Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі және бейнелеу өнерінің асыл мұраларын кейінгі ұрпаққа насихаттау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ АСЫЛ МҰРАЛАРЫН КЕЙІНГІ ҰРПАҚҚА НАСИХАТТАУ
1. 1. Эстетикалық тәрбиесі зерттеуінің күйі және рухани-адамгершілік тақырыптарының мәселелері . . . 6
1. 2 Оқу барысындағы рухани - эстетикалық тәрбиенің мүмкіншіліктері. Бейнелеудің асыл мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау . . . 25
II-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ МЕН ІС-ӘРЕКЕТ БАҒЫТТАРЫ
2. 1 Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың көркемдік шығармашылығын арттыру . . . 38
2. 2. Көркемдік - эстетикалық дамыту арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу . . . 42
2. 3. Бақылау тәжірибелік-эксперименттерін өткізу, сараптау жұмыс материалдарының машықтық бөлігінің орындалу үдерісі . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ҚОСЫМШАЛАР . . . 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейтестілігі .
Қазіргі уақытта адам факторының белсенділігі қоғам дамуының негізгі шарттарының бірі.
Сондықтан жалпы білім беретін мектептің алдында жауапкершілігі бар азамат дайындау мақсаты қойылады. Бұл мақсатқа жету бір қалыпты өнегелі қасиеті бар жеке оқушыны қалыптастырумен байланысты.
Мектептің мәні мен қызметі білім беру жүйесінде басқа білім беру сатыларымен ұштасып қана қоймайды, сол сатыда баланың қалыптасуы мен дамуына өте зор ықпал етеді.
Сол себепті де оқушылардың зиялы, әсерлі, іскер, коммуникативті дайындығы, қоршаған ортамен байланысуы (табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен және т. б. ) негізгі міндет болып табылады.
Бұл көрсетілген нәтижеге жету үшін жеке тұлғаны төменгі сыныптардың өзінде-ақ жоспарлы түрде, мақсат қойып тәрбиелеу керек.
Сондықтан тәрбиелеудегі басты мақсатты орындау үшін мыналар қажет: қоршаған ортаға өзіндік көзқарас қалыптастыру, этикалық, эстетикалық және адами өлшемдерді меңгерту.
Білім берудің ғылыми мазмұнын жаңашалау үшін дамыта оқыту идеясы қойылып отыр, ол -белгілі білік, дағды алуға, білім беру қызметінде, өзіндік қоршаған ортаға көзқарас қалыптастыруда, әр түрлі өнер шығармаларын түсінуге және басқалай баланың өзінің шама-шарқына қарай жетіліп-дамуына қажет болып табылады.
Бастауыш саты- білім беру ісін жеделдетуді қалыптастыру үшін өте қолайлы кезең, оқушының зиялы болып дамуының негізі болады. Оқу ісінің мазмұны мақсатты түрде қойылады, мақсатты түрде меңгеру оқушылардың ойын жүйеге келтіруі, сол бағытта ой қозғауы, жүйелеуі келеді. Осылай жеке тұлғаның негізгі психологиялық қасиеттері қалыптасады, мысалы еркін отыру, ой толғау өзін-өзі бақылау, оқушылар жалпы әдістер меңгереді-өз бетінше қойылған оқу мақсаттарына жету, өз-өзін бақылау және өз-өзін бағалау.
Расында да қоғамның назарында бастысы адамгершілік, рухани тәрбие беру. Қоғамдық өмірдің жан-жақты жедел дамуына байланысты бұл көкейкесті мәселе қатарынан саналады.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің мақсаты: балаларды өзбетінше шешім қабылдап, өз ойларын еркін жеткізе алатындай қылып тәрбиелеу болып тұр.
Сондықтан да, аумалы-төкпелі саяси өзгерістер жиі орын алып тұрған кезде тәрбие ісі біршама қиындық тудырады: жас ұрпақ бойына қоғамдағы өзгеріс кезіндегі кемшіліктерді сіңіріп алып тәрбиелеу мәселесі қиындай түсуі мүмкін. Сол себепті де өнегелі мәдениет, өнегелі тәрбие бірінші орында тұруы керек, өйткені олардың адами қасиеттерді қалыптастыруда рөлі зор.
Педагогикалық мәселелерді шешуде біз зерттеп жатқан жағдайлар көптеген ғалымдар еңбектерінде көрініс берді, онда адамгершілік, рухани тәрбиенің мағнасын ашатын негізгі ұғымдардың теориясы берілген, рухани тәрбиенің принципі, мазмұны, түрі, әдістерінің әрі қарай даму жолдары көрсетілген.
Жас өскіннің рухани тәрбиесі мәселесін шешуде жазушылардың, суретшілердің шығармашылық мұрасы талданған көрнекті ғалым, өнертанушылардың еңбектері бар. (Б. Байжігітов, Б. Барманқұлова, т. б. )
Бұл мәселені шешу үшін мұғалімге тек сынып пәндері мен оны беру әдістерін біліп қоймай, өнертанушылық тұрғысынан да тәрбие беруі, оқытуы, бағыттауы керек. Өнер шығармаларының мәселесін зерттеу көкейкесті мәселе болып отырғандығы да сондықтан.
Ғалымдар рухани, эстетикалық тәрбиені әртүрлі аспектіде зерттеген. Тек қана оқыту барысында өнер туындысы арқылы тәрбие беру мәселесі зерттелмеген. Осыған байланысты, біздің мақсат оқу үдерісінде рухани, эстетикалық тәрбие беру теориясын тиянақтау және оқыту барысында оның ғылыми-тиянақты әдістемесін дайындау.
Бұл мақсатты шешуде біз осы істің теориясына сүйенеміз. Ал қандай болмасын іс-әрекет мақсатқа жетудегі іс-әрекет. (Г. И. Вергелес)
Зерттеу объектісі - оқушылардың іс-әрекеті.
Зерттейтін пәні -оқушыларға оқу барысында өнер туындылары арқылы тәрбие беру.
Болжау :
Оқу барысында адамгершілік, рухани-эстетикалық тәрбие мына жағдайларда көбірек беріледі, егер:
а) оқушылар тапсырманы орындағанда қойылған мақсат бойынша істейді;
ә) олар тапсырманы түсініп отырып орындайды;
б) алған тәжірибелерін оқу мақсаттарын шешуге қолданады.
Нақты мақсаттар :
а) мәселеге қатысты әдебиеттермен танысу;
ә) тәжірибе-эксперименталды мәліметтер дайындау;
б) тәжірибелік жұмыстар жүргізу.
Жұмыста төмендегідей педагогикалық зерттеудің әдіс, тәсілдері қолданылып, практикалық бөлімі орындалды.
а) ғылыми психологиялық - педагогикалық, өнертану бағытындағы әдебиеттер оқылды.
ә) бақылау;
б) көптеген ізденіс жұмыстары жүргізіліп, нобай-долбарлар жасалды;
Жұмыстың бірінші бөлімі оқу барысындағы рухани-эстетикалық тәрбие берудің теориялық талдауына арналған.
Екінші бөлімінде - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары, іс-әрекет бағыттары мен жұмыстың практикалық бөлігіне қатысты материалдар топтастырылған.
Соңынан қорытынды жазылып, жинақталған материалдар қосымшаға енгізілді.
І ТАРАУ . ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ АСЫЛ МҰРАЛАРЫН КЕЙІНГІ ҰРПАҚҚА НАСИХАТТАУ
1. 1 Эстетикалық тәрбиесі зерттеуінің күйі және рухани-адамгершілік тақырыптарының мәселелері.
Мектеп-келешек ұрпақты тәрбиелеу жүйесінде негізгі орын болып табылады. Мектеп алдында келешек ұрпақты жақсы азамат етіп дайындауға байланысты жауапты міндеттер тұр. Қазіргі оқу үдерісі оқушылардың тек қана білім алуына бағытталмайды, сондай-ақ эстетикалық талғам қалыптастырып, ғылыми және саяси жаңалықтар арасында жөн таба білуді қажет етеді. Бұл оқыту әдістері өмір талабына сай болуы керек. Мектепте эстетикалық тәрбие беру көп тер төгу нәтижесінде іске асады. Баланың жас ерекшелігіне байланысты даму сатысында өзіндік ерекшелігі болады (ол ешқашан бір жақты болмайды) . Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесінде бұндай ерекшелік адамгершілік тәрбиесі болады: балалар қарапайым адамгершіліктің өлшемін меңгереді, әр-түрлі жағдайда оны қолдануды үйренеді. Оқу үдерісі, өндіріс сараманы адамгершілік, һәм эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Қазіргі мектепте, білім мазмұнының көлемі кеңейген және құрылымы ішкі жағынан күрделенген уақытта, рухани-эстетикалық тәрбие беру мәселесінің рөлі күшейді. Рухани-эстетикалық тәрбие түсінігі мазмұн жағынан ғылыми білімге негізделген, оны оқушылар пәндерді оқу арқылы алады. Эстетикалық жағынан алған білімдердің өзі жалпы оқушының дамуы үшін нақты пәндерді оқуда алған білімдерінен кем болмайды. Өзіміздің және шетелдің ғылыми әдебиеттерін зерттеу адами мұрат туралы және жеке тұлғаның ішкі рухани белсенділігі туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
Оқу үдерісінде эстетикалық білімге, тәрбиеге жүйелі түрде тарту жүріп жатады. Оны жинақтаудың маңызды көзі оқушылардың қоршаған ортамен танысуы, сондай-ақ көрме залдары мен театрларға, мұражайларға ұдайы барып тұруларымен жүзеге асады.
Оқушылардың сабақта алған ақпараты мен білімдері, өз өмірлерінде байқағандары көп жағдайларда аздық етіп жатады.
Сондықтан да білімдерін толықтыратын нақты жұмыс жасалуы керек. Ол жұмыс әр-түрлі: бастауышта мұғалімнің әңгімесі, этикалық сұхбат, түрлі тәрбие сағаттары, пікір таластырулар, ой алмасулар т. т. болулары мүмкін.
Оқушылардың эстетикалық білімін қалыптастыру үшін сабақ барысының тек мазмұны ғана емес, оны ұйымдастыру да маңызды. Ғалымдардың тұжырымдарына қарасақ адам оқығанда да, еңбек еткенде де, ұжымда да жұмыс істеп үйренуі керек. Ол үшін білім алудағы жұмысты ұжымдық қылу қажет. Сабақ барысында ұжымдық, яғни топтық жұмысты кез келген пәннен ұйымдастыруға болады, әсіресе еңбек, бейнелеу өнері, музыка сабақтары мен сарамандық, факультативтік жұмыстарда.
Бірақ, айта кету керек, мектеп тәжірибесінде бұндай жұмыстар аз жүргізіледі.
Оқу барысын бағалауды оқушылардың білім алудағы, жолдастары туралы ойларын дұрыс тұжырымдау жұмыстарын жақсы мұғалім сол балалардың өзіне, құрбыларының ол бала туралы ойының да жақсы жағын мойындайтындай ұйымдастырады. Бұл баланың ұжымдағы көңіл-күйін жақсартады, ал ол адамгершілік дамуының жақсы бір шарты.
Оқушылардың адамгершілік тәжірибесі тек қана сабақ барысында қалыптаспайды. Жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына оның қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы белсенді ықпал болады. Балалардың шамасы көп жағдайды шешуге жетеді, Отанына қызмет қылу, ел патриоты болу үшін еңбектену керектігін, сол арқылы өмірдің мәні мен маңызын түсініп, еңбек еткен адамдарды қадірлеуді үйренеді. Халық байлығына қамқорлықпен қарауды түсінеді. Оқушылар қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыса отырып, өздеріне адамгершілік және саналы ұжым өмірінің әсерін байқайды.
Қазіргі уақытта мектепте рухани-эстетикалық тәрбие беру ғылыми түрде дайындалған бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Эстетиканы қалыптастыру оқу барысының барлық сатысында өрбиді.
Ол жұмыстар оқушылар өздері шешім қабылдайтындй әртүрлі жағдай туғызу арқылы іске асырылады. Оқушыларға бағыт-бағдар бергенде аталмыш жағдайлары қандай жаста болса да ешқашан үйрету немесе бақылау түрінде жүргізбеу керек, өйткен жағдайда еңбектің тәрбиелік мәні кетеді.
Берілген тәрбиенің нәтижесі оқушылардың өз міндеттеріне дұрыс қарауы іс-әрекеттің, тіпті басқа адамдармен қарым-қатынастың өзінен-ақ байқалып тұрады.
Рухани-эстетикалық тәрбие беру үзілмейтін үдеріс, ол адам туғанынан басталып, өмір бойы жүргізіледі, адамның мінез-құлқының ережелерімен өлшемдерін меңгеруге бағытталады.
Бір қарағанда осы үзілмейтін үдерістер кезеңдерге бөлінбейтін сияқты. Соған қарамастан бөлуге болады. Педагогика әртүрлі өмір кезеңдерінде, әртүрлі адамгершілік тәрбие жүргізу үшін мүмкіншіліктер болатындығын дәлелдеді. Сәби, жасөспірім немесе бозбала әртүрлі тәрбие қадамына әртүрлі қарайды.
Осы немесе алға қарайғы өмір сатысында адамның алған білімі мен жеткен жетістігі әрі қарай рухани ішкі дүниесінің жетілуіне тікелей әсер етеді. Жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудағы бұл жұмысты адамгершілік тәрбиесі деп түсініп , оны басты орынға қоюға болады, ол ой-өріс жетілуіне үлкен әсер етіп, еңбекке дайындығына, дене тәрбиесінің дамуына және эстетикалық талғамы мен қызығушылығының артуына зор ықпалын тигізеді.
Рухани-эстетикалық тәрбиенің ерекшелігі сол, оны өз бетінше жеке тәрбие үдерісі қыла алмаймыз. Адамгершілік келбетті қалыптастыру әртүрлі іс-әрекет барысында жүргізіледі (ойын, оқу), жолдастарымен, өзінен кіші балалармен, үлкендермен ара-қатынаста қалыптасады. Соған қарамай, адамгершілік тәрбиесі мақсатты бағдары бар үдеріс, оның іс-әрекеті нақты мазмұн жүйесі, формасы, педагогикалық әдіс, тәсілдері бар.
Адамгершілік тәрбиесінің жүйесіне қарап отырып, бірнеше аспектіге бөлуге болады. Біріншіден, мұғалім мен оқу ұжымының нақты педагогикалық міндеттерді шешуінде. Тәрбие әсерінің сәйкестігі, сынып ішінде - барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлігі. Екіншіден, адамгершілік тәрбиесі арқылы оқу іс-әрекетін қалыптастыру тәсілдерін қолдану. Үшіншіден, адамгершілік тәрбие деп дәл қазір тәрбиеленіп жатқан адамгершілік қасиеттерінің өзара байланысы мен өзара әсерін түсіну. Төртіншіден, адамгершілік тәрбиесінің жүйесі мен баланың өсуі мен ой-өрісінің дамуының осы немесе басқа тұлғаның қасиетінің дамуы деп қарау.
Сабақта үнемі мұғаліммен және достарымен араласқанда балада адамгершілік қалыптасады, өмірлік тәжірибесі молаяды. Бастауыштың оқушыларының уайымы, қуанышы, ең бірінші оқуға байланысты болады. Сабақта тәрбие жұмысының негізгі элеметтерінің бәрі бірлесіп әрекет жасайды: мақсаты, мазмұны, құралы, әдісі, ұйымдастырылуы. Сабақта барлық оқу үдерісі тәрбиелейді, жекелеген тәрбиелік сәттер ғана емес.
Сабақта адамгершілік тәрбиесінің тиімділігін не нәрсе қамтамасыз етеді?
Сабақтың мазмұнының ғылымдылығы мен саналылығы, мұғалімнің жұмысының әдіс, тәсілдерінің көңіл-күйге қонымдылығы, мұғалімнің жеке басының адамгершілігі, оның оқытып жатқан материалға көзқарасы және т. б.
Мақалаларды оқып, талдау, әңгімелерді, өлеңдерді, ертегілерді оқулықтағы, балаларға адамгершілік тәртібі адамдарды түсініп, бағалауға көмектеседі. Балалар мақалаларды оқып, өз әлдерінше әділдік, адалдық, жолдастық, достық, қоғамдық міндетке адалдық, адамгершілік және отан сүйгіштік туралы ой бөліседі.
Сабақта оқушылар арасында үнемі іскерлік, адамгершілік арақатынастар пайда болып тұрады. Білімді меңгеруде сынып алдында тұрған жалпы мақсаттарға жетуде, оқушылар бірімен-бірі араласады, әсерін тигізеді. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекетіне байланысты мұғалім көптеген талаптар қояды: басқаларға кедергі жасамау, бір-бірін ұқыпты тыңдау назар салып, ортақ жұмысқа қатысу - сол тұрғыдан оқушылардың біліктілігін бағалайды.
Сабақта ортақ жұмыспен айналысқанда оқушыларда ұжымда қалыптасатындай арақатынастар қалыптасады. Бұл ең біріншіден, әр оқушыдан өз ісіне ортақ істей қарауға, басқалармен бірге ортақ мақсатқа жетуге тырысуға, бір-біріне көмектесуге және талап қоя білуге, өзіне сын көзбен қарауға, өзінің жетістіктері мен кемшіліктеріне оқулық мәліметтері тұрғысынан қарай білуге үйретеді.
Бұл мүмкіндіктер іске асуы үшін сабақ барысында мұғалім, балалар бір-бірімен араласатындай жағдай жасауы керек, балалардың тәртібі туралы сабақ үстіндегі айта беруді азайту керек сияқты.
Балалар барлық сабақта да бір-бірімен байланыста бола алады. Балалар әр-түрлі тақырыптарға композициялар ойлап табады белгілі бір дәрежеге, оны бір-бірінен сұрайды.
Кімге сұрақ қойғысы келсе, не тапсырма бергісі келсе де әркім өзі біледі. Бір партада отырған жұптар бір-бірімен пікірлесіп, өзара талқылаулар жасайды. Мұғалім балаларға жолдасына міндетті түрде жүгінетіндей де тапсырмалар береді. Сабақта балалар нәтижелі жұмыс жасап одан қанағат, қуаныш туындаса өзіндік ой -өрісінің дамуына әсер етсе, оқушылар бірігіп, тұйықтан шығып жатса, ол адамгершілік тәрбиеге себін тигізеді.
Тәжірибе көрсеткендей, егер үй тапсырмасының кейбір жерлерін бір топ балаға берсе, тәрбие мақсатына жетудің тиімді жолы болады екен. Үй жұмысын топта орындау жеке орындауға қарағанда өзгешелеу. Қайталауға арналған жаттығулар дидактикалық ойын немесе практикалық тапсырма ретінде болуы мүмкін.
Сондықтан, бастауыш оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда тәртіптің негізі болатын адамгершілік қасиеттерін дамыту ерекше орын алатын мәселе.
Бұл уақытта бала тек қана адамгершілік санатын меңгеріп ғана қоймайды, ол білімін басқалардың тәртібімен, іс-әрекетімен салыстырады, өз тәртібімен салыстырады, сөйтіп оның ішкі тазалығы, яғни рухани дүниесі қалыптасады.
Оқу барысы және рухани-эстетикалық тәрбие беру жөнінде: В. В. Хромов, М. Жұмабаев, Л. А. Матвеева, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, И. И. Лобанова сияқты ғалымдардың жазылған еңбектері бар.
Өз зерттеулерінде олар көркемөнер шығармаларының рөлі мен адамгершілік тәртіпте өзін-өзі бағалауға назар аударған екен.
Мектепте тәрбие үдерісі сана мен іс-әрекеттің бірегей принципі делінеді, өйткені тұлға қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуы оның іс-әрекет жасауына байланысты.
Қандай болмасын іс-әрекетте адамгершілік нышаны болады, дейді О. Г. Дробницкий. Сондықтан оқу іс-әрекетінде, психологтар айтқандай үлкен рухани-эстетикалық тәрбиенің мүмкіншіліктері жатады.
Оқу іс-әрекеті бастауыш оқушылары үшін ең бірінші орында, солай болған себепті де бұл іс маңызды.
Осы кезде оқу ісі оқушының дамуына көп әсерін тигізеді, көп жаңа мәліметтер алуына себепші болады (Божович Л. И., Конников Т. Е. ) . Бұл істе тек қана жаңадан білім алынып қоймай, тұлғаның рухани, адамгершілік қасиеттері де дамиды.
Өлшемді үдерістің нәтижесінде, оқу тапсырмасын толықтай орындағанда ғана оқушылардың эстетикалық тәрбиесі мен адамгершілік білімі қалыптасады, оқу ісіне тән адамгершілік көзқарас қалыптасады.
Оқу іс-әрекеті, бастауыш оқушыларының жасына қарай білім меңгеруін қамтамасыз етеді, нақты жүйеде, оқушылардың әртүрлі ой, адамгершілік қажет ететін жағдайларды шешу үшін жолдар, тәсілдер меңгеруіне мүмкіндік туғызады.
Оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту, оларды өмірге, қоғамдық еңбекке дайындауда шешуші рөл мұғалімге берілген. Мұғалім оқушы үшін тәрбие бағдаршамы, адал еңбек етудің үлгісі. Қазіргі қоғамның даму кезеңінде орын алып отырған мәселелердің бірі - оқушылардың адамгершілік мәселесі.
Адами, рухани тәрбие - адамның қоғамдағы іс-әрекетінің өлшемінің негізгі бір жолы болып есептеледі.
Қоғамдық құбылыстарды сипаттау - ол әлеуметтік басқа жағдайлармен байланысты анықтау. Қоғамның дамуымен және тарихи өзгерістерге байланысты адамның өмірі де өзгереді, кейбір тарихи кезеңдерде тәрбие мазмұны түбегейлі өзгереді.
Эстетикалық тәрбиенің әлеуметтік аспектісі, ең бірінші, қазіргі кезеңнің дамуымен, біздің қоғамдағы өзгеріспен анықталады. Рухани дүние туралы айтқанда тек қана адамгершілік мұраттар хақында ойламау керек, шынын айтқанда, қалыптасқан адамгершілікті іс-әрекет бойынша да айтуға болады.
Тұлғаның рухани-эстетикалық дүниесі - ең қиын, көп қырлы үдеріс, педагогикалық және әлеуметтік құбылыстары бар. Бірақ адамгершілік тәрбиесінің үдерісі жекеше. Бұл ерекшелік туралы кезінде А. С. Макаренко да айтқан.
Педагогикалық теория бойынша адамгершілік тәрбиесінің үдерісі бағытталған сатыланған оқушылар мен педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің бірегейлігінен тұрады. «Педагогикалық іс-әрекет» деген ұғымда оқушымен ұжымның оқу-тәрбие ісінен алған әсері жатады.
Осы әсерлерде, оның нәтижесі көзқарас пен тәртіпте байқалады, олар байланысты және жанама түрде де, тікелей де оқушының жеке басына әсер етеді. Сондықтан тәрбие үдерісінің құрылымының маңызды компоненті, А. Н. Леоньев айтқандай, үдерістер болып есептеледі, бір-біріне қарама - қарсы келгендей. «Олардың бірі заттың тірі жүйеге әсер ету үдерісі, екіншісі - сол жүйенің сол әсер ететін нысанамен белсенді арақатынас жасауы».
Педагогикалық іс-әрекеттің сапалы жағы адамгершілік тәрбие үдерісінде оның күші мен табандылығында көрінеді, ал тұлғаның келбеті мен мінезінің өзгеруінің сапалық жағы оның сенімімен байқалады, әртүрлі іс-әрекетте, мінезде, тәртіпте, т. б. байқалады.
Адамгершілік тәрбиесі үдерісінің ерекшелігі сол, ол ұзақ және үзіліссіз болады, сондықтан нәтижесін көру біраз уақытты қажет етеді.
Адамгершілік тәрбиесі үдерісінің жинақтау құрылымы: тәрбиелік мақсатқа жету төменгі деңгейден басталып, жоғары деңгейде аяқталады. Мақсатқа жету үшін, бірте-бірте қиындайтын іс-әрекет түрлері қолданылды. Бұл қағида оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іске асады.
Эстетикалық тәрбие үдерісі тез дамитын және шығармашылық болатын нәрсе: мұғалімдер ылғи оған бір нәрсе қосып отырады, тәрбие үдерісін ұтымдырақ қолдану үшін Б. К. Байжігітов айтқандай «әр ұстаздың сол жанды материалды білуінде, яғни өзі жұмыс жасауына, оқушыны жақсы біліп, зерттеп алуына байланысты болса керек».
Эстетикалық талғам қалыптастыруды қамтамасыз ететін, оқушының тұлғасын дамытатын барлық факторларды үш топқа бөлуге болады: табиғи және биологиялық, әлеуметтік және педагогикалық. Қоршаған ортамен байланысты бағытта әсер ету арқылы оқушы оны тәртіппен жинайды.
Бірақ, соған қарамастан тұлғаны қалыптастыруда көптеген әлеуметтік жағдайлар және биологиялық факторлар әсер етеді, осы үдерісте шешуші рөл бәрібір педагогикаға жүктеледі, өйткені ол ең тиімді.
Адами-эстетикалық тәрбие алған тұлға тек қана адамгершілік білімін алып, саналы, қоғамдық тәртіптен тәжірибе жинап қоймайды, ол қоршаған ортамен жеке басының ара қатынасын жасай алатын болады. Эстетикалық тәрбие үдерісінде әртүрлі нысанамен ара қатынас туатындайтындығын айта кеткен жөн. Байланысқа оқушылар қатысады.
Бұл ара қатынастар педагогикалық іс-әрекеттің нысанасы. («Оқушы тұлғасының адамгершілікте қалыптасуы» И. С. Морьенко. 101/30-34) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz