Өлкетану


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
І. Өлкетану тарихына кіріспе . . . 9
1. 1 Өлкетану негіздері мен міндеттері . . . 9
1. 2 Өлкетану және туризм . . . 16
1. 3 Тарихи өлкетану, маңызы мен мәні . . . 28
1. 4 Тарихи өлкетану обьектілері . . . 35
ІІ. Географиялық өлкетану . . . 42
2. 1 Табиғи өлкетану экология негіздерімен . . . 42
ІІІ. Экономика бөлімі . . . 45
IV. Еңбек қорғау бөлімі . . . 47
Қорытынды . . . 50
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 53
Кіріспе
Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауларында халықтың әл-ауқатын көтеру, ел экономикасын дамыту, ішкі-сыртқы байланысты тұрақтандыру, халық шаруашылығын дамыту, туризм саласын өркендету т. т. күрделі мәселелерді күн тәртібінен түсірген емес. Соның ішінде өлке тарихын танып білу, өлкенің географиялық ерекшелігін ажырату, тономикалық атаулардың анықтамасын жасау, өлкетану аспектілерін нақтылау секілді толып жатқан құндылықтардың мән-мағынасын ашу бұл саладағы кемшін түсіп жатқан жағдайымыздан хабар беретін ақиқат шындық.
Осы мақсатта ұсынылып отырған оқу құралы «Туризм» мамандығының білім алушыларына, туризм саласы кәсіпорындарының мамандары мен жетекшілеріне арналған.
Кітапта өлкетану технологиясы мен функциясы, принциптері айқындалады. Сонымен қоса, бақылау сұрақтары беріліп, әртүрлі тақырыпшалар мен өлкетанудың тарихына шолу жасалынған. Отандық және шетелдік мамандардың еңбектеріне де сілтеме берілген.
Қазақстанның өлкетануына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы ғалымы Ш. Уалихановтыңда еңбегі зор. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (біздің отандық ғылымға сіңірген еңбегі зор) жасаған еңбегі XIX ғасырда өз бағасын алған. Профессор Н. И. Веселовский “шығыстану аспанында Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов аққан жұлдыздай жарқ етті; орыстың ориенталистері (шығыстың тілімен мәдениетін зерттеуші ғалым) бірден мойындап, оны ерекше адам деп бағалады” - деді. Орыстың саяхатшы ғалымы Семенов - Тянь - Шаньский “ұлттық шеттен шыққан ағартушылардың бірі”. Азияны зерттеуші Е. Г. Потанин “Қазақтардың арасында Шоқанға тең келетін адам жоқ” - деп жазды. Уәлихановтың туыстары “данышпан”, “таза да әділ дара тұлға” деп атады.
Президенттің “Қазақстан - 2030” атты халыққа Жолдауында атап өтілгендей шаруашылық менеджменттерінің нарықтық экономикадағы нашар жұмысы, олардың дайындығының нашар екенін көрсетті. Сондықтан туризм менеджментін жақсарту үшін жаңа бағдарламалар жасап, тиімді жолдар іздеу қажет. Менеджердің шеберлігіне байланысты жұмысты өз дәрежесінде жүргізуге болады. Менеджердің жұмысы көптеген адамдардың тағдырына ғана емес, елдің қоғамдық экономикалық дамуына да әсер етуі мүмкін.
Кәсіпорынның, туристік қызмет көрсететін мекемелердің де, менеджерлердің кәсіби деңгейін көтеріп ең аладымен олар жоғары оқу орнын бітірген кезде қолға алынуы қажет.
Кең таралмаған мамандық иелері өздерінің шеберлігін тез жоғалтады. Шеберлікті тек нағыз білім болғанда шыңдауға болады. “Кәсіби шебер” деген ұғымды пайдалана отырып, туризм менеджерінің, маманның шеберлік қызметін ескере отырып, жұмысына психологиялық анализ жасау керек. Бұл өз кезегінде туризм менеджерінің шеберлігінің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Ол туристік қызметті ұйымдастырушы, туристік қызмет көрсетуді белгілеп, ендіреді.
Кез - келген мамандық иелерінің шеберлігін арттыру дегеніміз мамандықты толық меңгеру.
Шеберлік дегеніміз бір облыстағы биік өнер, ал маман - шебер - сол биік өнерге қол жеткізген адам. Бұл түсінік өлкетану саласындада қолданылады.
Кәсіби шеберлік дара адамның кәсіби қызметінен көрінеді, адамсыз кәсіп болмайды. Сондықтан мамандықтың құрылымы емес, кәсіби - маманның құрылымы туралы айту керек.
“Кәсіби мамандық” деген ұғымды анықтау үшін кәсіпке назар аудару керек.
Туризм менеджерінің кәсіби шеберлігін анықтау үшін, оның шеберлігінің мәніне де, нағыз кәсіби маманның жақсы маманнан айырмашылығы неде, кәсіби шеберліктің құрылымы қандай? Бұның бәрін анықтау үшін туристік қызметтің кәсіби шеберліктеріне назар аударайық та, оны талдау негізінде оның бағытын, құрылымын, ерекшелігін, талабын бағдарлайық. Бұлардың бәрі маманға қойылатын талаптар.
Туризм менеджерінің кәсіби жұмысы, барлық жұмыс түрлері сияқты өзінің тапсырмасы, мақсаты, нәтижесі жұмыс пен операциядан тұрады. Кез - келген адамның қызметінің ең жоғары моделі бар, ол қызметті оның нәтижесі алдын - ала мегзеп тұрады. Кез - келген қызметтің тиімділігі, бірінші жағынан дара адамның жеке басының қасиеттері мен тәжрибесіне байланысты және оның ерекшеліктерінен. Екінші жағынан, дәстүрлі түрде “жасырын қасиет” деп атлатын сипат қызметтің жақсы үлгісінде ғана алуға болады. Ал ол оны “оралған” күйінде оның өзінде, нәтижесінде ұсынады.
Қызметтің субъекті болып білім, біліктілік, тәжірибе саналады. Тәжірибенің алатын орнын онша ескере бермейді, себебі жұмыс өтілі өскен сайын шеберлік те өсе түседі деп есептейді. Бұнымен келіспесе де болады. Себебі бұл жағдайларда әртүрлі мамандар әртүрлі тәжрибе жинақтайды. Ол адамның алғырлығына байланысты.
Білім, әдіс жасай білу қызметті дұрыс атқату деген сөз емес. Тек адамның қабілетімен шектескенде ғана ол шебер маман дайындап шығарады. Кез - келген еңбек немесе оқу ісінде жетістік себеп - салдар байланысын ерекше белгілерді ажырата білу, бақылаудағы құбылысты түсіну, табанды, мақсатқа жетуге талпыну - міне осылардың нәтижесінде жетістік келеді.
Туризм менеджерінің кәсіби құрылымының, оның мінін, мазмұнын және құрылымын талдап қарағанда оның тек кәсіби білімі ғана емес, жалпы дамуына да байланысты.
Бұл шеберлік құрылымында ажырағысыз болып байланысқан бірнеше құбылысты бөліп қарауға болады. Ол:
- кәсіби шеберліктің жалпы гуманитарлық құбылыс, ол жалпы ғылыми және мәдени позициясынан жалпы теориялық позициясын айқындап, оны қоғамдық қызметте пайдалану;
- шаруашылық - экономикалық құбылыс, мақсаты жағынан туристік қызметпен байланысты, ал туристік қызмет - кәсіпкерлік қызмет, ол білімдер жүйесін қажет ететін, әдістік, іскерлікті қажет ететін шаруашылық қызметі. Ал бұлардың бәрі иеліктегі нысанды басқару үшін қажет;
- ұйымдастыру, басқару аспекті жоспарлау мен туристік қызметті ұйымдастыратын технологиялық және туристерге қызмет көрсету технологиясымен байланысты;
- психологиялық аспекті менджердің мамандығы клиенттермен жұмыс жасау кезінде іске асырады;
- зерттеу, маркетингтік зерттеу әдістерін білуде, клиенттің мінез - құлқын бақылау, туристік қызмет нарығында ұсыныс пен сұранысты қалыпқа түсіру, жаңа технология жасақтау, қызметті сату;
- заңдылық аспекті туризмнің бос кеңістігінде еркін қозғалу, табиғи және тарихи - мәдени қорларды пайдалануға арналған ақпараты болады;
- кәсіпкерлікпен шұғылдану, паспорттық режим мен кедендік бақылау, туризмдегі қауіпсіздік б. т.
Кәсіби шеберліктің құрылымы жайлы айтқанда, оның шыңы жалпы, жалпы гуманитарлық даму екені ескеріледі. Маманның жалпы, жалпы гуманитарлық дамуы бұл кәсіби маман болудың шарты, ал кәсібилік жалпыға сүйенеді. Бұл адамның жалпы гуманитарлық даму деңгейі биік болған сайын, оның кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндігі мол.
Кәсіби шеберлікті дамытудағы жалпы дамудың орнын ескерсек, онда кәсіби шеберлікті арттыруда болашақ маманның жеке басының атқарған рөлі зор.
Туризм менеджерінің шеберлігі объективті және субъективті факторлармен анықталады. Кәсіби шеберліктің объективті факторлары - бұл кәсіби білім, таным, әдістердің жиынтығы, мамандыққа қажет психикалық жағдай, дара тұлғаның қабілеті. Бұл мамандық талабы, кәсіпті шындау үшін қажет шарттар. Бұлар біз жоғарыда айтып өткен барлық аспектінің жиынтығы.
Кәсіби мамандықтың субъективті факторы - дара адамның маман ретіндегі ерекшелігін көрсететін фактор жеке адамның психологиялық құрылымына қарай бұндай шеберлік қабілетке: адамдармен қарым - қатынас жасай алуы, қабілетінің дамуы, психикалық жағдайы, танымдық, ерік - жігері, мамандықты білімдер жүйесі, білу мен әдіс деңгейінде меңгеруі. Берілген компоненттердің жоғары мамандық деңгейінде болуын ескеру керек. Кәсіби шеберліктің қалыптасуына айтылған субъективті компоненттердің әсері зор. Осындай қасиеттердің бірі дара тұлғаның мамандық бағдарламасының әсері зор. Бұл қасиет оған кәсіби жұмыста оның мақсаты мен шешімін түсіну, одан қорытынды шығарып қорытынды жасауға мүмкіндігі болады, тұрақты қызығу, бейімділік т. б.
Кәсіби шеберліктің артуының тағы бір қасиеті кәсіби ойлау жұмыс кезінде шешімдер шығару кезінде керек болады. Дұрыс ойлана білген жағдайда ғана жұмыс пайдалы шешіледі. Логикалық ойлау қасиеті жаңа психикалық білім болып табылады, бұл кәсіби шеберлікті арттыра түседі. Қазіргі жылдам дамып келе жатқан заманда ақыл - ойдың орны жоғары, кәсіби ойлау, шығарамшылық қасиет жоғары бағаланады, өз жұмысын амалсыз атқарып жүрген адамдардың ұзақ уақыт істеуі мүмкін емес.
Ал, келесі мамандықты жетілдіру үшін керек қасиет кәсіби өзіндік таным; дара тұлғаның өзінің кәсіби қасиетін білуі, мүмкіндік деңгейімен қабілет деңгейін білуі. Бұған өзін - өзі бағалау да қосылады.
Өлкетану дайындығы өлкетану және оқу- тәрбие жұмыстарының қосымша түрлері мен практикалық қосымшалардан тұрады: жорықтағы бақылау, табиғатты қорғау мәселелері; тарихи ескерткіштерді, мәдени ескерткіштерді қорғау, қоғамдық пайдалы жұмыстарды ұйымдастырып оны жүргізу. «Туризм мен оны оқыту әдістері» курсының бағдарламасына өлкетану дайындығы тура осындай көлемде енгізілген. Барлық саналған бөлімдер қоғамдық туристтік кадрларды дайындау бағдарламасына да енгізілген- өлкетану мәселелері мұнда оқудың үш кезеңінде өтіледі. Алғашқы туристтік дайындық бағдарламасы бірінші кезеңде олқитын жаңа келгендер өлкетанумен «Туған өлкенің туристтік мүмкіндіктері» тақырыбы арқылы танысады. Екінші кезеңде туристтер «Қазақстанның туристтік мүмкіндіктері» тақырыбын өтеді, ал үшіншісінде далада жүргізілетін экспедициялық жұмыстарды бақылаудың әдісін меңгереді.
Туризмде «туған өлке» ұғымы облыс, немесе одан да кеңірек республика деп түсінеді. Туған өлкемен танысу үшін оның географиялық және өлкетану сипаттарымен танысу керек.
Ауданның физика- географиялық сипаттамасына климат, жер бедері, өсімдік және жануарлар әлемі, пайдалы қазбалар кіреді, ал экономикалық- өндіріс дамуы, ауыл шаруашылық, транспорт.
Өлкетану сипаттамасы экскурсиялық нысандарды есепке алады, тарихи, архитектуралық, біздің халқымыздың басқа да тарихи, мәдени орындары: мұражайлар, алдыңғы қатардағы өндіріс орындары, колхоздар мен совхоздар. Өлкетану дайындығына арнайы әдебиетпен жұмыс істеу де кіреді: анықтамалар, жолнұсқаушылар, өлкетану әдістемелік құралдары және өлкетану бақылауларын жүргізу. Туристтің өлкетану дайындығы және жорықта өлкетану бақылауларын өткізу оқу мен тәрбиені бір арнаға біріктіреді. Туған өлкеге жасалған жорық ондағылардың жорық ауданын алдын - ала зерттеуге назар аудармаса, маршрутта көрген- білгенін көңілге түймесе, маршрутта бірге болғандарды өзінің бақылауымен, сурет, слаидтармен таныстырғысы келмесе жорықтың мән- мағынасы жойылады. Сондықтан да көпшілік туристтік жорықтар, оқу- жорықтары да, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылады. Мысалы, дивизияның жолын анықтау, немесе нақтылы бір партизан отрядының қимыл ауданын анықтау. Жергілікті жер адамдарымен- соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу халықтың өткен батырлық кезеңі жайлы терең білім береді, жаумен шайқаста ерекше ерлік көрсеткен, бұрын белгісіз айғақтар, адамдардың атын анықтайды. Барлық материалдар отчет ретінде соғыс ардагерлері кеңесіне тапсырылады, мектеп мұражайының экспонаттарын толықтырады, газет пен журналдарда басылады.
1. Өлкетану тарихына кіріспе.
1. 1Өлкетану негіздері мен міндеттері.
Өзінің кеңдігіне, тереңдігіне, нақтылығына қарағанда қазіргі туған өлкені зерттеуді 20-30 жылдары жүргізілген өлкетану жұмыстарымен салыстыруға да болмайды. Бұл «Өлкетану» ұғымының мазмұнының өзгеруіне әкеп соқты. Өлкетанудың жалпы анықтамасы қазір жоқ.
Ю. С. Саушкин өлкетану жергілікті күштер арқасында өлкені, ауданды, қаланы, селоны жан-жақты зерттеу деп түсінді. Өлкенің аймағын зерттеу деген оның табиғатын, халқын, шаруашылығын, мәдениетін, өнерін, және халықтың қызметінің басқа да жақтарын зерттеу.
И. О. Юнаньев өлкетану елдің белгілі бір шектеулі бөлігін жан- жақты комплексті түрде зерттеу деп түсінді.
А. С. Барков өлкетануды «бұл мазмұны әртүрлі және әдіспен зерттелетін ғылымдар жиынтығы, бірақ ол өзіңнің өлкеңді жан- жақты тануға, білуге жетелейді»- деп санады.
Бұл айтылғандардан өлкетану- жергілікті күштермен өз өлкеңді зерттейтін жұмыс деп анықтап жазуға болады.
Өлкетану жұмыстарының мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін. Бір жағдайда - ізденіс, зертеу жұмыстары. Оның мақсаты өлкені сипаттайтын жаңа фактілер табу. Мысалы, архивтен жаңа құжаттар іздеу - өлкедегі айтулы оқиғалар немесе айтулы тұлғалар жайлы; халық ауыз әдебиетін зерттеу, немесе жаңа салт - дәстүрлерді зерттеу, тәжірибе, өнеркәсіп жұмыстарын, жаңа аудандағы мәдени қызмет көрсетуді зертеу т. б. Мұндай өлкетанудың іздеу жұмыстары арнайы сұрақтармен аяқталады (тарихи, экономикалық т. б. ) және олар осы өлкеге байланысты болады. Ал, кейбір жағдада өлкетану жұмысы комплексті сипат алады, ол өлкені жан - жақты зерттеу. Өлкетану жұмысының бұл түріне мыналар жатады: өлкенің табиғаты жайлы түрлі материалдар жинау, тарихы, мәдениеті, экономикасы, өткені, қазіргі жағдайы, болашағы, осы негізгі өлкенің комплексті сипаты жазылады. Мұндай өлкетану жұмысының негізгі мақсаты ол өлкенінің аумағы жайлы, не болмаса жеке нысандары жайлы адамдар мен ұйымдарға арнап жинайды. Мұндай жұмыс түріне өлкені зерттейтін экскурсиялық және курорттық мекемелердің жүргізетін жұмыстары жатады. Оның негізгі мақсаты туристер мен шипажайларда демалушыларға өздері жүрген жердің тарихы, табиғаты, халқының өмірі мен жұмыс жайлы ақпарат беру. Бұл жұмыстың экскурсия нысандарын, маршруттарын тандағанда зор мағынаға ие болады.
Бұл зерттеудің нысандары: өлкенің табиғаты, оның өткен тарихы, халық шаруашылығы, әдебиеті, архитектурасы, өнердің басқа да түрлері, мәдениеті, халық тұрмысы т. б болуы мүмкін. Бұлардың әрқайсысы- әр ғылымның нысандары, сондықтан оларды зерттегенде әр ғылымның әдістері пайдаланылады. Өлкетанудың табиғаты зерттеу саласында- физика- географиялық және басқа қосымша ғылымдардың әдісі; өлкетануды тарих саласында- тарихи ғылымдардың әдісі; өлкетанудың өнер саласында- әдебиет және өнер әдістері; экономикалық өлкетануда- экономикалық география және экономика ғылымдарының әдісі. Нысандардың әр түрлілігі мен мақсат және әдістеріне қарамай, барлық өлкетану іс- әрекетінің бағыттарының бір ғана зерттеу пәні бар, ол өлке пәні.
«Өлке» деген ұғым шартты ұғым. Бұл республиканың аумағының шағын бөлігі ғана, ал оның шекарасын кім және қандай мақсатпен зерттейтігіне қарай белгілейді. Мысалы, облыстық өлкетану мұражайы әкімшілік облысты (өлке, АССР, автономиялы облыс) зерттейтін болса, онда сол жер оларға өлке болады. Аудандық мұражай үщін бір немесе бірнеше әкімшілік аудан өлке бола алады; демалыс мекемесіне, немесе туристтік базаға туристтердің және демалушылардың экскурсияға, саяхатқа шығатын жерлері өлке болып табылады. Мектепке өлке дегеніміз- бұл жергілікті материал ретінде қолданатын мәләметі бар аудан; кей жағдай ол оқушылар жүргізетін және жорыққа шығатын жерлер мен мектеп аумағы болуы мүмкін, немесе мектептік мөлтекацданы; ал кейбір жағдайда география, әдебиет, тарих пәнін оқығанда таныса алатын үлкенірек аймақтар болуы да мүмкін. Өлкетанумен өзінше айналысатын адам өзінің мақсатына, мүмкіндігіне қарай шекараны анықтайды. Оның «өлкесі» мөлтекаудан, әкімшілік аудан, немесе топ: аудандар, қала болуы мүмкін.
Ғылыми тұрғыдан өзінің ерекшелігі бар, басқа аймақтарға ұқсамайтын өлкені зерттеу қызық. Мысалы, облыстық аймаққа кіретін табиғи комплекс, ол аймақтық физика- географиялық аудандарға бөлгенде анықталады, немесе аумақтық- өндіріс комплексі, облыс ішін экономикалық аудандарға бөлгенде бөлгенде белгіленеді; немесе өткен тарихи ортақ аумақ немесе жалпы этнографикалық ерекшеліктері ұқсас аумақтар мен т. б
Өлкетану туған жер жайлы білім болып өте ертеде пайда болды. Барлық халықтарда, барлық уақытта өзін қоршаған жерді, оның табиғатын, халқының өткені мен бүгінгісін жақсы білітін адам болған. Ол бұл мәліметтерін өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырды ( ауызша, немесе түрлі құжаттар арқылы) . Ресейде осылай болған. Онда өлкетану деректері жылнамалар мен құжаттарда айтылған ( нұсқау немесе түрлі хаттар т. б) . Ал, бұл 15-16 ғасырлар еді. 18 ғасырдың ортасында Ресейдің кейбір облыстарының алғашқы сипаттамалары басылып шықты (мысалы «Топография Оренбургская Ц. И. Рычков»), ал 18 ғасырдың екінші жартвсынан бастап елдің түрлі бөлігін зерттеп сипаттау кең орын алды.
Ресейдің әр жерін зерттеуді 18 ғасырдың 60 жылдары ерікті экономикалық қоғам жүргізді. 1765 жылдан бастап олар жергілікті экономиканың жағдай туралы мақалалар шығара бастады, негізінен ауылшаруашылығы туралы. Ресейде өлкетанудың қалыптасуында М. В. Ломоносовтың еңбегі зор. Ол Ресейдің бірінші атлас картасын шығару үшін барлық губернияларға арнайы сұрақнама жіберді. Онда олардың табиғи байлықтары, тарихы мен халықтың қазіргі өмірі жайлы сұрақтар болды. Бұларға жауап беру үшін үлкендер ғана емес, балалар да міндетті болды.
1977 жылғы губерниялық реформаға байланысты сенат барлық губерниялардың топографиялық сипаттамасын жазуға нұсқау берді. Бұндай сипаттар 18 ғасырдың 80 жылдарында жасалды. Ресейдің әр түрлі жерін зерттеуде 18 ғасырдың 60 жылдары құрылған Ерікті экономикалық қоғам үлкен еңбек етті. 1765 жылдан бастап жергілікті экономика жайындағы еңбектерді шығара бастады, негізінен ауыл шаруашылығы жайында.
Осы кезден бастап Ресей өлкетануында екі бағыт айқындалды: ғылыми (жергілікті күштердің көмегімен елдің көптеген аумақтарын зерттеу) және мектеп (мектепті қоршап жатқан аймақтықзерттеп, жиналған мәліметтерді оқытуда пайдалану)
Ғылымның түрлі салалары дамыған сайын өлкетануда кеңейе берді. Өлкетану жұмыстарын көптеген университеттер, ғылыми қоғамдар (Ерікті экономикалық қоғам, археологиялық қоғам. Орыстың географиялық қоғамы. Тарих қоғамы, жаратылысты сүюшілер қоғамы, антропология мен этнография қоғамдары т. б) губерниялық мұражайдың оқу комиссиялары, м жер мекемелері жүргізді. Сібір мен Солтүстікте өлкетанудан көп жұмыс жүргізген саяси жер аударылғандар (декабристтерден бастап болшевик- революцөнерлерге дейін) . В. И. Лениннің «Ресейде капитализмнің дамуы»қатты белгілі шығармасы, кейін Шушенскоеға жер аударылғанда аяқтаған, жергілікті материал негізінде жазылған. Мектептегі өлкетанудың дамуына әсер еткен 1804 жылы шыққан Устаев, ол бойынша жаратылыстану мұғалімдері мектеп орналасқан жерді зерртеп білуі керек. 1862 жылы халық ағарту министерствосы арнайы циркуляр шығарды. Ол гимназия кітапханашыларын өз өлкелері жайлы әдебиеттік библиографиялық көрсеткіштеріе жасауды міндеттеді.
Мектептегі өлкетану жұмысының дамуына орыстың ұлы педагогтарының бірі К. Д. Ушинский өз үлесін қосты. Ол география, жаратылыстану, тарих пәндерін оқыту отансүйгіштік (өлкетану) негізде жүргізілуі керек деп есептеді. Географияны, мысалы, К. Д. Ушинский мектепті қоршаған ортөмен байланыстырып оқыту керек деп ұсының жасады; бірте- бірте үйден аулаға, одан көшеге, селоға, қалаға, ал бұдан кейін бүкіл отанды зерттеуге, сосын әлемді де деп есептеді. К. Д. Ушинскийдің бұл идеясы сол заманғы озат педагогтардан қолдау тауып, кейін оқулықтарды құрастырғанда пайдаға асты.
Ұлы Октябрь революциясынан кейін өлкетану мектептерге кең тарады және қоғамдық қозғалыс ретінде де іске асырыла бастады.
Совет өлкетануының дамуының алғашқы сатысында елдің, шаруашылықтың дамуы үшін жүйелі түрде табиғи қорлар мен географиялық жағдайды зерттеп отыру мен тарихи- мәдени ескерткіштерді есепке алып, оларды қорғау жолдарын ұйымдастыру болды.
20- жылдардың басында елде көптеген ғылыми- зерттеу институттары мен өлкетану мұражайлары ұйымдастырылды. Олар өз жұмысында көпшіліктің жеке өлкетану қозғалысына сүйенді.
Туристік өлкетанудың табиғи-географиялық құбылысы өлкенің географиялық орналасуы мен оның табиғи ерекшеліктері өлкенің ерекшеліктерін зерттеудің негізі болып табылады.
Табиғат жағдайлары өлкенің мәдениеті мен экономикасының дамуына әсер етеді, ал біздің жағдайда ол туристік демалыс шаруашылығының комплекстерін ұйымдастыруда көмектеседі, себебі табиғи ресурстар демалушылар саяхат орындарын таңдағанда басты мәнге ие болады. Туристер мен демалушылар табиғат көрінісінің ерекшелігін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің байлығы мен алуан түрін, спортпен шұғылдануға тиімді жағдайды, балық, аң аулау мүмкіндігін т. б. ескереді. Өлкенің табиғи байлығына байланысты демалыс түрлері ұйымдастырылады. Бұл шаруашылығына да байланысты.
Құндылығы әр түрлі қорлар белгілі бір табиғи топқа жатқандықтан, ал екінші жағынан олардың туризмдегі алатын орны әр түрлі болғандықтан олардың арасында айырмашылық бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz