Жерді пайдалану



1. Жер пайдалану құқығы
1.1.Жер пайдалану құқығының түрлері
2. Жер пайдалану құқығының субъектілері
2.1.Жер пайдалану құқығының туындауы
2.2.Жер пайдалану құқығын табыстау, беру
2.3.Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы
2.4.Мемлекеттiк жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
3. Жерді қорғауды экологиялық ынталандыру
Қорытынды
1. Жер пайдалану құқығы

Жер пайдалану құқығы дегеніміз - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену немесе пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады,жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.
Жер пайдалану құқығы мемлекеттiк органдар актiлерiнiң; азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

1.1.Жер пайдалану құқығының түрлері

Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулi немесе өтеусiз алынатын болуы мүмкiн.
Тұрақты жер пайдалану құқығы
Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:
1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға;
2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда берiледi.
Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.
Уақытша жер пайдалану құқығы
Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн,уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.
Уақытша өтеулi жер пайдалану құқығы қысқа мерзiмдi (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан 49 жылға дейiн) болуы мүмкiн.
Уақытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзiмдерi жер учаскесiне берiлетiн құқықты, оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға бөлудi ескере отырып белгiленедi.
Атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын бiржақты бұзуына жол берiлмейдi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Жер туралы заңнамалар». Алматы, 2009 ж
2. Интернет материалдары: http//www.google.kz.
3. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. – Алматы:ЮРИСТ, 2010.
– 100 б
4. Сейфуллин Ж.Т, Сейтхамзина Г.Ж. Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу. –Астана, 2005. – 188 б.

1. Жер пайдалану құқығы

Жер пайдалану құқығы дегеніміз - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену немесе пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады,жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.
Жер пайдалану құқығы мемлекеттiк органдар актiлерiнiң; азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

1.1.Жер пайдалану құқығының түрлері

Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулi немесе өтеусiз алынатын болуы мүмкiн.
Тұрақты жер пайдалану құқығы
Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:
1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға;
2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда берiледi.
Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.
Уақытша жер пайдалану құқығы
Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн,уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.
Уақытша өтеулi жер пайдалану құқығы қысқа мерзiмдi (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан 49 жылға дейiн) болуы мүмкiн.
Уақытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзiмдерi жер учаскесiне берiлетiн құқықты, оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға бөлудi ескере отырып белгiленедi.
Атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын бiржақты бұзуына жол берiлмейдi.

Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы
Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен:
* шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн;
* тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;
* мемлекеттiк жер пайдаланушыларға;
* бақша өcipу үшiн;
* қызметтiк жер телiмі түрiнде;
* ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттiк меншiктегi және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысы кезеңiне;
* тозған және бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде; ғибадат объектiлерi үшiн, Кoдексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге жағдайларда берiлуi мүмкiн.
Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi түрiнде және тозған әрi бүлiнген жердi қалпына келтiру үшiн берiлетiн жағдайларды қоспағанда, бес жылдан аспауға тиiс. Үйлер (үй-жайлар) мен ғимараттарға берiлген жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi үйлердi (үй-жайларды) және ғимараттарды, соның iшiнде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусiз пайдалану мерзiмiмен айқындалады. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн иелiктен шығаруға, соның iшiнде оларды кейiнгi жер пайдалануға бepугe жол берiлмейдi.
Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы
Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкiн.
Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады. Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
Мемлекеттен уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiн (немесе олардың бiр бөлiгiн) жалға (қосалқы жалға) немесе уақытша өтеусiз пайдалануға беруге құқылы, жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына хабарлай отырып, жер учаскесi меншiк иесiнiң келiсiмiнсiз, жер учаскесiн жалға беру шартының мерзiмi шегiнде өздерiне тиесiлi уақытша жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруға да құқылы.
Аталған жағдайларда, жалдау құқықтарын кепiлге берудi қоспағанда, жер учаскесiнiң жаңа жалға алушысы жалға берушiнiң алдында жер учаскесiн жалдау шарты бойынша жауапты болады.
Жалға берiлетiн жер учаскесiн үйлердiң, құрылыстар менғимараттардың меншiк иелерi сатып алатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн сату кезiнде осы жер учаскесiн жалға алушының ортақ меншiк құқығындағы үлесiн бөгде тұлғаға сатуы үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен оны сатып алуға басым құқығы болады.
Уақытша өтеулi жер пайдалану құқығы шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына - 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
Кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығы
Бастапқы жер пайдаланушы өзiнiң жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығармай, ал өзiне тиесiлi учаскенi (немесе оның бiр бөлiгiн) жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беретiн жағдайларда, кейiнгi жер пайдалану туралы шарттың негiзiнде кейiнгi жер пайдалану туындайды.
Кейiнгi жер пайдаланушы әрдайым уақытша жер пайдаланушы болып табылады, өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беруге құқығы болмайды.
Жер учаскесiн кейiнгi жер пайдалануға берген кезде бастапқы және кейiнгi жер пайдаланушылар жер пайдаланушының мемлекет алдындағы мiндеттерiн толық көлемiнде атқарады.
Кейiнгi жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уақытша өтeуciз пайдалану туралы шарт нысанында жасалады.
Кейiнгi жер пайдаланушы жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шартта белгiленген шарттарды сақтай отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтары мен мiндеттерiн ( Кодекстiң 64 және 65-баптары) iске асырады.
Жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi тәртiбiмен берудi қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн кейiнгi жер пайдалануға беруге жол берiлмейдi.

2. Жер пайдалану құқығының субъектілері

Жер пайдаланушылар:
1) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес;
2) ұлттық және шетелдiк;
3) жеке және заңды тұлғалар;
4) тұрақты және уақытша;
5) бастапқы және кейiнгi болып бөлiнедi.

2.1.Жер пайдалану құқығының туындауы

Жep пайдалану құқығы:
1) жер пайдалану құқығын табыстау;
2) жер пайдалану құқығын беру;
3) жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) арқылы туындайды.
Жер пайдалану құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.

2.2.Жер пайдалану құқығын табыстау, беру

Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер учаскесiне құқық табыстау жөнiндегi құзыретiне сәйкес оның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мемлекеттiк емес жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығын табыстаған кезде уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы шешiм негiзiнде жер пайдаланушылармен жер учаскесiн жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану шарттары жасалады. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға лицензия немесе келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимыл жасауға арналса, осы учаскеге жер пайдалану құқығын табыстау жер қойнауын пайдалануға тиiстi лицензия алынған немесе келiсiмшарт жасалған соң жүргізіледі. Жер қойнауын пайдалануға келiсiмшарттың болуы жер учаскесiн кiдiрiссiз ресiмдеу үшiн негiз болып табылады.
Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi. Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша жүргiзiледi. Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару азаматтық-құқықтық мәмiлелер (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар) негiзiнде жүргiзiледi. Жер пайдалану құқығын белгiлi бiр мерзiмге басқа тұлғаға беру жалдау немесе жер учаскесiн уақытша өтеусiз пайдалану шартының негiзiнде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады. Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару және оны беру кезiнде жер пайдаланушылардың жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ.

Жер пайдаланушылардың:
1) ортақ пайдаланудағы;
2) қорғаныс қажеттерiне берiлген;
3) орман қорының;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы;
5) қызметтiк жер телiмiнiң;
6) уақытша өтеусiз және уақытша қысқа мерзiмдi өтеулi жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң;
7) кепiлге берудi қоспағанда, шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң;
8) су қорының жерiнде жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі жерге орналастыру жобалары
Жер пайдалануларды зерттеу жолдары және әдістері
Жерді пайдаланудың құқықтық негіздері
Жер учаскесін рәсімдеу
Жерге орналастыруды жобалау. Жерді бағалау бойынша жұмыстар
Жерді мемлекеттік құқықтық қорғау
Жер заңдары
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларында берілетін жерді және қоршаған ортаны қорғау жүйе шаралары
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі
Жерге орналастыру туралы түсінік
Пәндер