Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары


ӘОЖ 373. 3:37. 035. 6:78 Қолжазба құқығында
АХТАНОВА САЛТАНАТ КУБЕЙБЕКОВНА
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
13. 00. 01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Шымкент, 2010
Жұмыс А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Еркебаева Г. Ғ.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Дүйсенбінова Р. К.
педагогика ғылымдарының
кандидаты Имашева А. Т.
Жетекші ұйым: Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Қорғау 2010 жылы «___» сағат М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 20. 01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.
Диссертациямен М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5 үй, 2-қабат) .
Автореферат 2010 жылы «» таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы С. А. Жолдасбекова
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру - қазіргі заманның өзекті мәселесі болып тұр. Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді. Жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген.
Қандай бір халықтың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей және оны күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланбай, жан-жақты жетілген ұлтжанды жастарды тәрбиелеу мүмкін емес. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру барысында, біріншіден , бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруда, екіншіден , өз халқының ұлттық, мәдени-тарихи, әлеуметтік-экономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аудару қажет. Мұндай жағдай басшылыққа алынған жерде, ұлттық мектептің өзекті мақсаты - адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан парасатты тұлғаны тәрбиелеу болып шығады.
Әр халықтың ұлттық мәдениеті халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Сол себепті, бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесінің мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Сондай-ақ, еліміздің қоғамдық- экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани қарым-қатынас жағдайлары жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын осы үдеріс талаптарына сай ойластыруды қажет етеді. Демек, оқушыларға әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім-тәрбие беру маңызды мәселеге айналып отыр. Ал бұл өз кезегінде оқу-тәрбие үдерісін бастауыш сыныптан бастап олардың дүниетанымын ұлттық мәдениетіміз мазмұнына бағыттау және олардың ғылыми негіздерін анықтауды алға тартады. Қазіргі физиология, психология және медицина ғылымдарының дәлелдеуін ескеретін болсақ, болашақ дүниеге келер ұрпағымыздың, «шарананың» психикасын қалыптастыруда музыка рөлінің үлкен екенін мойындаймыз. Бұл дана халқымыздың бесік жырларының ұрпағының санасында ұлттық дүниетанымды қалыптастырудың педагогикалық шарттарының бірі екендігін алға тартады.
Мектепке дейінгі, мектептің, оның ішіндегі бастауыш сыныптардың, оқу-тәрбие үдерісінде музыка өнерін пайдалану, оларды ұлттық мәдени тұрғыда, дүниетанымдық мазмұнында пайдалану, оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру ғылыми-педагогикалық жүйелілікті талап етеді.
Бұл мәселеде, философ ғалымдардың зерттеулерінде (Ә. Нысанбаев, А. Қасабеков, І. Ерғалиев пен Ғ. Телібаев, М. Орынбеков, Ж. Алтаев, Д. Кішібеков т. б. ) «дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлері мен көзқарастары жан-жақты мазмұндалған.
Зерттеуіміздің әдіснамалық негіздері М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймаутов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Ө. Жәнібеков, М. Орынбеков, Ә. Бірмағамбетов, А. Сейдімбек және т. б. еңбектерінде орын алған.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетінің әр түрлі аспектілерін бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (С. Л. Выготский, В. В. Давыдов, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, Л. В. Занков, Т. И. Шамова, М. И. Махмудов, А. Н. Леонтьев, Н. Б. Менчинская, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Ю. К. Бабанский т. б. ) зерттеу міндеттеріне қарай жүйелі түрде талдаған.
Өскелең ұрпақты өз ұлтының өнерімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру, халықтық педагогика саласында терең мазмұнды зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, Қ, Қожахметова, М. Балтабаев, Р. Дүйсенбінова, А. Көбесов, З. Әбілова, А. А. Қалыбекова, Қ. Болатбаев, И. Оршыбеков, Қ. Бөлеев, Д. Қ. Пошаевтың еңбектерін атап өтуге болады. Халықтық тәрбие саласында қалыптасқан дәстүрлері, мазмұндары ондағы еңбек, ақыл-ой, эстетикалық адамгершілік, тәрбие берудің жекеленген әдістері мен амал-жолдары баяндалып, оқушылар дүниетанымын қалыптастырудың тәрбиелік мәні ерекшеленіп көрсетілген.
Қазақстан ғалымдары С. А. Ұзақбаева, М. Х. Балтабаев, Т. А. Қышқашбаев, М. Оразалиева, Ш. Б. Құлманова, Е. Ш. Қозыбаев, Р. К. Дүйсенбінова, К. А. Ибраева, Н. А. Гончарова және т. б. өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылар тәрбиесінде (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен.
Дегенімен, педагогикалық әдебиеттерді талдау және зерттеулер жалпы музыка өнерінің, оның дүниетанымды қалыптастырудағы рөлі, педагогикалық шарттарына (әдістер, формалар, тәсілдер т. с. с. ) оның ішінде бастауыш сыныптағы маңызына ғылыми-педагогикалық зерттеулер жасалынбағанын көрсетеді. Яғни, бастауыш сыныптан оқушыларды халқымыздың ұлттық игіліктері мен адамзат мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу, оқыту және олардың ұлттық дүниетанымының қалыптасуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажет екендігі айқындалды.
Осы тұрғыдан қарағанда әл-Фарабидің « . . . тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген дидактикалық өсиеті, Б. Момышұлының келіндердің бесік жырын, әжелердің ертегісін есітпей өскен ұрпақтың болашағына алаңдаушылығы тұрғысындағы тұжырымы, мәселенің теория мен практикада орын алып отырған дидактикалық негіздегі қарама-қайшылықтарының әлі күнге күн тәртібіндегі ашық мәселе екенін аңғартады. Демек, зерттеліп отырған мәселенің теориялық және әдістемелік тұрғыда әлі де қарастырылмау себептері төмендегідей қарама-қайшылықтардан екенін байқатады:
- музыка негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мүмкіншілігі мен олардың оқу-тәрбие үдерісінде жүйеленбегендігі;
- тиімді әдістемемен қамтамасыз етілмеуі;
- оларды іске асырудың педагогикалық негіздері жасалынбағандығы.
Оқыту үдерісінде музыка арқылы оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық және ғылыми әдістемелік жолдарын қарастыру, біздің зерттеу проблемаларымызды айқындап берді және тақырыпты « Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары » деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемелік, тәжірибелік-экспериментпен тексеру.
Зерттеудің нысаны - бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні - музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеу ғылыми болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері педагогикалық шарттар тұрғысында айқындалып, мазмұны мен әдістемесі жасалса, нәтижесі шығарылса, онда, музыка туындылары оқушылардың сезімталдығын ояту және шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық мәдениет негізін қалайтын ұлттық дүниетанымды қалыптастырудың мүмкіндіктері артады.
Жетекші идея: бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері, педагогикалық шарттары, мазмұны мен әдістемесі ұлттық мазмұнында анықталады.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
- бастауыш сыныпта оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
- бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптастырудың педагогикалық шарттарын ұсыну;
- музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістерінің нәтижесін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлға теориясы, дүниетаным туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастық теориясы, өнерді қабылдау теорияларымен қазіргі гуманистік тұжырымдар, білім туралы мемлекеттік саясат біздің зерттеуіміздің әдіснамалық және теориялық негізі болды.
Зерттеу көздері: философ, психолог, педагогтардың дүниетаным, қазақ музыкасы туралы зерттеу еңбектері; Қазақстан Республикасының Ресми материалдары, Үкіметтің қаулы-қарарлары, қағидалары және т. б. музыканы оқытудағы этнопедагогика материалдарын тиімді жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелер.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, тарихи-этнографиялық, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, музыка мұраларына теориялық талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, қорыту, тәжірибелік-эксперемент жұмысының нәтижелерін математикалық өңдеуден өткізу.
Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы № 5 А. Байтұрсынов, Мырзакент, Мақтарал, А. Чехов мектептері, Шымкент қаласының № 7, 50 мектептері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезеңде (2004 - 2006 жылдар) зерттеу проблемасы бойынша жарық көрген философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды; адамзат дүниетанымының қалыптасуы мен тарихи дамуы; қазақ халқының өнер құралдары арқылы дүниетанымдық көзқарастардың қалыптасуы туралы материалдар жинастырылып, теориялық тұрғыда талданды. Анықтау эксперименттерінің нәтижелері өңделді.
Екінші кезеңде (2007-2008 жылдар) зерттеу тақырыбы бойынша жиналған теориялық материалдарға талдау жалғастырылды. Баспа бетінде жарық көрген халқымыздың дүниетанымдық мұралары, этнографиялық, фольклорлық және өнертанушылық әдеби деректері жинастырылып, жүйеленді. Бастауыш сынып оқушылардың музыка арқылы дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, даярлаудың кезеңі бойынша жұмыстардың әдістемесі негізделді. Базалық мектептерде қалыптастыру эксперименті жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2008-2009 жылдар) тәжірибелік-эксперимент жұмысы одан әрі жалғастырылып, зерттеу нәтижелері жинақталып, ғылыми жүйеге келтірілді. Ғылыми-әдістемелік қорытындылар жасалынды. Барлық кездерде жинақталған материалдар мен тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері сарапталынып, диссертация түрінде дайындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен мәнділігі:
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымының музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
- бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық моделі жасалды;
- бастауыш сыныпта ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды;
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың әдістемелік жүйесі ұсынылды;
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастыру жүйесінің процессуалдық аспектілері, оқу әрекеттері, оқу қызметі мен оқушылардың ақыл-ойын дамыту тәсілдері, әдістері (музыка сипаттарын талдау, ой түйіні әдісі, музыканы танып-білуге қатысты ұғымдарды қалыптастыру т. с. с. ) ұсынылды;
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары ұсынылды;
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістері берілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың ерекше мәнге ие екендігі педагогикалық-психологиялық тұрғыда негіз болады;
- бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен деңгейлері құрылымдық-мазмұндық модельдің негізгі сипаттамасымен анықталады;
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру педагогикалық шарттар арқылы қамтамасыз етіледі;
- музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру алдын ала белгіленген әдістемелер арқылы жүзеге асады.
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: зерттеудің ғылыми- педагогикалық бағыты мен зерттеу пәніне сәйкес өзара байланыстағы кешенді әдіс-тәсілді қолдануымен, тәжірибелік-эксперементтік зерттеудің мақсат пен міндетке сәйкестілігімен, алынған бастапқы және соңғы нәтижелердің математикалық әдістерімен қорытындылауымен, зерттеу жұмысының қорытынды нәтижесін практикаға ендірумен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық конференциялардың жинақтарында (Астана, Шымкент, Жетісай, Алматы - 2007-2008, Бишкек, 2008) ; ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен ғылыми журналдарда: «Білім» (Алматы, 2008) ; «Қазақстан мектебі» (Алматы, №9 2008ж) ; Ұлт тағылымы (Алматы, №1 2008), «Ізденіс» (Алматы №2(2) 2008) ; «Зерттеуші» (Шымкент №. 7 (51) 2010) және оқу-әдістемелік бірлестік отырыстарында талқыланды, мектептердің педагогикалық кеңестерінде баяндалды, басылым көрген мақалаларда көрініс тапты.
Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу мәселесінің көкейтестілігі мен маңызы негізделген, жұмыстың мақсаты, нысанасы, пәні анықталған, зерттеудің міндеттері мен болжамы, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы, практикалық құндылығы сипатталып, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, зерттеу нәтижесінің дәлелдігі, зерттеу нәтижелерінің тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалды.
«Музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда зерттеудің теориялық негізі тұрғысында отандық, ресейлік және шетел ғалымдардың философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ой-пікірлері талданып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, педагогикалық-психологиялық негізі анықталды, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.
«Музыка аркылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты екінші тарауда ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың мазмұны, әдістері жасалынып, эксперименттік жұмыстардың нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетнымын қалыптастыруға қатысты қорытындылар мен ұсыныстар берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Шаруашылық пен тұрмыс ұйымдастырудан, сәулеткерлік пен кәсіпшіліктен, бейнелеу өнері мен киім-кешектен, суырып салма ақындық пен әуезден, әншілік пен билеу машығынан, қоғамның имандылық, ізгілік дәстүрінен көрінетін қазақ жасампаздығы мен шығармашылығының әлі де болса ашыла қоймаған тұстары жеткілікті. Қазіргі ұрпақтың негізгі мақсаты - осы мәселені шешу. Өйткені қазақ халқының рухани байлығының әсері адамның парасатты, білімді болуына дүниетанымдық көзқарасының жоғарғы деңгейде дамуына әсері ерекше болып табылады. Осындай үрдісте қазақ халқының музыка әсері өзгеше, осыны ескере отырып, біз ең алдымен оның “дүниетаным” ұғымына және осы арқылы адам баласының ежелден дүниеге деген көзқарасын қалыптастырудағы рөліне назар аудардық.
Дүниетанымның басты категориясы ретінде, «дүние» мен «адам» алынды, өйткені, әлемді танушы - адам. Оның ішінде ең негізгісі - дүние өмір, тіршілік ретінде түсіндірілсе, енді бірде дүние ұғымы - қоршаған орта, табиғат, әлем ретінде қарастыруға болады.
Философ ғалымдар І. Ерғалиев пен Ғ. Телібаев өз еңбектерінде ұлттық дүниетаным туралы: « . . . Адамның дүниемен байланысы, оны тануы белгілі ұлттық жағдайда қалыптасқандықтан, дүниетанымның ұлттық белгілері болады», - дей келе, ежелгі қазақ дүниетанымының түрлеріне: мақал-мәтелдер, жырлар, дастандар, аңыздар, ертегілер, термелер, жоқтауларды жатқызды.
Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдардың ұжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу) оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қана қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды.
Дүниетанымның негізі бастауыш сыныптың өзінде қаланады да, бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Өйткені білім дүниетанымды қалыптастыратын негізгі мәселе болып табылады.
Дүниетанымдық деңгейлерді сараптай келе, дүниетаным - әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы деуге болады. Дүниетаным көзі - білім. Адам тіршілігінің көзі - табиғат. Дүниетаным - дүние және тану деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мазмұны ұлғайып, тереңдей түседі. Қоршаған дүниені білу - танымға байланысты. Таным - адам санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеру мүмкіндігі.
Дүниетанымның қалыптасуында ұлттық мәдениет үлкен рөл атқарады. Д. Пошаевтың пікірінше ұлттық мәдениет - мінез-құлық негізінде қалыптасады . Яғни ол жеке ұлттарға, этносқа тән сезімдер жиынтығы болып табылады. Өйткені, адамның жеке көзқарасы, айналаны қабылдауы тарихи қалыптасқан дәстүрлі ұлтының дүниетанымына да байланысты болып тұрады. Қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихында негізінен түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының көзқарасы ертеде мифология арқылы қалыптасып жатты.
Ж. Аймауытов баланың дүниетанымын қалыптастыруда тәрбиенің екі түрлі болатындығын көрсетеді: дене тәрбиесі және жан тәрбиесі. Әсіресе екіншісінің дамуына қазақ халқының музыка өнері байлықтары әсер етеді, - деп ғалым ойын түйіндейді. Жастайынан ұлттық музыка өнері құралдарын естіп, біліп, тану баланың ой-өрісін, ойлау қабілетін тереңдетіп отырады.
Дүниетанымдық түсінікке негізгі бағыт беретін, қоғамдық өмірді суреттейтін өнердің бірі - музыка өнері. Музыка өнері қоғамдық формациядағы халықтың тұрмысын, саяси хал-жағдайын, іс-әрекетін, мінез-құлқын тереңірек, көркем түрде түсінуге жол ашады.
Біз өз зерттеуімізде осы ойды басшылыққа ала отырып, музыка өнері туындыларын талдау арқылы, олардың дүниетанымды қалыптастырудағы мүмкіндіктерін қарастырдық. Зерттеу барысында, қазақтың ауызекі шығармашылығын музыка арқылы кеңінен пайдалану балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесінің қалыптасуымен қатар, ұлттық дүниетанымының және оны дамытудағы :
- әуенді қабылдау - музыка өнеріндегі және өмірдегі құбылыстардың қасиеттерін көре білу, сезім әсерлерін бастан кешіру; сезімталдық - өмір мен өнер құбылыстарының құндылықтар тұрғысынан бағалау, көңіл-күйді бағалау; сазды қажетсіну - саздың сезімдерді бастан өткізу, оны қажетсіну; талғам - құбылыстар мен музыка өнері туындыларын бағалау қабілеттері айқындалды.
Бастауыш сыныпта музыка сабағында қазақ фольклоры материалдарын пайдалану - оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын терендететін, таным міндеттерін шешетін, оқушылардың белсенділігін арттыратын:
- музыка тілін талдау; екпінін ажырату; ырғағын, әуенін табу; аспаптарды тембрлік үнінен ажырату; сөз мәтініне көңіл бөлуіне қажетті әдістерді таңдауға мүмкіндік жасады.
Музыкалық білім беру басқа кез-келген білім беру сияқты, өз мақсаты етіп баланың жеке тұлғасын дамыту міндетін қояды.
Жеке тұлғаның музыкаға оқыту процесінде дамуы балаға мүмкіндік болатындай жаңа музыкалық іс-әрекеттердің жанама дамуымен және баланың өмірлік тәжірибесі мен интонациялы-символикалық байланыстарының дамуы жүйесінде (бастан кешулері мен іс-әрекет тәжірибесі) және музыкалық шығармаларда, ұлттық стильдерде, дәстүрлі музыкалық тәжірибеде жинақталған, жалпы адамзат мәдениеті дамуының антропогенетикалық тәжірибесімен жанама жүзеге асады. Осыған байланысты зерттеу жұмысымызда «Адам баласына музыка және музыкалық сана-сезім не үшін қажет? Ол әр бір адамға не береді?» деген сұрақтарға жауап іздестірілді.
Музыка адамға басқа «өзге шындық», «айнадағы» сияқты өзін-өзі тануға мүмкіндік береді: яғни, санадан тыс тереңдегі өзін, өзінің тегін, өз халқын, адамзатты көре алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz