Пейзаж жанры туралы түсінік және оларды живопись технологиясында бейнелеудің теориялық ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖИВОПИСЬ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА БЕЙНЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Живопись өнеріндегі табиғат жанрының заңдылықтары . . . 9
1. 2. «Туған өлке» атты дипломдық жұмысты талдаудың композициялық шешімдері . . . 34
ІІ. ТУҒАН ӨЛКЕ АТТЫ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ, МЕКТЕПТЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫМЕН БАЙЛАСТЫРУ
2. 1. Мектепте бейнелеу сабақтарында пейзажды оқытудың жолдары мен формалары . . . 41
2. 2. Табиғатты майлы бояу живописін жазу техникасының пайда болуы мен дамуы . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ӘДЕБИЕТТЕР . . . 63
Кіріспе
Қазақстанда білікті маман, парасатты жеке тұлға даярлаудың, нәтижелі болуы студенттің қабілетігіне, оның ішіндегі шығармашылық қабілетін дамыту дәрежесіне тәуелді келеді. Бүгінгі жақандану, ғаламдану кезеңінде шығармашылық әрекет студенттің жеке тұлғалық білімі мен білігін дамытумен қатар шығармашылық қабілетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыруға назар аудару бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында « . . . Бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту студенттерге мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады.
Сондықтан да өмірге жан-жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді студентті оқытып - тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр.
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі:
Бүгінгі күнде пейзаж, яғни табиғат көріністерін тек қазақ әдебиеті сабақтарында көркем-эстетикалық түрде суреттеп қана қоймай, осы дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбында біз сөз етіп отырғандай бейнелеу өнері сабақтарында да бейнелі суреттеу басты мақсаттардың бірі болып саналады. Бұл мақсатты нәтижелі жүзеге асыруда мектеп оқушыларының табиғат көріністері, оның ішінде пейзаж туралы түсініктерін қалыптастыру және болашақ ұрпақты тәрбиелеуде көркем-эстетикалық педагогикалық мәселелерін шешу бүгінгі күнде маңызы артады.
Республика бойынша жалпы білім беретін орта мектептерде бейнелеу сабақтардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларында пейзаж тақырыптарын тереңірек суреттеу, нақтырақ айтқанда, болашақ ұрпаққа қазақи бояу түстерімен туған жер, атамекенді, ондағы сылдырап аққан бұлақ, тау мен тастар бейнесі туралы теориялық және практикалық мағлұматтарды пайдалануға жүйелі бағыт берілмеуі және проблеманың теория жүзінде жеткілікті зерттелмеуі, зерттеу тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.
Түптеп келгенде бұл мәселенің маңыздылығы мынада:
- Оқушылардың пейзаж туралы түсінігін қалыптастыру.
- Пейзаж көріністерінің қыр-сырын, ерекшеліктерін ажыратуға көмектеседі.
- Табиғаттың құпия сырларын бояу түстерімен композициялық шешімде таба білу арқылы көркем-эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеу мақсаты
Табиғи пейзаждардың композиция мен колориті, сюжеттік құрылымы мен эмоциялық ерекшеліктерін оқушыларға бейнелеу өнері сабақтарында түсіндіре отырып, олардың бейнелеу өнері сабақтарында бейнелеу ерекшеліктерін бүгінгі оқу процесінде қолдану арқылы ертеңгі ұрпақ санасына сіңіру. зұгұ
Т Зерттеу объектісі:
Пейзаж туралы мағлұматтарды болашақ ұрпақ тәрбиелеуде негізгі құралға айналдыру. Өнердің әр түрінде образдың құрылуы өзгеше, бір жағынан рухани мазмұнынының көрінуімен ерекшеленсе, екінші жағынан - мазмұны көрініс тапқан, материалға байланысты. Дегенмен, барлық жағдайда образды қабылдаудың әдісі тек бақылау ғана емес, сондай ақ күй кешу де маңызды. Картинаны қараған кезде жай бақылап қана қоймастан онымен бірге күй кешіп, түрлі сезімге енеді. Сондықтан да кенептің бетіне жазылған бейне, объектінің жай ғана өлі көшірмесі емес, ол объектінің мәні, сондықтан да ол сезім арқылы қабылданып, оның құпия сыры мен жаны қабылданады. «Атамекен» картинасы арқылы болашақ ұрпаққа қаншама жан жақты тәрбиелік маңызы зор мүмкіндік бар.
Зерттеу пәні:
Пейзаждың тәлімдік және тәрбиелік мәнін жалпы білім беретін орта мектеп процесінде қолдану. Б. М. Неменскийдің пайымдауынша, өтен ата-баба тәжірибесін келесі ұрпаққа игерту тәжірибесі ғылым мен өнерде әр түрлі жолмен іске асырылады. Нәтижесінде ғылыми пәндердің арасында адамның ғылыми-теориялық ойлауы қалыптасады, ал өнер пәндері оның эмоционалды-бейнелі ойлауын дамытуға себептеседі. Сондықтан, көремдік білімнің негізгі өзгешелігі сезім мен интелектке сүйенудегі осы бастаманың өзара бір-бірімен тығыз әркеттестігі болып табылады. Көркемдік бейне ерекшелігінің бірі эмоционалды және ұтымдылықтың тұтастығы өнердің өзіндік қасиетіне жатады.
Зерттеу міндеттері:
- Өнердің даму кезеңдеріндегі пейзаж ерекшеліктерін көркемдік тұрғыдан талдау жасап, оның қазақстан бейнелеу өнеріндегі алатын орнын айқындау.
- Табиғат көріністерін бейнелеуде рухани бастауларды меңгеру және әлеуметтік, тарихи және табиғи алғышарттары мен ерекшеліктерін айқындау.
- композиция ерекшеліктерін көркемдік тұрғыдан талдау жасап алатын орнын зерттеу.
- бояу түрлерінің ұлттық сипатын анықтау.
- халқымыздың ұлттық дүниетанымынң табиғи сипатын және тәрбиелік мәнін ашу.
Зерттеу болжамы:
Егер пейзаж ұғымының ғылыми - педагогикалық негіздері жан-жақты зерттеліп, соның негізінде жасалған оқу-әдістемелік сабақ жоспарлары оқушылардың пейзаж көріністеріне деген қызығушылығы арттырып, дүниетануға көзқарас кеңейетүскен болар еді.
Жетекші идея:
Пейзаждық шығармада туған өлекені бейнелеуде оның колориттік шешімі мен композициялық шешімі бояу түстеріне сюжеттік идея мен мәңге , оны ғылыми әдістемелік тұрғыдан қарастырып, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне арқау ету.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
Қазақ өнеріндегі пейзаж туралы диалектикалық, педагогикалық зерттеулер алынды.
Зерттеу көздері:
- Пейзаж туралы суретшілер мен мәдениеттанушылар, өнертанушылар еңбектеріне сілтеме жасап, тарихи-этнографиялық, педагогикалық зерттеулерге талдау жүргізу.
- Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі бекіткен ұлт мектептерінде бейнелеу өнері пәні бойынша бағдарламаларды саралау.
Зерттеу тәсілдері:
- пейзаж туралы мәліметтерді көркем әдебиеттерден іздей
- пейзаж туралы батыс Европа мен ресей, қазақ бейнелеу өнеріндегі және этномәдениеттегі көріністерін салыстыра қарастыру. Олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ескеру.
- Пейзаж бейнелеуде бояу түстерініңэмоциальды мазмұндық мәні, семантикалық ерекшеліктерін талдау.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Оқушыларға осы алғашқы қағаз бетіне орналастырудан бастап әрбір этапын қызғылықты ғып түсіндіре отырып табиғаттағы әсем түстердің құбылысын көрсетіп, бейненің ақырғы қорытындысын яғни оқушылардың еңбегінің жемісін көрсете білу, сонымен қатар осы бейнеленіп отырған объектінің тарихымен таныстыру сол затты зерттеп оқушының ойлау қабілетін арттырып, шығармашылығын байытып, бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Пейзажды әлеуметтік, тарихи, мәдени, көркем мәдени-эстетикалық, дүниетанымдық тұрғысынан талдау жасалды.
- Халық мұрасында дәстүр проблемаларының рухани бастауларына терең талдау жасалды.
- Пейзаж бейнелеудегі нақыштылық, стильдік, ырғақтылық ерекшеліктері, түр мен түс және мазмұн тереңдігіне байланысты ажыратылып, олардың арасындағы рухани ішкі байланысқа алғаш ретталдау жасалды.
Жұмыстың тәжірибелік мәні:
Картинаны түсіну үшін оның көркем образын қабылдай алу керек. Көркем шығарманың негізі категориясы - көркем образ. Картинада көркем образ қалай пайда болады? Көркем образ дегеніміз не? Жалпы осы сияқты сұрақтар суретшіні емес көрерменді көбірек мазалайды. Сурет өнері дегенде, бір нәрсенің көшірмесін жазу, сызу сомдау деп ойлау мүмкін. Дегенмен, кез-келген бейне объектілі бола бермейді, оны қазіргі зман өнерінен анық байқауға болады. Көркем образ - объектіні эстетикалық жолмен құрастыру, ал оны қабылдау ндивидуальды ішкі және сыртқы психологиялық материалмен байланысты.
Апробация:
Бұл диломдық жұмыс тәжірибесі Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қоғалытүбек ауылы, Қоғалытүбек негізгі білім беретін мектебінің 4-сыныбында жүргізілді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Теориялық бөлімінде, қолданбалы өнердің Қазақстандағы орны, шығу тарихы, соның ішінде пейзаж өнерінің жазылу салу технологиясы туралы жазылған. Әдістемелік бөлімінде, «Туған өлке» атты дипломдық жұмыстың мазмұнымен жазылу технологиясы, мектепте қолданылуы туралы мазмұндалған.
Жалпы білім беретін орта мектептерде бейнелеу сабақтарының оқу жоспарлары мен бағдарламаларында кескіндеме технологиясы және табиғат көріністеріндегі эстетикалық ерекшеліктер туралы тақырыптарды енгізіп, олар туралы тереңірек суреттеп, баяндау, келешек жас ұрпақ санасында бисер туралы жақсы ой қалдыру, оның қарапайым тоқылу әдістерімен таныстырып өту. Пейзаж өнеріне деген сүйіспеншілікті ояту. Егерде келешек, өсіп келе жатқан жас ұрпақ табиғат сұлулығындағы әдемілікті көре білсе, сүйсіне білсе, онда болашақта ол жамандықты айыра алатын болады.
І- ТАРАУ. ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖИВОПИСЬ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА БЕЙНЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Живопись өнеріндегі табиғат жанрының заңдылықтары.
Живопись - бұл бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Живопись ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен - темперамен, гуашпен, акварельмен салынған живопись болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын живопись бар, жартылай гравюра - живопись (монотыпия) бар. Мұның бәрі станоктік яғни станокта (мольберте) жасалатын живопись. Монументтік живопись те болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың қабырғаларынан көреміз. Мұндай живопись арнайы техникада - әк «сүтіне» араластырылған бояулар мен жаңа сылақ бетінде жиі жасалады (фреска) . Мүлдем бояусыз - ақ істелетін өзінше ерекшелігі бар монументтік живопись те болады. Бейне түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка) . Сондай - ақ «жарықтанатын» живопись - шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі түсті жарық түстерін живопись те болады (витраж) .
Живопись шығармаларын орындаудың алуа түрлі техникаларын құрастыруға көшпестен бұрын түстанудың кейбір мәселелерімен танысалық.
Түстану жөнінде бірер сөз. Түстану - туралы ғылым - бояулармен істес болатын суретші таныс болуға тиісті көптеген мәселелерді зерттейді.
Бейнелеу өнерінде үш түс: сары, қызыл және көк негізгі түстер деп есептеледі. Егер бояулар туралы айтатын болсақ, бұл краплақ сары кадмий және берлиндік көкшіл бояу.
Осы түстердің кезкелген екеуін араластыру үшіншіге қосымша түс береді сары жіне көк жасыл түс (қызылға қосымша), көк пен қызыл - күлгін (сарыға қосымша) түс береді.
Егер ахроматикалық (сұр) дақты хроматикалық (мысалғы, жасыл) фонмен қоршаса, онда сұрдың бетінде өте айқын байқалатын хроматикалық реңк, дәл осы жағдайда қызыл реңк пайда болатыны аңғарылады. Шын мәнінде, жасыл шабындықты бойлай жүгірген соқпақ жол әрдайым ақшыл көк - қызғылт сияқты болып көрінеді. Түстердің мұндай жұбы (фонның түсі және сұрғылт фонда пайда болатын хроматикалық кеңктің түсі), контрасты түстер деп аталды. Түстік шеңберде олар қосымша түстермен аздап сәйкес келмей, бір - біріне қарсы дерлік орналасады. Олардың қосымша түстерден міндеті - картинаның маңын және алыс нүктелердегі түстердің айырмашылығын аңғарымпаздығын ұстай білуінде.
Осы заңдылықтарды қолдано отырып тақырыптың колориттік шешімдерін таптым.
Живопись өнерінің шеберлігіне жету ол бір күндік немесе бір жылдық шаруа емес. Ол үлкен білімді күнделікті жаттығуды қол мен көзді барынша үйретуді қажет етеді. Шеберлік осылардың негізінде шыңдалады.
Живописьте картина жасау - қиын, уақыты жағынан ұзақ жұмыс. Ол шығарманың бейне бір іргетасы, негізі болып табылатын түпкі ойдан басталады. Оның пайда болуы көздері күрделі, сан алуан, бір - біріне ұқсамайды. Бұл да суретшінің өмірлік тәжірибесі ішкі жан дүниесі, оның идеялық позициялары, көркемдік бейңмділігі, көру әсерлері жымдасып жатады. Түпкі ой пісіп жетіліп айқындалып, болашақ шығарма жайында қандай да бір өз алдына елестету пайда болған кездн оны бейнелеу жолдарын іздестіру басталады. Сонан барып суретші түрліше болашақ бейненің эскиз жолдарын қарайлайды. Яғни бар жұмыс осы эскизден бастау алады эскиз деп отырғанымыз түрліше нұсқаулар мен орындалған суретшінің үлкен картинаға кірісер алдындағы дайындық жұмыстары. Мұнымен қатар түстің колориттік талдамалар жүрңп отырады. Енді эскизде табылған жобаны оны үлкейте отыра болашақ картинаның көлемі жасайды.
Живопись техникасында аса мән беретін түстік шешім компазиция. Компазиция грек тілінде «құрастыру», «қиылыстыру» не «ойлап табу», «бейнелердің көріністердің дұрыс ұтымды шешу» деген мағына береді.
Компазиция негізінен үш заңдылыққа сүйенеді өміршілдік, әсершілдік және тұтастық. Бұлардың үшеуі де кез - келген тақырыатық картина болсын немесе пейзаж, портрет, сонымен қатар оқу натюрморттарында болуы заңдылық ереже болып табылыды. Живопись мәселесіндегі компазицияға келетін болсақ жалпы компазицияға төмендегі мәселелер жатады. Мысалы натюрморт жанрында:
- Обьектілерді құрастыру компазициясы;
- Денелердің бір - бірімен үйлесім компазициясы;
- Денелердің холст бетінде ұтымды орналастыру компазициясы;
- Түс материалдардың компазициясы;
- Қатпарлардың үйлесімдік компазициясы;
- Пейзаж жанрна жататын компазициясы;
- Обьектіні тану компазициясы;
- Холст бетіне орналастыру компазициясы;
- Табиғаттағы кеңістік компазициясы;
- Түс - рең ауқымдық компазициясы;
Көп фигуралы живопись компазициясына жататындар:
- Тақырыптың ашатын компазиция;
- Фигуралар байланысын нақтылыайтын компазиция (орналастыру) ;
- Оқиғаға байланысты түстер компазициясы;
- Идеялық компазиция;
Компазицияда түстер қатынасы бір бірімен үлкен ритм жасап үндеседі.
Компазицияда барлық картинаның диагональ бойынша бөле алдыңғы үш обьектінің түстері күрделі обьектілердің әр қайсысының өзіне тән түр - түсі бар. Живописьтік қатынас бойынша бояулардың өте нәзік шешімі осы үш обьектіге берілген. Живописьтік қатынас бойынша картинада түстер төрт компазициялық шешіммен көрсетілген олар алдыңғы үш обьект, сонан соң картинаның (компазицияның) жалпы кейінгі көріністері (артқы төменгі т. б. )
Жалпы компазицияның түстік колориті жартылай түрде көрінеді.
Кескіндеме - қандай да бір үстінгі қабатқа бояу көмегімен дайындалатын туынды, бейнелеу өнерінің кең тараған түрі. Қылқалам шеберлерімен туындайтын көркем шығармаларда сурет, түс, көлеңкелі жарықтар, жағыс мәнерлігі, фактура және композициялар қолданылады. Бұл жазықтықта әлем байлығын, пәндер көлемділігін, олардың сапалы материалдық ерекшелігін, кеңістік тереңдігін және жарықты ортаны түрлі түсте бейнелеуге мүмкіндік береді.
Барлық өнер түрі секілді кескіндеме де қоғамдық сананың формасы болып табылады, эстетикалық идеясын, туындатып, жандандырып, өмірге баға беріп, өзінің білімді түсінуін жүзеге асырады.
Кескіндеме әлемі бай, әрі күрделі, оның қазынасы адамзат көмегімен көптеген мыңжылдықтар бойына жиналды. Кескіндеменің ескі туындылары ғалымдармен алғашқы адамдар мекендеген үңгір қабырғаларында табылды. Алғашқы суретшілер аңшылық пен жануарды ұстау көріністерін керемет дәлдікпен бейнелей білген. Осылай монументалды кескіндемеге тән қасиетке ие қабырғада бояумен суреттеу өнері дүниеге келді.
Монументалды кескіндеме. Бұл кескіндеменің екі түрі ажыратылады - бірі фреска (итальян тілінен - балғын) және мозаика (итальян тілінен - музаға арналған) .
Фреска - балғын, шикі сылау үстінде таза немесе әктелген сумен араластырылған бояумен кескіндеу техникасы.
Мозаика - топырақ - әк немесе цемент қабатына бекітілген тас бөлшегінде, керамикалық тақтайшаларда орындалған бейне.
Фреска және мозаика - өзінің бояуының тұрақтылығы мен ұзақ өмір сүруінің арқасында архитектуралық көлемдер мен тазалықтарды (қабырға жазуы, плафон, панно) безендіру үшін қолданылатын монументалды өнердің негізгі түрлері орыс монументалистері ішінде А. А. Дейнека, Б. П. Корин, А. В. Васнецов, Б. А. Тальберг, Д. М. Мерперт, Б. П. Милюков т. б. есімдері белгілі.
Станокті кескіндеме. Өзіндік сипат пен мәнге ие. Шынайы өмір кеңдігі мен ауқымдылығы станокті кескіндеме түрлері мен жанрларының әртүрлігіне тәуелді, натюрморт, тұрмыстық, тарихи, күресті жанр, пейзаж, портрет.
Монументальдіге қарағанда станокті кескіндеме қабырға жазықтығына байланысты емес, сондықтан еркін көрмеге қойылады. Станокті кескіндеменің туындысының идеялық - көркемдік мәні орналасқан орнына байланысты өзгермейді.
Кескіндеменің аталған түрлерін басқа декорациялық - тетрлық және кинодеклорациялар мен костюмдер сызбасын, және де миниатюра т. б. бар.
ХҮ ғасырдағы ескі орыс кескіндемесінің жоғарғы шеберлігінің ескерткіші болып Андрей Рублевтің қолынан шыққан, «Мемлекеттік Третьековтың галереясы» Бүкіл ресейлік музей бірлестігінде сақталып тұрған «Үштік» иконасы табылыды. Бұнда өз кезі үшін жетілген, жоғары формада әлем мен өмірдің рухпен үйлесімділігі суреттелген. Икона терең поэтикалық және философиялық мазмұнға толы. Үш періште бейнесі барлық сызықтарды өзіне қаратып, шеңберге кірілген, олардың үйлесімділігі музыкалық реңк береді. Ашық, таза бояулар, әсіресе күлгін және мөлдір - жасыл реңктер нәзік үйлесілген жиынтықпен сәйкестеледі. Бұл түстер жалпы компазицияда жетекші фигураны ерекшелейтін ортадағы періштенің күңгірт - қанық қызыл киіміне қарама - қарсы.
Орыс икона өнерінің әлемдегі, Феофан Грек, Андрей Рублев, Дионский, Прохор, Даниил Черный есімдері әлемге ХХ ғасырда ескі жазулардан егде иконаларды тазартып үйренген кезде ғана жария етіле бастады.
Өкінішке орай, өнерді жеңіл түсіну белең алуда, яғни туындыларда сюжеттің міндетті түсініктілігі ізделініп, қылқалам шебері қалай орындады, «ұқсайды ма», әлде «ұқсамайды ма?» жағынан қарастырылады. Бір нәрсе ұмытылып жатады. Өнердің барлық түрінде суретте көрсетілгенмен нақты таныс өмір бейнесіне ұқсамайды.
Тұрмыстық жанр, немесе жай «жанр» (француз тілінен genre - тек, түр) - суретші күнделікті өмірдің бейнесін суреттейтін станокті туындысының кең таралған түрі.
Орыс бейнелеу өнерінде тұрмыстық жанр келесі белгілі демократтық бағыттағы қылқалам шеберлері оның дамуына өз үлесін қосқан кезде ХҮХ ғасырда жетекші орындарды иеленді В. К. Перов (1833-1882), К. А. Савицкий (1844-1905), Н. А. Ярошенко (1846-1896), В. Е. Маковский (1846-1920), И. Е. Репин (1844-1930) .
А. А. Пластовтың (1843-1972) шығармашылық сәтті жұмысы болып «Көктем» туындысы табылыды, онда суретші ана алдында бас июдің ғазаи және нәзік сезімінбілдіреді. Жеңіл көктемгі қар бейнесіндесәби басына орамал байлаған ана пішіні керемет көрініс. Көптеген жанрлық туындыларын суретші ауылдағы қарапайым өмірлік жағдайларына арнайды.
Тарихи жанр орыс өнерінде ХІХ ғасырдың екінщі жартысында қалыптасты. Ол озық орыс суретшілеріне Отанның өткеніне, сол кездегі шындықтың келесі мәселелеріне назар аударуға көмектесті өзінің биік шыңына орыс тарихи кескіндеме өнері өткен жүзжылдықтың 80-90 жылдары И. Е. Репин, В. И. Суриков, В. И. Васнецов, К. П. Брюллов шығармашылығында жетті.
Пейзаж - көбіне тұрмыстық тарихи және күрес туындыларына маңызды қосымша ретінде қолданылады, бірақ өз бетімен өмір сүре алатын жанр ретінде де көрініс табады.
Пейзажды кескіндеме туындысы кенепте адам бейнесі болмаса да жақын және түсінікті.
Табиғат бейнесі барлық адам баласын ұқсас көңіл - күй, уайым мен ой тудыратын керемет өнер. Қайсымызға да А. К. Саврасовтың «Грачи прилетели», Р. А. Васильевтің «Оттепель», И. И. Шишкиннің «Рожь», А. И. Куинджидің «Ночь на Днепре», В. Д. Поленовтың «Московский дворик» және И. И. Левитанның «Над вечным покоем» секілді орыс қылқалам шеберлерінің пейзаждары жақын. Біз әлемге еріксіз табиғаттың поэтикалық әсемдігін паш еткен суретшілер көзімен қарай бастаймыз.
Пейзажист - суретшілер табиғатты өзінше көріп, өзінше жеткізе білді. Өзінің сүйікті тақырыптары стихиямен күрескен адамдар мен кемелер, әртүрлі теңіз жағдайын суреттеген И. К. Айвазовскийде болды (1847-1900) . Оның көбінесе жарық көлеңкеліградация, жарық реңкі, эмоциялық көтеріңкілік және батырлық пен пафосқа тартымдылық тән.
Бұл жанрда келесі пейзажисттердің еңбектері керемет: «Зима» (1939) және «Лед прошел» (1945) кенептерінің авторы С. А. Герасимов, «Күз» (1918), «Бұлыңғыр күн» (1923), «Талтүс» (1930), «Қараңғылық алдында» (1945) кенептерінің авторы Н. П. Крымов (1884-1958), «Павловск» (1921), «Петроград. Марсово поле» (1922), - А. П. Остроумов-Лебедев акварельдері, «Жазғы шарбақ» (1965), «Талтүс»(1964), «Мамыр. Көктемгі жылу» т. б. А. М. Грецй картиналары.
Портрет (француз тілінен - portmire - бейнелеу) - өмір сүрген немесе өмір сүретін қолдан да бір адамның немесе топ адамдарының бейнесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz