Қамшы жасау технологиясы



Мазмұны

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ІІ. Негізгі бөлім
1.1.Қамшы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2.Қамшының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Қамшының қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4. Қамшы туралы тілдік мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.5. Қамшы . қазақтың қасиетті мұрасы ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.6.Қамшының құрылысы және жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.7.Қамшы өрімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ІІІ. Әдістемелік бөлім
2.1.Мектеппен байланысты сабақ жоспар
«Қамшы жасау технологиясы» ... ... ... ... ..25
2.2. Шығармашылық ойдың шешімі курстық жұмыс «Қамшы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ІV.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі жастардың көпшілігі қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасына енетін үй жиһазы бұйымдарының дүкендерден, көрмелерден кездестіріп, олар жөнінде кітаптардан оқып, суреттерін көргені болмаса, олардың жасау әдістерін біле бермейді.
Адамзат дамуының қай саласында болсын қоғаммен бірге дамыған қол өнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір тынысына қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері де өз халқының дэстүрлі көркемдік. мүрасын сақтап қалған.
Соңғы уақыттарда Республикадағы көптеген ғылыми зерттеулер халықтың қолданбалы қолөнері жастарға тәрбие беруде ерекше маңызға ие болатынын дәлелдеуде. Барлық халықтар сияқты қазақ халқының да қолөнерінің өзіне тэн өсу жолы, ерекшеліктері, даму тарихы бар. Ол тарих сонау ерте заманнан, өз тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-саймандар, бұйымдар жасаудан басталады. Табиғаттағы әртүрлі шикізаттарды түрмыс-тіршілікке пайдалану атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дами келе өнер туындыларына айналып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ, оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсер етеді. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп-қонуға ыңғайлы, пайдаланылатын орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән өрнек оюмен нақышталып беріліп отырады. Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылады десек те, олардың болу әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады.
Қазақтың сәндік қолөнері біздің ұлттық мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса қүрметті және игілікті іс болып табылады.
С. Қасимановтың «Қазақ халқының қол өнері» /Алматы, Қазақстан 1995 жыл толықтырылып шыққан/ атты кітабы. Кітапта қолөнерінің барлық түріне: киіз басу, өрмек, кілем өнері, қайыс өнері, тас өнеріне, зергерлік өнеріне, сондай-ақ материалдарды өңдеу, бұйымдарды әсемдеу түрлеріне, ою-өрнектермен, олардың түстерінің мәніне тоқталып өтеді. Соңында автор қолөнерінің түрлеріне байланысты кейбір атаулардың түсіндірме сөздігін береді.
V. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Әбдуалиева Ш. «Қолөнер сабағын өткізу тәжірибемен» // Қазақстан
мектебі журналы. 1975 №6.
2. Әбдуалиева Ш. «Халық қолөнері» Алматы 1992, 120 бет.
3. Тәжімүратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы. Қазақстан 1977.
4. Шаңырақ /қазақша үй-түрмыс энциклопедиясы //Бас редактор
Р.Н. Нүрғалиев Алматы: Каз.сов.энцикл. Бас редакциясы 1990.
5. Қалмақов Ә. Сәндік-қолданбалы өнерді пайдалану. // Қазақстан
мектебі, 1989. №558 бет.
6. Сапожников В.В. Оқу шеберханасындағы өнімді еңбек жэне
оның тәрбиелік мүмкіндіктері / Қазақстан мектебі, 1981, №2, 65-70 бет
7. Технология пэні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама / 5-9 сыныптар/.-Алматы: Рауан, 1999.
8. Арғынбаев X. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Бейнелеу өнері және
технология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Қамшы жасау технологиясы

Орындаған:
3а КШТ тобының студенті
Айтқалиев Нұршат
Жетекшісі:

Орал қаласы - 2014

Мазмұны

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3

ІІ. Негізгі бөлім
1.1.Қамшы туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2.Қамшының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Қамшының
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4. Қамшы туралы тілдік
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 14
1.5. Қамшы – қазақтың қасиетті
мұрасы ... ... ... ... ... ... ... . ... 19
1.6.Қамшының құрылысы және жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.7.Қамшы
өрімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..23

ІІІ. Әдістемелік бөлім
2.1.Мектеппен байланысты сабақ жоспар
Қамшы жасау технологиясы
... ... ... ... ..25
2.2. Шығармашылық ойдың шешімі курстық жұмыс
Қамшы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...33

ІV.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..35
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .36

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі жастардың көпшілігі қазақ халқының
ұлттық мәдени мұрасына енетін үй жиһазы бұйымдарының дүкендерден,
көрмелерден кездестіріп, олар жөнінде кітаптардан оқып, суреттерін көргені
болмаса, олардың жасау әдістерін біле бермейді.
Адамзат дамуының қай саласында болсын қоғаммен бірге дамыған қол өнері
әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір
тынысына қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан
қазақ қолөнері де өз халқының дэстүрлі көркемдік. мүрасын сақтап қалған.
Соңғы уақыттарда Республикадағы көптеген ғылыми зерттеулер халықтың
қолданбалы қолөнері жастарға тәрбие беруде ерекше маңызға ие болатынын
дәлелдеуде. Барлық халықтар сияқты қазақ халқының да қолөнерінің өзіне тэн
өсу жолы, ерекшеліктері, даму тарихы бар. Ол тарих сонау ерте заманнан, өз
тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-саймандар, бұйымдар жасаудан басталады.
Табиғаттағы әртүрлі шикізаттарды түрмыс-тіршілікке пайдалану атадан балаға,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дами келе өнер туындыларына айналып, бүгінгі
күнге дейін жетіп отыр.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ, оның өткеніне
назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен
қалыптасуына үлкен әсер етеді. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер
бұйымдары көшіп-қонуға ыңғайлы, пайдаланылатын орнына сәйкес сыртқы
формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән өрнек оюмен
нақышталып беріліп отырады. Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі
қарастырылады десек те, олардың болу әсемдігі жағынан табиғи үндестік
байқалады.
Қазақтың сәндік қолөнері біздің ұлттық мәдениетіміздің құрамды бөлігі.
Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас
ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса
қүрметті және игілікті іс болып табылады.
С. Қасимановтың Қазақ халқының қол өнері Алматы, Қазақстан 1995 жыл
толықтырылып шыққан атты кітабы. Кітапта қолөнерінің барлық түріне: киіз
басу, өрмек, кілем өнері, қайыс өнері, тас өнеріне, зергерлік өнеріне,
сондай-ақ материалдарды өңдеу, бұйымдарды әсемдеу түрлеріне, ою-
өрнектермен, олардың түстерінің мәніне тоқталып өтеді. Соңында автор
қолөнерінің түрлеріне байланысты кейбір атаулардың түсіндірме сөздігін
береді.
Ә. Тәжімүратовтың Шебердің қолы ортақ Алматы, Қазақстан, 1997. ж.
атты кітабы. Бүл кітапта автор қолөнерінің барлық салаларына қалам тартқан.
Сондай-ак әр ғасырдағы туындылармен толықтырылған. Шебердің
қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ,-дейді халық. Бүл кітапта санғасырлар
сынынан өтіп шираған. Қазақ халқының табиғи дарынымен өзектес, халық
өнерімен, түрмысымен бірге өсіп, бірге қайнасып келген қолөнерінің әсем
үлгі-нұсқалары, өнер байлығы әсерлі әңгімеленеді.
Қ. Арғынбаевтың Қазақ халқының қолөнері Алматы. Өнер, 1987 жылы
атты ғылыми зерттеу кітабында қол өнерінің қызықты да маңызды салалары:
ағаш, металл, тас өңдеу мен тері, мүйіз, сүйек ұқсату шеберлігінің туын
қалыптасу мэселелері төңірегінде кеңірек баяндалған. Автор кітапты
иллюстрациялық материалдармен толықтырып, этнографиялық материалдармен,
архивтік жэне жазба әдебиеттер негізінде жазған.
Балаларды қолөнер шығармаларымен таныстыру олардың өз туған жеріне,
халқына, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырады, эстетикалық
сезіміне әсер етіп, талғамын жетілдіреді, әсем дүниелер жасайтын
зергерлердің немесе оюшының өзіндік қол таңбасын, ғажап шеберлігін айыра
білуіне көмектеседі.
Зерттеу объектісі: қамшы
Зерттеу пәні: технология
Зерттеудің мақсаты: қамшы туралы толыққанды ақпарат жинау, арнайы
педегог-оқытушының жетекшілігімен оқушының жобалау жүйесінде қарастырылған
техникалық шығармашылығын дамыту, ұмытылып бара жатқан қамшы жасау ісін
қолға алу, оның жасалу жолдарын қарастыру;
Зерттеудің міндеттері:
- қамшы жасаудың технологиясын әзірлеу
- технология пәнінде қолөнер бұйымдарын жасау кезіңде баланың даму
мүмкіндіктерін зерттеу
- қолөнер бұйымдарын жасау барысында туындайтын қиындықтарды сараптау
мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу.
Зерттеудің теориялық маңызы: қазақ халқының ертеден келе жатқан қолөнер
бұйымдары, соның ішінде қамшы жасаудың теориялық және әдіснамалық негіздері
басшылыққа алынды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: технология пәнінде қамшы жасау арқылы
оқушыларға қазақ халқы қолөнері туралы ақпарат беру назарға алынды;
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттердегі қолөнер туралы ғылыми деректерді кешенді
жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі
ұғымдарды сараптау, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының
классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік
стандарттары, оқу бағдарламалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден,негізгі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім

1.1.Қамшы туралы түсінік
Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен
көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы,
мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал.Қамшының өрiмi сабынан
бiр жарым еседей ұзын болады. 
Қамшы құрал болумен қатар қару ретiнде қолданылған. Өрiмшi қамшының
таспасын жiңiшке не жуандатып, кейде өрiмге талшық сымтемiр салып өрген.
Ондай қамшылар ыңғайына және қамшы иесiнiң қалауына қарай өрiлiп отырған.
Қамшы саптан, өрiмнен және бүлдiргiден тұрады. Саптың қолға ұстар жерi
былғарыдан қапталады. Кейде қайыстан өрнектелiп өрiледi. Қамшы өрудiң
көптеген түрi қолданылады, соның iшiнде 3 таспадан 32 таспаға дейiн жететiн
түрi кiредi. Өрiмдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып келедi.
Қамшының қарапайым түрiнiң бiрi — бишiк. Ол қамшыға қарағанда
қарапайым, өрiмi сабынан үш-төрт есе, кейде одан да ұзын болуы мүмкiн. Оны
мал айдағанда, ат-арба не ат шанамен жүргенде жиi пайдаланады. Өрiм алғашқы
басында жуан болып ұшына қарай жiңiшкере бередi. Қамшыны жасау үшiн ең
бiрiншi терiнi илеп, иiн қандырып, қайыс өңдеп шығару қажет.
Әдетте оны бояуға да, боямауға да болады. Сосын қайысты тарам-тарам
етiп тiледi. Өрiм саны неғұрлым артқан сайын сапасы да арта түседi. Алайда,
оны өру де айтарлықтай қиындайды. Өйткенi, өрiм саны қаншалық көбейсе,
соншалық қайыс тармағын жiңiшкерту қажеттiгi туады.
Қамшылардың ең қолайлысы 12 өрiмдiгi болып табылады. 6 өрiм қарапайым
түрiне жатады. Осы күндерi тобылғы сапты қамшыдан елiк сирақты сапты
қамшыға сұраныс байқалады. Елiк сирағынан жасалған қамшы сәндiкке болмаса,
қажетке жаратуға келе бермейдi.
Әрине, оны да қолдануға болады. Алайда, ел iшiнде елiк сирағынан
жасалған қамшының жолы ауыр деп есептеледi. Сирақ болсын, тобылғы болсын
алдымен кептiрiп алынады. Сосын барып бүлдiргiсiн қайыстан ойып шығады.
Бүлдiргiге түрлi пiшiндегi ою-өрнектер салынады. Бүлдiргi тесiлiп, қайыс
жiппен таспаға тастай оралады. Ең соңында үш бөлiк те бiр-бiрiмен
бекiтiледi. Таспаның орта тұсына дейiн оралған қайыс өзiнше сән берiп
тұрады. Қолдан сырғып түспеу үшiн саптың соңы тесiлiп жiп өткiзiледi. Ал,
бишiктердiң сүйiрленген ұшына әдейi шашақ байланады. Сүйiр қамшы ысылдап
сес көрсетiп тұрса, шашақтан қамшы жерге сiлкей ұрылғанда мылтық атылғандай
дыбыс шығады.
Адамзат жылқыны қолға үйретіп мінісімен аттың өзін жүргізу және
алдындағы малды айдау үшін қандай да бір құрал қажет болған. Алғашында атқа
мінген адам қамшы ретінде әртүрлі шыбық, ағаш қолданған. Уақыт өте келе бұл
құралды малдың шикі терісінің өзінен жасаған, бертінірек өрме өнері
шыққанда шикі қайысты өріп, өрменің санына байланысты қамшылар үш таспа
өрім, төрт таспа, алты таспа, сегіз таспа, он екі, жиырма төрт, қырық сегіз
таспа өрім болып бөлінген. 
Қамшы сөзінің шығу тегі туралы көрнекті қолөнер маманы, ұста Дәркембай
Шоқпарұлы мынадай жорамал келтіреді. Қамшы сөзіндегі қам түбірі қазақ
тілінде бірнеше ұғымға ие. Қам – шикі, шылғи, шала, қам-қарекет, қимыл,
айла, тәсіл, амал, қам-уайым, қайғы, қамығу, қам-қамдану, әзірлену,
даярлану. Әрі қарай: қамба, қамау, қамал, қамту сөздері мен терісі құнды
аңдар қама, қамар, қамшат; қымбат маталар – қамқа, қамқап болып келеді де,
барлығының түбірі қам деген сөзден түзіледі. ...Қамшы өрімі иленбеген шикі,
шылғи теріден де өріле беретіндіктен әрі кейде бір ұғым беретін осы сөздер
қосарлана айтыла беретіндіктен: қам – шикі, қамшы, қам – шылғи-қамшы
түрінде қамшы сөзі қалыптасты ма деген ой келеді....
Қазақта аттың қасасын қамшы деп айту жиі кездеседі және мәлімет
берушілердің көрсетуінше ертеден келе жатқан сөз. Халқымыз сөзді нақты
айтса да, тұспалдап айтса да әр нәрсенің шығу тегін, өзара байланыстылығын
меңзеген ғой, сондықтан бұл жерде этнолингвистикалық тәржімелеу қажет.
Балаларға ат жалын тартып міне бастағанда (ұл, қыз бірдей – А.Т.) әдейі
арнап ер-тұрман жасатумен қатар ата-анасы қамшы өргіздіріп беретін. Қазақта
әрбір отбасы мүшесінің өз қамшысы болған. Көші-қонда, ас-тойларда салт атты
адамның, еркек болсын, әйел болсын қамшысыз жүруі сөлекет саналған.
Қандай да болсын қамшы салдырмайтын жүрдек аттардың өзін сипай қамшылап
отырады, бұл қазақтың әдетіне айналып кеткен. Жетісуда жігіттің бесқасқа
жүгені болса, алты өрім қамшысы болса сәні келеді деп жатады, сондықтан
кез келген бозбала, жігіт ағасы жақсы ер-тұрманмен қатар әдемі қамшы
ұстағанды ұнатады.
Бозбала, жас жігіттердің қолына екі бүктеп қамшы ұстап, қызды ауылды
қырындап, жастық жәрмеңкесінің қызығына тоймаған шағын Кенен Әзірбаев былай
суреттейді:Ақ бүрлен, қызыл бүрлен,бүрлен, бүрлен,Бүрленді аралайды жолын
білген.Қамшысын екі бүктеп қолға ұстап,
Қызығы бұл дүниенің бойдақ жүрген...
Ал қыз-келіншектердің қамшысын ерекше әшекейлейді. Мәлімет берушілердің
айтуынша, қазіргі кезде Моңғолия мен Қытай қазақтарында жиі кездесетін
сабына жез ораған сарыала қамшыларға ертеден алтын, күміс шыбықтарды
шырмауықтай орап, шашақтарына дейін алтын, күміс домалақ салпыншақтар
орнатқан. Мұндай қамшылар сән қамшысы, алтындалған қамшы, күмістелген қамшы
деп айтылатын.
Атақты бағзылардың қобызымен, сайтан қашар қамшысымен жерлеу – бергі XX
ғасырдың басына дейін жалғасқан дәстүр. Алты таспа қамшыны – бұзау тіс
қамшы, сегіз өрімдіні – дойыр қамшы деп, Жетісуда сегіз өрімді қамшыны –
қырғыз өрім деп атайды. Қамшының ең алғаш қандай бөліктерінің қалай
аталғанын жазған Ш.Уәлиханов. Қамшының сабының өлшемі шынтақ пен жұдырық
арасындай немесе 4-5 түйілген жұдырықтай не 7 тұтам, өрімнің ұзындығы бес
алақанның көлеміндей, тұтаммен есептегенде өрімі сабынан бір-екі тұтам ұзын
болу керек. Қамшының сабына қайыс таспадан бау тағылады, оны бүлдірге деп
атайды.
Бүлінгеннен бүлдірге алма деген мәтелдің байыбына баратын болсақ бүлініп,
қирап жатқан жерден еш қандай зат алма, тіпті бүлдірге сияқты ұсақ зат та
алушы болма, кесірі тиеді деген ұғымды білдіреді.Алайда қамшы бөліктерінің
атауларын тәптіштей зерттеген Д.Шоқпарұлы: Қамшы мынандай құрамнан түрады:
өрім, сап, алақан, бас, дүм, кежеге, тұтамдық, айдар, мойнақ, бунақ,
бүркеншік, шежемей, шырмауық, шашақ, бауыр, тығырық, шығыршақ, тобыршақ,
түйін, тігіс, т.б....
Қазақта үйленуге байланысты жөн-жоралғылар жүйесінде де қамшының
өзіндік қызметі бар. Қызға құда түсуге келген жігіттің әкесі қамшысын белгі
ретінде үйінің төріне іліп кеткен. Егер жігіт жақ кешігіп, қыз жағы айныса,
қамшысын кері қайтарған, бұны қамшы қайтару деп атаған.
Баланы бесікке саларда жүгенді ат ұстайтын ер-азамат, ер қорғайтын батыр
болсын деп қамшыны кебенекпен бірге жапқан және тақымыңнан тұлпар кетпесін,
бәйге бермес шабандоз бол деп бесіктің екі жағынан қамшы үйіріп те тілек
тілеген. Қазақта Қамшы сабы сынса – әйел өледі, Пышақ сабы сынса – күйеуі
өледі деген әрі ырым, әрі сөз тіркесі бар. Ертеректе осы белгіні қолдана
отырып, ерінің немесе әйелінің қайтыс болғанын білдірген.
1.2. Қамшының түрлері
Өрімші шеберлер Жағда Бабалықов пен Ақселеу Сейдімбековтің,
этнограф Сейіт Кенжеахметұлының жазбаларына арқа сүйесек, қамшының мынандай
түрлері бар:
1. Ат қамшы. 2.Дыр қамшы. 3.Дырау қамшы. 4.Дойыр қамшы. 5.Дүре қамшы.
6.Ұзын қамшы. 7.Шолақ қамшы. 8.Сары ала қамшы. 9.Білеу қамшы. 10.Орама
санды қамшы. 11.Мүйіз сапты қамшы. 12.Киелі қамшы. 13.Қасиетті қамшы.
14.Тобылғы санды қамшы. 15.Шашақты қамшы. 16.Бала қамшы. 17.Құрау қамшы.
18.Шыбыртқы қамшы. 19.Күміс мойнақ қамшы. 20.Жез мойнақ қамшы. 21.Сары ала
мойнақ қамшы. 22.Ақ мойнақ қамшы және тағы да басқалары.
Қамшылар жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Оның әрқайсының атқаратын қызметі, мақсаты, мағынасы бар. Біз енді соның
басты-бастыларын талдап түсіндірсек:
1.Сүндет қамшы. Ата-бабамыздан ұрпақтарына мирас болып келе жатқан салт-
дәстүр бойынша баланы сүндетке отырғызғанда оған туған-туыстары сыйға
тартатын тобылғы сабты төрт тұтам қамшы.
2. Бәйге қамшы. Ат бәйгесіне шабатын шабандоздың қамшысы. Ол тобылғы
сапты, ұзындығы төрт тұтам, негізінен оның ұзындығын шынтақтан шынашаққа
дейінгі аралықпен де өлшей береді. Сабының жуандығы шынашақтай. Бұрындары
бәйгеге түсерде шабандоз: Шаба алмасам – маған серт, шаба алмаса –
астымдағы атыма серт, шаптыра алмаса – қолымдағы қамшыға өрт!, - деп серт
беретін болған.
3. Көкпар қамшы. Ұлттық ойын көкпар тартуда қолданылады. Оның тобылғы
сабының ұзындығы үш-ақ тұтам және жуан болып жасалады. Көкпар қамшының
сабына, жылан басты алақанына қолды жыртып, зақым келтірмеуі үшін ешқандай
әшекей салынбайды, бұл қамшыға бірде-бір темір затын қолданбайды. Көкпар
додасына түсерде әркім: Атыма – айбат, тақымыма – қуат, қамшыма – жігер
бер!, - деп серт айтқан.
4. Дойыр қамшы. Тобылғы сабының ұзындығы бес тұтам. Сабы мен өрімі өте
жуан. Оны қолға алғанда да былай деп серт айтылған: Дойыр қамшым доңыздай
(жуандығы) болсын, ауырлығы қорғасындай, мықтылығы емендей болсын. Білек
күшіме қуат қосып, жауым әрдайым құлап жатсын, халқым жеңіске жете
берсін!.
5. Неке қамшысы. Жас бозбала үйленер кезде құрбы-құрдастарын жанына
шақырып алып, отау құрғалы жатқанын айтады. Өзіне жігіт жолдасы керек
екендігін білдіреді. Құрбы-құрдастары өздерінің қамшыларын бір жерге құпия
жинап қойып, әлгі досын шақырып көрсетеді. Ол өзіне ұнаған қамшыны таңдап
алады да иесі жігіт жолдасы (күйеу жолдас) болады. Бұл құрбы-құрдастар
арасында өкпе, реніш болмауы үшін жасалатын әдет-ғұрып.
6. Соп қамшы. Өгіз айдауға арналған қамшыны осылай деп атайды. Тобылғы
сабы төрт тұтам, өрімі ұзын, жиырма бес тұтам болады, ұшына қайыстан төрт
қарыс жалқы бау тағылады, ол арбаның ұзындығына қарай жегулі атқа немесе
өгізге жетуге тиіс. Яғни, оның ұзындығы екі жарым құлаштай.
7. Үйір қамшы. Оны жылқышыларға арнап жасайды. Өрімнің араларына үш
шығыршық біріктіріліп, ұзын етіп жасалады. Түйе айдайтын үйір қамшының
атауы – шыбыт қамшы.
8. Ноғай қамшы. Аралары жақын орналастырылған екі өрімнен тұрады.
Салмақты болуы үшін өріміне үлкен шашақтарды орналастырады (нагайка).
9. Баптау қамшы. Асауды үйрету үшін жасалады. Жылқыны үркітіп, қорқытып
алмау мақсатында өрімі тобылғы сабының басынан аяғына дейін түгелдей шикі
теріден өріледі, ішіне қайыстан қатты өзек салады. Осы өзек өрімді тік
тұрғызады, ол қылышқа ұқсайды, мамандар сол себепті оны орыстар хлыст
деп атап кеткен, - дейді.
10. Аңшы қамшы. Сабының ұзындығы – бес тұтам, ұшында қорғасын өрілген
өрімі он екі тұтам болады. Аңшы атына қонғанында қамшысына: Алдымдағы
қасқырға – айбат, ердегі қанжығама байлат!, - деп тілек айтқан. Ал аңшы
қасқырды атымен қуып жеткенде: Түзу тигізу – маған міндет, ұшындағы
қорғасын – саған серт! дейтін. Дойыр, аңшы, барымта қамшыларды дырау қамшы
деп те атай береді.
11. Барымта қамшы. Тобылғы сапты, оның ұзындығы алты тұтам, жуан өрімі
он тұтам, түйіні де жуан, әрі ұзын. Екі аттылы қақтығысқанда қамшыларын
бірінің-бірі сыртынан асыра сілтегенде оның ұшы тіпті үшінші қарсыласының
тізесіне, тобығына тиіп, аттан аударып та түсірген.
Сыйға беретін әрі киелі бұйымның бірі – қамшы. Ол төрт, алты, сегіз,
он, он екі және одан да көп түрде өріліп, әшекейленіп жасалады. Қанша
өріммен өрілетіні белгіленгеннен кейін, қайыстан тиісті өрімнің талшықтарын
арнаулы пышақпен немесе ұстарамен кесіп алады. Алты өрімнің қайсын біркелкі
етіп кесіп алғаннан кейін, оның қалыңдығы да біркелкі болады, жуан жерлерін
тегістеп, қырларын өңдегеннен кейін өруге кіріседі. Әр өрімнің өзіндік
құпиялары бар. Барлық өрімдердің негізін үш өрімнен байқауға болады. Бұл
өрім өте кең қолданылады. Өрілген қамшы сабын мүмкіндігінше тобылғыдан
таңдаған дұрыс, егер ол болмаса, шамшат немесе емен т. б. қызыл ағаштардан
СТД - 120 М ағаш станогында жонып, арнаулы қамшы сабын дайындайды. Тобылғы
– асылы таудың беткейінде өсетін ағаш. Оны шеберлер шілденің аяғы мен
тамыздың басынан ары қарай, яғни күзге қарай жинайды. Шеберлер бұтақсыз,
неғұрлым түзу жерлерін кесіп алып, толық кепкенше іліп қояды. Егер тобылғы
сәл қисықтау болса, оны түзу затқа мықтап қосақтап байлап, бірге іліп
қояды. Сонда тобылғы түзу болып кебеді. Әбден кепкен кезде шебер оның
сыртын қойдың құйрық майымен ысқылағанда, қоңыр түсі қою қызыл түске
өзгереді де, өте әдемі өң береді. Сөйтіп қамшының өрімі шебердің талғамына
қарай, тобылғыға бекітіліп әшекейленеді. 
Осы сабы тобылғыдан жасалынатын қамшылардың өзіндік атаулары болады, ол
сол қамшының қандай мақсатқа қолданылатынына байланысты бірнеше түрге
бөлінеді:
1. Сүндет қамшы. Атадан – балаға, баладан – немереге, немереден –
шөбереге, шөбереден – неменеге келе жатқан ата дәстүрі бойынша баланы
сүндетке отырғызғанда оған тума-туыстары тобылғы сабы төрт тұтам қамшыны
сыйға тартады екен.
2. Бәйге қамшы. Бәйгеге шабатын тобылғы сапты қамшының ұзындығы төрт
тұтамды құраса, оның ұзындығын шынтақтан шынашаққа дейінгі аралықпен де
өлшей берген және сабының жуандығы шынашақтай болады. Бәйгеге түсерде
шабандоз қамшысына былай серт береді екен: Шаба алмасам маған серт, шаба
алмаса астымдағы атыма серт, шаптыра алмаса қолымдағы қамшыға серт!
3. Көкпар қамшы. Көкпар тартуға арналған қамшының тобылғы сабының
ұзындығы үш-ақ тұтам және жуан болады. Көкбар қамшының сабына, жылан басты
алақанына көкбаршының қолын жыртып, зақым келтірмес үшін ешқандай әшекей
салынбайды, темір атаулы қолданбайды. Додаға түскенде мынандай серт
айтылады: Атыма – айбат, тақымыма – қуат, қамшыма – жігер бер!
4. Дойыр қамшы. Дойыр қамшының тобылғы сабының ұзындығы бес тұтам, сабы
мен өрімі өте жуан болады. Оған да серт айтылады: Дойыр қамшым доңыздай
(жуандығы) болсын, ауырлығы қорғасындай, мықтылығы емендей болсын. Білек
күшіме қуат қосып, жауым әрдайым құлап жатсын, халқым жеңіске жете берсін!
5. Неке қамшысы. Бала ер жетіп, кәмелет жасына келгенде отау құрар
кезінде ол дос-жораларын шақырып алып; Мен үйленемін. Маған жігіт жолдас
(күйеу жолдас) керек – дейді екен. Жолдастары қамшыларын бір жерге құпия
жинап, алып келіп алдына тастағанда үйленетін жігіт соның ішінен ең
жақсысын таңдап алып, қамшы иесін өзіне жігіт жолдасы етіп тағайындайды.
Қазіргі бәрінің Дала демократиясы деп шулап жүргендерінің мәнісі бар, сол
кездегі жігіт жолдасын таңдау кезінде олардың арасында ешқандай қызғаныш,
өкпе болмас үшін жаңағыдай әділетті әдісті қолданған.
Әзірет Сұлтан қорық мұражайының қорында сақталған бірнеше қамшы
түрлері бар. Олар бір кезде халқымыздың күнделікті тұтынатын жабдығы
болғандығы анық...
Қамшының түрлері:
1. Тобылғы сапты қамшы
2. Мүйіз сапты қамшы
3. Ырғай сапты қамшы
4. Орама сапты қамшы
5. Сарала қамшы
6. Сылдыр қамшы
7. Қасиетті (киелі) қамшы
8. Жыланбауыр қамшы
9. Шыбыртқы қамшы (бишік)
10. Дырау қамшы
11. Дойыр қамшы
12. Бұзаутіс қамшы
13. Жортуыл қамшы
14. Білеу қамшы
15. Бала қамшы
16. Өзекті қамшы
17. Шашақты қамшы
18. Жеңсе қамшы
19. Шолақ қамшы
20. Күдері қамшы
21. Күмістелген қамшы
22. Алтындалған қамшы
23. Ат қамшы (ат жүргіш)

1.3. Қамшының қасиеті
Қазақта көне кезден бүгінге жеткен киелі жәдігерлер өте көп. Олардың
барлығы да ата-бабалардың көшпелі өмір салтынан сыр шертіп, дала құпиясын
алдымызға тосады. Жаратылыспен етене араласып, өмірінде, тұрмысында кеңінен
пайдаланған халқымыздың көптеген құнды мұраларынан көз жазып қала
жаздағанымыз шындық. Ерліктің, ерен күштің, қайсарлықтың белгісі болып, ер
қаруы – бес қарудың қызметін қапысыз ақтарған қамшы бұйымының қасиеті
жайлы бүгінгі ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейтіні тағы анық.
Қамшы қазақ халқында мал айдайтын немесе атқа отырғанда тұлпардың
арынын күшейтіп отыратын құрал ғана емес, қанды шайқаста ердің бағын ашар,
қас жаудан құтқарып алар сенімді серігі. Мал айдайтын таяқты қазақ бишік
немесе шыбыртқы дейді. Қамшы болмаса, қазақта көрген адамның айызын
қандырып, ерекше күйге бөлейтін, қанын қыздыратын қамшыгерлік сайысы
болмас еді.
Ат-көлiкке мiнгенде қамшысы қолында, қонышында, бiлегiнде, белiнде,
тақымында, ерiнiң алды-артында, үстiнде iлулi тұрады. Кейде тiптi
қарбаластықтан ауызға да көлденең тiстеледi. Ал үйде отырған кезде
керегенiң басында, көгiнде, уық қарында, сыртқы дәдеге мен белдеуде немесе
ашада қыстырулы тұрады. Қарбалас кезде жабық, киiз-сырмақ астында, тiптi
тiзесi астында жатады. Өмiр талабына орай әркiмнiң қамшысы өзi қойған
жерiнде тұруға тиiстi.
Қамшы арқылы жауынан қорғана алатын не жайратып салатын адамдар
қамшыгер атанады. Қамшыгерлiк тума қабiлет десек те, адам табиғатындағы
тездiк, ептiлiк, оралымдылық, дәлшiлдiк, мергендiк, қарақтылық,
сезiмталдық, өткiрлiк, батылдық, қарулылық, қатты қолдылық, сескенбейтiн
серттiлiк сияқты iшкi қасиеттермен ұштасып жататын өнер.
Жастайынан қамшыгерлiкке құмарту не жастайынан қамшыгерлiкке баулу,
тәрбие алу, қамшыгер мамандардан үйрену, қамшыны ұстай бiлу, қамшымен ұра
бiлу, қарсыласын қай жерiнен қалай ұрғанда естен танады, аттан түседi,
жараланады, мұның бәрiн қолмен қойғандай, қапы жiбермейтiндей бiлу шарт.
Қамшы көп сәттерде ат үстi шайқастың қаруы. Қамшыны бiр-ақ рет ұрған, бiр
ұрғанда дәл тигiзген және айтылған шарттарды бұлжытпай орындаған адам
қамшыгер бола алады.
Әрi мықты, әрi шып етпе өткiр, қолға ұстауға қолайлы, жеңiл қамшы мен
бишiк көп. Қамшының: ат қамшы, дырау қамшы, дойыр  қамшы, дүре қамшы,
күдерi қамшы, жортуыл қамшы, ұзын қамшы, шолақ қамшы, бiлеу қамшы, сарала
қамшы, барбас қамшы, орама қамшы, мүйiз сапты қамшы, сайтан қамшы,
киелi қамшы, қасиеттi қамшы, жыланбауыр қамшы, өзектi қамшы, шашақты
қамшы, тобылғы сапты қамшы, бала қамшы, шыбыртқы қамшы сияқты көптеген
түрлерi бар. Ат-көлiктi айдау жабдықтарының бiр түрi — бишiк. Түрлерi –
жалғыз таспа шыбыртқы бишiк, екi таспа, үш таспа, төрт таспадан есiлген,
ширатылған ұштарына таспа жалғанған ұзын және қысқа сапты бишiк. Төрт
таспа, бес таспа, алты таспа, сегiз таспадан өрiлген, ұштарына таспа
жалғанған қысқа түрлерi көп кездеседi. Қамшы төрт таспа, алты таспа, сегiз
таспа, он екi таспа, он алты таспа деп аталады. Таспаны тiлiп қырнап,
сыдырып, өңдеуiне қарай жуан-жiңiшке болады.
Қамшы да таспаның өңделуiне орай жуан, жiңiшке болып өрiледi. Көп
таспалылар мен iшiне өзек салып өргендерi әдейi жуандатылады. Өрiлгеннен
кейiнгi үлгiсi жұмыр, төрт қырлы, алты қырлы болып шығады. Сапталмай тұрып
түрлi-түрлi ысқыдан өткiзiледi. Қамшының сабынан өрiмi қысқа түрлерi де
бар. Ерлерге арналған, әйелдерге арналған, балалар мен шал-шауқанға
арналған түрлерi молдау кезiгедi. Жастар мен жiгiт ағалары ұстайтын
қамшылар алты тұтам ат қамшы, жетi тұтам жер қамшы деп аталады. Өткiрлiк
жағынан өлшемi сабы алты тұтам, өрiмi жетi тұтам қамшы дұрысырақ саналады.
Қамшы өлшемi мұнымен шектелмейдi. Терiнiң иленуi, таспаның тiлiнуi,
терi мен таспаның ерекше қасиеттерiне байланысты атаулары бар. Қалай
өрiлуi, өрiм мен саптың өзара ұзын-қысқалық салыстырмалы, қамшының алақаны,
алақанның ұзын-қысқалығы, қатқыл не жұмсақтаулығы шарт боп айтылады.
Қамшыгерлер өз дағдысы, өз есебi бойынша қалағанын өздерi жасап алады
немесе өрiмшiлерге арнайы тапсырма берiп өргiзедi. Қолайына жаққан
қамшыларын ұстаған қамшыгерлер өздерiн қарулы адамдай сезiнедi.
Қамшының қасиетін сипаттар болсақ, ең алдымен оның тобылғыдан жасалған
сабына бір тоқталып өтелік. Тобылғы қазақ жерінің нулы-сулы, тоғайлы
жерлерінде (ашық далаларда да) кездесе береді. Осы топталып өсетін ағаш
келе-келе қатайып, темірдей берік болады және ыстық-суыққа төзімді, судан
қорықпайды, жарылмайды. Тобылғының майы теміретке сияқты жараға жағуға
емдік қасиеті өте шипалы және тіс шұқығыш құралы ретінде де қасиеті сол –
тістегі бактерияларды жояды. Тобылғыдан тәспі, моншақтар жасалынады.
Уақытысында алынған тобылғы жүздеген жылдарға сыр бермей, сынын да сырын да
жоғалтпайды, өміршең. Тобылғыны қамшыға сапқа дайындайтын мерзімі желтоқсан
айы. Осы мезгілде өсімдіктердің жер анадан нәр алу мерзімі (мұсылманша
оразасы басталады) толықтай тоқталады, міне осы кезде оны Жаратқан Иеге
сиынып, кесіп, керегінше дайындайды. Өсімдік майымен тазалап, сүртіп,
күннің көзі, желдің лебі тимейтін көлеңкелі жерге кептіреді. Осыдан кейін
ғана ол қамшыға сап жасауға қолданылады. Неден істелінсе де қамшылардың
сабының ұзын-қысқалығы тұтаммен өлшенеді. Тобылғы дайындауға бара жатқанда
былай дейді екен: Ассалаумағалейкум! Қайда барасың? Тобылғыға. Маған да,
саған да – мінеки!

1.4. Қамшы туралы тілдік мәліметтер
Қамшы туралы кейбір тілдік мәліметтерді Қазақ совет
энциклопедиясынан да (ҚСЭ) кездестіре алмыз. Жұмсалу орнына қарай ол ‘’ат
камшы, арба қамшы, түйе камшы, соқа қамшы’’ деп аталса, өріміне қарай
‘’төрт таспа камшы, бестаспа қамшы, сегіз өрім, кырық өрім қамшы, он екі
таспа камшы’’ деп аталады [3]. Қамшының кішкене шағындау түрін аймақтық
тілде ‘’тай қамшы’’ деп атайды: "Төбесінде тұлымшағы бар дөңгелек тақиялы
қолына тай қамшының сабын сәл ұзын жіңішке қара таяғы өзіне ғана жарасқан "
(Есенжол Домбай. Жаман Жәутік, 1980, 205-6.). Қамшы сабының ‘’тобылғы,
ырғай, еліктің сирағы’’ т.б. заттардан жасалатыны белгілі. Кейбір өрімшілер
‘’ат қамшының’’ сабын қайыстың өзінен тығыз етіп өреді. Оны ‘’өрме сапты
камшы’’ дейді. Қамшыны, негізінде, мықты қайыстан өреді. Түйелі елде шідер,
шылбыр, қамшы ‘’түйенің құйыршығынан’’ істеледі. Ал құйыршық дегеніміз
"түйенің ұзын құйрық терісінің ортасынан тілгендегісіндей етіп бөлек алған
тері" [4]. Қамшы өрудің шеберлерін қазақтар ‘’өрімші’’ деп арнайы атаған.
Кейбір ‘’өрімшілер’’ әдетте өрімнің ұзындығын қамшы иесінің тұтамына лайық
өруге тырысқан. Өрімшілікті айтылатын мына сөз осы бір ерекшелікке
байланысты болуы керек:
- Ассалаумағалейкүм (1-тұтам)
- Әлікассалам! (2-тұтам)
- Жол болсын! (3-тұтам)
- Әлей болсын! (4-тұтам)
- Қайда барасың? (5-тұтам)
- Тобылғы сайға барамын. (6-тұтам)
- Оған неге барасың! (7-тұтам)
- Қамшы сапқа барамын. (8-тұтам).
Бұдан байқайтынымыз, "Сегіз ауыз сөз" - "сегіз тұтам" -өрімшілердің
ортақ өлшемі. Қамшының ‘’қырғыз өрім, қырық сегіз таспа’’ дейтін түрлері
бар. ‘’Бес таспа камшыны’’ кей жерлерде '’бесқасқа’’ деп атайды. Қамшының
өзек салынған түрлері: ‘’дойыр камшы, бұзаутіс сары ала қамшы, дырау
қамшы’’. Соңғркеы тістегі ‘’дыр’’ сөзін ‘’дырдай жігіт’’ деген тұрақты
теңеу құрамындағы дыр сыңарымен төркіндес деуге болады. ‘’Дыр қамшы, дырау
қамшы’’ деген тұрақты тіркестің мағынасы "үлкен", "мықты" қамшы дегенді
білдіретіні белгілі. Бірақ ‘‘дыр, дырау’’ сөздерінің жеке алғандағы
мағынасы түсініксіз. Біздің байқауымызша, бұл сөздердің этимологиясы ‘’дүре
соғу, дүре салу’’ дегендегі ‘’дүре’’сөзімен байланысты. Мұндағы ‘’дүре’’
парсының ‘‘дүррә’’ "қамшы" деген сөзі. Тіл-тілде сөздің мағыналық реңін
күшейту үшін мағыналары мәндес сөздерді қабаттастыра жұмсау тәсілі
(плеоназм) кездесіп отырады: ‘’самал жел, ыстық аптап, бала-шаға, ак
шаңқан’’ (шаңқан - "ақ" деген сөз) т.б. Әуелде осылар тәрізді ‘’дүре
қамшы’’ түрінде айтылып, келе-келе дыбыстық өзгерістерге ұшыраған. Сөздің
‘’дүре’’ деген жіңішке түрі жуан дыбысталатын ‘’қамшы’’ сөзімен бір ырғақта
айтылу барысында ‘’дырау, дыр’’ болып жуандаған. Көркем әдебиетте, сөйлеу
‘’ексеуілден бұрауым. Алысканда шақ келмес, Алыбың мен дырауың’’
(І.Жансүгіров). ‘’Дырау камшы мен дыр қамшының’’ мағынасы бірдей, тек
біріншісі - жалпыхалықтық сипаттағы, екіншісі - аймақтық қолданыстағы
атаулар: "Қадиша дыр қамшыны білемдеп алды да, май кұйрықтың тұсын шамалап:
"Кет!" -деп тартып кеп жіберді’’ (Асқар Тоқмағамбетов). Мысал "Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінен" [5] алынды. Соғыс-ұрыс қаруы ретінде
қолданылатын Қамшының ‘’дырау, біртартар, бесқасқа тәрізді, сондай-ақ
қазұялы қамшы’’ деген түрлері бар. ‘’Қазұялы қамшы’’ "Қисса Нәрікбай Шора"
жырында көк қару (ұрыс-соғыс қаруы) ретінде айтылады: Қазұялы қамшымен
‘’Келтіріп басқа салады.-- Бастан аққан қара қан Омырауын жабады’’ [6].
Әлихан Бөкейханның туған інісі Смахан Бөкейхан төре шежіресінде
‘’Төлебайдың қамшысы’’ деген атақты қамшы болғандығын айтады. Заманында
Төлебай батыр, ержүрек болған. Шежіредегі деректе Төлебайдың әкесі —
Жанғозы, оның әкесі -Мейрам; Мейрамның әкесі Қарақожа. Қарақожа алты алашқа
мәлім арғын Дайырқожа бидің баласы делінеді. "Төлебайдың қамшысы 7 қадақ,
түйе терісінен жасалған бір шегесі жоқ. Осы күні Ташкент музейінде"
көрінеді.
Бұл айтылғандар камшыны ұрыс құралы ретінде көрсететін әуезе мәтін.
Әуезедегі Төлебайдың қамшысы деген тұрақгы құрылым қамшы иесінің әлеуметтік
мәртебесінің ерекше екенін көрсететін мәдени семантикаға ие лингвомәдени
бірлік. Қамшы аңшылықта да қолданады. "Қасқырға кырық. Сегіз таспа қамшыдан
артық карудың керегі жоқ" (Ғ.Мүсірепов). Таспаларын төрт қырлап тіліп,
арасына өзек салып өрген қамшы көкқару (холодное оружие) ретінде
қолданылады. Аңшылық кезінде, ұрыс-соғыстарда қамшы соғып, олжа түсірген
камшыгерге қамшы сыбағасы берілетін болған. Мұндай құқықтық салт
қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі жоғалып кеткен компоненттердің бірі.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қамшыгер лексемасының мазмұн
межесінде "Камшы сайысына мықты адам" деген ұғымға қоса қамшы иесінің
ерекше әлеуметтік мәртебесін байқататын этномәдени ақпарттың кодқа
салынғанын аңғаруға болады. Қамшымен байланысты лингвосемантикалық таңбаның
мазмұнында құқықтық катынастарды реттеуге байланысты ақпараттардың кодка
салынғандығын да байқаймыз. Солардың бірі ‘’қамшы қазылық’’ деп аталады.
Байырғы ақиқат өмірде биге жүгінуге келгендер бидің алдына қамшы тастайтын
болған. Аталмыш стереотип-ситуация фреймдік құрылым түрінде ұжымдық санада
орын тепкен. Санадағы осы концептілік құрылым ‘’қамшы қазылық’’ деген
тілдік таңба арқылы объективтенген. Бұл фраземаның семантикасы дау-дамайды
"ұрыс-соғыссыз", биге жүгіну арқылы шешуге болады дегенді аңғартады.
Халықтық юриспруденцияда айтылатын тұрақты тіркестің бірі — ‘’көз құны. Көз
құны’’ қамшы сілтеп ойнағанда я болмаса төбелескенде көзге қамшының ұшы
тиіп, көзін ағызса, қамшы сілтеген адам ‘’көз құнын’’ төлейтін болған.
Осындағы ойын, төбелес деген концепт-фреймнің құрылымдағы қамшы,
біреу, біреуді ұру дегендер сценарийдің тұрақты белгілері болып
табылады. Құқықтың саладағы дау-думайдың бұл түрі ‘’көз қүнын’’ төлеу
арқылы реттеліп отырады. Сондықтан көз құны тек лингвосемантикалық қана
емес, мәдени семантикалық жүйедегі бірліктің таңбасы деп танылады.
Жылқышылар шаруашылық ұйымдастыруда қамшыны асау үйретудің құралы ретінде
қолданған. Асау аттың ерніне қамшының бүлдіргесін кигізіп, сабымен бұрау
салады. Мұны ‘’шұра салу’’ дейді. ‘’Шұраны’’ әдетте шу асауға салады. Ұлы
суреткер М.Әуезовтің "Абай жолында" Оспанның асау тайды үйрететін тұсында
‘’шұрайлап’’ деген сөз бар. Шұра салуды жазушы шұрайлау деген нұсқада
қолданған: "Бірақ, өзге асаудан көрмеген ызаны көріп, екі жығылып алған
Масакбай ақ, тайға қатты ызаланып алған. Құлақтан басып, бұғалықпен
буыдырып, екі езуін шұрайлап, тайды өлердей жазалаған’’ (М.Әуезов,
Шығармалар жинағы, 3-т., 205-б) Бұл жерде белгілі жазушы Нұрқасым
Қазыбектің "Шұра" (Алматы, Жалын, 1980 ж.) деп аталатын повесінің бар
екенін оқырмандар есіне сала кеткеніміз жөн. Қамшының егінді ауылда
қолданылатын бір түрі ‘’балақпан’’ деп аталады. Жергілікті тіл
ерекшеліктерін зерттеушілердің көрсетуінше, ‘’балақпан’’ "ұрғанда
тарсылдайтын ұзын қол бишік".
- Балақпанмен тары піскен кезде егінге түскен құсты үркітеді. Қамшы
түрінің балақпан аталуы себебі қайыстың ұшына аттың бірер қылын жіңішке
етіп өріп байлап қояды. Осы байланған ‘’балақ жіп’’ қамшыны оса тартқанда
тарс еткен ащы дыбыс шығарып, тары атаулының қас жауы шымшық, торғайларды
үркітеді. ‘’Шымшық момақансып жүріп, бір мойын жерді жеп койыпты’’ деген
тұрақты сөз осы орайда айтылса керек. Мұндағы ‘’бір мойын жер’’ – тары
егістігінің өлшемі. Бір ‘’мойын жер’’ — бір үйлі жанның ішіп-жемінін
артылатындай тары алынатын егістік жер деген эталондық ұғым. Бұл жайт
"қамшы" концептісінің тек малмен ғана емес, когнитивтік санада бейнеленген
ақиқат дүниенің өзге де үзіктерімен сыбайлас байланысын көрсетеді.
Байырғы кездегі лингво-мәдени қоғамдастықта қамшы таңбасының
семантикасында этикеттік әр түрлі ақпараттардың кодқа салынғаны байқалады.
Мысалы, ертеректе ’’үйге қамшыны бүктеп алып кіру’’ әдептілікті байқатады
деп есептеген. Қамшыны салақтатып, немесе шошайтып кіруді әдептілікке
баламаған. Ондай адамның өзінен бұрын қамшысы үйге кіргендей көрінетін
болған. Бұл айтылғандар қамшымен байланысты бейвербалды этикеттік таңба
болып саналады. Үй иесі жолаушылап кеткен үйге келген бөгде адам әдетте
қонуға басқа үйге барады, бірақ қайта соғатынын білдіріп, қамшысын тастап
кетеді. Үй иесі келген соң, әлгі адамның қамшысына қарап кім екенін
жорамалдайды, арнайы шақырып, келген шаруасын, бұйымтайын сұрайды. Ел
арасындағы әдепке байланысты бұл салтты ‘’қамшытастар’’ деп атайды. Сонымен
қамшымен байланысты денотаттық стереотиптік ситуациялар, атаулар этикеттік
таңбаның қызметін атқарады. ‘’Қамшының сабы сынды, қамшы таянды’’ дегендер
– уайым, қайғы концептісін объективтендіріп тұрған таңбалар. Сондықтан
жасы үлкен адамдар: қамшы таянбас болар деп балаларға ескертіп отырады.
Бұл этикеттік таңбаның тыйыммен байланысты ақпараттың мәні бар екені
аңғарылады. Қамшымен байланысты әуезе мәтіннің ескіден келе жаткан бір
түрлі — бақсылық ойынмен байланысты. Ш.Уәлиханов жазып алған дерекке
карағанда Бағаналы Қойлыбай қара суды теріс ағызатын, қобызын атбәйгеге
қосатын  атақты бақсы болған. Жер-жерден, ел-елден шақыру келгенде, өзі
бара алмаған жерге камшысын беріп жібереді екен. Мифологиялық санамен
байланысты осы айтылған әуезе мәтіндегі — ‘’Қойлыбайдың қамшысы’’ деген
тұрақты құрылымдық таңбаның мәдени семантикасы қамшы иесінің әлеуметтік
мәртебесінің ерекше екенін көрсетеді.
Қамшыға байланысты наным-сенімдер Халқымыздың байырғы кездегі тұрмыс
салтында қамшымен, өзге де ат әбзелдерімен байланысты әр түрлі ырымдар
болғанын байқаймыз. Шаруа адамы жүген, өмілдірік, құйысқан тәрізді ер
әбзелдерін күтімелдеп, ара-тұра майлап ұстаған. Алайда ’’жүген майласа,
ырыс, қамшы майласа, ұрыс’’ деп, қамшы майлағанда жақсы ырымға
баламаған. Бұдан мифологиялық ұғыммен байланысты мәдени семантикалық
ақпараттың кодқа салынғанын байқаймыз. Сондай-ақ ежелгі қазақ салтында жас
бала түнде оянып, мазасы кетіп жылай берсе, алыс сапарда жүрген әкесінің
(әжесі атасы, ағасының) "қамшысы тиді, жакын арада келіп калар" деп жориды.
Қамшымен байланысты айтылатын тұрақты сөз орамдарының бірсыпырасы
мифологиялық санамен байланысты. Солардың бірі өрімшілердің "бәйге алатын
жүйріктің сауырына ти, ұл табатын әйелдің жауырынына ти"  дейтін сөзі.
Бұдан, мифологиялық сана бойынша, қамшының сертке өрілетінін байқаймыз.
Қамшы - өте көне заманнан бері қолданылып келе жатқан құрал. Сондықтан
қамшы төңірегінде айтылатын әртүрлі әдет-ғүрып, салттық ерекшеліктер
(мысалы, "келіннің бетін үкілі қамшымен ашу" "камшы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тері шикізатын өндіру жайында
Аяқ-киімге арналған былғары. Ер-тұрмандық былғарылар. Техникалық былғары. Киімдік-галантереялық былғарылар
Аяқ-киімге арналған былғары.ер-тұрмандық былғары.техникалық былғары
Аяқ-киімге арналған былғары туралы
Аяқ-киімге арналған былғары
Қазақтың ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесін зерттеу
Ұлттық сәндік қолданбалы өнері
Бастауыш мектеп оқушыларын математика сабақтарында оқу есептерін талдау және түсіну біліктерін қалыптастыру
Мектеп оқушылар сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінде оқыту әдістемесі
Еңбек сабағында былғарыны өңдеуге үйретуде оку-әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер