Қазақстанның ұлттық дипломатиясының қалыптасуы


Батыс Қазақстан инженерлік -технологиялық колледжі
Экономикалық және әлеуметтік
құқықтық пәндер бөлімі
«»
Орындаған : УА-931
тобының оқушысы
Мусагал
Орал
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«» 20___ж.
Қазақстан Республикасы
тарихы
кафедрасы
меңгеру. орын.
Б. Н. Бақтығұлова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
050114- мамандығы - «Тарих»
Орындаған: Абдрахманов А. Т.
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. к., аға оқытушы
Орал
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих және құқық факультеті
Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы
Мамандық
Кафедра
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
«__» 2012 ж.
Студент диплом жұмысын орындауына арналған
ТАПСЫРМА
Тақырыбы:
1. ЖОО орнының № бұйрығымен 20 _ж. « ___» бекітілген.
2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «» 20___ж.
3. Негізгі мәліметтер
4. Диплом жұмысының қысқаша мазмұны
5. Графикалық материалдың тізімі немесе орындалған жұмыстың көлемі
6. Өздеріне қатысты тараулар көрсетілген жұмыс бойынша кеңесшілер
(кеңесшілер болған жағдайда көрсетіледі)
7. Диплом жұмысын даярлау графигі
Р/с
№
Тапсырманы беру уақыты
Жетекші
(аты-жөні, ғылыми дәрежесі) (қолы, күні)
Тапсырма орындауға қабылданды
(студенттің аты-жөні) (қолы, күні)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І тарау Қазақстанның ұлттық дипломатиясының қалыптасу тарихы
1. 1 Қазақ хандарының дипломатиялық қызметі
1. 2 ХХ ғ. ұлттық диломатиясының қалыптасуы және Н. Төреқұлов
ІІ тарау Тәуелсіз Қазақстан дипломатиясының негізгі бағытары
2. 1 Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастықтың мойындауы
2. 2 Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы
2. 3 Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Еліміз тәуелсіздік алуына байланысты ұзақ жылдар бойы бұғаудан босағаннан кейін дербес мемлекет ретінде өзінің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыра бастады.
1992 жылы шілденің 2-сі күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев жас Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосының мәртебесі мен өкілеттігін ресми рәсімдеген, «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы» Жарлыққа қол қойды.
Отандық дипломатияның дәстүрлі тамыры ғасырлар тереңінен нәр алғаны мәлім. Ол Ұлы даланың тарихымен, ұлан-ғайыр кеңістігіндегі біздің мемлекеттілігімізбен тікелей байланысты. Біздің бабаларымыз жүргізген сара жол сыртқы саясат ірі Еуразиялық мемлекет - бүгінгі Қазақстан Республикасының пайда болуына негіз болғандығы даусыз. Отандық дипломатияның бастауы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен тығыз байланыста. Қазақ хандығының әскери саяси және сауда-экономикалық мүдделерін қорғау, оның орасан зор аумағын сыртқы қол сұғушылықтан сақтау осы міндеттер дипломатиялық майданда ұстамды және ойластырылған іс-қимылды талап ететіні сөзсіз. Сондықтан қазақ дәуірі кезіндегі ірі тарихи тұлғалар сияқты көрнекті ұлттық көшбасшылардың еңбегі көшпелі руларды біртұтас мемлекетке біріктірі, оның тәуелсіздігін нығайтудан ғана көрінбейді, сонымен бірге осы ерекше маңызды мақсатқа қол жеткізу үшін қолайлы сыртқы жағдайларды туғыза білуден де байқалады.
Қазақ дипломатиясының тарихы ең бір қиын-қыстау замандарда да ұлттық бірлікті, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтап қалу міндеті маңдайларына жазылған Керей мен Жәнібектен Әбілқайыр, Абылай хандарға дейін үздіксіз созылып жатыр. Олар сыртқы саясат ведомствосының басына қазақстандық дипломатияның дамуына баға жетпес үлес қосқан кәсіби дипломаттар болып саналады. Қазақ хандары қиын-қыстау кезінде қандай жағдай болмасын елін аман алып қалуға тырысып, өздерінің барлық айла әрекеттерін салған. Көрші екі мемлекеттің қыспағында қалып, одан еш зардапсыз шығуға әрекеттенген. Олардың өз қызметінде сабырлығы, ұстамдығы қазіргі дипломанттарға үлгі септес.
Біздің сыртқы саясатымыз жалпыға бірдей қауіпсіздік пен тұрақты лықты нығайтып, өзара тиімді ықпалдастықты дамытуды көздейді. Қазақстандық дипломатияның негізгі қағидалары- белсенділік, тең-герімділік, прагматизм, сындарлы диалог және көпжақты ынтымақтастық болып қала береді. Осы қағидаларды негізге алған еліміздің сыртқы саясат ведомствосын Қазақстан дипломатиясында өзіндік із қалдырған сара жолдан бастау алады. 2001 жылы Президент тағы бір қайтара саясатшылар мен қоғам мүшелерінің назарын сыртқы саясатты қандай бағытта жүргізу керектігіне назар аударты. Ол «Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы сыртқы саясатының көп векторлығы өзгеріссіз қала береді» - деп мәлімдеді[1; 25] .
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары Республиканың стратегиялық мүдделеріне, оның ішкі экономикалық жағдайы, әлемдегі халықаралық байланыспен дамуға байланысты емес өзгеруі мүмкін. Сондықтан Елбасы Қазақстанның сыртқы саясатын жүргізуде көп векторлық саясатты жүргізуге ықпал жасауда. Еліміз егемен болып, тәуелсіздікті саяси, экономика, рухани, липломатиялық ақпараттық және тағы басқа салаларда, баянды ету жолын таңдап, сол бағытта жұмыс істеп келеміз. Сондықтанда сыртқы саясатты дұрыс жолға қою қазіргі күнің басты талаптарының бірі. Осыдан келіп диплом жұмысының өзектілігі туындайды.
Жұмыстың тарихнамасы: Дала дипломатиясының дамуы қазіргі таңда ғана зерттелуде. Кеңестік тарихнамада қазақ хандарының қызметі тек қазақ тарихының бір құрамдас бөлігі болып саналды. Коммунистік идеологияның өзі де кезінде тарихтағы жеке адамның орны мен ролін теріске шығармағанын білеміз. Алайда Одақтық тарихтағы ұлттардың тарихында олардың дара туған ұлы тұлғаларына көп орын берілмеді. Олардың тарихи ролін сипаттауда ерекше «іріктеу» әдістері пайдаланылды. Мұндай әдістер, әсіресе қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткерлерінің өмірімен қызметін баяндауда қолданылды. Қазақ хандарын, батырларын жеке тұлға етіп жазған Одақ кезінде тарихшылар өте аз. Мысалы Е. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жж. », М. Вяткиннің «Батыр Сырым» (1947) еңбектерін атауға болады. Тәуелсіздік алған соң М. Қозыбаев, К. Нұрпейсов, Ж. Қасымбаев, В. Ерофеева, М. Қойгелдиев[2] және тағы басқа тарихшылардың еңбектерін жатқызуға болады.
Қазіргі заманғы көп этникалық, көп конфессиялық казақстаңдық, қоғамның қалыптасуының азды-көпті толық картинасын беруді және Президент Н. Ә. Назарбаевтың осы үрдістегі рөлін көрсетуді мақсат еткен әдебиттің тізбесі жаңа да құнды басылыммен - Қазақстанның кернекті философтары Ә. Н. Нысанбаев пен Г. Малининнің «Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан - бейбітшілік пен келісім аумағы» атты кітабымен толықты[3], онда авторлар былай деп атап өтеді: Қазақстан бүгінгі танда әлеуметтік жаңғыру мен саяси демократияланудың жаңа кезеңі аралығында түр. Елде жүзеге асырылып жатқан азаматгык татулықты, этносаралық және конфессия аралық келісімді сақтау мен нығайту стратегиясы демократияны даму базасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Белгілі қырғыз саясатшысы, ғалым және дипломат Ж. Сааданбековтың «Нұрсұлтан Назарбаев. Көшбастаушылық заңдары»[4] атты кітабы автордың зияткерлік-дүниетанымдық эволюция арқылы ТМД-да өңірлік көш-бастаушыға айналған Қазақстанның саяси, әлеуметтік жөне экономикалық жаңғыруының кұнды тарихи төжірибесін ашып көрсеткен бірегей еңбек болып табылады. Еңбекте Президенттің өмірбаяны, кісілік қасиеттері паш етіледі,
Осыған байланысты жас Қазақстанның геосаяси, экономикалық, қоғамдық-саяси стратегиясының қалыптасуына, оның сыртқы саясатының дамуына, ұлтгық және әскери кауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне т. б. арналған көптеген ғылыми зерттеулерді еске сала кеткен жөн. Оның санатына С. М. Әкімбековтың, М. С. Әшімбаевтың, М. К. Алтынбаевтың, Ж. Х. Ахметовтың, Л. К. Бақаевтың, Л. М. Иватованың, М. Б. Қасымбековтың, М. Т. Лаумулиннің, М. А. Құл-Мұхаммедтің, К. Қ. Мәсімовтің, Қ. Б. Саудабаевтын, Қ. С. Сұлтановтың, К. Л. Сыроежкиннің, М. М. Төжиннің, Ж. Қ. Түймебаевтың және басқалардың енбектері жатады. А. В. Ретивыхтың «Қазақстан ғасырлар тоғысында» [5] атты кітабында геосаясаттың ғылым ретіндегі маңызы, екі идеологиялық жүйе мен әскери одақтьң тайталысының аяқталғаннан кейін әлемдегі геосаяси өзгерістерге орай экономиканың, қоғамның және мемлекеттің реформалануының өтпелі кезеңінде егемен Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы тарихи-әдіснамалық тұрғыда зерттеледі. Қазақстанның өңірлік және әлемдік қауымдастыкқа бірігуі проблемаларына, ұлттық қауіпсіздікке және Қазақ-станның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың осы ғаламдык үрдістердегі рөліне ерекше көңіл бөлінеді. Егеменді жас мемлекет үшін жаңа заманның уақыт санағы басталып кеткені айтылады.
Е. Ертісбаевтың «Қазақстан және Назарбаев: өзгерістердің қисыны» [6] атты еңбегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. На-зарбаевтың қарапайым өмірдегі және Қазақстан болашағы үшін әлемдік саясатты зерделеген мазасыз тіршілігіне зер салынады. Басты назар - кітап тұлғаның жеке басына және ішкі саяси үрдістерді қозғаушы күштердің барлық қырларынын өзара байланысы мен өзара тәуелділігін зерттеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы Қазақстан тарихына объективті талдауға, мемлекет басшысынын әлемдік тарихи даму әркелкілігінің шиеленісуі жағдайында Қазақстанның толымды да теңдестірілген түрде алға басуын қамтамасыз етудегі қызметін жан-жақты қарастыруға арналған.
Көрнекті мемлекет қайраткері Қ. К. Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік туы астында», «Қазақстанның жаһандану жағдайындағы сыртқы саясаты», «Еңсеру» [7] атты дипломатиялық очерктер атты еңбектерінде Қазақстан Республикасының көп қырлы өркениетгі сыртқы саясатының дамуы проблемаларына жеке көзқарасын білдіреді. Қ. К. Тоқаевтың еңбектерінде жаңа мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуының барлық кезеңіне дәйекті-
лікпен талдау жасауға, дипломатиялық қызметтің қалыптасуына, Қазақ-станның халықаралық қоғамдастықтағы роліне, аса ірі халықаралық, ұйым-
дардың әлемдік саясатқа ықпалын зерттеуге, әлемдегі қазіргі заманғы қай-шылықтарға талдау жасауға арнайы көңіл бөлінеді. Дипломат негізгі қағи-датта - ұлттын, өзін-өзі билеуі жөне мемлекетгің аумактық тұтастығы құқығы бойынша байқалған қарама-қайшылықтарды егжей-тегжейлі зерттейді. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) құрылу тарихына, Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) дайындау және оған кол қою үрдісіне және басқа көптеген тарихи маңызды оқиғаларға ерекше көңіл бөлінеді.
Қ. К. Тоқаевтың республиканың мемлекеттік егемендігі жарияланған сәттен бастап, бес жылдық кезеңді қамтитын, 1997 жылы басылып шыққан «Тәуелсіздік туы астында» атты кітабы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты жөніндегі ой-пікірді тұңғыш қорытындылаушы еңбек болып табылады. Кітапта елдің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық бағытының қалыптасуының жүріп өткен жолы Қазақстанның әлемдік коғамдастыққа егемен ел ретінде енуімен ұштастырылып, ой елегінен өткі-зілді. Сөйтіп қазақстандық тарих ғылымында тың пайым ортаға салынды, Қазақстан Республикасының түрлі елдермен және халықаралық ұйымдар-мен қарым-қатынастың басым бағыттарына, олардың іске асырылуына тал-дау жасалды.
Баяндау сипаты жағынан автордың өзі «очерктер» санатына жатқызған бұл еңбекте жеке естеліктер мен ой-толғауларға елеулі орын берілген, дегенмен бұл еңбек ғылыми-публицистикалық басылымдар тобына жатқы-зылуы мүмкін.
Қ. К. Тоқаевтың «Қазақстанның жаһандану жағдайындағы сыртқы саясаты» деген атпен 2000 жылы жарық көрген, Қазақстан Республикасы-ның XXI ғасырдың қарсаңындағы сыртқы саясатының көкейтесті пробле-маларына арналған монографиясының елдің сыртқы саяси бағытының негізгі бағыттарын зерттеуде зор маңызы бар. Бұл еңбекте зерттеуші Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі сыртқы саясатына тигізетін экономикалық-саяси факторлардың кешенін анықтайды. Қ. К Тоқаевтың 2001 жылы басылып шыққан «Қазакстан Республи-касының дипломатиясы» атты екінші бір монографиясында Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы мен даму барысына жан-жақты талдау жасалды. Бұл еңбекте республиканың әлемдік қоғамдастықпен және ха-лықаралық ұйымдармен өзара қатынастарына баса ден қойылады, Қазақ-станның сыртқы саясатының басқа да көптеген мемлекеттермен ынтымақ-тастығындағы басым бағыттары баяндалды.
Тәуелсіз Қазақстанда қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш Елші А. Арыстанбекованың «Біріккен Ұлттар және Қазақстан» атты монографиясында[8] Қазақстанның БҰҰ-ға енуі, оның осы басты халықаралық ұйымында алғашқы айлар мен жылдардағы қалыптасуы, Қазақстан мен БҰҰ-ның арасындағы ынтымақтастықтың дамуы, нығаю барысы ашып көрсетіледі.
А. Арыстанбекованың «БҰҰ-дағы Қазақстан: тарих және болашақ мүмкіндіктер» атты зерттеуі жаһандану жағдайындағы Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының негізгі бағыттарына арналады. Автор БҰҰ-ның ресми құжаттарын отандық тарихта тұңғыш рет ғылыми айналымға кең ауқымда енгізу негізінде Қазақстан Республикасының әмбебап ұйыммен оның 1992 жылдың наурызда мүшелікке енген сөзінен бастап және он жыл бойындағы ынтымақтастық тарихын, проблемалары мен келешегін зерттейді. Кітапта жаһанданудың БҰҰ қызметіне ықпалы ашып көрсетіледі, ағылшын-саксон және француз зерттеушілерінің ғылыми айналысқа тұңғыш енгізілген ең жаңа жарияланымдарын пайдалана отырып, әлемдік саяси және экономикалық жүйедегі жаһандану үрдістері карастырылады. Кең ауқымдағы фактологиялык материал негізінде Қазақстанның қарусыздану мен халықаралық кауіпсіздік, бейбітшілік пен бітімгершілік, экономикалық және әлеуметгік даму, гуманитарлық проблемаларды шешу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа кіруі мен қатысуы тәжірибесі жүйеге келтіріледі.
Н. Ғ. Айдаровтың: «Дала дипломатиясы фрак киді» дегеніндей, тек тәуелсіз Қазақстанның дипломатия қызметі ғана емес, сонымен бірге оның тарихнамасы да нақты мазмұнмен толығуда.
Тарихнама қоры неғұрлым байыған сайын және жазылған еңбек неғұрлым сапалы болған үстіне оларда тарихтың тағылымы да солғұрлым айқын көрініс табады.
Тәуелсіз Қазақстанның қазақстандық тарихнаманы кұрайтын еңбектері тарих және саясат ғылымдарының дамуы үшін елеулі құндылық болып табылатынын айта кету қажет. Алайда 90-жылдардың басындағы зерттеулерге ғылыми шынайылық қағидатын қиындататын саяси тапсырыстарды орындаушылық, идеологиялык тайталастық сипат тән.
Осы орайда К. Н. Бұрхановтың, Б. Ғ. Аяғанның, Б. К. Сұлтановтың «Қазақстанның қазіргі заманғы саяси тарихы (1985- 2006) » [9] атты ұжымдық еңбекті атау маңызды болып табылады. Онда тарихи деректерді кең ауқымда тарту негізінде Қазақстанның қазіргі заманғы саяси тарихына талдау жасалады. Қазіргі заманғы үрдістерді кешенді зерттеу проблемасын көтеру авторлардың мемлекеттік кұрылыстың эндогендік тетіктерінің эволюциясын Қазақстанның саяси жүйесінің жұмыс істеу қағидатын айқындаған базалық тетіктер ретінде қадағалауына мүмкіндік берген.
Жұмыстың мақсаты: Жұмыстың басты мақсат-міндеті дала дипломатиясының негізгі бастауы болған қазақ хандарының мәмілегерлік қызметін тарихи бағытта жазылған құжаттар арқылы саралау. Олардың қазақ халқының қалыптасуына және шекаралық аумақты сақтауға өзімдік үлес қосқан тарихта белді орны бар хандардың қызметін айқындау. Сонымен қатар Қазақстан халықаралық ұйымдарға мүше бола отырып, әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енуге ат салысты. Сонымен қатар Қазақстанның барлық халықтарының теңдігін, нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және өзге де көзқарастарына қарамастан адамның негізгі құқықтары мен бостандығын жария еткен біздің еліміздің Конституциясы Вена Декларациясының шешімдеріне және Адам құығы саласындағы іс-қимыл тұжырымдамасына толық сәйкес келеді. ҚР Президенті жанынан Адам құығы жөніндегі комиссияның құрылуын БҰҰ-да адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық құжаттарды іске асыруға бағытталған нақты қадам ретінде бағалады. Осындай қоғамға маңызы бар халықаралық құжаттардың қабылдануына негіз болған алғы шарттар мен себептерді айқындау диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан әр тарау үш парагрфтан және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау Қазақстанның ұлттық дипломатиясының қалыптасу тарихы
1. 1 Қазақ хандарының дипломатиялық қызметі
Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең-байтақ аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процестердің заңды қорытындысы болды. Аралас экономикалы, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік, қала шаруашылығы қалыптасқан өлкелердің табиғи интеграциясы негізінде ХІҮ-ХҮ ғасырларда тұтас экономикалық ауданның құрылуы аймақтық бүкіл жерінің бір саяси құрылымғы бірігуіне қолайлы жағдай әзірледі. Өз кезеңінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай ордасы шеңберінде жергілікті этникалық неізде мемлекеттің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси түсуіне жәрдемдесті.
Қазақ халқының қалыптасу процесінің баяулауына, оның уақыт жағынан ұзаққа созылуына монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің -әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай Ордасының бір орталыққа бағынбауы, көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдағы қоғамдық қатынастардың баяу дамуы, сыртқы саяси жағдайлардың қолайсыз болуы өз әсерін тигізді. Қазақ халқы қалыптасуының сан ғасырлық процесінің ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы аяқталу кезеңі оның қыпшақтардың, өзбектердің, ноғайлықтардың, моғолдардың этникалық-саяси қауымдастығына кірген бөліктерінің бірігуімен және сонымен бірге Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың жекелеген рулары мен көптеген тайпалары бөлімшелерінің басқа да қалыптасқан түрік халықтарының құрамына енуімен сипатталады. Мысалы, ХҮІ ғасырдың басында Қазақстанның Жетісу мен оған шектес аудандардағы тайпаларының бір бөлігі Мұхаммед Шайбани ханмен бірге Орта Азияға кетеді, дулаттардың, қаңлылардың, қыпшақтардың, наймандардың, керейіттердің жекелеген топтары өз тайпаластарының негізгі бұқарасынан бөлініп, олар қырғыздардың құрамына кіреді[10; 45] .
Қазақ хандығының негізін салушылар Жәнібек пен Керей хандарымен тығыз қарым - қатынастар, оның үстіне одақтастық, достық байланыстар жасаған алғашқы мемлекет Моғолстан болды. Бұл қатынастардың негізі қазақтар Керей мен Жәнібектің ХҮ ғ. 50 жылдардың аяғында Батыс Жетісуға келгеннен кейін көп ұзамай іс жүзінде құрылған хандыққа дейін-ақ айқындалған болатын және ол қатынастар едәуір ұзақ уақыт бойы берік болып қала берді. Мұхаммед Хайдар қазақтар мен молғолдар арасындағы «достық және бейбіт » қатынастар Есен-Бұға хан (1462 өлген) кезінен бастап Абд ар-Рашид хан билік ете бастаған кезге дейін, яғни ХҮІ ғ 30ж дейін жасалып келді деп жазады[10; 49] .
Жәнібек және Керей хандар бастаған қазақтардың қалың бұқарасының Оңтүстік және Орталық Қазақстаннан Жетісуға, Шу, Талас алқабына қарай ойысуы тегін емес. Бұған Ақ Орданың Моғолстанмен, ең бастысы оның Жетісудың солтүстік бөлігінің иелерімен ертеден бергі достық қатынастары; Керейдің қай жылы туып, өлген жылы белгісіз. Ол туралы нақты тарихи мәлеметер аз. Ал Кереймен бірге ел басқарған Жәнібек туралы халық арасындада, тарихи құжаттарды баршылық. Жаңадан құрылған хандықтың өзімдік құрылымы мен заң жүйесі осының айғағы. Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің тағы бір белгісі- ол халық санасында әулиеге парапар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған, ұлттық тарихымызды жай ғана Жәнібек хан деп аталмай, Әз-Жәнібек хан деп те атайды. Ол қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасынорнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар иеілігіне ұйтқы болған ұлы әулеттің негізін салушы.
Жәнібек өлгеннен соң аға баласы ретінде Керейдің ұлы Бұрындық хандыққа көтеріледі. Ол билік еткен жылдары қазақтар Сырдарияның бойына қоныстанды. Сонымен қатар Сығанақ, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам, Үзенкт, Ақ-Қорған, Арқұқ сияқты маңызды қалаларды иеленді. Бұрындық хан Шайбани ұрпақтарымен үздіксіз соғыстар жүргізе отырып, қазақ хандығының аумағын кеңейтті.
Бұрындықтан соң азғана уақыт хандықтың басына Жәнібектің ұлы Әдікке көшеді. Ол хандықтың басын біріктіре алмайды, өте әлсіз билеуші болды. Ол хандық құрған кездегі қазақ халқының жағдайы туралы нақты тарихи мәлеметтер жоқ. Әдіктен кейін оның туған інісі Қасым хан билікке келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz