Қостанай облысының туризмі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ . . .

1. 1 Табиғи ресурстары . . .

1. 2 Тарихи-мәдени ресурстары . . .

1. 3 Ерекше қорғалатын территориялары

2 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМЫҒАН ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ . . .

2. 1 Курорттары . . .

2. 2 Санаторийлері . . .

3 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ

3. 1 Облыс туризмінің қазіргі жағдайы . . .

3. 2 Облыстағы туризмді дамыту проблемалары . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі саласына айналып отыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға танымалдылығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды.

Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы - «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді.

Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының мазмұнын құрау, соған орай Қостанай обылысында емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу;

Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты;

Экономикалық аспектіге - адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсартуды жатқызуға болады.

Қостанай облысының санаториялық курорттық потенциалы Қостанай облысының туристік ресурстар жиынтығынан құралған. Сонымен қатар жалпы емдік туризмнің қалыптасу және даму тарихына тоқталмай объективті тұрғыда бағалау мүмкін емес. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне орай емдік туризмді классификациялай отырып, олардың орналасу принциптерін ашу, көрсету қажеттілігі туып отыр.

Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа шипажайлар, санаториялар, демалыс үйлері, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты халықтың рекреациялық қажеттіліктерін, рекреациялық (емдік сауықтыру, табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық) ресурстар арқылы қанағаттандыру. Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе емдік сауықтыру туризмі проблемасы көкейтестілігі анықталды.

Жұмыстың көкейтестілігі: Қостанай облысының туризм шаруашылығындағы алатын орны және экономиға қосатын үлесі.

Облыс аймағының туристік рекреациялық ресурстарын одан ары дамытып, оның шешу проблемаларын жеке-жеке талдап, анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Қостанай облысының туристік рекреациялық мүмкіндіктерін анықтау.

Жұмыстың міндеті: Қостанай облысы туризмінің даму тарихын анықтай отырып, шипажай, санаторий шаруашылығы саласын және осы аталған аймақтың емдік туризмді дамыту жолдары мен болашағын айқындау.

Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, картографиялық, статистикалық, ақпарат құралдары материалдарын өндеу.

1 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ

1. 1 . . .

Туризм дамуының негізгі алғышарттары болып: табиғи, әлеуметтік-экономикалық ресурстар және туристік инфрақұрылым болып табылады. Олар туризмнің дамуына, туристік обьектілер мен туристік аудандардың құрылуына әсерін тигізеді. Біз осы тарауда туризм дамуының маңызды алғышарттарына, табиғи жағдайына көңіл бөлеміз. Табиғи жағдай туралы айтудың алдында, туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз не? Деген сұрағына жауап берейік.

Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз - туристік экскурсиялық қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын, табиғаттың және адамдардың күшімен салынған обьектілер мен қоршаған орта құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жиынтығын үлкен екі топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстар (мәдени, тарихи) . Ал енді тікелей осы тараудың мазмұнына, табиғи-рекреациялық ресурстарға көшуге болады [1] .

Табиғи жағдайлар мен ресурстар алдыңғы орынды алып, рекреацияның негiзгi алғышарттарының бiрi болып саналады. Рекреацияның табиғи алғышарттары ретiнде әртүрлi рангтағы табиғи-территориялық кешендер, олардың компоненттерi мен жеке касиеттерi көрсетiледi: аттрактивтiлiк, ландшафттың контрасттылығы мен ритмi, бөгеттердi өту мүмкшiншiлiгi, географиялык ерекшелiк, экзотикалығы, таңғаларлық немесе керiсiнше карапайымдылығы, табиғи объектiлердiң формалары мен көлемi.

Табиғи географиялық жүйелердi рекреация мақсатында зерттей отырып, баска сөзбен айтқанда, демалыс пен туризмнiң түрлерiн өткiзудiң ыңғайлылығы, колайлығының деңгейiн бағалау кезiнде, бiз тек рекреация үшiн қолайлы жағдайлары бар географиялық жүйелердi ерекше етiп көрсетемiз. Олар табиғи рекреациялық ресурстарды кұрайды [3] .

Табиғи-рекреациялық ресурстар бұл - рекреациялық іс-әрекеттер үшін комфорттық қасиеттерге толы, белгілі-бір уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-техникалық географиялық жүйелер, денелер мен табиғаттың құбылыстары.

Табиғи-рекреациялық ресурстар демалушылардың демалу және саяхаттау ауданын таңдауда үлкен роль атқарады. Туристер ландшафт, климат, жануарлар және өсімдіктер әлемінің байлығы мен әртүрлілігін, спортпен, аңшылықпен, балық аулаумен шұғылдануы табиғи қажеттіліктерін ескеріп отырады. Территорияда қандай табиғи ресурстар болуымен рекреациялық іс-әрекеттің түрлері мен формаларын ұйымдастырылуы тәуелді болады. Елдің немесе ауданның географиялық жағдайы, басқаша айтқанда теңізге, таулы және орманды массивтерге, демалушылардың негізгі ағымдарына және маңызды көлік жолдарына жақындығы, ірі туристік кешендер мен жеке туристік обьектінің құрылуында маңызды орын алады. Туристік бағыттар мен туристік мекемелер негізінен тікелей ресурстары бар аймақтарда орналасады. Осы ресурстарды көру үшін туристер осы аймаққа келеді. Рельефтің әртүрлілігі де ландшафтың маңызды құндылығы болып табылады. Олардың туристер мен спортшылар үшін өзіндік тартымдылығы бар, сондықтан ол рекреациялық мүмкіншіліктер туғызады. Табиғи ортаның таулы климаттық және ландшафттық факторлары психофизикалық регенерацияда маңызды терапевтикалық фактор ретiнде болады. Сонымен қатар олар, актиті және пассивті демалыс турлерi үшін өте қолайлы. Табиғи ортаның келесі маңызды элементі болып - климат табылады. Климаттың адамға тікелей және қосалқы әсері бар. Адамның организіміне тікелей әсерін тигізетін климаттық факторларға: температура мен ауа ылғалдылығы, жел, атмосфералық қысым, күн радиациясы, метеорологиялық құбылыстар жатады. Метеорологиялық өлшемдердің маңыздылығының бірлігі ауа-райы жағдайлары әртүрлілігін анықтайды, олар әртүрлі физиологиялық эффектілердің пайда болуы мен жүрүіне әсерін тигізеді. Адам биоклиматологияның маңызды міндеті болып, адамның организмі мен метеорологиялық факторлардың арасындағы байланыстарды зерттеу. Гигиенисттердің зерттеулері бойынша ең оптималды ылғалдылық 30-60% денгейінде болады. Адамның организімінің табысты жұмыс әстеуіне айналадағы ортаның температура режимі әсерін тигізеді. Жазғы орта тәуілік температуралардың комфорттық зоналары +17, 2 +21, 2 деңгейінде болады (Н. В Виноградов, В. Г Надеждин бойынша) . Осы көрсеткіштер емделуде қажеттілігі бар адамдар үшін есептелінген. Денсаулығы жақсы адамдар үшін біршама жоғары немесе біршама төмен температуралар ыңғайлы. Сондықтан туризм үшін жылы мезгілдің ұзындығын анықтау кезінде Е. А Котляров /17 / +10 +12 диапозонын ұсынды, ал Ю. А Веденин, Н. Н Мироненко демалыс пен туризм үшін оптималды температуралар +15 +25 деп анықтады. Негізгі құндылықтарға ауаның таза болуын, инсоляцияның қолайлы жағдайы, ауа ылғалдылығы мен температураның аз тербелісі, тұмандардың аз болуы т. б. жаткызуға болады[2] .

Қостанай облысына қысқаша шолу. Облсы орталығы - Қостанай қаласы. Облыс Қазақстанның солтүстік-батысында Орал тауының оңтүстігін, Батыс Сібір ойпатының жазық оңтүстік-батыс шеті мен оңтүстігін, Торғай үстіртінің қыратты жазығын алып жатыр.

Қостанай облысы пайдалы қазбаларға бай. мұнда темірдің, бокситтің, никельдің, есбестің, қоңыр көмірдің, құрылыс материалдары мен металлургиялық шикізат - цемент, флюс, доломит, отқа төзімді балшық, әнек және құрылыс құмы, гранит, диорит кендері кездеседі.

Климаты - тым контитентті, жазы біршама ыстық.

Облыста 4, 5 мыңға жуық үлкенді-кішілі көлдер бар, олардың ірілері - Құсмұрын, Сарымойын, Ақсуат, Сарыкөл, Сарыоба, Қулыкөл, Шұбаркөл, Сасықкөл, Бөрілі. Көлдердің 80 %-ы тұщы.

Қазіргі кездегі облыстағы өнеркәсіптің басты саласы - темір кені мен асбест өндіруші тау-кен өнеркәсібі. Оның төңірегінде көмекші сала есебінде энергетика, машина жасау және металл өңдеу кәсіпшіліктері де өркендеуде. Тау-кен өнеркәсібінің ірі орындары Соколов-Сарыбай (Рудный қаласында), Лисаков (Лисаков қаласында) кен байыту комбинаттары мен Жітіқара асбест комбинаты. Мұнда республикадағы өндірілетін темір кенінің 80 %-ы, асбест талшығының барлық өнімі шығарылады.

Өнеркәсіптің басқа ірі салаларында құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрамында бірнеше ірі темір-бето конструкция комбинаттары, кірпіш зауыттары бар. Олардың орталықтары Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков қалаларында орналасқан.

Тамақ өнеркәсібінің негізгі өндіретін өнімдері - ет, сүт, сары май, нан, ұн, сыра. Ірі тамақ өнеркәсіптері - Қостанай мен Жітіқараның ет комбинаттары, Қостанайда, рудный мен Лисаковта сүт, май зауыттары орналасқан.

Машина жасау металл өңдеу өнеркәсібінің ірі орталығы - Қостанай, Рудный, Смирнов қалалары.

Қостанайда жасанды талшық өндіретін химия зауыты бар. Облыста Оңтүстік Орал энергия жүйесі мен Жітіқара - Қостанай газ құбыры тартылған.

Қостанай облысы - еліміздің аса ірі астықты облыстарының бірі. Республикадағы егіс көлемінің 16, 6 %-ы осы облыстың үлесіне тиесілі. Ауыл шаруашылығы жері - 10 211, 6 мың га. Ауыл шаруашылығының басты саласы - егіншілік. Ауыл шаруашылығы өнімінің 50-60 %-ы осы егіншіліктен алынады.

Егістік дақылдардан 64, 4 %-ына жаздық бидай егіледі. Мал шаруашылығының ең басты саласы - етті бағыттағы мүйізді ірі қара малын өсіру. Оған табиғат жағдайы қолайлы.

Қостанай облысында теміржол, автомобиль және әуе көлігі қатынасы дамыған. Теміржолдың ұзындығы - 890 км. Маңызды теміржол магистралі - 325 км, оның бір бөлігі Қостанай - Рудный - Жітіқара жолы - 165 км.

Қостанай - Троицк, Қостанай - Жітіқара автомобиль жолының ұзындығы - 8 540 км.

Қостанай әуе жолы арқылы Мәскеу, Алматы, Астана, Челябі қалалары арасында байланыс орнады.

Қостанай мен Рудный қалаларын газбен қамтамасыз ету үшін «Бұқара - Орал» газ құбырынан тармақ тартылады. Қазір Ақсай - Красный Октябрь - Қостанай - Астана газ құбыры жүргізілуде.

Облыс қалалары - Қостанай, Арқалық, Рудный, Лисаков, Жітіқара.

Қостанай - облыс орталығы. Мұнда тамақ және жеңіл өнеркәсіптен ет және ұн комбинаты, тігін және аяқкиім фабрикалары, жасанды штапель талшықтары зауыты бар. Металл өңдеуші өнеркәсіп орындарынан механикалық зауыттарды атауға болады. Олардың біреуі тау-кен жабдықтары зауыты болып қайта құрылды. Бұл зауыт станок, мұнай қозғалтқыштарын, жүгері отығызатын машиналар, ауыл шаруашылығы машиналары мен эксковаторларға қосалқы бөлшектер шығарумен айналысады.

1. 1 Табиғи рекрациялық ресурстары

Қостанай облысы табиғи рекреациялық ресурстарға өте бай. Мұндағы әртүрлі формадағы таулар тап - таза ауасы, әдемі көлдері, сыңсыған ормандар облыс өлкесіне көрік беріп тұр. Сонымен қатар бұл жердің климаты да табиғат аясында демалыс орнын ашуға, курорттық сфераны дамытуға өте қолайлы болып табылады.

Соңғы жылдары облыстың табиғи ресурстары қолға алынып, туризм белсенді түрде дамуда. Әсіресе, көптеп қызықтыратындары табиғатпен танысу, емделу болып табылады. Бұл Қазақстандық және шетел туристерін көптеп тартуда.

Қостанай облысында биік таулар, ормандар аз шоғырланған. Бірақ өзінің ландшафтысында көрікті жерлер көп. Олар жайылымды, түрлі шөптер алып жатқан далалы, ақ діңді қайыңдар және қарағай боры, жан- жағын таулар, ормандар қоршаған әдемі көлдер.

Қостанай облысының түризмі жақсы дамыған, әсіресе әртүрлі әдіспен жазатын емдеу туризмі. Мұнда көптеген шипажай іспеттес демалыс орындары, санаторийлер, өкпе дертіне қарсы санаториялар, балалар сауықтыру орындары, бальнеогиялық орындар туристерді ел ішінен ғана емес, срнымен қатар, шетел азаматтары да көптеп келеді. Мысалыға айтар болсақ «Дружба», «Сосновый бор» санаториялары, «Жайлау» ойын-сауық кешені, «Лоц Рассвет» шипажай-санаториясы және тағы басқа емдеу орындарына бай. Бұған себеп табиғи ресурстардың көп болуы.

Жер бедері. Облыс территориясы жазықты рельфпен сипатталады. Солтүстік бөлікті Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік-шығыс шеткері аймағы алып жатыр, ал оңтүстікте Торғай үстірті; облыстың батыс бөлігін Орал үстіртінің толқынды жазығы алса, оңтүстік-батыста - Сарыарқа.

Климат континенталды және өте құрғақ. Қыс ұзақ, аязды, қарлы боран мен күшті жел қыс бойы соқса, жазғы мезгіл аптапты ыстық және құрғақты. Жылдық көрсеткіші облыс солтүстігінде 250-300 мм, оңтүстікте 240-280мм. Вегетациялық период солтүстікте 150-175 күн, ал оңтүстікте 180 күн.

Жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай: магнетиталық және темір рудасы, боксит, қоңыр көмір, асбест, отқа төзімді және кірпішті саз балшық, цементті және косынды әк тас, құм, құрылыс тастары және т. б. Магнетиталық руда мен құба темірдің жалпы қоры 15, 7 млрд. тоннаны құрайды. Пайдалы қазба мен минералды шикізаттың 400-ге жуық кен орындары бар: 68 - жерасты сулары, 19 боксит кен орны ашылды, 7 - алтын және бір-бірден - күміс пен никель. Қостанай темір бассейндері Орталық Қазақстанның, Батыс Сібірдің металлургия заводтарының маңызды шикізат базасы болып есептеледі.

Су ресурстары. Өзен жүйесі сирек. Облыс төңірегінде 300-ге жуық ұсақ өзендер ағып жатыр. Ең ірі деген өзендер - Тобыл (800 км облыс шеңберінде) және Торгай өзені (390 км) . Тобыл өзенінде Тобылдың жоғарғы, Қаратамар және Амангелдінің су қоймалары орналасқан. Облыс аумағында 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ең ірілері: Құшмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т. б.

Топырақ жамылғысы. Өсімдіктер және жануарлар әлемі. Облыс топырағы ауыр механикалық құрамымен ерекшеленетін сортаң және тұзды қара және сарғылт топырақ. Тың жерді игеруге байланысты барлық жер жыртылған. Облыстың солтүстік бөлігінде түрлі шөпті өсімдікті, қайыңды-көктеректі және қарағайлы орманды (Арақарағай, Аманқарағай) қара топырақ; орталықта - түрлі өсімдікті, қарағайлы орманды - Науырзымқарағай, қорық ұйымдастырылған, сарғылт топырақ; оңтүстік бөлікте - бетегелі және жусан өсімдікті ақшыл-сары топырақ. Қостанай облысының жалпы жер аумағы 19600 мың гектарды құрайды. Ауылшаруашылық алқабы 18123, 4 мың гектар жер. Оның ішінде 5659, 3 мың га, немесе 31, 2% жер егінді алқап, ал 12072 мың га (66, 6%) - жайылымдық жер.

Облыс аумағының бір ерекшелігі - оның қиыр оңтүстік батысынан солтүстігіне қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өзеніне жететін ұзындығы 700 км Торғай қыраты жатыр. Облыстың ең биік бөлігі шоқылы келген [15] .

Қалыптасқан топырақ және өсімдік жамылғысы жөнінен облыс жері орманды дала және дала зонасы құрамына кіреді. Мұнда бидай, күнбағыс, түрлі жемістер өсіруге мүмкіндік береді. Жауын- шашынның басым бөлігі жазда түсетіндіктен, мұнда көп өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл ауданда өсімдік шаруашылығының дамуына облыстың басым бөлігіндегі құнарлы топырақ та септігін тигізеді.

Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған. Оның солтүстік жіңіщке бөлігін орманды дала белдеуі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен әртүрлі бұталар өскен терек аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты қамтитын қайыңды орман өңірлерін құрайды. Дала белдеуі әртүрлі шөбі басым илеумен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдеуінде негізінен әртүрлі шөптер араласқан бетегелі- селеулі шөптер өседі. Дала және құрғақ дала белдеулерінің құмдық топырақты жерлерінде қайың мен қарағайлы басым Арақарағай, Аманқарағай және Науырызымқарағай мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған. Орманды дала өңірінің оң жағы облыстың қайың, терек, тал тағы басқа ағаш, түрлі шүйгін шөп өседі. Бұрын бітік шөп өскен далалық өңір негізінен жыртылған. Өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас өсімдіктер өсіріледі.

Қостанай облысында жануарлардың біраз түрі бар. Бұлан, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ; кеміргіштер- ақ қоян, ор қоян, борсық, суыр, сусар, сасық күзең, аламан, сарытышқан, аққұлақ, кірпішешен, андатра және құстың көптеген түрлерінен құр, ұзақ, қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, бүркіт және қараторғай, қаз, үйрек, аққу, және тағы басқалары кездеседі. Есіл өзенінде шортан, алабұға, аққайран, қарабалық, табынбалық және тағы басқалары кездеседі [33] .

Ішкі сулары. Қостанай облысында ірі өзендер аз. Өзен жүйесі сирек. Облыс төңірегінде 300-ге жуық ұсақ өзендер ағып жатыр. Ең ірі деген өзендер - Тобыл (800 км облыс шеңберінде) және Торғай өзені (390 км) . Тобыл өзенінде Тобылдың жоғарғы, Қаратамар және Амангелдінің су қоймалары орналасқан. Облыс аумағында 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ең ірілері: Құшмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т. б.

Кішігірім өзендер өте көп, бірақ олардың сулы кезеңі көктемде, яғни қар ерігенде, ал жазда бұл өзендердің суы азайып, құрғап қалады. Халықшаруашылығына суды пайдалану үшін көктемгі сулармен қоймаларды толтырады.

Қазақстан жерінде Тобыл өзенінің тек бас жағы ғана ағады. Ол Оңтүстік Оралдың шығыс беткейінен басталады да, жолында Торғайдың төрткүл өлкесінен сала қосып алады. Тобыл өзені қоректену жағынан Есілге ұқсас. Тобылда судың молаятын кезі, Есілдегі сияқты - көктем, судың аз кезі - қыс. Тобылдың суы халықтың тұрмыс қажетіне және өнеркәсіп мақсатын қамтамасыз ету үшін өзен ағыны - жоғарғы Тобыл, Қызылжар, Амангелді және басқа су бөгендерімен ретке келтіріледі [28] .

Табиғи су бассейіні жоқ көптеген аудандарда бөгеттер мен су қоймалары жасалған. Көлдер мен бөгеттер халықты сумен қамтамасыз етуге, ішінара егін суғаруға пайдаланылады. Бұларды көп мөлшерде су құстарын - үйрек пен қаздарды өсіруге пайдаланылады.

Қостанай облысының экологиясы.

Қостанай - Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлігі, 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде құрылған. Құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан, 808 ауылдық елді мекен бар. Орталығы - Қостанай қаласы. Жер аумағы 196, 0 мың км. Тұрғыны 913, 6 мың адам. Облыстың солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі. Облыс аумағы негізінен жазық дала. Солтүстіктен оңтүскке қарай тым созылып жатуына байланысты (740 км) әр түрлі физико-географиялық белдеулерден тұрады: батыс жағында Орал маңы үстіртін (250-400 м), солтүстігінде Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігін, оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін, қиыр оңтүстік-шығысында Сарыарқаның батыс бөлігін қамтиды. Орал маңы үстірті негізінен, шығысқа қарай еңістене келіп, солтүстцігінде Золотая Сопка тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі.

Қостанай облысының аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан. Солтүстік жағын қара топырақ, орталық бөлігін қоңыр-қызғылт топырақ, ал оңтүстік бөлігін сұр топырақ белдемі алып жатыр. Қара және қоңыр топырақтар облыстың солтүстік және орталық аудандарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы. Оңтүстіктегі сұр топырақты бөлігі құнарлығының төмен болуына байланысты негізінен, мал шаруашылығына қолайлы.

Қостанай өңірінің табиғаты ерекше. Сырттан келген адамдар мұнда ауаның тазалығын бірден байқайды. “Тынысым бірден кеңіп кетті” деп сыйлы қонақтар ризашылық білдіріп жатады. Атмосфераның тазалығы жергілікті жерлерде белгіленген игі істердің уақытылы орындалуына байланысты. Мәселен, кейбір қалаларда қатты отынмен жылытылатын жылу қазандықтарынан қап-қара түтін будақ-будақ шығып жатады. Қою түтін аспан әлеміне жөңкіліп жатса да ауаны ластамай қоймайды.

Мұндай залалдан құтылудың амалы бар. Әлгі қазандықтар газбен жұмыс істесе, қою түтін аспанға ұшпайды. Осы тәсіл Қостанайда тиімділікпен қолға алынған.

Дегенмен, Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігінің жылу энергетикалық орталығы көмірмен, Арқалық қаласындағы осындай орталық мазутпен жұмыс істейді. Әрине, олардың қазандықты газбен жылытуды ойластыруы қажет. Облыс басшылары мұны ескеруде.

Бюджеттен аудан орталықтарын және ірі елді мекендерді газдандыру қолға алынбақ. Мұның экологиялық тазалыққа ықпалы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Қазақстандағы туризм индустриясының қалыптасуы
Қазақстан Республикасының туристік зоналарына қысқашы сипаттама
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру
Ақтөбе облысының орналасуы
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазақстандағы туризм жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz