Қазақстанның бейнелеу өнерінің даму тарихы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тәрбиенің бір саласы эстетикалық тәрбие беру ісінде мұғалімнің атқаратын міндеттері сан-алуан. Оқушыларға эстетиалық тәрбие мен көркемдік білім беру процесінде пән мұғалімдерінің практикалық бағдарламаларының мол болуы белгілі дәрежеде ықпал етеді. Біздің елімізде мектептегі жас ұрпақты ғылыми-техникалық прогресспен қазіргі мәдениеттің дамуына сай өмірге дайындау талап етіледі.

Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту мынадай мақсаттарды көздейді:

  1. Қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Жалпы білім беретін мектепте математиктер, композиторлар дайындау сияқты суретшілерді дайындайды. Бұл арнаулы оқу орнының міндеті. Мектептегі әрбір пән бірлесе отытып, оқушыларды жан-жақты гармониялық дамуын қамтамасыз етеді. Кейбір мектептерде суретшілер дайындайды, сондықтан көркемдік білім негіздерін меңгерудің қажеті жоқ деп көрсетеді. Адам бейнелеу сауаттылығының негізін меңгермесе, өнерді бағалауға да түсінуге де үйрене алмайды. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады.
  2. Оқушылардың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетика және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін толық қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы, көзқарасы, идеясы қалыптасқан. Мектептің міндеті эсетикалық тәрбиенің әр түрлі әдістері арқылы бала жүрегі мен сезіміне әсер етуі эстетикалық тудыру творчестваның арттыру белсенділігі болып табылады.

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие болып отыр. Қазіргі уақытта халықпен өнерге деген ынта ықыласы анағұрлым артты. Халықтың творчествасын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкейкесі мәселесі болып табылады. Бұл орайда жазатын сәндік қолдаңбалы өнерінің мәнімен алатын орны ерекше. Эстетикалық талғам ерекшеліктерінің бірі - адамның тарихи мұраты халық өнеріне көз қарасының өзі өмір тәжірибесінің атасы жатуда.

Көп уақыттардан бері қазақ халқы ұлттық үрдістерге халық педогикасынан айырылып қалды. Енді ғана ел болып жоғалтқан жоғымызды шырақ алып іздеуге кірістік, болашақ ұрпақты қалай тәрбиелеп оқытамыз деген сауал төңірегінде бас қатырып ойланар шақ әбден жетті.

Қазіргі таңда дүние жүзінде жүріп жатқан заманына өзгерістерінен келер ғасырдың өмір сипаттарын аңғармау тіптіде мүмкін емес. Өйткені жер бетіндгі сан - алуан халықтардың өз ара ой олғаныстары мен қол созған үміттері осыны байқатады. Адамзат қоғамы ізінен қай кездегісінен әлде қайда есейгендігін ерекше аңғартып отыр. Осынау таңғажайып тамаша өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отырған Отанымыздың келбеті бүкіл жер шарындағы күллі халықтардың алдына мерейі өсіп адамзат қауымының жаңаша ойлау жүйесінің қалыптастыруда елеулі үлес қосуда. Осының бірден - бір айғағындай бүкіл елімізді сан алуан халықтарды да өзінің өткен тарихы мен ұлттық мәдениеттерін шындық таразысынан өткізіп қана қоймай шын мәніндегі ұлтаралық теңдік әр республиканың егеменді дербестіктерін жаңа қалыптастыруға бет бұрып отыр. Қазіргі кезде егеменді алған еліміз өздерінің өмір тіршіліктеріне үстемділік пен танылған құбылыстарды жойып жаңаша ойлаудың құдіреті мен ондаған жылдар бойы бұзылған ата-дәстүрлерімен халықтық педогикасын қалпына келтіруге бет бұрды.

Өнер - өмір, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер - өмір көрінісі, ол халық ескерткіші.

Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен роль атқаратын өрісі кең, ұшы-қиыры жоқ, қиын да қызықты жол. Ол арнайы талант, шындықты, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой мен көркемділік, сұлулықты талап етеді.

Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық шығармалар туындыларын көргенде, біз оның тек әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, ұрпаққа қалдырылған рухани байлықты көреміз.

Өнер адамы өмiрiнiң бiр бөлiнбейтiн бөлiгiне айналады.

Суретшi шығармалары - бұл шығарылған сурет сияқты - шындық өмiрiнiң көрiнiсi.

Өнер шығармаларына қарай отырып бiз адамдардың қай дәуiрiнде өмiр сүргенiн, немен айналысқанын, мәдени деңгейiн аңғарамыз.

Өнер адамға үлкен күшпен әсер етедi, тәрбиелiкке, мәдениеттiлiкке, мейiрiмдiлiкке тәрбиелеп, сұлулық әлемiне жетлейдi. Суреттi талантты адам сан алуан жақтарын көрсетедi, шығармашылық негiзде адамзаттың жарқын болашағы, арманы жинақталған. Болмаса эстетикалық рухани байлық, мұралар жасалмаған болар едi. Өнер қарапайым өмiрге басқаша көзбен қарауға көмектеседi. Суретшi өз шығармасын бейнелегеннен кейiн бiз оны өнердiң сиқырлы призмасы арқылы қабылдаймыз. «Левитан күзi», «Шишкин орманы», Қастеевтiң «Түрксибi», А. Ғалымбаеваның «Дастарханы» үйреншiктi күнделiктi болып қалды.

Өнердің қоғамдық тәрбиелік мәнін жан жақты түсіну үшін - оның әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Сондықтан біз халық өнерін айнала қоршаған әдемілікті, сұлулықты жете түсініп, сүйуіміз керек, өнердің тылсым ғажайып сырларын ашып, оны үйренуіміз қажет.

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.

Қазақстан дамуының стратегиялық 2030 бағдарламасында «Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру - сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамда бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу» карастырылды.

Өнер туындыларынын мақсаты - әр жүрек пернесін қозғалта білу.

Қазақтың көрнекті ұлы қылқалам шеберлерінің шығармаларын зерттеп, танытып , дамытылуы, қазіргі заманның талаптарына сәйкес жандандырылуы болашақ ұрпақтың дамуына, тәрбиесіне, ұлттық мәдениеттің, өнердің кеңеюіне зор үлес қосады.

Суретшiнiң өмiрге тек қана қарап қана қоймай, құбылыстардың iшкi мағынасын түсiнiп көре алуында. Суретшi жан дүниесiнде шындық өмiр тек қарапайым түрде ғана емес, өте бiр керемет сұлулықты, өмiр сұлулығымен байланысты бейнелейдi.

Қазіргі кезеңдегі нарықтық саяси-экономикалық жағдайдағы іргелі

ұрыстардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға әсер етуі, ғаламдану үрдісінің рухани өмірімізде қарқынды дамуы, жеке адам коғам арасында

жаңа қатынастар қалыптастыруда. Мұның өзі мәдени кұндылықтарға жаңаша көзқарас тудырады. Осы ретте мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының бейнелеу өнеріне, соның ішінде натюрморт жанрына деген қызығушылығын дамытып, халқымыздың бейнелеу өнеріндегі жинақталған құнды шығармаларды қастерлеуге, бағалап, қадір тұтуға талпындыру білім беру ісінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың сана-сезімі көркем құндылыққа,

бейнелеу өнеріне қызығушылықты, әсемдікті таныта білуді өз алдына мақсат кояды. Бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанрының мұның мәнін аша отырып, оның даму тарихына қысқаша шолу жасау.

Оның басты себебі бейнелеу өнері оқушылардың сана-сезімін көркем құндылыққа бейнелеу өнеріне қызығушылықты, әсемдікті таныта білуді өз алдына мақсат етіп қояды. Арнайы көркем талғаммен қойылған заттарды бейнелеу жасөспірімге эстетикалық тәрбие бере отырып, дүниетанымын кеңейте түседі. Ол оқушыларға сұлулық, әсемдік тәрбие береді. Наторморт балаға көркемөнердің компоновка, построения, симметрия, перспектива және т. б. сияқты заңдылықтарын меңгеруде өте қажетті жанр болып саналады.

Зерттеу жұмысының мақсат- міндеттері.

Негізінде жалпы Қазакстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, білім мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби білімін шыңдауға бағыттаған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралык ғылымдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген.

Қазақстан Республикасы өркениетті елдердің қатарына қосылу

жолында, қоғам алдында келер ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды етіп тәрбиелеу тұр. Осыған орай көркем білім беру саласы мен тәрбие жүйесінде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыру қасиеттілігі туады.

Мектеп жасындағы балалар байқағыш, білуге қүмар, аса эрекетшіл, көп қимылдағыш, сезімтал болғанымен оның бейнелеу өнерге қызығушылығын қасиеттерін жетілдіре түсуге ат салысу қажет. Эстетикалық тәлім-тәрбие олардың бойындағы осы айтылған қабілеттерді дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

  • Кескіндемелік жанрдың тарихи дамуын қысқаша таныстыру;
  • Қлттық натюрморт құрастыру, негізгі сатыларын көрсету;
  • Ұлы суретшілердің шығармашылығына қысқаша тоқталу;
  • Натюрморт жанрының мектеп бағдарламасындағы ролін атау

Т Зерттеу объектісі: Натюрморт жанры

Зерттеу пәні: Натюрморт. Қазақстандағы натюрморт жанрының дамуы

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Натюрморт жанры туралы зерттеулер

Зерттеу көздері:

  • Натюрморт жанры туралы мәдениеттанушылар, өнертанушылар еңбектеріне сілтеме жасап, тарихи-этнографиялық, педагогикалық зерттеулерге талдау жүргізу.
  • Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі бекіткен мектептердегі натюрморт жанрына арналған бейнелеу өнері пәні бойынша бағдарламаларды саралау.

Зерттеу тәсілдері:

  1. Натюрморт жанры туралы мәліметтерді көркем әдебиеттерден іздеу;
  2. Наттюрморт жанры туралы батыс Европа мен ресей, қазақ бейнелеу өнеріндегі және этномәдениеттегі көріністерін салыстыра қарастыру. Олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ескеру.

Ғылыми жаңалығы.

  1. Балаға ақпараттық мағлұматтар бере отырып, олардың есте сақтау қабілетін арттыру және осы мәліметтерді пайдалануға бағытталған олардың ақыл ойын дамыту.
  2. Балаларды сабақтан сыртқы курстарға қатыстыру.
  3. Бейнелеу өнері сабағында бастауыш мектеп окушыларын көптептабиғат аясында сурет салғызу.
  4. Жаңа орындалу техникаларына қызықтыру арқылы бейнелеусабағында оқушыларды натюрморт салуды үйрету.
  5. Теориялық негізінде натюрморт салу барысындакомпозиция компоненттерін таңдай білу. Қағазға үйлесімді шешім детальдарын алмастыра таба білу, негізгі қатынастардың (алдыңғы, орта, артқы пландар) үйлестігінде дұрыс табылуы қажет;
  6. Жаңа техникалық аспаптарды қолдана отырып, оқушылардың назарына әйгілі өнер туындыларын ұсыну.

Негізінде жалпы өнер атаулыға ауыз әдебиеті мен көркем әдебиетті, ән-күйді, театр мен киноны, бейнелеу өнері мен сәулет өнерді тағы басқа өнер үлгілерін жатқызамыз. Өнер - өмір бұлағы. Ол - ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер - өмірдің көрінісі. Өнер - халык ескерткіші. Өнер - адамзат өмірінде, тарихында үлкен роль аткаратын өрісі кең, ұшы-қиыры жоқ, қиын да қызықты ұзақ жол. Өнердің өзіне тән ерекшелігі - өмір шындығына байланысты адамның эстетикалык қарым-қатынасын аныктау. Өнер үшін ең

басты мақсат - дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелеу болып табылады. Өмір шындығын бейнелеген әр алуан өнеріміз адамдардың әсемдік сезімдерін оятып. көркемдік заңдылықтар арқылы өнер туындыларын жасайды. Қазақ халқымыздың өнерге деген ұстамы бөлек. Халқымыз сонау қиын замандарда көшіп-қонып жүрсе де өзінің ұлттық өнерін дамытып, ұрпақтарға мұра қылып қалдырып отырған.

Өнер адам жанының тереңіндегі тебіреніс әсерін көрсету жайлы Гегель

өзінің эстетикалық тұжырымдамасында былай дейді:» Көркемдік шығармалар өзінің мазмүны мен құрылымында тиянақты бір шеттегі шындық объектісі ретінде өзі үшін емес, көркемдік өнерді сырттай бақылаушы және одан лэззат алушы біз үшін, көпшілік үшін қолданылады», - деп қорытынды жасайды.

Әр адам асып түспесе де өзіндік бір өнері болуы тиіс. Халқымыз

«жігітке жеті өнер де аз» деп жастарды өнерге, талпынысқа шақырмаушы ма еді. Өнер бізді әлемдік әлемнің заңдарын түсіндіруге жетелейді, адамға

рухани күш береді, ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімін оятады. Өмірге

деген құштарлықты арттырады. Өнер бұл көне заманнан, адамзат қоғамының алғашқы құрылыс дәуірінен басталған.

Испаниядағы аты әлемге әйгілі Альтамира үңгірінде салынған хайуанаттар суретінен бастап, қылқалам шеберлігі Пикассо, Сезан туындыларына дейін өнер тарихы күрделі қилы кезеңдерді артта қалдырды. Әйгілі Америка ғалымы, эстетик-психолог, өнер зерттеушісі Р. Археим былай дейді: «Ерте дүние адамында мыншылдық пен бикампаздық касиеті цивилизациясы жоғарғы елдердің адамдарына қарағанда әлдеқандай күшті дамыған».

Сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоктықтан туған деп қарамай, оған көп көңіл бөліп қарауымыз және үйренуіміз керек. Өйткені, бұл-өнердің бастау бұлағы суынан сусындап, содан нәр алып қарыштадық емес пе!

Өнер - қоғамдық сананың бір түрі. Мұның көмегімен адамдар

объективтік шындықты және оған өздерінің қатынасын көрсетеді, адамның талғамдық көзқарас тұрғысынан қатынасының жиынтық көрінісі. Өнер де ақиқатты бейне түрінде көрсетеді. Жалпыны жеке ерекшелікке, абстрактылыққа, теориялықты нақтылыққа шоғырландырады. Өнер қоғамдық сананың басқа түрлерімен де байланысты болады. Саясат, құқық мораль, дін өз идеяларын, ереже заңдарын, ұғымдарын адам санасына ендіру үшін өнерден тірек іздейді.

Қоғам өміріндегі өнер бірқатар маңызды қызмет атқарады. Өнер әсемдікке көзқарас қалыптастыру арқасында қуаныш, сая табу, рахаттану, қайғы және уайым, күйзелу сияқты нәзік сезімдерді тербейді. Өнердің танымдық қызметінің де мәні зор. Нағыз өнер өмірді бейнелейді, адамды өткенге немесе болашаққа алып барады. Көркем бейне адам санасында шын тарихи оқиғаларды туғызады, адамкөрегендігін, киялын, арманын рухтандырады, қанын қыздырады. Өнердің танымдықпен қатар тәрбиелік қызметі де бар. Өнер шығармаларының адамның көңіл-күйіне әсерлігі сондай, тәртіптің мүдделерін рухани қажеттіліктердің сылтауларын қалыптастыруға ықпал етеді, әрекетке жетелейді. Адамның өнерге қарым- қатынасы адамның психологиялық және рухани күшін жинақтауды ерекше талап етеді. Өнер шығармаларының әлеміне ену үшін, оны үғыну үшін ойлау іс-әрекетін қарқындату, елестетулердің барлық күшін козғалыска келтіру, іске ерік шеңберін қосу қажет. Қарқынды іс-әрекетке мәнді күштерді (зиялылық, сөйлеу мәдениеті, қиялдауды, сөзді, ақыл-ойды және т. б. ) қосу тұлғаның жалпы қабілеттерін дамытуға ықпал жасайды. Өнер өзінен-өзі пайда болмайды. Оған қоғам, орта, тарих, әлемде болып жатқан елеулі оқиғалар әсер етеді. Ал мұны сезіну үшін осы көріністердің бейнесі болуы тиіс. Көріністі сезу арқылы ой-пікір, идеялар туындайды. Осы идеяны толықтырып, екінші біреуге жеткізуге, айту немесе көрсету үшін белгілі бір күш жұмсалады. Осы күш сөз қоры, бейнелеу шеберлігі, музыка, ақындық жасампаздық тағы сол сияқты адам бойындағы қасиеттер болып табылады,

Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен роль атқаратын өрісі кең,

ұшы-қиырсыз, қиын да қызықты жол. Өнер шынайы талант, шындық, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой, көркемдік сұлулықты талап етеді. Осыған байланысты Қайта өрлеу кезеңінде өмір сүрген көрнекті суретші, мүсінші, архитектор Микеланджелоның айтқаны қолмен еске түседі: «Суретті жазбаймын, баспен жазамын» - дегені, жай қарап көшіре салу емес, оны ой елегінен өткізіп, жан-жақты ойластырып салу деп түсінуіміз қажет. Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық шығармалар туындыларын көргенде біз оның әсемділігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, ұрпаққа қалдырған рухани байлықты кереміз. Өнерді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіну үшін, әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Мысалы, П. Коркин «Өнер - адамды асқақ сезімге бөлеуге, адамның жан дүниесін нұрландырып, байыта түсуге, ал өмірдің өзін кемелдендіріп, игілікті етуге тиіс».

Өнердің сан алуан түрі бар. Олардың барлығы халыққа қызмет етеді. Өнерді бағалаушы да, колдаушы да, колданушы да, жасаушы да даналықтың өзі. Сондықтан оны ешбір адам жоққа шығара алмайды. Өнер бізді бүкіл әлемнің заңдарын түсіндіруге жетелейді, адамға рухани күш береді, ерекше қуаныш, толқу сезімін оятады. Өнер көне заманнан, адамзат қоғамының алғашқы құрылыс дәуірінен басталған. Өнер мемлекеттен, жеке меншіктен бұрын пайда болған. Адамзат қоғамы әлі ғылым дегенді, метал еңдеуді, мал шаруашылығын кәсіп етуді білмей тұрған кезде, өнер дүниені өмір керегіне жаратып, тұрмыс қажеттігіне айналдырған. Уакыт өткен сайын сурет өнерінің дамуы арқасында сәулет, мүсін, живопись өмірге келді. Енді адамдар ғажайып мүсіндер тұрғызып, сәулетті сарайлар, зәулім қорғандар, ірі қалалар тағы басқа да сәулет құрылыстарын сала бастады. Бұл әсіресе, біздің замызға дейінгі І-ҮІ ғасырларда кеңінен өркен жайды. Осы кездерде адам жасаган ұлы көркемөнер туындылары бірінен кейін бірі өмірге келіп жатты. Фараондар салдырған Египет пирамидалары мен Греция еліндегі әйгілі «Зевс» пен «Радос» мүсіндері, Ұлы Қытай қорғаны мен Есіктің «Алтын

адамы» тағы басқа өнердің құдіреттері өмірге таралған қайталанбас Көркемөнер мұраларының байлығы болып есептеледі. Өнер - өмір, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер - өмір көрінісі және халық ескерткіші.

Мен өз дипломдық жұмысымды ұлттық натюрмортты бейнелегiм келдi, осы арқылы мен әдемілікті көрсете бiлудi алдыма мақсат етiп қойдым. Жұмыс жазуда көптеген суретшiлердiң жұмыстарымен танысып көп iзденуiме тура келдi.

Натюрморт жанрында жұмыстар орындаған атақты суретшiлер жұмыстарына сүйендiм. Олардың түстiк үйлесiмдiлiгiне, колоритiне, композициясына көңiл бөлдiм.

Мысалы М. Врубельдiң «Райхан гүлiн», Т. Тоғысбаевтың «Көктемгi гүлдерi», «Гүлдеген тастар», «Дала интерьерiндегi натюрморт», А. Ф. Подковыровтың «Гүлдi шеңгел», Ү. Әжиев-тiң «Пион гүлi», «Астра гүлi» атты жұмыстарын жан-жақты қарап iздендiм.

Апробация:

Бұл диломдық жұмыс тәжірибесі Атырау облысы, құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылы, Сүйіндік орта мектебі, 6- сыныбында жүргізілді.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, сегіз бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ: Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихы.

1. 1 Натюрморт жанры туралы түсінік

«Натюрморт» - француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымдыды білдіреді. Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды, жемістерді, гүлдерді немесе балықтан, түз құстарынан дайындалған алуан түрлі тағамдарды бейнелейтін картиналар жатады.
Натюрморт алғаш рет ХҮІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Ол голландтардың испан басқыншыларымен ұзақ жылғы күресінің нәтижесінде жаңа ғана азаттық алған кез еді. Енді олар жер жүзінің көп теңіздерінде емін - еркін жүзуге мүмкіндік алды. Голландия Европадағы ең бай елдердің біріне айналды. Көп жылға созылған шайқастардан соң адамдар өзін қоршаған ортаны, табиғат сұлулығын бұрынғыдан гөрі зейін салып бақылай бастады. Олар өздерін қоршаған заттарға сүйсіне қарайтын болды. Бұл голланд өнерінің, әсіресе, натюрморттың ерекше көркейген кезі еді.

Елеусіз нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу голланд суретшілерінің төл мінезі болып алды. Олар өз полотналарында ыдыс - аяқтарды, маталарды, жеміс - жидектерді, шыны бокалдарды күн нұрымен жымыңдасқан қан күрең шарапты ерекше бір сүйіспеншілікпен бейнелейді.

Натюрморт (фр. nature morte - өлі табиғат) - бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында, дәл де нәзік жеткізуді талап етеді. Натюрмортың алғашқы белгілері Ежелгі Шығыс, Рим, Грекия өнерінде көрініс тапқан. Натюрморт жанр ретінде 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Натюрморттың жан-жақты дамуына ұлттық кескіндеме мектептері ұйытқы болды (17 ғасырда) . 19 ғасырда өмір сүрген атақты суретшілер Ф. Гойя, Э. Делакруа, Г. Курбе, Э. Мане, т. б. Натюрморттың өркендеуіне ат салысты. Натюрморт жанрының шыншыл да дәлдікпен өзіндік әсерге ие шеберлерінің кезеңіне (В. Ван Гог, П. Сезанн, т. б. ) сәйкес келеді.

Кейіннен фомизм (А. Матисс), кубизм (П. Пикассо, т. б. ) ағымдарындағы суретшілермен қатар Мексика (Д. Сикейрос), Италия

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркемдік білім туралы түсінік
Болашақ бейнелеу өнері муғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау жайлы
Тау бөктерінде
Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихы
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Сақтардың бейнелеу өнері
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Ежелгі славяндардың мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz