиясы ретіндегі ма-ңызы зор. Әлеуметтік философия мен
әлеуметтік философтар-дың қазіргі жағдайы екі христианды еске түсіреді:
біріншісі өз Қүдайына сыйынып, оны үнемі мадақтап отырса, екіншісі оған
үнемі сүрақ жаудырумен өтеді. Әлеуметтік философияда да сол сияқты:
біріншілері өзінің қүдайы — қоғамды мадақ-тай отырып, оның ақыл-ойынан,
жетістігінен және прогресінен үміт күтсе, екіншілері — Біз кімбіз? Қайдан
шықтық? Қайда барамыз? Әлемдегі біздің болмысымыздың мәні неде? — де-ген
сұрақтармен, қалыптасқан ахуалдың шешімін іздейді. Бү-лардың екеуінің
арасындағы үқсастық, олар ең алдымен түсіну-ге үмтылып, сонан кейін ғана
түсіндіруге тырысады (ал Қүдай болса өзін түсінуді емес, өзіне сенуді
қалайды, бірақ қоғам Қүдай емес қой!).
Әлеуметтік философияның үшінші функциясы оның таным-дық, эвристикалық
қызметі болып табылады. Ол танымдық мәдениеттің элементі ретінде шындықты
тек бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмірдің заңдылықтары мен принциптерін
қалыптастыра отырып, бір нәрсені ашуга қабілеті бар, белгілі бір
эвристикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады.
230
Төртіншіден, әлеуметтік философия әлеуметтік болмыстың қүндылық негіздерін
пайымдай отырып, аксиологиялық қызметті атқарады. Оның ішіне белгілі
дәрежеде тәрбиелеуші функция да кіреді: әлеуметтік философия, біріншіден,
танымның, гумани-тарлық ойлаудың белгілі бір мәдениетін тәрбиелейді;
екіншіден, адамдардың және бүтіндей қоғамның белгілі бір қүндылық бағ-
дарларын тәрбиелейді, қалыптастырады.
Бесіншіден, әлеуметтік философия кейбір философиялық концепциялардағы
әлеуметтік болжау сәтсіз және ғылыми негізі жоқ деп жарияланғанына
қарамастан, болжамдық қызмет те ат-
қарады.
Сонымен, әлеуметтік философия, ең алдымен, Тарихтағы қоғамдық болмыстың
онтологиялық негіздерін зерттеумен ай-налысатын философиялық білім бөлігі.
Неге біз қайтадан оның тарихи қырына соншалықты мән береміз? Өйткені,
адамдар-дың қоғамдық өмірі де, яғни экономикалық, саяси, мемлекеттік-
қүқықтық және әлеуметтік-мәдени өмірі де, ең алдымен, Та-рих ағымында
өтеді. Ол біздің әлеуметтік болмысымыздың ерек-ше үйі. Қоғамдық өмірдің
зандылықтары мен логикасы, оның әуел бастағы мәні мен мақсаты туралы барлық
сүрақтар — бүл біздің тарихи болмысымыздың мөні, заңдылықтары, логикасы
туралы сүрақтар. Дәл осы Тарихта және тек Жерде ғана адам-дар өз болмысының
негізін жаратады, ол туралы ойды дамыта-ды және барлық методологиялық
мәселелерді қарастырады. Оның үстіне бүл ілімдер, концепциялар,
көзқарастар өздерінің қандай да бір тарихи уақыт кезеңдеріне
жатқызылғандықтары-нан және олардың өткінші, өзгеруші сипаттарына орай
белгілі бір тарихи өлшемге ие болады. Сондықтан да егер Тарих фи-лософиясы
бойынша лекцияларында айтылған, философия -оймен усталып қалган дәуір
дейтін Гегель пікірін назарға алар болсақ, онда бүл пікір ең алдымен
әлеуметтік философияға өте
сәйкес келер еді.
Белгілі философ М.К.Мамардашвили өз дәрістерінде былай деген: әлеуметтік
философия деп аталатын пөндегі барша нәрсе — бүл әрқашан да ең алдымен
адам феномені, яғни біздің нақты өміріміз. Біздің бүкіл өміріміз —
өзімізді жинау, өзімізде адамды жинау. Біз ең алдымен өз өмірімізді біз
үшін пайымдалған қандай да бір бүтінге жинаумен айналысамыз. Ал өзіңді
сөздер шырмауынан шығып, өз санаңда өзіңді игер-генде ғана белгілі бір
кеңістікте, топоста жинауға болады.
Әлеуметтік философия бүгінгі күні де сөздер мен пікірлер шырмауынан
шығып, адамның қоғамдық және индивидуалдық өмірінің мағынасы мен мақсаты,
ерекшеліктері, принциптері, мәні туралы қандай да бір нағыз Сөзге
ұмтылуда. Бұл тұрғы-да ол адамның өзіне өз санасы көмегі арқылы ие болу
формасы ретінде, өзін жинақтауға деген саналы рухани жігері ретінде
көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі дәуір талабына жауап іздеу негізін
қүрайтындай кейбір сүйеніш болар теориялық-методологиялық конструкцияларды,
терминдерді, категориялар-ды іздейді және табады.
Бүл бөлімді аяқтай отырып, кезкелген философиялық білім-нің метафоралық
білім екендігін ескерте кетейік.
Метафора деген не? В.И.Дальдің Түсіндірме сөздігі ме-тафораны бөтенше
сөз деп түсіндіреді.
Әлеуметтік нақтылықты зерттей отырып, философия адам-дар әлемінде жүріп
жатқан нәрселерді адекватты сөзбен, үғым-дық-категориялық тілмен бейнелеуге
үмтылады. Тарихи түрғыда бұл басым метафоралар өзгеріске түсіп отырады.
Айталық, Гегель дәуірінде әлеуметтік өмір заңдылықтарын білдіретін Сөз
халықтар рухы, еркіндік үғымдарымен бай-ланысты болды. Маркс үшін
қоғамның тарихи дамуы мәнін бейнелейтін метафора қоғамдық-экономикалық
формация үғымы болды. Біздің казіргі заман да мүнан қалыс қала алмай-ды.
Қазіргі әлеуметтік философияның негізгі метафоралары қатарына мәдениет,
өркениет, этнос, менталитет, қүндылықтар үғымдарын жатқызуға
болады. Біздің пікірімізше қазіргі әлеуметтік философия негізінен мәдениет
философиясы болып табылады.
Мүндай сапада ол өзінің өткен дамуы, принциптері мен ме-тодологиясы
тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамдық өмірдің барлық өзекті мәселелерін
талдап, шешуге үмтылады. Әрине, қазіргі бағдардағы өзгерістерді ескере
отырып, әлеуметтік фи-лософия өзінің методологиялық қүмарлығын заманға
бейім-деп, төзімділігімен, икемділігімен көзге түседі. Бүдан онда қатаң
концептуалдық позициялар мен басымдылықтар жоқ деген ой туындамауы тиіс.
Бір нәрсе күмөнсіз және өзгеріссіз: заман мен нақтылық динамикасына
байланысты әлеуметтік философияның метафоралық бағдары сапалы
езгергенімен, ол қоғамдық өмірдің онтологиялық негіздерін игеруге, үғынуға
және түсіндіруге бағытталған жүйелі, методологиялық, қүрылымдық түрғыда
үйымдасқан білім болып табылады және солай болып қала береді. Басқаша
айтқанда, өлеуметтік философия бүрынғысын-ша адамдардың әлеуметтік
болмысының онтологиясы болып қала береді.

Философиядағы адам мәселесі
4.2.1. Философия тарихындагы адамның, шыгу тегі және оныц мәні туралы
идеялар
Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, таби-ғаттағы орны және қоғамдық
өмірдегі рөлі мөселелері фунда-менталдық философиялық тақырыптардың бірі
болып табыла-ды. Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның
басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әр түрлі қырларын
зерттеуді негізгі мақсат түтатьш өзге де ғылы-ми салалар пайда болды.
Өкінішке орай, адамды зерттеу саласындағы жетістіктерге қарамастан оның
шығу тегі де, Жердегі өмірдің қай кезде пайда болғаны да қазіргі ғылым үшін
жүмбақ күйінде қалып отырға-нын мойындауға мәжбүрміз. Адам қалыптасуының
алғы тари-хын түсіндіріп беруге қабілетті, теріске шығармайтындай ай-ғақтар
және дәлелдермен бекітілген сенімді теория болмай отыр. Адам туралы бар
көзқарастар негізінен болжамдар мен үсыныс-тарға ғана сүйенеді. Бүған
таңдануға болмайды, өйткені әлем туралы қазіргі ғылыми көзқарастар бүдан
300—400 жыл бүрын ғана қалыптаса бастады, ал бүл адамзаттың көп ғасырлық
тари-хындағы аз ғана мезет. Алайда, осыған қарамастан адам табиға-тын
философиялық түсіндіру жалпы теориялық деңгейде үл-кен сенімге ие бола
отырып, дүрыс бағыт сілтейді.
Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бүрын айтыла
бастады. Бүл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз,
әпсаналар) мен алғашқы қауым-дық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда,
әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні
қарастырыла бастайды.
Адамды философиялық түрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер,
идеялар, образдар мен үғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия
мен мифология арасында-ғы сүхбат нөтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам
туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.
Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен
құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық
бол-мысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана
тән. Упанишад бүкіл Үндістанда адам философия-сы дамуына орасан зор ықпал
етті. Әсіресе, ол джайнизм, буд-дизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол
әсерін тигізеді.
Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең
көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Оның түпкі түжырымы
ретінде аспан кон-цепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын
анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де білдіреді.
Бірақ оның философиясы негізін аспан, немесе жалпы табиғи әлем емес, адам,
оның жердегі өмірі мен тіршілігі қүрайды, яғни антропоцентристік сипат
алады. Конфуций ең алдымен адамның адамгершілік әрекетіне назар аударады.
Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие болған адам
мораль заңына — даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бүл қасиеттерді оқу
үдерісінде жетілдіруі тиіс деп жазды. Оқыту-дың мақсаты Конфуций
концепциясына сай идеалды адам, қайырымды ер (цзюнь-цзы) деңгейіне жету
болып табылады. Цзюнь-цзыға жақындау үшін әрбір адам бірқатар этикалық
принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі негізгісі өзіңе қаламағанды
өзгеге жасама деген ережеге сай отбасы мен мемлекеттегі адамдар арасындағы
идеалды қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы (адамшылық,
гумандылық, сүйіспеншілік) болып табылады. Келтірілген ереже адамгершілік
императив ретінде кейінірек әр түрлі нүсқаларда Ежелгі Грекия-дағы жеті
данышпан ілімдерінде, Інжілде, Кантта кездеседі. Конфуций сяо (кішінің
инабаттылығы және ата-анаға, үлкенге деген қүрмет) принципіне де ерекше
көңіл беледі. Ол өзге жақ-сы қасиеттер негізі және үлкен отбасы ретінде
қарастырыла-тын елді басқарудың тиімді әдісі болып табылады.
Конфуций және оның ізбасарлары ілімімен қатар ертеқытай философиясындағы
келесі бір бағыт — даосизмді де атап өтуге болады. Оның негізін қалаушы Лао-
цзы саналады. Даосизмнің түпкі идеясы дао туралы ілім болып табылады. Дао —
бүл жеке-леген адамның қылығы және ойлауымен қатар, қоғамның, таби-ғаттың
көзге көрінбейтін, барлығын қамтитын заңы. Адам өз өмірінде дао принципіне
сүйенуі керек, яғни оның іс-әрекеті мен қылығы Ғаламның және адамның
табиғатымен үйлесуі керек. Дао принципін сақтау толық азаттыққа, бақыт пен
игілікке жеткізеді, ал егер оны сақтамаса, өлім мен сәтсіздікке үрынады.
234
Ғаламды да, индивидті де жасанды жолмен тәртіп пен үйле-сімділікке әкелуге
болмайды, ол үшін әркімнің еркіндігі мен жаратылысынан бар ішкі қасиеттерін
дамыту қажет. Сондықтан да данышпан билеуші дао жолымен жүре отырып, елді
басқару үшін ешнәрсе істемейді (қылық жасамау принципін үстанады); сонда
ғана ол және оның мүшелері тыныштық пен үйлесімділік жағдайында болады.
Даода барлық заттар бір-бірімен тең және барлығы да біртүтастыққа бірігеді:
Ғалам мен индивид, ерікті мен қүл, түрпайы мен әдемі. Дао жолымен жүретін
данышпан барлығына бірдей қатынас жасайды жөне өмір туралы да, өлім туралы
да қайғырмайды, оның өткіншілігін түсінеді.
Ежелгі Шығыстың адам философиясын сипаттай отырып, оның маңызды бөлігі жеке
түлғаның әлеуметтік әлемге де, та-биғи әлемге де бірдей өте қүрметті және
гуманды қатынас жа-сайтын бағдары екендігін атап өтуге болады. Сбнымен
бірге бүл философиялық дәстүр адамның ішкі әлемін жетілдіруге бағыт-талған.
Қоғамдық өмірді, тәртіпті, әдет-ғүрыпты, басқаруды және т.б. жақсарту
сыртқы әлем мен жағдайлардың өзгеруімен емес, ең алдымен индивидтің
өзгеруімен, оның қоғамға бейімделуімен байланыстырылады. Адам өзін
жетілдіру жолын өзі анықтайды және өзінің қүдайы мен қүтқарушысы болып
табылады. Ежелгі Шығыстың адам философиясы және буддизм, конфуцийшілдік,
даосизм сияқты дүниетанымдық ағымдар адам туралы ілімнің кейінгі дамуына,
сонымен қатар Шығыс елдерінің дәстүрлері мен мәдени үлгілеріне, ойлау
тәсілі мен өмір сүру тәртібі қалыптасуына орасан зор ықпалын тигізді.
Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек
абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылдана-тын белгілі бір қатынастар
жүйесінде өмір сүреді. Өзінің барлық табиғи жөне әлеуметтік ортасымен,
көршілерімен, полиспен, жанды және жансыз заттармен, жануарлармен,
қүдайлармен бірге ол біртүтас, ажырамас әлемде емір сүреді. Ғарыш
түсінігінің өзі мүнда адамдық мәнге ие болады, сонымен қатар адам тірі ағза
ретінде, макрокосмос бейнесі микрокосм ретінде, ғарыштың бір бөлігі ретінде
пайымдалады. Гилозоизм позициясының, яғни тірі мен өлі арасындағы шекараны
теріске шығарып, универсумның жалпы жандылығын мойындайтын позицияны
үстаған милет мектебі өкілдерінің көзқарастары дәл осындай еді.
Тікелей антропологиялық проблематикаға өту софистердің сыншыл, ағартушылық
әрекетімен жөне философиялық эти-каның негізін қалаған Сократтың еңбегімен
байланысты бол-ды. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі әлемі, оның жаны
мен қасиеттері болып табылады. Ол игілік — білім деп тұжы-рымдай отырып,
алғаш рет этикалық рационализм принципін негіздейді. Сондықтан да
қайырымдылық пен әділеттілікті та-ныған адам жаман және әділетсіз қылық
жасамайды. Адамның міндеті ақиқатты тану негізінде ұнемі адамгершілік
парасатты-лыққа ұмтылуда. Және бұл ең алдымен өзіңді-өзің тануға, өз
адамгершілігіңнің мәнін ұғынуға бағытталады.
Демокрит — адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі. Демокрит
бойынша, адам — табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады.
Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да жойылады.
Оның айтуын-ша өмірдің мақсаты — бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен
өзімшілдік емес. Бақыт — бұл ең алдымен рухтың қуанышты және жақсы көңіл-
күйде болуы. Оның маңызды алғышарты — ақыл-ой. Демокритпен салыстырғанда
Платон жан мен тән ан-тропологиялық дуализмі позициясын үстанады. Бірақ жан
ғана адамды адам ететін субстанция болып табылады, ал тән оған қарсы
материя ретінде қарастырылады. Сондықтан да адамның жалпы сипаттамасы, оның
мақсаты және әлеуметтік статусы жанның сапасына тәуелді. Адам жаны үнемі
идеялардың трансцендентті әлеміне тартылады, ол мәңгі, ал денеге өлім тән.
Платон бойынша, адам өмірінің мәңгі трагизмі жанның түтас-тығында жөне жан
мен тәннің қарама-қарсылығында.
Аристотель концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп
қарастырылады. Жөне адамның бүл әлеуметтік таби-ғаты оны жануарлардан да,
адамгершілік түрғыда жетілмеген-дерден де, жоғары адамнан да
ерекшелендіреді. Сондықтан да ол былай деп жазады: егер кімде-кім езіне-
өзін жеткілікті санап, ешқандай қарым-қатынасқа түсуге қабілетті болмай,
оған деген қажеттілікті де сезінбесе, онда ол мемлекет элементін қүрамайтын
не жануар, не қүдай болғаны. Адамның тағы бір ерекше белгісі — оның
ақылдылығы, адам - бүл ең алдымен ақыл-ой. Сонымен, Аристотельдің
пікірінше, адам - ақылға ие қоғамдық жануар. Әлеуметтік пен ақылдылық - оны
жануар-дан айрықшаландыратын екі негізгі сипаттамасы. Аристотель адамның
әрекеттік мәні туралы жағдайды қалыптастыруға өте жақын келеді. Оның ойынша
адамның игілікті ісі әрекеттен көрінеді және онда түлғаның өзін-өзі
көрсетуінің бірден-бір мүмкіндігі берілген. Қоғам мен түлғаның
арақатынасында Арис-тотель индивидтен гөрі әлеуметтік түтастықтың басымдылы-
ғын мойындайды. Алайда ол жеке меншікті жақтай отырып, экономикалық
индивидуализмді қолдайды жөне ең алдымен
236
өзіңді-өзің көбірек сүю керек дей отырып, этикалық инди-видуализмді
жақтайды. Бүл жерде біз ақылды эгоизм концеп-циясьшен кездесеміз.
Ертегрек философиялық антропологиясы да Ежелгі Шығыс фи-лософиясы сияқты
мифология мен дін таңбасын өзімен бірге ала жүреді және олармен тікелей
сүхбаттаса дамиды. Бірақ Ежелгі Гре-киядағы адам философиясы өз
мектептеріне, бағыттары мен пози-цияларына қарай әр түрлі болып келеді.
Оның шығыстық филосо-фиядан басты ерекшілігінің бірі, мүнда адамның әлемге
қатынасы ашық және қоғам мен оны өзгертуге қатысты белсенді позиция
үстанылады. Оның үстіне, шығысқа қарағанда, батыстың филосо-фиялық
антропологазмінде рационализм принципі басым.
Ортағасырларда адам ең алдымен қүдай бекіткен әлемдік тәртібінің бөлігі
ретінде қарастырылады. Ал ол туралы қөзқарас христиан дінінде
көрсетілгендей, адам қүдайдың бейнесі жөне соған үқсастығы түсінігіне
саяды. Әлеуметтік түрғыда ортаға-сырларда адам қүдіретті тәртіптің бей-жай
қатысушысы деп жа-рияланды және қүдайға қатынасында ол төмен әрі бейшара
жан болып табылады Ортағасырлық христиандық философияның көрнекті өкілі
Аврелий Августиннің пікірінше, адам — бір-біріне тәуелсіз жан мен тәннің
қарама-қайшылығы. Алайда, тек жан ғана адамды адам ете алады. Бүл оның жеке
иммоненттік суб-станциясы. Августиннің бүл мәселеге қосқан жаңалығы — адами
түлғаның дамуы. Августинмен салыстырғанда Фома Аквинский адам туралы
христиандық ілімді негіздеуде Аристотель филосо-фиясын пайдаланады. Адам —
бүл жануарлар мен періштелер арасындағы жан. Ол жан мен тәннің түтастығын
білдіреді, бірақ жан тәннің қозғаушысы және адамның мәнін анықтайды. Егер
Августин үшін жан тәнге тәуелсіз және адаммен бірге болса, ал Фома
Аквинский үшін адам екеуінің де түлғалық түтастығы бо-лып табылады. Жан —
материалды емес субстанция, бірақ езінің толық болмысын тек тән арқылы ғана
көрсете алады.
Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда бо-лып келе жатқан
капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми
білімнің ықпалымен қалыптасты. Егер ортағасырлардың діни философиясы адам
мәселесін мистикалық түрғыда шешсе, ал Жаңғыру дәуірінің философиясы адамды
жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел
бастағы күнәкарлығы тура-лы ілімге қарсы, ол адамның қайырымдылыққа,
бақытқа және үйлесімділікке табиғи үмтылысын бекітеді. Бүл философияға
гуманизм мен антропоцентризм түтастай тән.
Бұл дәуірдің философиялық антропологиясында жеке мүд-де үстемдігі мен
туындап келе жатқан капиталистік қоғамдық қатынастарға байланысты жақындай
бастаған индивидуализм, эгоизм жөне утилитаризм қадамдары байқалады. Жеке
мүдде үстемдігінің адам туралы көзқарасқа әсері Т.Гоббс концепция-сынан
білінеді. Аристотельге керісінше, ол табиғаты жағынан адам қоғамдық жан
емес деп есептейді. Керісінше, адам — адамға қасқыр, ал барлығының
барлығына қарсы соғысы қоғамның табиғи жағдайы болып табылады. Оның
методологиялық индивидуализмі мен номинализмі әлеуметтік және этикалық
индивидуализммен тығыз байланысты.
Алайда жаңаеуропалық рационализмнің негізін қалаушы Рене Декарт болып
есептеледі. Оның ойынша адамзат өмір сүруінің жалғыз күмәнсіз айғағы ойлау
болып табылады және ол мынадай негіздеуші тезистен келіп шығады: Мен
ойлаймын, демек, өмір сүремін. Оның үстіне бүл философта жан мен тәннің
екеуін екі түрлі сападағы субстанция ретінде қарастыратын антропология-лық
дуализмді аңғаруға болады. Декарттың ойынша, дене өзіндік машина болып
табылады, сана оған әсер етеді және өз кезегінде оның ықпалын да
қабылдайды. Бүл адамды машина ретінде қарас-тырған механистік көзқарас Жаңа
заман философиясына кеңінен таралды. Ж.Ламетридің Адам — машина деп
аталатын жүмы-сында механистік материализм көзқарасы негізделеді. Ол бойын-
ша, тек біртүтас материалдық субстанция ғана өмір сүреді, ал адам ағзасы
сағат тетігі тәрізді дербес оталатын машина.
Мүндай көзқарас XVIII ғасырдағы француз материалистеріне (Гольбах,
Гельвеций, Дидро) де тән. Олардың философиялық антропологиясының өзгеше
ерекшелігі — адамды табиғат заң-дарымен детерминацияланған оның өнімі
ретінде қарастыру.
И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық
зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Декарт сияқты Кант та
антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, бірақ оның дуализмі жан мен
тән дуализмі емес, адамгершілік-табиғи дуализм. Канттың пікірінше, адам бір
жа-ғынан табиғи қажетгілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік еркіндік
пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Сезімдік әлемнің қүрамдас бөлігі
ретінде ол қажеттілікке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ол
ерікті. Бірақ Кант адамның адамгершілік өрекетіне басым рөлді береді. Кант
адамды автономды және тәуелсіз бастау ретінде, өзінің теориялық, прак-
тикалық әрекетінің қожайыны ретінде айқындауға үмтылады. Адам әрекеті мен
қылығының түпкі цринципі категориялық
238

императив болуы тиіс. Категориялық императив — кезкелген түлғаның өзіндік
мақсаты өзіндік жетілу болғандықтан, ол еш-қашан да, қандай да бір
міндеттердің, тіпті игілікті міндеттердің де жүзеге асу қүралы ретінде
қарастырылмауы тиіс деген түжы-рымға негізделген формальды ішкі талап.
Өз ілімінде Кант сана мен бейсаналық мәселелерін де қоз-ғайды. Ол адамда
ақылмен бақыланбайтын қараңғы елестердің бар екенін айтады. Және бүл
танылмаған елестер саласы сана саласынан әлдеқайда көбірек. Осылайша
Канттың философия-лық антропологиясы Фрейдтен көп уақыт бүрын адамдағы са-
налылық пен бейсаналылықтың арақатынасы мәселесін күн тәртібіне қойды. Бүл
жағдайда, егер Фрейд бойынша ләззат алу принципі биологиялық
қажеттіліктерді өтеумен байланысты болса, ал Кант үшін жүмыс өмірмен
шаттанудың жақсы төсілі. Адам көп жасаған сайын көп нәрсе тындырды, өмірі
неғүрлым әрекетке толы болған сайын, өмірден көп ләззат алды.
Гегельдің антропологиялық концепциясы, оның бүкіл фи-лософиясы сияқты
рационализммен түнып түр. Адамның жа-нуардан артықшылығының өзі, ең алдымен
адамзатқа оның адам-дығы туралы хабар беретін ойлауында. Ол адамның рухани
әре-кет субьектісі және жалпы маңызды рух мен ақыл-ойдың тасы-малдаушысы
ретіндегі жағдайын аса зор күш-жігермен дәлел-деп берді. Түлға индивидпен
салыстырғанда адам өзінің шексіз, жалпы және еркін жан екендігін
сезінгенде ғана басталады. Әлеуметтік түрғыда оның ілімі индивидтен
әлеуметтік бүтіндік-тің басымдылығы принципін айшықты түрде көрсетеді.
Гегель идеализмімен салыстырғанда материалист Фейербах тірі, эмпирикалық
адамның маңыздылығын тиянақтайды. Ол адамды ең алдымен табиғаттың бөлігі,
сезімдік-тәндік жан ретінде тани-ды. Оның философиясының өзегін қүрайтын
антропологиялық принцип адамның дәл осындай түсінігін үсынады. Фейербахтың
антропологиялық монизмі адамның идеалистік түсінігіне қарсы, жан мен тән
дуализміне қарсы бағытталған және табиғатқа мате-риалистік көзқарасты
бекітумен байланысты. Бірақ адамның өзін Фейербах өте абстрактылы түсінеді.
Оның адамы нақты әлеуметтік байланыстар мен әрекеттерден оқшауланып қалады.
Оның фи-лософиялық антропологиясы негізін Мен және Сен арасындағы
қатынастар, оның ішінде, әсіресе ерекше маңызға ие еркек пен әйел
арасындағы қатынастар қүрайды.
Маркс адамды түсінуде ең алдымен еңбек әрекетін алға тар-тады.
Қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды. Қоғам түлғаның қасиеттерін
детерминациялайды.
Өмір философиясы (Ницше, Дильтей) адам ерекшелігін бірде органикалыққа,
биологиялыққа жақындайтын, бірде мәдени-тарихи мәнде түсіндірілетін өмір
феноменінен көреді. Өмір фи-лософиясында алдыңғы орынға адамның ақыл-ойдан
тыс қабі-леттері шығады: сезім, ерік, интуиция. Көбіне санаға адам қылы-
ғының терең қайнар көзі болып саналатын бейсаналық қарсы қойылады. Фрейд
пен фрейдизм бейсаналықты санадан жоғары қояды. Діннің, мәдениеттің, барлық
адамзаттықтың қайнар көзі адамның өзі ол туралы есеп бере бермейтін
бейсаналықта деп есептейді.
Экзистенциализм, ең біріншіден, индивидуалды адам өмір сүруінің
шынайылығына мазасызданады. Ол еркіндікті табиғи-лықтан да, барлық түлғасыз
күштерден де іздейді. Алдыңғы орынға сезім, бірақ жай ғана сезім емес,
сезіну, алаңдау, маза-сыздану үдерісі шығады. Бір мезеттік сезімдер орнына
үзақ уақыттарға созылатын сезімдік көңіл-күй келеді.
Гуссерль феноменологиясы түлға түйықтығын игеруге үмты-лады. Көңіл-күй әуел
бастан сыртқы әлемге бағыггалғандық-тан, ол интенционалды деп есептеледі.
Адам жай ғана өмір сүріп қоймайды, ол әлемде өмір сүреді.
Өмір философиясы мен Гуссерль феноменологиясында негізі қаланған
үдерістерді дамыта отырып, XX ғасырдың 30-жылдары Германияда Шелер мен
Плеснер жүмыстары арқа-сында адам проблематикасымен айналысатын ерекше
филосо-фиялық пән - философиялық антропология қалыптасты. Фи-лософиялық
антропология өкілдері адамды өзінің барша толық болмысында философиялық
тану бағдарламасын үсынды. Олар адам болмысының өр алуан саласын
онтологиялық, жаратылыс-танымдық-ғылыми және гуманистік түрғыдан зерделеуді
бүтіндей философиялық игерумен біріктіруге үмтылды.
4.2.2. Адам және оныц мәні туралы к,азіргі көзк,арастар
Ғылымның қазіргі жетістіктері адамды биологиялық факторлармен қатар
әлеуметтік факторлар да маңызды рөл ат-қаратын эволюциялық даму өнімі деп
түжырымдауға мүмкіндік береді. Осы орайда адамның жоғары үйымдасқан
жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтар-ды мүмкін
еткен үрдістерді ғылыми түрғьща түсіндіру туралы мөселе шешуші мәнге ие
болады.
240
Алайда әлемнің қазіргі ғылыми картинасында антропогенез үдерісі көп
жағдайда белгісіз күйінде қалып отыр. Бүл жағдай адам феноменін тамаша
зерттеуші, атақты француз филосо-фы, биологы, палеонтологы және антропологы
Пьер Тейяр де Шарденнің мынадай сөздерімен түсіндіріледі: адам эволюция-
ның өзегі мен шыңы болып табылады және адамның кілтін табу, демек әлемнің
қалай қүрылғанын және ол қалайша ары қарай қүрылуы тиіс екенін білуге
үмтылу деген сөз.
Жетіспейтін айғақтардың жоқтығы, адамға деген ескі көзқа-расқа күмән
келтіретін жаңа ашылымдар адамның мәні мен табиғаты туралы өр түрлі
концепциялар туғызды. Оларды жал-пы, шартты түрде рационалистік және
иррационалистік деп бөлуге болады. Иррационалистік көзқарас негізіне адам
әрекеті немесе оның кең мағынасында адам болмысы түсіндіруге келмейтін ішкі
сарындар, ырықтар, көңіл-күйлер көрінісі по-зициясымен талданатын идеялар
қүрайтын экзистенциализм, неотомизм, фрейдизм ілімдерін жатқызуға болады.
Бүтіндей алғанда иррационалистік концепциялар адамның кейбір қыр-лары мен
қасиеттерін ашқанымен, адамның шығу тегі жөнінде ешқандай логикалық түрғыда
дайындалған теория немесе ең болмағанда гипотеза да бермейді.
Адам туралы біздің қазіргі көзқарастарымыз иррационалистік бағыттағы
ойшылдар жетістіктерін ескергенімен, көбіне рационалистік, материалистік
және идеалистік идеяларға сүйе-неді. Мысалы, жүздеген, мүмкін мыңдаған
жылдарға созыл-ған адамның жануарлар әлемінен бөлініп шығу үдерісін
түсіндіре отырып, Маркс пен Энгельс былай деп жазады: адам-дарды
жануарлардан санасына, дініне жалпы тағы басқалары-на қарап айыруға болады.
Ал олар өздерін жануарлардан өмірлік қажетті қүралдарды өндіре бастаған
кезден айыра бас-тайды, адамдар өздерінің материалдық өмірін жанама жолмен
өздері өндіреді. Жануарлық жағдайдан адамға өтуге мүмкіндік беретін басты
критерий оның мәдениеттенуі — бүл жерде ма-териалдық өндіріс болып
көрінеді. Адамның өлеуметтік-био-логиялық эволюциясын түсіндіруде Энгельс
үсынған антро-погенездің еңбек теориясының маңызы зор. Бүл теорияны
жақтаушылар еңбек биологиялық заңдар әсерін теріске шы-ғармайды, бірақ ол
табиғи сүрыпталу әрекеті сипатын өзгертеді, қалыптасушы адам өз жеке өлшемі
бойынша табиғатты өзгер-ту кабілетіне және адамның өзі қалыптасуына ықпал
етеді деп санайды. Еңбек әрекеті арқасында адамның биологиялық және рухани
қажеттіліктері өтеледі, адамдардың бірігу ауқымы кеңейе түседі. Еңбек
арқылы адам өзін, өзінің физикалық жөне ақыл-ой қабілеттерін көрсете алады.
Адам жөне адамзат түлғасы қалыптасуындағы үлкен рөл тілге тиесілі. Тіл
арқасында адамның ойлауы дамиды. Тіл алғашқы қауымдық адамдардың бірлескен
еңбек әрекеті арқасывда қоғам-ның қалыптасуымен бірге пайда болды және
дамыды. Дыбыс-тарға бөлінген сөздің пайда болуы адамның қалыптасуы мен да-
муында, адамдар арасындағы қатынас орнығуында және алғаш-қы адам
қауымдастықтары түзілуінде орасан зор рөл атқарды.
Тіл маңызы, ең алдымен, онсыз адамдардың еңбек әрекеті практикалық түрғыда
мүмкін еместігімен сипатталады. Өзара қатынас арқасында адамдар бір-бірімен
байланыс орнатты, өзара әрекеттің өр түрлі мәселелері бойынша келісті,
тәжірибе бөлісті және т.б. Тілдің көмегімен бір үрпақ келесісіне ақпарат,
білім, әдет-ғүрып және дәстүрлерді жеткізіп отырды. Онсыз бір қоғамда өмір
сүретін әр түрлі үрпақтар арасындағы байланысты көзге елестету қиын.
Адамзат психикасы қалыптасуы мен адамзат ойлауы даму-ында тілдің рөлі өте
үлкен. Адамның жоғарыда келтірілген бар-лық қасиеттері адам қауымдастығынан
тыс пайда болуы, өмір сүруі, дамуы мүмкін емес еді. Бүл жолдағы маңызды
қадам моногамды отбасы мен ру түріндегі алғашқы адам қауымдас-тықтарының
пайда болуымен сипатталады. Мүның арқасында адамның биологиялық түр ретінде
сақталуы мен дамуына қолай-лы алгышарттар қалыптасып қана қоймай, енді оны
тәрбиелеу-мен айналысуға, яғни бірлесіп өмір сүруде тәртіптер мен ғүрып-
тарды сақтап, үжымдағы өмірге үйретуге жағдай туды.
Адамның мәні мәселесі адам туралы философиялық ілімнің өзегін қүрайды.
Адамның дамуы мен тарихи негізін және оның мәнін қүрайтын субстанция
ретінде қазіргі ғылым қоғамдық өндіріс шеңберінде жүзеге асатын еңбек
әрекетін атайды. Қоғам-дық өндіріс пен Еңбек өрекетінің дамуы нәтижесінде
адамдар-дың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтің жеке дамуы қоғамдық
қатынастардың бүкіл жиынтығын өн бойында жинақ-тауына, игеруіне жөне оны
жүзеге асыруына байланысты. Сон-дықтан да Маркс адамды абстрактылы түрғыда
түсінгені үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды: адамның мөнділігі
жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында бар-лық қоғамдық
қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Бүл жерде қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде оның материалдығы мен
идеалдылығы да, бүгіні мен өткені де айты-лады. Адам бір мезгілде өндіруші
де, ақылды да, мәдени де,
242
имани да, саяси да және т.б. жан болып табылады. Ол өз бо-йында белгілі
дәрежеде қоғамдық қатынастардың барлық түрлерін қорыта отырып және
осылайша, өзінің әлеуметтік бол-мысын іске асырады. Бүл мәселенің тағы бір
қыры — адам адамзат тарихының жемісі екендігі. Қазіргі адам ешқайдан
шыққан жоқ, ол қоғамдық-тарихи үдеріс дамуының нәтижесі болып та-былады.
Басқаша айтқанда, адам мен адамзат тегінің біртүтас екендігі сөзсіз.
Алайда, адам қоғам мен қоғамдық қатынастар нәтижесі ғана емес, өз кезегінде
оның жаратушысы да. Осылайша, ол бір мезгілде қоғамдық қатынастардың
объекті де болып табылады. Адамда субьект пен объект түтастығы жүзеге
асады. Осылайша адамның әлеуметтік-әрекеттік мәні туралы айтуға болады.
Әрекетсіз, әлеуметтік қарым-қатынастарсыз адам адам бола алмайды.
Бірақ адам өз мәнділігінде салыстыруға келмейді. Бүл нақ-тылық оның өмір
сүруі барысында аңғарылады. Және де, егер адамның мәні — адамзат тегінің
жалпы сипаттамасы болса, ал әрбір индивидтің өмірі өзінің нақты-эмпирикалық
түрғысында әрқашан да индивидуалды және тек мәнділікпен ғана қамтыл-майды.
Адамның өмір сүруі өзінің алуан түрлі формалары, түрлері мен қасиеттері
көріністерінің бүтін түтастығы ретіндегі индивид болмысы болып табылады.
Бүл бүтіндік, ең алдымен, адамның үш негізгі бастаудың — биологиялық,
әлеуметтік және психикалық бастаулардың түтастығы екендігінен, адамның
биопсихоөлеуметтік феномен екендігінен көрінеді. Бүл фактор-дың кезкелген
біреуін алып тастасақ, адамның өзін де жояр едік. Сондықтан да, адамның
қабілеттерінің дамуы және оның бүтіндік қалыптасуы әрқашан да осы негізгі
факторлармен бай-ланысты: табиғи жаратылыспен, әлеуметтік ортамен және ішкі
Менімен (ерік, үмтылыс, мүдде т.с.с).
Адамның емір сүруі мәселесі де адам мәні мөселесі сияқты маңызды. Оның
алғышарты туралы емес, адамның өмір сүруі мен мәнділігінің түтастығы мен
қажетті байланысы туралы ай-туға болады. Адам әрқашан да, бір жағынан, әуел
бастапқы әлдене және, екінші жағынан, ол өзінің із-таңбасы мен шектеуін
қалдыратын әлеуметтік ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмір сүру
осы қажеттіліксіз, оның мәнін қүрай-тын қоғамдық қатынастар жүйесінсіз
мүмкін емес. Сонымен қатар, оның мәні де оның өмір сүруінен тыс бола
алмайды.
Адам бойындағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақаты-насы мәселесі де осы
өмір сүру мен мәнділік мәселесімен бай-ланысты. Өзінің мәні жағынан адам
әлеуметтік жан. Сонымен бір мезгілде ол табиғаттың жемісі және оның
шектерінен тыс өмір сүре алмайды, өзінің биологиялық қажеттіліктерін
өтейді, ішеді, жейді, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні
Философия пәні мен қызметі
Философия: пәні мен функциясы
Әлеуметтік философия
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Әлеуметтік философия түсінігі
Философия пәні және дүниеге көзқарас
Әлеуметтік философия. Қоғам мәселесі
Философия пәні және оның қызметі
Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь