Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту



Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Бастауыш мектеп тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін барынша біржақты түсіну және мұғалімдер мен оқушылар тарапынан оған деген әралуан қарым-қатынасты байқауға болады. Көптеген мұғалімдер мен әдіскерлер, мұндай ойынмен «қызықты» сипатта берілген тапсырмалар мен жаттығуларды ғана байланыстырады. Олар рольдік және басқа да ойындарды сабақтарда қолданудың орынсыздығы мен мақсатқа сай келмейтіндігі туралы айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде көбінесе, ойынды екінші қатарға шығару байқалады. Ойын игерілген білімдер мен дағдыларды бекітуге арналған құрал ретінде ғана мойындалды. 1 және 2 сынып арифметика курсына арналған ойындар жүйесін жасап шығарған әдіскер Н.В. Огаркова да осындай ой-тұжырымға келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту үрдісіндегі ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен оқу іс-әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны еместігі байқалады.
1 Бастауыш мектепте математика сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану «Жоғары кәсіптік, базалық білім және жеке пәндерді оқыту әдістемесі» атты ғылыми-әдістемелік конференцияның еңбектері-І (17-18 желтоқсан) Шымкент-2005 жыл (Р.И.Кенжебековамен авторлық бірлестікте).
2 Бастауыш мектепте математика сабағында қолданылатын ұлттық ойындар //«Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 15-жылдығына арналған «Әуезов оқулары-5» «Қазақстанда гуманитарлық ілімдердің дамуы: ізденістер, даму преспективалары мен бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Шымкент-2006.–Б. 154-156.
3 Математика сабағында дидактикалық ойын есептерді қолдану //«М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ. Шымкент, 2007. (Оқу-әдістемелік құрал) 2,5 б.т. (М.Мұсабековпен авторлық бірлестікте).
4 Ұлттық ойындарды бастауыш математикасын оқытуда пайдалану. «Білім берудің инновациялық моделі: бағыттары мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 29-30 қараша. Ақтөбе-2007 жыл.
5 Бала дүниетанымын-ұлттық ойындар арқылы дамыту //«Ұлт тағылымы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал –Алматы 2008 -№1(1) -Б. 20-23.
7 Сабақта дидактикалық ойындар пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру //«Әуезов оқулары-7 М.Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. Шымкент-2008.–Б. 82-84.
8 Бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылау әдісінің маңызы //«VII Сәтбаев оқулары» Атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясы том 16–Повлодар 2008–Б. 331-333
9 Использование дидактических игр в начальной школе //XVII Международная научно методическая конференция Педагогический менеджмент и прогрессивные технологии в образовании.-Пенза 2009.-Б. 125-127.
10 Бастауыш мектеп оқушыларын математикаға оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолданудың қазіргі жағдайы //М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның 15 жылдығына арналған «Қазіргі таңдағы білім мен ғылымның мәселелері» атты VІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 1-том.-Шымкент 2009.–Б. 81-84.
11 Дидактикалық ойындарды математика сабағында пайдаланудың әдістемесі //М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ. Шымкент 2009. (Оқу–әдістемелік құрал) 5 б.т. (Л.Искаковамен авторлық бірлестікте).
12 Дидактикалық ойындар-бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін белсендіру құралы //«Ізденіс» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал–Алматы. 2009ж №4(2).–Б. 296-299. (Л.Искаковамен авторлық бірлестікте)
13 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың мүмкіншіліктері //«Ұлт тағылымы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал–Алматы. 2009. №4 –Б. 19-22. (Л.Искаковамен авторлық бірлестікте)
14 Сабаққа дидактикалық ойындарды қолданғанда оқушылар арасындағы өзара жарыстың атқаратын рөлі //Қазақстан жоғары мектебі журналы-Алматы. 2010ж. №1.-Б. 224-227.
15 Есеп шығаруда модельдеуді қолдану //«Ұлт тағылымы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал-Алматы. 2010ж. №2(1). 184-187. (М.Мұсабековпен авторлық бірлестікте)

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 373.31:37.025:51 Қолжазба құқығында

МЕДЕТБЕКОВА НҰРГҮЛ НИЯЗБЕКҚЫЗЫ

Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі
(математика)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010

Жұмыс М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде
орындалған

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Мүбәраков А.М.


Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Қағазбаева Ә.К.

педагогика ғылымдарының кандидаты
Қайыңбаев Ж.Т.

Жетекші ұйым Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті

Диссертация 2010 жылы ___________сағат____Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05 диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі 86, 4-қабат, 415
бөлме.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі,
30)

Автореферат 2010 жылдың ________________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Шоқыбаев Ж.Ә.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық
салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру
саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік
өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі
жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу
әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп
оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы
айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі
болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге
ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен
игерімділігі, демократиялылығы (ойын барлығын да қабылдайды), игерілуі
тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік
беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның
тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән
салмай, өсер бала бола ма?-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын
алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау
барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну,
қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш
оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан.
Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов,
А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин және тағы да басқа
ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Бастауыш мектеп тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын
есептерін барынша біржақты түсіну және мұғалімдер мен оқушылар тарапынан
оған деген әралуан қарым-қатынасты байқауға болады. Көптеген мұғалімдер мен
әдіскерлер, мұндай ойынмен қызықты сипатта берілген тапсырмалар мен
жаттығуларды ғана байланыстырады. Олар рольдік және басқа да ойындарды
сабақтарда қолданудың орынсыздығы мен мақсатқа сай келмейтіндігі туралы
айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде көбінесе, ойынды екінші қатарға шығару
байқалады. Ойын игерілген білімдер мен дағдыларды бекітуге арналған құрал
ретінде ғана мойындалды. 1 және 2 сынып арифметика курсына арналған ойындар
жүйесін жасап шығарған әдіскер Н.В. Огаркова да осындай ой-тұжырымға
келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту үрдісіндегі
ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен оқу іс-
әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны еместігі байқалады.
Жас ерекшелік психологиясы саласында ойынды Б.Г.Ананьев, А.В.Запорожец,
А.Н.Леонтьев, А.А.Люблинская, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин ғалымдар
зерттеді.
Ойынды адамзат іс-әрекетінің арнайы формасы ретінде дамытудағы тарихи
аспектті Е.А.Покровский, Р.И.Жуковская, Р.И.Меджерицкая, В.Г.Яковлева
ғалымдардың зерттеулерінде сипатталды.
1980-1985 жылдардан бастап, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын
есептерінің мазмұны мен қызметін айқындау, нақтылау бағытында бірқатар іс-
әрекеттер жасала бастады. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқытуда ойынды
пайдалануға байланысты М.И.Моро, А.М.Пышкало, В.Н.Рудницкая, Л.И.Смагина,
Н.А.Янковская тарапынан жекелеген әдістемелік ұсынылымдар жасалды.
Кейбір әдіскерлердің пікір-көзқарастары бойынша ойын оқыту әдісіне
жатқызыла бастады. Математиканы оқыту үрдісінде мазмұнды ойын есептердің
қолданылымдары жеке оқушылардың ой-өрісін, біліктерін, дағдыларын
қалыптастырудың құралы ретінде ғалым-әдіскерлер А.Е.Әбілқасымова,
Ә.К.Қағазбаева, Д. Рахымбек, Б.Баймұханов, А.М.Мүбәраков, Е.Ж.Смағұлов,
Ж.Т.Қайыңбаев, М.Ө.Мұсабеков, Г.О.Жетпісбаеваның т.б. еңбектерінде
қарастырылған.
Ойынды бастауыш мектепте оқыту барысында қолдануға арналған
Қазақстандық ғалымдардың біраз еңбектері бар. Атап айтсақ: Ж.С.Сардарованың
кандидаттық диссертациясы бастауыш мектептің оқу процесінде пайдаланылатын
дамытушы компьютерлік ойындар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеуге және
оларды пайдаланудың әдістемесін жасауға арналған. Б.А.Нарқұлованың
диссертациялық жұмысы 5-ші сыныптың қазақ тілі сабағында дидактикалық
ойындарды қолданудың тиімді әдістемесін жасау, дидактикалық ойындардың
түрлерін, өзіндік белгілерін айқындау қарастырылған. Бастауыш сыныпта
ұлттық-дидактикалық ойындарды пайдалануға Р.Жиеналиев пен Р.Қ.Керімбековтың
ғылыми жұмыстары арналған. А.Ж.Алдажанова мен З.Н.Күдебаеваның ғылыми
зерттеулерінде бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда
дидактикалық ойындардың алатын орны жан-жақты қарастырылған.
С.М.Иманбекованың ғылыми еңбектерінде жаңа технология үдерісінде математика
сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін
дамыту мәселелері зерттелген. Математика сабақтарында дидактикалық
ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру проблемасы
Т.Қ.Жаспанованың ғылыми еңбегінде қарастырылған. Г.Қазенованың еңбекгі ойын
арқылы оқытуға арналған. Білім беру барысында ойын технологиясын қолдануда
С.Кемазанова қарастырған. Р.Керімбаева мен Т.Керімбаеваның еңбектерінде
дидактикалық ойындардың түрлері зерттелген. Оқушыға білімінді берік
меңгерту құралы ойын екендігі А.Рысқұлбекованың еңбегінде тұжырымдалған.
Р.И.Кенжебекованың кандидаттық диссертациясы бастауыш мектепте сыныптан тыс
жұмыстарда математикалық ойын есептерін пайдалану әдістемесіне арналған.
А.Ө.Байдыбекованың зерттеу жұмысы бастауыш сыныптардағы математиканы
оқытуда компьютерді пайдаланып кейбір математикалық ойындарды қолдану
қарастырылған. Б.М.Тажиғұлованың кандидаттық диссертациясы пәнаралық
дидактикалық ойындарды оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
құралы ретінде қарастыруға арналған. А.К.Айтпаеваның зерттеу жұмысында
қазақтың ұлттық ойындары бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде
қарастырылған.
Кіші мектеп жас кезеңі (6-10 жас аралығы) ең алдымен жүйелі оқу әрекетін
дамытудың барынша маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту қажет. Бұл
жас кезеңінде балалардың бойында оқу біліктері қалыптастырылады, сол
себепті де оқу іс-әрекеті кіші мектеп жасындағы балалар үшін жетекші іс-
әрекеттердің бірі болып табылады.
Демек, бастауыш мектепте математиканы оқытуда ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
қажеттілігімен және ондай қолданудың теориялық негізделіп әдістемесінің
жасалмауының арасында қарама-қайшылық бар екендігі анық байқалады. Бұл
қарама-қайшылық Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және
дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін
дамыту атты тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.
Осыған орай зерттеудің проблемасы ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын
есептерін қолданып бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында
оқушылардың ой-өрісін дамыту болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектептің математика сабағында ұлттық және
дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін
дамытудың ұйымдастырушылық педагогикалық, дидактикалық шарттарын анықтау
және әдістемесін жасау, оны тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және
дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың әдістемесі.
Зерттеудің болжамы: егер бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық
және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-
өрісін дамыту теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның
әдістемелік кешені жасалса, онда оқушылардың ой-өрісі артып, оқу сапасы
артады, өйткені бұл жағдайда, оқушылардың математиканы оқуға деген
қызығушылығы мен ынтасы күшейе түседі.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайын анықтау және ол
ойындарды қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың теориялық негізін
анықтау;
- ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың
ой-өрісін дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтап, оны психологиялық-
педагогикалық тұрғыда негіздеу;
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін дамытудың
әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш мектептегі математика сабағында
ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың
теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеп, тиімді қолдану арқылы оқушылардың
қызығушылығы мен ынтасын арттырып, оқу сапасын жақсартуға болады.
Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін: білім беру жүйесінің
философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері,
тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, бір тұтастық туралы
диалектикалық теориясы, бастауыш мектепте білім берудің қазіргі мәселелері,
ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқу барысында қолданудың
ғылыми-әдістемелік теориясы, ойындар туралы отандық және шетелдік
ғалымдардың әдістемелік еңбектері құрайды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық, әдіснамалық, ғылыми әдістемелік
және эксперименттік қағидаларын негіздеуде дидактикалық ойындарды
қолданудағы жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы
ғылыми қағидалары, іс-әрекеттің философиялық, психологиялық, педагогикалық
теориялары мен әдістемелік негіздері, идеялары қолданылды.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемесы бойынша философтардың,
әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың, математик–әдіскерлердің
еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары; Білім және
ғылым министрлігінің орта мектепте білім беру мәселелеріне қатысты
нормативті құжаттары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендері
(стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.); білім
беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың
ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері және т.б.
Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық
(модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті–дедуктивті
талдау), эмперикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент,
педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау); әлеументтану (сауалнама);
білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибелерін талдау, салыстыру,
зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу,
математикалық-статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы. Оңтүстік Қазақстан
облысының Бәйдібек ауданындағы Ж.Жабаев орта мектебі, Төлеби ауданындағы
М.Әуезов орта мектебі, Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-
гимназиясы, Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп–гимназиясы.
Зерттеу жұмыстары: (2003-2009 ж.ж.) үш кезеңде жүргізілді:
Бірінші кезеңде (2003-2004 жылдар) педагогикалық зерттеу-әдіснамасы
теориясының жалпы және қарастырылып отырған проблемаға қатысты отандық және
шетелдік әдебиеттерді мақсатты зерттеу және талдау; бастауыш мектептегі
математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін
қолданудың қазіргі жағдайын айқындау; бастауыш мектепте математиканы
оқытудың стандарты мен бағдарламасын, оқулықтары мен әдістемелік оқу
құралдарын жоспарлы зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижеде зерттеу
жұмысының тақырыбы, нысаны, мақсаты, болжамы, әдіснамасы мен пәні
анықталады. Айқындау эксперименті жүргізіліп, оның нәтижелеріне қорытынды
жасалды.
Екінші кезеңде (2005-2006 жылдар) ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді және
озық тәжірибелерді зерттеп талдау негізінде ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін бастауыш мектеп оқушыларының атқаратын рөлі мен
қызметі және мүмкіндіктері айқындалды. Сонымен қатар, ұлттық және
дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы меңгерілетін оқу
материалдарының ішкі байланысы анықталды. Жүргізілген эксперимент негізінде
бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды
ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін дамыту әдістемесі теориялық
тұрғыдан нақтыланды.
Үшінші кезеңде (2007-2009 жылдар) жүргізілген теориялық және тәжірибелік
жұмыстар қорытындыланды. Бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық
және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданып оқушылардың ой-өрісін
дамытудың әдістемесі жасалып, оның тиімділігі оқыту эксперименті арқылы
тексерілді. Аталған эксперимент нәтижелері сараланып, өңделді. Зерттеу
жұмысының нәтижелеріне теориялық талдау жасалды, қорытындылар негізделіп
шығарылды. Диссертациялық жұмыс, оған қойылатын талапқа сәйкес рәсімделіп,
ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін қолданудың қазіргі жағдайы, оны қолданудағы
кемшіліктер мен қиыншылықтар және оның себептері айқындалып, ұлттық және
дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін құралы ретінде
қолданудың теориялық-әдістемесінің негіздері анықталды;
- ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін бастауыш мектеп
оқушыларының ой-өрісін дамыту құралы екендігі негізделіп, олардың
оқушылардың іс-әрекеттерінің шығармашылығын арттырудағы ролі мен атқаратын
қызметінің ерекшеліктері айқындалды;
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін дамыту құралы ретінде
қолданудың әдістемесі жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: бастауыш мектептегі математиканы оқыту
барысында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану
әдістемесі, бастауыш сыныпта қолданылатын ұлттық және дидактикалық мазмұнды
ойын есептерінің математикалық мазмұны мен оларды қолданудағы мақсаты
ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін сабақ барысында қолдану
арқылы дайындықтары әртүрлі оқушылардың ой-өрісінің даму ерекшеліктерінің
айқындау жолдары дайындалды.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін бастауыш
сыныптардың оқулықтарын және әдістемелік құралдарын дайындағанда, бастауыш
мектепте математиканы оқыту барысында оқушылардың ой-өрісін дамытуда
бастауыш мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарында пайдалануға
болады. Дайындалған ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін мектеп
мұғалімдері өздерінің күнделікті іс-тәжірибелерінде қолдана алады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін бастауыш мектептегі
математика сабағында оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін қолданудың
психологиялық-педагогикалық негізі;
- ұлттық және дидактикалық ойындар мектеп оқушыларының ой-өрісін дамыту
құралы екендігінің дәлелдемесі;
- бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін қолданудың
әдістемесі;
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: қойылған проблемаға сай
әдіснамалық және теориялық қағидалар мен зерттеу пәніне сәйкес әдістердің
қолданылуымен, бастапқы теориялық қортындылар мен соңғы тәжірибелік-
эксперименттік көрсеткіштердің өзара дәл келуімен, олардың тиімділігінің
бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін дамыту қорытындысының эксперимент
арқылы тексеріліп, оның нәтижесі жоғары екендігінің дәлелденуімен және
зерттеудің негізгі қорытындылары мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстарының
бастауыш мектеп практикасына енгізіліп, мақұлдануымен қамтамасыз етілген.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибеге енгізу: зерттеу
жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері тәжірибелік-эксперименттік
сынақтан өткізіліп, өзінің дұрыстығын дәлелдеді. Диссертацияның негізгі
мәселелері келесі халықаралық және республикалық ғылыми-әдістемелік
конференцияларда талқыланды:
Сондай-ақ республикалық ғылыми-педагогикалық басылымдарда зерттеу
жұмысының қорытындылары жарияланды.
Жоғары кәсіптік, базалық білім және жеке пәндерді оқыту әдістемесі
атты ғылыми-әдістемелік конференцияның еңбектері-І (Шымкент, 2005ж.) Білім
берудің инновациялық моделі: бағыттары мен болашағы халықаралық ғылыми-
практикалық конференция материалдары (Ақтөбе, 2007ж.), Әуезов оқулары -7
М.Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері атты халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференцияның еңбектері. (Шымкент, 2008ж.), XVII
Международная научно методическая конференция Педагогический менеджмент и
прогрессивные технологии в образовании. (Пенза, 2009ж.), М.Сапарбаев
атындағы ОҚГИ-ның 15 жылдығына арналған Қазіргі таңдағы білім мен ғылымның
мәселелері атты VІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. (Шымкент,
2009ж.)
Оның ішінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитет алқасы ұсынған
баспаларда: Ұлт тағылымы (Алматы, 2008), Ізденіс (Алматы, 2009), Ұлт
тағылымы (Алматы, 2009), Қазақстан жоғары мектебі (Алматы, 2010).
Диссертацияның құрлымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделген, зерттеу нысаны, пәні,
мақсаты, болжамы мен міндеттері анықталған. Зерттеу кезеңдері, зерттеу
жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, зерттеу
нәтижелерінің нанымдылығы көрсетілген.
Бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін дамытудың писхологиялық-
педагогикалық негізі атты бірінші тарауда бастауыш мектептегі математика
сабағында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың
қазіргі жағдайы анықталып, ондағы кемшіліктер және олардың себептері
айқындалып, ол ойындарды оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін қолданудың
психологиялық-педагогикалық негіздері сипатталған. Сонымен қатар бұл
бөлімде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін бастауыш сынып
оқушыларының рөлі мен атқаратын қызметінің ерекшеліктері айқындалған.
Бастауыш мектептегі математика сабағында ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой-өрісін дамытуда қолданудың
әдістемесі атты екінші тарауда бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
барысында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолданудың
әдістемесінің негізі сипатталып, онда ойындарды қолданудың қажеттілігі
қандай оқу материалдарына байланысты болатындығы жөнінде айтылған және
бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында қолданылатын ұлттық және
дидактикалық мазмұнды ойын есептерін математикалық мазмұны ашылып оларды
қолданудағы мақсат айқындалған. Сондай-ақ, ұлттық және дидактикалық
мазмұнды ойын есептерін сабақ барысында қолданғанда дайындықтары әртүрлі
оқушылардың ой-өрісінің дамуының ерекшеліктері айқындалып, педагогикалық
эксперимент пен оның қорытындысы сипатталған.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері
тұжырымдалған.
Қосымшада зерттеу барысында қолданылған материалдар енген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы
білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру
жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты
мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім
сапасын жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны
әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
ХХ ғасырдағы көрнекті Нидерланды ойшылы И. Хейзинг Ойнаушы адам ұғымы
Жасаушы адам ретінде елеулі қызметті бейнелейтіндігін айтады. Шындығында
іс-әрекеттің қалған түрлерінің ешқайсысында да адам ойындағыдай өзінің
психофизиологиялық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін әйгілей алмайды. Ойын
оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды,
демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату–оның дамуының басты көзінен,
шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру
болып табылады. Ойын–баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі.
Дидактикалық ойындар таным және бастауыш білім беруде оқушылардың іс-
әрекетінің белсендіргіші. Ол балалардағы балаға тән қасиеттерді сақтайды
және дамытады, балалардың өмір мектебі және даму тәжірибесі Бала ойнай
отырып өмірді таниды, өзін оған дайындайды, жасампаз адам ретінде
қалыптасады.
Оқу құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы-деп атақты ұлы
педагог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына
пайдаланылатын әдістемелер мәнді болуы керек. Ол үшін бала ұғымына,
қабылдауына сәйкестендіріліп ойын ұйымдастыруы қажет. Балаға арналған білім
баланың ақылына лайықталап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық,
іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай
нәрлі болуы керек. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін
дамыту мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік
қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге,
төзімділікке баулиды. Олай болса, ойынды қай сәттерде, не мақсаттпен
пайдаланатынымызға аса назар аудару қажет. Мысалы, балалардың ой-өрісін
дамыту үшін Санамақ ойынын қолдануға болады. Оның басты ерекшелігі
баланың ойлау қабілітін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала
сандардың атын атауға үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі:
Бір дегеніміз-білеу,
Екі дегеніміз-егеу,
Үш дегеніміз үкі,
Төрт денегіміз төсек, т.б.
Ақсүйек ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып
қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына ақсүйек тағылып жатыр. Кім
дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады.
Д.Б.Эльконин ойын іс-әрекетінің дамуындағы екі әлеуметтік баспалдақтарды
анықтап көрсетті: 1) заттармен әрекеттестікті бейнелейтін ойындар; 2)
рөлдік ойындар.
Ойын тұтас ұжымды тәрбиелеудің тамаша құралы болып табылады. Ойын
талаптарын орындау арқылы балалар өздерінің мінез-құлқы мен жүріс-
тұрыстарын басқаруды үйренеді, оларда ұжымгершілік пен жауапкершілік сезімі
дами түседі. Бір ойынға қатысушының ереже бұзуы тұтас команда нәтижелерінен
көрініс тауып отырады. Ұжым талаптарын қайта-қайта бұзушылық болған
жағдайда оны ойнаушылар қатарына қабылдамай қоюға болады. Ал бұл ықпал
көрсетудің салмақты, байыпты шарасы болып саналады. Өйткені балаларды
ойынға тартып, қатыстырудан басқа, ұжымда бірлікте болуға ұмтылу және
белгілі орынды иемденуге деген ұмтылыс та олар үшін айрықша роль атқарады.
Ойын балалардың белсенді қарым-қатынасқа және де ұжымдық іс-әрекетке деген
мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Ойын ұжымдағы жалпы нормалар мен
құндылықтарды қалыптастырады. Дидактикалық ойындар қоршаған өмір
құбылыстары мен заттары жөніндегі балалардың білімін нақтылайды, елестете
алуды, сөйлеуді дамытып оқумен, санауды және т.б. үйретеді.
Біз өз зерттеуімізде төмендегідей түсініктемені ұстандық: дидактикалық
ойындар-бұл ойындық және танымдық негізден тұратын іс-әрекет түрі. Баланың
мектепке келуінен кейін ойын іс-әрекеттің жетекші түрі болмай қалады,
дегенмен бұрынғыша баланың дамуы мен қалыптасуында елелулі орын алады.
Мұндай пікірлерді Т.Е.Конникова, Ф.И.Фрадкина және т.б. көптеген ғалымдар
қолдайды. Олар мектеп жасына дейінгі балалықтың аяқталуымен бірге ойынның
өлмейтіндігін, тек қана өмір сүруді жалғастырып қана қоймай өзіндік үлгіде
дами беретіндігін айқындайды.
Оқыту, білім беру мақсатында ойындарды пайдаланудың мақсатқа
сәйкестілігін мойындауды біз ежелгі дүниеден де табамыз. Ойынды оқыту,
білім беру және тәрбие беру құралы ретіндегі алғашқы жазбаларды біз ежелгі
грек философы Платонның еңбектерінен кездестіреміз. Ол ойынның маңызды
ролін барынша терең түсінді және ойындық тәсілдер балалардың оқуын, білімді
меңгеруін оңайлатады деп санады. Рим мектептерінде Қайта өрлеу дәуірінде
балаларды оқуға үйрету кезінде ойындарды енгізу міндетті түрде талап
етілген болатын. Оқудағы ойын мәселесіне Р.Оуэн, Ф.Фребель, Ж.Фурье секілді
ғалымдар да айрықша назар аударған. Олар, ойын балалардың ең қиын деген
түсініктерді меңгеруді жеңілдетеді деп көрсетті. Ф.Фребель арнайы әдістеме
әдістеме жасады және балаларды оқыту, оларға білім беру тек қана ойындық
тәсілдер көмегімен ғана жүзеге асырылатын мектептерді Германияда құруға
әрекет жасады.
К.Д.Ушинский бүкіл оқу үрдісін ойынға айналдыруға табанды түрде қарсы
шықты. Дегенмен балалардың есте сақтау қабілетін, ынта мен оқуға деген
қызығушылығын жоғарылатуда ойындардың маңыздылығына педагогтардың назарын
аударуға әрекеттенді. Ол сонымен қоса ойын арқылы тұлғаның қандай да бір
қыры ғана емес, тұтас адам қалыптасады деп санады. Ғалым ойындарды
пайдалануға қатысты көптеген құнды кеңестер берді. Мәселен ойын негізінде
балаларда белсенді шығармашылық іс-әрекетке деген құштарлық пен
ынтызарлықты дамытуды ұсынды.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы
зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен
бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы
суреттесек те болады. (1 сурет)

Оқу әрекеті Еңбек әрекеті Ойын
әрекеті

1-сурет - Ойын-оқудың маңызды бір түрі

Ойын ұғымына түсінік берсек-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті
мыныдай қызметтерді атқарады:
-ойын-сауық;
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
-коррекциялық (өзін-өзі түзету);
-әлеуметтендіру
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне
байланысты функциялары анықталуда.
Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар
өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр
ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету
болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген
сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар
баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.
Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай
қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір
ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,
зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын
және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы
дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл
балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын
арттырады. Ал ойын-баланың дамуын арттырады.
Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай
компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары,
ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы
барлық өзара байланыстар. Ойынды пайдалану әдістемесінің құрылымын блок-
сызба түрінде көрсетуге болады. (2 сурет)

2-сурет - Ойындарды пайдалану әдістемесінің құрылымы

Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық ойындарға
деген қызығушылық барынша өсе түсуде. Г.А.Кулагина зерттеу үдерісінде
ойындағы таным дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі өзіндік формаға
ие болатындығын анықтады: бұл жерде қиялдау мен жауапты өз бетінше
іздестіру, бұрыннан белгілі дәйектер мен құбылыстарға жаңаша көзқараспен
қарау, білімді толықтыру мен кеңейту, байланыстарды орнату, жекелеген
құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу сияқтылардың
барлығын кездестіретін болады. Ойын қарқыны мектеп оқушыларын жылдам және
шапшаң түрде ойлана білуге үйретеді. Олардың тілдік жадыларының
даярлықтарын жаттықтырады, сөйлеу қарқынын дамытуға мүмкіндік береді.
Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің ойларын жеткізуге машықтанады,
осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-бірте автоматтандырылады.
(К.А.Родкин). Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі
құралдарының бірі болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу
үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап,
қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:
а) Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика
сияқты психикалық үрдістерді жандандырады. (Г.А.Ляпина, М.В.Стронин және
т.б.);
б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік
жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің
ұлғаюына мүмкіндік береді. (Е.Енгабаева, А.А.Баранов, Г.А.Ляпина);
в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәтілігі мектеп оқушыларының ойын
үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық
пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты. (Ю.П.Азаров, О.С.Кель,
В.Н.Терский);
г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Бастауыш сынып математика әдістемесі ғылыми пән ретінде
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жайлы
Бастауыш класс математика сабағында ойын технологиясын қолдану
Бастауыш сыныпта математика сабағындагы ұлттық және дидактикалық ойындарды қолданудың маңыздылығы
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама
Оқушылардың білімі мен дағдысын жазбаша тексеру
Пәндер