Фигуралы бедерлі көйлек тігу


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Дипломық жұмыс
Тақырыбы: «Фигуралы бедерлі көйлек тігу»
Орындаған:
Тексерген:
Орал- 2015
Жоспар:
Кіріспе . . . 3
І- бөлім. Материалтану бөлімі . . . 6
1. 1 Модельдің сыртқы түріне сипаттама . . . 6
1. 2 Қолданылған материалға мінездеме . . . 12
1. 3 Қосымша қолданылатын материалдар . . . 13
1. 4 Ұсынылатын материалдар . . . 16
ІІ- бөлім. Жабдықтау бөлімі . . . 18
2. 1 Қолданған жабдықтарға мінездеме . . . 18
2. 2 Пішу цехының жабдықтары . . . 22
ІІІ- бөлім. Графикалық бөлім . . . 27
3. 1 Өлшемдер . . . 27
3. 2 Қосымшалар . . . 28
3. 3 Есебін шығару . . . 31
3. 4 Сызбасын құрастыру . . . 36
ІV- бөлім. Пішудің техникалық жағдайы . . . 37
4. 1 Тапсырысты қабылдау және қағазын толтыру . . . 37
4. 2 Пішуге қойылатын техникалық шарттар . . . 38
4. 3 Материалдарды төсеу және пішу . . . 41
4. 4 Матаны жаю схемасы . . . 46
4. 5 Бұйымды пішу . . . 47
V- бөлім. Технологиялық бөлім . . . 50
5. 1 Бұйымды 1- ші өлшемге даярлау . . . 50
5. 2 Өлшем өткізгендегі бақылау белгілері . . . 52
5. 3 1-ші өлшемді өткізу . . . 57
5. 4 Өлшемнен кейін бұйымды дәлдеу . . . 58
5. 5 Бұйымды 2- ші өлшемге дайындау . . . 60
5. 6 Соңғы өндеу . . . 60
5. 7 Дайын өнімнің сапасын тексеру . . . 61
VI- бөлім. Экономикалық бөлім . . . 64
VIІ- бөлім. Еңбекті қорғау бөлімі . . . 73
7. 1 Кәсіпорын территориясындағы еңбектің қауіпсіз жағдайлары . . . 73
7. 2 Кәсіпорын цехтарында жарақаттан сақтандыру . . . 78
7. 3 Еңбек жағдайы қауіпсіздігінің негізгі ережелері . . . 78
7. 4 Өрттен сақтану шаралары . . . 80
Қорытынды . . . 74
Қолданылған әдебиеттер . . . 75
Кіріспе
Киім қазіргі кезде қолданбалы өнердің туындысы ретінде қарастырылады. Ал эксплотациялық қасиеттерін бағалау кезінде бұйымның сән бағытына сәйкестігі, қазіргі заманға сай безендірілуі, бұйымның сыртқы көрінісінің тұрақтылығы, оны күту жеңілдігі үлкен мағынаға ие. Сондықтан жоғары сапалы бұйымдарды шығару үшін, тек қана озық технологияны қолданып қана қоймай, тұтынушылар сұранысында ескеру қажет.
Киімнің адамдар тұрмысындағы рөлі алуан түрлі. Оның басты қызметі - адам денесін қоршаған ортадағы келеңсіз құбылыстардан, ыстық-суықтан қорғау. Көне дәуірлерден бастап киімнің жыныстық және әлеуметтік бөлінушілік сияқты қосымша қызметіде пайда болды. Соңғы қызметін діни- ғұрыптық рөл атқаратынынан байқаймыз.
Ұзақ уақыт аралығында адамдардың жалпы әлеуметтік және мәдени дамуына байланысты киімнің жынысқа бөлушілік қызметінен өзіндік бір үрдісін байқауға болады.
Қазіргі кезде әр түрлі жаңа құрылымды химиялық талшықтар мен жіптер, иірім жіптерді тігін бұйымына қолданудың арқасында, киімдерге арналған материялдардың ассортименті тоқтаусыз кеңейіп жаңаланып отырады. Өйткені, олар өздерінің әр түрлі қасиеттерімен ерекшеленеді, пішу және тігін бұйымын өндірудің технологиялық процесіне, химиялық тазарту және бояу параметрлеріне ықпалын тигізеді.
Қазіргі өркендеу кезеңінде тігін бұйымдарының сапасы қолданылған техника және технология негіздеріне, өндірісті ұйымдастыру деңгейімен механикаландыру дәрежесіне тікелей байланысты. Тігін өндірісінде шығарылатын өнім ассортименті мен бұйым моделі сән онерімен бағытына негізделіп, ғылыми- техникалық жаналықтар негізінде шығарылған жаңа материалдардың түрі кеңінен қолданылатындықтан, болашақ мамандар бұйымды өндіруде жаңа материалды өңдеу технологиясын және қолданылатын әр алуан құрал жабдықтарды меңгеруі қажет.
Көйлек - «Гүл жердің көркі, қыз елдің көркі» деп әдемілік деген ұғыммен егіз жаратылғаны анық. Әйел затын әдемі ететін оны жан дүниесі ғана емес, көзге көрік, көңілге өрт құятын киім екендігі даусыз. Қырды өртейтін қызғалдақтардай алаулап, көзге оттай басылатын мұндай көркем көйлектер - қазақтың ұлттық киімдерінің басты бөлігі болып табылады. Халық әніндегі «Қос етек, бұраң бел, қуалай соғар қоңыр жел . . . » деген сазды жолдарды елтімей айту мүмкін емес. Шыныда жеңіл де төгілген жібек, шәйі көйлектер кеудеге самал соққандай сезімдер ұялатар еді. Әйел көйлегін пішудің екі түрі болған: бірі - ұзыннан тұтастай пішу де, екіншісі - мықынға дейін бөлек пішіліп, кейін қосып тігу. Қазақта әйел затының көйлегінде міндетті түрде жең болуын ойластырған. Сол жеңнің өзіне өзіне бір немесе екі қатар желбір жасау арқылы да көркемдік жағы қарастырылды.
Тұтастай тігіліп мығыннна тобыққа дейін төгіліп тұратын көйлектер әдетте ерекше мәнді жағдайларға арналады. Әсіресе, қалыңдықтардың немесе дәулетті адамдардың қыздары мен келіндерінің көйлектері осылай тігліп, бір қараған адамның назарын өзіне аударуды мақсат етеді.
Көйлектерді сыртынан біз бұған дейін толық сипаттап кеткен камзолдар толықтырып тұрады.
Ойын - сауыққа, той - думанға арналған бір киер көйлектер жібектің, шұғаның, барқыттың және басқа құнды маталардың ең қымбат түрлерінен тігілетін болған. Оның үстіне бұл көйлектерге қосымша әшекей бедерлері жасалады. Көйлектердің көрініп тұратын кеуде тұсына алтын жіптермен зор жүргізіледі немесе басқадай кестелер төгіледі.
Жиын - тойларда киілетін көйлектердің ұзындықтары да ерекше болған. Олар тура жерге тиер - тиместей етіп өте ұзын тігіледі. Оның есесіне, күнделікті киілетін әйел көйлегі сәл қысқараң болды. Соның өзінде жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарына дейін қазақ әйелдерінің көйлегі балдырды жабатын.
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі: Қазіргі өркендеу кезеңінде тігін бұйымдарының сапасы қолданылған техника және технология негіздеріне, өндірісті ұйымдастыру деңгейімен механикаландыру дәрежесіне тікелей байланысты. Тігін өндірісінде шығарылатын өнім ассортименті мен бұйым моделі сән онерімен бағытына негізделіп, ғылыми- техникалық жаналықтар негізінде шығарылған жаңа материалдардың түрі кеңінен қолданылатындықтан, болашақ мамандар бұйымды өндіруде жаңа материалды өңдеу технологиясын және қолданылатын әр алуан құрал жабдықтарды меңгеруі қажет.
Зерттеу мақсаты: Фигуралы бедерлі көйлек тігу туралы ақпарат жинақтау және оны жүйелеу, айқындау, әжірибелік түрде іске асыру.
Зерттеу объектісі: Өнердің әр түрінде образдың құрылуы өзгеше, бір жағынан рухани мазмұнынының көрінуімен ерекшеленсе, екінші жағынан - мазмұны көрініс тапқан, материалға байланысты. Дегенмен, барлық жағдайда образды қабылдаудың әдісі тек бақылау ғана емес, сондай ақ күй кешу де маңызды.
Зерттеу пәні: Фигуралы бедерлі киім үлгілерін тігудің тәлімдік және тәжірибелік мәнін дипломдық жұмыста қолдану.
Зерттеу міндеттері: Фигуралы бедерлі киім ерекшеліктерін көркемдік тұрғыдан талдау жасап, оның сәндік қоданбалы өнеріндегі алатын орнын айқындау.
Зерттеу болжамы: Егер фигуралы бедерлі көйлек тігу ұғымының ғылыми - педагогикалық негіздері жан-жақты зерттеліп, соның негізінде жасалған дипломдық жұмыс арқылы адамдардың киім тігуге деген қызығушылығы арттырып, дүниетануға көзқарас кеңейе түскен болар еді.
Жетекші идея: Фигуралы бедерлі көйлек тігу ерекшеліктері мен мәнің, түстік ерекшеліктері мен дайындалу жолдарын ғылыми әдістемелік тұрғыдан қарастыру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Сәнді көйлек тігу жолдары мен іс- әрекеттерінен зерттеулер алынды.
Зерттеу көздері: Фигуралы бедерлі көйлек туралы сәнгерлер мен мәдениеттанушылар, өнертанушылар еңбектеріне талдау жүргізу.
Зерттеу тәсілдері: Фигуралы бедерлі көйлек туралы батыс Европа мен ресей, қазақ бейнелеу өнеріндегі және этномәдениеттегі көріністерін салыстыра қарастыру. Олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ескеру.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Сәнді киім тігу арқылы адамдардың қызығушылығын арттыру, болашақта сәнгер және тігінші не стилист болғысы келетін жас ұрпақтарды тәрбиелеуге жағдай жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Фигуралы бедерлі көйлек тігудің нақыштылық, стильдік, ырғақтылық ерекшеліктері, түр мен түс және мазмұн тереңдігіне байланысты ажыратылып, алғаш рет талдау жасалды.
Жұмыстың тәжірибелік мәні: Киім тігу үшін оның көркем образын қабылдай алу керек. Киімде көркем образ қалай пайда болады? Көркем образ дегеніміз не? Жалпы осы сияқты сұрақтар тігіншіні емес көрерменді көбірек мазалайды. Дегенмен, кез келген жасаған зат объекті бола бермейді, оны қазіргі зман өнерінен анық байқауға болады. Көркем образ - объектіні эстетикалық жолмен құрастыру, ал оны қабылдау ндивидуальды ішкі және сыртқы психологиялық материалмен байланысты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, материалтану бөлімі, жабдықтау бөлімі, графикалық бөлім, пішудің техникалық жағдайы, технологиялық бөлім, экономикалық бөлім, еңбекті қорғау бөлімі және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І- бөлім. Материалтану бөлімі
1. 1 Модельдің сыртқы түріне сипаттама
Модельдеу саласында әртүрлі жобаларды іске асыру үшін ең алдымен культурологиялық зерттеулерді талап етеді. Осы өнердің басталуы қисыны мен заңы, құралдары мен тәсілдері әр қоғамның ерекшеліктеріне негізделеді. Әр стилінен, тәсілінен жұмысты өнімді істеу үшін оның пайда болуы, өрістеп таралуын білу қажет. Кәсіби әдебиеттерден архитекстильдер бейнелеу, сәндік өнердің және жиһаз, кастюм деген ұғымдардың пайда болуы, тарихы жөнінде өте бай мәліметтер жинақталған.
«Модель» дегеніміз латын тілінен аударғанда үлгі, өрнек деген ұғымды білдіреді. «Модельдеу» деген ұғым жаңа үлгіні құрастыру, дайындау, яғни шығармашылық процесс болып табылады. «Көйлек» ұғымы киім немесе бұйым дегенді білдіреді. Көйлек түріне әртүрлі бұйымдар кіреді: ішкиімдер, көйлектер, шұлықты носкилік киім - бұйымдар. Жаңа үлгінің дамуы, ол киімнің өзгеруі сәннің өзгеруімен тығыз байланысты. Мысалы алғашқы қауымдық кезеңдегі адамдар денелеріне әртүрлі бояулар, татуировкалар шыққан. Киіннен бұл өрнектер, татуировкалар қазіргі шатыландықтардың ұлттық киіміне айналған. Жылы климатты аймақтарда киім түрі теріден немесе жапырақтардан жасалған. Ертедегі австриялықтар кенгурудің терісінен белбеу немесе плащь тіккен. Адам салқын күндерден қорғану үшін ғана теріден, былғарыдан киімдер жасаған. Ертеде Египетте пішуді қажет ететін киім киген. Ол тік төртбұрышты әртүрлі ұзындықтағы мата, бұл киім - кларисис деп аталады. Римде туника жәй жеңі жоқ киім түрінде болды. Жейде орта ғасырда пайда болды. Бұл кезде де шыға бастады. Күрделі пішілген киімдер XV ғасырда пайда бола бастады. Қазіргі киімге «Channel» (Шанель) фирмасы әртүрлі өзгерістерге Кристиан Диор 1947 жылы жаңалық әкелді. Қазіргі пішім киімдері тұрақты, тек қана әртүрлі детальдары өзгерген.
Киімнің функциялары. Қазіргі заманғы киімнің конструкциясының әр түрлілігінің негізгі факторлары - бұл жергілікті климаттық шарттары, фигураның өлшемдік мінездемесі, жынысы, жасы, түрлі субъективтік міндеттер. Қазіргі заманғы тігін бұйымдарының конструкциясы пішіндері және бөлшектерінің санымен анықталады. Бұйымның тігістерінің орналастыруы бұйымның түрі мен өңдеу әдістемелеріне байланысты. Бір тігін бұйымында екіден қырыққа дейін бөлшектер болуы мүмкін. Бұйымның негізгі бөлшектері оның пішіні мен силуэтін айқындайды. Модельдің сыртқы пішіні бөлшектің конструкциясының жоғарғы бөліктерінің бөлшектерінен анықталады. Ерлер немесе әйелдер киімінің негізгі бөліктері жалпы, бір бөлімнен тұруы мүмкін, бірақ конструкциясының түрлілігі ол - бөлшектердің бөліктеп пішіліп тігілуі немесе вытачка қолдану. Жалпы вытачканы бұйымның көлемі - пішінін шығару үшін қолданылады. Адамзат қоғамның даму сатысына киім негізінен бастапқыда қорғаушы функциясын орындар, кейін келе әсемдік жағына ауысты.
Қазіргі заманғы киімге көп талаптар қойылады. Ол көптеген функцияларды орындайды, олардың негізгілері: утилитарлық (қорғаушы, физиологиялық) және ақпараттық, эстетикалық 1) Қорғаушы функциясының мақсаты адам денесін ауа райының қолайсыз жағдайларынан және функциясы залалдардан сақтау. 2) Физиологиялық функциясы ыңғайлығы мен жайлылығы алға тартады. 3) Ақпараттық функциясы киімнің адамның сыртқы кескін - келбетіне сәйкестігін, үйлесімділігін, бұйымның композициясының ерекшелігін және оның дайындалу сапалығын айтады.
Жалпы сәнге бағыттамаға келетін болсақ сән, мода деген сөз біздің тілімізге шет тілінен енген термин сөз ретінде қабылданған. «Мода» сөзі француздың «mode» деген сөзінен алынған, ал бұл сөз латынның «modus» сөзінен бастау алған.
Ол белгілі бір өлшем, тәртіптің немесе образ деген мағынаны білдіреді. Моданы өмірдің немесе мәдениеттің белгілі бір саласында белгілі бір мәнердің аз уақытқа дәуірлеп тұруы деп те аударуға болады. Талғам ұғымында моданың айырмашылығы ол көркем туындыларға және күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарымыздың сыртқы түрінің неғұрлым аз уақытта үстірт өзгеруінбілдіреді.
Ал тар мағынада «Мода»дегеніміз салыстырмалы түрде аз ғана уақыттың аралығында киімнің сыртқы түрімен үлгісінің өзгеріп отыруы.
Жалпы моданың екі бағытын айқындауға болады:
Жеке адамдарға арналған, ерекше сәнді және салтанатты сән үлгілері;
Бұлардың біріншісі екіншісінен қымбатырақ болады. Бірақ сән үлгілерін жасаушылардың міндеті осы екі категорияға да бірдей. Аталарымыздың «Ағаш коркі- жапырақ, адам көркі-шөберек» деген мақалынын мағынасы түрінде. Оның философиялық мәні біздердің бүгінгі қызметімізді толық саралап береді.
Байқап отырсақ, мода барған сайын қоғам өмірінің барлық жақтарына- саясатқа, экономикаға, социологияға және басқаларына дейін еніп келеді. Сол себептіде қоғамдық өмірдің барлық жақсылықтары мен қарама қайшылықтары сән үлгілері мен өзіндік көріністерін тауып отырады.
Көйлек тарихының адамзат қоғамындағы ең бір маңызды түсініктердің бірі «сарын».
Киім ассортименті-мұның өзі тұтынушылар сұранымын қанағаттандыру үшін өнеркәсіп шығаратын түр мен мақсаты алуан түрлі бұйымдардың түрлі жиынтығы.
Айқындалған белгілері бойынша барлық киімдер ассортименттік топтарға бөлінеді: киімнің мақсаты материялдардың түрімен киім өндірудің әдісі, негізгі белгілері т. б. Әр бір ассортимент тобы типтік ұсыныстардың жиынтығы болады.
Типтік ұсыныс дегеніміз- аталмыш топ бұйымдарына тән сипаты бар негізгі конструкциялық-технологиялық белгілерді мейлінше мол қамтитын бұйым.
Сұлба дегеніміз- француз сөзінен аударғанда заттың сыртқы бейнесі, көлеңкесі деген мағынаны білдіреді. Сұлба - көйлек формасын анықтайтын белгілі бір түсінік, бұйымның сәнді тұлғасынанықтаудағы негізгі факторыболып саналады. Сонымен қатар сұлба- жарықтағы форманы қабылдау. Бұйымның негізгі нұсқаларын, ұзындықтарын, енін, бел сызығының орнын т. б. белгілерін анықтайды.
Қынамалы сұлба- өте сымбатты тұлғалы адамдарға келеді, олардың фигураларын нақты көрсетіп тұрады.
Пропорция дегеніміз- киім пропорциясына жақын ара қатынас, ең әдемі жетілген дұрыс арақатынас болып табылады.
Көйлекде қалыпты пропорциялармен қатар әдемі өзгертілген пропорциялардыда қолдануға болады. Мәселен, бұл тігісін көтеріп немесе төмен түсіру, иық кесіндісін кеңейту және тарылта түсу.
1. 2 Қолданылған материалға мінездеме
1. 3 Қосымша қолданылатын материалдар
Жіптер; қазіргі заманғы жіптер саласы әр түрлі синтетикалық жіптертөзімді мықты келеді. Жібек жіптер қасиеті жағынан тігін машинасына
жарамды. Сонымен қатар жібек жіп сырт киімнің бедері тігістерінде түйме торлағанда өте қолайлы . Бұл тігісі машинасына жарамсыз. Себебі үзілгішөңгіш №10, 20, 30, 40, 50-түрлері бар. Ине ежелгі дәуір адамдарының мата туралы түсінігі болған жоқ. Олар киімді жануарлардың терісінен жасады. Аң терісін тігу үшін балықтың сүйегін қыздырып біз ретінде пайдаланды. Кейін біздің ұшын бұрғылап көз жасады. Содан біздер алғашқы инелер есебінде қолданылды. Сүйек инелерден кейін қола, сосын темір, күміс
инелер пайда болды инелер негізінен екіге бөлінеді қол инесі және машина инесі. Қол инесінің диаметрі мен ұзындықтары әр алуан, он екі номері бар. Ал машина инелерін тек жуандығына қарап ажыратады іс тігетін ине түзусырты жылтыр үшкір болып келеді.
Жіптер ерте кезде жіпті сол тігілетін бұйымның матасының ұзын бойынан жыртып алған. Пішілген бұйымды көктемей бірден тіккен. Сонымен қатар көркем тігіс түрлерін де пайдаланған. Ретіне қарай жөрмелеу тігісі, қайып тігісі, шаша қайып тігісі пайдаланған. Жібек жіптер қасиеті жағынан жарамды. Тігілетін киімнің өңіне байланысты жай жіптерді пайдалануға болады.
Сантиметрлік таспа дитциметрлік, миллиметрлік бөліктерден тұрады. Таспаны өлшеу алдында жаңа таспамен тексерген жөн немесе мүмкіндік болса жаңа таспа пайдаланған жөн.
Жұмыс орнын ұйымдастыру ережелері
Машина жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орнын, және электр қоспасы бар столмен жабдықталады. Сонымен қатар винтті айналмалы орындықпен жабдықталады. Бұл орындық адам бойына қарай орныдық биіктігін құрастыруға мүмкіндік береді. Машина столының астыңғы оң жағында токка қосатын арнайы қысқыш бар. Машина столының беті тегіс және таза болуы шарт. Машинлардың ортасында қол жұмыстарын орындауға арналған стол орналастырылған. Стол бетіне тек қана өңделетін детальдар және өңдеуге керекті құрал-жабдықтар жатуы тиіс. Табиғи жарықтан басқа бөлменің ішінде жергілікті жарық күші болуы тиіс. Жұмыс аяқталған соң, өңделетін жұмыскер өзінің жұмыс орнын тазалап барлық құралдардаы өз орнына қойып, машиналармен жарық машина көзін өшіру керек. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс уақыты мен жұмыс орны, еңбек өнімділігі мен сапасын арттырады.
Көйлек тігін мамандырының сол немесе басқа түстің (түс гаммасының) белгілі бір жерде адамның жұмысқа, үй тұрмысында, театырда, мейрамда, оған көрерменнің көзқарасынна, яғни көйлекді көріп қабылдау заңдылығына байланыстылығын білу маңызды. Көйлекде түстің мәні зор, себебі түсті эмоционалды дәрежеде қабылдау адамның және бір ерекшеліктерін айқындауға немесе жасыруға көмектеседі, екіншіден үлкен немесе құрылымдық өзгертулер негізінде көпнесе көйлекдегі түсті шешімдер арқасында оның әртүрлігіне қол жеткізеді.
Көйлекның түсі ұқсастық (туыстық) немесе контраст принцпі бойынша темпераментіне, көздің, шаштың, терінің түсне сәйкес таңдап алынады Түспен киімнің маусымдылығын білдіруге болады. Көбінесе жазда колориті бойынша бір-біріне сәйкес ашық түстер қолданылады, қыста бір-біріне қарама - қарсы түстердің қатынасын пайдалынады (ақ пен қара түс) . Көктемдегі колорит әдетте нәзік түстер мен туыстық- контрасты үйлесіммен алынған қанық түстердің ерекше бірігуімен өзгешелетіндей жеңіл болады.
Көйлекның күзгі түстері табиғаттағы жапырақтар тәрізді туыстық үйлесімділіктің сан алуандылығымен ерекшеленеді. Күнделікті киімде көбінесе пастельді, тұнық түстер пайдалынадыал сәнді киімдерде әртүрлі фактуралы маталарды парша тәрізді жылтыр немесе түн сияқты барқытты қолданып тігілген түстердің контрасты қосылуы орынды.
Түстердің кейбір классикалық үйлесімін күнделікті өмірде сәндіне қарамастан біз жиі таңдап аламыз. Осыған қарамастан біз жыл сайын көйлекдегі қазіргі кездегі басым болып келетін түстің негізгі пропорциялары мен силуэттерін беретін сәннің жаңа бағытына кезігеміз. Егер түс көйлек және оның бейне құрамы туралы түрлі мәлімет беретін болса, түстің мәні күшейеді. Түспен көйлек жасалған материал мен оның қасиеттері тұралы әсер өзара байланысты, түс көйлекді қоршаған ортадан (мысалы, темір жол құрлысшыларының және т. б жұмыс киімдері) ажырата отырып, оның мәнін береді. (әсемді эстрада үшін) көйлекның неге арналғаның неге арналғанын көрсет алады. Сонымен бірге көйлек туралы белгі ретінде береді (салтанатты әсем көйлекдерде отан белгісі түрінде көгілдір түс болады) .
Түс тек қана көйлекнің неге арналғандығына емес, сонымен бірге жыны сына (еркек, әйел) жасына (бала, бозбала, жас, орта және кәрілік жасқа арналған көйлекдер) баланысты.
Көйлекның түсіне материалдың фактурасы әсер етеді, көйлекді эмоция алды түрде байытады немесе керісінше эмоционалды жүкті азайта отырып түсін өзгертеді. Көйлекдегі гармония адамның жеке қасиеттеріне де тәуелді. Мұнда тігілген көйлек адамның ерекшеліктерімен көйлекнің түсі мен бейнесі сәкеч болуын сезу жіне білу маңызды.
Бұл жыл уақытының өзгеруіне ғана емес сонымен бірге сәулет өнеріндегі, өнердегі дизайындағы және т. б. жалпы теңденцияларына байланысты. Түстердің араласуы туралы мәселесе негізгі сұрақтардың бірі. Суретшілер түсті үнемі іздеуде жеке түстерге ғана емес, сонымен қатар түстердің қатынасына мән береді. Түстік қатынастар немесе түстік гаммалар киімде және суретшінің басқа да шығармшылық қызметінде қолданылады.
Түстік гамма белгілі бір принцип бойынша бір-бірімен біріктірілетін түстерден құрылады. Табиғаттағы түсіне сәйкес алынған түс басқа түстермен біріктірілген болулардың өзара қатынасы түстік қатынасы түстік қатынастар-деп атайды.
Жиынтықтағы барлық түстер әдеп әбден зерттелініп таңдап алынды сондықтан ұлттық киім үлгісіде түс шешім толық заңдылықты қамтамасыз етіп тұр деседе болады.
1. 4 Ұсынылатын материалдар
Маталардың сыртын оның сапасымен сипатталады. Маталардың сорттылығы стандарт нормаларына сәйкес тоқыма фабрикада анықталады. Маталардың сорттылығын анықтау үшін стандарт бар.
- Мақта және штапель маталар үшін
- Жүн маталар
- Жібек маталар
- Зығыр маталар.
Осы маталардың ішінде көйлектік маталар ең көп таралған.
Көйлекутік маталар - жібек маталар сияқты жылтыр баспалың. Негізі мен арқауы 25 текс жалаң қабат вискозе жіптерін пайдаланып крептік айқаспамен тоқылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz