«Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат»


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2
1. Мемлекеттік қызмет ұғымы, түрлері және мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі . . . 5
- Мемлекеттік қызмет ұғымы және түрлері . . . 5
- Мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі . . . 28
2. Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат . . . 38
2. 1 Мемлекеттік саясат ұғымы және мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат . . . 38
2. 2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясаттың жаңа модулі . . . 62
Қорытынды . . . 79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 82
КІРІСПЕ
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - «Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік саясат» . Бұл - біздің қазіргі уақыттағы нарықтық экономика жағдайында өте өзекті тақырыптардың бірі. Қазақстанда жаңа мемлекеттің қалыптасуына орай, ашық-құқылы институт ретінде елде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерісті қамсыздандыруға арналған мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі артуда. Республиканың мемлекеттік қызметінің сапалы қарымын арттыру, жалпы стратегиясының жүзеге асуын және мемлекеттік органдардағы кадрлармен жұмыста практикалық қызметінің координациясын қамтамасыз ету, бірыңғай методологиялық қатынас негізінде елде мемлекеттік кадрлық саясатты жасау жұмыстары атқарылуда.
«Қазақстан дамуының жаңа белесіндегі «Қазақстан-2050» стратегиясында» біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың және мемлекеттік қызметті және кадрлық саясатты қайта құрудың 30 маңызды бағыттары анықталды. Аталмыш маңызды тарихи құжатта мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буыны корпусын жаңартуға арналған дәйекті бағам, біліктілігі дәрежесіне орай талаптар орнату, іріктеу, дәуірлес кезеңде кадрларды мемлекеттік аппарат қажеттілігін және болашағын есепке ала отырып оқыту сияқты бағыттарға басымдылық белгіленген.
Мемлекеттік қызмет ұғымы, түрлері және мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері
1. 1. Мемлекетік қызмет ұғымы
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.
ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті. ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес «мемлекеттік қызмет» - бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады.
Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс, ал шектеулі мағынасында - бұл мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді. Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.
Мемлекеттік лауазымды жүзеге асыру үшін лауазымдық өкілеттіліктер беріледі. Лауазымдық өкілеттілік - бұл заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында қойған мақсат-міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен қарастырылған өкілеттілік. Осы лауазымды өкілеттілік лауазымды тұлғаларға жүктеледі. Лауазымды тұлға - үнемі, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша мемлекет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немесе мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық - шаруашылық қызметтерді атқаратын адам.
Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері:
1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі;
2) әкімшілік, еңбек, азаматтық, қаржы және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі;
3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлермен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады;
4) олардың қызметінің мәні - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іс жүзінде жүзеге асыру.
Кез келген мемлекеттік немесе қоғамдық орган қандайда болмасын қоғамға пайдалы қызметті жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған адамдардың ұжымынан тұрады. Мемлекеттік немесе қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір адам оның ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын алады, оның қызметінде қандайда болмасын нақты қызмет рөл атқарады. Кез келген мемлекеттік органның қызметінің сенімділігі мен нәтижелілігі, көбінесе онда істеп жүрген адамдарға - мемлекеттік қызметкерлерге байланысты болады. Мемлекеттің әрбір органының құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы органның жетекшілерінің, орынбасарларының және оның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің) әрекеттерінде іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істейтін адамдар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады, ал олардың атқаратын қызметі мемлекеттік қызмет деп аталады.
Мемлекеттік қызметкердің күнделікті қызметі адамның еңбек етуінің ерекше түрі болып табылады.
Қызметкердің еңбек етуінің жұмысшының еңбек етуінен ажырататын бірқатар ерекшеліктері болады:
1) мемлекеттік қызметкердің еңбек ету процесіндегі әрекеттері нақты бір құқықтық салдарларды туғызады, соған байланысты қызметкерлердің қызметінің негізгі жақтары құқық нормаларымен реттеледі, ал жұмысшының еңбек ету процесіндегі әрекеттері ешқандай заңды салдарларға әкелмейді;
2) қызметкердің еңбек ету сипаты оның мемлекеттік басқару аппаратындағы алатын лауазымына байланысты анықталады, нақты құқықтық мәртебесі болады, ал мамандығы бойынша жұмыс істейтін жұмысшының еңбегі тек өндіріс құралдарын дұрыс пайдалану білімін ғана қажет етеді;
3) мемлекеттік қызметкердің еңбегі нормаланбаған, ал еңбегі - уақыт бойынша есептелетін болса, ал жұмысшының еңбегі қатаң нормаланған, және еңбек ақысының төлемі жұмысының мөлшері мен сапасына байланысты болады;
4) кез келген мемлекеттік қызметкер мемлекеттік аппаратта қатаң анықталған ұйымдық-құқықтық тәсіл арқылы лауазымға ие болады, ал жұмысшы - тек келісімшарт негізінде ғана орналасады.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 ақпандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілері жатады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де заңдарымен реттеледі.
Жалпы, мемлекеттік қызмет: бұрынғы Кеңес өкіметінің кезінде мемлекеттік қызметке арнайы арналған заңнама болмады. Ол кезде мемлекеттік қызмет адамдардың еңбек ету қызметі нысандарының бірі ретінде түсінілді, оның ерекшелігі тікелей қол еңбегімен материалдық құндылықтар жасау немесе қандай да бір өндірістік - шаруашылық қызмет көрсету емес, әкімшілік (ұйымдастыру, басқару), әлеуметтік - мәдени және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру болып саналды.
Мемлекеттік қызмет осындай кең мағыналы ұғымында кез келген мемлекеттік ұйымдағы, яғни тек қана мемлекеттік органдардағы емес, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардағы да ( басшылар, инженер - техникалық қызметкерлер), сондай - ақ мемлекеттік мекемелердегі де (мектептер, мәдени - ағарту және медицина мекемелері, т. б. ) жұмыс деп түсінілді. Егер нақты бір адам мемлекет құрған лауазымға орналасқан болса, ол мемлекеттік қызметшілер қатарына жататын болды.
Сонымен бірге қандай да болмасын бір қызметкерді мемлекеттік қызметшілер қатарына жатқызудың ең маңызды белгісі оған еңбек ақы төлеудің көзі болды: мемлекеттік қызмет өзінің барлық көрінісінде мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік қызметті соншалықты кең ұғынумен қатар оны тар мағынада да түсінуге де болады. Соған сәйкес мемлекеттік қызмет болып қандай да бір мемлекеттік ұйымда кез келген өндірістік емес функцияларды орындау емес, тек мемлекеттік органдардың аппаратында, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер әкімшілігінің құрамына кіретін адамдардың қызметі танылады. Мемлекеттік басқару аясына орай мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік ұйымдардың әкімшілік - басқару қызметін атқаратын қызметкерлердің, яғни атқарушы өкім етушілік (мемлекеттік - басқарушылық) сипаты бар функцияларды жүзеге асыру процесіне қандай да бір нысанда тікелей қатысушылары болатын адамдардың қызметі саналады.
Әкімшілік - басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілердің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығы нормаларының реттейтін объектісі болды.
1995 жылға дейін жағдай осылай болды. 1995 жылы 26 - желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 жылғы 23 - шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды.
Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік - қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік - мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмыс, тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай қызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды.
Сондықтан, мемлекеттік қызмет қазіргі кезде шенеуніктердің (төрелердің) қызметіне тіреледі.
1999 жылғы 23-шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда былай
делінген:
а) мемлекеттік қызмет кәсіби негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауға жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. Өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып табылады;
б) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл белгі де жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және, екіншіден, мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұйымдарда да құрады. (мысалы, кәсіпорындардың, мекемелердің лауазымдары) . Сондықтан, мемлекеттік қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу қажет сияқты;
в) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады - заңда оларды мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады;
г) мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі;
д) мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды;
ж) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекеттік бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды. Кезінде ол жалақы деп аталатын. Бұл мемлекеттік қызмет үшін ерекше белгі емес. Осындай тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналасқан, бірақ бұл ретте мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар ақшалай ақы алады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері осыған ұқсас еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.
Осы кезеңдегі мемлекеттік қызмет ұғымының негізгі белгілері мен ерекшеліктері осында.
Тағы мына мәселеге тоқталып кетуге болады: Батыс елдерінің заңнамалары мемлекеттік қызмет туралы мәселені көп жағдайларда Қазақстан заң шығарушылары басшылыққа алатын қағидаттардан өзгеше негіздемелерде шешеді. Мәселен, АҚШ - та мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың реттелуіне бюджеттік қаржыдан ақы алатын кез келген қызметкер жатады; оларды «азаматтық» және «үкіметтік» қызметшілерге бөлу қаралған. Ұлыбританияда барлық шенеуніктер, сондай - ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік ғылыми және ғылыми - техникалық мекемелерде істейтін адамдар да мемлекеттік «азаматтық» қызмет атқарады. Францияда мемлекеттік қызмет шенеуніктерінің, сондай - ақ өзге де мемлекеттік қызметшілердің жариялық басқарушылық қызметі болып табылады. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілер болып ең алдымен жариялы билікті иеленуші ретінде мемлекеттің барлық қызметшілері танылады. Германияда да шенеуніктер мемлекеттік қызметшілер болып танылады. Оларға өзге мемлекеттік қызметшілер де, мысалы, көмекші - техникалық функцияларды орындайтындар жатады. Әкімшілік қызметкерлер тобын білдіретін шенеуніктермен және шенеуніктер болып табылмайтын азаматтық қызметшілер арасында шек қойылады.
Қазақстан заңнамасы мемлекеттік қызметтің мәнін анықтауға өзге көзқарасты негізге алады: оның нормалары мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде мемлекет құратын лауазымдарға орналасқан және шындығында мемлекетте қызметте болатын адамдардың жұмысына қолданылмайды.
Жалпы мемлекеттік қызметтің принциптері ҚР - сы Конституциясының Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар деп бекіткен нормаға негізделеді. Олар мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен нақты жүзеге асырудың аса маңызды заңдылықтарын белгілейді.
1. Заңдылық принципі мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде ҚР - сы Конституциясы мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді. Бұл Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады деген ҚР - сы Конституциясының 4 - б. 2- т. нормасына негізделеді.
2. Қазақстан патриотизм принципі, (гректің patriotes - отандас, patris - отан дегені) - мемлекеттік қызметінің өз Отанын, халық сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, республиканың тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға, елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен дінін дамытуға бар білімі мен күш - ждігерін аянбай жұмсайтындығын білдіреді.
3. Мемлекеттік биліктің заң шығарушысы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастық принципі. Бұл республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың тежемлік әрі тепе - теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс - қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады деген Конституцияның 3 - бабының 4 - тармағына негізделген.
4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі, бұл Қазақстанның заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын білуге, сақтауға және қорғауға міндеттейді. Қазақстанда құрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамның ең қымбат қазына екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқтыратын іс - әрекеттері үшін барлық мемлекеттік қызметшілердің «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда қаралған жауапкершіліктері болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.
5. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлатуға тең құқығы принципі. Оның мәні мынада, мемлекеттік қызметке қабылданған кезде нәсіліне, жынысына, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрақты тұратын жеріне, дініне, иланымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер қоюға болмайды.
6. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі принципі. ҚР - сы Конституциясының 24-б ның 1-т-да бекітілген әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына негізделеді.
7. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік принципі. Мемлекеттік лауазымның бос орнына (ваканцияға) кандидатты іріктеген кезде пайдаланылатын негізгі белгілер. Басымдық ең лайықтыға, жақсы дайындығы барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қабілеттілігін көрсеткенге беріледі.
8. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу принципі. ҚР -сы Конституциясының 24-бының 2 - т-да бекітілген әркімнің өз еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар деген ережеге негізделеді.
9. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер үшін міндеттілік принципі. Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі бастауларының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің біртұтастығына және заңның жоғары күші болатынына, төменгі органдардың жоғарғы органдарға бағыныстылығына негізделеді. Осының арқасында мемлекеттік механизмнің барлық буындарында атқарушылық тәртіп үшін шынайы жағдайлар жасалынады.
10. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік принципі. Мемлекеттік қызметтегі тәртіпті нығайтудың мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіліктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған пайдалы тәсілдері.
11. Қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципі. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлекеттік органдарға қол жетерлік болуын және олардың мемлекеттік қызметшінің тағдыры, құқықтық жағдайы туралы мәселелері оның ырзашылығы мен және келісуімен шешулерін болжайды. Жариялылықты кеңейтпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше, бақылау үшін ашық және қол жетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердің шынайы бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдар бірде - бір қызметкері бақылаудан, сыннан тысқары қалуға тиіс емес.
12. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу принципі. Олардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар туғызуды, қызметтік міндеттерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоюға тиісті шаралар қолдануды көздейді. Қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы: олардың еңбегінің беделін көтеруді айтарлықтай жоғары еңбек ақы төлеуді, еңбек етуге, демалысына қалыпты жағдайлар туғызуды, мемлекеттік сақтандыруды, қызмет жөнінен өсуді болжайды.
13. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу принципін жүзеге асыру шаралары «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 23 - бабында қаралған.
14. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылық принципі мемлекеттік тәртіпті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
15. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу принципі қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануын, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруларын, арнайы оқу орындарын ұйымдастыруды, т. б. болжайды.
Мемлекеттік лауазым заңмен, мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі ретінде айқындалған.
Лауазым деп қызмет орны түсініледі, ол оған орналасқан адамның құқықтық мәртебесін айқындайды. Бұл оның лауазымдық (қызметтік) міндеттерінің көлемі, оның лауазымдық (қызметтік) құқықтары, оның өзіне берілген құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау үшін жауаптылығының шегі, сондай - ақ осы адамға қойылатын мамандық және біліктілік талаптар. Шын мәнінде, лауазым мұндай ұғымында тиісті мемлекеттік органның, сондай - ақ Конституцияға және басқа заң актілеріне сәйкес құрылатын өзге мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі тиісті адамның орындайтын жұмысының мазмұнын айқындауға қызмет етеді.
Мұндай «өзге» мемлекеттік органдарға, мысалы, Қазақстанның Ұлттық Банкі, ҚР - ның Прокуратурасы, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің аппараты және т. б. жатады.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды тағайындау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді.
Саяси лауазымдарға:
- ҚР-ның Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
- ҚР - сы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
- ҚР - сы Жоғарғы Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары;
- Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
- Орталық атқарушы органдар мен ведомстваларды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметті өткеру - бұл ұзаққа созылатын процесс, ол мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіргеннен бастап одан шыққанға дейін атқаратын қызметтерін дәйекті түрде ауыстыруынан көрініс табады. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшінің әкімшілік - құқықтық мәртебесі жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті өткеру екі түрлі құқықтық актілермен іске асырылады. Олар бірінен - бірі өздерінің туғызатын құқықтық салдарының сипатымен айырылады.
Олардың біріншісі Қазақстанның барлық азаматтары үшін мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді құрайды. Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызмет жағдайының ерекшеліктерін, аттестация өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың, лауазымдық санаттар топтарына жатқызудың, құрметті атақтар берудің және қызмет өткерудің өзге де мәселелерінің тәртібін белгілейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz