Балалардың ойындар арқылы табиғатпен таныстыру ерекшелігі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Педагогика және
психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Балалардың ойындар арқылы табиғатпен таныстыру ерекшелігі»
Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:
Орал қаласы - 2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім:
І. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру . . . 5
1. 2. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру . . . 11
ІІ. Балаларды табиғатпен таныстыруда ойындарды қолдану ерекшеліктері
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын танымдық-шығармашылық ойындар арқылы қалыптастыру . . . 17
2. 2. Ойындыдар туралы жалпы түсінік . . . 18
2. 3. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері . . . 23
ІІІ. Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғатпен танысу жөніндегі білімдерін жинақтау үшін оқыту - тәрбиелеу үдерісіндегі ойындыдардың тиімді қолдануын экспериментті оқыту
3. 1. Ойындарды қоршаған ортаны тану құралы ретінде іс-тәжірибе жүзінде тексеру . . . 27
3. 2. Ата-аналармен жұмыс істеуі арқылы экологиялық білімдерін дамыту . . . 28
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 32
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты-табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларынан түзілгенқалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры,
ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат
бітіру.
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат құбылыстарының жұмбақ сырлары әрқашан да қызықтырады. Олар тілі шыға бастаған кезден-ақ үлкендерден әрнәрсені сұрап, білмекке құштар. Әрнәрсені «қар неге жауады? Жаңбыр қайдан пайда болады? Жеміс-жидектер қыста неге піспейді? Қарлығаш неге күн жылы кезде келеді? Шыбын-шіркейлер күн суығанда қайда кетеді? - деген сияқты сан алуан сұрақтар қояды. Бала естіген, көрген, сезген нәрсесін танығысы, білгісі келуі заңды ғой. Ендеше балалардың осындай сұрақтарына мән беріп, ойдағыдай түсіндіре аламыз ба? Бүлдіршін бөбектің тіршілік, түйсігі осындай ұсақ-түйектен қалыптаса беретіні бекер ме?Бала зейінін құстар сайраған дауысына, судың сылдырына, жапырақтардың сыбдырына аудара отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан өзгерістерді өздігінше бақылай білуге де үйрету қажет. Мұны бала психологиясын жетік білетін, туған елінін табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей алады.
Балалардың қоршаған ортаны танудағы өзіндік ойларының дамуына пайдаланылатын шығармашылық, қимылдық, бақылау ойындармен қоса, кең тұрғыда ойындыдарда қолданылады. Ойынды- бұл өмірді тану құралы: ойын арқылы бала заттардың құрылымын, түрін, түсін, пішінін, өсімдіктер мен жан - жануарларды білетін болады. Ойын ойнату барысында балаларда бақылай алу қабілеті дамиды, қызығу ортасы кеңейеді, талғам мен сұрақтары пайда болады.
Шетел елдерде ойындардың, оның ішінде ойындыдардың қағидасын мына ғалымдар жасады: К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, В. А. Сухомлинский, О. С. Газман, А. И. Мазаев, Н. Н. Шацкая, А. К. Бондаренко, А. В. Корзун, Р. М. Миронова, И. Я. Гуткович, Т. В. Владимирова, С. В. Кишко және тағы басқалар.
Зерттеу пәні: табиғаттану
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелер
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғатпен танысу жөніндегі білімін жүйелеу және ойындыдардың қолдану тиімділігін білу үшін оқу - тәрбие үдерісіндегі ойындыдардың қолдану ерекшелігін оқыту.
Зерттеудің міндеттері:
- ойынды туралы жалпы түсінікті анықтау;
- мектепке дейінгі жастағы балалардың білімін жүйелеудегі ойындыдардың мүмкіндігін анықтау;
- мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғатты тану үдерісіндегі даму мен қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;
- ойындыдарды табиғатты тану тану құралы екенін іс-тәжірибе жүзінде тексеру;
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыруда ойындарды қолдану әдіс- тәсілдері теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыруда ойындарды қолдану әдіс- тәсілдерін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі табиғатты таныстыруда ойындарды қолдану туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;
Курстық жұмыстың болжамы: ойындыдар мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғатпен танысу жөніндегі білімін жүйелеу үдерісіне қалыпты ықпал етеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;
І. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі
- Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
Табиғат дегенiмiз - бұл бiздiң санамыздан тыс, бiзге бағынбайтын, бiздiң өмiрiмiздiң тiрегi болып тұрған болмыс, әсем дүние.
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол - ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады.
Ал табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылды.
Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар:
а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі;
ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.
Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
- табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рөлді ойын;
- балабақша алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т. б. жөндеу) іс-әрекеті;
- табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
- табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау - бақылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;
- тәжірибе жасау - бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;
- тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, диалогқа қатысу;
- табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;
- бақылау - өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;
- табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалау, балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.
Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.
Балалармен табиғатпен таныстыру бағытындағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың табиғатты қорғау деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі табиғат туралы білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.
«Тіршілік иелерінің өміріне қажеттілік туғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Табиғатты қорғау арқылы жақсы нәтижеге жету - осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылауларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.
Табиғатты бейнелеу әдісі - экологиялық тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады.
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарға қамқор болуға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Табиғат әлеміне қамқорлық жасау мақсатында таным білім саласы, қоршаған орта бойынша: 1. «Судың маңызы» 2. «Құстар тіршілігі». 3. «Ағаштар неге ашуланды». 4. «Үй жануарлары». 5. «Жыл мезгілдері». тақырыптарында ұйымдасқан ойын іс -әрекеттері өткізу керек.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі - бізге, ерексектерге байланысты. Балалар үйі балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:
- саяхат;
- мұражайларға бару;
- мақсаттық серуендеу;
- телебағдарламалар, бейнефильмдер;
- табиғат туралы көркем әдебиеттер;
- суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;
- музыка тыңдау;
- дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;
Ересек және даярлық жастағы балалар “тірі” және “өлі” табиғат деген түсініктермен таныс. Экологиялық тәрбиелеу бойынша балалармен жұмыста экологиялық қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді. Педагогтармен “Балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы”тақырыбында педагогикалық кеңес жүргізілді. Педагогикалық кеңеске даярлық тобының педагогтары бізді қоршаған ортада балалардың қауіпсіздігін сақтау бойынша сабақтар жүргізді. Әрбір топта әр түрлі жағдайларды модельдеу үшін құралдар дайындалып ресімделген болатын. Балалар экологиялық ертегілерді, тақпақтарды, әңгімелерді, жұмбақтарды тыңдауды, өз ойларымен бөлісуді жақсы көреді. Балалармен сабақ баланы бізді қоршаған ортаның жағдайы әрбір адамға байланысты екендігін сендіруге көмектеседі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:
-педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;
-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.
Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді . . . Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.
Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялык тәрбие меселелерін шешеміз.
Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиеленміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.
Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
З. Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.
Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ солар шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т. б. бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды.
Қиырсыз кең байтақ далада үнемі көшіп-қонып өмір сүру адамдардан кеңістікті жақсы бағдарлай білуді және жұлдыздар көмегімен құдықтар мен қоныс жайылымдар жолдарын дәл таба білуді талап етті. Көптеген көшпенділер негізгі аспан жұлдыздарын білумен қатар, ауа-райын да алдын-ала болжай алды. Бұл маусымдық жұмыстармен дұрыс жоспарлауға көп септігін тигізді. Айдың тууы мен аяқталуына орай күндізгі уакыт аспанда күннің орналасуына қарай бағдарланды.
- Балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар.
Мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру - бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz