ҚР посткеңестік елдермен саяси-экономикалық қарым-қатынастары (1991-2007 жж)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: ҚР посткеңестік елдермен саяси-экономикалық қарым-қатынастары (1991-2007 жж)
Орындаған
Ғылыми жетекші
Жоспар
Кіріспе
І тарау ҚР поскеңестік елдермен саяси қатынастары
1. 1 Қазақстан тәуелсіз мемлекет және ТМД
1. 2 ҚР поскеңестік елдермен дипломатиялық қатынастардың орнауы
ІІ тарау ҚР поскеңестік елдермен экономикалық байланыстар
- ҚР поскеңестік елдермен экономикалық жүйенің қалыптасуы
2. 2 ТМД елдері арасындағы мәдени байланыстың қалыптасуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 90 жылдары Кеңестер Одағы ыдырай бастады. Одақтас республикалар өз алдарына жалпы демократиялық процестерді тездете отырып, жеке мемлекеттілікке ұмтылды. 1990 жылдың 25-қазанында республика Жоғары Кеңесі қазақ КСР-інің мемлекеттік егеменді туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет, ол өз аумағында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап республика тарихында жаңа кезең басталды. Ұзақ жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізе отырып, өзінің мемлекеттік нышандарын қабылдай бастады.
Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы өркендеу жылдары оның басқа елдермен байланыстарының жаңа мағынада -мазұмында орнығумен және дамуымен сипатталады.
Алдымен ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен, қазақ халқын жалған ұранмен желпілдетіп келген жоспарлы экономика дағдарысқа ұшырап, нарықтық экономикаға бейімделдік. Нарыққа өту үшін республикаға шетел капиталдары қажет ететіні сөзсіз еді, сонымен қатар ҚР Үкіметі көршілес елдермен яғни ұзақ жылдар бойы қалыптасып қалған жүйе бағытымен бұрынғы Одақтас республикалармен саяси-экономикалық байланыс орната бастады. Кеңес Одағы кезінде жіпсіз байланған өндіріс орындары тоқтап, экономика құлдырай бастады. Осы кезең жас тәуелсіз республика тарихында қиын уақыт болып саналып, «өтпелі кезең» деп аталды. Ал қазір тәуелсіздіктің де біраз жылдарын артқа салып, біршама табыстарға қол жеткізудеміз.
Біз бүгін тәуелсіз ел деп ұлттық қауіпсіздігі мен аймақтық тұтастығын қорғайтын, мемлекетіміздің ұжымдық қауіпсіздік саясатын қолдайтын, ұлының ұлағатты, қызының инабатты, халқы салауатты болуына барлық мүмкіндіктерді жолдайтын мемлекетті айтамыз.
Біз тәуелсіз ел деп халықаралық ұйымдарға емінбей еркін кіретін, көгілдір байрағымызды желбіретіп басқа елдің төріне ілетін, әлемдік қоғамдастықта қай елдің өкілдері болса да қаз-қатар алдыңғы легінде жүретін, елі аман, жұрты тыныш, шекарасы бүтін президенттік жүйесі бар парламенттік республикалық мемлекетті айтамыз. Осы диплом жұмысын жазу барысында сұрақтарға жауап іздей отырып, олармен қазіргі уақыттағы саяси-экономикалық байланыстардың өрбуін қарастырамыз. Міне, осыдан келіп диплом жұмысымның өзектілігі, маңыздылығы, мазұмындылығы туындайды.
Тарихнамасы: Қазақстан мен посткеңестік елдер арасындағы саяси, экономикалық бағытта арнайы түрде зерттелген жұмыстар соңғы жылдары азда болса жарық көре бастады. Соңғы кезде бұрынғы одақтас мемлекеттер де осы мәселеге байланысты бірнеше көлемді еңбектер жарық көрді. Қазақстанның әлемдік экономикалық даму үрдісіне қосылуының тиімді жолдарын іздестіруде кейбір посткеңестік мемлекеттердің соңғы жылдар ішіндегі жүзеге асырған экономикалық реформаларының тәжірибесі назар аударлықтай.
Статистикалық жинақтамалар мен анықтамалар: оларды пайдаланудың арқасында Қазақстанның жалпы шетелдер мен экономикалық байланыстары және Қазақстанның посткеңестік елдер арасындағы экономикалық, әсіресе, сауда байланыстары жөнінде нақты мәліметтер, сандық көрсеткіштер алудың мүмкіндігі туды.
Деректердің тағы бір тобына мемлекет қайраткерлерінің еңбектері, сөздері, сұхбаттары пайдаланылды . Атап айтқанда, ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың, Қ. Тоқаевтың, Т. Сүлейменовтың, еңбектері. Себебі, бұл мемлекет қайраткерлерінің саяси оқиғалардың барысына тікелей қатысқандықтан еңбектерінің деректік дәрежесі өте жоғары.
Диплом жұмысты жазуда деректердің келесі бір қайнар көзі болған - мерзімді баспасөз беттеріндегі материалдар . «Егеменді Қазақстан», «Панорама», «Жас Алаш», «Айқын» сияқты газеттер мен «Дипломатия жаршысы», «Саясат» журналдарының Қазақстанның посткеңестік елдермен жан-жақты байланыстарының барысы туралы талдаулар жасауға ғылыми негізде ой түйіндеуге септігі мол болды.
Сондай-ақ, соңғы кездерде ғана қолдана бастаған Internet компьютер жүйесіндегі ақпаратты да пайдаландық. Бұл тек бүгінде дами бастаған және өте болашағы бар ақпарат көзі.
Жұмыстың мақсат-міндеті: тақырыптың өзектілігінде аталып өткен ойдардың негізінде төмендегідей мақсат-міндеттер туындайды.
- ҚР тәуелсіздік алуына негіз болған факторларды анықтау, олардың алғы шарттарын көрсету;
- Кеңес Одағының ыдырауы қарсаңындағы Одақтас республикалардың қарым-қатынасын анықтау;
- ҚР егемендікке қол жеткізген соң ТМД құрылуы, оның қызметін, беделін ашу;
- Қазіргі таңдағы посткеңестік мемлекеттердің саяси-экономикалық қарым-қатынастары жайлы толыққанды мәлеметтер беру;
- ҚР мен Посткеңестік мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы, олардың қызметін кең түрде қарастыру.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері: Диплом жұмыс 1991 жылдан ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардан бастап қазіргі таңға дейінгі посткеңестік мемлекеттермен байланысын қамтиды.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан әр тарау өз ішінен екі парагрфтан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.
І тарау ҚР поскеңестік елдермен саяси қатынастары
1. 1 Қазақстан тәуелсіз мемлекет және ТМД
1990 жылдың 25 қазақнында республика Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу республикада жалпы демократикалық процестердің барысын тездете түсті. Мемлекет басшысы бірінші кезекте елдің мемлекеттік басқару оргындарын нығайту жөніндегі шараларды қолға алды. 1990 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Президенті «Қазақ КСР-індегі мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарын жетілдіру және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Министрлер Кеңесі таратылып оның орнына Қазақстанның Министрлер кабинеті және Президент жанынан консультативтік-кеңесші орган Республика Кеңесі құрылды.
1991 жылғы Мәскеудегі тамыз бүлігі КСРО-ның күйреуін және ұлт республикаларының, соның ішінде Қазақстанның тәуелсіздік алуын тездете түсті. Тамыз оқиғаларының нәтижесі күні өткен ескі жүйенің тірегі ретіндегі Коммунистік партияның келешегі жоқтығын көрсетті. 1991 жылы 7 қыркүйекте Қазақстан Коммунистік партиясының кезектен тыс және төтенше сьезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату жөнінде шешім қабылданды.
Осындай жағдайда қайта құру көсемдері бұрынғы империялық кеңістікті қалай болғанда да сақтап қалуға тырысқан жобалар ұсынды. КСРО-ны бұрынғы ұлттық-аумақтық бірлестік сипатынан айырып, бірыңғай аумақтық мемлекетке айналдырып, Америка Құрама Штаттарының Евразиядағы көшірмесін ұсынғандар да табылды. Академик А. Сахаров тек он бес одақтас республикалардан ғана емес, барлық ұлттық-аумақтық субъектілерден, яғни, 53 халықтық республикалардан тұратын жаңа федерация «Европа мен Азия кеңестік республикалардағы Одағы Конституциясының» жобасын ұсынды. Бірақ ұзақ таластан ештеңе шықпай 1991 жылы жазда Ново-Огаревода «9+1» шарт жобасы қабылданды. Яғни, бұл шарт бойынша тоғыз республика жаңа шартқа қол қоюға әзір екендігін білдірді, «+1» дегені жаңа шартқа кірушілер есік ашық екендігін айтқан еді. Бұл шартқа 1991 жылдың 20 тамызында қол қойылатын болып шешілген еді/1; 12/.
Алайда жаңа одақтық Шартқа қол қоюға республикалар беттемеді. 1991 жылдың 19 тамызда жоғары биліктің бір топ өкілдері КСРО-ны қалу мақсатында мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды. Бұл-кеңестік империяның күйреуі алдындағы ең соңғы тұяқ серпінісі болатын. Мәскеу жұртшылығы мемлекттік төңкеріске қарсы болды. Ресей Президенті Б. Ельцин ереуілдеушілерге қосылды және ТЖМК мүшелерін өз Жарлығымен мемлекеттік қылмыскерлер деп атады. Осы жылдың 20-21 тамызда Мәскеудің демократиялық жұртшылығы Мәскеуге енгізілген танклерге қарсылық көрсетті. 21 тамызда РСФСР Жоғарғы Кеңесі төтенше сессиясының шешімі бойынша А. Руцкой мен И. Силаев бастаған топ Қырымға ұшып барып, КСРО-ның тұнғыш және соңғы Президенті М. Горбачевті «тұтқынан» босатып Мәскеуге алып келеді және сол түні ТЖМК мүшелері де тұтқындалады. Осыдан кейін ақ КСРО-ның іргесі сөгіліп сала береді. Небәрі 21 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Эстония, Латвия, Украина, Молдавия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан өз тәуелсіздіктерін жариялады. Бұған дейін Литва мен Грузия тәуелсіздіктерін жариялаған болатын. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы - 1991 жылы 7-8 желтоқсан Белоруссия, Ресей Федерациясы, Украйна мемлекеттер басшыларымен егеменді мемлекеттердің бірігуі. 1991 жылы 21 желтоқсан Алматы қаласында бұрынғы одақтық республика басшылары 15-тің 11-рі келісім Протоколға қол қойды. Мұнда, Азербайжан, Армения, Беларусия, Қазақстан, Қырғыстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан мен Украйна «тең құқылы бастама мен Жоғары Келісімділік» жақтар ретінде «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын» құратыны айтылады. Протоколдан өзге кездесудің қатысушылары Алматы да Декларацияға қол қойды/1; 15/.
1991 жылы 2 қыркүйекте КСРО халық депутаттары құрылтайында «Егеменді Мемлекеттер Одағы туралы шартты әзірлеу және оған қол қою жеделдетлсін, бұл Шартта олардың әрқайысысы Одаққа қатысуының түрін дербес айқындай алады. Жаңа Одақ мемлекеттерінің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы, адамдар мен халықтар құқықтарының сақталуы, әлеуметтік әділеттік пен демократия қағидаларына негізделуі тиіс», - деп атап көрсетілді. Дегенмен де сол кездің өзінде ақ бұл Шартқа да қол қойылмайтындығы байқала бастады. Сондықтан да Қазақстан басшылығы да өз болашағын айқындауға кірісті. Бірақ мұндай қадамға бару үшін Елбасыға бүкілхалықтық сенім мандатын берілуі қажет еді. Қазақстан, Ресейдің Орталық - Азиаттық аймағындағы стратегиялық, жақын одақтасы ретінде, Кремльдің сыртқы саяси бағытында маңызды орын алады.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтіп, дауыс беруге қатысқан қазақстандықтардың 98 пайыздық дауысына ие болған Н. Назарбаев бүкіл халық сайлаған тұңғыш Президенті болды. 1991 жылы республика Президентінің қызметке кіріскен күні, 10 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы Заңға қол қойылды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгерт ілді/1; 25/.
1991 жылдың желтоқсан айы бұрынғы КСРО мен республика өмірінде саяси оқиғаларға толы ай болды. Желтоқсан айының басында Ресей, Украина, Белорусь республикаларының басшылары оңаша Беловежье келісімінде КСРО-ның таратылғандығын және үш словян мемлекетінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғандығы туралы мәлімдеді. Кенеттен жасалған Беловежье келісімі шиленісті ахуал мен сол кездегі шекараларды қайта қарауға ұласқан Кеңес Одағының түпкілікті ыдырауына айқын алғы шарттар туғызды. Қазақстанның солтүстік облыстарына көз алартқандар болды. Аймақтардың егесі мен халықтар арасында ұлттық алауыздықтың бой көтеруінің айқын қатері пайда болды.
Осындай жағдайда, Қазақстан Президентінің бастамасымен 13 желтоқсанда Орта Азия мен Қазақстан республикаларының басшылары Ашхабад қаласында кездесіп, Беловежье келісіміне, оның құқықтық жақтарына талдау жасап, жаңа достастықты қалыптастыруға толық құқықтық негізде қатысуға дайын екендігін білдірді. Ашхабадтағы кездесуден кейін 1991 жылы 21 желтоқсанда бұрынғы он бір одақтас республика басшылары жаңа бірлестік -Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) негізін қалаушы құжат болған Алматы Декларациясына қол қойды/2; 10/.
Қазіргі мәлеметтерден белгілі болғандай КСРО мемлекеттерінің ұзаққа бармайтындығы туралы батыс саясаткерлерінің 80-жылдардың бас кезіндегі болжамдары расқа шықты. Өйткені, 80-жылдардың басына таман КСРО-дағы барлық республикаларда аса ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты. 1985 жылы қоғамның жаңа басшылығының елді дағдарыстаналып шығу жөніндегі «қайта құру» деп аталатын мемлекеттік бағдарламаның дұрыс ойластырылмағаны көрсетілді.
1992 жылдан бастап жаңа елдердің мемлекеттілігін қалыптастырумен қатар олардың өзара қарым-қатынастарының оңтайлы үлгісін іздестіру процесі де жүріп жатты. Қазақстан ТМД құрылған кезден бастап Достастықтың тағдыры үшін айрықша жауапкершілік танытты. ТМД елдерімен тең құқықты, өзара тиімді қарым-қатынастарды орнату және дамыту қазақстандық сыртқы саясаттың аса маңызды міндеттерінің бірі болды.
1992 жылғы 15 мамырда ТМД-ның бес мемлекетінің басшылары қол қойған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт қабылданды. Ондағы негізгі мақсат елдер арасындағы тыныштықты сақтау. Кейін шартқа ТМД-ның 9 елі қол қойып, оған Украина, Молдава, және Түрікменстан ғана кірген жоқ.
1994 жылы 29 наурызда Елбасы арнайы сапармен Ресейге барған кезде МГУ-дің профессорлық-оқытушылық құрамы алдында сөйлеген сөзінде интеграциялық саясатты қисынды түрде дамытуға арналды. Өзінің сөзінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев «ТМД-ға қатысушы елдердің жаңа бірлестігін- Еуразиялық Одақты (ЕАО) құрудың ықтимал жолдарын қарастыруды ұсынды. Осыдан кейін Еуразиялық Одақ құру туралы Н. Назарбаевтың тұжырымдамасы саясаткерлердің, ғалым-асясатшылардың, тарихшылардың назарын аударды. Олар осы ұсыныстан бұрынғы КСРО-ны алмастыратын мапалы жаңа интерграциялық бірлестіктің үлгісін көрді/2; 26/.
ЕАО жобасын іске асырудың маңызды кезеңдерінің бірі 1994 жылы 30 сәуірде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Президенттері қол қойған, үш мемлекет арасында біртұтас экономикалық кеңестік құру туралы (Орталық Азия Одағы) шарт болып табылды. Осы құжат достық пен тату көршілік, теңдік және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара міндеттемелерді адал ниетпен орындау, сондай-ақ халықаралық құқықтың басқа да жалпы жұрт таныған нормалары принциптерінің негізіндегі экономикалық ынтымақтастықтың берік іргетасын қалады. 1994 жылғы шілде де Орталық Азия Одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары Мемлекетаралық Кеңес құрды, Премьер-Министрлердің сыртқы істер министрлерінің кеңестерін және оның жұмысшы органы-Мемлекетаралық қеңестің Атқарушы комитетін құрды, Ынтымақтастық пен дамудың Орталық Азиялық Банкісі құрылды.
1994 жылғы 21 қазанда Мәскеуде посткеңестік мемлекеттердің басшылары жиналып, ТМД-ның кезектен тыс Кеңесін өткізді. Оған барлық бұрынғы КСРО-ға мүше болған мемлекеттер қатысып, ҚР Президенті Н. Назарбаев ұсынған Еуразиялық Одақты құру мәселесін талқылады/2; 27/.
Қазақстан, Ресей және Белорусь үкіметтері басшыларының 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден Одағы туралы келісімге қол қоюы және өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы уағдаластықтарды іске асыруға қатысты үш елдің кедендік бағдарламасын бекіту-экономикалық интеграцияны тереңдетудегі негізгі басты қадамдардың бірі болып табылады.
1996 жылдың 4-қазанында Алматыда ТМД-ға мүше елдер Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының шұғыл кездесуі өтті. Ондағы қаралған мәселе Ауғаныстан ислам мемлекеттерінде соғыс қимылдарын азайту, елдегі тұрақсыздықты тоқтату мәселелері қаралды. ҰШҚ қолданысы мерзімінің 1999 жылға мамырда бітуіне байланысты алты мемлекет-Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Армения-Шартты кезекті бесжылдық мерзімге ұзарту туралы хаттамаға 2000 жылғы сәуір айында қол қояды/3; 15/.
Посткеңестік мемлекеттерді тағы бір жерге топтастырудағы негізгі міндеттердің бірі-халықаралық терроризм мен экстремизмнің тарапынан қауіп қатердің өсе түскендігі. Мысалы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының кеңесі 2000 жылғы 21 маусымда Мәскеуде Террорға қарсы орталық (ТҚО) құру туралы шешім қабылдады, ол Орталық Азияның оңтүстік шекарасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдаудың пәрменді құралы ретінде қызмет етуде. 1998 жылы 6 шілде ҚР мен РФ ХХI ғасырға бағытталған, мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Деклорацияға - көлемді құжатқа қол қойды. 1999 жылы 15 желтоқсан РФ Қауіпсіздік кеңесі жиналысында Ресейдің сыртқы саяси жағдайы дәлелденеді. Орталық Азия, ресейлік басшылықпен қайтадан өз жағдайын мүддесі зонасы ретінде қарай бастады.
Кеден Одағы Мемлекетаралық Кеңесінің төрағасы ретінде Президент Н. Назарбаев 1998 жылдың басында тағы бір бастама көтеріп, «Қарапайым адамдарға қарапайым он қадам жасайық» атты дәл тауып айтылған атау алды. Осы бағдарламалық құжатта Достастық халықтарының күнделікті өмірін жеңілдететін, олар бір елден екінші елге өткен жағдайда, азаматтық алғанда, басқа да құқықтарын жүзегег асырған жағдайда проблемалар туғызбайтын шаралар қабылдау туралы әңгіме болады. Мемлекет басшысының ұсынысы шын мәнінде ТМД-да біртұтас гуманитарлық және ақпараттық кеңестік құруға бағытталған болатын. Президент Н. Назарбаевтың «Қарапайым адамдарға қарапайым он қадам туралы» мәлімдемесі Кеден Одағы үкіметтерінің басшылары қол қойған, келісімдер мен жобалардың 10 жобасын қамтый отырып, посткеңестік мемлекеттердің барлығында осындай жеңілдіктер болуын ұсынды. Мәлімдеменің негізгі мазмұны мыналарды құрайды:
1. Азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісім Кеден Одағының азаматтарына «бестіктің» басқа мемлекеттерінің азаматтылығын алу құқығын рәсімдеудің мерзімі мен рәсімі бойынша анағұрлым жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді;
2. Жеке адамдардың кедендік шекараны кесіп өтуде және олардың тауарлары мен валютаны кедергісіз алып өтуінде еркіндік пен тең құқылықты қамтамасыз ету;
3. Жедел әрі кезек күттірмейтін медициналық көмек алуда азаматтарға өзара тең құқықтар беру туралы келісім Кеден Одағына мүше елдердің азаматтарына еркін боу қажет;
4. Пошталық жөнелтілімдердің рәсімдерін жеңілдету және мерізімді басылымдарға жеткізілімін еркін жазылуды және олардың жеткізілуін қамтамасыз ету туралы;
5. Жеке адамдардың ақша аударылымын жүзеге асыру рәсімдерін жеңлдету туралы хаттама да қарастырылды;
6. Оқу орындарына түсуге қатысты азаматтарға тең құқықтар беру туралы келісім осының алдындағы келісіммен өзара тығыз байланысты және мемлекеттік оқу орындарына түсу үшін Кеден Одағының азаматтарына тең құқықтар беруді көздейді.
7. Телевизия мен радио бағдарламаларын тарату үшін қолайлы жағдайлар туғызу туралы келсім;
8. Шағын кәсіпкерлікпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар туғызу туралы келісім шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау, бірлескен кәсіпорындар құруды ынталандыру, шаруашылық жүргізудің ұлттық режимдерін өзара ұсыну жөнінде келісілген саясатты жүргізуді көздейді.
Осы құжаттардың кейбіреуі практикалық тұрғыдан жүзеге асты. 1998 жылғы 24 қарашада Алматыда Кеден Одағына қатысушылардың (Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) кезекті кездесуі болды. «Төрттік » білім, ғылыми дәрежелер және атақтар туралы құжаттардың өзара танылатындығы туралы келісімдерге қол қойылды/3; 45-56/.
Жылдамдығы әртүрлі интеграция процесіне тиісті серпін беруге ұмтыла отырып, Белорусь, Қазақстан, Қырғыз республикаларының және Ресей Федерациясының Президенттері 1996 жылғы 29 наурызда Экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қояды. Оның басты мақсаты-тауарлардың, көрсетілетін қызметтің, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін қозғалысына, шаруашылық жүргізуші субьектілердің тікелей байланыстарын нығайтуға, ортақ ақпараттық, білім беру және гуманитарлық кеңестікті құруға қажетті алғышарттар жасау болып табылады.
1998 жылғы сәуірде Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Президенттері саяси шешім қабылдады, осы шешім аталған елдердің интеграциялық бірлестігіне Тәжікстанның кіруіне жол ашты. «Төрттіктің» кеңеюі оның тиімділігі туралы куәландыратын процесс еді. Кіші аймақтық бірлестіктердің ТМД шеңберінде жұмыс істеуі, егер олар о басында оқшаулықты мақсат тұтпаса, интеграцияға теріс ықпал ететін тенденцияларды туғызбайды, қайта керсінше Достастықтың бүкіл жүйесінің тұтастығын нығайтады. Орталық Азия мемлекеттерін аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы (БЭК) шартқа 1994 жылғы 30 сәуірде қол қоюмен нақты жүзеге асты. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан оның қатысушылары болды (1998 жылғы 26 наурыздан бастап Тәжікстан шарттың толық құқықты қатысушысына айналды) . Шартты дамыту тұрғысында 1994 жылғы шілдеде Президенттердің шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары-Премьер-министрлер кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Қорғаныс министрлерінің кеңесі және олардың тұрақты қызмет істейтін жұмыс органы - Атқару комитеті құрылды. Сөз болып отырған уақытта Орталық Азиялық Ынтымақтастық және даму банкін (ОАЫДБ) құру туралы келісімге қол қойылды, оның капиталы қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналарынан қалыптасады/4; 23/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz